Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Сырты экономикалық қызмет пен сыртқы экономикалық саясат ұғымы
1.1. Сыртқы экономикалық қызметтің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары ... 8
1.3. Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ.Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
2.1.Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі сыртқы сауда саясаты ... ... 17
2.2.Қазақстаның сыртқы экономикалық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі - Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.
Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады. Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір - бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады.
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталастырады.
Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының шет елдерде 47 елшілігі мен миссиялары және консулдық өкілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықаралық ұйымдардың саны - 68.
Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді Қауіпсіздік белдеуін жасай алады.
Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бұл жөнінде елеулі ілгерілеу бар. 1998ж. Шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойылған 11 ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие.

І. Сырты экономикалық қызмет пен сыртқы экономикалық саясат ұғымы
1.1. Сыртқы экономикалық қызметтің түсінігі

Сыртқы сауда - тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ - белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы - сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы сауда саясаты бұл - ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.
Сыртқы экономикалық қызмет - сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.
Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:
- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)
- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.
- Валюталық саясат.
Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.
- Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.
Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу - сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.
Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.
Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.
Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады.
1.2. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары

Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) -- бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
:: сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);
:: шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;
:: валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат -- сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
:: тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
:: материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы -- өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.

Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Сыртқы экономикалық саясаттың қазіргі таңда мәні өте ерекше. Өйткені біз сыртқы экономикалық саясат арқылы елімізді таныта аламыз, яғни еліміздің экономикалық потенциалын әлемдік аренада алатын орнын көрсете аламыз. Еліміз егемендік алғалы нарықтық заңдарға бейімделе бастадық. Нарықта бәсекесіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан да бәсекелестердің арасында үздік болу қажет. Елдің сыртқы экономикалық саясаты, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын, саясатын танытады. КСРО ыдыраған соң Қазақстанды көптеген ел дербес тәуелсіз мемлекет ретінде тани бастады. (Соның ішінде алғашқылардың бірі Түрік мемлекеті) Енді жас мемлекетке ішкі мәселелермен қатар сыртқы саясатты айқындаудың мәні зор болатын. Қазақстан Республикасы өзінің экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешуде әлем мемлекеттерімен дербес экономикалық саясат жүргізе бастады.
Мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Э. с-тың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықар. жағдайларымен айқындалады. Э. с. құрылымдық, инвестиц., қаржы-несие, әлеум., сыртқы экон., ғыл.-тех., салық, бюджет саясатын қамтиды. Э. с-тың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Э. с. әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Э. с-қа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экон. рөлінің күшеюі сияқты Э. с. белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықар. монополистік ұйымдардың сыртқы экон. қызметін реттейді. Э. с-тың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемл. реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экон. өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеум. әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды. 1929 - 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Э. с. жүргізді, бұл саясат "жаңа бағыт" "жаңа бағыт" деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 - 60-жылдардан бастап Э. с-та неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі Э. с. шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені "теңдестіруші" нарықтық тетіктердің әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің Э. с-ның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді реттеумен шектелуге тиіс. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген Э. с-та көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде Э. с-тың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Э. с-ы нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экон. реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемл. реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның Э. с. ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады.

1.3. Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері

Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын -- сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі -- бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.
Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:
1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;
2) ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) сыртқы экономикалық саясат -- кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау -- ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат -- сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.
Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыруі құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелужәне шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар жәнееркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.
Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерде бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Өзіміз білетіндей, кез келген мемлекеттің қызмет ету ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді.
Бұл түсініктің мазмұндылығы -ұзақ мерзімдік мақсатта жүйесімен түсіндіріледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретінде
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Әлеуметтік саясат туралы
Әкімшілік мемлекеттік қызметті мамандандыру
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Кәсіпкерлік тәуекел туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Саяси процесс және саяси қызмет
Саяси қажеттіліктер
Пәндер