Үстел жаю әдістері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Үстел жаю әдістері

Орындаған: Абишева Айгерім
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Дастархан жабдықтау этикасы
1.1 Дастархан жабдықтаудың жалпы тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Дастархан мәзірін жасаудың ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Фуршет дастарханын жасақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Дастарханды безендіру әдістері
2.1 Дастарханның жалпы көрінісі, ыдыстарды қою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Мерекелік дастархан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Тамақ ұсыну ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.4 Мерекелік дастархандағы гүл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Қонақ қарсы алатын әйел адам дастархан даярлауда әрбір ұсақ-түйекке үлкен мән береді. Жайылған дастархан -- біріншіден, отанасының қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат. Ертең-ақ, бір үйдің отанасына айналатын қыздар қауымы дастархан жабдықтау ережелерін біле ме екен? Бүгін біз осы сұраққа жауап іздейміз. Яғни, дастархан дайындауда ұстанатын үрдістер мен ережелерді кеңінен ашып көрсетпекпін.
Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Қазір сауда орындарында дастархандардың түр-түрі бар. Жаялықтардың әдемі безендірілген әр түрлі матадан болғаны дұрыс. Дастарханның негізгі маталары -- зығыр (лен) мен мақта-мата болып табылады. Ең дұрыс шешім - ақ матадан тігілген дастархан. Ақ түс дастарханның сәнін ашып тұрады және үстел үсті әлдеқайда кең болып көрінеді. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілмеген болуы шарт. Әдетте, дастархан жайғанда, екі адам екі жағынан ұстап тұрып, жоғары қарай сілкіп барып жаяды. Сонда ортада әуе шары секілді төмпешік пайда болады. Төмпешік басылып, үстелге тегіс тигенде барып, дастархан түзу әрі біртегіс жайылады. Тағы да, маңызды жайт, дастархан барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек. Егер тым қысқа болса, үстелдің аяқтары сырт көзге оттай басылып, дөрекі көрінеді, тым ұзын болса да, қонақтарға жайсыздық тудырады.
Жалпы дастарханды жабдықтау дегеніміз не? Қазір өркениет кең етек жайған заманда қонақ күту рәсімі де барынша мәдениетті. Қонақ алдына ұсынылатын тәрелке, шанышқы, қасық пен пышақ рет-ретімен, белгіленген тәртібімен орналастырылады.
Дастархан жабдықталуына арнайы тәртіп белгіленген:
-- Алдымен фаянс ыдыс пен фарфор ыдыстар қойылады;
-- Келесі ретте ас ішу аспаптары қойылады;
-- Соңынан барып сусын ішетін шыны стақандар қойылады;
-- Майлық төселеді.
Ешқашан аяғы бар шыны ыдыстарды бел ортасынан ұстамайды, міндетті түрде аяғынан ұстайды. Дастарханды жабдықтау әр түрлі болады. Ол күн мезгілі мен астың құрамына байланысты.
-- Таңғы ас
-- Түскі ас
-- Кешкі ас.
Зерттеу мақсаты: дастарханды жабдықтау әдістерімен танысу.
Зерттеу міндеттері: дастарханды жабдықтаудың этикасы туралы және мерекелік дастархандарды жабдықтаудың негізгі тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Дастархан жабдықтау этикасы
1.1 Дастархан жабдықтаудың жалпы тәртібі
Дастарқан жаю (орыс.сервировка стола) -- үстелді таңертеңгі, түскі, кешкі және мерекелік асқа дайындау барысында ыдыс-аяқтардың, құрал-аспаптардың, мата майлықтардың орынды қойылуы.
Дастарқан жаюда қойылатын негізгі талаптар:
+ тамақтану түріне сәйкес болуы (таңертеңгілік ас, бизнес-ланч, түскі немесе кешкі ас);
+ эстетикалық бағытта болуы (тәрелкелер мен дастарқанның бір-біріне сай болуы);
+ дастарқанға қойылатын заттардың залдың интерьеріне сай болуы.
+ дастарқан құрал-жабдықтарының орналасу тәртібінің сақталуы;
+ Дастарқан жаюдың реттілігі:
+ үстелдің бетіне дастарқан төсеу;
+ тәрелкелерді қою;
+ құрал-аспаптарды қою;
+ шыны ыдыстарды қою;
+ майлықтармен сәндеу;
+ дәмдеуіштерге арналған құралды қою;
+ құмырамен гүл қою.
Таңертеңгілік ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
+ үстел шетінен 5 -- 10 см қашықтықта негізгі тәрелке;
+ сол жағынан дөңес жағын төмен қаратып шанышқы (қуырылған жұмыртқа болғанда) немесе дөңес жағымен төмен қарай қасық (ботқа болған жағдайда):
+ тәрелкенің оң жағынан жүзін ішке қаратып пышақ;
+ негізгі тәрелкенің оң жағынын қиғаштай шай ыдысы қасықпен;
+ негізгі тәрелкенің сол жағынан нан, тоқаш немесе майға арналған қосымша тәрелке (майға жеке пышақ тәрелкенің шетіне қойылады).
Түскі ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
+ көлемі кішірек жалпақ тәрелке оның үстіне көжеге арналған шұңғыл тәрелке;
+ тәрелкенің оң жағынан пышақ, қасық және шанышқы;
+ тәрелкенің жоғарғы жағынан стақан;
+ негізгі тәрелкенің ортасынан оңға қарай шарапқа арналған бокал;
+ негізгі ыстық тағам және сусындар үстелдің ортасына ;
+ бір-екі жерден қағаз майлықтар немесе әркімнің тәрелкесіне сәнделген мата майлықтар;
Көже ішілген соң шұңғыл тәрелкелер жиналып, босаған жалпақ тәрелкеге негізгі ыстық тағам салынады.
Кешкі асқа арналған үстелдің бетін түрлі-түсті дастарқанмен жабуға болады. Кешкі астың жабдықтарының түскі астан айырмашылығы шұңғыл тәрелкелердің болмауы.
Кешкі ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
+ көлемі кішірек жалпақ тәрелке;
+ тәрелкенің оң жағынан пышақ, шанышқы;
+ тәрелкенің жоғарғы жағынан стақан;
+ негізгі тәрелкенің ортасынан оңға қарай шарапқа арналған бокал;
+ негізгі ыстық тағам және сусындар үстелдің ортасында ;
+ бір-екі жерден қағаз майлықтар немесе әркімнің тәрелкесіне сәнделген мата майлықтар.
Печенье салынған және тосап құйылған ыдыстардың, тосап салып алатын розеткалардың, лимон салған тәркелердің орны - үстелдің орта тұсы.
Шай ыдыстары мен ақ құман шай құюшының жанында болады.
Мерекелік немесе кешкі қонақасыға арналған үстелдің үсті ақ дастарқанмен жабылады.
Үстел үстіне гүл (аласа әрі кең құмыраға салынып) қойылады.
Үстелдік орта тұсында жеміс салынған ыдыс, сауыттағы бұрыш, қыша, сірке суы, тұз қойылады.
Салқын тағамдар ортаға жақын жерге, нан салынған ыдыстар үстелдің әр бұрышына орналасады.
Әр түрлі сусындар үстелдің ұзынынан жарма ортасын бойлай тұрады.
Үстел бетіне арақашықтығы бірдей етіп негізгі тәрелкелер қойылады.
Кішкене тәрелкенің үстінен салқын тағамға (немесе басытқы (закуска) арналған ыдыс, оның сол жағынан майға пісірілген тағамға арналған ыдыс орын алады.
Пышақ, қасық, шанышқылардың орналасуы күнделікті тәртіппен қойылады.
Ерекше салтанат кезіндегі дастарқанды жасағанда әдеттегі асхана ыдыс-аяғына салқын тағам мен балық салатын ыдыстар қосылады, асханалық шанышқылардың жанына балық пен салқын тағам үшін бөлек пышақ қойылады.
Сусынға арналған бокал немес фужерлердің орны - тәрелкенің тұсы.
Десертке арналған құралдарды сусын ыдыстарынан кейін орналастырады.
Десерттік пышақ, қасық, шанышқыларды десерттік тәрелкелермен бірге береді.

Дастарқан жаю түрлері
+ Тәңертеңгілік ланч
+ Түскілік
+ Кешкілік
+ Банкеттік
+ Фуршеттік
+ Шай ішуге арналған
+ Кофе ішуге арналған

1.2 Дастархан мәзірін жасаудың ережесі
Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тыныс тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз да этнографиялық салтына қарай дастарханының да өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісін, жүнін, етін, сүтін және тары, сұлы, күріш, арпа сияқты бақша дақылдарын ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп, тағам жасау өнерін де жақсы игерген. Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен еш нәрсе жоқ.
Жайылған дастархан - біріншіден, мәдениеттің қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат.
Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Дастарханның негізгі маталары -- зығыр (лен) мен мақта-мата болып табылады. Ең дұрыс шешім - ақ матадан тігілген дастархан. Ақ түс дастарханның сәнін ашып тұрады және үстел үсті әлдеқайда кең болып көрінеді. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілме-ген болуы шарт. Дастархан үстелден төмен, барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек.
Дастархан жабдықтау:
- Ақ дастархан жайылысымен, қазақ халқының дәстүрі бойынша Ас атасы -- нан демекші, дастарханға бірінші нан қойылады. Ұннан жасалған тағамдар дастарханның сәні болмақ. Мысалы: бауырсақ, шақ-шақ, қытырлақ шелпектер т.б. Нан тағамдары ретінде печенье, бәліш, самса, құймақ секілді тағам түрлерін ұмытуға болмайды;
- Одан кейінгі кезекте ақты төкпей қадірлеген қазақ халқы үшін сүт өнімдерінің рөлі ерекше. Бүгіндері баяғы дәстүрді сақтаған халық той-томалақта, түрлі мерекелік жиындарда дастархан басына құрт пен қаймақ, және т.б. сүт тағамдары мен сусындарын қоюды ұмытқан емес;
- Жеміс-жидектер;
- Жаңғақтар;
- Салаттар;
- Тәттілер;
- Ыстық тағамдар. Қонақ келгенде алғаш алдына тартатын ас -- ет тамақ;
- Ыстық шәй.
Дастарханда отыру әдебі:
- Дастархан басында отырғанда, денені қисайтпай, тік ұстау. Дастарханды тартқылауға, оған қисайып жатуға, орындықты тебуге және тербетуге болмайды;
- Тісіңді шанышқымен шұқылауға болмайды, тамақ ішісімен ауызыңды сумен шай;
- Алдыңдағы тағамды кесу қажет болса, онда оң қолыңа пышақ, сол қолыңа шанышқы ұстаған дұрыс. Өйткені оң қолымен кескен ыңғайлы;
- Тағамды жеп болысымен пышақ пен шанышқыны дастархан үстіне тастай салмай, тарелкаңа салып қой. Өйткені майлы дақ дастарханды былғайды;
- Ортаға қойған табақтан асты жеке тәрелкеге салып же;
- Тамақ ішкенде, оны төгіп - шашпа. Сұйық тамақты сораптама. Тамақ ішіп отырып, газет, кітап, журнал оқыма;
- Тамақты асықпай, ұзақ шайнап же.

1.3 Фуршет дастарханын жасақтау
Әр отбасында мерекелік дастархан, бала дүниеге келгенде, келін түскенде, қыз ұзатқанда, сондай - ақ мереке күндерде қонақ шақырып дастархан жайғанды жақсы көреміз. Ондай дастархан жасаудың негізгі талабы - адамдарға ыңғайлы жағдай жасау. Қонақтарды топтастыру мәдениеті. Швед столында не беріледі? Әуелі қонақтарға ыстық бульоннан кесемен ұсынуға болады. Салқын закускаларды, салаттарды, соустарды, май, паштеттерді, нан және кондитерлік өнімдерді, сусындарды - үстелдің ортасына қояды. Закускалық тарелкаларды үстелдің шетіне қатарластырып орналастырады, осылардың қасына немесе үшбұрышты етіп рюмкалар, фужерлер қойылады. Асхана құралдарын әдемі етіп таратып қоюға немесе вазаға салып қоюға болады. Үй иелері лас ыдыстардың уақытында жиналуын, закускаға арналған тарелкалардың босап қалмауын қадағалап отырады.
