Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Жалпы педагогика, өзін-өзі тану

және жалпы психология» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы»

Орындаған: «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенті

Жетекші: п. ғ. к., доцент Ергалиева Г. А.

Орал, 2014ж.


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Отбасы психологиясындағы тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық мәселелері

1. 1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері . . . 5

1. 2 Толық емес отбасы жағдайының баланың эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері . . . 7

II. Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы

2. 1 Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым-қатынасы12

2. 2 Толық емес отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы . . . 18

2. 3 Ананың бала тәрбиесіндегі орны . . . 19

2. 4 Әкенің бала тәрбиесіндегі орны . . . 21

2. 5 Жүргізілген зерттеу жұмыстары . . . 24

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32


Кіріспе

Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А. Г. Харчев, А. Н. Антонов, З. И. Файнбург, Д. Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.

Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т. с. с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г. М. Свердлов және В. Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А. Ю. Гавит, Э. А. Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [5, 64-65] .

Д. Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады [6, 17] . А. Н. Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды [3, 65] .

Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А. Г. Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады» [1, 63] . «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» - деп берген А. Б. Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі . Бүгінде «толық емес отбасы» деген сөз күнделікті елең еткізбейтін сөз тіркесіне айналды. Қазіргі қоғамда ер балалардың тәрбиесіне көңіл бөлініп жатқан жоқ. Неке қияр орталықтарының мәліметтеріне жүгінсек, жаға ұстататын мәліметтерге тап болады екенбіз. Некеге отырғандардың 65 пайызына жуығы көп ұзамай ажырасып кетеді екен. Мектеп оқушыларының арасында 70 пайызға жуық бала әкесіз тәрбиеленіп отырған толық емес отбасыларының ұл-қыздары.

Күнкөріс қамымен әке бір жақта, ана бір жақта - балалары бөлек өзінше өмір сүріп жатқандарың да куәсі болып жүрміз. Бала тәрбиесінен алыс, тірлігі беймәлім әкенің бала тәрбиесіне қандай ықпалы болады? Әке неғұрлым баланың қасында жүрсе, соғұрлым бала әке тәрбиесін көріп өседі. Осында мәселені алға қоя отырып, зерттеу жұмысымның тақырыбын «Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы» деп алдым.

Зерттеу мақсаты : отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау, сонымен қатар толық емес отбасындағы балалардың психологиясын зерттеу.

Зерттеу обьектісі : толық емес отбасындағы бала психологиясы

Зерттеу пәні : отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.

Зерттеу міндеттері

  1. Толық емес отбасы туралы, толық емес отбасында қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
  2. Толық емес отбасындағы балалар психологиясын, қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.

Курстық жұмыстың құрылымы . кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Отбасы психологиясындағы тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық мәселелері

1. 1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері

Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С. И. Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата - ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы -неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э. Г. Юстицкий В. В., 1990) . Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А. И өз зерттеу жұмысында [2, 21] .

Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э. Фромм және ресейлік ғалым М. И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С. М. Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.

Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді [4, 10] .

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.

Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.

Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар, ”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.

Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.

Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі; бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т. б. Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.

Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.

Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

1. 2 Толық емес отбасы жағдайының баланың

эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері

Толық емес отбасы жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының, әсіресе, балалық шақтағы эмоционалды-тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды. Бұл жерде біз баланың бойында қандай реакциялар болатындығын немесе бұл жағдайда балада қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді. Толық емес отбасы көбіне ата-анасының ажырасуы салдарынан туындайтыны айқын. Бірақ ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек, және бұл қайғыру басқа қайғылармен салыстырғанда қандай? деген мәселе туындайды. Бала үшін ажырасудың заң түріндегі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ, яғни оның ата-анасы заңды түрде некеде ме, жоқ әлде заңсыз түрде ме - ол оған маңызды емес. Бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да, заңды түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін. Мысалы, ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды түрде бірге тұра береді.

Ата-ананың ажырасулары әрбір баланың өмірінде маңызды роль атқарады. Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың критериі болып табылады. Мысалы, кейбір балалар өзінің анасын немесе әкесін бір ай немес бір жыл бойы асыға күтеді. Олар мұңаяды, бірақ, дегенмен, денсаулықтары сау қалпында болады. Ал кейбір балалар ажырасқанның ертеңінде-ақ бірден өзгеріп, мүлдем басқа болып кетеді, яғни бұл баланың ажырасуды қалай түсінетіндігіне байланысты: әкесі немесе анасы мәңгіге кетіп бара ма, жоқ әлде қайтадан қайтып келе ме деген ойлардың мазалауы. Ажырасу басқа барлық айырулардың түрінен (ата-ананың біреуінің өлімін қоспағанда) несімен ерекшеленеді; бұл дегеніміз соңғы шешім бе, қайтып келместік немесе үйреншікті жағдайлардың өзгерісі ме; әдетте, бұл жағдай балаға «анасы мен әкесі ажырасады» деп жариялауды естіген кезде пайда болады, яғни балаға әкесі (немесе шешесі) мәңгіге кетіп барады, әкесі немесе шешесі олармен енді қайтып тұрмайды, және т. б. деп айтқан уақытта туындайды. Бұл жағдай ажырасушылықты-жоғалтып алушылыққа айналдырады .

Балаға өзінің аффектілерін көрсетуге мүмкіндік беру, ұзақ әңгімелесу кезінде анық қайғысын бөлісу және онымен қорқыныштары жайлы сөйлесу, коалиция жасауға тырыспау, яғни басқа ата-ананы кінәламау, осыған байланысты болған конфликтілерді балаға жүктемеу - бұлардың барлығы бала үшін күрделі жағдайда ата-аналардың көрсететін көмектерінің алғашқы қадамдары болып табылады.

Бала үшін ажырасу жағдайының маңыздылығын бағаламауға әкелетін ата-ананың күнә сезімі оларды иллюзияға сенуге немес баласы үшін ажырасу ешқандай қорқыныш тудыратын оқиға бола қоймас дегенге үміттеніп, осы себептерге байланысты ата - аналар баланың жан айқайын байқамайды немес оларды көрсетуге кедергі келтіреді. Мұндай ата-аналардың жағдайын ажырасу арқылы келтірген ауырлықты өз жауапкершілігіне алғысы келмейтіндігімен түсіндіруге болады [24, 220-258 ] .

Жауапкершілікті өзіне ала алмау, өтірік айту, жасыру, күнәні басқа адамға жабу тек ажырасудан кейінгі алғашқы көмекке ғана кедергі келтіріп қоймай, көптеген балалардың психикалық жағдайларының нашарлауының екі негізгі себептерінің бірі болып табылады. Баланың ажырасуға деген реакцияларын ата-аналар дұрыс түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан шығуына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез-құлқы, жан айқайы ажырасумен байланысты екендігін түсінбейді. Баланың мінез - құлқындағы өзгерістерді ата-ананың сындары мен кінәлаушыларының өзара байланысты екендігін де түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін жалғыз сезініп, толық емес отбасылық жағдайға тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын күшейе түседі. Нәтижесінде, ата-анамен конфликтіге апаратын мінез - құлық ата - ананың жан қуатын, ескермеушілер мен сындардың жұмсауын талап етеді [30, 277-282 ] .

Әр жыл сайын ажырасудың әсерінен толық емес отбасының санына 700 мың отбасы қосылып отырады, ең ауыры, бала ата - анасының біреуінде тәрбиеленеді, ажырасу баланың психикалық дамуына кері әсерін тигізеді.

Толық емес отбасы - бұл толық емес, үзілді - кесілді байланыстағы, дәстүрлі қарым - қатынас жүйесі жоқ кіші топ: ана - әке, әке - бала, ана - балалары, бала - ата - әже. Толық емес отбасында психологиялық климат бұзылады, оған тән нәрсе шеттетілу, қоғамнан тыс қалу. Көбінесе толық емес отбасы - ананың бір немес одан да көп балалармен болуы. Мұндай отбасында ана өзіне тән емес көптеген қызметтерді атқаруға мәжбүр болады, сонымен қатар толық емес отбасында балалар біржақты феминистік тәрбие алады.

Вильям Сатирдің айтуы бойынша, толық емес отбасындағы бала тұтастай ер адамды және тұтастай әйел адамды елестете алмайды және түсіне алмайды. Баламен қалған ата - ана үшін екінші жоқ анасы немес әкесі туралы негативті, яғни, жағымсыз ой қалыптастыру қиын емес. Балаларымен қалған әйел балада барлық еркектер сондай жаман деген ойдың қалыптасуына барынша күш салуы мүмкін. Осыны естіген ұл бала әрең дегенде «ер адам» болу жақсы емес дегеніне сенеді, сол себептен ол өзінің де жақсы емес екендігіне күмән туындайды.

Екінші рет тұрмыс құрған анасы мен тұратын ұл балаларда жалғыз басты анасымен тұратын балалармен салыстырғанда үрей аз болады, әлеуметтік жүріс-тұрысы бағытталған және танымдық мүмкіндіктерін көп көрсететіндігі анықталған.

Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қайта некелесуде ең алдымен, алдыңғы отбасынан келген балалармен қарым-қатынастың қалыптасу мәселесі тұрады. Балалық кезеңде балалар өгей әкенің немесе өгей шешенің болуына әрең, қиындықпен үйренеді. Сондықтан да қайта некелесуде алғашқы жылдар стресске толы болады.

Балалар толық емес отбасында өскендіктен, олар ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынастың толық үлгісін елестете алмайды. Педагогтар жүргізген зерттеу материалдары көрсеткендей, балалардың оқу үлгерімі көбінесе отбасылық қарым-қатынас, отбасының тұрақтылығы немесе дұрыс ұйымдаспауына тәуелді болады. Шын мәнінде де, толық отбасында баланың мінез-құлқын бақылау сапалы түрде болады. Көп жағдайларда кәмелетке толмаған заң бұзушылардың арасындағылардың көбін толық емес отбасынан шыққан балалар құрайды.

Криминология аумағымен заң психологиясының мамандарының көрсеткіштері бойынша, жағымсыз отбасылық орта көп жағдайда баланың қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсер етіп оны әлеуметке қарсы әрекеттер жасауға итермелейді .

Бейімделудің ең ауқымды түрі- психологиялық бейімделу. Психолгиялық бейімделу бұл тұлғаның ішкі әлемінің әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық орта талаптарына адамдардың әлеуметтік функцияларын орындау қызығуларына байланысты қоғамдық өмірдің мазмұнына жақындай түсу процесі. Мұны тұлғаның іс-әрекеті мен өмірінің ішкі және сыртқы жағдайларының үйлесімділігі, оның әлеуметтік және табиғи ортаны белсенді меңгеруінен көруге болады.

Американдық ғалым У. Джеймс және оның ізбасарлары (Р. Лазарус, И. Гаккер, Л. Фестингер және т. б. ) бейімделу мәселесін кеңінен қарастырған болатын. Бұл бағыттың өкілдері тұлға бейімделуінің қайнар көзін жеке адамның тәжірибесі, дайындық деңгейінің бар болуы және іс-әрекет пен өмір жағдайларының нақты талаптарының арасындағы байланыстардың болуы деп қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата - аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстары
Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Балаңыз қанша жаста
Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің кейбір проблемалары
Отбасы психологиясындағы тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz