КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы

8 778 105 84 95
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану.
8 778 951 61 32

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

20.09.2012 14:32
Бүгінде отандық білім беру мен бизнес саласы арасындағы әріптестік байланыс күшейіп келеді. Оған ел экономикасының - дамуына қажетті мамандықтар даярлаудың себепкер екенін ескер - сек, бұл арнадағы жұмыстар өз ретімен орындалуда. Бұл бағыттағы жүйелі жасалған жұмыстар екінші жағынан аймақтық бәсекені арттырары сөзсіз. Дей тұрғанмен, жасыратыны жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді көздейтін стандарттарға енді ғана көңіл бөлініп келеді. Осы ретте ірі кәсіпорындар кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуда.
Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар бас - талды. Кәсіптік-техникалық оқу орындары индустриалық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауға баса назар бөлді. Бұл орайда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласында осы мәселеге арнайы тоқталып кеткені - н айрықша айтуға болады.

Білім беру жүйесін дамыту - үшін елімізде аталмыш сала құрылымдық, мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда. Осы мақсатта қабылданған білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аталған мәсе - лелерді шешуге арналған ұлттық мамандар даярлаудағы негізгі қарқынды жоба болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орын - дары мен әлеуметтік серіктестіктердің байланысының жақсарғандығын осы секілді игі бастамалардан аңғару қиын емес. Жақында Сырдария ауданы, Бесарық ауылында өткен Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты атты ІІІ облыстық форум ынтымақтасты - ғымызды ілгерілету үшін жаңа идеялардың туындауына арқау болатын істердің алға жылжитынын бір дәлелдеп берді. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Бөрібеков, облы - с әкімі Б.Қуандықов, облыстық білім басқармасының бастығы А.Мұхимов және басқа да білім саласы жанашырлары қатысты. Жиын облыс әкімі - нің қатысуымен ауыл орталығында 140 орынға лайықталып салынып, қайта жаңғ - ыртылған Бөбек балабақшасының ашылуымен бастау алды. 2007 жылы ашылған мұнда әзірге 75 бала тәрбиеленуде. Балабақшадағы 24 қызметкердің 9-ы педагог болса, қалған - дары - техникалық қызметкерлер. Олардың қарауында бүгінде Сәби, Балапан, Балдырған секілді үш топ жұмыс жасайды. Балалар тәлім-тәрбие алатын балабақшаға өткен жылы 53 млн. теңге - ге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бал қылығымен тамсандырған бөбектермен жүздесу ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында салы - нған спорт алаңының салтанатты түрде ашылуына ұласты. Барлығы 2300-ге тарта тұрғыны бар ауылдағы спорт алаңының салынуына облыстық бюд - жетт - ен 6 млн. 205 мың теңге трансферт - телген. Көлемі 20х50 метрді құрайтын спорттық алаң ішінде теннис столы, баскетбол қақпасы, стритбол, брус және әткеншек те орналастырылған. Негі - зінде биылғы жылы аудан бойынша 5 спорт алаңы салыну керек болса, берекелі Бесарықтағы нысан солардың алғаш - қысы болып тұсауын кесті. Жыл соңына дейін тағы да дәл осындай 4 алаң ел игілігіне пайдалануға берілмек. Ал келер жылы ауыл орталығында аудандық бюджет есебінен сквер салынады деп жоспарлануда. Ауылдың көркейіп, жылдан-жылға қанат жаюы үшін Абзал - и К ЖШС жыл сайын белгілі бір мөлшерде қаржы бөліп тұрады, үсті - міздегі жылы ауылды ажарландыруға 30 млн. теңге қарастырылған. Айта кетейі - к, өндірісі өтімді бұл мекеме - аймағы - мыздағы жүйелі жұмыс жасап жатқан, кәсіптік білім беру саласына үлес қосып отырған бірден-бір әлеуметтік серіктестік.
Аймақтағы кәсіби техникалық маман - дар даярлап жатқан оқу орын - дары да бұл форумда өздерінің жұмыстарын таныстырғанды жөн көріпті. Мәселен, ауыл орталығында ұйымдастырылған кәсіптік лицейлердің қо - салқы шаруашылығында өндірілген өнімдердің жәрмеңкесі сөзіміздің дәлелі. Сонымен қатар білім алушылардың жаңа құрылғылармен жұмыс үдерісінің көрініс көрсеткені де форум қонақтарының көңілінен шықты. Мәселен, Мейрамхан Мұсаханұлы басқаратын Шиелі аудандық индустриялды-аграрлық колледж студенттерінің еңбегі еленбей қалмады. 2011 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан колледж цехы спорттық, әскери үлгідегі арнайы қазақша киімдерді тігумен айналысады. Тіпті ақылы негізде тапсырыс қабылдап, халыққа қызмет етуде.
- Аймақ экономикасына қажетті кәсіптік мамандарды даярлау мен шешімін таппаған мәселелерді саралау - ға арналған бүгінгі форум Елбасының Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласына орай ұйымдастырылып отыр. Ел Президенті - нің бағдарламалық мақаласы облыста жан-жақты талқыланып, үндеу қабылданған болатын. Бұл бағытта әлеумет - тік саясатқа жіті қабілетті және жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру облыс - халқының зор қолдауына ие болып отыр. Қазіргі кезде республикада еңбек білімін арттыруға, экономикамызды дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға, әрбір тұрғынның өзінің мүмкіндіктерін пайдаланып әл-ауқатын жақсартуға бар жағдай жасалуда. Бұл ретте біріншіден, Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы бойынша өңірімізде ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бағдарламаны іске асыру барысында 2010 жылы 14,1 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба мақұлданды. Бір ғана өндірістік инф - рақұрылымды дамыту бағытында аймақ - та 7 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде жалпы аумағы 44 га құрайтын өндірістік өнеркәсіп алаңы, 761 га құрайтын индустриялдық аймақ, Қамбаш дема - лыс аймағы, қуаттылығы жылына 6000 тонна ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы қолға алынған. Сонымен қатар Жұмыспен қамту - 2020 бағдар - ламасы бойынша өткен жылдың шілдесінен бері 1282 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 2346 адам әлеуметтік жұмыс және жастар тәжірибесі бойынша еңбек етуге жолдама алды. Экономикалық әртүрлі қызмет бойынша 415 адамға шағын несие берілді. Елді мекенде - рді дамыту бойынша 456 млн. теңге қаржы бөлініп, ауылдық елді мекен - дерді абаттандыру да жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі Бесарық ауылы да - мемлекеттік жекеменшік серіктестік есебінен дамытылып, абаттандырылған елді мекендердің бірі. Және де мемлекет бұл бағытта қосымша қаражат бөлетін болады. Аталған екі бағдарлама да халық тарапынан зор құрметке ие болып, табысты жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта да ауқымды шаралар атқарылатын болады. Бұлар - халықтың әл-ауқатын арттыруда, жұмыспен қамтуға арналған құнды құжаттар, - деді облыс әкімі Б.Қуандықов әріптестік форум барысында.
Түптеп келгенде, облыс халқының басым бөлігі ауылшаруашылық саласында еңбек етеді. Бірақ, облысты өзге аймақтармен қатар дамыту керектігін ескерсек, индустрияландыру бағытына негізгі басымдық беру керек. Оған республикада қабылданған индустриялық-инновациялық бағдарлама зор мүм - кіндік беріп отыр. Облыс бойынша инду - стрияландыру картасы аясында 122 млн. теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылды. Бұл - тек қана республикада белгіленген жобалар. Ал жалпы облыс бойынша жүзеге асырылған жобалардың саны 70-80-нің шамасында. Оның ішінде 2010-2011 жылдары 21 жоба жүзеге асырылып, жаңадан тек қана ірі жобалардың өзінде 2000-ға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылған болатын. Оның ішінде құрылыс материалдарын шығару, агроөнер - кәсіп саласында 8 жобадан, электрэнергиясын өндіру, мұнай-газ саласын тиімді пайдалану 2 жобадан және Жаңа - қорған ауданында қиыршық тас шы - ғару зауыты іске қосылғаны да көпке қуаныш сыйлады. Алдағы уақытта да инвестиция тарту аясын кеңейту қолға алынбақ. Жаңа технологиялар енгізі - ліп, заман - талабына сай зауыттар қатары да күн санап көбеюде. Сол себепті өндірістерде тұрақты жұмыс істейтін білікті кадрлар қажеттілігі туындайды. Кәсіпкерлер кәсіптік білім беру ошақтарымен серіктестік байланысын нығайтатын болса, қажетті маман даярлау жұмысы жолға қойылар еді. Жалпы, жастардың жоғары оқу орындарында білім алумен қатар кәсіптік білім алуының да ел дамуы үшін маңызы айрықша. Бүгінгі еңбек нарығында техникалық мамандық иелері инженер-құрылысшы, энергетик, механик, жобалаушы, геолог, сметчик, жоғары дәрежелі газэлектр дәнекерлеуші, жол жөндеу жұмыстарына қажетті машинистер, бетоншы, ағаш ұстасы секілді құрылыс мамандары тапшы. Сондықтан әлеуметтік серіктестіктер маман даярлап, оқытуға ынталы болуы қажет. Өндіріске қажетті жаңа технологиялармен жұмыс жасай алатын білікті кадрлар дайындауға қол жеткізілетін болады. 2013-2015 жылдары ірі және кіші өндіріс орындарында құрылыс және көлік байланыс саласында сұраныс 30 пайызға, машинистер мен операторларға 2 есеге - , тұрғын үй шаруашылығына 10 есеге дейін артады деп күтіліп отыр. Оларды даярлау - кәсіптік білім мекемелерінің міндеті. Сондықтан жергі - лікті бюд - жеттен жасақталатын тапсырысты Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасымен ұштастыру қажет екенін аймақ басшысы тілге тиек етуді ұмытпады. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орындары мен әлеуметтік серіктестіктерінің байланысын нығайтудың маңызы аса зор. Ел - басының халыққа кезекті жолдауында ел экономикасын дамыту, әлеуметтік ахуалды арттыру, еңбек нарығындағы мәселелерді шешу жолдары айқын көрсе - тіліп, нақты бағыт-бағдарлар бе - рілген. Сол себепті бірлесе жұмыс жасай - отырып, өңірдегі өзекті мәселені шешуге атсалысу керек-ақ. Бұл бағытта кәсіп - керлер жасап жатқан жұмыс ауқымын одан әрі кеңейтіп, игі жұмыстар жал - ға - сын табады деген сенім де жоқ емес.
Кәсіпкерліктің кең қанат жаюына аймақтың ресурсы, географиялық - жағдайы зор мүмкіндік береді. Өндірісті дамытып, тың бастамаларды іске асырамын деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетіндігін тағы бір еске салды аймақ басшысы. Мемлекетке қажетті мамандарды даярлау тек мемлекеттің міндеті ғана емес, бұл жұмысқа бизнес өкілдері, кәсіп - кер азаматтардың белсенді қатысулары өте қажет секілді. Сонымен қатар бүгінгі күні қос желілі білім беру үрдісі кеңінен дамып келеді. Бұл әлемдік тәжірибеде кәсіптік білім беру жүйесінің өрістеуіне оң ықпал етеді. Жиын соңында облыс әкімі аймақтағы бірқатар колледж басшыларына тәжірибе барысында қолданатын МТЗ-80, МТЗ-82 тракторла - рының, УАЗ фермер, ЭО-2621 экскаваторы мен ГАЗ-35071, Газель автокөліктерінің кілтін салтанатты түрде табыстады. Айта кетейік, осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған аталмыш форум бұл жолы Бесарық - ауылының төрінде түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты.

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында
Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. [1]
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оның міндеттерінің бірі ретінде Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәртебесін арттыру, оның ережесін, міндеттерін, құрылымын қайта қарау көрсетілген. Терминология мен термин мәселесінің тап қазіргі кезеңде қаншалықты маңызға ие болып отыр. Сондықтан Елбасының Жарлығымен бекітілген осы мәселе алдағы уақытта міндетті түрде шешімін табуға тиіс.
Терминология бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Қазіргі жаңа оқулықтарда термин сөздер көп келтірілген. Сөздікегі сөз бен оқулықтағы термин сөздер бір- біріне сәйкес келмейді. Кәсіби, салалық, ғылыми терминдердің әр жерде әртүрлі жазылуы бәрімізді де жаңылдырды. Қайбір басылымдар сөзжасамның неше түрлі нұсқаларын ұсынып жүр. Олардың принципіне сүйенсек, аударылмайтын бірде бір сөз болмауы керек. Қазақ тілінде термин қабылдаудың ғылыми принциптерін негіздеп, қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген, термин жасауда тіліміздің мүмкіндігін сарқа пайдалану керектігін жақтаған ғұлама ғалымдарымыздың бірі Қ. Жұбановтың өзі де халықаралық терминдерді жаппай аудара беруге болмайтынын ескерткен еді. Керек жерінде аударған жөн шығар. Алайда оңды-солды аударудың салдарынан жұрттың қылжағына айналған сөздер көбейіп, кейде өз сөзімізді өзіміз түсінбей жатамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына Жолдауында Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтты. [2]
Ал өткен жылғы Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын. [3]
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. [4]
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.
Кәсіптік лицей оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
* оқушының өз бетімен жұмысына;
* уақытын үнемдеуге;
* білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
* шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
* қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
* қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
* экономикалық тиімділігі;
* іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
* қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
* оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық технологияны пайдалану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын.
Лицейімізде жаңа заманға сай жабдықталған 2 информатика кабинеті бар. Информатика кабинеттеріне локальді желі орнатылған. Онда лицейдің оқушылыры мен оқытушыларының ақпараттық оқу құралдарын пайдалануға және әлемдік ақпарат жүйесіне еркін еніп, өз білімдерін тұрақты жетілдіруге жағдай жасалған. Қазіргі таңда лицейде 7 оқушыға 1 компьютерден келеді. Кәсіптік лицейде болашақ мамандарға 66 инженер-педагогтар мен өндірістік оқу шеберлері сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің көпшілігі дербес компьютерді меңгерген, арнайы білім курстарының сертификаттарына ие болған. Арнаулы пән оқытушылары К.Молдабаева, Ш.Баекеева, Е.Жұмағали оқу құралдарын аудару жұмыстарымен айналысуда.
Қазіргі лицейдің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Электрондық оқу құралы - бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.
Қазіргі таңда әдістемелік кабинетте медиотека жасалып, онда оқытушылардың 57 электрондық сабақтары бар. Оқытушылар электрондық сабақтар әзірлеу кезінде терминдердің қолданылуы мен жазылуына мән беруде.
Жаңа ақпараттық технологияларды кәсіптік білім беруде пайдаланудың тағы бір ерекшелігі - бітіруші түлектердің біліктілігін растау емтиханын ұйымдастыру және өткізу. Дербес компьютерлерге арнайы тест бағдарламалары енгізіліп, бітіруші түлектер бітіру емтиханының тест сұрақтарына өз бетінше дайындалу мүмкіндігіне ие болды. Соңғы екі оқу жылында лицейдің бітіруші түлектері тәуелсіз білімді бағалау тестіне қатысып, орташа көрсеткіш 76 ұпайға жетті. Әрине, бұл да ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың жемісі.
Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері - білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Пән оқытушылары білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында кәсіптік лицейдің оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет.
Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты мақаламды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
* кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал - жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
* кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
2. "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007
3. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008
4. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
5. "Информатика негіздері" журналы №1, 2007
6. "Қазақстан мектебі" журналы №8, 2004

Кіріспе
Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудыңжаңатехнологияларыныңбірі - ақпараттық технология. Ақпараттандырутехнологиясыныңдамуык езеңінде осы заманғасайбілімді, әрібіліктіжұмысшымамандарындаярлауо қытушыныңбастыміндетіболыптабылады. Қоғамдағыақпараттандырупроцестеріні ңқарқындыдамуыжан-жақты, жаңатехнологиянымеңгергенжекетұлғақ алыптастырудыталапетеді.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғниоқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады.Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
· Тұтынушының қолдану сапасында;
· Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Өзектілігі - қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Ақпараттық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты - білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Зерттеудің объектісі - бастауыш кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану үрдісі.
Зерттеудің бұйымы - оқытудың ақпараттық технологиясы арқылы оқушыларды және олардың білім деңгейін арттыруы.
Зерттеудің мақсаты - ақпараттық технологияларды пайдаланып, кәсіптік мектеп оқушыларының білімдерін кеңейту .
Зерттеудің міндеттері:
- білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу;
- жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;
- оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын технология пәніне оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақтау.
Зерттеу болжамы - егер,оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы кәсіптік мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасасақ,онда ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелей аламыз.
Қорғалатын жағдайлар - оқытудағы ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары.
Жаңашылдығы - кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

2.1 Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Ақпараттық технологиялар бүтіндей объектті зерттеу көзқарасынан, сонымен қатар бөлек құрылыстық құраушылар көзқарасынан да классификациялануы мүмкін. Әдетте ақпараттық технологиялар классификациясына кіретіндер: ақпараттың материалды тасығыш типі, ақпаратты техниканың даму деңгейі, адамның интеллектуалды қызметінің автоматтандыру мәртебесі және де т.б. Осындай әдістеме сәйкестлігімен ақпараттық технологиялардың келесі түрлерін белгілеуге болады: жаратылысты-табиғи, қағазды-механизацияланған, автоматтандырылған.
Жаратылысты-табиғи ақпараттық технология ақпараттың жаратылысты тасығышын (тастар, сөйлесу, адам миы), сонымен қатар жаратылысты каналдары мен оларды жіберу құралдарын (дыбыс, сәуле) қолданады. Мұндай технологияларда ақпарат субъекттен бөлінбеген, сондықтан олардың сақталуы мен жіберілуі қиын.Қағазды-механизацияланған ақпараттық технологияда ақпарат субъекттен бөлінген, оны сақтауға, жіберуге, өңдеуге болады. Ақпаратты сақтау негізінде қағазды тасығыштарда құжат ретінде өндіріледі. Ақпаратты өңдеу механизация элементтерін қолдану көмегімен жүзеге асырылады.Автоматтандырылған ақпараттық технология ЭЕМ-де қолдану, ақпараттық техника құралдарында және әр түрлі машиналық ақпаратты тасығыштарында негізделген. Берілген ақпараттық технология түріне білім деңгейіне дейінгі ақпаратт құрылымының жоғарғы деңгейі және адамның интеллектуалды қызметінің автоматизациясы тән болып келеді.
Өз кезегінде автоматтандырылған ақпараттық технологиялар төмендегілерге бөлінеді:
а) ЭЕМ-ді қолдану формасына қарай:
- жинақталынған, орталықтандырылған мәліметтер өңдеуіне негізделген;
- локальды, ЭЕМ тікелей маманның жұмыс орнында пайдаланылады;
- бөлінген немесе желілік, ақпаратты-есептеуіш желілерде қолданылатын есептеуіш техникасының құралдарының бірігуіне негізделген;
б) машиналық ақпараттар организациясы формасына және мәліметтердің қолданылатын құрылымы типтеріне қарай:
- файлдық жүйелерге негізделген ақпараттық технологиялар;
- мәліметтер базасына негізделген ақпараттық технологиялар;
- білім базасына негізделген ақпараттық технологиялар;
в) мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесінің типтеріне қарай:
- ақпаратты өңдеудің процесі функционалдық (операциялықпен) принцип (әрэлементтің артынан бір операция бекітіледі) бойынша ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;
- ақпаратты өңдеудің процесі пәндік принцип (тұйықсыз циклмен) бойынша ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;
г) адамның интеллектуалды қызметін автоматтандыру деңгейіне қарай:
- формальды модельдерді қолданумен тапсырмаларды автоматтандырылған шешім идеологиясына негізделген дәстурлі ақпараттық технологиялар;
- білім концепциясына негізделген және есептеу ортасына, формулировкаға, қойылымына пайдаланушының тікелей интеллектуалды рұқсатын қамтамасыз ететін және пәндік обласында тапсырмаларды орындайтын жаңа ақпараттық технологиялар;
д) функционалдық тағайындауына қарай:
- өндірісті-технологиялық ақпараттық технологиялар;
- организациялы-басқарулық ақпараттық технологиялар;
- ғылыми-зерттеушілік ақпараттық технологиялар;
- жобалы-құрылымдық ақпараттық технологиялар;
- білім берушілік ақпараттық технологиялар және т.б.
Практикалық қосымшалар сферасына байланысты глобальды, базалық және нақты ақпараттық технологиялар деп те бөледі.
Глобальды ақпараттық технология модельдерді, қалыптастыру әдісі мен құралдарын және ұйымда ақпараттық ресурсты қолдануды қамтиды. Базалық ақпараттық технология белгілі бір мәселелік облысқа бейімделеді (өндіріс, ғылыми зерттеулер, жобалау, білім және т.б.). Нақты ақпараттық технологиялар нақты объекттердің ақпараттық қамтамасыздандыру қызметіне белгіленген.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл - жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
· Компьютерлік бағдарламаланған оқыту - бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
· Материалды компьютердің көмегімен оқу - оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
· Материалды компьютер қоры негізінде оқу - алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
· Компьютер қорымен оқыту - білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
· Компьютердің көмегімен бағалау - өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
· Компьютерлік коммуникация - білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына - ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
* Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
* Ақпарат іздеу жүйесі;
* Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
* Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
* Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
* Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер - бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны ақпараттық революция деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:
1.ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;
2.жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;
3.оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
4.білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол
жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндеттіталаптар қатарын құрастыруға болады:
5.сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
6. Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;
7.желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
ОҚУШЫ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ РӨЛІ
Педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындығын дамыту мәселелері
Бағдарлама аясында білім беру жүйесіне енгізілген жаңа бағалау түрі - критериалды бағалау
Тұрақты даму талаптарына сәйкес, білім жүйесі
Қазіргі қоғамдағы маманның ролі
Жаңа технологияларды өз сабақтарымда қолдану тәжірибемнен
Қазақ тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқыту
Кәсіптік білім беру урдісі және қызды ұзатуға арналган көйлек өндеу технологиясы
Қазіргі тәрбиенің түрлері және оны ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер