Суалған сиырларды азықтандыру нормасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Суалған сиырларды азықтандыру нормасы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сиырларды азықтандыру ерекшеліктері мен нормалары ... ... ... ... ... 10
2.2. Суалған буаз сиырларды азықтандыру нормасы ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3. Суалған сиырларды азықтандыру рациондары. ... ... ... ... ... ... ... ...21
ІІІ. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .25І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес.
Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан бастайды.
Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар, қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді жұмсай білу керек.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету - малға берілетін азық мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.
Өсімдікті немесе жануар, микро тектес азықты дайындағаннан бастап малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ен, алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.
Әсіресе сүрлемдеу, пішендеме салу секілді азықтағы биохимиялық өзгерістерге негізделген дайындау әдістерінде орын алатын құбылыстарды зерттеп, оларды малға жегізгенде зат алмасуындағы метаболизмді қай жағына жылжытатынын алдын ала болжап, мал физиологиялық жағдайы мен денсаулығын қанының биохимиялық көрсеткіштері арқылы бақылайды.
Мал өнімділігі, оның ішінде сүттілігі, ең алдымен оны дұрыс және құнарлы азықтандыруға байланысты. Өйткені, мал өнімділігінің тұқымдық ішкі мүмкіндігінің жетіліп, іске асуына сыртқы ортаның, ең бастысы қоректену факторлыраның, оңтайлы жағдайы туғызылуы қажет. Ондай оңтайлы жағдайлар тудыру үшін малдың ас қорыту ерекшеліктерін жете білу керек.
Мүйізді ірі қара мал басқа да күйіс қайыратын мал сияқты жеген жемшөбін алдымен төрт камерадан тұратын асқазанның алдыңғы камералары - таз қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдын-ала өңдеуден өткізеді. Күйіс қайыру барысында шайналып, мол сілекейленіп, қайта жұтылған азықпен ауыз қуысынан таз қарынға көп мөлшерде сілекей құйылатындықтан, ондағы микроағзалар тіршілігіне қолайлы сілтілік орта орнайды. Қараңғы, яғни микроағзаларға қауіпті сәулелер өтпейтін, жылы, жемшөпқоректік заттарына бай ортада таз қарын микрофлорасы қаулап өсіп, өз ретінде, олармен қоректенетін микрофауна көбеюіне де жағдай туғызылады. Олар азық азотымен қатар карбамид сияқты химиялық қосындылар азотын да игеріп, мүйізді ірі қара малға құнды микробиологиялық ақуыз жеткізеді.
Эволюция барысындағы күйіс қайыратын мал макроағзасы мең оның ас қорыту жолдарындағы микроазғалардың бір-бірінің тіршілігіне себептесіп, пайда келтіруің синергистік биоценоз деп атайды. Соның нәтижесінде қарын жыны биотүзуде басқа аминқышқылдарымен орны толықтырылмайтын, яғни ауыспайтын аминқышқылдарымен және де бірқатар К мен В тобының витаминдерімен байытылады. Демек, алдыңғы қарындардағы микробиологиялық процесті неғұрлым өрістете алсақ, соғұрлым ағзаны сапалы ақуыз және маңызды витаминдермен қамтамасыз ете аламыз.
Осыған байланысты күйісті малға күнделікті жегізілетін жемшөп түрі (ассортименті) мен мөлшерін, яғни азықтандыру рационының құрылымын бірыңғай сақтап, бұзбау керек. Мал азығына енгізілетін жаңа азықтарды біртіндеп, оны өңдеуге алдыңғы қарын микроағзаларын бейімдеп барып, қолдану қажет. Мұны, әсіресе, малға берілетін жемшөп түрі түбегейлі өзгеретін қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға шығарғанда ескерген жөн. Осы қағиданы ұстана отырып, күйісті малдық алдыңғы қарындарындағы микроағзалар ассоциациясын қиын қорытылатын, малдың өз ас қорыту жүйесі тіпті қорыта да алмайтын, мал жемшөбінің негізін құрайтын жасұнықты ыдырататын целлюлоза ыдыратушы нәсілдерімен (түрлерімен) байытуды жастайынан нысаналы түрде жүргізу қажет.
