Терроризм және экстремизм



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

8702 621 52 33

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік
пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Терроризм және экстремизм

Орындаған: Бердаулетова А.Б.
Тексерген: Сулейменова Г.Б.
Тобы: 07305
Мамандығы: халықаралық қатынастар

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Халықаралық терроризм және экстремизм
1.1 Діни экстремизм мен терроризм ұғымы және саяси, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Халықаралық терроризм және экстремизм, онымен күрес жолдары ... ... ...8
1.3 Экстремистік, террористік ағымдардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. Халықаралық терроризм ұғымы
2.1 Саяси терроризмнің идеологиялық негіздерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Ислам және исламдық экстремистер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Тақырып көкейкестілігі. Дүниеде қатып-семіп қалған ештеңе жоқ. Уақыт та бір орнында тұрмайды. Халықаралық қатынастарда болып жататын өзгерістер де - осыған дәлел. Карл Ясперстің: қауіпсіздігін жоғалтқан адам замана бейнесін білдіреді дегеніндей, бүгінде адамзат қауымы осындай күй кешіп отырған сыңайлы. Бірақ ғаламдық, өмірлік және ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатер азаюдың орнына жаңа сапа мен өзгеше ауқымға ұласып барады. Қауіпсізідік мәселесі бүгінде әртүрлі түсіндіріледі. Біз соның батыстық немесе тек шығыстық нұсқасын ғана емес, мүмкіндігінше жан-жақты қарастырып, қалыс пікірлеуге тырыстық. Өйткені, кез-келген мәселені бір жақты тереңдей зерттеген сайын ол оның бір қыры, сыңар жағы екенін естен шығарып алу әбден мүмкін.
Қарама-қарсы екі жүйенің бірі - социалистік лагер, КСРО мемлекетінің ыдырауымен келмеске кеткенімен әлемде ірілі-ұсақты жанжалдар мен ыстық нүктелер көбейіп барады. Жұмыстың көкейкестілігі оның әлемдік қауіпсіздікті түгел қамтуы немесе қамтымауында емес, бәлкім Орталық Азияға жақын, қатері мейлінше қауіпті аймақтық қақтығыстар мен шекара білмейтін халықаралық терроризм және экстремизм, сондай-ай аймақ тұрақсыздығына мүдделі әлемдік есірткі саудасы мен нашақорлық мәселесінде болып отыр.
Қазақта ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген нақыл бар. Сондықтан қауіп-қатердің пайда болу себептеріне көбірек мән беріп, оның өзімен емес себептерімен күрескенде ғана қауіптің алды алынады деген принципті ұстандық.
Тарих қайталанады, сондықтан біз бүгінгі қателіктерді келешекте болдырмауға, өткеннің қателіктерінен бүгін сабақ алуға тиіспіз. Азия мен Еуропаның бірқатар елдерінде, сондай-ақ араб елдерінің өткені мен бүгінгі тарихында осыған мысал боларлық оқиғалар жеткілікті. Осындай көкейкесті мәселелер дипломдық тақырыбымыздың теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсері анық.
Елбасымыз Н. Назарбаев терроризм ұғымына былайша түсінік береді: Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қарабасының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие. Шынында да, терроризм қарама-қайшылық пен қақтығыс ретінде идеологиялық текетірестіктен гөрі, нақтылы іс-әрекет болып табылатын әскери іс-қимылдарға жақындау. Сондықтан тез өршіп, тез таралады. Бүгінгі жаһандану заманында терроризмге жаңаша көзқаспен қарап, зерделеу уақыт талабы болып отыр
Зерттеу мақсаты. Халықаралық терроризм ұғымы және саяси терроризмнің идеологиялық негіздері туралы түсінік беру.
Зерттеу міндеті.
халықаралық терроризм мен экстремизмнің себеп-салдарын зерттеу;
әртүрлі қауіпсіздік жүйелеріне талдау жасау арқылы Қазақстанның ондағы алар орны мен елімізге қаупі басым қатерлер, оларға қарсы күрес шараларын, алдағы уақыттағы атқарылар іс-шараларды ашып көрсету.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні ретінде аймақтық және ғаламдық қауіп-қатердің тигізер әсері мен себеп-салдары, сондай-ақ аймақ елдерінің өңірік дәрежеде алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Халықаралық терроризм және экстремизм
1.1 Діни экстремизм мен терроризм ұғымы және саяси, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы
Қазақстанның дүние жүзі қауымдастығында, халықаралық құқықтық қарым-қатынаста толық құқықты субьект ретінде танылуы, дүниежүзілік қауымдастықтың сақталуы мен одан әрі дамуы барлық мемлекеттердің бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етумен қатар, ұлт пен халықтың, адамзат қауіпсіздігін, жоғары әлеуметтік құндылықтарды қорғауда алдын - ала жаңа тәсілдерді ойластыруда.
Көп конфессиялы Қазақстан үшін экстремизмнің мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына тигізер әсері бар, ..яғни әртүрлі конфессия өкілдерін меемлекеттің ішкі қоғамдық-саяси, діни, ұлттық-этникалық өмірінде қарама-қайшылық, экстремизм идеологиясы, қақтығыстардың туындауына құрал ретінде қолдану - Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп-қатер.
Экстремизм деген терминнің өзі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енді. Экстремизм - жеке адамдардың, топтардың, ұйымдардың және сол сияқты қоғамдық қызметте ұшқыр пікірге, пәтуасыз позиция мен шытырманды шараларға бейімділігі. Экстремизм қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығаратын құбылыс ретінде анықталады. Осындай кері әрекеттерді жақтап, теріс көзқарастарды қолданғандар экстремистер болып табылады. Экстремизм бірте - бірте күш жинап террорға, ұйымдасқан бандитизге, қарақшылық қылмыс жасауға барады.
Діни экстремизм әрқашан экстремистік іс-әрекеттің басқа түрлерімен тығыз арақатынаста болады - саяси, ұлтшылдық - әр түрлі саяси күштердің нақты мақсаттарына жету барысында идеологиялық және ұйымдастырушылық көмек ретінде. Экстремистік іс-әрекеттің формалары бойынша шектеу - саяси, ұлтшылдық, діни-шартты болып келеді, өйткені олар іс жүзінде нақты түрінде сирек кездеседі. Діни экстремизм ұғымы діннің негізгі қағидаларынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардың және халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс шектеу дегенді білдіреді. Орталық Азия, соның ішінде Қырғызстан мен Өзбекстанда соңғы жылдары экстремизм қауіп-қатері ушығып тұр.
2005 жылғы 26 ақпанда қабылданған экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңының І - бабының І - тармағы бойынша экстремистік іс-әрекеттер ұйымдастыру - экстремистік іс - әрекеттерге басшылық ету, экстремизмді қаржыландыру, экстремистік мақсатта адамдарды тарту, құралдар мен қару жасау және алу, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерінің экстремизмді жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған басқа да іс-әрекеттері қарастырылған. Ал осы заңның І - бабының 5 - тармағында экстремизм - жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдардың атынан іс - әрекеттер ұйымдастыру және (немесе) оны жасау деп танылған. ҚР ҚҚ Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деген 14 - тарауының 337-1 бабы бойынша қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру сотталған адамға 1 жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзгенің табысының мөлшерінде айыппұл салынады, не бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, не 6 айға дейінгі мерзімге қамауға алу, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы заңның 6 - бабында мемлекеттік органдардың экстремизмнің алдын - алу саласындағы құзіреті қарастырылған.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысында Таблиғи Джамаат астыртын құпия 5 адамнан тұратын ұя құрған радикалды қозғалыстың үгіт-насихат жүргізуі тіркелген, сонымен қатар ОҚО-да Хизб-ут-Тахрир, Аль-Ислами ұйымының жұмыс жүргізу белсенділігі байқалып отыр. Мұндағы жедел іздестіру шараларының нәтижесінде радикалды бағытта оқытатын, шетел мемлекетінен қаржыландырылатын діни ұйымның басшысы ұсталып, әкімшілік заң бойынша мемлекеттен аластатылған.
Экстремизм - бұл соңғы көзқарас бойынша шара қолдануға бейімділік. Қоғамды нормаларға түбегейлі қайшы, шектен шығатын, саясатты, дінді бұрмалауға негізделген, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан саясаттың тұрақсыздығынан, экономикалқ салдардан туындайтын идеологиялық құбылыс. Экстремизмнің қандай түрі болмасын, насихат жүргізу арқылы мақсат-мүддесін жетуге, өте астарды саясат жүргізуге бағытталған. Экстремизм - бұл қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы, кімет бидігінің беделіне нұқсан келтіру немесе құлдыратуға, күйретуге бағытталған. Сонымен қатар, діни-саяси идеология жүргізу арқылы қоғамдағы қарым-қатынасты ыдыратып, ұлттық қауіпсіздікке, конституциялық құрылымға бағытталған қылмыстық әрекет.
Экстремизм халықаралық және ұлттық, мемлекеттің құрылымына, саясатына, қоғамға, әлеуметтік топтарға тікелей немесе жанама ықпал жасау арқылы қандай да бір экстремистік әрекетке шақырады.
Экстремизм әртүрлі, ал оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар: біріншісі өкімет билігін құлдыратуға, күйретуге (халифат орнатуға) бағытталған. Екіншісі - қоғамға өте қауіпті күрделі идеология жүргізу, халыққа діни, психологиялық ықпал жасау арқылы ыдырату нмнмсе өзге де зардаптардаң туындауын қаупін туғызатын өзге де іс-әрекеттер.
Терроризм қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Терроризм қазір ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда, терроризм әртүрлі мемлекеттер, топтар арасындағы келіспеушілікті шешу үшін қорқыту және қырып-жоюдың құралына айналып отыр. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Бірінші, терроризм мемлекеттік билікті күйретуге бағытталған; екіншісі - терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады.
Терроризмнің бірнеше түрлері, халықаралық құқықта белгілі 20-дан астам түрлері бар болғандықтан ғылыми-зерттеулерде оның әлеуметтік-саяси және криминалдық құбылысының дефинициясын айқындау күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша терроризм жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл мақсатқа жасаймын деп қорқыту болып табылады.
Терроризм актісі жасалғанда көптеген адамдар қаза болды. Терроризм актілерінің алдын-алу шараларын күшейту керек. Бұл әрекет арқылы терроризм қаупін азайтуға болады.
Терроризмнің ең қауіпті түрі - діни терроризм қаупі төніп тұр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез-келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге құқылы. Қазіргі уақытта көптеген секталар жұмыс істеуде. Олардың нанымдары бойынша тек солардың ғана діндеріне сену керек. Дінге сенбейтіндер күнахарлар болыпта есептеледі де, олар адамдарды дінге сендіру үшін терроризмге жүгінуі мүмкін. Олар басқа діни мекемелерге жарылыс қою, өрт қою және тағы да басқа әрекеттер жасайды, тіпті діни фанаттар өздерін өлімге қиюы мүмкін.
Діни террорризм қаупін төмендету үшін орта білім беретін мекемелерде дұрыс дінді уағыздайтын кітаптарды оқыту керек, себебі дінді дұрыс білмейтін балалар діни секталарға қосылып кетуі мүмкін. Құқық қорғау органдарында осы діни секталардың және діни мекемелердің қызметін тексеру үшін іс-шараларды күшейту керек.
Қауіпті тию үшін ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара күштерін нығайтуды көздейді.
Терроризммен күрестің қиындығына келсек, ол терроризм жөнінде жалпы бірдей түсінік жоқ, әр мемлекет өз қылмыстық заңы бойынша саралайды.
Терроризм ол қылмыстың заңда көрсетілген басқа да қылмыстармен байланысты. Мысалы, самолетті айдап кету, адамдарды кепілге алу, қаруды заңсыз сату, есірткі бизнесімен және тағы да басқаларымен байланысты.
Діни экстремизм құбылысының Орталық Азия және Қазақстанда орналасқан аймақтарда бой көрсетуі осы елдердің зайырлы дамуы мен бірлігіне, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырған мәселенің бірі. Сондықтан бүгінгі күні дін мәселесіне байланысты елімізде ұлттық қауіпсіздікті және мемлекеттік бірегейлікті қамтамасыз етудің басты бағыттары мен құралдарын анықтау қажеттілігі тұр.

1.2 Халықаралық терроризм және экстремизм,
онымен күрес жолдары
Соңғы үш-төрт жылда жарық көрген Орталық Азия мәселелеріне арналған зерттеулерде дәстүрлі Каспий, энерго-ресурстарын тасымалдау бағыттары, саяси түзімдерінің өзгеруімен қатар көп сөз болып отырған тақырыптардың бірі - терроризмнің өршуі және діни эктремизм мәселесі болып отыр. Осы мәселеге орай әртүрлі ғылыми іс-шаралардың көбейгендігіне қарағанда зерттеушілер мен саясаткерлер арасында терроризм мәселесі едәуір кең талқыланып отырғанын байқауға болады. Оған басты себеп ретінде АҚШ-тағы болған терактіні айта аламыз. Бұл оқиға мына мәселелерді адамзаттың айқын сезінуіне мәжбүр етеді:
1. Қазіргі дүниеде халықаралық терроризммен ешкім де сақтандырылмаған, супердержава болған АҚШ та;
2. Терроризмге қарсы күрестің аймақтық, субаймақтық және ғаламдық әдіс-тәсілдерін қарастыруға тура келіп отыр;
3. Ондай тәсілдерді табу үшін алдымен қазіргі кездегі терроризм ерекшеліктерін, пайда болу алғышарттарын және әсер етуші факторларын зерттеп білу керек;
4. Терроризммен күрес бірлесіп келіскен түрде жүргізілгенде ғана нәтижелі болмақ.
Терроризм бұрыннан бар құбылыс болғанымен, бүгінде оның мәні мен мазмұнын толық ашып берер бірегей түсініктің болмауы,онымен күресті де қиындатып отыр. Шынында да, қазірге дейін халықаралық деңгейде қабылданған бірегей тұжырым болмай отыр. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім-шартта былай делінген: терроризм - қауіпсіздікті бұзу, билік органдарының шешім қабылдауына әсер ету, халықты үрейлендіру мақсатында жасалатын, құқыққа қарсы қылмыстық әрекет. 2001 жыл 15 маусымдағы Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенсиясында: терроризм - қарулы қақтығыстар кезінде әскери іс-қимылдарға белсене қатыспаған кез келген азаматтық яки басқа да тұлғаларда өлім қаупін тудыратын немесе ауыр дене жарақатын жеткізетін және қандай да бір ұйым, сол тәрізді материалдық объектілерге зиян жеткізуші құбылыс. Іс-әрекетінде халықты қорқытып-үркіту, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу немесе билік органдарына, халықаралық ұйымдарға белгілі бір іс-әрекетті істеуге яки істемеуге мәжбүр ететін және қылмыстық кодекспен қудаланатын, Жақтардың ұлттық заңнамаларына қайшы келетін әрекет.
Орталық Азия саяси зерттеулер Агеттігінің директоры, Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі Ерлан Қариннің мәлімдеуінше: Терроризмнің мәнін бұлайша тұжырымдау оны әдеттегі қылмыстық істің қатарына апарып қояды. Бұл орайда террористік іс-әрекетің саяси түрткі себебі көрсетілмейді, соның алдарынан терроризмге қарсы күресетін мекемелер көбіне терроризм актілерін жоғарыда айтылған қылмыстық іс-әрекеттен айыра алмайды.
Ең алдымен, терроризмнің барлық түрлерінің де қоғамға жат әрекет екендігін түсініп жетуіміз керек.
Біріншіден, терроризмді ұлт-азаттық қозғалыстан ажырата білуіміз керек. Егер кепілдікке алынып немесе бейбіт халық опат болып жатса, ол әрекет әділет пен азаттық үшін болып жатса да - террористік акт деп есептеліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек. Екіншіден, ТМД, т.б. мемлекеттерде ұлттық терроризм түрлеріне қамқорлық көрсетілуде. Мәселен, Палестинаны азат ету ұлттық қозғалысы және де коммунистер кезінде солшыл террористердің саяси тұлғаларға жасаған қастандықтары мен басқа да лаңкестік әрекеттеріне қолдау көрсетілгендігі белгілі. Үшіншіден, Батыстың коммунизмге қарсы үгіт-насихаты да із-түзсіз кетпеді. КСРО-ға қарсы пиғыл, КСРО құлаған соң Ресейге бағытталды. Шешенстандағы әскери іс-қимылдарға, Орталық Азия мен басқа да әлемнің ыстық нүктелеріне содырлар даярлауда Пакистан, Ауғанстан, Судан, Иемен, Нигерия елдері ғана емес, батысеуропалық елдер де аз қолғабыс жасаған жоқ. Содан соң, бүгінде террорлық актілерге исламдық деген айдар тағылуы мен әлемнің діни негізде - христиандық және исламдық деп екіге бөлу болжамдары терроризм үрейін күшейтпесе, төмендетпей отыр. Бүгінде, болып жатқан ғаламдық қайшылықтар - мемлекеттер арасындағы дау-жанжалдар, трансұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдар арасындағы келіспеушілік, мәдениеттер мен діндер арасындағы шыдамсыздықтың өсуі, халықаралық қылмыстың өршуі және халықаралық есірткі саудасы мен ұлтаралық араздық тыйылмай терроризмнің жойылуы да екіталай.
Егер ғаламдасудың жетістіктерін дамыған елдер сол баяғыша өздері ғана пайдалана берсе, әлеуметтік дағдарыс пен үлкен ауқымдағы қарама-қайшылықтың туатындығына күмән жоқ.
Мұны біз, бүгінгі АҚШ-тың Иракқа қарсы ұстанған саясатынан айқын сезініп отырмыз. АҚШ-тың зұлымдық ошақтарын тәртіпке келтіру арқылы, мол энерго-ресурстарға бай аймақта өз ықпалын жүргізу ниетіне әлем елдерінің қарсылық танытып отырғандығы да сондықтан.
Терроризмнің басты аспектісі - күш көрсету, зорлау, қорқытып-үркіту. Террор сөзі - латынның terror - қорқыныш, үрей сөзінен шыққан. Қорқытып-үркіту, зорлық-зомбылық бір рет көрсетілуі немесе тоталитарлық, диктаторлық режимдегідей үнемі болып отыруы да мүмкін. Терроризм - саяси мақсаттағы күш көрсету болып табылады. ХІХ ғасырдағы терроризм идеологтарының (Бланки, Мост, Гейнцген, Бакунин) пайымдауынша, күш көрсетуді - адамзаттың әлеуметтік әділ қоғам құрудағы бірден-бір құралы деп түсіндірді. Егер террористік топ өздерінің ойға алған істерінің әділ және дұрыс екендігіне сенсе, онда жасап жатқан террорлық актілерін де қылмыс деп есептемейді.
Бүгінгі терроризмді анықтау үшін оның өткеніне көз жүгірту қажет. Жалпы, терроризм адамзаттың бұрыннан серігі болып келеді. Біздің эрамыздың І ғасырында-ақ иудей елінде еврей ақсүйектері мен басшыларының Рим үкіметімен байланыс жасағандарға қастандық жасауды мақсат еткен Сикарилер сектасы (сика - қанжар) болған еді. Орта ғасырлардағы мұсылман ассошафиндер сектасы халифтер мен саяси басшыларға қастандық жасап отырған. Ондай жағдайлар Үндістан мен Қытай тарихында да кездеседі. Қазіргі күнде Иран және Ауғанстан елдерінде исламиттер сектасы әрекет етеді. 1848 жылы солшыл неміс оқымыстысы Карл Гейнцген саяси күресте кісі өлтіруге тыйым салуға болмайтынын және жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін қию адамзаттың жоғары мүддесі тұрғысынан келгенде ақтаушысы бар екендігін дәлелдеп бақты. Гейнцген белгілі дәрежеде қазіргі терроризм теориясының негізін салды деуге болады. Олар - реакциялық әскердің күші мен тәртібіне аз ғана топ залал әкелетіндей болу керек деп есептейді. Бұндай әрекетте - газ, зымыран, т.б. қырып-жою қаруларын пайдалануды теріс көрмейді. Осылайша XIX ғасырда бомба философиясы қалыптасқан болса, XXI ғасырда ол ядролық терроризмге айналғалы отыр. Бомба философиясы Бакуниннің қирату теориясында өз жалғасын тауып, одан әрі жетілдірілген болатын. Оның басты идеясы - бұзу, қирату. Бұл жолда ол - пышақ, жіп және улы заттарды қолдануды ұсынды.
Оның пайымдауынша, революционерлер зәбір көрушілердің жалыныштарына құлақ аспауы керек және олармен ешқандай да келісімге келмеуі керек дейді. Өйткені орыс жері от пен семсер арқылы тазалануға тиіс. XIX ғасырдың 70 жылдарында анархистердің іс-әрекет насихаты концепциясы өмірге келеді.Ол концепция бойынша, бұхара халықты үгіт-насихат емес, тек террорлық акт ғана билікке қарсы бағыттай алады. Бұл идеяны жалғастырушы Кропоткин анархизмді үнемі пышақ, мылтық, динамитпен және жазбаша, ауызша насихат арқылы әрекет ететін қорғаушы күш деп түсіндіреді. ХІХ ғасырдың соңына таман АҚШ пен Еуропадағы терроризмнің насихатшысы болған Иоганн Мосттың пайымдауынша варварлық жүйемен тек ғана варварлық әдіспен күресу керек дейді. Осы кезеңдерде қоғам өмірінің үлкен бір факторына айналды. Оған мысал ретінде, орыс халықшылдарын, Ирландия, Македония және Сербияның радикал-ұлтшылдарын, сондай-ақ, 30 жылдардағы Франциядағы анархистер мен Италия, Испания және АҚШ-тағы құпия қозғалыстарды келтіруімізге болады. ІІ дүниежүзілік соғысқа дейін терроризм солшылдардың құралы болса, соғыстан соң оңшылдар да оны өз мүдделеріне пайдалана бастады. Мысалы, Германия, Франция және Венгрияның ұлттық-сепаратистері мен фашистік қозғалыстары, Румынияның темір гвардиясы т.б. сол кездің террорлық актілері ретінде, 1919 жылдағы Карл Либкнехт пен Роза Люксембургтердің өлтірілуі мен 1934 жылдағы Югославия королі Александр мен Франция премьер-министрі Бартудың саяси өлімдерін айтуға болады. Бұл терактілердің астарында түрлі идеялар жатқанымен барлығы да бомба философиясы мен іс-әрекет насихаты доктриансынан қуат алған болатын. ХХ ғасырда террорлық актілер жасаудың себебі мен түрткілері айтарлықтай өзгеріске ұшырап, аясы кеңейе түсті. Егер орыс халықшылдары, біріншімарттықтар және эсерлер террорлық актті қоғам болашағы үшін өзін құрбан ету деп түсінсе, ол түсінік қызыл бригадаларда басқаша. Теракт оларда - өз идеяларының дұрыстығын дәлелдеу құралы. Большевиктік қызыл террор мен фашистік қара террор идеялары бір-біріне өте ұқсас болып, халықшылдар идеясына түбірімен тура келмейтін еді. Ал қазіргі терроризмде көбіне мақсат: билікті басып алу. Басқай да қоғам игілігі үшін әрекеттер туралы сөз айтылмайды. Терроризм ХХ ғасырда әлемік деңгейге көтерілді. Террористік мемлекет қоғамдағы заңсыздық, тоталитарлық, диктатуралық режим арқылы өз халқына ғана емес, басқа мемлекеттерге де зиянын тигізеді. Мысалы, фашистік Германия мемлекеті. 1793 жылы Француз революциясы нәтижесінде өкіметті басып алған якобиншілер диктатурасы мыңдаған адамның басын шауып, алапат террор дәуірін бастап берген болатын. Террор терминінің кең ауқымда таралуының мемлекеттік сипат алуы да осы тұстан басталады. Ал бағыт-бағдары әрқилы террористік ұйымдар мен топтардың ошақтарына айналған аймақтар ХХ ғасырдың 60 жылдарына тура келеді. Бүгінде әлемде 2 мыңнан астам террристік ұйым бар. 1968-1980 жылдардың аралығында олардың қолымен 6700-дей теракт жасалып, соның салдарынан 3668 адам өмірі қиылып, 7474 адам ауыр жарақат алған.
Ресейлік ғалымдардың зерттеулері мен шетелдік зерттеу орталықтарының мәліметтеріне қарағанда терроризм саласында жиынтық бюджет сомасы жыл сайын 5-20 миллиард долларға дейінгі мөлшерді құрайды екен1. Дүниежүзінде 2001 жылдың соңы мен 2001 жылдың 1 жартысында болған процестердің қарапайым ғана талдауы террористік белсенділіктің өсе түскенін көрсетеді. Тек қана 2002 жылдың алғашқы сегіз айында дүниежүзінде 390 теракт болған. Мұның өзі 2001 жылы тіркелгендерден оннан бір бөлігіне көп. Және сол терактілерде 4776 адам қаза тапқан.
Бүгінгі терроризм жалғыз жарым диверсанттар мен камикадзелер ғана емес, олар кең көлемді құрылымдық жүйе. Мәселен, Ауғанстан, Тәжікстан, Косово және Шешенстандағы террористік әрекеттер олардың мықты-мықты демеушілерінің бар екендігін көрсетіп отыр. Олар ыстық нүктелерге қару-жарақ жеткізу үшін де қажет. Мәселен, Югославиядағы қақтығыстарда хорват, мұсылман және албандық топтарға сырттан жылына 2 миллиард доллардың қару-жарағы мен әскери техникасы жеткізіліп отырылған. Ресей зерттеушілерінің (С. Казенов, В. Кумачев) зертеулері бойынша, терроризм бүгінде әлемнің тұрақсыздық жайлап отырған аудандарында, жаңа ғаламдық өзгерістер мен қайта қалпына келу аралығындағы өтпелі кезеңдегі елдерде өрістеп отыр. Демек, әлемдік қауіпсіздік жүйесі мен халықаралық қауымдастықтың көбесі сөгіле бастаған тұста террористік топтар мен қылмыстық әрекеттердің өршуі белгілі жағдай. Терроризмді саяси мақсатта пайдалану көбірек көрініс табуда. Ол тек тоталитарлық режимдегі елдерде ғана емес, демократиялық елдерде де байқалуда. Терроризмді исламмен байланыстыру бүгінгі күннің және бір ерекшелігі.
Неліктен терроризммен дәл осы ислам діні байланыстырылады деген сауалға біржақты жауап беру бүгінде қиын болып отыр. Терроризмнің пайда болуына себеп болатын факторлар сан-алуан. Ислам факторы соның бірі ретінде қарастырылады. Мұнайлы араб елдері әлемдік геосаясатта әліге дейін өз мүдделерін өздері қалағандай дәрежеде жүзеге асыра алмай келеді. Сондықтан ол елдер ұлттық мүдделерінің орындалуын қатаң түрде талап етіп, заңсыз әрекеттерге баруға немесе террорлық топтарға демеушілік жасауға мәжбүр болып отыр. Ислам - олардың мемлекеттік идеологиялары екендігі шындық. Ендеше оларды ислам идеологиясын террористік әрекеттерде пайдалануда деп айыптау Батыс үшін негізгі құрал болып отыр3.
Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мәлімдемелерінде жаңа мағына жамылған исламдық қауіп-қатер деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі және үздіге қайталанатын болып жүр.
Яғни қауіп-қатер тудырушы жалғыз-жарым діни фанатиктер мен экстремистер тобы емес, керісінше Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік Америка және басқа құрлықтардағы көптеген елдердің миллиардтан астам адамы тұтынатын тұтас рухани ағым дегенге саяды. Осылайша ұғымның өңі айналдырылып, жаңа сөздің астарына болжауы мейлінше қауіпті де қатерлі мағына жасырылып отыр.
Бұндай қауіп-қатердің асқынуы С.Хантингтонның өркениеттер қақтығысы концепциясын еске түсіреді. Мұның арты өте қайғылы, ауыр зардаптарға алып келуі әбден мүмкін. Оған мысал ретінде, мұсылмандарға қарсы крест жорықтары мен христиандарға қарсы жиһад соғысын айтуымызға болады.Терроризм пісіп-жетілуі үшін әлеуметтік-экономикалық негіз бар елде немесе сыртқы елдер мен трансұлттық корпорациялар мүдделерінің негізінде қалыптасады.
С.Хантингтон исламның қазіргі терроризмдегі орнын былай көрсетеді: Біріншіден, соңғы он жылдықтарда исламдық қозғалыстардың діни бағытының жаңадан жарылыс беруі мен әлем мұсылмандарының бірігу идеясы. Екіншіден, мұсылман әлемінде, әсіресе араб елдерінде Батыстық мәдениетке, билігі мен байлығына жаулықпен қарау күшейіп отыр. Бұған себеп, бір жағынан Батыстың көп жылдар бойы мұсылман елдерін отарлап келгендігі. Үшіншіден, мүсылман әлемінің құрамында әртүрлі ұлт, әртүрлі саясат пен мәдениеттегі елдер болғандықтан, олардың арасында өзара дау-жанжалдар көбейіп отыр. Төртіншіден, мұсылмандардың саны көбейген сайын олардың әртүрлі бағыттағы топтары да көбейе түсуде.
Батыс өркениетіне қарсы исламдық жауап ретіндегі әрекеттер жайлы түрлі пікірлер айтылуда. Мысалы, Қырғызстанның Ислам орталығының төрағасы С.Камулиддин Көптеген адам өліміне алып келген 11 қыркүйектегі теракт, АҚШ-тың ислам елдеріне қарсы саясатына жауап деп түсіндіреді. Ресейлік зерттеуші Е.Ихлов былай дейді: Исламдық тоталитарлық радикализмнің туындауы - бұл мұсылман әлемінің жаңалануға қарсы реакциясы. Әрбір ел, әрбір мәдениет тарихында жаңару мен жаһандануға қарсылық көрсеткен. Мәселен, Ресейде еврей үстемдігіне қарсы қаражүздіктер, сосын - большевиктер. 1914 жылғы Батыс Еуропадағы ұлттық мүдде үстемдігі, Италия мен Испанияда - фашизм, Германиядағы - ұлтшылдық қозғалысы. Латын Америкасындағы 1960-1970 жылдардағы сұрапыл төңкерістер мен Ирандағы Аль-Хомеинидің ислам төңкерісі осыларға мысал.
Бұлардың барлығы да кедейшілікке қарсы күрес емес, Батыстық либералдық идеялардың үстемдігіне қарсы күрес еді. Алайда, террористік және экстремистік топтардың көпшілігінің ислам әлемі елдерінен шығып отырғандығы да жасырын емес. Егер фундаментализмнің әрбір дінге тән екендігін ескерсек, онда қоғамға қарсы құбылыс ретінде фундаментализмнің қатері, оның қандай конфессияға жататынына қарамастан, кез келген қоғам үшін қауіпті екенін сезінуге тиіспіз. Террористік актілердің астарынан идеологиялық себеп іздейтіндігімізден исламды не мақтап не біржақты даттап жатамыз. Ал, шынтуайтына келгенде терроризм жеке алғанда өз алдына идеология болып табылады. Ислам - ежелден рахымдылық, мейірімділік және әділдік діні. Каф сүресінің 29 аятында дін еркіндігі туралы айтылып, дінге күшпен енгізу ауыр күнә екендігі айтылған. Ислам - еркіндік пен бейбітшілік діні. Ислам бойынша нахақтан адам өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен пара-пар. Ислам діні дүниеге ғылым-біліммен тараған. Күшпен орнатылған құрылым, заманы өтісімен қалып қояды. Ислам күшпен, зорлықпен тараған дін болса, осы күнде оны ұстанатындардың саны миллиардтан аспас еді. Ислам дінінде басқа діндегілерге тіл тигізуге рұхсат жоқ. Олай болса, қару ұстап басқаларды өлтіру одан да ауыр күнә. Және де исламда мұсылман балаларын өзге діндегі ұстаздарға беріп оқыту теріс емес. Өйткені, руханиаттың, діннің ешқайсысы да адамзатқа жат емес. Терроризмнің түп-тамыры белгілі бір дінде жатыр деген пікірдің ешқандай сын көтермейтіндігіне қарапайым дәлел терроризм белгілі бір идеологияны пайдалана алатын құрал болып табылады. Бұлай болмаған жағдайда біз террористік бейімділігі жағынан тек исламды ғана емес, католицизмді де айыптауға тиіспіз. Мысалыға алғанда, Солтүстік Ирландиядағы жіктеудің бір ұшығы дінмен астасып жатыр.
Діни фактор - терроризмнің бір ғана қыры. Террористер іс-әрекеттерін тек бір формада жасап қоймайтыны белгілі. Жағдайға қарай, мақсатына, қолданған қаруларына қарай түрлі іс-әрекеттерге барады. Жалпы, ғылыми зерттеулерде олар ұқсастықтарына қарай топталып, жіктеледі. В.Торукало мен А.Бородиннің зерттеулері бойынша ол былай классификацияланады:
1. Халықаралық және ішкі(мемлекеттік).
2. Мемлекеттік емес (барлық бағыттағы ұйымдар мен топтар) және мемлекеттік.
3. Мақсат-бағытына қарай саяси, діни және ұлттық.деп бөлінеді.
4. Терактіні қандай жолмен жасағандығына қарай бөлінеді.
Егер жаппай қырып-жою қарулары террористердің қолдарына түссе, ең үлкен қауіп сол болады.Оған немқұрайлы қарауға да болмайды.
Және де авторлар терроризмнің мынадай түрлерін де атайды: халықаралық, мемлекеттік,саяси, этноұлттық, діни,идеологиялық, әскери және қылмыстық.
Терроризмнің ХХІ ғасырдағы ең басты ерекшелігі, оның халықаралық деңгейге көтерілуі. Осыған орай оның тактикасында да бірнеше ерекшкліктерді атап айтуымызға болады.:
1. Қала орталықтарын жаппай бомбалау.
2. Лақтырылатын жарылжыш заттармен зақымдау.
3. Көпшілік халықты бір мезетте жойып жіберу.
4. Көп санды адамдарды кепілдікке алу.
5. Террорлық актілердің өсуі мен жаһандануы.
Терроризм, бұрынғы игілік үшін идеясынан бүгінде айныған. Ол заңсыз есірткі, қару-жарақ және адамдарды сатумен тығыз байланысып кеткен. Бұндай әрекеттер, біріншіден терроризмге үлкен пайда алып келсе, екіншіден, террористердің ұйымдастырушысы мен демеушілері де көп ретте сол есірткі барондары мен заңсыз қару-жарақ бизнесінің иелері болып келеді.
Террористердің психологиялары да ерекше - олар өз идеяларына берік және берілген, сол жолда өліп те кетеді. Екіншіден, террористердің санасы оларды жаттықтырушылар мен рухани демеушілері тарапынан уланған. Террорист - алдымен өзі де рухани терроризмнің құрбаны болған адам. Ол бір жағынан, іс-әрекетін еріксіз түрде немесе қорыққандықтан істейді. Өйткені, көбіне террористік ұйымдарға кіру бар да шығу жоқ. Бүгінгі терроризмнің және бір ерекшеліктері:
1. Халықаралық қатынастар мен әртүрлі елдердің қоғамдық-саяси жағдайына айтарлықтай әсер ете алады.
2. Саяси стратегиялық ұйымдары мен әскери топтарының болуы.
3. Іс-әрекеттерін заңды да, заңсыз да жүзеге асыру.
4. Террористік топтар арасындағы алауыздық пен өзара бірігулері.
5. Олардың топтарының және демеушілік мүмкіндіктерінің өсуіне қарай терроризм қазір күшеюде.

1.3 Экстремистік, террористік ағымдардың түрлері
Жалпы, тарихтан әртүрлі бағыттағы бірнеше экстремистік, террористік ағымдарды білеміз:
Экономикалық экстремизм. Оның мақсаты - экономикадағы көп салалықты жою, жекеменшікті шегеру және шаруашылықты басқарудың бірегей түрін қалыптастыру. Орталықтан басқару немесе мемлекеттің экономикаға мүлдем араласпауы. Ауылдық жерде егістіктерді өртеп жіберу және насикомдардың таралуына мүмкіндіктер туғызу3.
Экологиялық. Экстремизмнің жаңа түрі. Экологияның нашарлауынан туындаған ағым. Олар завод, фабрикалардан (экологиялық зиянды) жауып тастауға және жаратылыстану ғылымдарының көптеген жетістіктеріне қарсылық білдіреді. Мұндай ағымдардың келісімінсіз әрекеттері мемлекеттің заңдылықтарын бұзуы мүмкін, қоғамдық тәртіп пен экономикаға зиян жеткізуі де болуы мүмкін жағдай.
Діни экстремизм. Бір дінді басқа діндегілерге күштеп мойындату, басқа діндерді мойындамау және теріске шығарудан көрінеді. Және де бір діннің ішнде де әртүрлі секталары бірін-бірі мойындамай өзара қарсы болуы да мүмкін. Басты белгілері - басқа діндегілермен ешқандай да келісімге келмейді. Әсіресе дінге сенбейтіндерге қарсы болып, өз діні мен бағытын көзқарасы мен дүниетанымын күштеп қабылдатады. Діни экстремизм тек дін шеңберінде ғана емес, саяси салада да әрекет етеді. Көбінесе зайырлы конституциялық мемлекетті құлатуды, оның саяси жүйесін өзгертуді, сөйтіп діни теократиялық мемлекет құруды мақсат етеді. Ондай мемлекет заң актілері мен сот құрылымдарын шариғат заңдарына сәйкестендіріп құрады. Бұл бағыт өте тез тарайтын ағымға да жатады. Мәселен, 1990 жылдардағы 56 белгілі террористік ұйымның жартысына жуығы діни негізде құрылған. Олардың жаулары - кім солардың діни конфессиялары мен секталарына мүше болса - сол.
Бүгінгі күндегі діни экстремистік ұйымдарға мысалы: Ал-Каеда, Хамас, Хезболлах, Жамиат ул-Улема и-Ислам, Хиб ут-Тахрир, Солтүстік Ирландияның протестанттық Ультра ұйымы, Украинадағы Ақ туыстар ұйымы, американдық ку-клус-кландық Халықтық әскер және жапондық Аум Синрике т.б. жатады. Сондай-ақ 1979 жылы Египетте құрылған Ал-Гамаа ал-Исламиа ұйымы, Египеттің Ал-жиһад ұйымы, 1993 жылы қазан айында түзілген Харакат ул-Ансар ұйымы (Кашмир), Бангладеш еліндегі Жиһад, Ауғанстандағы Кеңес және реформа, Пакистандық Талибандар мен Сауд Аравиясындағы Уаһһабизм. Исламдық фундаментализмніің пайда болуы ІІ дүниежүзілік соғыс қарсаңында, алғаш рет Египетте этикалық ілім ретінде қалыптасты. Үлкен ұйымдардың бірі Мұсылман туыстар 1828 жылы құрылған. 1980 жылдардың өзінде бүкіл әлемге белгілі төрт ұйым бар еді:
1. АҚШ-тағы Жамиат ул-Фукра, 1980 жылы құрылған.
2. Ливандағы Хезболлах, 1982 жылы құрылған.
3. Палестинадағы Хамас, 1987 жылы құрылған.
4. Сауд Аравиясындағы Ал-Каеда, 1988 жылы құрылған.
Алдыңғы екі ұйым соғысу мен қиратуды мақсат тұтса, соңғылары оңшыл радикалды ұйымдар болып, саясатқа ұмтылады. Фундаментализм идеясы - Жан Кальвинге тиісті. Оның ілімі бойынша адамадар екіге бөлінеді: таңдаулылар және лағнеттенгендер. Таңдаулыларға - жұмақ, лағнетке ұшырағандарға - тозақ оты жазылған.
Тозақтан құтылудың жалғыз жолы - дейді Кальвин - таза сенімді ұстануға және уағыздауға барынша күш салу. Қалған өмірлік рахаттардың барлығын Тәңірінің өзі береді1. Францияда пайда болған Кальвинизм, кейінне АҚШ-қа өтеді.
АҚШ-та Евенгалия шіркеуінде 1919 жылы Кальвинистер, Пресвитериандар, баптистер және методикалық пасторлардың Бүкіләлемдік Христиандық Фундаменталистік Ассоцияциясы түзілген еді. Ал ХХ ғасырдың 20 жылдарында Дарвин іліміне қарсы (маймылдан адамға айналу принципіне) Негіздер (фундамент) деген еңбектер жазылып, бұл атау беки түседі. Кейіннен Батыс зерттеушілері бұл терминді ислам, иудей т.б. діндерге қатысты қолдана бастады. Фундаментализм - діннің таза қалпына қайту, негізгі қағидаларына оралу дегенді ғана білдіреді. Бүгінде ислам дініндегі фундаменталистерді - салафиндер деп жүр. Ол ас - салафиа - ата-баба жолы деген сөзді білдіреді. Ал исламдық деп ат тағу, дінге қатысты қоғамдық пікірден гөрі, саяси мүддені көздейтін пиғылға жақындау. Қазіргі күнде тек араб елдерінің өздерінде 145 исламдық діни-саяси ұйымдар фундаменталистік бағыт ұстанған. Олардың басты мақсаттары - Шариғат қағидаларына сүйенген діни мемлекет пен қоғам құру. Мұндай тенденциялар ХХ ғасырдың 60 жыдарында-ақ байқала бастаған болатын.
Бірақ, өкінішке қарай, діни фундаментализмді жақтаушылардың күнделікті өмірде дінді шашау шығармастан сақтау керек деген талапты үзілді-кесілді императив деңгейіне көтерулері, сөйтіп оны азаматтық қоғамының барлық қабаттарына таратуды талап етулері, әрине саяси плюрализм принциптерін қанағатандырмайды. Бұған қоса, өкініштісі, фундаменталистер деп аталатындар өздері ұстанатын бағдарларын мейлінше қаталдықпен, кейде мақсаттарына жету үшін агрессиялық жолмен жүзеге асырады немесе жүзеге асырғылары келеді.
Діни экстремистердің белең алуына сонау Суық соғыс жылдарында Алжир, Тунис, Иордания, Египет, Израиль т.б. мемлекеттерінде Кеңес идеологиясынан немесе Батыс модернизациясынан қорғану мақсатында діни ұйымдарға қолдау көрсетіліп, қоғамдағы рөлін көтеріп жіберу себеп болды. Енді, солардың кері тебуі көрініс беріп отыр. Мысалы, Израиль үкіметі Арафат билігін төмендету мақсатында Хамас тобын қолдаған болса, АҚШ үкіметі КСРО-ға қарсы соғысушы моджаһедтерге жан-жақты көмегін аяған жоқ.
Уақыт өте келе діни ұйымдар мемлекет деңгейінен шығып, халықаралық дәрежеде көріне бастады. 1998 жылы ақпанда Еврейлер мен крестшілерге қарсы соғыстың халықаралық ислам майданы түзіліп, онда Усама бен-Ладен Батысқа, әсіресе АҚШ-қа қарсы жиһад жариялап, фетва шығарған болатын.
Фундаментализм өз болмысында қорғану да шабуыл да болуы мүмкін. Осының шабуыл түрі бүгінде жиһад ретінде көрініс беріп отыр. Ол ежелден бар нәрсе. Негізінен мұсылман еместермен соғысты білдіреді. Бірақ мұсылмандар кітап түсірілген үш діннің бірі ретінде христиан дінін мойындайды. Ал енді, террорист-фанаттар дінді таратудан гөрі Америкаға қастандық жасауға көбірек көңіл бөледі. Бұл пиғыл діни ойдан емес мәдени- өркениеттік, психологиялық және геосаяси жағынан туындап отыр.
Бір жағынан батыс зерттеушілері айтқандай, капитализм мен социализм идеялары ХХ ғасыр басында кедейшілік пен құндылықтарды әділ шешіп бере алмағандықтан да халық діннен жауап іздейтін сияқты.
Көпшілік зерттеулерді зерттей келе терроризммен экстремизмнің исламмен байланыстырылуын былайша түсіндіруге болар еді:
1. Фундаменталистерді тек қана кедейлердің байларға, колониялы елдердің империалистік державаларға қарсы соғысы деп түсінбеу керек, бұл жерде шынында да діни жағынан жандасу да бар. Өз дінін таза қалпында сақтау, бөгде элементтерден қорғау барлық дінде бар құбылыс.
2. Фундаментализм-таза діни де ағым емес. Өйткені, Құранның ешбір жерінде адамды өлтіру, зорлау, қорлауға рұқсат етілмеген. Қазіргі діни экстремистер аяттың тек жекелеген бөліктерін алып, өз ойларының жүзеге асуына пайдаланып жүр. Құранда христиандарға және басқа сенімдерге қарсы бір ауыз сөз жоқ.
3. Фундаментализмде Ал-Ислам хуа ал-хал деген ұғым бар, ол Сенің таңдауың - ислам дегенді білдіреді. Бұны басқа діндегілерге қарсы қозғалыс емес, мұсылман елі ішіндегі дін арқылы елді біріктіру, қоғамдағы зиянды әрекеттердің алдын алу деп түсіну керек.
4. Исламдық жаңғыруға әсер еткен нәрсе жаңа мың жыдықтағы ғаламдасу болып отыр. Оның көш басында Құрама Штаттары болғандықтан мұсылман елдері үшін бұл америкаландыру болып сезіледі.
Әрине, КСРО ыдыраған соң АҚШ әлемдегі жалғыз супердержава болып қалды. Және де американдық құндылықтар мен трансұлттық компаниялары әлемнің барлық нүктелеріне тамыр жайып үлгерді. Осыған қарсы фундаменталистер АҚШ-тың үрейін алу мақсатында және Вашингтонның ислам әлеміне шүйлігуін күшейту арқылы бүкіл мұсылмандарды Америкаға қарсы қоюға тырысады. 2001 жыл 11 қыркүйектегі жарылыстың астарынан осындай ой іздейтіндер де бар1. Осы жерде Батыстың ислам елдеріне қарсы көзқарасын оятуда мемлекеттік саясат пен БАҚ-тың рөлі көбіне жасырын қалатынын айтпай болмайды. Кез келген мемекеттік саясаттың алғы шебінде ақпарат арқылы тарайтын идеология жүретіні рас. Елбасымыздың БАҚ-қа берген сұхбатында: Қарасаңыздаршы, американдық бұқаралық ақпарат құралдарының Ауғанстандағы соғыс кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Экстремиз және терроризм
Саяси экстремизм және терроризм идеологиясы
Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
Экстремизм және терроризм: түрлері, айырмашылығы
Діни экстремизм мен террроризм ұғымы және саяи, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы
Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
«Хизб- ут-Тахри Аль-Ислами» -діни экстремистік ұйым болып қалыптасуы
Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Терроризм жайында
Пәндер