Тыңдауға үйрету әдістері, принциптері, қолданылатын құралдары



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Тыңдауға үйрету әдістері, принциптері, қолданылатын құралдары

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Шет тілін оқытуда электронды білім ресурстарын білім берудің жаңа парадигмасының ақпараттық коммуникациялық құрал ретінде пайдалану
1.1 Оқытуда АКТ қолданудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Сабақтарда бейнематериалдарды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.Шет тілі сабақтарында тыңдауға үйретуде бейнематериалдарды қолдану
2.1 Тыңдап түсінуде қолданылатын жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..16
2.2 Ше ттілді сөйлеуді оқытуда теледидарды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ...21
2.3 Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында (Н. Ә. Назарбаев).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 2010 ж. 1-ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдары анықталған болатын. 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған. Электрондық оқытуды 2015 жылға дейін республика мектептерінің 50%-ына, ал 2020 жылға дейін 90%-ына енгізу жоспарланды.
Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау сияқты әмбебап амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуды меңгеру, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті, ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын, ақпарқатынастық өзараәрекеттестіктің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін дәстүрлі оқу процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетіне түрлендіру болады.
Білім берудің парадигмасын іздестіру қоғамның өз дамуының жоғарырақ сатысына өтудегі білім беру жүйесінің реакциясы ретінде қарастырылады. Оны алмастырудың үлкен мәні бар, өйткені білім беруді одан әрі дамытуға жол ашады
Парадигма сөзі гректің paradeigma -- өнеге, үлгі сөзінен шығады.Сонымен оқытудың жаңа парадигмасына өту тетігі электрондық оқыту болып саналады
Электрондық оқыту деп:
- қосымша оқытуды қамтамасыз ету немесе оқытудың дәстүрлі әдістерін және білімдік процесс субъектілерінің өзара әрекеттестігін ішінара алмастыру үшін АҚТ-ды пайдалану.
- білімдік процесс субъектілері (білім берушібілім алушы) мен ақпараттық қатынастық технологиялар арасындағы кірігу.
- АҚТ (CD-ROM, DVD және Интернет) арқылы жүзеге асырылатын оқу іс-әрекеті, контентті жеткізудің синхронды және асинхронды тәсілдері [96];
- Оқытудың бағдарламалық құралдарымен, компьютерлермен, жергілікті жәненемесе ауқымды желілермен және б. бағдарланған оқыту құралдарын пайдаланып білімдерді (е-материалдар, е-курс) жеткізу түсініледі.
Кейбір зерттеушілер e-learning (электрондық оқыту) ұғымы кез келген уақытта кез келген орында кез келген адамға қол жетерлік оқытуды білдіреді деп есептейді.Елдердің көпшілігінде ақпараттық қоғамның сұранысына жауабы, білім беру жүйесін жаңартудың тетігі ретінде электрондық оқытуға бет бұру үрдісі белсенді түрде артып келеді. Алайда мектептік білім беруде іс жүзінде барлық елде электрондық оқыту енді ғана дами бастады, белсенді ісденіс пен тұжырымдамаларды дайындау жүріп жатыр.
Бірақ электрондық оқыту педагогикалық теориясыз іске асырылатын бола алмайды. Сондықтан біз педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігу қажеттілігі туралы айтамыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты - бейнематериалдарды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін жоғарылату.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;
2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.
Зерттеу объектісі - ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.
Зерттеу құралы - шет тілін үйрету процессіндегі мультимедия мен видеофильмдер.
Зерттеу процессінде келесідей әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикада қолдану.
Зерттеудегі ғылыми жаңалық:
oo Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау;
oo Білім беру процессінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде компьютерлік технологияларға үйрету әдістерінің жаңа нұсқаларын жасау.
Зерттеу жұмысының теоретикалық маңыздылығы:
Жаңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге асырылу мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялардың көмегімен шет тілін тиімді үйрену үшін жасалған әдіс, сөйлеуге үйрету процессінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді;
Зерттеу кезінде алынған нәтижелер, яғни компьютерлік технологияларды қолдану үшін жасалған әдістер орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, білім беру процессінің сапасын жоғарылату мақсатында қолданылуы мүмкін.
Объект: Ағылшын тілін үйретудегі жаңа ақпараттық әдістемелері.
Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі ақпараттық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сауал сұрақ жасау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдан тұрады.

1. Шет тілін оқытуда электронды білім ресурстарын білім берудің жаңа парадигмасының ақпараттық коммуникациялық құрал ретінде пайдалану
1.1 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың тыңдан түсіну іскерліктері мен дағдыларын дамыту
Қазақстан ресгтубликасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ-ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілеңдіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр.
Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана жэне орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тындап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдірііт қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы окушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым-қатынае жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тындап түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспреесивті формата жатса, тыңдау импрессивті формата жатады. Ауызша айтылтан сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіпу кысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, саната, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тындап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процес болгандықтан жалпыға ортақ қиындыктарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:
- Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциалдык сөздік қорын байыту;
- Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімінің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жoлы - сабақта техникалық құралдарды жиі колдану керек;
- Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Окушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады;
- Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуиикацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты окушылардың тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір-ақ рет тындағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тындағанда түсінбесе, оны екінші peт тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мүғалім тындайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне, оқиға уақытына, оқиға жеріне және т.б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
- Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушініц бет- әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тындап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай үнемі бола бермеуі мүмкін (телефон аркылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау т.с.с.). Жоғарыда айтылған қиындықтарды жеңудің алғы шарты - мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы.
Окушылардың ағылшын тілі сабақтарында тыңдап түсіну қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларынын мақсаты - мәтінді тындаудың алдында лингвистикалық және исихологиялық қиындыктарды алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудың мақсаты - мәтінді тындауға арналған жаттығулар. Мұнда окушылар мәтінді тыпдап, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестенісызбаны және т.б. толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетін анықтай және т.б.
Үшінші топ жаттығудың максаты - мэтін мазмұнын толык түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий жэне талдау жасай алу. Мысалы, тындаған мәтіннің такырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жагдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуға болады.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты - окушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір-талас ұйымдастыру, дөңгелек үстел ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу жэне т.б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
- тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны окушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
- мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
- мәтіннің мазмұнында тындаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы керек;
- мәтін аутентивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс.
Жоғарыда айтылған ойларды корытындылай келе, оқушылардың тындап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту кажет. Егерде окушылардың тындап түсіну іскерліктерін дамытпасак, оқушылардың шетел тілінде сөйлей алуға да үйрете алмаймыз.
1.2 Сабақтарда бейнематериалдарды қолдану
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі - білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ дегеніміз алдымызда жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы - бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы - компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық-коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі - Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл білімді ұрпағын тәрбиелеуші мұғалімдер- сонау ұстаз деген есімнің ұлылығын дәлелдеп кеткен, ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған, әмбебап жандар. Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан - теңіз. Жаңашыл ұстаз болмысы, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Ұстаздың тағы бір ерекше қасиетінің бірі - жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ... Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады.- деген еді Л.Н.Толстой.
Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне бейнесабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, экскурсия-сабақ және т.б. жатқызуға болады. Соның бірі сабақтарда бейне материалдарды пайдалану тиімділігі туралы сөз қозғасақ.
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі - оқыту процесінде білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі - есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог - психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Қазіргі кезде оқу орындарында жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан оқу орынныңда техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері оқу орындар сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.
Білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Біз оқушыларға күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет. Әлем күн сайын өзгереді. Жаңа адамдар, жаңа оқиғалар, үйреншікті заттардың жаңа сапасы. Өткен уақыт бүгінгі күнмен алмасады, ал қазіргі уақыт келешекпен алмасады. Ақпарат біздің қасымыздан және біз арқылы орасан зор жылдамдықпен зымырап өтеді, ал сана айналада болып жатқаннын барлығын есте сақтауға қарсы болады. Өткенді есте сақтай алатын, қазіргіні бейнелейтін және болашақты алдын ала болжау жасайтын технология бар. Бұл бейне , бейнені сабақта қолдану арқылы оқушыларға жаңа материалды көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді және сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етеді. Бейнефильмдер оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А.Коменский былай деген: Алтын ереже-бала сезім әсерлерін туғызып білдіргені жөн: көруге болатын нәрсені көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп көрсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын. Кейбір нәрселерді түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы. Сондай-ақ сабақтарда бейнсабақтар оқушылардың іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын дамытуда бейнефильмдердің пайдасы зор.
Бейне материалдарды қолдану оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады. Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Бейне материалды қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, бейне сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу бейнефильмдері - 10 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік меңгеруге көп уақыт қалады. Бейне сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше бейне сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта мен шет тілі сабақтарын беруде көптеген Интернет ресурстарымен жұмыс барысында Camtasia Studio бағдарламасы көңіліме қонды. Бұл бағдарлама монитордың өзің таңдаған бөлігін ғана видеоға түсіріп алады. Артынан оны өңдеп, соңғы нұсқаны оқушыларға ұсынуға болады. Осы бағдарламамен сабақтарымның әртүрлі бөліктерінде шағын бейнероликтер жасау арқылы сабағымды жаңа тәсілмен ұйымдастырдым. Бұл роликтердің маңыздылығы сол, мұғалім түсіндіргенде оқушы өзі түсінбеген тұстарды қайтадан айналдырып көру мүмкіндіктеріне ие бола алады.
Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді және білім сапасын көтереді.
Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау шет тілі сабақтарында оқушылардың білімдерін арттыру мақсатында бейне материалдарды қолданудың маңызы зор және өзекті екенін көрсетіп отыр. Ал ұстаздар ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдыланады. Сонымен қатар мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жұмысын біріктіре отырып дайындауға мүмкіндік беріп, сабақ берудің жаңа технологиясын игеру ісін оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді.
Оқыту процесін жеделдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан маңызы зор:
4. Бейнефильмдер оқушылардың материалдарды жақсы меңгеруіне көмектеседі.
5. Бейнефильмдер оқытушыға оқу- тәрбие жұмысын өмір шындығын ажанастыруға мүмкіндік береді.
6. Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.
7. Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушылардың бойында тыңдап, түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
8. Сабақта бейнефильдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Ағылшын тілі пәндеріндегі бейне сабақтардың тиімділігі.
Бейнефильмдер оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды жақсымеңгеруіне көмектеседі.
Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген лексикалық, фонетикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.
Сабақта бейнефильдерді қолдану оқу оқушылардың тілдерді үйренуге қызығушылығын арттырады.
Тақырыпты бейнефильдер арқылы түсіндірсе сол тақырып бойынша оқушылар өз ойын бейнефильм арқылы еркін жеткізе алады.

2.Шет тілі сабақтарында тыңдауға үйретуде бейнематериалдарды қолдану
2.1 Тыңдап түсінуде қолданылатын жаттығулар
Компьютерге магнитофон қосылып, ол дисплейдің экранында виузалды суретпен фонограмманы синхрондауға мүмкіндік береді. Осылайша шет тілді мәтінді тыңдап түсіну үшін көретін сүйеніштерін жасаудың жақсы мүмкіндігі пайда болады. Көретін сүйеніштері мәтінді тыңдау кезінде қиындықтарды алып тастауға бағытталған мәтіналды жаттығулары түріндле болуы мүмкін. Сүйеніштер мәтінді тыңдағанға дейін көрсетіледі, және қажет болса, тыңдау кезінде экранда болуы мүмкін. Сосын мәтінді тыңдаудан кейін орындау қажет мәтіндік тапсырмалар пайда болады. Көретін сүйеніштер мен мәтіннен кейінгі тапсырмаларды бұлай қолдану шет тілді мәтінді тыңдап түсіну кезінде жақсы әсер береді.
