Тақырыптық кештердің сценарийі мен режисурасы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Тақырыптық кештердің сценарийі мен режисурасы
Орындаған:
.
Ғылыми жетекшісі:
Орал - 2016
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Сценарий туралы түсінік және түрлері
1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ақпараттық сценарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2 Сценарий-көркем-педагогикалық бағдарлама ретінде
2.1 Тақырыптық кештердің сценарийі мен режусарасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...14
2.2 Сценарийдегі шығармашылық әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3 Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралар сценарийі ... ... ... ... ... ... .. 24
2.4 Мәдени тынығу қызметіндегі мерекелік шаралар сценарийі ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Сценарий (итал. scenarіo, лат. scena, scaena - сахна) - кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі.
Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.
Киносценарий XX ғасырдың 20-жылдарында қалыптаса бастады. Алғаш ол мылқау фильмдердегі оқиғалар желісін тізбелеу қызметін атқарған. Кейін кинодраматургияның эстетикалық, шығармалық принциптері түзіліп, әдеби драмалық тұрпаты анықтала түсті. Киносценарий орындалу техникасына, жүзеге асырылу кезеңдеріне, құрылымына байланысты синтетикалық және ұжымдық шығарма болып табылады. Мұнда сөз, музыка, бейнелеу өнерлерінің жанрлық элементтері біріккен. Сценарий жүзеге асу барысында оператор, режиссер, актерлер қатынасады да, сюжеттің бастапқы драматургиялық сипаты күрделілене түседі. Сценарийде автор сөзінің (кадр сыртындағы дауыс), төл сөздің (диалог, монолог), ремарканың (суреттеу, тәптіштеу), әр алуан түсініктемелердің тұтастығы қатаң ескеріледі.
Кинематографияның бейнелі қалпында жүзеге асуы мен мәтіннің жанрлық табиғатын ұйымдастыру осы 4 құрылымдық компонентке негізделеді. Фильмнің жанрына байланысты (детективті, деректі, тарихи, фантастикалық, т.б) 4 құрылымдық компоненттің бірі алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, деректі фильмде комментатор дауысы немесе түсіндірме жазбалар маңызды рөл атқарады. Ойындық фильмдерде бейнелілігі мен айқындығы тұрғысынан алғашқы қатарға кейіпкер әрекеті, монолог, диалог және ремарка шығады. Сценарийлердің көп бөлігі (триллер, модернистік, мистикалық фильмдер сценарийі) арнайы эффектілерден, яғни бейнелілікті толықтырушы (компьютерлік) қалыптардан тұрады.[1]
Теледидарлық сценарийлер де кеңінен дамып, ішінара жанрлық өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, шоу, полемика, КВН, теледраматургия, публицистикалық, саяси, тарихи, деректі бағдарламалар. Теледраматургия айқындық, ақпараттық және бейнелердің түсініктілігі, қысқалық секілді талаптарды қажет етеді. Теледидарлық сценарийде публицистикаға, айқындыққа, технологияға бет бұру, театрланған бағыттар байқалады. Опералық, балеттік, пантомималық сценарийлер либретто деп аталады.
Зерттеу мақсаты: негізгі сценарийлік ұғымдар туралы және тақырыптық кештердің сценарийі мен режисурасы туралы жалпы мәлімет беру.