Асханалық ыдыстар қызметіне қарай бөлінеді: басытқыларға арналған тәрелкелер; бірінші тағамға арналған тәрелкелер; екінші тағамға арналған тәрелкелер; нанға, ұннан жасалған аспаздық тағамдарға және ыстық сусынға арналған ыдыс - аяқтар.
Басытқыларға арналған ыдыстар:
:: басытқы салатын тәрелкелер;
:: салаттар, тұздалған тағамдар үшін шаршы пішінді ыдыстар;
:: селедка салатын ыдыстар;
:: салқын тұздықтар, қаймақ құятын ыдыстар.
Бірінші тағамды ұсынуға арналған ыдыстар:
:: көже, сорпа құятын ыдыстар;
:: сорпа құятын қақпақты ыдыстар.
Екінші тағамды ұсынуға арналған ыдыстар:
:: ет, балық, құс тағамдары үшін асханалық кішкене тәрелкелер;
:: көкөніс, құс тағамдары үшін дөңгелек үлкен тәрелкелер.

Ыстық сусындарға арналған ыдыстар:
:: шай, кофе, какао кішкене тәрелкесі бар шыны аяқ;
:: шай шығаратын шайнек;
:: қайнаған суға арналған шайнек;
:: шай ішетін кеселер;
:: сүт құйғыш;
:: қант салғыш;
Асханалық құралдар негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.
Негізгі ыдыстар тамақ ішу үшін, ал көмекші құралдар тамақ салу үшін қажет.
Негізгі асханалық құралдар:
:: бірінші тағамдарға және басқаларға арналған асханалық қасық;
:: шайға, сүт қосылған кофеге арналған шай қасық;
:: екінші ыстық тағамдарға (балық тағамдарынан басқа) арналған асханалық шанышқы;
:: басытқылар мен салқын тағамдарға арналған шанышқы (асханалық шанышқыдан кішірек);
:: десерттік шанышқы - басытқыларға арналған шанышқыдан жіңішке және кішірек;
:: ет тағамдарын турауына арналған асханалық пышақ;
:: басытқыларға арналған пышақ - асханалық пышақтан кішірек, ал десерттік тағамдарға қойылатын пышақ одан да кішірек болады;

Көмекші құралдар:
:: салаттарға арналған қасық - асханалық қасықтан үлкенірек, онымен ортақ ыдыстан әркім салатты өз тәрелкесіне салып алады;
:: сұйық тағамдарды тәрелкеге құюға арналған үлкен қасық (ожау);
:: сары май жағуға арналған пышақ ұшы жалпақтау болады;
:: ірімшік кесуге және салуға арналған шанышқы тісі бар және орақ пішінді болады;
Жабдықтау (сервировка) (франц. Servir - қызмет ету деген мағынаны білдіреді)
Әрбір отбасында мерекелік дастарқан жасалады. Ондай дастарқан жасақтаудың негізгі талабы - адамдарға ыңғайлы жағдай жасау. Қонақтар өзін еркін сезіну үшін дастарқан арасында орындықтар кеңінен орналастырылады.
Үстелге алдымен жұмсақ мата, үстінен жарғақ немесе жақсы үтіктелген, крахмалданған дастарқан төселеді. Дастарқанның ортаңғы сызығы үстелдің ортасымен өтуі керек. Дастарқан бұрыштары үстелдің аяғын 25 см шамасында жауып тұрады. Одан төмен жабылғаны қолайсыз, ал одан жоғары жабылғаны сұрықсыз көрінеді.
Үлкен, жайпақ тәрелкелердің ара қашықтығын бірдей етіп, үстелдің шетіне 4 - 5 см алысырақ қояды. Жайпақ тәрелкелердің үстіне суық дәмге арналған тәрелкелер, оң жағына пышақ, сол жағына шанышқы қояды. Балық тағамдары берілер болса, соған сәйкес аспаптар беріледі. Бокалдар мен фужерлер тәрелкенің алдына қойылады. Матадан әсемдеп оралған салфеткалар дәмдік тәрелкелердің үстіне салынады. Арнайы қондырғыларға салынған салфеткалар үстелдің 2 - 3 жеріне қойылады.
Үстелде бір - біріне қарсы жақта ақ және қара нан тіліктері салынған ыдыстар орналасады.
Үстелдің ортасына гүл мен жеміс салынған сауыттар қойылады. Қалған бос орындарда салқын дәмдер салынған салат салғыштар, тәрелкелер, ыдыстар, соустар, дәмдегіш салынған ыдыстар тұрады. Барлық дәмдерге ортақ аспаптар - қысқыштар, қасықтар, шанышқылар, сусынды шишалар қойылады. Дастарқанға бірінші ыстық тамақ берер алдында суық дәмге арналған тәрелкелер мен аспаптар әкелінеді. Әркім өзінің тәрелкесіне салып алатын ортақ тағам отырған кісінің сол жағынан беріледі. Екінші тамақ тек терең тәрелкелер мен қасықтар жиналған соң ғана таратылады.
Дастарқанға десерт берілер алдында бокалдар мен фужерлерден басқа, барлық тағамдар мен ыдыстар жиналып алынады да, десерттік майда ұсақ тәрелкелер, пышақ, шанышқы, қасықтар қойылады. Шай немесе кофе ыдыстары десерттік тәрелкелердің оң жағынан, оның жоғарғы кемері қатарына қойылады.
Фуршет дастарқанының ыдыстары
Фуршет дастарқанын жасау шыны немесе хрусталь ыдыстарды қоюдан басталады. Фужерлерді үстелдің 2 - 3 жеріне топтап, 10 - 15 данадан қояды. Қасында шырын құйылған құты мен стақандар тұрады. Фужерлер арасына гүл сауыт пен жеміс сауыттарын да қоюға болады. Шыны ыдыстардан соң фуршет үстеліне топтап салқын дәмдік пен десерттік тәрелкелер қойылады. Салқын дәмдік тәрелкелерді үстел шетінен 2 см және одан әрі 0, 8 - 1 м жерге қояды.
Қазіргі кезде кең тарағаны - фуршет үстелі. Фуршет көбіне іскерлік кездесуде, тұсау кесерде және кештерде дайындалады. Қонақтар залдағы өзінің ұнататын тағамы мен сусынын таңдап, тұрып жүріп тамақтанады. Тағамдар мен сусындар бір үстелде орналасады, ал тәрелкелер мен бокалдар үстелдің шет жағында тұрады. Әр тағамның жанында тұздықтар мен қысқыштар болады, оны қонақтар қалауынша пайдаланады.
Фуршеттің ең қарапайым нұсқасы - канапе (3x3 см өлшемдегі 60 - 80 гр кішкентай бутерброд), екі түрлі жеңіл басытқы, шай, кофе, жемістер.
1. Пышақ май жағуға арналған. 2. Тарелка - нан және май жағуға арналған. 3. Қасық (бірінші тағамға арналған). 4. Шанышқы (салқын тағамға арналған). 5. Пышақ (барлық тағамға арналған). 6. Шанышқы ет және салатқа негізгі тағамға арналған. 7. Асханалық пышақ. 8. Сәндік тәрелке. 9. Көже құйатын тәрелке. 10. Десертке арналған қасық. 11. Шанышқы - десертке арналған. 12. Су ішуге арналған стакан. 13. Бокал шампан құюға арналған. 14. Бокал қызыл виноға арналған. 15. Бокал ақ вино құюға арналған.
Дастархан жабдықтау кезінде қолданылатын қажетті кездемелік сүлгі.
Қолданылуына қарай оларды әртүрлі әдістермен бүктеледі, тез, оңай ашылуы ескеріледі, ерінді сүрту үшін немесе тізеге жайып қою үшін. Сонымен бірге тазалық ережелерін сақтау үшін де қолданылады. Егер де дастархан жабдықтауға дәмханада тәрелке берілмеген жағдайда, оның артына төрт бүктелген кездемелік сулықты қойып қояды.
А ля фуршет - бұл столдан тамақ тұрып ішіледі, сондықтан бұл стол кәдімгі столдан биіктеу болғаны ыңғайлы. Мұнда ешқандай пышақпен кесетін закуска болмауы тиім, себебі А ля фуршет француз тілінен аударғанда шанышқы дегенді білдіреді. Салқын закускалардан басқа пісірілген тамақтарды - жұлындарды, ыстық сосискаларды, кіші көлемдегі котлеттерді беруге болады.
Коктейльді стол - мұнда сакускалық тарелкалар мен ас үй құралдары жоқ, тек ағаштан және пластмассадан таяқшалар немесе кішкентай шанышқылар, жаңғақтар, жемістер, тұздалған печенье және бутербродтар - какапе - коктейльге өте жақсы закускалар. Айтпаса да түсінікті нәрсе коктейльдерді тек қана қонақтар бар жерде дайындаймыз.
Үстелге алдымен жұмсақ мата, үстіне крахмалданған дастархан төселеді. Үстел аяғын 25 см шамасында жауып тұруы керек. Тарелкалардың ара қашықтығы үстелдің шетінен 4 - 5 см алыс қойылады. Тарелкалардың оң жағынан пышақ, сол жағынан шанышқы қоямыз. Бокалдар мен фужерлер тарелкалардың алдына қойылады. Салфетка тарелканың үстіне қойылады.
Үстелде бір - біріне қарсы жақта ақ және қара нан кесіліп қойылады.
Үстелдің ортасына гүл мен жеміс салынған сауыттар қоямыз. Қалған бос орындарда салқын дәмдер салынған бірнеше салаттар қойылады.
Барлық дәмдерге арналған қасық, пышақ, шанышқы сусын шишалар қойылады. Дастарханға бірінші ыстық тамақ берер алдында, суық дәмге арналған тәрелкесі әкелінеді. Әр адам өз тарелкасына керегінше салып алады. Дастарханға десерт берілер алдында бокалдар мен фужерлерден басқа тағамдар мен ыдыстар жиналып алынады, десерттік майда ұсақ тарелкалар, пышақ, шанышқы, қасық қойылады. Шай немесе кофе ыдыстары десерттік тарелкалардың оң жағынан қойылады.
Фуршет дастарханының ыдыстары
Фуршет дастарханын жасақтау үшін шыны немесе хрусталь ыдыстарды қоюдан басталады. Фужерлер үстелдің 2 - 3 жеріне топтап, 3 - 4 данадан қояды. Шыны ыдыстардансоң фуршет үстеліне топтап салқын дәмдік пен десерттік тарелкалар қойылады. Салқын дәмдік тарелкаларды үстел шетінен 2 см және одан әрі 1, 5 - 2 см қашықтықта орналасады. Шанышқылар саны дестелердегі тәрелке санына сай, ал пышақ саны екі есе кем болады.
Қонақты топтастыру мәдениеті
Шақыратын кісілердің санын белгілеп, оларға бірнеше күн бұрын хабарлап қойған дұрыс. Келетін кісілерді қалай топтастырып қайда және кіммен бірге отырғызу жағдайын ойластырған жөн. Алдымен ең сыйлы қонақтарға орын сыйлаймыз. Мұндайда өзара тіл табысып сөйлесе алатын бір - бірімен жақсы таныс адамдарды, сондай - ақ қызметі мен мамандығы жағынан тіл тіл тауып әңгімелесе алатын кісілерді бірыңғай отырғызған жақсы. Ал бір - бірімен кикілжіңі бар адамдарды бір дастарханға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда бөлмелерінің түрлері және сауда бөлмелерін қызмет көрсетуге дайындау
Ыдыстарды таңдау, танертеңгі, түскі және кешкі асқа үстелді алдын-ала сервировкалау әдістерін үйрену, майлықтарды орау
Дайындау пішу цехы
Өңделетін шикізаттың сипаттамасы
Тұтынушылар нарығының жағдайы
Дербес компютердің анықтамасы
Кесте тігу өнері қазақ халқына ежелден таныс
Майлықтар
Күміс үйлену сценарийі
Медициналық әртүрлі құралдар
Пәндер