Тау жыныстары және минералдар



Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Тау жыныстары және минералдар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Тау жыныстары және оның түрлері
1.1 Тау жыныстарының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Тау жыныстарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Минералдар ұғымы және тау жыныстарын
зерттейтін ғылым
2.1 Минералогия. Минералдардың физикалық қасиеттері, оларды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Минералдар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Тау жыныстарын зерттеуші петрография ғылымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Геология - жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі, ол жердің құрылысын, құрылымын, дамуын, сол сияқты жер қыртысының, оны құрайтын минералдардың, тау жыныстарының, рудалардың, өзге де пайдалы қазбалардың қалыптасу процестеріндегі заңдылықтарды, жердегі тіршілік атаулының пайда болу және даму тарихын зерттейді. Геология сөзі грек тілінен аударғанда Жер туралы ғылым деген түсінікті білдіреді (гео - жер, логос - сөз, ғылым). Геологиялық ғылымның құрам-бөліктерін, яғни оның басты-басты пәндері мен салаларын, өздерінің зерттеу нысаны тұрғысынан, шартты түрде алты топқа бөлуге болады. Бұлар төмендегі мәселелерді зерттейтін ғылым тараулары мен салалары:
1) жер қыртысы мен литосфераның заттық құрамын;
2) геологиялық процестерді;
3) өлі организмдердің қалдықтарын және олардың тіршілік белгілерін пәрменді түрде зерттеу нәтижесінде органикалық тіршіліктің жер бетінде пайда болуын, көрініс беру ерекшеліктерін және даму барысын;
4) геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын,
5) жер қойнауларын игеру және шаруашылық нысандарын тұрғызу мәселелеріне байланысты іс-тәжірибе шараларын;
6) пайдалы қазба кендерін зерттеудің және игерудің әдістемелік шараларын және геологиялық-экономикалық әрекеттерді. Қазіргі уақытта геологияның барлық салаларын кристаллография, минералогия, петрография, динамикалық және тарихи геология, гидрогеология, пайдалы қазбалар және т.б. қамтиды.
Геологияны зерттейтін әдістемелер әр алуан және 5 топқа бөледі:
1. Зерттеу әдістемесі: өзендер, теңіздер жағалауында, зерттеушілердің табиғи немесе жасанды жыныстарының зерттеуі.
2. Физикалық және физико-химиялық, ренгено-құрылымдық, спектографиялық, сейсмикалық және т.б.
3. Тәжірибелер.
4. Дистанциялық жасанды серіктерден, ұшақтардан, тікұшақтардан жерді зерттеу.
5. Бұрғылау
Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын анайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан.

1. Тау жыныстары және оның түрлері
1.1 Тау жыныстарының шығу тарихы
Тау жыныстарының шығу тегіне жалпы шолу жасап көрейік. Жердің үстіңгі қабатындағы тас қабықты құраған тау жыныстары алғашқыда балқыған тұтқыр заттан қатайып пайда болған. Демек, ол тау жыныстарын құраған минералдар мен кристалдар да алғашқыда сол балқыған заттан пайда болған. Онан кейінгі замандарда, жердің қатты тас қабығы құрыла бастасымен ондай тау жыныстары, күннің шағу, желдің қағу, судың шаю әсерінен бұзылып, бөлшектерге жіктеліп, ажырап үгітіле бастаған.
Тау жыныстарының үгітіліп ұсақталған түйіршіктері суға еріп, химиялық әр түрлі қосындыларға айналып, тұнып, тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі минералдарға және тау жыныстарына айналған. Мұнан кейін олар екінші рет қайта өзгеріп, тағы басқа тау жыныстарының түріне айналған. Жердің жүздеген миллиондаған ұзақ тарихы бойында осы әрекет көп қайталанып отырған. Сонымен қатар бертін келе-келе тау жыныстары мен минералдардың бұзылып өзгеруіне және жиналып құралуына тіршілік дүниесі де көп әсерін тигізген.
Жердің тереңдегі ішкі ыстық қабаттарынан балқыған заттар қосындысы да (магма) анда-санда жер бетіне көтеріліп шығуын тоқтатқан жоқ. Олардың қатаюынан жаңа тау жыныстары пайда болады. Бұрын және жаңадан пайда болған тау жыныстары қайта өзгеріп, басқа минералдар мен тау жыныстарының түріне айналып отырады. Осы ретпен жер қыртысында пайда болған тау жыныстары мен минералдардың түрлері өте көп. Олардың бірсыпырасы адам баласының керегіне жұмсалады. Ондай минералдарды пайдалы қазындылар дейді немесе кен минералдары, кен тасы немесе руда дейді. Пайдалы қазындылардың жер қойнауынан шығатын орнын кен дейді. Жердің кен қазынасы таусылмас мол. Барлық асыл заттар, өнеркәсіп орындарының барлық керегі сол қазынадан табылады. Асыл тастан шығады дейтін халық мәтелі рас. Сол тастан шығатын асылды алмақ болып қарманудың арқасында адам баласы зор табыстарға жетті. Неше түрлі минералдар мен тау жыныстарының сырын ашып, түрлерін тапты. Қазіргі белгілі минералдардың түрі 3000 шамасында. Тау жыныстарының түрлері де 1000-ға қаралас. Бұлардың барлығын тізіп көрсетіп, жаттап алу мүмкін емес. Табиғаттың бұл сияқты көп түрлі заттарын тануда ғылымның тауып алған жеңіл әдісі бар. Ол әдіс -- осы заттарды өзінің жаратылысына қарай белгілі топтарға бөлу, солардың әрқайсысына тән белгі қасиеттерін білу және әрқайсысының белгілі бір өкілдерін тани білу.

1.2 Тау жыныстарының түрлері
Ботаника, зоология ғылымдарында, мысалы, өсімдіктер мен жануарларды топтарға, руларға, тұқымдарға, түрлерге бөледі, мұны систематика әдісі дейді. Сол сияқты минералдар мен тау жыныстарын да таптарға, топтарға, түрлерге бөледі. Сондай бөлінудің арқасында оларды тану, түсіну оңай болады. Тау жыныстарының негізгі топтарына тоқталайық.
Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үлкен үш түрлі топқа бөлінеді:
1. магмалық тaужыныстaры,
2. шөгінді тау жыныстары
3. метаморфтық тау жыныстaры.
Жер астынан балқып шыққан тас заттардан, яғни магмадан қатайып пайда болған тау жыныстарын магмалық деп атайды. Мысалы, бұған жоғарыда айтылған гранит т. б. жатады.
Тау жыныстарының ұсақ кесек, қиыршық құмдарынан, саздарынан, судағы химиялық ерітінділер тұнбасынан, жануарлар мен өсімдіктер қалдығынан құралған тау жыныстарын шөгінді (тұнба) тау жыныстары дейді. Бұлай аталу себебі осы айтылған ұсақ кесектер мен қиыршық құмдар сумен ағып келіп, желмен ұшып келіп, өздерінің салмақтарына қарай тұнады. Мысалы, кұм, құмтас, тұздар, саздар, т. б.
Метаморфоза -- өзгеру деген сез. Тау жынысы өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналса, оны метаморфтық тау жынысы дейді. Мысалы, бор (элемент емес) жер астының қысым күшіне және ыстық температурасына ұшыраса, ол тығыздалып кристалды ізбестасқа немесе мраморға айналады.
Мрамор метаморфтық жыныс. Бұл айтылған үш түрлі тау жыныстарының ішінен ең көп кездесетіні қайсысы деген сұраққ а екі түрлі жауап беруге болады.
Жердің ең үстіңгі қыртысын алатын болсақ, онда шөгінді тау жыныстары басымырақ : мұнда 75% шөгінді жыныстар, қалған 25%магмалық және метаморфтық жыныстар.
Егерде жердің 16 километрлік қалың қабатын алатын болсақ , ондағы басым көпшілігі магмалық тау жыныстары, яғни онда магмалық тау жынысы 95% шамасында, қалған 5% шөгінді және магмалық тау жыныстары. Жердің онан арғы терең қабаттарындағы жыныстардың барлығы дерлік магмалық жыныстар.
Магмалык, тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабаттарында) және эффузивтік (жердін, беткі қабатында) болып екіге бөлінеді.
Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте.) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.
Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.
Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буынын, қаты-суымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.
Эффузивтік жыныстар жердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы өте тез. Оның құрамындағы газдар мен су буы тез ұшып кетеді де, ал минералдық қосындылар кристалдар құрап үлгермейді. Сондықтан эффузивтер көпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекеленген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мұндай жағдайда порфирлі құрылым құралады.
Эффузивтік тау жыныстары кеуек түтіктер мен қуыстар түріндегі (көбікті, миндалинді-тасты) және флюидалдық текстуралар құрайды.
Кеуекті немесе көбікті текстура вулкандық лаваның суынып-қатаюы кезінде, оның алғашқы құрамындағы ұшпалы жеңіл компоненттердің тез арада ұшып кетуіне байланысты қалыптасады. Осындай жолмен пайда болған кеуек түтіктер мен қуыстар, кейінірек кварц және кальцит сияқты (екінші рет пайда болған) минералдармен толып қалыптасқан жағдайда миндалинді-тасты текстура құралады. Ал, кейде эффузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдық түйіршіктердің белгілі бір бағытта созыла орналасуы алғашқы лаваның қозғалыс бағытын көрсетеді. Мұндай текстура флюидалдық деп аталады.
Кристалдану дәрежесіне қарай магмалық тау жыныстары толық кристалданған және жартылай кристалданған болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің (ірілі-ұсақты) салыстырмалы көрсеткіштеріне қарай, олар біркелкі түйіршікті (минералдық түйіршіктері бірдей болып келген жағдайда) және әркелкі түйіршікті құрылымдар болып бөлінеді. Сонымен қатар, минерал-дық түйіршіктердің ірілі-ұсақты абсолюттік мөлшері бойынша: ірі (5 мм), орта (2 -- 5 мм) және ұсақ түйіршікті (2 мм-ге дейін) құрылымдарға ажыратуға болады. Ал минералдық түйіршіктердің кристаллографиялық пішіндерінін, өзара қарым-қатынастарына қарай, олар идиоморфтық (жан-жағы толық шектелген дұрыс пішінді кристалдар) және ксеноморфтық (жан-жағы көрші кристалдармен шектелгең бұрыс пішінді кристалдар) болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің идиоморфтық дәрежесінің жоғары болуы минералдардьщ кристалдану жағдайы мен кристалдану қабілетіне тікелей бағынышты.
Химиялық құрамына қарай (кремний тотығыньщ мөлшеріне) тау жыныстары: қышқыл (65% SЮ2), орта (65 -- 52%), негізді (52 -- 45%) және ультранегізді немесе өте негізді (45%) топтарға ажыратылады.
Қышқыл тобына жататын тау жыныстарының құрамындағы кремнийдің артық мөлшері кварц минералы-түрінде түзіледі. Егер тау жынысының құрамында оливин минералы көп болса, онда ол ульдранегізді жыныс болып саналады. Орта топтағы жыныстарда ашық түсті дала шпаттары көптеп кездеседі, ал түсті минералдардан слюдалар, алдамшы мүйізше (роговая обманка); негізді жыныстарда лабрадор, авгит секілді минералдар жиі кездеседі. Магмалық жыныстарды түр-түсіне қарай да ажыратуға болады. Мысалы қышқыл жыныстар -- ашық түсті (лейкократты); негізді және ультранегізді жыныстар қою көк немесе қара түсті (меланократты); орта қышқылды жыныстар ашық сұр және сұр түсті болып келеді.
Тау жыныстары тығыздығына қарай да ажыратылады. Олар қышқыл жыныстарынық ультранегізді жыныс-тарына қарай 2,6 -- 2,7-ден 3,3-ке дейінгі аралықта өзгереді.
Интрузивтік тау жыныстары Жердің ішкі терең қабаттарында кристалданған магмалық тау жыныстары (интрузивтік) ең алдымен құрылымдық (толық криста-лданған) және орналасымдық ерекшеліктерімен (тығыз орналасқан массивты ерекшеліктерімен) ажыратылада. Одан ары қарай, олар химиялық (кремний тотығының мөлшеріне қарай) және минералдық құрамы бойынша жеке топтарға жіктеледі. Желілік жыныстар (мысалы, аплит, пегматит) тамыр-секілді тарамдальш, интрузивтік массивтердін, маңайында (көпшілік жағдайда) жер қыртысынын, жарықтарм мен жарықшақтарын бойлай түзіледі.
Интрузивтік тау жыныстарының жіктелуі. Аплит өте ұсақ түшрішктерден тұратын, тақталанып жұқа плиталар түрінде құралған, құрамы граниттік (кварц, дала шпаттары және слюдалар) ашық түсті жыныстар. Ал пегматит дала шпаттары, кварц және слюдалардың (мусковит, кейде биотит) өте ірі кристалдарынан тұратын, өзіндік (пегматиттік) ерекше құрылымымен сипатталатын тау жынысы.
Эффузивтік тау жыныстары Жер бетіне шығып ақтарыла төгілген вулкандық лаваның суынып-қатаюынан пайда болған эффузивтік тау жыныстары жартылай кристалданған құрылымымен және кеуек-қуысты (көбікті, миндалинді тасты) флюидальдық орналасымымен ажыратылады. Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік жыныстар (интрузивтік жыныстар секілді) химиялық және минералдық құрамына қарай жеке топтарға жіктеледі. Олардың ішінде кайнотектік (құрамы мен құрылысы өзгеріске ұшырай қоймаған, жас) және палеотектік (өзгерістерге ұшыраған, ескі) түрлері ажыратылады (6. 4-кесте). Палеотектік жыныстар порфир немесе порфирит деп аталады. Оған қосымша кайнотектік жыныстардық атауы қосыла айтылады.
Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік тау жынысының құрамында калийлі дала шпаттары (ортоклаз) болған жағдайда порфир деп, ал болмаған жағдайда порфирит деп аталады. Жасырың кристалды (немесе микрокристалды) минералдық түйіршіктер фельзиттік құрылым құрайды. Мысалы, фельзит және базальт. Олар түсіне қарай оңай ажыратылады: фельзит құрамы қышқыл, ашық түсті жыныс; базальттың құрамы негіздік, қою қара-көк түсті болып келеді.
Құрылымы шынылық болып келетін жыныстарға мысал ретінде обсидианды және пемзаны айтуға болады. Обсидиан (вулкандық шыны) -- қүрамы көбінесе қышқыл түсі әр түрлі (сұр, сұрғылт, қара-қоңыр және қара түсті) болып келетін, сынығы ұлу қабыршағы секілді жыныстар.
Пемза -- ашық түсті, құрамы қышқыл, кеуекті түтіктер түрінде кездесетін өте жеңіл жыныстар.
Пирокластикалық тау жыныстары Вулкан атқылауы кезінде атмосфера қабатына ыстық лаваның ірілі-ұсақты кесек бөлшектері (вулкандық шыны, әр түрлі минералдардың кристалдары) және кездейсоқ кездескен жыныстардың кесек сынықтары (орасан-зор мөлшерде) лақтырылып тасталады. Осындай жолмен пайда болған материалдар қабатталып жинала келе пирокластикалық (отты-кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі. Кесек бөлшектердін, ірілг-ұсақты мөлшеріне қарай олар бес топқа бөлінеді:
1) вулкандық күл (1 мм-ге дейін);
2) вулкандық құм (1 -- 2 мм);
3) вулкандық қиыршықтар (2 -- 10 мм);
4) лапиллилер (вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаванын, 10 -- 30 мм-лік бөлшектері);
5) вулкандық бомбалар (көлденең қимасы 5 -- 10 см-ден бірнеше м-ге дейін жететін ірі кесектер).
Вулкандық күл-топырақтар тығыздала келе вулкандық туфтарра айналады, ал әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық материалдардың бірігіп цементтелуінен вулкандық брекчия (женттас) құрылады.

2. Минералдар ұғымы және тау жыныстарын зерттейтін ғылым
2.1 Минералогия. Минералдардың физикалық қасиеттері, оларды анықтау
Минералогия - минералдар жайлы ғылым, ол табиғи минералдық агрегаттарды анықтаумен және жүйелеумен, олардың химиялық құрамын, құрылысын және физикалық қасиеттерін, сол сияқты минералдардың жаратылысын, жер қыртысына тән тау жыныстары мен рудалардағы таралу заңдылықтарын зерттеумен айналысады.
Минералогияны шартты түрде тектік минералогияға және деректемелік минералогияға жіктеуге болады. Бұлардың алғашқысы тау жыныстары мен рудалардағы минералдарды анықтау және оларды жүйелеу мәселелерімен айналысса, екіншісі минералдардың химиялық құрамын, құрылыс ерекшеліктерін, олардың жаратылысын және табиғи нысандарда таралуын, тау жыныстары мен рудалар құрамына кіру пішіндерін, минералдарды адам және қоғам өмірінде пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді. Минералдар дегеніміз физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген, яғни физикалық молекулалар құрайтын, жер қойнауларындағы химиялық әрекет өнімдері. Табиғи минералдар екі топқа бөлінеді, олар органикалық және бейорганикалық минералдар.
Минералдарды әдетте он бір топқа, немесе сыныпқа бөледі. Құрамына жеті-ақ элемент кіретін таза элементтер тобы 1-ші сынып және 1900- ден астам минералдарды біріктіретін силикаттардан 11-ші сынып басқа бұл сыныптарға кіретіндер: 2 - сульфидтер; 3 - галоидтар галогенидтер; 4 - тотықтар мен гидрототықтар; 5 - карбонаттар; 6 - сульфаттар; 7 - хроматтар; 8 - вольфраматтар мен молибдаттар; 9 - фосфаттар. Минералдардың қаттылығы - негізінен минералдың кристалдық тор ерекшеліктеріне тікелей байланысты бола отырып, олардың өздерінен қаттырақ денелер тарапынан тигізілген механикалық әсерге қарсылық көрсету қабілеті. Минерал қаттылығы әдетте сызат түсіру қаттылығы, енгізу 12 қаттылығы және тегістеу қаттылығы болып үш түрге бөлінеді. Моос шкаласы 10 минералдардан тұрады, бұлар өздерінің сызат түсіру қаттылығының көрсеткыштері бірте-бірте тізбек құрай отырып, минералардың салыстырмалы қаттылығын анықтауда байырғы төлнұсқа рөлін атқарады. Аталған тізбектегі минералдар реті төмендегідей: 1) тальк, 2) гипс; 3) кальцит; 4) флюорит; 5) апатит; 6) ортоклаз; 7) кварц; 8) топаз; 9) корунд; 10) алмас. Зерттелмек минералдың бір мен он сандарының аралығындағы бүтін санмен белгіленетін салыстармалы қаттылығын анықтау үшін жоғарыда келтірілген минералдардың қайсысы оған сызат түсіре алатындығын және зерттелмек минералдың өзі қандай төлнұсқаны сыза алатындығын анықтайды. Зерттелмек минералдың қаттылығы осы екі көрсеткіштің аралығына сәйкес келетін санмен анықталады. Минералдың жымдастығы - минерал кристалдардың айқын немесе жасырын жақтарына бойлас бағытта басқа бағыттарға қарағанда әлдеқайда жеңілірек даралану қабілеті. Жымдастығы өте анық минералдар әдетте, жұп-жұқа жарғақтарға яки парақтарға оп-оңай дараланады (тальк, слюдалар, хлорит); анық жымдастық минералды ұрып қалғанда олардың дұрыс мүсінді, байырғы кристалдарға ұқсайтын шағын- шағын бөлшектерге біршама оңай даралану қабілетімен анықталады (кальцит, гленит); орташа жымдастыққа иелік ететін минералдарды ұрғылып уатқанда олар бір жақ жазықтығы біршама тегіс, ал қалған жақтары кедір-бұдыр бөлшектерге дараланатын болады (пироксендер, рутил); жымдастығы нашар минералдардың бүкіл омырылып (излом) беттері кедір-бұдыр, ал өте нашар жымдасқан минералдардың мұндай сипаты түрпілі яки тікенекті болып келеді. Минерал түсі - минералдарды анықтау және сипатау барысында қолданылатын, олардың өте маңызды қасиеттерінің бірі.
Минералдардың түсі төрт түрлі жағдайда анықталады, олар - минерал үлгісінің түсі, минерал ұнтағының түсі, минералдың тастілімдегі түсі және минерал кристалдарының шағылысқан жарықтағы түсі. 13 Минералдың жұқпатүсі - минералды бисквитке жұғыстыру нәтижесінде алынатын сол минералдың ұнтағына тән түс ерекшелігі. Жұқпатүс реңі сол минерал кесегіне тән реңге сәйкес келмеу мысалдары кездесіп қалып отырады. Мәселен, гематит минералы әдетте сұрғылт-қара түске боялған, ал оның жұқпатүсі шиедей қызыл, немесе ашық сары пирит минералынын жұқпатүсі қара-қошқыл. Қаттылығы 6-дан төмен минералдар ғана бисквит бетінде жұқпатүс қалдыратындығын ескерген жөн. Минералдың жалтырлығы - минерал кристалдарының жарық сәулесін сындыру қабілетімен сипатталатын физикалық қасиеті. Рудалық минералдардың көпшілігі біршама күшті жалтырлықпен сипатталады, мұндай жалтырлықты металдық жалтырлық деп атайды. Бейрудалық - бейметалдық: алмасша жалтылдайды ( алмас, киноварь, күкірт), шыныша жалтылдайды (мөлдір минералдар), құбыла жалтылдайды (слюдалар, тальк), жібекше жалтылдайды (гипс, талшық), қонды жалтырлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кристалдық тор құрылымы. Тау жыныстарының жіктелуі. Тау жыныстарының текстуралық ерекшеліктері. Тау жыныстарының құрылымдық ерекшеліктері
Магмалық тау жыныстары
Жер қыртысын құраушы минералдық заттар
Метаморфтық тау жыныстары
Тау жыныстары
Тау жыныстары туралы
Тау жыныстарының жіктелуі
Тау жынысының құрылымы мен түзілімі
Минерал ұғымының тарихы
Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
Пәндер