Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі

Орындаған:

Тексерген:

Орал - 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар - тұқым қуалаушылық, орта және іс-әрекет
1.1 Субъектiнiң іс-әрекетi - жеке тұлғаның дамуының факторы ... ... ... ... ... ...5
1.2 Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші
факторы ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. Жеке тұлға дамуындағы тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның алатын орны
2.1 Жеке тұлға дамуындағы тұқым қуалаушылықтың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
2.2 Жеке тұлғаны қалыптастырудағы қоғамдық ортаның ролі ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жеке тұлғаның дамуы үшiн баланың қарқынды іс-әрекетi қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабiлетiн, дарынын, мiнез-құлық белгiлерiн, бiлiк пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күнi бойы музыкалы? гаммаларды ойнайды, бiрақ музыкант бола алмайды. Баланың қабiлетiн оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бiр мысал, төменгi сыныптарда балалардың көбiсi едәуiр ынталы, бiрақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.
Жеке тұлғаның дамуы мен тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организімі бүкіл өмірінде әртүрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организімнің өсіп жетілуі, ақыл-ойының дамуы, міңез құлықтың қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені, баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне , санасына байланысты. Сондқтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі қайшылық туады, бұл дамудың қозғаушы күші болып табылады.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабылеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
Қабiлеттiлiктiң дамуы үшiн өз барысында баланың бойында жағымды сезiмдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңiл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсiну сезiмiмен сипатталатын танымдық қажеттiлiктермен байланысты. Дарынды бала белгiлi бiр жұмыспен мiндет үшiн емес, баға үшiн емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшiн емес, сол жұмыспен айналысқысы келетiн болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни ол балада жағымды сезiмдермен байланысты қажеттiлiк бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бiр бастауы өзiне көңiл аудартады. Бұл - жеке тұлғаның қалыптасуындағы қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың ықпал-әсерi болып табылады.
Зерттеу объектісі: жеке тұлға.
Зерттеу мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы бiлiм жүйесiн қалыптастыру.
Зерттеу мiндеттерi:
а) жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесi және қалыптасуының өзара байланысының негiзгi ұғымдарын ашу.
ә) жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негiздерiн сипаттау.
б) жеке тұлғаның дамуына әсер ететiн факторларды анықтау.
в) субъектiнiң іс-әрекетi рөлiн жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекшi факторы ретiнде негiздеу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар - тұқым қуалаушылық, орта және іс-әрекет
1.1 Субъектiнiң іс-әрекетi - жеке тұлғаның дамуының факторы
Тәрбиенiң негiзгi мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруi, оның жан жақты үйлесiмдi дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесiнiң көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектiлi және әр түрлi ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегi грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етедi деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесi дәуiрлердiң прогрессивтi философиялық және психологиялық-педагогикалық пiкiрлерiнде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам - өзiне тән биологиялық құрылысы бар тiршiлiк иесi, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етедi. Қоршаған ортаға бейiмделiп, өз тiршiлiгi үшiн дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзiне керектiнi өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруi адам өмiрiнiң әлеуметтiк жағдайларының әсерiнен болады, адамның тектiлiгi тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесiнде де пайда болады. "Әлеуметтiк мұрагерлiк" адамның қоғамдық тәжiрибеге ие болуы нәтижесiнде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтiк бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тiршiлiк иесi болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналады.
