Тұлғаны қалыптастырудағы ағылшын тілінің маңызы


Тұлғаны қалыптастырудағы ағылшын тілінің маңызы
Заман талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі артып келеді. Шетел тілін оқытудағы басты мақсат - оқушыларды шетел тілінде қарым -қатынас жасай алуға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді адамзат тәрбиелеу.
Тіл - қарым - қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Ендеше, біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Себебі ол жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым- қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы.
Қазіргі таңда ағылшын тілін көптеген елдер өздерінің екінші ана тілі ретінде қабыл алып, жаппай меңгеріп жатыр. Себебі, әлемде нанын тауып, бала-шағасын асырап, дәл осы ағылшын тілі арқылы күндерін көріп жатқан мемлекеттер жетерлік. Мәселен, көп ұлысты, көп құрамды Үндістан мемлекетін бірлестіріп отырған - ағылшын тілі. Ағылшын тілі жаһан бойынша 45 мемлекеттің ресми мемлекеттік тілі. Ал 24 мемлекеттің халқы ағылшын тілін өз ана тілі ретінде жариялаған. Ағылшын тілінде сөйлеушілердің 96 % ағылшын тілінің өкілі емес адамдар болып отыр деп есептелуде. Әлемдік келісімшарттардың 80 % ағылшын тілінде жасалады.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев жастарға: «Ағылшын тілін үйреніңдер, бүкіл әлемнің білім-ғылымы сол тілдің негізінде жатыр. Әлемдік бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, бұл тілді жаппай меңгеру керек», - деген сөзін жиі айтуының да негізі бар. Ағылшын тілі - бүкіл әлемді біріктіріп отыр, тіпті көптілділікке негіз болып отырған да - осы ағылшын тілі. Ағылшын тілі арқылы әлем өзара коммуникациялық байланысқа түсіп, интеграциялану үрдісімен барлық ұлттар бірігіп жатыр. Әлем ғаламдануда, әрі осы ғаламдану үрдісін жүзеге асырап жатқан - ағылшын тілі . . .
Қазір жаһандану дәуірінд тілдердің үштұғырлы құбылысы пайда болды. Оған өзіміздің елімізде жүргізіліп жатқан «Үштұғырлы тіл» саясаты дәлел бола алады. Мұның бәрі қажеттіліктен, әлеммен бірігуден туындаған болса, біздің билік бұл саясатты тиянақты жүргізуде.
Ағылшын тілі бүгінгі күні орта мектептерде білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ», - деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды, әрі кез - келген ұстаз бен ата - ана бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін шын жүрегінен қолдайды. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардан тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз деді. Сонымен қатар, еліміздің орта мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізілуде, ондағы негізгі мақсат - білімді әлемдік білім кеңістігіне енгізу.
Қазір мектепте оқытудың жаңа технологиялары қолданыла бастады. Себебі білімнің мазмұны мен оған қойылатын талаптар өзгеруде. Мұндай талап болмаған жағдайда көтерілу, білім сапасын арттыру әсте мүмкін емес. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни инновациялық жүйе негізінде мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік - сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс - тәсілдерімен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тиізеді.
Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тіліне тікелей байланысты. Шет тілін оқыту функционалды жүйеге сүйенеді. Сол себепті оқытып отырған тілдің сол ортадағы қолдану жағдайы мен шарттарын ескерген дұрыс. Шет тілін меңгерту үшін мейлінше тың жолдар мен дәстүрдегі әдістемелік құралдарды пайдаланған жөн. Мысалы, төменгі сатыдағы оқушыларды ағылшын тілін оқытуда алғашқы тоғыз апта бойы жүргізілетін ауызша кіріспе бөлімдерін жүргізген кезде оқушылардың қызығушылығы, таңырқау, еліктеу т. б. әдеттерін қолайлы пайдалануға мақсатқа лайық бейімдеуге болады.
Ұстаз шеберлігінің өзегі - тіл байлығымызды, дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін ұстаз, біріншіден, өзі еркін білетін тілде дәріс беруі шарт. Екінші шарт - шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек, түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз.
Жаңашылдық деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың арқасында білімді де, әрі оны игеру де, жан - жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор саналады.
«Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім, дамыған ақыл тудыра қояр ме екен?» - деген екен ғұламалар. Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болу керек. Осы тұрғыда ағылшын тілі пәні мұғалімдері ағылшын тілін оқыту сапасын жақстару мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялық әдістерді барынша қолдануда.
Бұл технологиялық әдістерді оқытудағы алға қойған мақсат оқушының біртұтас жүйе ретінде белгілі бір бағытта дамуына мүмкіндік беру жаңа модульдік жүйенің негізгі идеясы; тұлғалық бағдарлық білім беруге; түсіндіруден - түсінуге; монологтан - диалогқа; әлеуметтік бақылаудан - дамытуға; басқарудан - өзін - өзі басқаруға көшегу бағытталған.
Ал мұғалімнің негізгі міндеттері: қарым - қатынас орнату; оқушылардың өзара әрекеттестігіне жол ашу; оларға шығармашылық еркіндік беру.
Еліміздің білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қоладану басты мақсат болып отыр. Ол - тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдістер жүйесі. Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттелігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технолгиялар түрлері өте көп, мұғалімдер қауымы оларды тәжірибеде қолданып, тиімділігіне көз жеткізуде. Инновациялық технологияларды шет тілі сабағында ұтымды қолдану мұғалім шеберлігі мен құзыреттілігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет - тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат - оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына сыни тұрғыдан талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті, өзіндік шығармашылық әрекетке бағдарлау.
«Инновация» термині ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңалықты енгізу». ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болған, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу деген ұғымды білдіреді.
Инновациялық оқыту технологияларының білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу, ақпарат жинап, онымен жұмыс істеу деңгейін арттырады.
Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастайды. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір - біріне түсіндіреді, ақылдасады, ешқандай оқушы қалыс қалмайды. Жаңа ақпараттық құралдары ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі; оқушылардың шығармашылығын арттырады; оқуышларды жеке жұмыс істеуге; оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын өсіреді; сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын молайтады; грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады. Сондықтан инновациялық технолгияларды қолдану мұғалімнің әрекетін белсенділендіріп, сабақтың нәтижелілігін ұлғайтады, ал оқушылардың білім меңгеру ынтасымен талабын, зияткерлік мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Оқушылардың тілін қалыптастыру мен дамыту - педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Ағылшын тілін меңгертуде оқушылар өмірінде сөйлеу тілімен бірге жазба тілі де ерекше орын алады. Оқушының жазба тілінің қалыптасып дамуында оқулықтардың, оқу құралдарының ықпалы айрықша. Алайда, оқушының сөйлеу тілінің де қалыптасуы мен дамуы назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені, оқушының сөйлеу тілі мен жазба тілін қатар дамытудың қажет екендігі белгілі. Оқушы айтайын деген ойын жазба тілі, сөйлеу тілі арқылы да дұрыс, емін - еркін, еш қиындықсыз, әсерлі түрде жеткізе білуі тиіс.
Қорыта келгенде, шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты - әр түрлі әдістерді пайдалана отырып оқуышлардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру. Мұғалім өзінің тәжірибесімен оқушылардың шет тіліне деген сүйіспеншілік пен қызығушылығын тудырады. Нәтижесінде сабақтың сапасы артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Бұл ағылшын тілін оқытудағы мұғалімнің нәтижеге жеткені, еліміздің келешегін ойлағаны деп түсіну керек.
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құңдылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда мектеп оқушылардың бойында заманауи білім сапасын анықтайтын білім білік дағдыларын, өз бетімен әрекеттену, өзіндік жауапкершілік сияқты негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға міндетті.
Құзыреттілік - оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Құзыреттіліктің басты мақсаты- балаға әлеуметтік қоғамға бейімделіп, белсенді өмір сүруіне көмектесу. Бұл мақсатқа тек бірнеше шарттарды орындау арқылы жетуге болады:
• Дидактикалық талаптар:
Нақты білім беру міндетерін қалыптастыру
Сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау
Оқушылардың ғылыми білімді игеру деңгейін болжау
Оқыту, ынталандыру және бақылаудың ең қолайлы әдіс тәсілдерін таңдау
Сабақта барлық дидактикалық принциптерді іске асыру
• Психологиялық талаптар:
Дамыта оқыту принциптеріне сәйкес сабақтың мазмұны мен құрылымын анықтау
Мұғалімнің өзін- өзі ұйымдастыру ерекшелігі
Танымдық қызметті ұйымдастыру
Жаңа білім мен білікті қалыптастыру процессінде оқушылардың ой және қиял әрекетін
ұйымдастыру
Оқушыларды ұйымдастыру
Жас ерекшеліктерін ескеру
• Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
Сабақ эмоцианалды болу керек
Сабақтың тақырыбы мен ырғағы оңтайлы болу керек
Оқытушы мен оқушының арасында толық байланыс болу керек
Мейірімді және белсенді шығармашылық атмосферасын қалыптастыру
Әрекет түрлерін өзгертіп отыру
Әрбір оқушының белсенділігн қамтамасыз ету
• Сабақтың гигиенасына қойылатын талаптар
Температуралық режим
Желдету
Жарықтандыру
Жалығудың алдын алу
Әрекет түрлерінің алмасып отыруы
Сергіту сәті
Оқушының партада дурыс отыруы
Сынып жиһазының оқушы бойына сәйкестігі
Шет тілі сабақтары құндылықтарды бағалау құзыреттілігін қалыптастыруда барынша қолайлы орта, себебі біз тілді құрал ретінде қолдана отырып айналамыздағы әлемді оқып, үйренеміз. Оқушылар оқу және тыңдау мәтіндерін талдау арқылы, адами әңгімеге қатысып, моральдық таңдау жасау жағдаяттарында аталған құзыреттілікке ие болады. Мысалы 9 сынып «Біздің өміріміздегі теледидар» тақырыбындағы тапсырма: Сен- «Теледидардағы зорлық- зомбылық» тақырыбында өтіп жатқан телебағдарламамен байланыста тұрған талқылау тобының мүшесісің. Осы мәселе бойынша өз көзқарасыңды білдір.
8- сынып «Арал мәселесі» тақырбында оқушылар «Арал мәселесін шешуге бағытталған проект құрастыру керек болса сен не істер едің? Бұл мәселені шешудің қандай жолдарын табар едің?» деген сұрақтар төңірегінде дикуссия жүргізеді.
Педагогикалық практика барысында оқушылардың жеке ерекшеліктері, олардың қабілеттері мен бейімділіктері ескеріледі. Білім беру нәтижесі шынымен де сапалы болуы үшін оқушы жеке білім алу траекториясы бойынша жылжуы керек. Кейде бастауыш мектепте ағылшын тілін оқып, үйреніп келген 5 сыныпқа ағылшын тілін мүлде оқымаған оқушы келуі мүмкін. Бұндай оқушы қысқа мерзімде басқа сыныптастарын «қуып жетуі» үшін жеке білім беру траекториясы бойынша оқуы қажет. Біреулері керісінше қызығушылығы лексика және грамматика тұрғысынан бағдарламалық материалдың шеңберінен асып, қосымша елдің тарихына қызығатын оқушыларды мұғалім өзінің жеке оқу траекториясында дамытуы керек.
Жалпы мәдени құзіреттілікті меңгеру, жылдан жылға қажеттілігі артып бара жатқан мәдениетаралық диалогқа қосылуға, толерантты болуға мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларды типтік деп көрсетуге болады:
6 сынып «Мерекелер». Көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекелерге деген заманауи көзқарастың маңыздылығы. Тапсырма: Рой (рок музыкант) және Лидияның (панк-ақын) сұхбатын оқып, шатастырылған репликалардың ішінен әрқайсысының жауаптарын анықта. Олардың дәстүрлі мерекелерге деген көзқарастары қандай? Ал сенің ше?
7 сынып «Тамақтану әдебі».
Қарабайыр заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі тамақтану мәдениеті баяндалады. Оқушылар викториандық Англияның тарихи қалыптасқан тамақтану мәдениетімен танысады.
Тапсырма: Мәтінді оқып, келесі сұрақтар төңірегінде хабарлама жаса:
o Викторияндық Англияда дастархан басындағы балалармен қарым-қатынас.
o Балалардың кешкі астарға көзқарасы.
o Қалай ойлайсың қазіргі таңда отбасы мүшелерінің тамақтану барысындағы қарым-қатынасы өзгерді ме? Сендердің отбасыларыңда қандай тамақтану ерекшеліктері бар?
Үйірме жұмысының да ролін атап кету керек. Үйірме жұмысының басты мақсаты- бағдарламалық материалдың шеңберінен шықпайтын оқушылардың сөздік қорын байыту, үйреніп отырған тіл елдеріне деген қызығушылықтарын арттыру, мәдениетін, тарихын, салт- дәстүрлері жайында білімдерін толықтыру. Оқушылар әр түрлі тақырыптарда дикуссияға түсіп, өз ойларын дәледеу үшін көп ізденеді және бұл ізденіс ақпараттық технологиялар арқылы іске асады.
Жалпы шет тілін үйретудегі ең басты мақсат- оқушылардың бойында коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады, сондықтан коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру шет тілін үйретудегі бірден бір міндет.
Коммуникативтік құзыреттілікті игерген оқушы төмендегі міндеттерді атқара алады:
Өзін ауызша және жазбаша түрде таныстыра алады, сауалнама, өтініш, түйіндеме, хат, құттықтау хат жаза алады;
Мәдениет аралық диалог режимінде өз сыныбын, мектебін, мемлекетін таныстыра алады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz