Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
АТ и СО

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТУСЫ
1.1 Ерте кезде туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың әлеуметтік-медициналық статусы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қазіргі кезде туберкулез құрбандарының статусы ... ... ... ... ... ... ... .11
2 ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың өмір сапасын жақсарту жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .24
КІРІСПЕ
Табыстарға жетуге халқымыздың әл-ауқатының жыл сайын жақсара түсуінің, санитариялық мәдениетіміздің өсуінің де үлкен себепші болып отырғандығы сөзсіз.
Міне, сондықтан денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдына елімізде таяу жылдарда туберкулезбен аурулар санын шүғыл азайтып, келешекте оны негізінен жою жолдарын іздеу, осы үшін күресу міндеті қойылып отыр. Жалпы алғанда медицина ғылымының туберкулез ауруын зерттеудегі бүгінгі табыстарына қарағанда бұл міндетті орындауға толық мүмкіншілік бар.
Өзектілігі: Туберкулез ауруы қазіргі кезде ұлттық мәселелердің бірі болып, қоғамдық медициналық ғылымның және денсаулық сақтаудың негізгі проблемасы болып табылады.
XX ғасырда Ресейде және Қазақстан Республикасында өкпе құрт науқастарымен сырқаттанаған адамдардың саны мен сапасының жағдайларына байланысты келеңсіз жағдайға тап болды Шилова В.М. (2003) және Белиловский Е.М. (2004) мәліметтері бойынша туберкулез науқастарының саны 2001-2005 жылдың аралығынды екі еседен артық өсіп кетіпті. Осындай динамикалық өзгерістер Қазақстан Республикасында да орын алып келеді, туберкулез науқасының көрсеткіші 2000 жылы 65,8 болса, 2004 жылы 102,28 тең болды, соның ішінде балалардың туберкулезі 2004 жылы 32,6 %-ға өсіп отырды (Қабыкенова Р.К., 2004). Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылы туберкулезбен зардап шегетін 2288 науқас алғашқы рет анықталып, оның 254-і (11,1%) туберкулездің күрделі асқындалған түрі болып келді. Қабыкенова Р.К. (2003) мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында түберкулезбен сырқаттанатын адамдардың денгейі 1990 мен 2000 жыл аралығында 113%-ға өсіп, 100 мың халыққа шаққанда 65,8 ден 160, 4 көрсеткішке жетті және бұл науқастан 2003 жылы қайтыс болған кісілердің саны 3321 адамға жетті.
Зерттеу объектісі: Туберкулез дертіне шалдыққан адамдар

Зерттеу пәні: Туберкулез ауруына шалдыққан адамдарды әлеуметтік медициналық қолдау ерекшеліктері
Мақсаты: Туберкулезбен ауыратын науқастарға эеуметтік-медициналық көмек қажеттілігін анықтау.
Міндеттері.
- аурудың пайда болу себептері мен оның тигізетін қасіретінің теориялық жағдайын оқып зерттеу;
- қазіргі қоғамдағы туберкулез ауруларының әлеуметтік медициналық статусын қарастыру;
- туберкулез дертіне шалдыққан адамдар өмірінің медициналық-әлеуметтік сапасын анықтап, оның емделу процесіне әсерін көрсету.
Зерттеу болжамы: Егер де әрбір туберкулез дертіне шалдыққан ауруға әлеуметтік-медициналық тұрғыдан өмірінің сапасына мінездеме бере отырып емдеу жұмысы жүзеге асырылса науқастың психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсарып аурудан айығу процесі жылдам жүретін еді

1 ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТУСЫ
1.1 Ерте кезде туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың әлеуметтік-медициналық статусы
Бұрын құрт ауруы деп аталған туберкулез қаншама адам өмірін қиды! Оның салдарынан қыршын кеткен адам саны соғыстың әсерінен қаза болған адам санынан көп десе болады. Шоқан Уәлиханов, Чехов, Шопен, Байрон сияқты ұлы адамдардың өмірін әкеткен бұл ауру қаншама мемлекет үшін қауіпті дерт атанды. Алайда бүгінгі күні де туберкулез - әлем бойынша кең тараған ауру. Және де адамзат денсаулығына үлкен қауіп-қатер төндіруде.
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша, бұл дерт шектен шығуда. Әлем бойынша өте қиын жағдай тудырып отырған туберкулез проблемасы ең өзекті және ғаламдық мәселелердің бірі, өйткені:
жыл сайын әлемде:
:: 2 миллион адам туберкулез дертінен қаза табады -
туберкулез микробактериалары басқа да жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қарағанда адам өміріне аса қауіпті;
:: туберкулездің барлық формаларымен 10-20 миллион адам ауырады;
:: шамамен жер шарының 13 тұрғындары, шамамен (ТМ)= 2 миллиард, түберкулездің микробактерияларын жұқтырған;
:: ауруды жұқтырғандардың шамамен 10 % өз өмірінде туберкулездің бір формасымен ауырады.
:: туберкулезбен ауырғандардың 75% - жастар және еңбекке жарамды жастағы адамдар (15-40 жас). Бұл өз кезегінде мемлекет экономикасына кері әсер етеді
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына байланысты Қазахстан үшін бұл проблема өте өзекті болып табылады.
Студенттер арасында туберкулезбен ауыратындар саны жоғары екенін айта кеткен жөн. Дұрыс тамақтанбау, тиімсіз күн тәртібі, оқу бағдарламасының ауырлығы, тұрмыстың нашарлығы, жағымсыз әдеттер, ұйқының жетіспеушілігі, созылмалы эмоционалды стресс осы аурудың дамуына алып келеді.
Туберкулез - туберкулез микробактерияларының немесе Кох бактериясының адам ағзасына түскенде дамитын қауіпті жұқпалы ауру (туберкулездің қоздырғышы 1882 жылы Роберт Кохпен ашылған).
Туберкулез микробактериялары қоршаған ортаға өте бейімді, олар қышқылды-спиртті-сілтіге тұрақты, ұзақ уақытқа өміршеңдігін жоймайды.
Жұқпаның негізгі көзі ауру адам және де кей жағдайда ірі қара мал (сиыр) бола алады.
Жұқпалы ауру жиі (95%) белсенді формалы туберкулезі бар ауру адамнан ауа тамшылары (ауадағы шаң) жолдары (аэрогенді) арқылы беріледі. Ал кейде туберкулезбен ауыратын сиыр сүтін қайнатпай пайдаланған жағдайда алиментарлы жолмен жұғады.
Әңгімелескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде микробактериялар ауаға шығып, ауа арқылы адамдарға сіңеді. Тәулік ішінде ашық формалы туберкулезбен ауыратын ауру 1 млрд микроорганизмге дейін бөліп шығарады. Осындай ауру адам ұзақ уақыт бойы желдетілмеген бөлмеде болса, онда ауадағы бактериялар өте көбейіп, айналадағы адамдар жұта бастайды. Иммунитеті жоғары адам туберкулездің микробактерияларын жұта отырып, ауырмайды десе де болады, тек қана ауру жұғады. Себебі, иммунды жүйе оны аурудың дамуынан сақтайды. Инфекция ағзада болғанымен, ауа барлық адамдарға ортақ болғандықтан, айналадағы адамдарға жұғады.
Туберкулез микробактерияларын тасымалдаушылардың оннан бірінде ертелі-кеш ұйқыдағы инфекция белсенді кезеңге өтеді, яғни, ауру дамиды. Бұған әкеп соқтыратын негізгі факторлар уақтылы, толыққанды тамақтанбау, авитаминоз, өмірдегі тұрақсыздық, дұрыс орнықпау, тұратын жердің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, жиі стресс, соызлмалы аурулар, қант диабетінің, ПИЖС (СПИД), алкоголизм мен есірткінің салдарынан иммунитеттің төмендеуі болып табылады.
Белсенді туберкулезбен ауыратын 1 ауру 1 жыл ішінде ауруды 10-15 адамға жұқтырады
Ауру негізінен желдетілмейтін тар бөлмелерде тез жұғады. Сондықтан да аурудың алдын алудың басты әдістерінің бірі бөлмені жиі желдетіп тұру болып табылады.
Туберкулездің жұқуы ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан, процесс ең алдымен өкпеден (90%) басталып, түрлі мүшелерді зақымдайды. Өкпеден тыс көбіне сүйектерге, зәр шығару жүйесіне, перифериялық лимфа бездеріне жұғады.
