Төрт жастағы балаларды сан жайлы ұғым қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бекітемін: ____________________ Пәні: Қарапайым
Бөлім меңгерушісі: ____________ математика
Кидришева

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:
Төрт жастағы балаларды сан жайлы ұғым қалыптастыру

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің
3а КДО студенті
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Балаларға сан туралы түсінік берудің мақсаты мен міндеттері
2.Ойын арқылы балаларды сандармен таныстыру
3. Ғажайып сандар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Балаларды математика пәнін оқытудағы ең басты міндет - баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқу-әдістемелік көмекші құралмен шектеліп қана қоймай, баланың ойлау қабілетін дамытатын есеп жұмбақтар, басқатырғыштар, интеллектуалды ойындарды пайдалану тиімді.Бүгінгі таңда балалардың көпшілігі басын ауыртып есептегеннен гөрі дайынды көшіруге әуес. Бар ойы компьютерлік клубтарға бару, бапа психологиясына кері әсер беретін атыс-шабыс ойыңдарын ойнау. Сондықтан да әр мұғалімнің алдында Қазақстанның болашақ азаматын өз деңгейінде оқытып шығару міндеті тұр.
Бірсыдырғы берілген білім мен тәрбие баланы тез жалықтырып жібереді. Бала тез шаршап қалмас үшін, жалықпас үшін математика сабағындағы жаттығу есептерін ойын ретінде өткізген дұрыс.
Ойын да баланың жас ерекшелігіне қарай таңдалып алынуы керек. Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Сабақта қолданылатын әр дйынның тәрбиелік мәні зор, оқушының ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін арттыруға оң әсерін тигізетіндей болуы тиіс. Белгілі ресөйлік ғалым-педагог Л.В.Звнковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, ынтасын арттыруға, сабақтағы зерігушілікті жоюға көмектеседі.
Ойындар балаға тек қимыл-қозғалыс ләззатын ғана сыйлап қоймай,
Балабақшадағы басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой - өрісін, іс - қимылын жан - жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты - математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу - оқытудың мақсаты ғана емес, сондай - ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.

Негізгі бөлім
1. Балаларға сан туралы түсінік берудің мақсаты
мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.
Топтарда есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке - жеке топтауға үйретуге балалардың ой - өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ - жауаптар арқылы жүргізуге болады.
Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру.
2. Заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен таныстыру.
3. Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.

2.Ойын арқылы балаларды сандармен таныстыру
Санамақ -- қазақтың жас балаларға (3 -- 5 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс -- санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.: Бір дегенім не? -- Бір дегенім білеу, Екі дегенім не? -- Екі дегенім егеу, Үш дегенім не? -- Үш дегенім үшкір, Төрт дегенім не? -- Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейiн арнайы көңiл аударылған емес. Тек олардың бiрен-саран үлгiлерi ғана Балдырған, Ақ желкен, Ұлан сияқты газет-журналдарда жарияланып келедi. Тек 1988 жылы басылған қазақ балалар фольклорына арналған Ақ сандық, көк сандық атты алғашқы толымды жинақта ғана санамақтар жеке жанрлық түр ретiнде топтастырылып берiлдi. Санамақ сөзi орысша считалки терминiнiң баламасы болғанмен де, оның тiкелей аудармасы (калька) емес, балалар арасында, үлкендер аузында ертеден қалыптасқан халықтық термин. Өзбектерде санамалар, түркiмендерде санавыч, татарларда санамышлар болып бiр түбiрде келетiн бұл терминнiң мазмұны жалпы жанрлық түрдiң iшкi мәнiнен туғандығын байқатады. Барша халықтар санамақтарының атқаратын негiзгi қызметi ортақ, ол - ойынды бастауға жетекшi тағайындау және сол ойындағы әр баланың мiндетiн анықтау. Кейбiр сөздерi қарапайым жұмбақ (заумный) болып келетiн көлемi шағын ұйқасты шумақтарға ересектердiң, тiптi, қайсыбiр ғалымдардың да балалардың бәлдiр-батпағы деп мұрын шүйiре қарайтындары табылып қалады. Бiр қызығы қазбалай сұрасаңыз олардың барлығы да сол санамақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Бастауыш мектеп математикасындағы шамалар және оны қалыптастырудың әдіс – тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын қалыптастыру
Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)
Пәндер