Зерттеу міндеттері:
* Сценарий туралы түсінік беру;
* Сценарийдің түрлеріне сипаттама;
* Сценарийдің құру жолдарымен танысу;
* Тақырыптық кештердің сценарийі және режисурасы.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Сценарий туралы түсінік және түрлері
1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері
Телесценарий
Отандық телевидение саласында сценарий жазумен ғана айналысатын мамандар жоқтың қасы (жоқтың қасы дейтінім мен ондай мамандарды кездестірмедім, бірақ оны мүлдем жоқ деуге аузым бармайды). Сценарий ді продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да) де, режиссерлер де, журналистер де бірлесіп жазып жатады. Әрине, оның құрылымдық бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ, оның мазмұндық жағы жеке тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс.Бұл жерде сценаридің жалпы көлемі, сценаристің өмірдің барлық саласы бойынша жинақтаған білім қоры маңызды рөл атқарады. Журналистің ой-өрісі қанша бай болса, ақпаратты телекөрермен көретіндей, тартымды етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Өз біліміңді үнемі толықтырып отыру процесі ешқашан бітпейді. Сондықтан да сценарий жазушының жұмысы өте қызықты болып табылады.Әрине, кез-келген тақырыпта ақпарат табуға мүмкіндік жасайтын Интернет-ресурстар қазіргі заманғы журналистің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп береді. Алайда, сценарий шын мәнінде қызықты және тартымды болуы үшін бір-бірімен байланысты салалар бойынша білім ғана емес, оны сюжет желісіне үйлестіре білу де қажет.[1]
Сценарий телевизиялық өнім жасау барысында атқарылатын жұмыстың бастапқы емес, аралық кезеңі болып табылады. Ол танысу және материалды іріктеу, тақырып құрастыру, композицияларды анықтаудан тұратын дайындық бөлімін аяқтайды. Әдетте бұл кезең сценари й ді жазудан да көп уақыт алады. Бұл жағынан сценарист әмбебап журналистке ұқсайды, ол қашан да қай тақырыпты болса да жаза білуі тиіс. Қазіргі заманғы журналистикада бұл кеңінен қолданылып та, қолдау көріп те жүрген жоқ. Ал, тақырыптық сценари й лер жазатын сценаристің әмбебап болудан басқа амалы жоқ. Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап көрелік.
1. Сценарлық өтініш - бұл келешек тележобаның негізгі идеясын баяндайтын құжат. Онда міндетті түрде:
- Жобаның атауы (шамамен);
- Мән-мазмұнын нақты баяндау;
- Мақсатты аудиториясы;
- Хронометражы (хабардың ұзақтығы);
- Эфирге шығу жиілігі (күнделікті, апталық және т.б.);
- Авторлық ұжым құрамы;
- Болжамды шығын - барлық шығын;
- Жобаны іске асыру мерзімі толық көрсетілуі тиіс.
Телебағдарламаны шығару жөніндегі немесе одан бас тарту туралы шешім осы өтініш негізінде қабылданады.
2. Сценарлық жоспарда сценарий мазмұнының өрбу бағыты хронологиялық тәртіппен баяндалады. Сюжеттердің тәртібі, соларға сай айтылатын диктор сөзі (подводка) мен қонақтарды шақыру тәртібі нақты көрсетіледі. Эфирді таспаға жазатын күн мен тақырыбы беріледі. Сценарлық жоспар сценарий жазатын кісіге ғана емес телебағдарламаны монтаждау үшін де аса қажет. Онда: жүргізушілер, қатысушылар құрамы(қонақтар); реквизиттер толық көрсетілуі тиіс.
3. Телеөнімнің түріне байланысты сценари й лер - ақпараттық (танымдық, публицистік, ток-шоу және т.б.) және қойылымдық немесе рөлдік болып бөлінуі мүмкін. Бұл жерде әртістік өнер мен эмоция жағы маңызды, ал ақпараттық құрамы онша маңызды болмайды. Сценарлық жұмыс тәсілдері де соған сәйкес болуы қажет. Енді сценарийдің осы екі түріне нақты мысалдар келтіріп көрейік.
№ 1 - ші мысал (ақпараттық сценарий)
Вся страна бағдарламасының сценарийі (үзінді).
Студия
Мазмұны
Ескерту
Шапка
Студия
Ж1(Жүргізуші): Сәлеметсің бе, елім!
Ж2 Кеш жарық!
Ж1 Алдағы сағатта сіздермен бірге...
Ж2. Және ...
Ж1 Бұл Вся страна бағдарламасы.
Бағдарламалық ойналым (отбивка).
Ж1 Турист сөзі әдеби қолданысқа 1800 жылы еніпті. Шамамен дәл сол кезде Францияда француз тілінің сөздігіне турист сөзінің мағынасы енгізілген, онда турист - бір нәрсені білгісі келгендіктен немесе уақыт өткізу үшін саяхатқа шығатын адам делініпті.
Ж2 Ал, бүгінде уақыт өткізу жағымды әрі тиімді бизнеске айналып отыр.
Ж1 - Дүниежүзіндегі көптеген елдердің табыс көзі де осы туризм болып табылады. Бұл бақуатты елдер тек қана туризм есебінен күн көреді және елдің туристік нысан ретіндегі беделін көтеруге орасан зор ақша жұмсайды.
Ж2 - Қазақстандық туризм. Бүгінгі әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбімек.
Ж1 - Әлемдегі туризм рыногының көлемі 3 трлн АҚШ долларынан асып жығылады. Туризмнен түскен табыс мұнай экспортынан кейінгі екінші орынды иеленеді.
Ж2 - Дүниенің төрт бұрышын аралап, жаңа әсерлерге бөлену үшін ақша төлейтін адамдар саны күн санап артуда.
Ж1 Кешегі күнге дейін Қазақстан мұнайлы держава мәртебесіне қанағаттанып, сабырлылық сақтап келді.
Ж2 - Туризм саласының қазіргі ахуалы және оның келешегі жайында ... . (журналистің аты-жөні) материалынан таныс боласыздар.
Сәлемдесу
1.2 Ақпараттық сценарий
Ақпараттық сценарийлерді жазуда Интернеттің көмегі шексіз. Алайда, қажетті материалды іздеу мен оны тексеруге сценарий жазатын уақыттың 23 бөлігі жұмсалады.Сценарий тақырыбы нақтыланып, қажетті ақпарат жиналып болғаннан кейін сюжеттерді қалай ізбе-із беру керектігін, қонақтарды қалай сөйлету қажеттігін ойлану қажет. Алғашқы материалдың сюжет-анықтама деп аталуы тегін емес. Өйткені ол бағдарлама тақырыбы жөнінде жалпы түсінік береді. Негізінде бұл көп нұсқаның бірі ғана. Сценариді маңыздырақ ақпараттан бастауға да болады. Ондайда жалпылама сәттер мен талқылауға кейін көшеді. Көбіне бұндай ақпарат рөлін телебағдарламалар жөніндегі құлақтандыру (анонс) атқарады.Жүргізушілердің әр сюжетке орай немесе қонақты студияға шақырған кезде айтатын сөздері белгілі бір ізбе-ізділікпен жазылуы тиіс. Жүргізушінің сюжет алдында айтатын сөзін (подводка) жаңалықтар бағдарламасына тән дәстүрлі тәсілмен бұл туралы бәленшенің материалында... деп аяқтауға болады. Дегенмен еркін жазу үлгісімен, бірақ қалыптасқан шаблондарды пайдаланбай, сюжеттің мазмұнына және авторына тоқталмай жазған дұрыс. Мәселен:
Ж1 (жүргізуші) - Қазақстанда шекара әскерінің құрылғанына он екі жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, кеңестік дәуірде өмір сүріп, тәрбиеленгендердің санасындағы алыс және жақын шетел ұғымы өзгерген жоқ.
Ж2 - Біздің бірге өмір сүріп үйренгеніміз соншалық, Мәскеудегі немесе Ташкенттегі туыстарға, Қырғызстандағы Ыстықкөлге барып қиындықсыз демалып қайтуға болатынын біле тұра, олардың мүлдем басқа мемлекеттер екенін ұмытып кетіп жатамыз.
Ж1 - Өкінішке орай, жақын шетелдер шекарасында да қақтығысты жағдайлар жиі орын алады. Бұл - шындық.
Сюжет - қазақ - өзбек шекарасындағы қақтығыс
Ақпараттық деген терминді ақтау үшін жүргізуші мәтініне статистикалық мәліметтер қосу қажет. Бірақ оны бірінен кейін бірін тізбектей бермей, қызықты фактілермен және түйіндермен бөлген жөн. Дегенмен қатар оның ақпараттық бағдарлама еместігін естен шығармау керек.
Сондықтан онда эмоция мен субъективтік бағалаудың болғаны абзал.Қонақтарға қойылатын әрбір сұрақты сценарийге түсіргенде оның жауабын алдын-ала бағамдайтындай етіп жазылуы тиіс. Өйткені, келесі сұрақ соның негізінде жазылады. Бұл жүргізушінің жүгін жеңілдету үшін жасалады. Өйткені, көбіне бір күнде бірнеше бағдарлама жазылады және жүргізуші материалда не жазылғанын сценаристен жақсы білмейді. Егер телебағдарламаға қонақ шақырылатын болса сценарийде оның студияға қалай кіретіні, қандай музыка ойналатыны, қандай бейне-кадрлар берілетіні (жұмыс, демалыс кадрлары) толық сипатталады.[2]
Көбіне бағдарлама шығарушылары қонақтың студияға бірнәрсе ала келуін өтініп жатады (студияны жандандыру мақсатында). Сценарист бұдан хабардар болуы қажет. Өйткені, қонақтың әкелген бұйымына қатысты сұрақтарды дайындап, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп беру сұралады. Сценарийге осы іс-әрекеттердің бәрі жазылады.
Тапсырма: 2 жүргізуші жүргізетін анықтама-сюжетке сценарлық кіріспе сөз жазып көріңіз. Сцецнаридің тақырыбы: Қазақстандағы көп әйел алу мәселесі. Қолдаушылар мен қарсы шығушылар.
Ресейдің Телевизиялық журналистика оқулығының телесценарий бөлімінде атап көрсетілгендей, сценарийдің драматургияның - тақырып, идея және композиция сынды элементтерінен тұрады.Тақырып - бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып - бұл автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәселе. Идея - бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне байланысты.
Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше бағдарламаға арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі болуы тиіс.Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен идеясы анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу, сарапшылар мен өзге де кейіпкерлерді таңдаудан тұрады. Ол қызықты сәттерді шатастырып алмас үшін жинаған материалының біраз жерін кесіп тастауды талап етеді. Оған өкінбеңіз, пайдаланылмаған фактілер мен оқиғалар алдағы уақытта керегіңізге жарайды. Сценарий жазатындардың көпшілігі компьютердегі жұмыс үстелінен арнайы папка ашып, пайдаланылмаған фактілерді соған салып отырады. Қажет болған жағдайда керекті мағлұматты содан ала қоюға болады. Телевизиялық журналистика кітабының авторлары еңбек тәжірибесін енді ғана бастаған журналистер сценарлық материалға тақырыппен жанама байланысы бар шығармаларды қосады. Бұл автордың проблемамен онша таныс еместігінен, ашылуы тиіс фактілер мен оқиғаларды іріктей білмеуінен туындайды деп жазады. Мұнымен келісуге тура келеді. Өйткені, шынында бұл әу баста тақырыпты дұрыс білмегендіктен, тақырыпты жан-жақты меңгеріп, қажетті материалды жинауға уақыт бөлуден қашқалақтау салдарынан орын алады. Композиция - бұл шығарманы жазу, байланыстыру, оның заңдық құрылымы, жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал дайындау. Бұл - материалды жазу ұстанымы.
Кезінде С.Эйзенштейн былай деген болатын: Автор композицияның көмегімен материалды ұйымдастырады, ізбе-із орналастырып, басты және қосалқы бөліктерін анықтайды, оларды бір-бірімен үйлестіруге тырысады. Композиция көбіне техникалық қиындықтарды жеңуге де көмектеседі. Телевизиялық өнімді белгілі бір уақыт шеңберіне сыйғызу қажет, бұған сценарийді сцена мен эпизодтарға бөлу арқылы қол жеткізуге болады. Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да пайдалануға болады.
экспозиция (пролог) - басталуы - шегініс (оқиғаның дамуы) - кульминация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі) - шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) - түйін (соңы) - эпилог.
Дегенмен, ең бастысы - логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. Егер сценарист қайталанатын болса автор ойы тұншығады деген пікірдің де жаны бар.Кейбіреулер мынадай пікір айтады: Студияда, жүргізушілер жүргізетін телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жеткілікті, ал жүргізушілер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі.
Мен мұнымен келіспеймін. Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен толықтыра түседі.Алайда, менің түсінігімше, сценарист диалогтарды жазғанда, жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем білмесе де бағдарламаны ойнатып әкететіндей етіп баяндауы тиіс. Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене алады. Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық сценарий үшін аса қажет.
1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий
Қойылымдық немесе рөлдік сценарий жазу көркемдік тұрғыдан алып қарағанда өте қиын. Онда ақпарат пен көңіл-күй беріп қана қоймай, сценарийді матефоралармен, әзілмен, ирониямен, сарказммен ... байыту қажет. Бұл жерде тек Интернет-ресурстармен шектеліп қалуға болмайды. Сценарий жазғанда білім қорын, көркемдеу мен драматургиялық шеберлік таныту талап етіледі. Ол үшін афоризмдер, сентенциялар мен әзіл-әңгіме жинақтарын пайдалануға болады. Жүргізушілерге келер болсақ, олардың актерлік қабілеті болуы тиіс, кәсіби актер болса тіпті жақсы. Ондайда сценарист кез-келген драматургиялық әдісті пайдала алады және оның қалай шығатынын ойлап бас қатырмайды. Қойылымдық немесе рөлдік сценаридің бастан-аяқ логикалық байланысы болуы шарт емес.
Бұндай сценаридің бір қойылымы екіншісіне мүлдем ұқсамауы да мүмкін.Сонымен қатар бұл сценариде: қимыл-қозғалыс, ым, дауыс ырғағы, қажетті заттар, жүргізуші киімдері,т.б. толық жазылады.[5]
Қойылымдық сценариде жүргізушілердің әр қайсысының мінез-құлқын анықтап, олардың сомдайтын рөлдерін де соған қарай бөлу қажет. Қойылымдық сценаридің егжей-тегжейлі жазылатынына қарамастан, онда жүргізушінің ойдан шығару қабілеті болуы шарт. Ақпараттық сценарий бұны талап етпейді. Қойылымдық сценарилерде айдарларға немесе сюжеттерге байланып қалудың қажеті жоқ. Айтқандай, қойылымдық сценарий жазудың белгілі бір қатып қалған ережесі жоқ. Бұнда ең бастысы - шығармашылық, тағы да шығармашылық!

2.1 Тақырыптық кештердің сценарийі мен режусарасы
Тақырып - бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып - бұл автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәселе. Идея - бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне байланысты.

Экспозиция (пролог) - басталуы - шегініс (оқиғаның дамуы) - кульминация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі) - шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) - түйін (соңы) - эпилог.

Мен мұнымен келіспеймін. Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен толықтыра түседі. Алайда, менің түсінігімше, сценарист диалогтарды жазғанда, жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем білмесе де бағдарламаны ойнатып әкететіндей етіп баяндауы тиіс. Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене алады. Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық сценарий үшін аса қажет.
Тақырыбы: Тілім барда тірімін мен
Мақсаты: Жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, тіл мерейін көтеру,тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен таныстыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
1 жүргізуші:
Армысыздар,ардақты халқым менің,
Бөлісейік бұл күннің алтын кенін
Тілді сүйер қауымға басымды иіп,
Сәлемдесіп жүргізу-салтым менің.
Ұшырамын көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?!
Жаңа күш,жаңа қуат тілеуменен
Өзіңе басымды ием,көрерменім.
Қан кешіпсіз,ақ жанарлы құрбылар,
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Бар өнерді енді ортаға салайық,
Бұл кештен үлкен сабақ алайық.
Мерекесі тіліміздің құтты болсын,халайық!
2 жүргізуші:
Би Көңіл толқыны
1 жүргізуші:
Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдірет тілігі-оның орындылығында, өршінінде орасан зор байлығында. Қай халықтың болмасын тілі-өзіне тін қымбатты да қимас байлығы, қазынасы.
Сол сияқты біздің де ана тіліміз- алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажафып гауһарымыз. Сондықтан да ана деген ардақты сөзді қосып, ана тілі деп айтамыз.
Өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов 140 жаста.
Ахметтің шығармашылығын жатқа оқу.
1 жүргізуші:
Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі -- уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882 -- 1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886 -- 1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891 -- 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтьш мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатьш. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынов 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895 -- 1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жаткан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.
1913 -- 1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халык өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынов қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұстальш, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтьш оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынов шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.
Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақьш, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазыльш, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың үлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы -- оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.
"Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынов -- қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі -- "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz