Тіл үйретудің әдіс тәсілдері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Бекітемін:_______________
Бөлім меңгерушісі: ____________
А.У.Кидришева Пәні: Тіл дамыту әдістемесі

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Тіл үйретудің әдіс тәсілдері

Орындаған: Альмуханова О.А.
сырттай оқу бөлімінің 3а КДО студенті
Тексерген: Утегалиева Т

Орал 2012 ж
Жоспар

Кіріспе

1. Балалар тілін дамыту әдістемесі
2. Тіл үйретудің әдіс тәсілдері
3. Интерактивтік әдіс

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқытудан Біз мектепке барамыз, Зерек бала бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 2 сәбилер, ортаңғы және ересектер топтарына арналған перспективтік жоспар құрастырылды.
Заман өзгерген сайын әдіс - тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын артырады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын - оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл үйрету барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
1. Балалар тілін дамыту әдістемесі

1 жастағы балаларда ең алдымен жүру дағдысы жетілдіріледі. өз бетімен жүре алатын болған соң, бала 1 жылының алғашқы 3-4 айында сергек кездерін қозғалыстарда өткізеді; қолдарына әлде бір заттарды ұстаған күйінде көп жүреді. өмірлерінің бірінші жылдары әр түрлі заттармен жасап үйренген әрекеттер енді үйлесімдірек бола түседі тілі де дами бастайды. Олар көрсетілген қимылдарға адам сөзіне бар нәрсеге оңай еліктей бастайды.
Заттармен іс-әрекет өмірінің 1 жылында баланың айналысатын негізгі әрекеттеріне айналады. Үлкендердің көрсетіп, сөйлеп үйретуінің нәтижесінде оның бұл әрекеттерді күрделене түседі. Осы әрекет барысында ол заттардың қасиетімен сөздердің мәнісімен таныса бастайды және ұғына бастайды. Қоршаған ортаға аса ықылас қоя қарап адамдарға назар аударып олардың сөздеріне, бет әлпетінің өзгерісіне сөйлеген кезде соның бәріне назар аударып еліктей бастайды.
Баланың ақыл-ойы мен тілінің жетілуі үшін зор мәні бар сенсорлық қасиеттері тез даму үстінде болады. Іс-әрекет жасау процесінде қоршаған орта әсерін қабылдау қабілеті жетіледі. Бала заттардың белгілері бойынша - түсіне, формасына, көлеміне қарай оларды ажырата білетін болады: салыстырп, ұқсастықтарын аңғарып түсіне бастайды. Алдымен үлгі бойынша содан кейін ересектердің сөзі бойынша ұғып ол 2 -3 түрлі түсті шариктің ішінен қажетті түсі бар шарикті немесе үлкендігі әртүрлі 2-3 қуыршақтың ішінен ең кішкенесін таңдап ала алады.
1-жылдың басында бала назары еріктен тыс болады, бір заттан бір затқа ауа береді. Бірақ жасы өскен сайын белгілі бір тәрбиелік арқылы оның назарын тұрақтандырып, ойын жинақтауға үйретуге болады.
Іс-әрекет процесінде балалардың әр нәрсені әр сөзді жадына сақтау қабілеті де дамиды. Олар заттарды танып қана қоймайды, сонымен бірге дәл сол мезетте жоқ заттар мен құбылыстарды әсіресе бұрын өздерін қатты қызықтырған немесе қатты әсер еткен нәрселерді еске алады. Бұл еске алуларға алдымен әлде қандай көрнекті жағдайлар себеп болады. Мысалы, үйге кірген дәрігерді көріп, бала кеше анализ үшін қан алған саусағын көрсетіп былдырлайды немесе тұтқасы сынған чашканы көрсетіп; Папа ұрған немесе сындырған деп былдырлайды.
Кейінірек олар сөздер арқылы да осы нәрсені еске алатын болады. Мысалы, балаға : Әжеңе барамыз-, десе ол әжесінің үйінде ойнаған ойыншық аюды немесе тағы басқа нәрселерді есіне алып қуанады. Бала өзінің қуыршағын қайда қойылатындығын, ыдысы қай жерде ұсталатынын, қалай аталатынын есінде ұстайды.
Әсіресе сөйлеу қабілетінің дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала өмірінің екінші жылы оның тілінің қалыптасып, тез даму кезеңі болып табылады, мұның ой-өрісінің жетілуі үшін зор маңызы бар.
Баланың сөйлеу қабілетінің 2 жылында дамуы екі кезеңге бөліне өтеді: біріншісі - 1 жастан 1 жас 5-6 айға дейін, бұл кезеңде негізінен тілді түсіну қабілеті дамиды, екіншісі - 1 жас 5-6 айдан 2 жасқа дейін, бұл сөз қорының тез молайып, активті тілді пайдалану кезеңі.

2. Тіл үйретудің әдіс тәсілдері

Тіл үйренуде ең басты міндет - оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. сол әдістерді ұсынып отырмын.
Түсіндіру әдіс - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім
Пәндер