Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы



Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

География кафедрасы

Физиология пәні бойынша

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері

Орындаған: Г21 топ студенті Жарылгаева Э.Ж.
Тексерген: Бисенгазиева А.С.

Орал қаласы, 2017 жыл

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Үлкен ми сыңарлары
2.Ми бөлімдерінің қызметі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми, варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.
Сопақша мида: тыныс алу және жүрек қызметін реттеу, сонымен қатар түшкіру, жөтелу сияқты көптеген қорғаныш рефлекстерінің орталықтары және У-ХІІ жұп бассүйек нервтері мен олардың құрамында болатын парасимпатикалық нервтердің ядролары орналасқан. Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7г.
Ортаңғы ми бастапқы көру және есту орталықтары мен күрделі қозғалыстарды реттеуге қатысатын және дененің кеңістіктегі қалпын бағдарлауға бағытталған нерв орталықтары орналасқан.
Аралық мида: төмпешік асты аймақ (гипоталамус) пен көру төмпешіктері - таламусты ажыратады.
Гипоталамус зат алмасуды, дене температурасын, ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі биологиялық мотивация мен эмоцияның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады.
Таламус - байланыс коллекторы. Таламус арқылы бас миының барлық нервтік-сезгіш жолдары өтеді.
Мишық - қозғаушы функцияларды реттеуші және үйлестіруші орган. Мишықтың күшті өсуі бір жастың соңына қарай байқалады. 15 жаста мишықтың көлемі ересек адамдікімен бірдей болады.
Сонымен, онтогенез процесінде ми бағанасының құрылымдары постнаталдық дамудың алғашқы екі жылында қарқынды өсіп, қалыптасуы 13-16 жаста аяқталады.
Ретикулярлық формация ми энергиясының аккумуляторы. Ұйқы мен сергектікті, мінез-құлықтың қарапайым және инстинктивті формаларын реттеп, шартты рефлекторлық реакциялардың өтуіне қатысады.
Соңғы немесе алдыңғы ми базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарларынан тұрады. Үлкен ми сыңарлары - бас миының негізгі бөлігі. Ересек адамның ҮМС массасы бас миының 80% құрап, ми бағанасының массасынан 40 есе көп болады. Ми сыңарларының үстіндегі сұр заттың жіңішке қабаты ҮМС қыртысы деп аталады. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының жалпы ауданы 2200-2600 см2. қыртыстың қалыңдығы 1,3-4,5 мм. 12-18 млрд нейрон болады. ҮМС-ң беті жүлгелаермен тілімделген, ал олардың арасында иірімдер орналасқан.
Оң және сол жақ ми сыңарларында 4 бөлікті ажыратады: маңдай, самай, төбе, желке. Олар бір-бірімен сүйелді дене арқылы тығыз байланысқан.
Үлкен ми сыңарларының қыртысында: 1) сенсорлық; 2) моторлық; 3) ассоциативтік қыртыс аймақтарының болатынын анықтаған.
Сенсорлық аймақтар барлық шетеі рецепторлық түзілістерден нерв импульстерін қабылдайды. Көру, иіс сезу, дәм сезу, соматикалық, висцеральдық, сенсорлық аймақтарды ажыратады.
Қыртыстың қимыл аймағынан нерв импульстері әр түрлі бұлшықеттерге барады. Қыртыстың ассоциативті аймағынан тек адамға ғана тән 2-ші сигналдық жүйенің қалыптасуы тән.
Қыртыстың астында үлкен мисыңарларының ақ заты орналасады. Ақ зат құрамына:
1)ассоциативті талшық;
2)комиссуральді талшық;
3)проекционды талшық кіреді.
Ассиоциативті талшық 1 үлкен ми сыңарларының жеке участоктерін бір-бірімен байланыстырады. Қысқа ассиоциативті талшық жақын аймақтар мен жеке иірімдерді байланыстырса, ал ұзын талшықтар 1 ми сыңарының аумағындағы әртүрлі бөлімдерді байланыстырады.
Комиссуралдық талшықтар - 2 ми сыңарының симметриялық бөліктерін байланыстырады. Олардың көп бөлігі сүйелді дене арқылы өтеді.
Проекционды талшықтар өткізгіш жолдардың құрамына кіріп, қыртыс пен ОЖЖ-нің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.
Ми сыңарларының активті қалыптасуы эмбриогенездің 12 аптасынан басталып, 2 жасқа дейін қарқынды жалғасады. Клеткалық құрылысы, формасы мен иірімдер мен жүлгелердің орналасуы ересек адамдікіне 7 жасқа жеткенде жақындайды. Олардың жетілуі 20-22 жасқа жеткенде аяқталады. Жаңа туған баланың үлкен ми сыңарларының массасы 370-400г? 1 жасқа келгенде 2 есе,6 жаста 3 есе артады, 20-60 жас аралығында бір қалыпты, 60 жастан кейін оның салмағы біртіндеп төмендейді.
Бас миының үлкен ми сыңарларыны жоқ балалардың дүниеге келу оқиғалары белгілі. Ондай балаларды анэнцефалдар деп атайды. Олар бірнеше күн ғана тіршілік етеді.
ҮМС қыртысы гипоталамуспен, миндалинамен және орталық мидың кейбір ядроларымен тығыз байланысты. Бұл құрылымдар мидың лимбикалық жүйесін құрайды. Ол эмоция мен зейіннің қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Вегетативтік нерв жүйесі. Симпатикалық нерв жүйесі - организмнің, әсіресе, экстремалдық жағдайда қарқынды жұмыс істеуіне әкеледі.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі - жұмсалған ресурстардың қалпына келуіне әкеледі.ВЖЖ бөлімдері орталық мида орналасқан вегетативтік орталықтарға бағынады.
ВЖЖ дамуының алғашқы этаптарында жетілуі, бірақ бала туар кезінде ВЖЖ бөлімдерінің қызметтері теңеспеген. Симпатикалық нерв жүйесінің қызметі басым болғандықтан баланың жүрегі жиі соғады.

Негізгі бөлім
1. Үлкен ми сыңарлары
Құрылысы: адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының қалыңдығы шамамен 2 - 3 мм, ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және қозғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі.

1-сурет. Үлкен ми сыңарлары: 1 - оң жақ сыңары; 2 - сол жақ сыңары

2-сурет. Үлкен ми сыңарларының а) көлденең кесіндісі.

ә) үлкен ми сыңарларының негізгі бөліктері: 1 - қыртыс асты ядролары; 2 - маңдай бөлігі; 3 - төбе бөлігі; 4 - шүйде бөлігі; 5 - самай бөлігі

Үлкен ми сыңарларының аймақтары.Үлкен ми сыңарларының қатпарлы иірімдері ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сезу-қимыл аймағы маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан. Мұнда аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл, бет, ерінді қозғалту және сөйлеу орталығы болады. Көру аймағы - шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы қозу өтеді. Есту аймағы - самай бөлігінде; дәм сезу, иіс сезу аймағы - маңдай бөлігінің ішкі жағында. Артқы орталық иірімде - тері, буын-бұлшықет, сезу аймағы бар. Денеге ыстық, суықпен әсер еткенде қайтаратын жауабы (қолды тартып алу) осы аймаққа байланысты. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау және т. б.) ми сыңарларының барлық аймақтарымен байланысы бар. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігерді невропатолог (невролог) дейді.

Адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының калыңдығы шамамен 2-3 мм, ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және козғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бірімен-бірі байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі деп есептелінеді.
Үлкен ми сыңарлары сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды.

2.Ми бөлімдерінің қызметі
Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.
Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.
Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат -- қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.
Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.
Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын -- тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.
Рене Декарттың суреті: рефлекс қалай қалыптасады?
Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек -- ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері
Адам миының құрылысы және қызметі
Адам миының құрлысы
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Мидың жеке сипаттамасы
Қыртыстың алғашқы кіріспе
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Аралық ми. Орталық жүйке жүйесі
Ми
Пәндер