Токсикология жайлы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
1. Токсикология пәні туралы түсінік. Токсикологияның мақсаттары.
2. Токсикологияның қысқаша даму тарихы.
3. Улы қоспалардың улылығын бағалау критерийлері.
4. Улардың жіктелуі
Токсикология /грек тілінен аударғанда toxikon-у, logos-ілім деген мағынаны білдіреді/ −улар туралы ғылым. Ветеринарлық токсикология −улы заттардың жануар организміне әсер етуін зерттейді, осымен қатар олардың жануар организміндегі айналымын, ұлпалар мен ағзаларға жиналуын, жануар өнімдерімен организмнен шығуын қарастырады.
Ветеринарлық токсикологияның мақсаты − дауалау әдістерін, алдын алу және емдеу шараларын жетілдіру, мал азығының, жануар текті өнімдердің құрамынан улы қоспаларды белгілеп, оларға ветеринарлықө санитарлық бағалау жүргізу.
Ғылым саласы ретінде токсикология химиялық уландырғыш заттардың организмнің тірі субстанциясы мен құрылыстық және функционалдық дәрежедегі қарым - қатынасын зерттейді.
Соңғы жылдарда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында химиялық заттардың кең пайдалануына орай, сыртқы қоршау жағдайын жақсартуға байланысты және азық тағамдарының экологиялық тазалығын жабдықтау шараларына байланысты ветеринарлық токсикологияның қызметтері кеңейді.
Улы қоспалардың түрлеріне байланысты токсикологияның бірнеше тарауларын жіктеуге болады: азық токсикоздары, фитотоксикоздары, микотоксикоздары, минералдық токсикоздар, зоотоксинология, химиялық және әскери қару жарық заттардың токсикоздары, полихлорирденген және пластикалық материалдармен улану және т. б.
Ветеринарлық токсикология басқа да пәндермен тығыз байланысқан − фармакологиямен, биохимиямен, клиникалық диагностикамен, ветеринарлық− санитарлық сараптау пәнімен, патологиялық анатомия және терапиямен. Қазіргі күнде ветеринарлық токсикология аналитикалық химия әдістерімен де кең пайдаланылып отыр, себебі бұл әдістер көмегімен улану жағдайына диагноз қойылады, удың организмдегі козғалысы байқалады, жануар текті өнімдердің сапасы белгіленеді. Осы әдістердің ішінде бүгін токсикологияда ең жиі қолданылатыны − физикалық−химиялық әдісі, жұқа қабатты және газ сұйықтық хроматография, ультракүлгін және атом адсорбциялық спектрометрия, ионды селективтік потенциометрия әдістері.
Ветеринарлық токсикологияның терең тарихы ежелден басталады. Токсикологияның дамуына елеулі үлестерін қосқан белгілі ежелгі ғалымдар мен зерттеушілер қатарына − Гиппократ, Диоскорид, Плиний, Авиценна, Гален, Клод Бернар т. б. жатқызуға болады. Дербес пәнретінде ветеринарлық токсикология Ш. Корневен деген француз ғалымының жұмыстары жарыққа шыққаннан кейін бөліне бастады. Ресейде ветеринарлық токсикологияның дамуына көп үлесін қосқан Ф. Т. Попов деген профессор болды. Ол Харьковтағы ветеринарлық институтының құрамында алғашқы ветеринарлық токсикология кафедрасын ашты және токсикологиялық мұражайын құрды. Н. А. Сошественский ветеринарлық токсикологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуының негізін салған ғалым. Ол бірінші әлем соғысы кезінде пайдаланған әскери уландырғыш заттардың /фосген, иприт/ жануар организміне ықпалын зерттеп, анықтамалық кітап шығарды. Жануарлардың улы өсімдіктермен улануын анықтауға көптеген жұмыстарын арнаған профессор И. А. Гусынин. Оның ″ Токсикология ядовитых растений ″/1947/ деген монографиясы төрт рет баспа бетін көріп бүгінгі күнге дейін пайдаланылып келе жатыр. Мал азығымен улану жағдайларын зерттеп, ″Кормовые отравления сельскохозяйственных животных″ деген монография жазған профессор А. М. Вильнер де дамуына өзінің көп үлесін қосты.
Улылығы бойынша химиялық заттардың жіктелуі.
Пайдалы жануарлар мен адамдарға кері әсер ететін барлық заттар химиялық құрамы мен функционалдық немесе материалдық кумуляция деңгейі, жіті немесе созылмалы уыттылық дәрежесі бойынша топтарға бөлінеді.
Улы заттардың критерийлері. Химиялық заттардың улылығы келесі критерийлермен белгіленеді: ЛД/50, ЛД/100, ПДК, МПД (Lim ac), МДУ.
ЛД/50 - бұл бірдей шартта ұсталған зертханалық жануарлардың 50 пайызын өлімге әкеп соғатын улы қоспаның мөлшері;
ЛД /100 - улы заттың 100 % жануарды өлімге әкеп соғатын мөлшері.
МЖК /ПДК/ - химиялық заттың атмосфералық ауаның 1мм3-дегі мүмкіндік жіберілетін концентрациясы;
МЖД /МДУ/ - удың максимальдық (ең жоғарғы) мүмкіндік дәрежесі, улы құбылыстарды тудырмайтын және ең сезімтал токсикологиялық тестілермен белгіленетін көрсеткіш;
МТД /МПД/ (Lim ac) - удың ең төменгі концентрациясы /дәрежесі/, алғашқы улану белгілері тудырылатын және бір немесе бірнеше сезімтал токсикологиялық тестілерімен белгіленетін.
Кумуляция деген көрсеткішті улы зат организмге ұзақ мерзім бойы түскенде белгілейді. Кумуляция функционалдық немесе материалдық болады және кумуляция коэффициенті бойынша есептеледі.
Функционалдық кумуляция коэффициенті улы затты бірнеше рет ауыз арқылы енгізгендегі ЛД/50 мөлшері мен бір рет енгізген ЛД/50 мөлшерінің ара қатысын белгілейді.
Функционалдық кумуляция бойынша уларды төрт топқа бөледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz