Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
2. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ФОРМАСЫ
3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Еліміздің көшін болашаққа сүйреп апаратын негізгі күштің бірі - білім. Ал елдің ертеңі терең білімді, ой -- өрісі мен таным - түсінігі биік жас ұрпақтың қолында. Олай болса, біздің басты міндетіміз - жаңа заман үрдістеріне сәйкес экономикалық әлеуметімізді молайту үшін қажыр - қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, алған білімдерін әлемдік талаптармен үндестіре алатын жастарды тәрбиелеу.
Бұл аумақты мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды, қоғамның белсенді өкілі, жетекші тұлғасы - мұғалім. Халыққа білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері мұғалімдердің кәсіби даярлықтарының жоғары болу сапаларына әрдайым талаптар жүктеп отырады. Нәтижеге бағдарланған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мазмұны мен технологияларын, мақсаттар проблемаларын өзектендіреді. Пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептердің, колледждердің, гимназиялардың және т.б. білім беру мекемелерінің көбеюі, сонымен қатар әр түрлі оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының жарық көруіне байланысты мектеп пәндерінің мақсаттары да өзгереді. Бұл мәселелердің барлығы мұғалімдерге, олардың жоғары оқу орындарында оқу мерзімі аралығындағы кәсіби даярлықтарына жаңа, жоғары талаптар жүктейді. Ендеше мұны ойдағыдай шешу үшін мұғалімдер дайындау ісін кәсіби бағдар беру тұрғысынан жоғары сатыға көтеру мәселесі тұр. Әсіресе, математикалық білімдердің рөлі артып отырған қазіргі мезгілде болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлықтары өзекті мәселенің бірі.
Педагогикалық оқу орындарында білікті мұғалімдерді даярлау - мектеп оқушыларының математика пәні бойынша алатын білімдерінің жоғары деңгейде болуының кепілі. Бұл мәселенің шешімін табу арқылы біз педагогикалық және жалпы мәдени деңгейі жоғары, өз ісін жетік меңгерген жеке тұлғаны қалыптастырамыз. Оның шешімін іздеудің әртүрлі жолдары бар. Болашақ мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында оқылатын математикалық курстар арқылы студенттер бірнеше құзыреттілікті игеруге міндетті. Олар мыналар:
- Коммуникативті құзыреттілік-өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуге,түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға үйрету;
- Оқу-танымдық құзыреттілік-студенттердің зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін құзыреттілік;
- Мәдениет танымдық құзыреттілік -- болашақ мұғалімдерді мектепте оқылатын математикалық түсініктердің ғылыми негіздерін білуге баулу;
- Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік -- студенттерді қазіргі заман математикасының міндеттерімен таныстыру;
- Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі -- болашақ мұғалімдерді есеп шығара білу мен әртүрлі ғылым салаларында туындайтын мәселелерді математика тілінде тұжырымдай алу іскерліктеріне үйрету;
- әлеуметтік құзыреттілік-студенттерді математикалық теориялардың жаратылыстану құбылыстарында, техникада және т.б. қолдану аясымен таныстыру;
- арнайы құзыреттілік-болашақ мұғалімдерді оқытудың тәрбиелік міндетімен қамтамасыз ету арқылы оқушылардың жалпы мәдени деңгейін өсіру және дүниетанымы мен жеке тұлғаларын қалыптастыруы жолдарына үйрету.
Студенттердің терең білімін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін білімін жалпылауға, нақтылауға, салыстыруға, меңгерген білімді өзінше пайымдауға бағыттау керек.

Негізгі бөлім
1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Оқу процесіне қосылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу тапсырмаларының, оны ішінде өндірістік және оқу практикаларын, зертханалық жұмыстарды, ғылыми зерттеу сипаттағы курстық және бітіру біліктілік жұмыстардың орындалуын қарастырады.
Студенттердің оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары мынадай формаларда жасалады:
:: студенттік ғылыми семинарлардағы, конференциялардағы, конкурстардағы жұмыстары;
:: мемлекеттік және жоо аралық немесе жоо ішіндегі гранттардың орындалуына студенттердің топпен немесе жеке қатысуы;
:: Студенттік ғылыми және ғылыми-техникалық бірлестіктер (студенттік ғылыми қоғамда, конструкторлық, жоба, технологиялық, ғылыми ақпарат, аударма, экономикалық және басқа бюроларда, шығармашылық шеберханаларында және үйірмелерде, ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтарында, ҒЗИ және т.с.).
СҒЗЖ-ның үдемелі формалары:
:: мекемелерге көмектесуге бағытталған жазғы немесе өндірістік практика кезеңінде ұйымдастырылатын студенттік шығармашылық топтар, жұмыстар;
:: курстық және диплом жобаларын өндіріске енгізу бойынша шығармашылық топтар;
:: кафедрааралық студенттік ғылыми үйірмелер.
