Отбасы психологиясындағы тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық мәселелері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін, басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазақстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [5,64-65].
Д.Горборино отбасын адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі ретінде сипаттады [6,17]. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды [3,65].
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады [1,63]. Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде толық емес отбасы деген сөз күнделікті елең еткізбейтін сөз тіркесіне айналды. Қазіргі қоғамда ер балалардың тәрбиесіне көңіл бөлініп жатқан жоқ. Неке қияр орталықтарының мәліметтеріне жүгінсек, жаға ұстататын мәліметтерге тап болады екенбіз. Некеге отырғандардың 65 пайызына жуығы көп ұзамай ажырасып кетеді екен. Мектеп оқушыларының арасында 70 пайызға жуық бала әкесіз тәрбиеленіп отырған толық емес отбасыларының ұл-қыздары.
Күнкөріс қамымен әке бір жақта, ана бір жақта - балалары бөлек өзінше өмір сүріп жатқандарың да куәсі болып жүрміз. Бала тәрбиесінен алыс, тірлігі беймәлім әкенің бала тәрбиесіне қандай ықпалы болады? Әке неғұрлым баланың қасында жүрсе, соғұрлым бала әке тәрбиесін көріп өседі. Осында мәселені алға қоя отырып, зерттеу жұмысымның тақырыбын Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы деп алдым.
Зерттеу мақсаты: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау, сонымен қатар толық емес отбасындағы балалардың психологиясын зерттеу.
Зерттеу обьектісі: толық емес отбасындағы бала психологиясы
Зерттеу пәні: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу міндеттері
1. Толық емес отбасы туралы, толық емес отбасында қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Толық емес отбасындағы балалар психологиясын, қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
Курстық жұмыстың құрылымы. кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Отбасы психологиясындағы тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық мәселелері
1.1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата - ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы - неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында [2,21].
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді [4,10].
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық , генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық - тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді, З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді,ол жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық - еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. [7,5]

1.2 Отбасында қарым-қатынасындағы психотерапияның негізгі бағыттары

ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың "отбасылық диагностикасы" мен "отбасылық емдеу" туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік - тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын "отбасылық тәрбиелеу" өткізіледі.
2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. "Кішкентай Ганс" оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.
Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) - инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.
Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді.
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.
Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли "мәселені шешуші терапия" әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі - қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Ол тапсырмалардың мақсаты:
- отбасы мүшелерінің қылығын өзгерту;
- психотерапевтің отбасы мүшелерімен қатынасты орнықтыру үшін қосымша ынталандыруды табу; тапсырмаларды орындауда отбасы мүшелерінің реакцияларын жаттап алу;
- отбасы мүшелерінің сүйемелдеуін жүзеге асыру, яғни, тапсырманы орындау уақытысында психотерапевт көзге көрінбейтіндей қатысады.
Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Ххғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:
Қатынастарды айқындау және анықтау.
"Үшбұрышқа кіргізілмеу" (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған);
ерлі-зайыптыларды тиңмді эмоционалды үйрету. "Мен-қалпы" сабағы.
Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген.
Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, "бос асссоциациялар" техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды.
Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері - Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы боладын.
Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.). әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:
- психотерапевті отбасымен біріктіру;
- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кезсесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.
Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан "мәселені шешуші" "қысқа" деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары - Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау.
Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы - бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.
Отбасы қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде шартталу жағдайы негізге алынады.
Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін шақыратын кейбіреулердің бірі. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету, тану және модификациялау сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар.
Жұмыстың ең танымал техникалары келесілері:
- қалыптастыру - жүйелні нығайту арқылы тілекті кішкентай порцияларға бөлу арқылы оған жету;
- жетондық жүйе - сәтті қылықтары үшін балаларды марапаттау есебінде ақша немесе ұпайды қолдану;
- шарттық жүйе ата-аналардың қылығының өзгеруі баланың қылығының синхронды өзгеруі келісуді өзіне қосады;
- мараппатауға өзгерістер мен айырбастау;
- бөлу шектеу түрінде жазалау;
отбасы қылық терапиясы бұл өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігі болғандықтан ең әйгілі әдістердің бірі.
Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады.
Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады.
Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады.
Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс "тәжірибе" мен "сапалы мәнге" негізделген.
Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады.
Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған.
Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады.
Ерлі-зайыпты психотерапияның қылықтың ыңғайының мақсаты серіктестерінің қылығының өзгеруі бәрінен бұрын болып табылады. Онда оқыту мен шарттаудың әдістері қолданады, ол мынаны қамтамасыз етеді:
- күйеуі (әйелінің) өзара жағымды қылықтарын басқару;
- қатынас пен туындаған мәселелерді бірігіп шешу аймағында қажетті әлеуметтік білімдер мен дағдыларды меңгеру;
- өзара өзінің қылығын өзгерту жайындағы ерлі-зайыптының келісімді өңдеу мен жүзеге асыру;
отбасы терапиясында қазіргі уақытта қылықтың бағыт ең кең тараған. Оның ең әйгілі формалары - ерлі-зайыптының шарттарды жасау, коммуникативті тренинг, конструктивті талас, мәселелерді шешу тәсілдері және т.б. қазіргі уақытта көптеген мамандар бәрінен жиі когнитивті - қылықтық терапия мен жүйелі психотерапияны байланыстыра интегративті ыңғайды қолданады.
Шарт негізінде қылық терминінде өздерінің талаптары мен өзіне алынған жағдайларды оның ерлі-зайыптылар анықтайтын келісім шарт жатады. Талаптарды формулағанда келесі тәртіпті қолдау ұсынылады: жалпы наразылық, оны нақтылау, одан кейін жағымды сөздер (ұсыныстар), соңында әрбір жұбайдың әрқайсысының міндеттерін тізу мен шарт.
Гуманистік бағытта ерлі-зайыптының қатынасын психологиялық түзетуде үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутогендік, толеранттылқ, басқаға тиімділік пен әрбірінің тұлғалық тәуелсіз дамуы түсінігі маңызды болып табылады. Бұл ыңғай динамикалық қарама-қарсылық ретінде дамыған. Ол зайыптының тарихи өткенінің әсеріне, шектен тыс манипулятивті қылықтық ыңғайға бағытталған. Мұнда психотерапевт ерлі-зайыпты өздерінің сезімдерін вербализациялауға және осыдан түсінікті жақсартуға жағдайлар жасайды. Серіктестердің жекелік дамуы үшін қолайлы жағдайлар құрайтын ашық некелік ұстанымдар құрастырылған болатын;
Шындық ұстанымы, "қазір және осы жерде";
Серіктестктің жекелік өмірін сыйлау;
Ашық қатынас басқаның "ойын оқымай" өзінің сезімдері мен тілектері жайында ашық айту;
Отбасы ролдерді орындауда ширақтылық;
Тең құқықтық;
Сенімділік;
аутектілік - өзінің бағасын білу, басқаның түсінігіне сәйкес өмір сүру құқығын бағалау;
ашық серіктестік - әркім өзінің жеке құқықтары мен әуестілігі бар.
Отбасылық кеңес беру: Отбасылық кеңес беру - бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір - бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты - отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады.
Отбасы кеңес беру мен отбасы терапиясы немен өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы ролдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған.
Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті - қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген. Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді;
Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасн кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді.
Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау. Бұл мақсатқа жету үшін кеңес беруші мынадай нақтылайтын сұрақтарды қоя алады: "мынадай нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?", "сіз нені қалайсыз?", " ол жайында жоқ деген жағымсыз , бөлшексіз, яғни жағымды нәтижені суреттейтін сөздермен айтуға тырысыңызшы".
Психотерапевтикалық келісім шартты талқылау отбасына кеңес берудің маңызды міндеттерінің міндеті болып табылады. Бұл кезеңде клиент пен оның кеңес берушісінің арасындағы жауапкершілік қалай бөлінетіндігін талқылау жүргізіледі. Мысалы: отбасы кеңес беру қауіпсіздік жағдайларына, клиенттің мәселелерін шешуге жету технологиясына кеңес беруші жауап береді. өз кезегінде клиент өзі белсенділігі, өзінің ролдік қылығын өзгерту тілегінде шынайылығын және т.б. үшін жауапты болады. Бұл фазаны сәтті өткеннен кейін қатысушылар жұмыстың ұзақтығы (3-6 сағат) бір сеансты өткізу ұзақтығымен терапевтикалық кездесулердің кезеңдігі (мысалы, алғашында аптасында 1 рет, кейіннен 2-3 аптада бір рет) жайында келіседі.
Соңында төлем ақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады.
Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: "сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?", "сізге онда не көмектесті?", " сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?" ," сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?".
Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек: "Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады". Кеңес берудің қатысушылар мен құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: " сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?" құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсыналы: " Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?" , "сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?" немесе "сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?" кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды.
"Экологиялық тексеру". Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады.
Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді "қауіпсіздігі" бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байлаысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыру ала алады.
Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған психотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады.
Бөлу. Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде "пародаксальді тапсырмалардың" көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің "эмоционалды әсер беруді тексеру үшін" күніне бір сағат ұрысу ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, "ақымақ кеңес беруші" кеңесінен бас тартып, осылайша "бөліну" болды.
Қазіргі уақытта кейбір отбасындағы қатынастарды психотерапевтикалық түзету. Отбасы терапиясында психотерапевт отбасын зерттеп, отбасылық бұзылысты анықтап, олардың өмірлерінде тілекті өзгерістерге жету мақсатымен отбасы мен оның жеке мүшелерінің әсерін ұйымдастырудан басталады. Онда мәселелер мен міндеттер туындайды, оларды шартты үш топқа бөледі, отбасы терапиясы отбасының дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуы, терапияны жүргізудің жалпы сұрақтары, соңында отбасы психотерапия әдістемелері.
Отбасы психотерапиясына жағымды қатынасты қалыптастыру, ұйымдастырушы эмоционалды және интелектуалды себептердің салдарынан отбасы мүшелерімен оның қатысушылары үшін қиын болғанымен қажетті, сондықтан психотерапевтке психотерапияға қатысудың күшті және тұрақты мотивациясын қалыптастыру қажет.
Ереже бойынша, бірінші кездесу болашақты анықтау болып табылады - оның уақытысында психотерапевт соқтығысатын мәселесін күрделілігі анықталады, ол клиенттер (отбасы мүшелері) отбасы психотерапиясы жайында алғашқы түсініктерді алады және онда қатысуын жалғастыру керек пе екендігі анықталады. Жалпы алғашқы кездесу барысында қысқа уақыт ішінде клиенттің күрделі және ұзақ жұмыс қажеттігі мен психотерапияның сәттілігі үшін жауапкершілік сезімі мен белменділігін түсінуге терапевт көмектесу міндеті бар, содықтан, отбасы мүшелері мен алғашқы кездесудің жақсы өңделген жоспары қажет. Басында психотрапевт клиенттің мәселесімен танысу отбасы отбасымен т.б. мен байланысты оның эмоционалды уайымдарын көкейкестіру, клиент күнделікті өмірде кездесетін фрустрациялардың жиынтығы көруді беру керек. психотерапевтің одан кейінгі міндеті - клиентте отбасы психотерапиясы оның мәселелерін шешуін табуға көмектесетін түсінігін құру.

II. Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
2.1 Толық емес отбасы жағдайының баланың
эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері
Толық емес отбасы жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының, әсіресе, балалық шақтағы эмоционалды-тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды. Бұл жерде біз баланың бойында қандай реакциялар болатындығын немесе бұл жағдайда балада қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді. Толық емес отбасы көбіне ата-анасының ажырасуы салдарынан туындайтыны айқын. Бірақ ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек, және бұл қайғыру басқа қайғылармен салыстырғанда қандай? деген мәселе туындайды. Бала үшін ажырасудың заң түріндегі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ, яғни оның ата-анасы заңды түрде некеде ме, жоқ әлде заңсыз түрде ме - ол оған маңызды емес. Бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да, заңды түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін. Мысалы, ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды түрде бірге тұра береді.
Ата-ананың ажырасулары әрбір баланың өмірінде маңызды роль атқарады. Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың критериі болып табылады. Мысалы, кейбір балалар өзінің анасын немесе әкесін бір ай немес бір жыл бойы асыға күтеді. Олар мұңаяды, бірақ, дегенмен, денсаулықтары сау қалпында болады. Ал кейбір балалар ажырасқанның ертеңінде-ақ бірден өзгеріп, мүлдем басқа болып кетеді, яғни бұл баланың ажырасуды қалай түсінетіндігіне байланысты: әкесі немесе анасы мәңгіге кетіп бара ма, жоқ әлде қайтадан қайтып келе ме деген ойлардың мазалауы. Ажырасу басқа барлық айырулардың түрінен (ата-ананың біреуінің өлімін қоспағанда) несімен ерекшеленеді; бұл дегеніміз соңғы шешім бе, қайтып келместік немесе үйреншікті жағдайлардың өзгерісі ме; әдетте, бұл жағдай балаға анасы мен әкесі ажырасады деп жариялауды естіген кезде пайда болады, яғни балаға әкесі (немесе шешесі) мәңгіге кетіп барады, әкесі немесе шешесі олармен енді қайтып тұрмайды, және т.б. деп айтқан уақытта туындайды. Бұл жағдай ажырасушылықты-жоғалтып алушылыққа айналдырады .
Балаға өзінің аффектілерін көрсетуге мүмкіндік беру, ұзақ әңгімелесу кезінде анық қайғысын бөлісу және онымен қорқыныштары жайлы сөйлесу, коалиция жасауға тырыспау, яғни басқа ата-ананы кінәламау, осыған байланысты болған конфликтілерді балаға жүктемеу - бұлардың барлығы бала үшін күрделі жағдайда ата-аналардың көрсететін көмектерінің алғашқы қадамдары болып табылады.
Бала үшін ажырасу жағдайының маңыздылығын бағаламауға әкелетін ата-ананың күнә сезімі оларды иллюзияға сенуге немес баласы үшін ажырасу ешқандай қорқыныш тудыратын оқиға бола қоймас дегенге үміттеніп, осы себептерге байланысты ата - аналар баланың жан айқайын байқамайды немес оларды көрсетуге кедергі келтіреді. Мұндай ата-аналардың жағдайын ажырасу арқылы келтірген ауырлықты өз жауапкершілігіне алғысы келмейтіндігімен түсіндіруге болады [24, 220-258 ] .
Жауапкершілікті өзіне ала алмау, өтірік айту, жасыру, күнәні басқа адамға жабу тек ажырасудан кейінгі алғашқы көмекке ғана кедергі келтіріп қоймай, көптеген балалардың психикалық жағдайларының нашарлауының екі негізгі себептерінің бірі болып табылады. Баланың ажырасуға деген реакцияларын ата-аналар дұрыс түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан шығуына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез-құлқы, жан айқайы ажырасумен байланысты екендігін түсінбейді. Баланың мінез - құлқындағы өзгерістерді ата-ананың сындары мен кінәлаушыларының өзара байланысты екендігін де түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін жалғыз сезініп, толық емес отбасылық жағдайға тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын күшейе түседі. Нәтижесінде, ата-анамен конфликтіге апаратын мінез - құлық ата - ананың жан қуатын, ескермеушілер мен сындардың жұмсауын талап етеді [30, 277-282 ] .
Әр жыл сайын ажырасудың әсерінен толық емес отбасының санына 700 мың отбасы қосылып отырады, ең ауыры, бала ата - анасының біреуінде тәрбиеленеді, ажырасу баланың психикалық дамуына кері әсерін тигізеді.
Толық емес отбасы - бұл толық емес, үзілді - кесілді байланыстағы, дәстүрлі қарым - қатынас жүйесі жоқ кіші топ: ана - әке, әке - бала, ана - балалары, бала - ата - әже. Толық емес отбасында психологиялық климат бұзылады, оған тән нәрсе шеттетілу, қоғамнан тыс қалу. Көбінесе толық емес отбасы - ананың бір немес одан да көп балалармен болуы. Мұндай отбасында ана өзіне тән емес көптеген қызметтерді атқаруға мәжбүр болады, сонымен қатар толық емес отбасында балалар біржақты феминистік тәрбие алады.
Вильям Сатирдің айтуы бойынша, толық емес отбасындағы бала тұтастай ер адамды және тұтастай әйел адамды елестете алмайды және түсіне алмайды. Баламен қалған ата - ана үшін екінші жоқ анасы немес әкесі туралы негативті, яғни, жағымсыз ой қалыптастыру қиын емес. Балаларымен қалған әйел балада барлық еркектер сондай жаман деген ойдың қалыптасуына барынша күш салуы мүмкін. Осыны естіген ұл бала әрең дегенде ер адам болу жақсы емес дегеніне сенеді, сол себептен ол өзінің де жақсы емес екендігіне күмән туындайды.
Екінші рет тұрмыс құрған анасы мен тұратын ұл балаларда жалғыз басты анасымен тұратын балалармен салыстырғанда үрей аз болады, әлеуметтік жүріс-тұрысы бағытталған және танымдық мүмкіндіктерін көп көрсететіндігі анықталған.
Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қайта некелесуде ең алдымен, алдыңғы отбасынан келген балалармен қарым-қатынастың қалыптасу мәселесі тұрады. Балалық кезеңде балалар өгей әкенің немесе өгей шешенің болуына әрең, қиындықпен үйренеді. Сондықтан да қайта некелесуде алғашқы жылдар стресске толы болады.
Балалар толық емес отбасында өскендіктен, олар ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынастың толық үлгісін елестете алмайды. Педагогтар жүргізген зерттеу материалдары көрсеткендей, балалардың оқу үлгерімі көбінесе отбасылық қарым-қатынас, отбасының тұрақтылығы немесе дұрыс ұйымдаспауына тәуелді болады. Шын мәнінде де, толық отбасында баланың мінез-құлқын бақылау сапалы түрде болады. Көп жағдайларда кәмелетке толмаған заң бұзушылардың арасындағылардың көбін толық емес отбасынан шыққан балалар құрайды.
Криминология аумағымен заң психологиясының мамандарының көрсеткіштері бойынша, жағымсыз отбасылық орта көп жағдайда баланың қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсер етіп оны әлеуметке қарсы әрекеттер жасауға итермелейді .
Бейімделудің ең ауқымды түрі- психологиялық бейімделу. Психолгиялық бейімделу бұл тұлғаның ішкі әлемінің әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық орта талаптарына адамдардың әлеуметтік функцияларын орындау қызығуларына байланысты қоғамдық өмірдің мазмұнына жақындай түсу процесі. Мұны тұлғаның іс-әрекеті мен өмірінің ішкі және сыртқы жағдайларының үйлесімділігі, оның әлеуметтік және табиғи ортаны белсенді меңгеруінен көруге болады.
Американдық ғалым У.Джеймс және оның ізбасарлары (Р.Лазарус, И.Гаккер, Л.Фестингер және т.б.) бейімделу мәселесін кеңінен қарастырған болатын. Бұл бағыттың өкілдері тұлға бейімделуінің қайнар көзін жеке адамның тәжірибесі, дайындық деңгейінің бар болуы және іс-әрекет пен өмір жағдайларының нақты талаптарының арасындағы байланыстардың болуы деп қарастырады.
Батыстық психологияның психоаналитикалық бағыттарының өкілдері (З.Фрейд, Э.Берн, А.Адлер, Э.Эриксон және т.б.) тұлғаның бейімделуінің қайнар көзі ретінде адамның қажеттіліктерінің оның қызығушылықтарына, қоршаған ортаның нормативті талаптарына, әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай келмеуінің нәтижесінде пайда болатын конфликтілер деп санайды.
Ал позитивистер өкілі (А.Бандура, А.Маслоу, Г.Олпорт және т.б.) тұлғаның бейімделуінің қайнар көзін негізін әлеуметтік кедергілер (тек нормативтік сипатта ғана емес) құрайтын қоршаған ортамен болатын конфликтілер деп есептейді. Олардың айтуынша, бұлар тұлғаның өзіндік даму процесін қиындатады.
Бейімделудің келесі бір түрі- ол әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік бейімделу теориясын алғашқылардың бірі болып орыс әлеуметтанушысы А.А.Богданов өңдеп шығарды. Оның айтуынша, әлеуметтік бейімделу биологиялық бейімделуден ешқандай артықшылығы жоқ, сондықтан ол адамдардың кәсіби іс-әрекет және кәсіби міндеттрімен тығыз байланыстырады.
Сонымен, әлеуметтік бейімделу- бұл әлеуметтік-рөлдік байланыс пен қарым-қатынасқа ену нәтижесінде тұлғаның әлеуметтік нормаларды, ережелерді, құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, әлеуметтік қарым-қатынас пен әрекеттерді меңгеруі [19, 75-84 ] .
Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі екі деңгейде жүзеге асырылады:
өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық деңгейінде- тұлғаның әртүрлі әлеуметтік-психолгиялық рөлдерді орындауы кезінде пайда болған тұлғаның қоғамдық-психологиялық байланысы мен қарым-қатынас жүйесіндегі байланыстың болуы. Сондықтан, тұлғаның әлуметтік-психологиялық бейімделуін жеке бөліп көрсетеді;
тұлғаның кәсіби, танымдық және басқа іс-әрекеттік байланысы мен қарым-қатынасы бір жүйеде қарастырылады.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесі кезінде тұлға өмір мен іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайларының арасындағы үйлесімділікке жетуге ұмтылады. Ол неғұрлым жүзеге асқан сайын тұлғаның бейімделуі жоғарылай түседі. Толық бейімделу кезінде қандай да бір жағдайларда адамның қоршаған орта жағдайлары мен оның іс-әрекетінен берілген психикалық іс-әрекет адекваттылығы жүзеге асырылады.
Тұлғаның бейімделуі мынандай болуы мүмкін:
ішкі, бұл тұлғаның өмір сүру ортасы мен іс-әрекетінің тасымалдануы кезінде оның функционалды құрылымы түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда тұлғаның сыртқы мінез-құлық формалары да, іс-әрекеті де сыртқы орта күтімдеріне және сырттан келетін талаптарға сәйкестеніп өзгереді;
сыртқы (мінез-құлықтық, ыңғайланушылық), бұл кезде тұлғада іштей мазмұнды өзгерістер болмайды және ол өз-өзін, өзінің өзбеттілігін сақтайды;
аралас, бұл кезде тұлға қоршаған ортаға біртіндеп іштей икемденіп, өзгере бастайды. Оның құндылықтары, нормалары да біртіндеп өзгеріп, мінез-құлықтық бейімделулер болады, бірақ өзінің Мені мен өзбеттілігін сақтайды. Бейімделу мәселесін өте жақсы қарастырған психологтардың бірі Э.Фроммның айтуынша, адам өзіне қажетсіз, жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға да бейімделе алады, мысалы құлдыққа, диктатураға және т.б. Бірақ бұл бейімделу адамға зардап әкелу арқылы өтеді- тұлғаның моральдық және интеллектуалды қасиеттерінің деформациялануы, эмоционалды бұзылыстардың болуы ақыр соңында қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі, себебі, адам өз табиғатын өзгерте алмайды. Э.Фромм адамда болатын бейімделу процесінің перманенттілігі идеясын ұсынған болатын. Бұл идея бойынша, тұлғаның дезадаптациясының позитивтілігі тұлға дамуының қайнар көзі деп есептеген. Осылайша, тұлғаның бейімделе алмауы Э.Фромм бойынша оның өмір сүруіне сай келмейтін жағдайлардан қашып құтылмайтындығымен түсіндіреді. Бұл ойлар өз қолдауын А.В.Петровский мен В.А.Петровскийлардың зерттеулерінде тапты. Дезадаптация патологиялық және патологиялық емес сипатта болуы мүмкін. Патологиялық дезадаптация психикалық және физилологиялық функциялардың, мінез-құлықтың тасымалдануына, тұлғаның қоршаған ортамен және өз-өзімен конфликтіге түсуіне, ең күрделісі, суицидке (өз-өзіне қол жұмсау) дейін әкеп соғады.

1.2 Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым-қатынасы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Н. Ә. Назарбаев
Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата - ана да өздері жанұя құрған кезде бір - біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір - бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата - аналардың татулығы отбасының күре тамыры ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Ұжым психологиясы мәселесі
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
Оқушылардың оқу топтарына бейімделуінің психологиялық - педагогикалық шарттары
Еліміздегі мектеп психологиялық қызметінің дамуы
Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері
Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың әдіснамалық-әдістемелік мәселелері
Пәндер