Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық - санитарлық қадағалау жайлы



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық - санитарлық қадағалау бұл мемлекеттік және мал дәрігерлігінің мекемелерімен ұйымдары жүзеге асыратын ветеринарлық - санитарлық шаралардың кешені.
Көліктегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып жануарлар, соның ішінде құстар, балықтар сонымен қатар тасымалдауға ұсынылған ет пен ет өнімдері және жануар тектес шикізаттар, тасымалдауға қолданылатын көлік құралдары (вагондар, кемелер, баржалар, автокөліктер, ұшақтар) және де жүкті тиеу - түсіру алаңдары, құрал - жабдықтар, суару құбырлары және жануарлар мен жануар тектес шикізаттарды қысқа мерзімді ұстау орындары саналады.
Малды және мал шаруашылығындағы малдардан өндірілетін өнімдерін тиегенде, тасымалдағанда, түсіргенде және тасымалдау алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізу барысында қаралған тиісті ветеринарлық - санитарлық ережелердің орындалуын бақылап отыру жұмысын тікелей көліктегі және шекарадағы ветеринарлық бақылау пункттері, ветеринарлық бақылау күзеттері іске асырады.
Темір жол көлігі мен су жолы көлігіндегі, теңіз және өзен порттарындағы, халықаралық қатынастағы автомобильдегі шекаралық ветеринарлық бақылау пункттерінде бірнеше мыңдаған ветеринар мамандарының ұжымын біздің еліміздің аумағын шет елден енетін жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының таралуынан қорғауға жұмылдырылған.
Жүктерді тасымалдау кезінде жүргізілетін шаралардың тиімділігі, жануарлардың ет пен жануар тектес шикізаттардың шығарылатын жерінің эпизоотиялық сәттілігіне, тасымалдау вагондарының техникалық күйінің материалдық техникалық қамтылуына, суару пункттерінің жабдықталуына , көңді және вагондарды зарарсыздандыру технологиясының сақталуына, жолшыбай мал өлекселерін уақытылы түсіріп алуына байланысты болады.
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы субъектілердің әл-ауқаттары жақсарып, мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жаңа шаруашылық субъектілерінің қатары көбейіп келеді. Осылайша ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарының саны көбейіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелері шешіліп жатыр. Отандық мал шаруашылығы өнімдерін бәсекелестікке сәйкестендіру және сыртқы рынокқа шығару Қазақстанның негізгі стратегиялық бағыты болып табылады.
Жануарлардан алынатын өнімдерді облыс сыртына тасымалдау (орнын ауыстыру) техникалық шарттарды сақтап, арнайы жабдықталған автокөліктерде жүзеге асырылады (етті қатарлау және асып қою, температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсер ету тәртібі).
Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес температуралық режим сақталады.
Автокөлік құралымен жануарлардың етін тоңазытылған, мұздатылған немесе суыған қалпында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі (кебу қабығы пайда болып, 6 сағат бойы суытылған).
Малды, құсты тасымалдау арнаулы көліктермен немесе қарапайым жүк машиналарын осы мақсатқа арнайы жабдықталғаннан кейін жүргізіледі. Бұл үшін автокөліктер тасымалдау жағдайына байланысты жабдықталуы тиіс. Ірі қара, қой, шошқа, ешкі малдарын тасымалдайтын автокөлік қорабының қалқаны қажетті 100 - 150 биіктелуі тиіс. Жануарларды тасымалдау кезінде қолайсыз ауа - райының әсерінен (қар, ыстық, жаңбыр) қорғау үшін автокөлік қорабының үстін презентпен жауады. Автокөлік қорабының едені саңылаусыз бүтін, сондай-ақ малды жарақаттамайтын ұшты темір, шеге, ағаш сияқты нәрселердің болмауы шарт. Автокөлік қорабы таза жуылған, бұқырланған және едені төсеніштермен төселген болуы тиіс.
Балықтардың тағамдық және биологиялық құндылығы.
Балықтардың тағамдық және биологиялық құндылығы келесідей көрсеткіштермен анықталады:
Энергетикалық құндылық,ақуыздар мен басқа да компоненттердің сіңімділігі. Практика жүзінде балықтардың құндылығы бұлшық ет ұлпаларының көлемі мен және олардың құндылығымен бағаланады.Балықтардың бұлшық ет ұлпасы маңызды,жеуге жарамды компонент болып табылады.Тазаланбаған балықтарда бұлшық ет ұлпасының үлесі 50-80% құрайды.Балықтардың құндылығы олардың химиялық құрамымен байланысты болып келеді.Балық бұлшық еттері ұлпасының құрамында ақуыздар басым болып келеді.Бұлшық еттердегі белоктардың мөлшері 16-20% аралығында ауытқиды.
Балықтардың аты
Мөлшері
Карп
Бахтах
Ақ амур
Жылан балық
Көксерке
Шортан
Дөңмаңдай
Пиляр
Ескек тұмсық

17,9
21,5
18,5
16,0
18,5
17,0
17,7
18,9
20,0
9,0
2,5
4,0
26,0
0,5
0,5
7,1
1,8
4,1
1,2
1,3
1,1
0,9
1,3
1,2
1,2
1,2
1,2
9,2
9,1
9,1
8,8
9,3
9,2
9,0
9,3

1,2
3,5
3,8
3,4
3,6
3,2
3,5
3,3
1,2
0,9
1,1
0,9
1,0
0,9
1,1
0,0

Өндірістік обьектілердің сапасымен қәуіпсіздігі.
Балықтар және басқа да өндірістік обьектілер адамға қажетті құнды заттарға бай болып келеді және адамдардың тамағында маңызды орын алады. Дегенмен балықтар және басқа да гидробионттар адамдар тіршілігі үшін қауіп туғызуы мүмкін.Себеі гидробионттар судағы барлық улы заттарды өз денелеріне жинайды.Әсіресе мұндай жағдай әлемдік мұхит пен ішкі су қоймаларын өндірістік,ауыл шаруашылық және тұрмыстық қалдықтардың көп шығарылуына байланысты болып келеді.Сондықтан да гидробионт өнімдерін бағалау кезінде адамдардың тіршілігі үшін қауіпсіз жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін физикалық,химиялық,биологиялық, паразиталогиялық талдаулар жүргізу қажет.Балық және басқа да өндіріс обьектілердің ластаушылар қатарына қорғасын,мыс,сынап,мырыш,хром, пестициттер тб жатады.
Балық және басқа да өндірістік обьектілер.
Индекс
Өнімдер тобы
Көрсеткіштері
Рұқсат етілетін деңгейлер мгкг
Ескерту

1

Тірі балық,балық шикізаты салқындытылған,
Қатырылған фарш филе
Токсиндік және электрлер