Оқу дағдыларын жетілдіруде жаттығулар
Дисплей экранында берілген жылдамдықпен төменнен жоғарыға өтетін және оның үстіңгі жақтауына жоқ болатын шет тілді мәтін пайда болады. Мәтіннің экранда өту жылдамдығы оқушылардың үйрену деңгейіне байланысты реттеледі. Мәтін экранда өткен кезде оқушылар одан берілген ақпаратты алып, бақылау кезінде бақылауға арналған тапсырмаларда не қажетт екендігін көрсетуге тиіс. Бұл қойылған сұрақтар жауап болуы мүмкін, бұл дұрыс емес ережелер болуы мүмкін, бірақ біздің ойымызша, бақылау үшін ең жақсы нұсқа Comprehension Test болып табылады. Сондай - ақ компьютерді жылдамдықпен оқуға пайдалануға болады.
Мұндай жаттығуларды орындау оқушыларға тапсырма беруге ғана емес, сонымен қатар әрбір орындалған жаттығуға баға беріп, олардың жұмысын қадам- қадам түзетуге мүмкіндік береді. Осылайша ең болмағанда жасалған қателерді талдауда оқушылардың әрбір жұмысын тексеру қажеттілігі болмай қалады. Бұның бәрін компьютер орындайды.
Оқушылардың жұмысын ынталандыратын мүмкін түсіндірмелер аса маңызды рөлді атқарады. Оқушыларға олардың жұмысына көңіл бөлулер, олар жіберге қателерге қатысты ықыласты ескертулер, ұсынылатын бағдарламагы олардың көбірек белсенді қызықты орындауына жағдай жасайтын дем беретін репликалар ұнайды. Қарым- қатынастағы игі ниеттілік оқушылардың ақпаратты жақсы қабылдауының психо- физиологиялық алдағы қатарлы заңдылықтарының бірі болып табылады. Сондықтан буферлерге жауап дұрыс, дұрыс, қате, сіздің жауабыңыз түсініксіз секілді қарапайым сөздерді енгізген емес, мүмкіндігінше оқушылардың әрекеттеріне қарым- қатынасты білдірген дұрыс. Мысалы: Жарайсың!, Өте жақсы, Өкінішке орай, сіз қателестіңіз, тағы да жауап беріңіз, Сіздің жауабыңызды үлгімен салыстырып, тапсырманы тағы бір рет мұқияттырақ орындауға тырысыңыз. Сәттілік тілейміз!.
Жұмысты қорытындылаған кезде бағаны жай қою емес. сондай-ақ оған түсіндірме берген маңызды.
Компьютерлік бағдарлама ұсынатын тапсырманы оқушылардың орындауы үшін үзілістің ұзақтығы туралы бірнеше сөз айтқан жөн. Оқушыны қолайсыз жағдайға қоймас үшін, оқыту кезінде жұмысты орындау үшін үзіліксі шектеудің ұсынылмайтындығын, ал тапсырмаларды орындауды бақылау үшін үзілісзі шектеуге болатын және қажет екендігін есте сақтау қажет, бірақ бұл үйретуші бағдарламагы және оқушылардың клавиатурамен жұмыс жасау шеберлігін тәжірибелі ұзақ уақыт тексеруден кейін ғана мүмкін.
Компьютерге сондай-ақ оқушылардың әр түрлі контингенті үшін грамматика (ереже, қандай да бір өзге грамматикалық түрлердің қолданылу кестесі, етістіктердің жіктелуі және басқаруылуы және т.б.) және лексика (берілген сөзлің негізгі сөз тіркестерін, оның синонимдері мен антонимдерін көрсетумен) бойынша анықтамалық материалды, оқу және айту ережесін, лигвоелтану және тарихи ақпаратты және т.б. енгізуге болады. Қажетті анықтамалық материалды іздеу үшін компьютерді пайдалану оқушыларды сәйкес сөздікті немесе анықтамалықты іздеуден құтқарады, бұл уақытты көп ұтуға мүмкіндік береді.
Бірақ бұл жерде оқушы бағдарламада дәл құрастырылған сұрақтарға жауап беріп, экранға шығарылған нұсқалардың шектеулі санынан жауапты таңдайтындығы туралы айтқымыз келеді. Мұндай әдіс кезінде ізденгіш оқушының қажетті жауапты өз бетімен құрастыру, өз гипотезасын тексеру немесе ең жақсы және стандартты емес жауапқа ойлану мүмкіндігі болмайды.
Компьютерлік оқыту әдісін оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыру үшін пайдалану өте тиімді. 10-15 адамнан тұратын топта шет тілін оқыту оқушылардың жеке - психологиялық ерекшеліктерінің алуандығына байланысты едәуір қиындықтарға ұшырайды. Бір уақытта бір материал, бір оқыту тәсілдері, жұмыстың бір ырғағы әр түрлі темпераментті, қабілетитіліктері, есте сақтауы, көңіл өоюы, ойлау ерекшеліктері, білім және басқа сапалары бар оқушыларға ұсынылады. Бұл жерден оқытудыға дифференциалданған тәсіл талабы шығады. Бірақ бұл үйренушілердің өзіндік жұмысын болжайды.
Ұзақ уақыт бойынша өзіндік жұмыс деп оқушылардың үй тапсырманы орындауы түсінілген. Бірақ үй тапсырмасы өзіндік жұмыстың жоғары пайдалы әсер коэффициентін толықтай қолдануға мүмкіндік бермейді. Бұл үй тапсырмасын сыныпта қайталау қажеттілігімен, сәйкесінше, бағдарламамен шет тілін оқытуға бөлінген оқу уақытын жұмсау қажеттілігімен түсіндіріледі. Оның үстіне, мұғалімнің әрбір үй тапсырмасын тексеріп, бағалау мүмкіндігі бола бермейді, бұл оның тиімділігін төмендетеді. Оның үстіне, үй тапсырмасы не мүлдем орындалмайды (сұрамайды деген үмітпен), не сыныптастарынан көшіріп жазып алынады.
Компьютерді пайдаланумен өзіндік жұмысты басқаша қарастыруға болады. Сабақ үстінде өзіндік жұмысты орындау қажеттілігі кезінде оқытушы әрбір оқушыға ол орындайтын белгілі бір бағдарламаны ұсынады. Орындау соңында оқытушы нәтижелерді салыстырып, әрбір оқушының жұмысын орындалған тапсырмаға сәйкес жеткілікті объективті бағалайды.
Бұл жерде әдістемелік тұрғыдан алғанда оқытушы бағдарлама өзіндік жұмыстың басқа түрлерін алмастырмауға тиіс екендігін айта кету қажет. Ол - өзіндік жұмысқа арналған дидактикалық материалдың бір бөлігі. Сәйкесінше, оқушылардың өзіндік жұмысының бүкіл жүйесінде компьютерлік оқытудың орнын белгілеу қажет. Компьютерлік бағдарламаны орындау - 0,7 кем емес коэффициентімен білім қалыптасқан, яғни білім деңгейі қанағаттанарлықтан кем емес бағалануға тиіс, Ом сатыда оқушылардың өзіндік жұмыс түрлерінің бірі.
Электрондық - есептеуіш машина өзінің жадысының, тез әрекет етуінің, бағдарламалық басқарылуының арқасында оның барлық функцияларында мұғалімді алмастыруға қабілетті екендігі барлығына белгілі. Бірақ, компьютерді сабақты ұйымдастыру үшін қолданып, әрбір мұғалім нақты анықтауға тиіс:
:: компьютер берілген нақты сабақ үшін оқыту құралы ретінде жаңа не нәрсе береді;
:: ұсынылатын оқытатын компьютерлік бағдарламалар міндетті стандарт ережесімен келістіріледі ме;
:: қандай нақты бағдарламалар оларды тікелей сабақта қолдану үшін, ал қандайлары - сабақтан тыс уаытта қолдану үшін жарайды;
Берілген оқыту әдісін қолдану кезінде мұғалімнің жұмысы келесі функцияларды қамтиды:
:: өз пәні бойынша сынып деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру (оқу процесінің кестесі, сыртқы диагностика, қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Оқытудың дамыту мақсаттары
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану тәсілдері
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
Дағдыларды дамытуға арналған подкасттарды студенттерге оқыту, сөйлеу және тыңдату
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Шет тілін оқытудың принциптері
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Ағылшын тілінде оқыту құралдары
Пәндер