Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Фариза Оңғарсынова өмірі мен шығармалары
1.1 Өмірі мен шығырмашылығы туралы очерк ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..6
1.2 Фариза Оңғарсынованың еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ЛИРИКАСЫ
2.1. Лирика тегінің табиғатына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Өнерпаздық тұлғасын дүйім жұрты танып - білген, елі мен халқына қадірі артқан, табиғат сыйлаған талантымен танылған поэзия тарланбоздарының шығармашылық өрнегінің өмірлік мұратқа айналып, зерттелуінің өзі - ғұмырлық рухани танымға ие заңды құбылыс.
60 - жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры - поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын.
Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние. Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану - алыптардан бастау алады. Көркем сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев өрбіткен баянды бағам - байлауды әдебиетші ғалымдарымыз М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, С.Сейітов, З.Ахметов, Ә.Жәмішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев т.б жалғастырды. Ақынның өз тұстастарынан және қаламдас іні - сіңлілерінен К.Ахметова, Н.Оразалин, Ә.Кекілбаев, С.Ерубаев, У.Қалижанов, А.Егеубаев, Т.Шапай және басқалардың пікір - пайымдарының мәні зор болды.
Жұмыстың мақсаты: Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф.Оңғарсынова лирикасы - қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Ақынның сан - салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Міне осы мақсатта ақын Ф.Оңғарсынова лирикасын талдап, өзімізше пайымдау мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбы етіп алдық.
Зерттелу деңгейі: Өткен жылдары ақын шығармашылығының толықтай талданған үлкен еңбекті өмірге әкелген ғалым З.Мүтиевтің зерттеуін айтқанымыз абзал. Ақын лирикасын топтастырып, жете зерттеген ғалым еңбегі лирик ақынның шеберлік сырларын толықтай ашады. Қазақ әдебиеттану ғылымында Ф.Оңғарсынова поэзиясының эстетикалық танымы мен ақын шығармашылығын байыптаған сыни еңбектердің қатарын академик С.Қирабаевтың (3), Р.Нұрғалиевтің (4), ақындар С.Сейітовтің (5), С.Мәуленовтың (6), әдеби сын мақалалары, зерттеулері де толықтыра түседі.
Күллі шығармашылық- өнерпаздық қабілет - талантымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып, ойлы да сыншы, талғампаз оқырмандарының көңілінен шыққан Фариза ақындығынның арнайы да мақсатты, сондай-ақ міндетті зерттеу сөзіне айналып, обьекті өрісіне імуі - өмір талабының пәрменіне сай рухани қажеттілік.
Ширек ғасыр бойына әдебиетпен бір жұптаса біте қайнасып кеш жатқан қаламгердің шығармашылық мұрасы туралы бірталай жазылып, бірсыпыра айтылып, әдепкі әдеби-ғылыми көзқарас, жүйелі негіз қалыптасса да қаламгер қайнарының қуат күшін, бұлақ бастауын жеткілікті өз дәрежесінде, аз биігінде, өз өлшемінде таразылай, бағымдай алды ма?! ... Яки, тақырып өзектілігі осындай идея-мұраттан туындап жатса керек. Өрт мінез ақынның мінезді жырларындағы әмірші өлшемдердің өнердегі өрісін кеңейтетін, өскелең жанрда қалай қызмет қалғанын, қандай өнеге қосқанын өрбіте-қорыту - біздің зерттеу жұмысымыздың міндетін алады. Ақынның лирикалық кейіпкері кім және анық автормен байланысып көрсету және көркемдеу - шеберші өрнектері сөз болмақ.
Ақын мұрасы сонау алпысыншы жылдардың нақ ортасында "Сандуғаштан"(1966) бастау алып, сексенінші жылдардың аяғындағы "Таңдамалыны"(1987) және "Қыз ғұмырға"(1966) дейінгі аралықты қамтиды. Ақын лирикасы "Маңғыстау маржандары" (1969), "Мазасыз жүрегіңдемін" (1975), "Шілде"(1978), "Сенің махаббатың" (1979), "Сұхбат"(1983), "Жүрек күнделігі" (1984), "Дауа"(1985), "Маңғыстау монологтары"(1986), "Екі томдық: Таңдамалы шығармалары"(1987), "Өсиет"(1995), "Қыз ғұмыр"(1996) және "Мен саған ғашық емес ем"(1999) сынды дүниелермен толықты. Осылардың ішінде "Маңғыстау монологтары" Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы.
Жазушы, әрі ғалым Ә.Шәріпов "Қазақ поэзиясы өрлеу үстінде" (1;212-213) аталатын мақаласында: "... Осы дәуірде келіп қосылған, қазір даусыз, жақсы талант есебінде жүрген қыз - келіншек ақындар жайында біраз сөз айта кету керек. Олар: Қ.Бұғыбаева, А.Бақтыгереева, Ф.Оңғарсыновалар. Бұлар бұрын аттары белгілі М.Хакімжанова бастаған Т.Әбдірахманова, Ә.Шалабаева, М.Айтқожиналардың тобына қосылған анық талантты, білімді ақындар" деп сол кезең көзқарасында байламын айта келе: "...Аз ғана қынжылатын жағдай - бұл аттары аталған қыз - келіншек ақындардың өлеңдеріндегі тақырып ауқымы, диапазон, азаматтық әуен әлі жетімсіз. Сондықтан да олардың даусы тым именшек шығып жатады. ...Даралану, ерекшелену, өсу байқалмайды. Тек, Ф.Оңғарсынованың соңғы топ өлеңдері оқушы қауымды бір сүйсіндіргені бар" деп айтқан болатын.
Ф.Оңғарсынова шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ә.Тәжібаев та өз бағасын берген: "Мен Фаризаның махаббат жырларынан бәрімізге ұқсамайтын өзгешелік көремін. Бұл қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ережелерге, канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын, өз сезімін ұрламай, жасырмай, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзиясында батыл жырлаған осы Фариза" (2) дей келе Ә.Тәжібаев ақын өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктеріне, жинақтағы бейнелі тіркестер қолданысына назар аударады.
Ақын Ф.Оңғарсынова поэзиясының шырқау биіктерге көтерілгенін өз дәуірінде танып, баға берген "алыптар тобының" өкілі Ғ.Мүсірепов: "Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін" деп ой түйген (31, 35).
Жұмыстың құрылымы: берілген жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Фариза Оңғарсынова өмірі мен шығармалары
1.1 Өмірі мен шығырмашылығы туралы очерк
60 - жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры - поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі. Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық Коммунистік еңбек газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық Лениншіл жас газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық Қазақстан пионері газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан Пионер журналының бас редакторы. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, Біздің Камшат повесі, аудармалары Жазушы, Жалын, Молодая гвардия баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған. Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние.
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді.

1.2 Фариза Оңғарсынованың еңбектері
Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, Біздің Камшат повесі, аудармалары Жазушы, Жалын, Молодая гвардия баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді. Жүрек сенсің... деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.
Бар сияқты менде де сана шыдам,
Жылағанды демеуге тағы асығам,
Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
Қорқам ардың айбалта - жазасынан.
Ақының творчествосына тән басты қасиет - шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. 1979 жылы жарық көрген Сенің махаббатың жинағындағы Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы - шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар
Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан. 1984 жылы Үйім - менің Отаным, Маңғыстау монологтары, Революция және мен өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, Құрмет Белгісі, Парасат ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
Қасым Аманжолов айтқандайын, ақын өмірбаяны өлеңдерінде екені рас қой. Фариза да өзі ғұмыр кешіп жатқан уақыттың жыршысы. Ол өз замандастарының, өз заманының өмірбаянын өз өлеңдерінде өрнектеп жүр. Сол себепті де оның тағдыр жолын толғаған жырлары онымен құрбы-құрдас бір ұрпақтың да өмір сыры.
Әйел жаратылысының нәзіктігі мен қылықтылығын, жаны мен тәнінің сұлулығын, махаббатының мөлдірлігін тап Фаризадай жарқыратып, сүйсінте жазған ақын жалғыз-жарым ғана. Әйелдің болмысындағы табиғи қадір-қасиетін, әсіресе мөлдір махаббатын, осы жолда кезігетін қызғанышы мен сүйінішін, рахаты мен ләззатын жеріне жеткізе иландыра, сүйсіндіре, тереңнен толғап жазған соң ғана ол мың сан оқырманға ой салуда.
Өз өлеңдері арқылы ақын біздерді - оқырмандарын жанарында мұңы жоқ, жамандықпен көре тұра күреспейтін, жылағанның қайғысын бөліспейтін, құлағанның қолтығынан демемейтін, бәріне риза, бәріне мәз, айналадағы адамдардың тіршілігінен, қоғамдағы өзгеріс-жаңалықтардан бейхабар әрі олардың не болып жатқанында шаруасы жоқ, безбүйрек, өзімшіл, өркөкірек пенделердің болмыс-бітімін айғақтайтын поэтикалық портреттерімен таныстырып, ондайлардан отауыңды оқшау қондыруыңды, сондай-ақ өзіңнің де сондай сүйкімсіз, сұмпайы мінезден аулақ болуыңды қалайтын қағидат-пікір пайымдап отыр.
Жүрегімен жыр қашаған ақынның өлеңдері өмірлік өнеге алатын ақиқаттан бастау алатын, жан сусынын қандыратын тас бұлақтың таза суындай. Ендеше жұртты ысырып, өзіне жол ашпаған, басқаларды баса-көктеп төрге озбаған, ешкіммен жең ішінен жалғаспаған, арзан атақ-беделге жармаспаған, әкімдерге жағамын деп көңілдерін ауламаған, дөкейлердің қолына су құйып, қызметінен түскенде соңына шырақ алып түспеген, жалған күліп, жорта жылағансып, өтірік жаны ашығансымаған, жалғандықпен жұғыспаған адамды ардақ тұтып, өмірінен өнеге алуды дәріптеген ақын алдында да, оның осындай қазақы қасиет, мінезге бай лирикалық кейіпкеріне де қалай басыңды имессің?!
Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте қателеспейміз,
Ақиқатын айтып, ағымыздан жарылар болсақ, Фариза Қазақ Елінің тұлғалы азаматы, көрнекті қоғам қайраткері. Бұл атаққа ол ақтаңгер ақындығымен де, тәуелсіздік жолындағы сіңірген жанқиярлық еңбегімен де өте лайық Азамат екендігі талассыз шындық.

2. ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ЛИРИКАСЫ
2.1. Лирика тегінің табиғатына шолу
Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы - поэзия.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау - Фариза туындыларының бір қыры.
Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы - махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.
Жүрек сенсің... деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.
Бар сияқты менде де сана шыдам,
Жылағанды демеуге тағы асығам,
Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
Қорқам ардың айбалта - жазасынан.
Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған:
Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,
Жасқаншақтап күйеудей ұрын келген.
Айтар сөзін көмейге көміп қойып,
Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен.
Ақының творчествосына тән басты қасиет - шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.
1979 жылы жарық көрген Сенің махаббатың жинағындағы Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
1984 жылы Үйім - менің Отаным, Маңғыстау монологтары, Революция және мен өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, Құрмет Белгісі, Парасат ордендерімен марапатталған.
Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану - алыптардан бастау алады. Көркем сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев өрбіткен баянды бағам - байлауды әдебиетші ғалымдарымыз М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, С.Сейітов, З.Ахметов, Ә.Жәмішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев т.б жалғастырды. Ақынның өз тұстастарынан және қаламдас іні - сіңлілерінен К.Ахметова, Н.Оразалин, Ә.Кекілбаев, С.Ерубаев, У.Қалижанов, А.Егеубаев, Т.Шапай және басқалардың пікір - пайымдарының мәні зор болды. Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф.Оңғарсынова лирикасы - қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Ақынның сан - салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы
Оңғарсынова Фариза
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Пәндер