Ауруды қоздырғыш ауамен берілетіндіктен және де көзге көрінбейдтіндіктен, туберкулез ауруы тез жұғады. Алайда туберкулездің белгілерін ерте анықтап, уақытында дәрігерге көрінуге болады.
Көп жағдайда ауру біртіндеп басталып, клиникалық көріністері процестің қарқындылығына байланысты өсіп отырады. Ауруды ерте анықтау үшін, туберкулезге ұқсас белгілер пайда бола бастағанда дер кезінде дәрігерге қаралу керек.
Әр адам туберкулездің белгілерін білу керек!
Туберкулездің негізгі белгілері:
:: 2 аптадан артық жөтелу
:: қан түкіру
:: жалпы әлсіздік
:: тәбет пен салмақтың төмендеуі
:: ара-тұра дене температурасының төмендеуі
:: тершеңдік
:: кеуде жасушаларындағы аурушыңдық
:: демнің жетіспеуі
Аурудың алдын-алуында оны дер кезінде анықтау үлкен рөл атқарады.

Қазіргі таңдағы туберкулезді анықтаудың тиімді әдістері:
1. Бактериоскопиялық әдіс
2. Флюорография
3. Балаларға жасалатын Манту сынамасы
Жыл сайын студенттерге жүргізілетін флюорографиялық зерттеу тубекулезді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері көрініс тапқан кездің өзінде ауру адам дәрігерге көрінбейді. Сондықтан да, флюорографиядан өтуден қашпау керек.
Жөтелге шағымданған кезде микроскоп арқылы ауру адамның қақырығын зерттейді. Қоршаған ортаға қауіпті жұқпалы ауруларды анықтауға мүмкіндік беру - бұл әдістің артықшылығы болып табылады. Манту сынамасын аурудың жұққандығын және ауруды анықтау үшін қауіп-қатер тобындағы балаларға салады.
Туберкулездің спецификалық алдын-алу БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде аурудың дамуы мен туберкулездің асқынуы мен таралуын тежейді.
Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықтласма, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін.
1998 жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес Президенттің қаулысымен біздің республикада жалпымемлекеттік мәні бар міндетке айналды.
Туберкулез ауруын емдеу - тегін, кешенді, стационарларда 2-4 ай көлемінде жүргізіліп, кейін стационарларда немесе қатаң бақыланатын емханаларда емделеді. Емдеу үшін ең маңыздысы - туберкулезге қарсы препараттарды жүйелі қабылдау, толққанды тамақтану тәртібін сақтау керек. Туберкулезбен ауырған адам міндетті түрде туберкулезге қарсы мекемелерде емделу тиіс. Өзін-өзі емдеу немесе емшілерге барып емделу ауруды табудың жолын кешіктіреді. Оның әсерінен емдеу ұзаққа созылады, жақындарына жұғады, тіпті, ауадың қайғылы аяқталуына әке соғуы мүмкін. Туберкулез микробактерияларын жоюдың ең маңызды жолы - үздіксіз емдеу жолы. Қадағаланбаған, дәріні ретсіз қабылдау, туберкулез микробактериялары туберкулезге қарсы препараттарға бейімделіп, емделуі өте қиын әрі көп уақытты қажет ететін, қоғам денсаулығына қауіпті болып табылатын мультирезистентті туберкулез дами түседі.
Осылайша, туберкулез - әлемде ең көп таралған жұқпалы аурудың бірі.
Туберкулезбен жұқтыру қаупі өте жоғары. Сау адамдар туберкулез олардың проблемасы емес деп санамау керек. Себебі, туберкулез - біздің қоғамның проблемасы. Сондықтан, әр адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын алу мәселелерін білсе туберкулездің өсуі мен таралуын тоқтату мүмкін болады.
Өзіңді қауіптен сақтау үшін ретті түрде флюорографиялық тексерулерден өту қажет. Бұл тексеру ауруды дер кезінде анықтауға және де емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері анықталғаннан соң дәрігерге қаралып, салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Туберкулез - бұл жұқпалы ауру. Бұл дерт бұрыннан белгілі болса да, қазіргі уақытта около 2 миллиардтан астам (әлем бойынша тұрғындардың 13)адам туберкулезді жұқтырған, жыл сайын 2 миллион адам көз жұмады. Көп жағдайда ауруға шалдығатындар - 20-40 жас шамасындағы жас адамдар.
Ауру көзі - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар. Жұқтыру қаупі, әсіресе, тиісті желдетілмейтін және адамдар көп шоғырланған жерлерде аса жоғары. Арнайы шеттету немесе қабылданбаған емсіз туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір адам жылына 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін. Туберкулез ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, үсу, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) туберкулездің тез дамуына ықпал етеді. Туберкулездің негізгі белгілері: жөтел, кеуденің ауруы, әлсіреу, салмақ түсіру, дене қызуының көтерілуі, жөтел, әсіресе түнде терлеу. Осы белгілерді есте сақтаңыз, оларды біліп жүріңіз - өзіңізді және өз туысқандарыңызды қорғап қалыңыз - өзіңіз қаралыңыз немесе туысқаныңызды емханаға жүгінуге жіберіңіз. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының ішінде туберкулездің алдын алу шаралары жайлы сөз қозғалған. Сондай-ақ қазіргі таңда туберкулезге қатысты қаралу тегін жүргізіледі. Міндетті тексерілер: бактериологиялық, рентгенологиялық. Уақытылы қойылған диагноз тиімді емнің жүргізілуіне себепкер болады.
Ол үшін:
кез-келген емханаға немесе Туберкулезге қарсы диспансерге қаралу қажет;
медициналық қызметкердің бақылауымен ем қабылдау, дәрігер нұсқауларының барлығын орындау;
Туберкулезді алдын алудың екі әдісі белгілі: спецификалық және спецификалық емес. Олар:
БЦЖ вакцинациясы және ревакцинация;
салауатты өмір салты;
дұрыс тамақтану;
дене белсенділігі;
зиянды әрекеттерден бас тарту.

1.2 Қазіргі кезде туберкулез құрбандарының статусы
Туберкулез микобактериясын жұқтыру үшін аз мөлшердегі микобактериялар да жеткілікті. Әр бір ем қабылдамайтын бактерия бөлуші жылына 10 - 15 адамға науқасын жұқтырады. Бірақ микобактерияны жұқтырған адамдардың барлығы туберкулезбен ауыра бермейді. Тен қана микобактерияны жұқтырғандардың 5 - 10 % ғана туберкулездің белсенді және жұқпалы түрі дамиды. Көпшілік жағдайда иммундық жүйе ұзақ жылдар бойы микобактериялардың көбейуіне жол бермейді. Егер адамның иммундық жүйесі әлсіреген сайын оның ТБ ауруына шалдығу мүмкіндігі де жоғарлайды. Көп жағдайда ТБ өкпені зақымдайды. Бұндай жағдай өкпе туберкулезі деп аталады. ТБ дененің басқа да мүшелерін зақымдай алады, ми, сүйек, буындар, бүйрек және лимфа түйіндер. Бұндай түрлер өкпеден тыс ТБ деп аталынады. Туберкулез ешбір белгісіз өтуі мүмкін, бірақ көп жағдайда науқастарды дәрігерге қаралуға мәжбүрлейтін белгілер болады. Туберкулез бірте - бірте дамиды, дәрігерге қаралғанда кейбір белгілер тіпті апталап немес айлап болуы мүмкін. Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек. Екі - үш апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен (немесе бірнешеуімен) қатар болуы мүмкін:
:: дене салмағының төмендеуі;
:: шаршағыштық;
:: ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі;
:: түнгі тершеңдік;
:: кеуде ауырсынуы, шаншуы;
:: алқыну;
:: тәбеттің болмауы;
:: қан түкіру.
Осы белгілер пайда болған әр бір азамат тұрғылықты жеріне байланысты емханаға барғаны дұрыс. Алғашқы медициналық - санитарлық жүйенің дәрігері науқасты флюрографиялық және микроскопиялық зерттеулерге жібереді, тек туберкулез микобактериясы ғана абсолютты диагноздың қойылуына себеп бола алады. Қақырық жағымынын микроскопиялық зерттеу - шұғыл, қарапайым және арзан әдіс, аталған әдісті жалпы емдеу мекемелерінің зертханаларында қолданады.
Сондай ақ туберкулезді ерте анықтау мақсатында алғашқы медициналық - санитарлық көмек жүйесінде қауіп - қатер тобы құрылады, аталғандар жылда тегін негізде флюрографиялық тексерулерден өткізіледі:
:: перзентханалардың, балалар ауруханалары, нәрестелер патологиясы мен шала туылғандар бөлімшесінің жұмыскерлері;
::туберкулезге қарсы мекемелердің жұмыскерлері;
::әскери қызметке шақыртылғандар;
::жоғарғы оқу орындарының, арнайы оқу орындары мен училищелерінің студенттері;
::15-17 жастағы жасөспірімдер;
::Перзентханадан шыққан әйелдер бір ай көлемінде;
::өкпе, қант диабетінен, АИВ\ЖИТС - пен, алкоголизм және нашақорлықпен диспансерлік есебте тұратын науқастар;
::кортикостероидтты терапия қабылдайтын адамдар;
::өкпесінде кез келген этиологиялық қалдықты өзгерістері бар адамдар;
::туберкулез науқастарымен қатынаста болғандар;
::мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыскерлері;
::емдеу - алдын алу мекемелерінің қызметкерлері;
::жалпы білім беру және арнайы мектептердің жұмыскерлері;
::тергеудегі және сотталғандар (жылына екі рет);
::қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қызметкерлері мен әскери қызметкерлер ;
::Қазақстан Республикасына тұрғылықты өмір сүруге келген адамдар;
Жұмыс берушілердің есебінен ақылы негізде тесерілуге міндетті:
::Тамақ өнеркәсібінің қоғамдық тамақ, азық - түлік саудасы саласының қызметкерлері;
::тұрғындарға қызмет көрсету аясының жұмыскерлері;
::барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдаушылар;
::жоғарғы және орта оқу орындарының жұмыскерлері;
::дәрілерді даярлаумен және орап, таратыуымен айналысатын дәріхана жұмыскерлері;
::Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келген және еңбек миграциясымен келген адамдар
Осыған байланысты, 2009 жылы туберкулезді алдын алу жұмыстары негізінде 9324,2 млн. адам тексерілді яғни жалпы тұрғындардың 58,7% - ы аталған қамту өткен ғасырдың 75 - 80 жылдарындағы тексерілулерге тең болып отыр. Туберкулез ауа тамшыларымен таралуына байланысты әр бір адамның жұқтыру қаупі бар, өйткені ауа барлығына бірдей. Көбіне туберкулезге шалдығудың үлкен қатері туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастармен балалардың қатынаста болуы. Сондықтанда туберкулезбен күресте алдын алу өте пайдалы. Олар спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді. Спецификалыққа химиятерапевтік емдеу мен вакцинация жатады. БЦЖ егуі балаларды туберкулезден қорғайды, егер қарсы көрсетілім болмаса перзентханаларда барлық нәрестелерге жасалынады, қарсы көрстелім болған жағдайда 1 жасқа келгенше жасалынуы керек. Сондай ақ балалардың екінші 6 - 7 жас аралығындағы қайта егуі. Қазақстанда балаларды туберкулезге қарсы егу 100% - ды құрайды. Спецификалық алдын алу шараларына химиятерапиялық алдын ала емдеу жатады, яғни науқастармен қатынаста болған жұқтырылған балалар арасында алдын алу шаралары. Жұқтыруды болдырмаудың бірден - бір шаралары қатынаста болғандарды уақытылы тексеріп, балаларды жұқпалы ошақтардан бөлектеу, сондай ақ туберкулездің таралуын тек туберкулез науқасының уақытылы емделуімен тоқтатуға болады. Балаларды туберкулез ошақтарынан бөлектеу үшін барлық облыстарда балалар-бақшасы, мектеп - интернаттар және балаларға арналған шипа - жайлар қарастырылған.
Еліміздің тұрғындарына туберкулезге қарсы көмекті арнайы көп салалы, қымбат медициналық құрылғылармен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру
Туберкулезді диагностикалау және емдеу
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Құрсақішілік туберкулез инфекциясы
Туберкулез дертіне шалдыққан адамдармен жүргізетін әлеуметтік жұмыстар
Туберкулезбен ауыратын пациенттерге көрсетілетін мейіргерлік күтім ерекшеліктері
Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету
Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы істер бойынша істер жүргізу
Денсаулық сақтау мәселелері
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Пәндер