Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері

Орындаған:

Тексерген:

Орал - 2017 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫН ҚҰРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері педагогикалық процесс ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жоғары мектеп психологиясының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен
негізгі компоненттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктеріне
сай оқыту мен тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Студенттік шақтың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 17
2.3 Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының мақсаты - студенттердің гуманитарлық ойлауымен, психологиялық- педагогикалық білім беру және дағды қалыптастырумен байланысты мәселелерді шешу міндеттерін қояды: Студенттердің санасына әр адамның ерекшелігін түсіндіру, оның психологиясын терең түсіне білуге үйрету.
Жеке тұлғаны ең асыл құндылық ретінде қабылдау, оны өзінің мақсатына жету жолында пайдаланудан аулақ болу, адам психикасының шығармашылық қызметі сияқты мәселелер жайлы түсінік қалыптастыруға бағыттайды. Кез-келген дағды, қабілет, тұлғаның ерекшелігі, қызығушылық, идеал оқушының табандылығы арқылы қызмет барысында өзгеруі мүмкін. Ол басқалармен қарым-қатынастарымен тығыз байланысты. Осы орайда адамның басқалармен қарым-қатынасын жеке психикалық дамуына жағдай жасайтын қозғаушы күш ретінде қарастыру да жоғары мектеп педагогикасының міндетіне кіреді.
- Қазіргі кезеңдегі жоғарғы оқу орындарының дамуындағы негізгі тенденцияны түсіндіру.
- Еліміздегі жоғары мектептің тарихымен таныстыру, қазіргі кезеңдегі жағдайына баға беру. Қазіргі кезеңдегі оқу мен тәрбиенің әдістерімен таныстыру, педагогикалық бақылаудың (тест арқылы) тәсілдерімен таныстыру.
- Оқу мен тәрбиеге қатысты мәселелерді шешу барысында философиялық әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, т.б. білімдерден қосымша мәлімет алу.
- Педагогтың кәсіби этикасының нормаларын қалыптастыруға көмектесу, оқытушының студент алдындағы жауапкершілігін сезінуге, олармен әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру.
- Жоғары оқу орнының оқытушысы кәсібінің ерекшеліктері жайлы ақпарат беру. Жоғары мектеп психологиясы педагогикалық психологияның бір бөлігі іспеттес. Педагогикалық психология (П.Ф.Каптеров бұл терминді 1876ж. енгізген) екі ұғымда қолданылады:
- Адамның оқу және тәрбие алу кезеңіндегі психологиялық заңдылықтарын зерттейтін базалық ғылым негізінде;
- Қолданбалы ғылым ретінде: оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелі жүруі үшін, педагогикалық мақсатқа жету жолында барлық саладағы психологиялық білімді пайдалана білудің жолдарын ұсынатын ғылым ретінде қарастырады.
Жоғары мектеп психологиясының пәні - оқу және тәрбие үрдісі кезіндегі жеке тұлғаның даму және дүниетану факторы мен психикалық заңдылықтары және мектепте оқыту мен тәрбиелеу процесінің тиімді жолдары болып табылады. Оның ішіне оқытудың психологиялық құрылымы, таным процесінің қалыптасуы, студенттердің жас ерекшелік, психикалық және психофизиологиялық ерекшеліктері, студент және оқытушы ұжымының қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары, педагогикалық қарым- қатынастың психикалық аспектілері сияқты күрделі мәселелерді оңтайлы жолмен шешу де осы жоғары мектеп психологиясының еншісінде.

1.ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫН ҚҰРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері педагогикалық процесс ретінде
Жоғары мектеп педагогикасы- кәсіби-мамандарды тәрбиелеу мен білімдендіру туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының пәні - жоғары оқу орнындағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет.Жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстардың нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік жағдайында ене алатын, ақпараттық және жаңа технологиялармен жетілген болуын қамтамасыз ету.
Жоғарғы мектеп- білім берудің және іс-әрекет жүйелерінің қайта жаңғыруымен дамуын қамтамассыз етеді. Бұл қызмет адамдардың бірін-бірі үзіліссіз алмастырып отыратын ұрпақтарымен, әлеуметтік қатынастардың жаңа материалдарында және өзгеріп отыратын тарихи жағдайлардағы мәдени нормаларды іске асыру арқылы орындалады. Білім беру қызметі ретінде адамдар қарым-қатынастарының барлық жүйесіне таралған, бірақ ұйымдасқан үрдіс ретінде білім беру арнайы әлеуметтік институттары мен іске асырылады.
Білім берудің басты мақсаты- адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық және технологиялық даму, қоғамның жақсы жағдайы мен азаматтарының жақсы өмірі оның белсенді халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропоционал болады.
Жоғары білікті адамдардың жақсы еңбек ақы алуына, бақталастыққа қабілеттілікті жоғарылатуға көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан айрылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны жаңартуға қабілетті болып келеді.
Адам қорлары дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл білім берудің үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби-ұйғарымдық бағыты кіреді.
Педагогикалық процесті тұтастық ретінде тек жүйелі амалының ұстанымымен ғана қарастыруға болады. Жүйе - реттелген элементтерінің жиынтығы, функциялануының жалпы мақсатының біріктірумен кейбір тұтас атаулар (П. К. Анохин, В. Н. Садовский).
Педагогикалық жүйе мен компоненттер, тұлға дамуы үшін білім алатын және тұтас білім беретін процестерде қызмет ететін көптеген өзара байланыстың құрылымдық копоненттері ретінде түсіндіріледі. Білім беру процесінде жүйенің құрлымдық компоненті - білім беру мақсаты, педагог, тәрбиеленуші, білім беру мазмұны, білім беру тәсілі болып табылады. Берілген жүйе үлкен күрделі жағдайдын шексіз әртүрлілігінен көрінетін, мақсаттылық пен байланыс ретінде сипатталады. Білім беру процесі - бұл бір жағдайдан басқаға алмасушы білім беру мақсатынан оның білім беру процесінде педагогикалық әрекеттестіктің жәрдеміндегі қозғалысы. Жеке даралық тұлғалық аспектіде білім беру процесс ретінде, адамның білім беру мекемесінде, не өз бетімен білім алу арқылы білім, білік пен дағды, танымдық және тәжірибелік әрекеттестігі тәжірибесін, өте пайдалы бағытта болу мен қарым-қатынасты меңгеру болып табылады.
Педагогикалық процесс дегеніміз - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз - әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды. Педагогикалық процесті жүйе ретінде қарастырайық (1-сурет). Педагогикалық процесс дегенеміз - барлық жүйелерді біріктіретін басты жүйе. Онда шарттары, формалары, әдістері бар дамыту, оқыту, тәрбиелеу үрдістері қамтылған.
Педагогикалық теория педагогикалық үрдісті динамикалық жүйе ретінде елестетуді үйрене отырып, прогрессивті қадам жасады. Құрамдас компоненттерді нақты айырудан бөлек, елестету көптеген байланыстарды және олардың компоненттерінің арасындағы қатынастарды талдауға мүмкіндік береді; ал бұл педагогикалық процесті басқару тәжірибесінде басты болып табылады.
Педагогикалық процесс орын алатын жүйелер - толығымен алынған халық білімінің жүйесі, мектеп, сынып, сабақ және т.б. Бұлш жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы орталарда қызмет етеді: табиғи-географиялық, қоғамдық, өндірістік, мәдени және т.б. Алайда арнайы жүйелер де болады, мысалы, иектеп ішіндегі жағдайларға материалдық-техникалық, санитарлық-гигеналық, моральдік-психологиялық, эстетикалық және т.б. жағдайлар жатады.
Құрылым дегеніміз - жүйе ішіндегі элементтердің орналастырылуы. Жүйе құрылымын қабылданған критерийлар бойынша бөлінген элементтер (компоненттер), сонымен қатар олардың арасындағы байланыстар жатады. Педагогикалық жүйелер арасындағы байланыстар басқа динамикалық жүйелердегі компоненттер арасындағы байланыстарға ұқсамайды. Педагогтың мақсатқа бағытталған әрекеті еңбектің едәуір бөлігі бар органикалық бірлікте жатыр. Объект - сол субъект. Үрдіс нәтижесі қабылданған технологияға, педагог және оқушының өзара әрекеттесуіне байланысты. Педагогикалық процесті жүйе ретінде талдау үшін талдау критерийлерін бекіту керек. Мұндай критерия ретінде процестің едәуір көрсеткіші немесе жеткен нәтижелердің шамалары бола алады. Оның жүйені зерттеу мақсаттарына жауап бере алатындағы маңызды..

1.2 Жоғары мектеп психологиясының әдістері
Жоғары мектеп психологиясының әдістері: бақылау, эксперимент, әңгіме, интервью, талдау жасау, қалыптастырушы- генетикалық, модельдеу, тренинг, анализ т.б. Оқытудың мақсаттары педагогикалық жүйені құраушы фактор болып табылады. Оқыту мен тәрбие берудің мазмұны, әдістері мен құралдары да оқытудың мазмұнына сай таңдалады. Оқытудың әдісін таңдау үшін қалай оқытамын?, оқу жоспарын құру үшін нені оқытамын? деген сұраққа жауап беруіміз керек. Ең алдымен студент алған білімі, дағдысы, қабілеті арқылы қандай мәселелерді шеше алуы тиіс дегенге назар аударылады.
Көп жағдайда оқытудың мақсаты ретінде оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, студенттің алатын білімі, қабілетінің дәрежесі ескеріледі. Әрине белгілі бір салаға қатысты білімді игеру оқытудың мақсаты бола алады, бірақ ол үшін нәтижені бағалаудың тәсілдері ұсынылуы қажет. Осы мәселе төңірегінде ой қозғаған В.П.Бесполько білімді игеруді бағалаудың төмендегідей шкаласын ұсынды:
1) ақпаратты қабылдау
2) ақпаратты жеткізу
3) репродуктивтік қызмет
4) шығармашылық қызмет. Оқытудың мақсатын осы салада зерттеу жүргізген ғалымдар түрліше топтастырған. Олардың ішінде ең ауқымдысы - оқыту мақсаты және тәрбиелеу мақсаты. Л.Фридман оқыту мақсаты тәрбие беруде нәтижеге жеткізетін құрал болады деп көрсетті. Кейде оқыту мақсатына даму мақсатын да қосады. Бұл психологияда оқыту нәтижесін талдау барысында қалыптасқан көзқарас.
Тәрбие берудің мақсатын анықтасақ, тәрбие мақсатының да әлеуметтік-тарихи табиғаты айқындалады. Бұрын педагогикада тәрбие мақсаты ретінде коммунизмді құрушылардың моральдық кодексінде белгіленген критерийлерге сай тұлға тәрбиелеу қарастырылатын. Ал қазіргі педагогикада өзін-өзі тәрбиелеуге баса назар аударылады. Демек, тәрбие мақсаты қоғамға сай өзгеріп, жаңарып тұрады деген сөз. Қазіргі таңда негізінен оқытудың мынадай мақсаттары көрсетіледі:
- Адамзат қалыптастырған материалдық және рухани құндылықтарды бойына мықтап сіңіру;
- Тәрбиеленушінің ішкі мүмкіндігін ашу, шығармашылығын шыңдау;
- Өмірдегі, қызметтегі өзіндік стилін қалыптастыру. Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын студенттер де бағалауы тиіс.
Педагогикалық үрдіс әрқашанда кері байланысқа құрылады. Сондықтан да педагогикалық үрдіс бағытталған обьектінің талдауы педагогтың талдауынан артық болмаса кем болмайды. Р.Р.Бибрих пен И.А.Васильевтің зерттеуінше, жоғары оқу орнында білім беруде студенттерде оқу мақсатымен мотивациясының байланысы өзгереді, нәтижесінде оқу үрдісінің танымдық және кәсіби мотивтері құрылады. Педагогикалық мақсаттың мәні - оқу және тәрбие компоненттерімен байланысты, оларға қатысты педагогикалық жүйені құру мүмкіндіктерімен айқындалады.
Оқу мақсатын топтастыруда, сонымен қатар мыналар негізге алынады:
- қамтитын көлемі (жаһандық, жалпы және жеке мақсаттар);
- білім беру құрылымына қатысы (мемлекеттік, жоғары оқу орны, факультеттік, кафедралық мақсаттар);
- тұлғаның қасиеттері (эмоциалық, ерік, таным);
- мақсатты сипаттау тілі (заттық-ұғымдық, заттық-қызметтік). Оқыту мақсатын анықтауда, негізінен екі таксономия кеңінен таралған. Оның біріншісін Б.Блум ұсынған. Когнитивті бағытты басшылыққа алған бірінші таксономия мақсаттың 6 категориясынан тұрады:
● білім
● қабылдау (түсіндіру)
● қолдану
● талдау
● синтез
● бағалау Ал екінші таксономияда мақсаттың 5 категориясы көрсетіледі. Д.С.Толлингерова оқу тапсырмаларын когнитивті құрылымына қарай 5 топқа бөлді:
1) білімді көрсететін тапсырмалар.
2) ойлаудың қарапайым жүйесін талап ететін (анықтау, анализ, синтез, салыстыру) тапсырмалар.
3) ойлаудың күрделі түрін қажет ететін тапсырмалар (интерпретация, аргументация).
4) продуктивті ойлау жүйесін талап ететін тапсырмалар.
5) продуктивті ойлауға арналған тапсырмалар. Нәтижесінде жазбаша немесе ауызша пікір айтылуы қажет.
Жоғары мектеп жүйесінде негізінен қолданылатын, толыққанды жасалған оқыту мақсатының классификациясы ретінде Н.Ф.Талызинаның тұжырымы алынады. Ол оқытудың мақсаты мен мазмұнын тығыз байланыста қарастырады. Н.Ф.Талызина білімнің мазмұны мен сипаты бағытталған қызметтің мазмұны мен сипаты арқылы анықталуы керек деп есептейді. Жоғары мектептегі педагогикалық мақсаттың жүйесін маман моделі құрайды. Маман моделі (модель специалиста) психологиялық- педагогикалық конструкт бола алмайды. Оның негізіне кәсіби сипат жатады. Маман моделі болашақ мамандарды даярлау моделі құрылғанда ғана психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуші құралға айналады.
Н.Ф.Талызинаның көрсетуі бойынша, маман моделінен маманды даярлау моделіне өту үшін негізгі мәселелерді анықтап, оларды сипаттау қажет. Ол тапсырмалар жоғары мектептегі білім берудің мақсатының иерархиясы болып табылатын иерархияға топтастырылуы қажет.
1) Ең алғашқы болып барлық мамандар шеше алатын тапсырмалар тұрады. Мәселен, экологиялық мәселелер, ЖОО-нан кейінгі білім беру мәселесі, ұжыммен тіл табысу, олармен бірлесіп істі жоспарлау және ұйымдастыру.
2) Екінші деңгей елдегі негізгі мәселелерге арналады. Мәселен, нарықтық қатынастар, ұлтаралық қатынас сияқты мәселелерді осы топқа жатқызуға болады.
3) Үшінші деңгей - кәсіби тапсырмалар. Олар көлемі мен түрі жағынан ең ауқымды тапсырмалар болып табылады. Бұл тапсырмалар кез-келген мамандықта: ғылыми-зерттеу тапсырмалары (белгілі бір салада ғылыми жұмысты жоспарлау және жүргізу); практикалық тапсырмалар (нақты нәтижелерге қол жеткізу - завод ашу, кітап шығару, ауруды емдеу), педагогикалық тапсырмалар (белгілі салада оқу орнында сабақ жүргізу) түрінде жүргізіледі.
Студенттерге ұсынылатын курстың мазмұны мен әдістерін анықтауда негізге алынатын тағы бір мәселе бар. Студенттерге берілетін кез-келген білім мен дағдыда 3 компонент болады: пәндік, логикалық, психологиялық. Мәселен, заттың химиялық құрылымын анықтау үшін затқа тән қасиеттерді білу керек (пәндік білім); қасиеттерінің логикалық құрылымы бар объектіні тану (логикалық білім); іс-әрекетті жоспарлау, іске асыру, оның жүзеге асырылуын бақылау (психологиялық компонент).
Пәннің мазмұнын құрайтын материалдарды таңдағанда мыналар ескерілуі тиіс:
1) Негізгі ұғымдар мен терминдер;
2) Ғылыми фактілер. Оларсыз ғылыми заңдылықтарды түсіну, пікір қалыптастыру мүмкін емес;
3) Қарастыратын ғылым саласындағы негізгі заңдар, қағидалар, олардың байланысы;
4) Зерттелетін ғылым саласындағы ғылыми білімдер жүйесін құрайтын теориялар мен түсіндіру тәсілдері;
5) Аталған ғылымның объектісі мен пәнін білу, әдіс-тәсілдері мен тарихын оқу.

1.3 Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен
негізгі компоненттері
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен даағдынф меңгертеді,оқушылардың дүнеитанымын, күшқайратын, қабілеттерің тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, пелагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық. Оқыту мақсатты - процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп жаңарады. Оқыту - таным процесі. Танымның ерекшеліктері оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушыны дүние танудабұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, негізгі заңдылықтары мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқыту- даму негізі.
Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан- жақты жетілуін түйістіреді.
Білім алушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым - қатынас жасау іс - әрекеті.Сөйтіп,оқыту процесі - оқытушының студентпен үнемі рухани қарым - қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.Оқыту процесінде студент тек оқытушының әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс - қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс- әрекетін білуі, бағалауы, өзін өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде студент логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қортынды: оқыту - білім алушылардың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту - бала дамуының алғы шарты.
Білім алушының жалпы психикалық дамуы - жоғары мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқыту - екі жақты процесс, яғни ол студенть пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекеті болса, оқу - студенттің өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Оқыту тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл- ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі - студенттерге білім беру.
Теориялық тұжырымдар жиынтығы, әдіснамалық білімнің құрылымын айқындаушы құралы ретінде
Жалпы алғанда теориялық тұжырымдар жиынтығы, әдіснамалық білімнің құрылымын айқындаушы құрал ретінде. XVІІІ ғасыр соңында - XІX ғасыр басында білім беру мазмұның негізгі теориялар қалыптаса бастады. Олар материалдық теория және білім беру мазмұның формальды атағын алады.
Білім беру мазмұнының материалдық теорияның жақтаушылар білімнің негізгі мақсаты оқушыларға ғылымның әртүрлі саласынан көлемді білім беру,- деп айтады. Көптеген атақты педагогтар ( Я. А. Коменский, Г. Спенсер т.б.) материалдардық теорияны жақтаған. Қазіргі кезде осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз.
Білім мазмұнының формалды теорияларын жақтаушылары оқутудың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу, ақыл-есі, ойлау қабілеттерін ескеру қажеттілігіне мән беру керек деген.
Олар білімнің қайнар көзі ақыл болып табылады дейді. Сондай-ақ адамның ойлау қабілетін дамыту керек деп көрсетеді. Бұл теорияны Д. Локк, И.Г Пестолоций, И. Гербарт т.б. жақтайды. Формальды оқытуды жақтаушылар да, алғашқылар сияқты субъективтік мәнін жете бағалаған. К.Д.Ушинскийдің ойынша, мектеп адамның интеллектуалдық күшін дамыту, білімдендіру және оны қолдануды ұсынады. К.Д. Ушинский дидактикалық материалды және дидактикалық формальды әдістерін біріктіре қарастыру идеясын ұсынған.
XІX ғ - XX ғ білім беру мазмұның қалыптасуының дидактиканың прагматизм теориясы материалдық және формальдық білім беру мазмұның теориясына қанағаттанбаған жауап ретінде көрініс берді. АҚШ - та атақты педагогы Д. Дьюи негізін салған болды. Европада неміс педагогы Г.Кершенштейнер аналогиялық көзқарасты айтады.
Бұл теорияны жақтаушылары білім мазмұнының қайнар көзі тек бөлек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
Дене тәрбиесі жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың маңыздылығы
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Студенттерді тәрбиелеу жұмысының формалары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастапқы әскери даярлық
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Пәндер