Қазіргі уақытта СҒЗЖ-нің түрлі формаларымен студенттердің 80%-ы қамтылған.
Студенттік ғылыми-үйірмелер жалпы ғылыми және арнайы кафедраларда, жоо ғылыми бөлімдерінде ұйымдастырылады. Онда студенттер отандық шетелдік арнайы әдебиеттер бойынша аннотациялар, рефераттар жасайды. Сынақ жүргізу дағдысын және алынған нәтижелерді өңдеуді меңгереді. Үйірме отырысында, кафедраның ғылыми семинарларында пайдаланатын көрнекі құралдар, зертханалық құрылғылар және оқытудың техникалық құралдарын жобалайды және дайындайды. Қазіргі уақытта педагогикалық технологиялар институтында 8 үйірме, экономика және құқық кафедрасында - 6, мұнай және газ институтында -1 үйірме жұмыс істейді.
Педагогикалық институтта Студенттік ғылыми қоғамдастық жұмыс істейтіні қуантады. 2008 жылдан бастап сол институтта Шет тілдер клубы жұмыс істейді. Пәндік олимпиадалар гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, математикалық, жаратылыстану, жалпы кәсіби және арнайы пәндер бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары мен университеттегі оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Пәндік олимпиадаларда институт оқу жоспарына сәйкес оқытылатын пәндер бойынша білімі мен қабілетін қолданудағы студенттердің өзара жарысын көруге болады.
Пәндік олимпиадаларға тиісті пәндерді меңгерген немесе өткен жылы оқыған студенттер қатысады. Пәндік олимпиадалар оқу топтарында, кафедраларда және университет бойынша өткізіледі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді және жүйелі жүргізіп жүрген студенттер, студенттік ғылыми қоғамдастыққа (СҒҚ) бірігеді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін белсендендіруде ұйымдастыру-жаппай іс-шаралардың ролі маңызды:
:: жылсайынғы институтта өткізілетін студенттік ғылыми-практикалық коференциялар;
:: республикалық, аймақаралық, жооішілік, ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, жиналыстар;
:: жастардың ғылыми шығармашылық көрмесі;
:: жыл сайынғы ҚР жоо-да жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша СҒЗЖ республикалық конкурс;
:: студенттерді ең жақсы студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы сыйлығын алуға ұсыну.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері арнайы студенттік ғылыми конференцияларда, семинарларда баяндалады.
Студенттердің баяндамасы жазбаша түрде, жазбаша жұмыстарға қойылатын талаптарға сай рәсімделеді және ұсынылады. Студенттің баяндамасы орындалған зерттеулердің есебі немесе ғылыми жұмыстардың аяқталған кезеңіндегі есебі болуы мүмкін.
Семинарды студент баяндамасының нәтижесін талқылағаннан кейін орындалған жұмыстың жан-жақты бағасын, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындайтын ғылыми жетекші жүргізеді.
Семинарда баяндамаларды ғылыми конференцияларға ұсыну туралы, студенттік жұмыстардың жариялануы және оларды конкурсқа ұсыну туралы мәселелер шешіледі.
Мадақтау мен ынталандырудың негізгі формалары:
:: ғылыми жұмыстарды орындау процесінде, пәндер, курстық жұмыстар және практикаларды бағалау кезінде алынған нәтижелер бойынша есеп;
:: дарынды студенттерді мемлекеттік және атаулы шәкіртақыларға және түрлі мекемелер мен қорлар ұсынатын шәкіртақылар алуға ұсыну;
:: ең жақсы студенттер жұмыстарын жеңімпаздарды марапаттайтын конкурстарға, көрмелерге және өзге де ұйымдастыру-жаппай іс-шараларға ұсыну;
:: студенттердің түрлі отандық және шетелдік ғылыми форумдарда қатысу үшін іссапарға жіберу.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарында жеткен табыстары үшін студенттер құрмет грамоталарымен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады, айтулы көрмелерге, конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу үшін мадақталып, жіберіледі.
Университетте студенттерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тартуда және СҒЗЖ ұйымдастырудағы оң өзгерістерді атап өту қажет. Біздің университетіміздегі оң үрдістер бұдан әрі де дами беретініне сенімдіміз.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаттары:
Заманауи медицинаның өзекті қажеттіліктеріне сәйкес Университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реферат құрылымы
Жоғарғы және орта оқу орындарында оқу тәрбие працесін басқарудағы мұғалім шеберлігі таңдаған мативацияны күшейту
Педагогикалық практиканың жетекшілерінің міндеттері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
Ғылыми жұмыс жайында
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Педагогикалық шеберлік туралы дәрістік тезистер
Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру туралы
Пәндер