Психологияда "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлi түсiндiрмелерi бар, бiрақ олардың көбiсi мына түсiнiкке келiп тiреледi: жеке тұлға дегенiмiз әлеуметтiк қатынастар мен саналы іс-әрекеттiң субъектiсi ретiндегi индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгiсi - оның әлеуметтiк мәнiнiң болуы және оның әлеуметтiк функцияларды (қызметтердi) (болмысқа, адамдарға, өзiне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгiлi бiр деңгейiне ие (темперамент, мiнез-құлық, қабiлеттiлiк, ақыл-ой дамуының деңгейi, қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға - бұл интегративтi жүйе, әлдебiр ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың "өзегi" бар деп мойындайды, олар оны "Мен - жүйе" немесе жай ғана "Мен" деп белгiлейдi. Жоғарыда келтiрiлген жеке тұлға туралы түсiнiк жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгiлерi - оның саналылығы, жауапкершiлiгi, бостандығы, қадiр-қасиетi, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттерi мен іс-әрекеттерiнде қоғамдық прогрестiң тенденцияларының, әлеуметтiк белгiлер мен қасиеттердiң айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрiнiс табуы, оның іс-әрекетiндегi шығармашылық қасиетiнiң деңгейi арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi бар екенiн сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-жiгерлi және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi арқылы ерекшеленедi. Осылайша, мұғалiмнiң даралығы оның терең бiлiмдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниетi, т.б. арқылы көрiнедi. "Даралық" ұғымы бiр адамды басқа бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа бiр тұлғадан ажыратып, оған өзiне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым - "индивид". Бұл сөз латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы - "жекелiк". Ұғым ретiнде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттерi ескерiлмеген бiр өкiлiн бiлдiредi. Бұл орайда әрбiр адам индивид болып табылады. "Жеке тұлға" ұғымы мен онымен байланысты бiр тектес ғылыми категориялардың мәнi осында.
Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегенiмiз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секiрiс түрiнде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесi. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бiр сапаның басқа бiр сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі,терiске шығарылуы мүмкін).Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегенiмiз, ең алдымен, оның қасиеттерi мен сапасындағы сандық өзгерiстер процесi. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейедi, яғни оның кейбiр дене мүшелерi мен нерв жүйесi өседi. Оның тiлi шығып, сөздiк қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтiк-тұрмыстық және моральдық бiлiктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретiнде дамуындағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерiстер (танымдық, сезiм, моральдық-жiгерлiлік т.б.). Мiнез-құлықтың реактивтi формалары белсендi түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттiлiкке айналады, дербестiк пен өз мiнез-құлқын билей алу қабiлеттiлiгi артады. Осы және басқа да өзгерiстер адамның жеке тұлға ретiнде даму процесiн сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенiмiздi адамның анатомиялық-физиологиялық жетiлуiндегi, оның жүйке жүйесi мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетiндегi дүниетанымы, өнегелiлiгi, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенiмдерiнiң кеңеюiндегi орын алатын сандық және сапалық өзгерiстердiң өзара тығыз байланысты процесi деп түсiнген дұрыс. Адамның дамуына iшкi және сыртқы, меңгерiлетiн және меңгерiлмейтiн факторлар әсер етедi, олардың арасында мақсатты тәрбие мен бiлiм беру жетекші рөл атқарады.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның "қалыптасуы" терминi жиi қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесi дегендi және оның пайда болып, тұтастыққа, бiр қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын бiлдiредi. Қалыптастыру (қалыптасу) дегенiмiз - бiр нәрсеге пiшiн (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бiр түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәнi өте зор - баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшелiктердiң жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетiндегi тiршiлiктiң тарихы және белгiлi бiр түрдiң (бiздiң жағдайымызда - адамның) өмiрiнiң тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екi түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тiк жүру бейiмдiлiгi, сана, ақыл, сезiм мүшелерi дамуының бейiмдiлiгi, шартсыз рефлекстер, нәсiлдiк және ұлттық белгiлер) және даралық (жүйке жүйесiнiң түрi, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).
Ағзаның тектiлiк негiзi немесе генотипi төмендегi суреттегідей болып бөлінеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта: адам және қоғам өмiрiндегi әлеуметтiк-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Қоршаған орта макро және микро болып бөлiнедi. Макро-орта бұл - адамға қажетті әлеуметтiк-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастар деңгейi, өмiрдiң қаржы жағдайлары, мәдениеттiң даму деңгейi, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл - баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол - адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететiн өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемi. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгiлi бiр мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етедi. (Кесте 1).
Кесте 3. 1 Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері


Орта компоненттері
Олардың бала дамуына әсері.

1.
Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары)

Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.

2.
Әлеуметтік орта (макро-орта)
а) өндіріс күштерінің деңгейі;
б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;
в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;
г) мәдени даму дәрежесі;
д) көпшілік ақпарат құралдары;
е) техникалық құралдар.

Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, белгілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.

3.
Микро - орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері.
Талап-тілектерді анықтайды, құндылықтырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенi белгiлi бiр әлеуметтiк қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретiнде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн әлеуметтiк тәжiрибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегенiмiз - өсiп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшiн мұғалiм мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бiрлескен іс-әрекеттердiң педагогикалық процесiн ұйымдастыру.
Ғылымда бұрыңғы заманнан берi келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтiк факторларының ара қатынасы туралы пiкiрталас бiтер емес. Осы бiр көпғасырлық айтыс нәтижесiнде әртүрлi көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бiрiн жақтаушылар адамның дамуын, негiзiнен, табиғи ерекшелiктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенiң маңызы аз деп есептелiнедi. Жеке тұлғаның дамуын түсiндiретiн осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерiнде-ақ адамдардың қоғамдық мiндеттерiн олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдiң пiкiрiнше, туылған сәтiнен бастап-ақ кейбiр адамдар бағыну үшiн, ал кейбiреулерi билiк ету үшiн жаралған.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша - қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағым төмендегiдей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттерi бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана бiлдiредi. Бұл орайда әлеуметтiк факторлар мен тәрбиенiң маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негiзiн салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктiң (1874-1949 ж.ж.) пiкiрiнше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерiн (соның iшiнде сана-сезiмiн, қабiлеттiлiгiн) тек тектiлiк, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабiлетi балаға "көздерi, тiстерi және саусақтары" сияқты дүниеге келгенiнен-ақ берiледi. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берiлетiн және жеке тұлғаның барлық қасиеттерi мен келешегiн толығымен анықтайтын "гендердiң жинағы немесе батареясы" ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсiндiру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше - прагма дегенiмiз - iс-әрекет, тәжiрибе. Бұл бағыттың негiзiн салушы - Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
Ендiгi бiр көзқарастың негiзiн классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистерi оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмiрiнiң жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктiң белгiлi бiр пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтiнде таза тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келедi және тек оның өмiр жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгiлi бiр қасиеттерiнiң пайда болуына себепшi болады. Осыдан кейiн бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкiлдерi жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтiк ортаның әсерiн бiрiншi орынға қойып, оның дамуының iшкi заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтiк тiршiлiк иесi деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқымқуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтiң "әлеуметтiк тұқымқуалаушылығы" туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтiк тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән. Материалистiк философия орта мен биологиялық нышандар қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледi, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшiншi факторы. Бұндағы айта кететiн жағдайдың бiрi - материалистiк түсiнiкте жеке тұлға тек объект ретiнде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенiң субъектiсi ретiнде, өзiндiк қайта құру қызмет-әрекетiнiң субъектiсi ретiнде қарастырылады.

1.2 Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші
факторы ретiнде
Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi объективтi факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттiң кез-келген түрiне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерiнiң құрылысы, ойлау қабiлетiндегi ерекшелiктер, т.б.). Олар баланың қабiлеттiлiгi, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбiр жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезiнде және мектепке дейiнгi жасында), кейбiр жағдайларда кешiрек, ал ендi бiрде, ер жеткен кезде ғана көрiнiс бере бастайды.
Биологиялық нышандар мен қасиеттердiң дамуы адамның функционалды пісіп жетiлуі мен қалыптасу процесiн сипаттайды, содан кейiн оның сүйектерi, бұлшық еттерi, сонымен қатар iшкi мүшелерi мен жүйелерi дамиды. Адамның биологиялық пісіп жетiлуі мен өзгеру процесi оның дамуы мен мiнез-құлығының жас кезеңдерiнде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамытуда ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелiк-бiлiм беру орындарында болсын, оларға дер кезiнде сауатты диагностика беру болып табылады. Қазiргi уақытта баланың іс-әрекеттiң қандай түрiне бейiмдiлiгi бар екенiн анықтайтын алуан түрлi әдiстер бар. Олардың iшiнде тест әдiстерi кеңiнен қолданылады.
Тәрбие мен бiлiм беруде адамның табиғи қасиеттерiн ескеру қажет, оның нышандары мен қабiлеттiлiгiн анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсiлдерiн, формалары мен әдiстерiн айқындау керек. Қызметтiң қандай да бiр түрiне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары жемiстi дамуы үшiн баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжiрибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
"Жеке тұлға" деген ұғымда адамның қоғамдық мәнi ашылады. К.Маркстiң айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактiлiк емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсерi туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтiк орта деп түсiну керек, өйткенi адамның жеке тұлғалық қасиеттерi әртүрлi орталық қатынастар әсерiнен, яғни, адамдармен және түрлi қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.
Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалiмдер мен тәрбиешiлер балаға кең әлеуметтiк ортамен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерiн ескерулерi тиiс, өйткенi кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсiресе жасөспiрiмдерге белгiлi бiр мөлшерде әсер ететiн жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкiн. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмiрiнiң әртүрлi саласына белсендi әлеуметтiк іс-әрекетке араластыру қажеттiлiгi туындайтынын ескеру керек. Тұқымқуалаушылықпен, ортамен қатар тәрбие үшiншi шешушi фактор болып табылады, тәрбие - педагогтардың басшылығымен әлеуметтiк тәжiрибенi меңгерудегi баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекетi.
Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелiлiгi нәтижесiнiң белгiлi бiр эталонының болуын талап етедi. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажеттi бiлiм, бiлiк, дағдылардың белгiлi бiр жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмiрi мен еңбегiне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мiнез-құлық ережелерiн сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтiк институттармен ара қатынасын алдын-ала болжайды Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтiк бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен қабiлеттiлiгiн жетiлдiретiн шешушi құрал.
Тәрбиенiң оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешелiктерiнiң бiрi оның осы бiр әлеуметтiк қызметтi орындау үшiн қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигi К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешiнiң ерекше орны туралы былай деген: "Тәрбиешi тұлғасының жас жанға әсерi оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесiмен де алмастыруға болмайтын тәрбиелiк күштi құрайды". Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемiстi болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгерiп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешушi мән бере отырып, өзара күрделi байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнiн дұрыс түсiне бiлу керек.
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлi көзқарастар бар. Олардың бiрi баланың дамуы, тәрбие мен оқытудың тәуелсiз, яғни тез түрде жүзеге асады дейдi (Э.Мейман. А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейiмделедi, "баланың дамуының соңында бірге жүредi" (Л.С.Выготский). Келесi бiр көзқарас бойынша даму іс-әрекеттiң тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруi арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегiмен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткiзген деңгейiнде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың "дамудың ең жақын аймағына" сүйену керектiгiн айтқан. Ол былай деп жазған: "Дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып табылады". Сондықтан, тәрбиенiң ең маңызды құралы - табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
"Бала дамуының ең жақын аймағы" туралы сөз ете отырып, Л.С.Выготский оқушының тапсырманы өздігінен орындауға әзiрлiгiнiң дәрежесiн айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзiрлiктi екi деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалiмнiң көмегiнсiз орындайды (ол осы кезеңдегi өз дамуының деңгейiне жеттi), ары қарай оған мұғалiмнiң көмегiн қажет ететiн қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуын ынталандырады.
Субъектiнiң іс-әрекетi - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторы. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенiң орны ерекше екенiн баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивтi объектiсi деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың "баласыздық" деген сөздiң астарында тәрбие туралы кейбiр еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердiң әр түрлi формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердiң арқасында пайда болатын баланың iшкi дүниесі ескерiлмей келетiнi туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзiнiң қалыптасу барысында өзiндiк дамуының объектiсi ғана емес, сонымен қатар субъектiсi де екенiн ескеру керек.
Сана мен іс-әрекеттiң тұтастығы материалистiк диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелiнедi. К. Маркс адам жағдайдың пассивтi жемiс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзiн белсендi түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктерi де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзiнiң белсендiлiгiне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетiне үлкен мән берген.
Белсендiлiк адамның табиғи қасиеттерiнiң бiрi болып табылады. Психологияда белсендiлiктi іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсендiлiгi оның қажеттiлiктерiнен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттiлiктер). Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттiлiктерi сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттiлiктермен реттелiнедi. Адамның белсендiлiгi (немесе оның іс-әрекетi) оның себеп-салдарымен, мақсат пен мiндеттерiн дұрыс қоя білуімен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты.
Белсендiлiктiң өзiне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелiк (сыртқы) әсерлерге қатысты iшкi ұстанымдарына байланысты ол әр түрлi бағыттарда қалыптасуы мүмкiн. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы терiс болса, ол тәрбиешiсi қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалiм оқушылардың бiлiмiн тексеру кезiнде оқушының бағасын төмендетiп қойса да, оқушы оған ренжiп қалады. Мұндай жағдайда мұғалiмнiң үлгерiмдi жақсартуға шақырған әрбiр сөзi оқушыда жасырын, кейде тiптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиешi, оның педагогикалық әсерi iшкi өрiсте, яғни тәрбиеленушiнiң санасы мен сезiмiне оң әсерiн тигiзбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.
Жеке тұлғаның белсендiлiгiнiң аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерiнде көрiнiс табады: оқу-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетiн парасатты, педагогикалық дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсендiлiгiнiң барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбiр баланы белсендi қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшiн белсендi жұмсауға, іс-әрекеттегi баланың жеке тұлғаға сай өзгешелiгiн зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкiндiктерiнiң ашылуына барынша көмектесуге мүмкiндiк туғызатын іс-әрекеттi ұйымдастырудың әдiс-тәсiлдерiмен қаруландыру - осының бәрi баланың дамуының нәтижелiлiгiн қамтамасыз ететiн тәрбиенiң басты қызметі.
Сондықтан жеке тұлғаның белсендiлiгiн жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиешi сол баланы өзiне одақтас етiп алады. Оқушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері туралы
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Заманауи тұлға теориялары. тұлға және индивидуалдылық
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Тұлғаның дамуы
Арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу
Тұлға, жеке адам, адам ұғымының ерекшеліктері
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
Пәндер