Қорғасын
1,0

Мышьяк
2,0
Тунец,қылыш балық,қорытпа

1,0
Тұщы сулы

5,0
Теңіздік

Кадмии
0,2

Сынап
0,3
Тущы сулы бейбіт балықтар

0,5
Теңіздік

1,1
Тунец,қылыш балық,қорытпа

Мыс
10,0

Мырыш
40,0

Гистамин
100,0
Тунец,скумбрия,албырт,сельд

Нитрозамин

СУММА,НДМА және НДЭА
0,003

Пистицидтер

Шикізатқа бақылау фаршпен филе үшін

Гексохлор,циклогексин,изомерлер
0,2
Теңіздік

0,03
Тұщы сулы

0,2
Теңіздік

0,3
Тұщы сулы

2,0
Теңіз жануарларының еті

2,4 Д қышқыл оның тұздарымен эфирлері
Рұқсат етілмейді
Тұщы сулы

Полихлорланған бифенилдер
2,0

Радионуклиттер

Цезий 137
130
БКкг

Тірі балықтарды дайындау.
Қазіргі кездегі кәсіпорынға келіп түскен шикізаттың 90%ы қатырылған күйінде жеткізіледі тек ішкі су қоймаларынан ауланған балықтар тірі және балауса күйінде жеткізіледі.Тірі балықты жеткізушілерге көлдер,тоғандар және өзендер жатады.
Өңдеуге арналған балықтарды ұзындығы және салмағы (ірі,орташа,ұсақ) бойынша іріктейді.Тірі балықтарды қабылдау кезінде олардың денсаулығын тексеріп, паразиттің жоқтығына,қабыршақтардың жұлынбағанына көз жеткізу қажет.Балықтардан бөгде иіс шықпауы қажет.
Балықтарды тасымалдау кезінде кейбіреулері өліп қалады.Балық салынған су ластанып кетпес үшін өлген балықтарды алып суды салқындату керек.Тірі балықтардымаксимальды тасымалдауұзақтығы 3 тәулікке дейін созылады. Бұл кезде балықтардың тасымалдау заттарына тиеу және түсіру мезгілін ескеру қажет.Одан әрі тасымалдау балықтардың салмағының төмендеуіне әкеледі.
Тірі балықтарды келесідей бойынша ажыратыда:Балық қоңдылығы,қозғалғыштығы,өміршеңдігі .Осындай көрсеткіштері бойынша балықтарды 3 топқа бөледі: 1)жақсы күйдегі; 2)әлсіз; 3)өте әлсіз.Жақсы күйдегі балықтардың қабыршақтары тығыз балықтардың және қанаттарының қозғалыстығы күшті суда қалыпты күйде тұрады.Денесінің беті таза түрлі зақымданулар,паразиттер және ауру белгілері болуы қажет.Бұндай күйдегі балықтар судан шығарған кезде қатты шоршып суға түсірген кезде бірден су түбіне кетеді.
Әлсіз балықтардың дене түсі сұрғылт жүзу қанатының қозғалысы әлсіз су бетіне қалқып шығып жүргендіктен оларды қолмен ұстап алуға болады.Мұндай балықтарды бірден айналымға шығару,және өңдеуге жіберу керек.
Өте әлсіз балықтар өзінің табиғи түсінен айырылған қозғалысы толығымен бұзылған (ондай балықтар су түбінде жатады немесе бүйірімен жүзеді немесе бауыры жоғары жаққа қарай көтеріліп жүзеді).Оларды бірден аулап сатып жіберу керек.
Тірі балықтарды тасымалдау әдістері.
Тірі балықтарды автокөліктер мен темір жол,әуе және су көліктерімен тасымалдайды.Тасымалдау ыдысы ретінде ашық және тұйықталған ыдыстарды пайдаланады.
Ашық типті ыдыстарға автоцестерналар,контейнерлер,ағаш жәшіктер,вагондар,ванналар жатады.Ал жабық ыдыстарға полителенді пакеттер аузы тығыз жабылатын бетондар және т.б жатады.
Автокөліктермен тасымалдау.
Тірі балықтарды тасымалдауға арналған көліктерге автомобильді цестерна АЦЖР-3,АЦГП-2,8 пайдаланады.Бұл цестерналардағы ауа алмасу куші сағатына 10 м³ болатын компрессролар көмегімен жүзеге асырылады.Автопроцестерлардың алдыңғы бөлігінде мұз сақтауға арналған ыдыс болады.Бұл ыдыстар 100 кг-ға дейін мұз сақтауға болады.Цестерналардың артқы жақ қабатында диаметрі 250 мл болатын люк болады,осы арқылы балықтар жіберіледі.Автомобильді транспорттарда балықтарды тасымалдау кезіндегі отырғызу тығыздығы келесідей:
Карп 1 т
Оңғақ 1,5 т
Жайын 1,1т
Шортан 0,8 т
1 т су есебінен.
Тасымалдау кезіндегі су температурасы 3-4º құрайды.Балықтарды цестерналарға салар алдында суды қажетті температураға келтіреді.Жаз кезінде мұз салады.Цестерна ішіндегі суды оттегімен толтыру үшін және көмірқышқылмен хлорды жою үшін балықтарды тиемес бұрын люктің аузын ашып 10-15 минут бойы компрессормен ауа беру қажет.Балықтарды толығымен тиеп болған соң суды люктің аузына дейін (30-40 мл) толтырады. Балықтарды отырғызу тығыздығымен тасымалдау ұзақтығы су температурасымен ондағы оттегіге байланысты болады.Егер температура жоғарылап кеткен жағдайда балықтардың санын азайту қажет.

Балық шикізатын анықтау.
Балық шикізаттарын тасымалдыудың ұзақтығы мен жағдайына оның сақтауына әсер етеді.Ауланған балық өлгеннен соң іріңді микрофлораның дамуына жағдай туындайды .Бұл балықтың сапасын төмендетеді.Ауланған балықтарды өңдеу орнына тез жеткізуге мүмкін болмаған жағдайда балықтың дене температурасын төмендетуге бағытталған шаралар жүргізіледі.Шикізатты ауланған орнында ұсақ мұз түйіршіктер салынған ыдыста сақтайды.Шикізатты сақтау кезінде тікелей түсетін күн сәулесінен қорғау қажет.Шикізатты салқындатпай тасымалдау ұзақтығы балық түріне қоршаған ортаның температурасына байланысты.2 сағаттан 2 тәулікке дейін созылады.Егер де осы айтылған мерзімнен ұзақ болса онда балықтарды салқындатылған немесе тұздалған күйінде тасымалдайды.
Шикізат тасымалдау үшін альюминий,пластмасса,полиэтилен жәшіктерін пайдаланады.Шикізатты тасымалдау кезінде қоршаған ортаның температурасына байланысты мұз себеді.Балауса балықтарды өңдеу кәсіпорындарына тасымалдау кезінде мұзға антибиотиктер қосуға болады.Сонымен қатар антибиотиктерден басқа тұз қосуға болады.Тұзға ыстауға арналған балықтарды күшті тұз ерітіндісімен тұздау қажет.
Өнеркәсіпке қабылдау кезіндегі балық сапасын анықтау.Өнеркәсіпке келіп түскен әрбір балық партиясының анықтама құжатын тексереді,содан соң сапасын анықтау үшін зерттеу жүргізеді.Ыдыстағы балықты қабылдау кезінде ыдысты ашып 5% сынама алады.Алынған сынаманы тексеру және зертханалық зерттеу нәтижесімен барлық балық партиясының сапасын қорытындылайды.Балық сапасын тексеру және зерттеу кезінде келесідей көрсеткіштерге көңіл аударады.
* Ауланған балықтардың сандық қатынасына
* Партиядағы түрлі көлемдегі балықтардың қатынасына
* Балықтардың қоңдылығына
* Механикалық зақымданулардың болуына
* Қабыршақ жамылғысының тұтастығына
* Балық шырышының болуына
* Шырыш жағдайындағы мөлдірлігі
* Желбезектің түсі мен иісіне
* Көзінің жағдайына
* Ішкі құрлысының жағдайына
* Бұлшық еттің консистенциясына
Осы көрсетілген көрсеткіштерге байланысты балықтарды балауса,тұрып қалған,және бұзылған деп бөледі.
Гидробионттық өнімдерді қатырудың қазіргі жағдайы
Қатырылған өнімдер тағамдық айналымның едәуір бөлігін құрайды.Мұндай өнімдерді тұтыну орташа есеппен алғанда Еуропада адам басына 17кг Еуропаның кейбір елдерінде 31кг.Ұлыбританияда 38кг.ды құрайды.Қатырылған балық өнімдерін тұтыну деңгейінің ұлғаюы күннен күнге арта түсуде бұл өз кезегінде қатырылған балық өнімдері өндірісінің ұлғаюына себеп болды.ФАО мәліметтері бойынша 1993-1994-1995 жылдары қатырылған балық өндірісі 5082,6615 және 7199 тоннаны құрады.Осы 3 жылдағы қатырылған балық өндірісі 2117 тоннаға өскен яғни 40% шамасында жоғары деңгейде өңделген және тұтынуға дайын қатырылған өнімдер саны арта түсуде.Тұтынуға ыңғайлы қатырылған өнімдердің жаңа түрлерін өндірумен қатар олардың сапасын арттыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.
Тоңазту техналогиясының даму тарихы
Су шикізатын сақтау мақсатында салқынды пайдалану ерте кезден белгілі болған.Ол үшін табиғи қарды,мұзды суықты пайдаланған.Жасанды салқындықты пайдалану 19шы ғасырдың соңында тарай бастаған.Ең алғашқы әлемдегі ірі тоңазтқыш 1881 жылы Чикаго қаласында жасалған.Балық өнімдерінің шикізаттарының бұзылуы микробиологиялық процестің нәтижесінде жүреді.Өнімдерді салқын мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды тасымалдау шарттары
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Тірі балықтарды су жолы көлігімен тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Эндокринді шикізаттар
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Пәндер