Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Орындаған:
Тексерген:
Орал 2015
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І тарау Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
- Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері . . . 5
- Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері . . . 8
ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау
2. 1 Отбасы - әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде . . . 12
2. 2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі . . . 21
Қорытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы қазіргі таңда өзекті болып тұрған мәселелердің бірі. Өйткені қазірде халықтың күнделікті тұтынатын тауарларының бағасы тым жоғары. Егер де осы тұтынатын тауарларымыздың бағасы нарықта тым шарықтап кетіп, ай сайынғы тапқан табысымызбен үйлесімділік таппаса, онда өзгені қойып, тұрмысы төмен отбасыларға қиыншылық туындайтыны белгілі. Ендеше біздің тиісті орындар бұл мәселеге айтарлықтай «бас ауыртуы» тиіс. Жасыратыны жоқ, қазір біз әлеуметтік аз қамтылған топқа салмақ түсіріп алып отырмыз. Сондықтан бұл жерде арнайы шаралар қолдану керек. Ол үшін бірінші кезекте еліміздегі тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту қажет. Мен мұны қолдаймын. Бұл бізге керек тәсіл. Мысалы, АҚШ-та, Канада да, басқаны қойғанда, Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, экономикалық болашағы бұлыңғыр, нәрсіз жерлерде тұратын жандарға жалақысына қоса үстеме жәрдемақы төленіп тұрады. Бұл үрдіс жағдайы төмен деңгейдегі Үндістанның өзінде жүзеге асып отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттерде тұрғындарға мемлекеттік мекеменің үш деңгейінен көмек беріліп тұрады. Біріншісі - округтік әкімшілік, екіншісі - штаттық әкімшілік, енді бірі - федералды әкімшілік. Байқаған шығарсыз, үшеуі де мемлекеттік мекеме. Бұл өзге елдерде мемлекеттік деңгейде үш мәрте, яғни 250-300 пайыз мөлшерінде жәрдемақы берілетіндігін көрсетеді. Сондықтан құзырлы орындар бұл мәселені мықтап ойланып, алдымен елде атаулы көмекке зәру халыққа көлемді жәрдемақы беруді, оны әділетті бөлуді қарастырған жөн. Себебі ауыл мен қала тұрғындарының әрқайсысының өзіндік ауыртпалықтары бар екенін ескерсек, мұндай жүйені қолданысқа енгізу қажет. Ауылдың тұрғындары тәрізді қаланың тұрғыны отын-су тасымайды, қысы-жазы мал бағудың соңында жүрмейді. Ауылда бір отбасында 5-6 бала бар болса, қалалы жерде 2-3 баладан аспауы мүмкін. Бұл «қаланың тұрмысы ауылға қарағанда жеңілдеу» дегенді білдірмейді. Қаланың да өзіндік ауыртпашылықтары бар. Мұның барлығын екшеп, таразылайтын кезең әлдеқашан жетті. Сондықтан бұл түйінді шешу керек.
Қазіргі таңда отбасындағы ажырасу, қиын бала, ұрыс-керіс сынды жайттар күннен-күнге артуына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселеге айналып отыр. Осындай проблемалардың түйінін шешуде әлеуметтік жұмыстың алар орны ерекше. Сондықтан, отбасындағы проблемаларды шешуде әлеуметтік көмек көрсетуіміз керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: отбасыға жалпы анықтама бере отырып, алда туындайтын мәселелерге көрсетілетін әлеуметтік жұмыстың мәні мен мазмұнын ашу, отбасымен әлеуметтік жұмысты талдау, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жетілдіру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәнін айқындау;
- отбасымен әлеуметтік жұмыстың маңызын анықтау;
- жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттарын көрсету;
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыс мамандағы, сондай-ақ барлық пәндерінің арасынан отбасы туралы ғылым өзекті тақырып болып, отбасы, әйел, өскелең жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін жаңа мамандық маманына талап күшейді.
Курстық жұмыстың құрылымы : кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
1. 1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
Қазір мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыға қатысты әділетті бөлініс жасау қажет емес. Себебі бұл мәселеге қатысты қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті деңгейде мемдекеттік бюджет есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға мұқтаждығы мен табыс деңгейі ескеріліп, бірнеше әлеуметтік көмек және қолдау түрлері ұсынылады. Біздің елдегі әлеуметтік көмектің бірінші жүйесі - ол табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Оның мөлшері жан басына шаққанда орташа табысы мен кедейлік шегі (ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды) арасындағы айырма түрінде есептеледі. Бұған қатысты деректерге жүгінсек, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикада 194, 5 мыңдай адамға 2, 8 млрд теңге сомаға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленіпті. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың 60 пайызға жуығын ауыл тұрғындары құрайды. Демек, бұл - атаулы әлеуметтік көмектің жалпы шығындар сомасының басым бөлігі өзінен-өзі ауыл тұрғындарына бағытталды деген сөз. Тағы бір ескерер жайт, қазірде осы атаулы әлеуметтік көмек енгізілгелі бері оны алушылардың саны шамамен алты есеге төмендеді. Мысалы, 2002 жылы елде атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 1 млн 300 мың болса, 2013 жылы тек 200 мыңға жуық адамды құраған. Мұның өзі елде еңбек белсенділігінің артып отырғанын, экономикалық ахуалдың түзеле түскенін көрсетеді емес пе? Сондай-ақ республикамызда көрсетілетін әлеуметтік көмектің екінші бір түрі - балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрі. Біздің елде 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінен (ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы) төмен болған жағдайда отбасындағы әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1800 теңге мөлшерінде балалар жәрдемақысы төленеді. Бұл еліміздің «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы аясында жүзеге асуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақымен 750 мыңға жуық бала қамтылып, 9 млрд теңгеден астам жәрдемақы тағайындалып, төленді. Балалар жәрдемақысын төлеуге бөлінген жалпы соманың 75 пайызы да тағы сол ауылдық жерде тұратын балаларға бөлінгенін айта кету керек. Демек бұл жерде мұның барлығы қалалық, ауылдық деңгейде өзіндік межеде бөлініп отырғанын ескеруіміз керек. Сондықтан мұндай пікірлерді өз басым қолдамаймын. Жалпы, табысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету - отбасының өмірлік проблемаларын тұрақты шешетін әрекет емес. Ол тек қана кедейлік проблемаларын шешуге бағытталған қосымша әлеуметтік қолдау болып табылады. Ал ең негізгі күшті біз лайықты еңбек жағдайын жасауға, жұмыссыздықты төмендетуге, халықтың өзін-өзі кәсіппен қамтуына бағыттауымыз қажет.
Жаңа қоғамдық-саяси қарым-қатынастар бекіп жатқан кезеңде қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның тұрақтылығын сақтаудың жолын белгілеген қазақстандық сойиолгтардың зерттеулерін атап өту керек (Н. А. Аитов, У. Ауталипова, У. Бекжанов, К. Г. Габдуллина, З. Ж. Жаназарова және тағы басқалары) .
ҚР мемлекеттік отбасы саясаты тұжырымдамасы отбасы жөнінде көптеген қаулы, бағдарлама және жобалар қабылданған болатын, бірақ бұл шешімдердің бас Отбасымен әлеуметтік жұмыс - әлеуметтік саясаттың негізгі бағдарыты мазмұны мемлекет пен оның органдарын, құжаттарда айтылғандай, отбасы тіршілігінің материалдық жағдайын жақсарту, кедейліктің алдын алу және аз қамтамасыз етілген отбасын қолдаумен байланысты қысқа мерзімдік, коньюнктура міндеттерді шешуге арналған қызметтерге бағыттайды. Отбасы саясаты тұжырымдамасында бірінші орында алғашқы кезектегі шаралар қаралған, бірақ онда ұзақ мерзімдік міндеттер мен шаралар туралы сөз қозғалмаған.
Отбасы саясаты 1-2 балалы бөлектенген нуклеарлық отбасына материалдық көмек түрінде концептуальды және аксиологиялы әсер етеді. Отбасының нақты осы түрі оқиғаның спонтандық жолын статистиканың айтуымен, нағыз бұқаралық, модальдік жасайды. Отбасы құрылымының әртүрлілігі осы бір отбасының және репродуктивтік мінез-құлықының жалғыз түрән аз балалықты жабырқаған тотальдыққа, жеке жауапкершіліктен айырған стандарттыққа дейін жеткізілген. Бұл өздігінен отбасы беріктілігін тез төмендетеді, әлеуметтік институтындай отбасы жағдайын нашарлатады, ол тығыз ағайындық байланыстары бар көп ұрпақты отбасын қоса отырып, отбасы құрылымының плюрализмін немесе, кем дегенде, бірнеше балалы нуклеардық отбасын айтады.
Шындығындада, біздің көзқарас бойынша отбасы саясатының жоғарыда сипатталған «отбасы саясатымен» ұқсастығы жоқ.
Қазақстан отбасының проблемасы толығымен барлық әлемдік проблемаға сай клкеді. Отбасындағы қазіргі заманғы қоғамға сай келетін, барлық әлеуметтік проблемалар көрініс табады. Әлем мен Қазақстанда болып жатқан, әлеуметтік-экономикалық, саяси үдерістер астарында отбасы әлеуметтік институты сияқты сондай маңызды өзгерістерді басынан кешіреді. Қазақстан отбасында қозғалған, заманауи өзгерістердің мәні қоғамның әлеуметтік бақылауы мен отбасының нысанды айқындамасының, атап айтқанда, институционалды белгілерінің барлығын жоғалтуына байланысты болды. Бұл үдеріс отбасында толық іріткі салуға алып келмейді, ол қоғамды демократияландыру және оның батыстық түрі бойынша жаңғыру жағдайында табиғи болып табылады. Жаңғыру отбасының моделінің кең әр алуандығын туғызып, оның өмір сүруінің барлық саласын қозғады. Бүгінгі күні Қазақстан аймағында отбасының ортақ саны 4 млн, ал үй шаруасында 4, 2 млн. 2003 жылдың қаңтарының 1 күнінен бастап, 50% отбасының құрамында 4 және одан да көп отбасы мүшелері бар. Үй шаруаларының орташа өлшемі 3, 6 адам. Көп таралған түрі «нуклеарлы» - «нуклеа» сөзінен шыққан, демек, бас бөлігі негіз. Нуклеарлы отбасылардың көптеген көлемі отбасының ақшалай қиындығы, ол тек тұрғын үйлерін ауыстыруға ғана мәжбүр етпейді, сондай-ақ, көп ұрпақты отбасының бөлінуі мен басқа үдерістердің туындауына да әкеп соғатын себептер жөнінде ішкі миграцияның көтерілуі туралы көптеген ғалымдардың ойларын қолдайды. Бірегей ортақ отбасы іс-әрекетінің аяқталуы балаларды қараусыз қалдыру, оларға әжелерінің қарамауы және балалары көмектеспейтін шалдар сияқты проблемаларды ушықтырады. Олар қартайғандар тұратын үйге баруға мәжбүр, сонымен бірге қоғам үшін күрделі моральды және экономикалық проблемаларды құрады.
Көп балалы отбасылар және бір асыраушысы бар отбасылар Қазақстан Республикасының кедей тұрғындарының көбін құрайды. Олардың өмір сүру жағдайлары отбасы жәрдемақысының нақты құны мен нақты көмектің азаюы есебінен қосымша төмендеуі мүмкін. Қазақстандағы 18, 0% отбасы кедейліктің шегінде өмір сүру қызметтерін қолдау үшін қажетті шығындарға ғана жетеді.
Ауылдық жерлерден қалаға қазақ тұрғындарының көшуі қирау сипатына ие болды. Қазақтардың депопуляциясында, қорыта келгенде, мамандар айтқан болжамдардан гөрі, деиографиялық жағдай күшті ұратын болады. Ойды жалғастыра отырып, ауыл тұрғындары неғұрлым көп ұтқыр болса, соғұрлым Қазақстандағы тұрғындардың өсімі тез төмендейтінін атап өткім келеді.
Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымының маңызды элементі бүгін тұрғындардың ішкі және ұлыстық көшіп-қонуы болып табылады. Қазақстанға сай құбылыс тұрғындардың көпұлтты құрамы болып есептелінеді. ХІХ ғасырдан бастап, әртүрлі: өз еркімен орын ауыстыру, бүкіл халықтық депортация, тың жерлерді игеру жолдарымен Қазақстан аймағына иммигранттардың қарқынды ағымы келуде. 70-ші жылдары қазақтар Республика тұрғындарының 30%-н ғана құраған. 1991 жылдары Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін тұрғындар құрамына кәдімгідей әсер еткен, ұлттық көшіп-қону үдерісі басталды. 1991-1997 жылдар ішінде және 1998-ші жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасынан 2 млн. 171 мың адам көшіп кетті, ал кейін 592 мың адам көшіп келді. Көшіп-қону сальдосы 1 млн. 579 мың алынған адамды құрады.
Отбасы өмірі бейнесінің тұрақсыздығы және ажырасу санының өсуі тұрғындардың көшіп-қонуына әсерін тигізеді.
Қазақстанның Мемстаткомның мәліметі бойынша егер 1999 жылы тұрғындардың 1000 адамына 7, 3 неке мен 4, 5 ажырасу келсе, онда 2009 жылы 99, 0% некенің 31, 2% ажырасу болған, демек ҚР 1000 тұрғынының 6, 1 некеге отырушыларға 1, 8 ажырасулар келген. 60%-дан жоғарысы екі жыныстың да ең репродуктивті жасына түседі. Қазір көптеген отбасының ажырасу кезіндегі өмір сүру өткелі бір жылдан бес жылға дейін және бес жылдан он жылға дейінгі болып отыр, демек сол кезде балалар әлі кішкене болса, ажырасқаннан кейін ата-анасының біреуімен қалады. Ажырасудан балалар қиналады.
- Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері
Отбасы бір қарағанда, әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданып, әр адамның осы отбасылық өмір туралы жеке тәжіриебесі бар. Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің аузынан естуге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.
Кәсіптік жұмыстардың шетелдік тарихына ондаған жылдар болған деп есептелінеді. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмысы басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Кеңес дәуірі кезінде қолданылған «мемлекеттік және қоғамдық қолдау жүйесі» тоқтатылып, ол қолдағы қалған принцип бойынша қаржыландырылып, бұл оның тиімділігін елеулі түрде төмендетті, олардың іс-әрекеті негізінен алғанда, әлеуметтік қамтамасыз ету болды. Осы ретте, әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік мекемелеріне диплом алған мамандар қажет болмады. Қазір біз осы қызметтің жаңартпа тәсіліне қарсы келетін, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің инерциялық ойлауымен әлі де болса кездесып қалып отырмыз.
Әлеуметтік жұмыстардың мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп отыр, оның иіндеті болмай қалмайтын әлеуметтік дау-жанжал салдарын төміндету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмір сүру мүмкіншіліктері кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация және мүгідектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбасыларын реформаға табысты түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеумнттік жағдайы мүдделері әр түрлі топтағы адамдар үшін өз қол жеткезуін шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастырумен тығыз байланысты. Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған, ал екінші жағынан алғанда, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік және мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды рөлін атқарады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қиыстырылған іс- әрекет болып табылады, онда қызмет жүйесі, жұмыс бастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәіптік дәрежесімен және клиенттердің әр түрлітобымен жүргізлетін әлеуметтік саясат сипатымен анықалады. Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік мәртебесі, дін, этика, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі жағдайларда іске асырылады. [4]
Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық, өндірістік және басқс да мәселелерді анықтау кезіндегі көмек көрсетудегі, адамның қоғаммен өұқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жеке сипаты бар екендігі осыдан көрінеді. Бұл әлеуеттік қызметкердің өз объектісімен жеке байланысын шамалайды.
Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, отбасында болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін отбасылық мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін қызметтерге қажет. «Отбасы» терминіне практикада анықтама беру оңай нәрсе емес.
Отбасына біз қандас немесе интимдік, жыныстық қатынастар арқылы бір-біріне жақын адамдардан тұратын туысқандар тобын жатқызамыз. Отбасы негізінде, некеден жасалады және қоғамдық қатынастар мен өмірдің басқа да әдет-ғұрыптарына қарағанда, тұрақты болады. Дегенмен, бірге тұрып, шаруашылықтарын бірге жүргізіп, заң түрінде тіркелмеген отбасылар да кездеседі. Соңғы уақытта осындай отбасылар санының көбейіп кеткені байқалады. Некенің тұрақты немесе тұрақсыз болып келуі де әртүрлі. Бүгінгі күні қоғамда болып жатқан адамдар әртүрлі өзгерістерге байланысты, отбасы тәртібі мен ұйымы да соған қарай икемделеді. Отбасының жеке қатынастары мен өмірдің әдет-ғұрпына экономикалық жағдай, заң, дін, білім, салт-дәстүр әсер етеді. Сондықтан, отбасын ортадағы қоғамның экономикалық және әлеуметтік аспектілерін игеретін әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қарастырамыз.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың да басқа да ғылымдар сияқты теориялық және эмперикалық білімдері бірдей, оның ерекшеліктері ббілімдері мен ептіліктерінде. Осы әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік жұмыс ғылымының принципі болып табылады. Ғылым ажырамас құрамдас бөліктерден: заңдылық, приинцип және әдістерден тұрады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қызметтің әмбебап түрі болып табылады, ол басқа ғылымдар топтамасымен байланысты, олардың бірнеше негізгі принциптерін бөліп алуға болады:жалпы философиялық принциптер: детерменизм, бейнелеу, даму. Әлеуметтік ғылымдардың жалпы принциптері: тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың ерекше белгілері: плюрализм (әр түрлі ой-пікірлер) отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар принципін түсіну.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымының келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты: мазмұнды принциптер: қоғамдық-топтық және жеке мүдделерінің үйлесімі; өзін-өзі және отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күнкөрісі үшін өзіңің күнелтуі және толық жарамды азамат тәрбиелеу. [5]
Психологиялық-педагогикалық принциптер - эмпатия (жан ашуы) ; сенімді психологиялық пана, қазіргі уақытта қиын жағдайларда адамға күнелтуге көмектесу және т. б; әдістемелік принциптер: мирасқорлық, бірізділік, үздіксіздік, құзырлылық; ұйымдастырушылық - жинақтылық, делдалдық (психология, құқық, медицина және т. б. ғалымдар арасында) ; нормативті актілер мен заңдарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап қорытындылаудың нақты принциптері, атап айтқанда, өзінің отбасы мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамсыз ететін адамдар мен азаматтардың құқын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және науқас адамдарға мемлекеттің қамқорлық кепілдігі, балалар мен жастарды әлеуметтендіру шарты; отбасында, жұмыста құпиялылықты, махаббатқа деген сезімін, өмірге деген құштарлығын сақтау және т. б.
Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі операциялармен тәсілдер жиынтығын, қандайда бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп түсінеміз. Отбасымен әлеуметтік жқмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пән аралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т. б. түрге бөлеміз.
Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін өз жұмыс тәсілдері мен міндеттері игерген, отбасы саласы және отбасымен жүргізілетін жұмыс технологиясын өзіндік ерекшелігі бар маман ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.
Әр ғылым жалпы пікірлер мен жанжақты заңдарға - методологияға сүйеніп, «өз» құбылыстарын зерттеу және де ғылыми білімді практикада қолдану әдістерін жетілдіреді, яғни мәселені шешу әдісі.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамдық қызметтің саласы болып табылады, ал оның қызметі жалпы отбасы мен толық жарамды азаматтардың күнкөрісі үшін, отбасы жөніндегі білімді жүйелік, пысықтаудан тұрады. Осындай қызметтердің бапрлығын отбасымен жеке тұлғалардың мәселелерін шешетін мамандар, белсенділер, кәсіпкерлердің кәсіптік, мемлекеттік, қоғамдық әдістерімен іске асыруға болады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарын маңызды мәселелерінің бірі - қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайлары мен отбасының өзінің ішкі үдерістеріне қатысты отбасы, отбасы қатынастары дамуының ішкі мәселелерін шешудің ұтымды әдістері мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыс әдістері мен қолданыстағы нысандарын талдау болып табылады.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен байланысты. Оның білімі шегінде жүргізілетін зерттеулер пәнаралық сипатта болады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық т. б., ал екінші жағынан социология, педагогика, құқықтану және басқа да әлеуметтік пәндермен байланыстары бар.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пәнаралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz