Ұжымдық қорғаныс құралдары



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:

Ұжымдық қорғаныс құралдары

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Жоспары

Кіріспе
1. Ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану
2. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Техникалар мен технологиялардың қауіпсіздігінің жалпы талаптары. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар. Қорғаулардың негізгі құралдары. Жабдықтарды жобалауға, жұмысшы жобалар мен эски здерді дайындауда, тәжірибелік үлгілерді шығару мен зерттеуде және сериялық өндірістердің берулерінде техникалық тапсырмаларды құрастыруда қауіпсіздікті талап етеді.
Технологиялық процестердің негізгі қауіпсіздік талаптары: жұмысшыларды алғашқы материалдармен, дайындамалармен, жартылай фабрикаттармен,дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын, зиянды әсер етулердің келісімдерін орнату; зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың туындауымен байланысты, технологиялық процестер мен операцияларды ауыстыру; технологиялық процес- тердің кешенді механизациялары мен автоматтандырулары, процестермен дистанциондық басқаруларды қолдану; жұмыскерлердің жеке және ұйымды қорғауларын қолдану; еңбекті рационалды ұйымдастыру және жұмыс істеушілердің демалысы.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары - тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау - маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

1. Қорғану құралдарын анықтау
Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық .
Емдеу-профилактикалық құрал - жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары.
Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы - тұрмыстық құралдармен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады . Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім - шарттармен анықталады . Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып , немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі .
Ұйымда міндетті түрде санитарлы - тұрмыстық орындар болуы қажет , оларға : кім ілу , жуыну , тазалау , дәретханалар , ішетін су орнатылған орындар , арнайы киімдерді жуып , тазалау орындары кіреді . Жұмыс берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс . Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергікелтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс .
Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдерін жұмысшы тарапынан әсерсіз оны ауыстыру қажет .
Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі .
Жеке қорғаныс құралдары ( газдан қорғану құралы , қорғану белдіктері , каскалар және т . б ) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы , ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақтылы жаңарып отыруы тиіс .
Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады .
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы - тұрмыстық құралдармен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныс жабдықтарын сақтаудыұйымдастырады . Профилактикалық өңдеуді және жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жөндеуді уақытында жасау керек. Егер бұл еңбек жағдайында талап етілетін болса , ұйымдарда кептіргіштер , қоймалар мен жеке қорғаныс құралдарына басқа да профилактикалық өңдеулер жүргізіледі .
Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау кезінде олар залалсыздандырылып , шаң тозаңнан тазартылуы , кептірілуі тиіс .
Жеке қорғаныс құралдарын өңдеу мен жөндеу өзара ауысу үзілісі немесе жұмысшылар жұмыс істеп жатпаған кезде жасалуы тиіс .
Егер жұмысшыларға екі немесе үш арнайы киім берілу нормамен қарастырылған болса , жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары басқа кездерде жасалады .
Қауіпті және зиянды жерлерде жұмыс істейтін ( сынап , қорғасын , этилді бензин , радиоактивті заттар ) жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары өз күшіндегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі .

Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Қадағалау мен бақылау органдары еңбекті қорғау туралы заңның бұзылғанын анықтаған кезде кәсіпорындар өз қаржылары есебінен еңбекті қорғау қорларына заңдарда белгіленген тәртіп пен мөлшерде айыппұл төлейді.
Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияны, өндірістік объектілерді жасаушылар мен дайындаушылар әлеуметтік сақтандыру органдары мен тұтынушылардың осы тәртіп бұзушылықты жоюдан шеккен зиянын, соның ішінде жазатайым жағдай мен кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік өтемдерге байланысты шығындарды өтейді. Зиян мөлшерін белгіленген тәртіппен төрелік сот белгілейді және өндіреді.
Өндіріс құралдары мен жаңа технологиялардың жобаларын еңбекті қорғау нормалары мен талаптарын бұза отырып жасаған және оларды өндіріске енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу ұйымдары тапсырыс берушілерге келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

Осы заң мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзге де нормативтік - құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес Уәкілетті органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінің кепілі

Мемлекеттік еңбек инспекторының өз құзыретіне сәйкес қызмет міндеттерін орындауына, тексеру жүргізуге жібермеу, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі қызметі туралы қажетті құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрінде кедергі жасайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғаудағы қамтамасыз ету саласындағы құқықтары.

ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді.
ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +200С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:
:: хлор - төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;
:: аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.
Аммиактан, метилхлоридтен,винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі.
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.
Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.

2. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары - тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау - маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея - 3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке қорғаныс құралдары ұжымдық қорғаныс құралдары
Жұмысшыларды қорғану құралдары
Медициналық қорғаныс құралдары
Құрылыс нысандарында қолданылатын жеке қорғаныс құралдары
ТЖ тұрғындарын қорғау формалары
Жеке қорғану құралдары
Жеке қорғаныс құралдары
Құрылыс нысандарында қолданылатын қорғаныс құралдары
Медицина қорғаныс құралдары
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету
Пәндер