1.1. Әдебиетке шолу
Баканов В.Н., Менькин В.К., (1989) [1] ауыл шарушылығы ғылымдарының саласына белсене үлес қосып жүрген ғалымдардың бірлесіп жазған анықтамалық құралындағы деректер көзі ретінде, сиырлардың жақсы және қолайлы деңгейде теңестірілген мерзімдік азық үлестерінде, әдетте күкірттің жеткіліксіз екендігін байқауға болатындығын, және оның мерзімдік азық үлесі құрамындағы құрғақ заттың 0,14 - 0,18 %-ы көлемінде мөлшерленуі тиіс екендігін ерекшелеген жөн.
Богданов Г.А. (1981) [2] мәліметтері бойынша, сауын маусымы ішіндегі сауылатын сүт мөлшеріне бірқатар физиологиялық факторлар әсер етеді, олар сүт өнімділігінің сауын маусымы басында күрт төмендеуіне себепші болады. Әдетте сүттің тәуліктік ең жоғары мөлшерін сауын маусымының бірінші айының соңында және екінші айының басында анықтайды.
Дмитриченко А.П., Пшеничный Г.Д. (1975) [3] деректеріне сүйенсек, протеиннің деңгейі төмен (1 азық өлшеміне 80грамнан аз) болса, ол сауын сиырларының сүт өнімділгін төмендетеді. Шикі протеин мерзімдік азық үлесіндегі органикалық заттың 14-24 % көлемінде мөлшерленеді.
Попов И.С. (1957).[4] мағлұматтарына қарағанда, сиырлардың 300 күн ішіндегі орташа тәуліктік сауылатын сүт мөлшерін 100 % деп қабылдасақ, сауым маусымын 450 күнге дейін ұзартқанда сауылатын тәуліктік орташа сүт мөлшері тек 85 % болады, демек, сауын маусымын өте ұзартқан жағдайда сүтті 15 % кем аламыз. Алайда сервис-кезең өте ұзаққа созылған жағдайда сүт шығыны бұданда көп болады. Өйткені тұқым қуалайтын қасиеттері бойынша сүт өнімділігі аз сиырлары сүт шығаратын азықтар жетіспеген жағдайда ұзақ сауын маусымына төзбей, бұзаулауына 3-5 және оданда көп ай қалғанда-ақ сүт беруін тоқтатады.
Петухова Г.А., Емелина Н.Т., Крылова В.С., Антонова О.А. (1990) [5] суалған сиырлармен жүргізген арнайы распитаторлық тәжірибелерінде қоректену деңгейі өскен сайын көміртегі мен энергияның метанмен, ал көміртегінің зәр және тыныстанумен шығарылатын үлесі азайып, желінген азық көміртегінің игерілуі жоғарылайтыны көрсетілген.
Калашникова А.К., Клейманов А.К. (1985) [6] суалған сиыр рационын сиырдың сүтейтуіне оң ықпал ететін шырынды азықтарға негіздей отырып құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55 % жеткізіледі. Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер жұмсалады. Рационға енгізілетін құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен шектеледі.
А. П. Дмитррченко мен П. Д. Пшеничный (1993) [7] суалған сиырды былайша азықтандыруды ұсынады. Сиыр суалған алғашқы 10 күндікте тиісті норманың 80%-ін беру керек. Бұл сиырдың сүт беруін тоқтатуға көмектеседі. Екінші 10 күндікте норма толық беріледі, ал үшінші, төртінші 10 күндіктерде норма 20% арттырылады. Бесінші 10 күндікте норманы ептеп азайта бастайды да, соңғы 10 күндікте норманың 60 -- 70%) беріледі. Бұл кезде сиырға шырынды азық бермей, еркінше пішен және 1 -- 1,5 кғ жем береді. Бұзаулауына 2 -- 3 күн қалғанда жем беру мүлде тоқтатылады. Бұл пікірге А.П. Калашников онша қосылмайды. Бұл маманның ұғымына қарағанда бұзауллар длдында азықтандыру типін езгерту, зат алмасуды өзгертеді. Егер суалу мерзімі бойында сиыр құнарлы рационмен дұрыс азықтандырылған болса бұзаулар алдында, жем, шырынды азық бермеудің ешбір орны жоқ.
Омарқожаев Н.О. (1993) [8] жинақтарында, республиканың Солтүстік-Шығыс өңіріндегі шаруашылықтар үшін сауын сиырларға рацион құрылымдарын ұсына отырып, шырынды және құнарлы азықтармен қатар сауын сиырлар рационына ірі азықтардың да кіретіндігі ескертілген. Табиғи шабындықтармен екпе шөп пішендерімен қатар ірі азық ретінде жаздық дақыл сабанын беруге болады.
Онғарбаев Т.А., Аманжолов Қ.А. (2001) [9] анықтамалық құралында әр түрлі ауыл шаруашылығы жануарларының, оның ішінде сүтті сиырлардың 24 қоректік элементке мұқтаждығы ескерілген. Бұл нормалар жануарлардың физиологиялық күйін және жоспарланатын өнімділік деңгейін ескереді, рациондарды жақсы теңестіруге мүмкіндік береді, мұның өзі алынатын өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығындарын кемітеді. Сүт өнімділігін қалыптастыру үшін жануарларды азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларының айтарлықтай маңызы бар, шын мәнінде бұлар оған басқа факторлардың әсер ету дәрежесін анықтайды
Гершун В.И., Муслимов Б.М. 1994.[10] суаған сиыр рационын құрастыруды әр шаруашылық өзіндік азықтандыру ерекшеліктерін, экономикалық тиімділігін ескере отырып типтік рациондарға негіздеп ұйымдастырады. Рациондар сауын сиырлардың өнімділігін арттыруға бағытталып нормалық көрсеткіштерге барлық қоректік, минералды және витаминді заттар бойынша сәйкестіріледі.
Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П (1984) [11] деректері бойынша суаған сиырларды азықтандыру рацион құрғақ затындағы энергияның шоғырлануы оның алмасуы тіршілікті қамтасыз ету және өнім өндіруге жұмсауына ықпал етеді.
Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. (2005) [12] зерттеулеріне сәйкес, әрбір сиырдың беретін сүті мен салмағына қарай азықтық рационы да айрықша болады. Сиырларды сүтейтудің негізгі шарты - жем-шөпті баптап беру ісіне үлкен назар аудару керек. Сиырларды сүтейту үшін тек дұрыс азықтандырумен қатар, олардың желініне, сауу әдісіне де ерекше көңіл бөлінуі керек.
Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др.(1991) [13] дәйектемелерінде, бұзаулаған соң сиыр суды көп қажетсінбейтігіндігі айқындалған. Бұзаулағаннан 30-40 минуттан кейін сиырды жылы сумен суарады. Майда, жұмсақ, сапалы пішен беріледі. Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп қоса отырып 8-10 күнде жеткізеді. Суалған сиырларда жүргізілген зерттеулерінде, рациондағы құрғақ заттардың ішіне күкіртті 0,12-0,18% деңгейінде, жануардық қоректік мұқтаждығы ретінде пайдалануға болатындығы ескертілген.
Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. (1992) [14] малды азықтандырудың әр түрлі әдістерінің ішінде ең тиімдісі - толық рационды балансқа келтірілген қоспа азықты қарапайым әдіспен ұсақтап (5-7 см), жемшөп, сүрлем, пішендеме және басқада қоспалармен байытып даярлау. Жылына 3500-4000; 4000-4500 кг сүт беретін сауын сиырларға берілетін толық рационды қоспа азық қатынасы: ірі және шырынды азықтар 66,0-70,0 %, құрама жем 34,0-30,0 % болуы тиіс екендігі көрсетілген.
Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш.(2005) [15] мақаласындағы тың деректерге сүйенсек, азықтандыру технологиясы, мол сауын мен сиырлардың денсаулығын қаматамасыз ететін басты фактор болып табылады. Сауын сиырлары үшін арнайы жасалған рациондар концентраттардың жоғары үлесімен ерекшеленеді. Рациондағы құрылымдық азық малдың күйсеуін арттырып, нәтижесінде ас қорыту жүйесі бұзылуының алдын алады. Жақсылап араластырылған азық сиырлардың тек өзіне ұнаған ингредиентті таңдап алуына жол бермейді. Бұл үшін кешендерде вертикальді азық араластырғыштар орналастырылған, ол - тамаша азық қоспаларын дайындап, оның сиырларға таратылуын жеңілдетеді
Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.А., Байжұманов А.Б. (2006), [16] мәліметтері бойынша, далалық қызыл тұқым сиырларының жасы ұлғая келе, олардың сүтінің өнімділігі де артады екен, әрине, осыған сәйкес олардың желіндерінің көлемі де ұлғаяды. Сүт сауыны бірінші рет болып тұрған сиырларымен салыстырғанда толық жастағы сиырлардың желін көлемі сауынға дейін 3,7 % - ға артық болған. Мал төлдерінің өсуіне және дамуына қоректендірудің түрлі деңгейінің әсер етуін көптеген зерттеушілер ХІV ғасырда да зерттеген. Алайда, осы мәселе бойынша экспериментальды жұмыстарды Н.П.Чириков (1891, 1909, және 1926) іске асырған. Ол жергілікті аз өнім беретін жануарларды жастайынан жақсылап қоректендіру жолымен олардың шаруашылыққа пайдалы өнімділік сапасын жақсартуға болады деп жазған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сиырларды азықтандыру ерекшеліктері мен нормалары
Мал ағзасының энергетикалық және қоректік, биологиялық пәрменді заттарға мұқтаждығын көрсететін азықтандыру нормасының көрсеткіштері іс жүзінде малға берілетін жемшөп және қосындылармен қамтамасыз ету үшін азықтандыру рационын құрастырады. Азықтандыру рационын малдың сүйсініп жейтін, қоректенуіне бейім азықтарынан, белгілі физиологиялық-зоотехникалық ережелерге сүйене отырып, келесі азықтар топтарынан құрастырады.
Мал азығы шығу тегі бойынша өсімдік және жануар тектес азықтар болып екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері мен әрі, ет-сүйек, қан және балық ұны түріндегі ет пен балыұ өңдеу кәсіпорындарының қалдықтары жатады. Олар рационда қосымша протеиндік азықтар ретінде қолданылады, ал төрт түлік рационының негізін өсімдік тектес азықтар құрайды. Өсімдік тектес азықтар құрамы және құнарлылығы жағынан көк, шырынды, ірі және құнарлы азықтар болып бөлінеді. Көк азықтарға (зеленые корма) - өсіп тұрған немесе орылып берілетін табиғи және екпе жайылым оты, шырынды азықтарға (сочные корма) -сүрлем, тамыр-түйнек жемістілер, азықтық бақшалық дақылдар, ірі азықтарға (грубые корма) -- пішен, пішендеме, сабан, топан, құнарлы азықтарға немесе жем-ге (концентрированные корма) - мал азығына жұмсалатын (фураж) астық және бұршақ тұқымдастар дәні, кебек, күнжара мен шроттар, жем жатады.
Көк азық - мүйізді ірі қара малдың жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 50-70 кг-ға дейін көк балауса шөп жей алады Көк шөп ылғалдылығы жоғары (60-80%) болгандықтан 1 кг-ның жалпы қоректілігі 0,16-0,2 а.ө. аралығында болады да, ал 20-30% құрайтын құрғақ затының 20-25 К протеин, 10-18% жасұның, 4-5% май, 35-50% экстративті заттар, 9-11 % минералды элементтерден тұрады. Көк азық құрғақ затының құрамынды қорегіне қажетті барлық қоректік және биологилленген пәрменді заттар керек мөлшерде және жеңіл қорытылып, сіңірілетін түрде болатындықтан, құнарлылығы жоғары. Ол жалпы қоректілігі жағынан құнарлы жету құрғақ затымен теңессе, биологиялық, витаминді құндылығы жағынан олардан анағұрлым асып түседі.
Жазғы уақытта сиырды тәулігіне 14-16 сағат, әсіресс ертеңгі және кешкі салқынды пайдалаңып, өріске жайған және жайылған сиыр жақсы серуендейді. Онын үстіне терісі күн сәулесін қабылдап, витаминдер түзеді. (мысалы, эргостериннен ультракүлгін сәулелер әсерінен; Д витамині түзіледі), ширайды, дене қорын толықтырады. Сиыр өнімділігі артып, өнімінің сапасы жақсарады. Мысалы, көк шөптен сүт құрамында каротин көбейетіндіктен одан шайқалған май сары түеті, мол витаминді болып келеді. Сиырлардың күйі жақсы келіп, ұрықтанғыш қабілеті артады.
Азықтандыру нормасына сәйкестендіріп құрастырылған рацион азықтарымен саууға арналған сиырды тәулігіне 3 рет азықтандырған жөн - ертеңгісін және түсте жем мен шырынды азықтарды беріп, ірі азықтарды күні бойы салып қойған дұрыс. Алдымен ұсақталған дәнді азықтарды құрғақ немесе быламық түрінде, содан соң шырынды азықтарды, артынан ірі азық береді. Тамыр-түйнек жемістілерді берер алдында тазартып, жуады. Сиырдың 100 кг тірідей салмағына - 5 г, 1 кг сүт сауымына - 4 г келетін ас тұзы мен басқа да минералды қоспаларды бөлек ыдысқа салып жалатып немесе жеммен араластырып береді.
Сиырларға арналған азықтандыру нормасы
1-кесте
Көрсеткіш
Тірілей салмағы
400кг
500кг
Тәуліктік сүт сауымы, кг
8
10
12
12
14
16
Азық өлшемі
8,0
9,0
10,0
10,6
11,6
12,6
Алмасу энергиясы, МДж
95
106
117
126
137
148
Құрғақ зат, кг
10,7
11,6
12,6
14,1
14,9
15,8
Шикі протеин, г
1170
1355
1540
1630
1785
1940
Қорытылатын протеин, г
760
880
1000
1000
1100
1200
Шикі жасұнық, г
3000
3250
3380
3310
4020
4110
Крахмал, г
900
1125
1350
1435
1570
1705
Шик май, г
225
270
320
340
370
405
Қант, г
600
750
900
955
1045
1135
Ас тұзы, г
57
60
62
73
81
89
Кальций, г
57
60
62
73
81
89
Фосфор, г
36
42
48
51
57
63
Магний, г
17
18
19
22
23
25
Калий, г
60
67
74
82
89
96
Күкірт, г
20
22
24
27
29
31
Темір, мг
640
720
800
850
930
1010
Мырыш, мг
440
520
600
635
695
755
Марганец, мг
440
520
600
635
695
755
Кобальт, мг
4,8
6,9
7,0
7,4
9,3
8,8
Йод, мг
5,6
7,5
8,0
8,5
9,8
10,1
Каротин, мг
320
380
400
475
520
565
Д витамині, х.ө.
8
9
10
10,6
11,6
12,6
Е витамині, мг
320
360
400
425
465
505
Сиыр ағзасының мұқтаждығын бөлшектеп, яғни тетіктеп 24 көрсеткішпен белгілеген 1-кестедегі азықтандыру нормасы, тетіктелген (детализированные) азықтандыру нормасы деп аталады. Шаруашылық жағдайында малды ондағы барлық көрсеткіштерді қамтитын рационмен азықтандыруды ұйымдастыру мүмкін бола бермейді. Сондықтан іс жүзіндегі азықтандыруды негізгі 6 нормалық көрсеткіш - азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, калъций, фосфор, каротині бойынша ұйымдастырады. Осы көрсеткіштерді бақылап құрастырылған рацион 1-кестеде берілген.
Рациондағы кальций, каротиннің көптігі ағзаға зиян келтірмейді. Кальцийдің пайдалану дәрежесін арттыру үшін фосфор нормаға жетіп, оның кальциймен арақатынасы 1,5-2:1 аралығында болуы қажет. Каротин бауырда А витаминінің қоры түрінде жиналады. Шаруашылықтың жемшөп қоры сапасыз болса, көбіне азықтандыру рационының құрамында қорытылатын протеиннің жетіспеушілігі жиі орын алады. Оны толықтыру үшін күйісті мал, атап айтқанда, сауын сиыр рационына азоттың химиялық көзі болып табылатын қосындыларды, негізінен, құрамында 42% азоты бар синтстикалық несеп нәрін (мочевина), яғни карбамидті қосуға болады.
Таз қарында ыдыраған карбамидтің аммиак түріндегі азотын бактериялар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz