Табыс түрлері, факторлары және қалыптасуы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
МЕББМ жоғарғы техникалық мектебі

Курстық жоба қорғауға жіберілді
... .. ... ... ... ... ... ... . ... ..
Жетекші Тастемиров А.Г.

Өндірістік экономиканы жоспарлау және өндірісті ұйымдастыру пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Табыс түрлері, факторлары және қалыптасуы

Жобаны орындаған студент:
Жексенгалиева Г.Ж.
Мамандығы, шифр: Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы
0819000
Курстық жұмыс ... ... ... ...бағамен қаралды
Жетекші: Тастемиров А.Г.:

Орал, 2013ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1-бөлім. Табыс ұғымы және негізгі принциптері
1.1 Табыстың қалыптасуы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Табысты бөлудің принциптері мен қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .7
1.3. Табыс және оны белгілейтін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .11

2-бөлім. Табыстың нысандары және табысты бөлу
2.1 ҚР табысты бөлудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Табыстың нысандары және олардың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Табыс экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында растовщиктер және сауда пайдасы түрінде. Табыс казіргі өндірісте де косымша кұнның негізгі түрі ретінде сақталып келеді. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорын-дардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсілорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымея нарықтық қатынастар негізінде мумкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жүмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Табыс категориясын қарас-тырғанда зкономикалық (таза) және бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның табыс болуы, шығындардың ішкі және сырткы жоғарыда айтылған болып шектелуінде. Экономикалық (таза) табыс - кәсіпорын сатқан өнімінен түскен ақшадан (толық түсім) ішкі және сырткы шығындар сомасын (оған орта табыс да косылады) алып тастағанға тең.
Тақырыптың өзектілігі. Табыс - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. "Пайда" сөзі түсіндірме сөздіктерде "көбею" деген мағынаны білдіреді. Демек, бастапқы капиталға жұмсалған үстеме болғаны. Пайданы зерттеген атақты экономисттер көп, бірақ олардың арасында көзге түсетіндер Карл Маркс, П. Самуэльсон, Дж.М. Кейнс және тағы басқа бірқатар атақты да ұлы экономисттер болып саналады. Экономикадағы пайданың, табыстың мәні көбіне артық сөзсіз-ақ түсінікті, бірақ ол пайданы қалай табуға болатынын, қалай қолдану керектігін, қалай сақтап, пайдалануға болатындығын қазіргі өтпелі экономикалық кезеңдегі қазақстандықтардың көбі толығымен біліп қойған жоқ. Ал капиталмен айналысу үшін пайданы таба және қолдана білу - капиталистің басты мәселесі болып табылады. Осы заңдылықтарды білмеген адам капиталмен айналысатын болса, біраз уақыттан кейін банкротқа ұшырайтыны экономисттер үшін айқын. Табысты зерттеуден бұрын, оның мәнін білген дұрыс.
Табысты қолдану аясын кеңейту, қалай сақтап пайдалануға болатынын және оны мейлінше арттыру, жетілдіру жолдары өзекті мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - табыстың мәнін неғұрлым толық зерттеу, пайданы максималды ету, сонымен қатар оған әсер етуші факторлардың алдын алу шараларын қарастырады.
Курстық жұмыстың міндеті - табысты, пайданы нарықтық экономиканың негізі ретінде қарастыра отырып, оның теорияларын, мәнін, қызметін және экономикадағы пайданың нысандарын толықтай ашу.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде - табыстың мәні, мазмұны және негізгі принциптері қарастырылады.
Екінші бөлімде - табыс экономикалық катеория ретінде, табыстың нысандары және оларды жетілдіру жолдары қарастырылады.

1-бөлім. Табыс ұғымы және негізгі принциптері
1.1 Табыстың қалыптасуы және түрлері
Табыс - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Табыстың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір-таласты тудырады. Орыс сөзі "пайда" В.Дальдің "түсіндірме сөздігінде", "өсім", "көбею", яғни бастапқы жұмсалған капитал санына "үстеме" деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылады да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: табыс қандай ортада құрылады? Кім оны өндіреді? Ненің есебінен табыс болады?
Әр түрлі механиктер бұл сұрақтарға түрліше жауап береді:
Меркантелистер табыс айналыста табыс болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген. А. Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептеді.
Карл Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады. Оның ішінде негізгілері төмендегілер:
- бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;
- бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;
- бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.
Қазіргі кездегі табыс туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды - әлеуметтік және неоклассикалық.
Кейнсиалдықтар табыстың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде ұсынады.
Институционалды әлеуметік ілімде табыс әлеуметтік, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және тағы басқаларына қамқорлық жасау.
Неоклассикалық ілімде табысты неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты - табысты максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар деңгейінде жүргізіледі.
Бәсеке рыноктағы тепе-теңдік бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктелерімен анықталынады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамын. Одан кейін ұсыныс қисығын, яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді талдаймын. Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамдардың қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануларына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту табан астында емес, көптеген сатылардан өту арқылы мүмкін болады. Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді.

1.2 Табысты бөлудің принциптері мен қызметтері
Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық табысты айырады.
Бухгалтерлік табыс - бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық табыс - бұл жалпы табыс және экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.
Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса, онда экономикалық табыс нөлге тең немесе қалыпты болады.
Қалыпты табыс - бұл неоклассиктердің "жетілген бәсекелестік" моделіндегі табыстың негізгі түсінігі.
Қалыпты (Марксте - "орташа") табыс - бұл фирманы істе ұстауы үшін оның сондай үлкен табысы.
Жетілмеген монополиялық жағдайды иеленсе (газ, мұнай теміржол, тағы басқалар), онда ол табысты табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климатта және тағы басқаларында табыс болатын монополиялық табыс алады.
Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы, ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамеі кәсіпорындарға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық құрылтайшылар табыс болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары меншіктенеді.
Фирмаға қатысты табыс көлемі қалыпты табыс көзі болып сипатталады.
Табыс нормасы - бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
Банктік табыс табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталады.
Банктік пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:
(1)
Банктік табыс - қарыз капиталының меншік иесінің табысы.
Сауда табысы нарықтық экономиканың негізгі табысы болып табылады. Сауда пайдасы дегеніміз жай ғана үстеме, тауарлардың бағасын өз құнынан асыра нақтылап бәстеу десек, ол сыртқы көрінісі ғана болар еді.
Көпестің өз пайдасын тек сататын тауарларының бағасынан ғана шығара алатыны түсінікті, ал енді оның өз тауарларын сатып тапқан пайдасы сол тауардың алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмашылыққа тең болуы тиіс екені, сату бағасының алу бағасынан артылған мөлшеріне тең болуға тиіс екені одан бетер түсінікті.
Құрылтай пайдасы акция құны курсы мен өндіріске жұмсалған капитал сомасының айырмасы. Оны компанияны құрушылар иемденеді. Мұндай табысты алудың екі жолы бар:
1. Құрылтайшылар акция шығарып, оны сатады, бұл кезде өндіріске түскен қаржының жартысын жүмсап, қалғанын өздеріне қалдырады. Мұндай табыс бүркемеленген жолмен алынады. Қоғамды ұйымдастырғанда құрылтайшылар акцияның бір бөлігін сатады. Курстың келесі өскенінде қағаздың қалған бөлігін сатады. Қоғамды құрушылар акцияны сатып алған бағасы мен одан кейінгі бағаның айырмасын өздері иемденеді.
2. Табыс алудың бұл жолы капиталдың екіге бөлінуі деп аталады, яғни құрылтайшылар акцияны капиталдың кәсіпорындарға қосқаннан әлдеқайда артық бағамен сатады.
Батыс елдері соңғы уақытта заң шығару арқылы мұндай табыс келтіруге кедергі жасауда. Капиталдың "екіге бөлінуі" деген сөздің төркіні ертедегі малды базарға апарар алдында түз жегізу деген тәжірибеде жатыр. Сату алдында жаңағы түз жеген малға су ішкізіп, сөйтіп оның салмағын қосымша өсіреді.
Табыс және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді талдау табыс мен проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экономикадағы атқарар қызметін қарастыру.
К. Маркстік табыс теориясы еңбек, құн теориясына негізделген және қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Қосымша құн маркстік пайымдауда пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген түрі, соңғылардың шыққан тегі.
Өндірілген тауар қүны:

W = с + V + т, (2)

мүнда (с + V) - капитал орнын толықтыратын эквивалент, меншік иесінің өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсағаны, немесе тұрақты капитал (С) мен өзгермелі капиталға (V) жұмсаған шығыны.
Тауар құнының өндіріс құрал-жабдықтары күшінің құнының орнын толықтыратын бөлігі капиталистік өндіріс шығындарын құрайды. Ол капиталист үшін тауар өндірудің қаншаға түскенін көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшіне жұмсалатын қаражаттың өзгеруі өндіріс шығындарына бірдей ықпал етеді, өндіріс шығындарында тұрақты және өзгермелі капитал айырмашылығы жойылады. Осымен байланысты үстірт қарағанда тауар қүнының бір бөлігі (с + V) капиталистік өндіріс шығындарының формасын (К), ал басқа бөлігі (m) - табыс (Р) формасын қабылдайды. Тауар құнының формуласы мынадай көрініс алады:

W=(c + V)+ Р немесе W = К + Р (3)

Табыс Маркстің экономикалық теориясында қосымша құн болып табылады, ол бүкіл авансыланған капиталдың туу көрінісін алады. Табыс сандық тұрғыдан қарағанда тауар құнынан өндіріс шығындарына шегергенде қалған артық бөлігі. Ал саналық тұрғыдан алғанда табыс қосымша құнның өзгерген формасы. Рыноктың табысқа ықпалын жалпылама түрде былайша сипаттауға болады: егер тауар құнынан жоғары бағамен сатылатын болса (сұраныстың ұсыныстан арту жағдайында), өткізілген табыс өндірілген қосымша құннан көп болады (Р m); егер тауар бағасы құннан төмен болса (тауарларға ұсыныс сұраныстан асып кетсе), өткізілген табыс мөлшері өндірілген қосымша құннан кем болады (Р m). Ал егер тауарларға сұраныс ұсынысқа сай келсе, баға құнымен теңеседі, капиталистер алатын табыс массасы, өндірілген қосымша құнмен тең болады. Қосымша құнның пайдаға айналуы, қосымша құн нормаларыныц табыс нормасына айналуын да түсіндіреді.
Пайданың жалпы нормасы түрлі табыс нормаларының белгілі уақыт дәуіріне, айталық, бір жылға авансыланған капиталдың әр жүзіне келетін орташа нормасынан құралады, сондықтан түрлі капиталдардың айналым уақытындағы өзгешеліктен туған айырмашылық та осының өзінде жойылып кетеді. Бірақ бұл айырмашылықтар түрлі өндіріс салаларындағы әр түрлі табыс нормалары үшін анықтаушы тетік болып табылады, бұлардың орташа мөлшері жалпы табыс нормасын құрастырады.
Егер қосымша құн нормасы өзгермелі капитал дәрежесінің ұлғаюын көрсетсе,

m = mv * 100% (4)

табыс нормасы (р1) бүкіл авансыланған капиталды пайдалану тиімдігін сипаттайды. Ол (р) қосымша құнның бүкіл авансыланған капиталға қатынасын көрсетеді.
Капиталистік өндірістің ынталандырушы күші - пайданы өндіру мен иемдену. Табыс нормасы жоғары болады. Табыс нормасы капиталистік шаруашылық етудің тиімділігінің бір белгісі. Капиталистің біліктілігі мен оның қолдағы бар өндіріс ресурстарын рационалды пайдалана білуі табыс нормасы, қосымша құн нормасына тікелей әсер етуі даусыз. Бірдей жағдайда табыс нормасы қосымша құн нормасының жоғарылауымен байланысты жоғарылайды, төмендеуімен байланысты төмендейді. Табыс нормасына капиталдың органикалық құрылымы үлкен ықпал етеді. Бұл кері тәуелділікті көрсетеді: капиталдың органикалық құрылымы төмендеген сайын, табыс нормасы жоғары болады, ал органикалық құрылымының жоғарлауымен байланысты табыс нормасы өсіп отырады. Мұның мәні, қосымша құн тек капиталмен өндіріледі. Капиталдың органикалық құрылымы жоғары болғанда, өзгермелі капитал үлесі азаяды (Жапониялық құрылымның төмен болғандығымен салыстырғанда). Сондықтан органикалық құрылымы жоғары бірдей мөлшерлі капитал, аз көлемді қосымша құн массасын экеледі, осыған орай табыс нормасы да төмен болады.
Табыс нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тәуелді. Жыл бойынша капитал айналымының санының өсуі қосымша құнның жылдық массасының өсуіне ықпал етеді. Авансыланған капитал жыл бойына көп айналым жасаған сайын, осындай жағдайда табыс нормасы жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды: табыс нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тіке қатынаста. Табыс нормасына ықпал ететін факторлардың бірі тұрақты капиталды үнемдеу. Мұндай үнемдеу кәсіпкерлік тұрақты капиталдың аз шығынымен бұрынғы дәрежеде қосымша құн өндіріп, табыс нормасын арттыру мүмкіндігін береді. Табыс нормасының динамикасы (ұзақ мерзімді тұрғыдан капиталдың қорлану қарқыны) нэтижесінде қоғамдық өндірістің өсу қарқынын анықтайды.

1.3. Табыс және оны белгілейтін факторлар
Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде табыс маңызды орын алады. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық төуелсіздігіне кепілдік береді. Нарық жағдайында табыс нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған) тауарлар мен қызметтердің саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда барынша мол табыс түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырады Табыс теориясы классикалық мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің оқулықтарынан орын алған.
XX ғасырда экономикалық ғылымдағы табыс жөнінде мынадай негізгі теорияларды атауға болады:
Өндіргіш капитал теориясы табысны өндірістің қандайы болмасын. соның міндетті түрдегі факторы болып табылатын капитал әрекетгерінің нәтижесі дейді;
Ұстамдылық теориясы. Бұл теория табыс өз капиталын тұтынуды кейінге калдырғаны үшін, өндіріске жұмсаған қаражаттардың тиімділігін күтудегі қауіпке тәуекелділік жасағаны үшін, капиталистерге сыйлық болып табылады дейді.
oo табыс кәсіпкерлік іс-әрекеттердің барлық түрлерінен түсетін еңбекке сәйкес табыс;
oo табыс монополияның болуының нәтижесі.
Осы аталған теориялардың ортақ көрсеткіші -- ол табыстың көзін кәсіпкердің іс-өрекетінің нәтижесі деп тану.
Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады. Олардың негізгілері:
oo бөліп тарату -- орындауға арналған бағдарлама мен стратегияларды қаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оптималдық құрылымыы қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету;
oo ынталандыру -- өндіріс шығындарын төмендету, инновация мен техникалық жаңалықтар енгізу.
Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіру үшін жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың мынадай түрлері бар:
oo бухгалтерлік табыс -- сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни жеткізушілерге ресурстар үшін төлем жасаған соң, жалпы ақша түсімінен қалған табыстың бөлшегі;
oo экономикалық (таза) табыс -- фирманың жалпы табысынан барлық шығындарды (сыртқы, ішкі) алып тастағаннан соң калғаны;
oo баланстық табыс -- өнімді өткізуден түскен түсім мен материалдық шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық пайданы жалпы табыс деп атайды. Өйткені осы табыс кәсіпорын құралдарын бөліп жөне пайдаланудың көзі болып табылады.
Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша мол табыс деген түсініктер бар.
Экономикалық бағытта сатудан түскен ақша түсімі мен жіберіп алған мүмкіндіктердің шығындары арасындағы айырмадан табыс болғанда, фирма жалпы табыс пен жалпы шығындар арасындағы айырмасын барынша көп етуге тырысады. Есте болатын жағдай -- өнімнің әр қосымша бірлігін ондіру жалпы шығындарды өсіреді (МС шекті шығындар көлеміне) және жалпы ақшалай түсімді (MR шекті ақша түсімінің колеміне) арттырады. Егер фирма өндіріс көлемін өсірсе жалпы табыс өседі, бірақ ол белгілі бір шекке жеткенше -- шекті ақшалай түсім шекті шығындардан артық болғанша өседі. Шекті шығындар шекті ақшалай түсімнен арта бастаса табыс төмендейді. Сондыктан пайданың бірінші шарты: шекті ақшалай түсім шекті шығындарға тең болуы керек:
MR=MC

Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы барынша мол етіп жатқан фирмалардың іс-әрекеттерін салыстырып көрейік. Фирмалар қимылдарының айырмашылықтары сұраныс функциясының әр түрлі сипаттамасымен байланысты болғандық,тандабыстың функциясының сипаттамасының әр түрлі болуымен байланысты.
Кейбір фирмалар саладан кетуге мәжбүр болады. Бұл салада қалған фирмалар үшін сұраныс бағасын жоғарылатады. Осы процесс салада қалған фирмалардың орта шығындарын баға өтей алғанша орын алады, яғни
Р=АС
Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса берсе, онда бағаның өсуі, оның орта шығындардан артып кетуіне әкеледі, қалған фирмалар экономикалық табыс алады. Бұл осы салаға жаңа фирмалардың келуіне көмектеседі. Жаңа фирмалардың салаға ағылуы ұсынысты көбейтіп, бағаны төмендетеді, осыдан фирмалардың пайдасы төмендей түседі. Баға орта шығындарды жауып өтегенде, яғни Р=АС болған кезде, салаға жаңа фирмалардың ағып кіруі тоқталады. Жетілген бөсеке жағдайында, ұзақ мерзімде, фирмалардың салаға енуі мен шығуын бағаның орта шығындар шамасы мен тендесуі белгілейді (нөлдік таза экономикалық табыс гипотезасы):
P=MR=MC=AC
Таза монополия жағдайында баға белгіленген, берілген шама болып табылмайды. Жиынтық нарықтық сұраныспен кездескенде, өндіруші түсінеді: оның өнім өндірісін көбейте түсуімен бірге, өткізу бағасы тәмендей түседі. Монополист үшін сұраныстың (орта ақшалай түсімінде) қисық сызығы ұнамсыз (теріс сан) еңкейген түрде болады.

2-бөлім. Табыстың нысандары және табысты бөлу
2.1 ҚР табысты бөлудің қажеттілігі
Нарықтық өндірістің жекелеген салаларына табыс нормасына ықпал ететін әр түрлі техникалық-экономикалық факторлар әр қилы күшпен әрекет етеді. Өнеркәсіптердің жаңа салалары ескілерімен салыстырғанда техникалық тұрғыдан тезірек дамиды. Сондықтан капиталдың органикалық құрылымы әр салада әр түрлі. Бірдей қосымша құн нормасымен бірдей мөлшердегі капиталға қосымша құн массасы, осыған сэйкес әр түрлі саладағы табыс нормасы өзгермелі капиталдың көлеміне орай бірде жоғары, бірде төмен болады. Өндіріс салалары капиталдың органикалық құрылымы бойынша ғана емес, оның айналым жылдамдығы бойынша да ажыратылады. Капитал айналымдылығы салыстырмалы төмен салада, қосымша құнның жылдық массасы аз, ал капитал айналымдылығы жоғары саламен салыстырғанда табыс нормасы төмен болады.
Егер тауарлар құнмен сатылатын болса, капиталистер бірдей мөлшерлі капиталға әр түрлі табыс алар еді, ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары және капитал айналымы жылдамдығы төмен саладағы капиталистер пайданың ең төменгі дәрежесіне ие болар еді. Бірақ жағдайында бұлай болуы мүмкін емес, өйткені ешкім де кәсіпкерді өз капиталын ең төмен табыс нормасы бар салаға жұмсауға міндеттей алмас еді. Егер оның капиталы басқа өндіріс саласына жұмсалған бірдей мөлшерлі капиталға қарағанда аз табыс әкелетін болса, онда өз капиталын одан алып пайданы көбірек әкелетін кәсіпорындарға жұмаған болар еді. Бірдей көлемді капитал бірдей дәрежедегі табыс әкелуі үшін, тауарлар құнымен сатылмауы керек.
Салалық табыс нормасының жалпы, орта нормасына айналуы стихиялы, бәсеке күресінің нәтижесінде орын алады. Капитализм тұсындағы бәсеке күресінің екі түрі бар: ішкі салалық және салааралық.
Ішкі салалық бәсеке бірыңғай өнім өндіретін кәсіпкерлер арасындағы талас-тартыс. Бұл өндірістің бір саласының өндірушілерінің өндірістің тиімді, ұтымды жағдайы мен қосымша табыс табу мақсатымен тауарларды сату үшін күреседі. Бірыңғай тауар өндіретін әр түрлі кәсіпорындарда өндіріс жағдайының айырмашылығы орын алады, осымен байланысты тауарлардың жеке құны бірдей болмайды. Нарықта сатушылар мен сатып алушылардың бәсеке күресі барысында (сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасының көрінісіндей) қоғамдық қажетті шығындар анықталады, яғни тауардың нарықтық құны. Бұл тауарлар құны, сол саланың орташа өндіріс жағдайында өндірілген және тауарлардың осы түрінің басым көпшілігін құрайды. Нарықтық құнның ақшалай формасы нарықтық баға деп аталады.
Салааралық бәсеке капиталды тиімді, ұтымды пайдаланумен байланысты әр қилы саладағы кәсіпкерлердің өзара күресі, яғни капиталдың пайдалылығын арттыру. Бұл бәсекенің тетігі капиталдың табыс нормасы төменгі саладан, табыс нормасы жоғары салаға еркін ауысуы болып табылады. Капиталдың ауысуы қандай нәтиже береді? Капиталдың табыс нормасының төмен саладан ауысуы өндірісті қысқартады, тауарларға деген ұсынысын азайтады, баға өседі, осымен байланысты табыс нормасы да өседі. Капиталдың табыс нормасының жоғары салаға ауысуы өндірісті және тауарларға деген сұранысты ұлғайтады, бағаны, табыс нормасын төмендетеді. Капиталдың бір саладан екіншісіне стихиялы ауысып отыруымен, түптеп келгенде табыс нормасы теңеледі де, орта табыс немесе барлық өндіріс саласында бірдей мөлшерлі капиталға жалпы табыс нормасы құрылады.
Орта табыс нормасы жиынтық қосымша құнды бөлумен байланысты әр қилы саладағы кәсіпкерлер арасындағы экономикалық қатынастарды сипаттайды. Ол жиынтық қосымша құнның бүкіл қоғамдық капиталға қатынасы ретінде де анықталады. Салааралық бәсеке нәтижесінде бірдей капиталға бірдей табыс массасы келеді. Орта нормаға сәйкес авансыланған капиталға алынған пайданы орта табыс деп атайды.
Пайданың орта пайдага айналуы тауарлардың құнымен емес, өндіріс бағасымен сатылуына байланысты, яғни өндіріске авансыланған капитал мен орта пайданың қосындысы.
Кесте 1. Құнның өндіріс бағасына айналуы

Өнді-ріс сала-лары
Капитал-дар (К)
Қосымша құн нормасы
Табыс нормасы (р1)
Орта пайда
Тауар құны (W)
Өндіріс бағасы (c+v+p)
Өндіріс бағасының құнынан ауытқуы (+ немесе)

Норма m1
Массасы

I
II
III
90c+10v
80c+20v
70c+30v
100
100
100
10
20
30
10
20
30
20
20
30
110
120
130
120
120
120
+10

-10

240c+60v

60

360
360
0

Бұл мысалда (1 - кестеде) барлық салада капитал айналымы бірдей бір өлшемге тең әрі әр салада өндіріс шығындарына бүкіл капитал енеді, яғни авансыланған және тұтынылған капитал бір-біріне тең.
Кестеден көріп отырғандай, әрбір салада өндірілген тауарлар өндіріс бағасы бойынша сатылады немесе 120-ға тең. Дегенмен, капиталдың органикалық құрылымы төмен III салада тауар құны 130-ға тең. Нәтижесінде тауарларын өндіріс бағасымен сатқан саланың кәсіпкерлері 10 өлшемге ұтылады. Ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары - I саланың кәсіпкерлері керісінше 10 өлшемге ұтады, яғни тауар құны 110-ға түсіп еді, ал сатылғанда өндіріс бағасы бойынша 120 болды. Міне қосымша 10 өлшем табыс алды.
Көрсетілген салалар бойынша тауарлардың өндіріс бағасын тауар құнымен салыстырудан шығар қорытынды, өндіріс бағасы құннан ауытқиды. Бірінші капиталдың органикалық құрылымы орта дәрежеден жоғары салада, өндіріс бағасы құннан жоғары, ал үшінші - капиталдың органикалық құрылымы қоғамдық орта дәрежеден төмен, түптеп келгенде, бұл ауытқулар өзара бір-бірімен теңеседі, кәсіпкерлер өндірілген қосымша құнның барлық массасына ие болады. Бірақ салааралық бәсеке нәтижесінде бұл қосымша құнның массасы жұмсалған капитал мөлшеріне сай пропорционалды қайта бөлінеді. Сонымен, ішкі салалық бәсеке нәтижесінде көптеген жеке құндар біртұтас рыноктық қүнға айналатын болса, салааралық бәсеке нәтижесінде рыноктық құн барлық өндіріс саласындағы табыс нормасын теңестіруші, өндіріс бағасына айналады. Өндіріс бағасының құрылуымен рыноктық баға өндіріс бағасының шеңберінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өндіріс факторларынан алынатын табыс: мәні және формалары
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Рахат Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы
Өндіріс факторлары туралы
Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Меншікті капитал кәсіпорынның экономикалық негізі ретінде
Экономикалық теорияның пәні бойынша дәрістер
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Пәндер