Франциядағы бухгалтерлік есеп


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Франциядағы бухгалтерлік есеп»
Орындаған: Мақсотова А. Р.
Тексерген: Аймешева Ж. А.
Орал, 2012ж.
Жоспар
Кіріспе
1. Франциядағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
және шоттар жоспары
2. Францияда бухгалтерияны жүргізудің жалпы жоспарының
міндетті ережелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі.
Бухгалтерлік есептің объектісі болып ұйымның мүлігі, олардың міндеттемелері және өзінің қарекет етуі кезіндегі ұйымның шаруашылық жұмыстары.
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны:
-бухгалтерлік есепті пайдаланатын ішкі - басшыларға, ұйымдастырушыға, мүшелерге және ұйым мүлкінің иесіне және сыртқы - (инвестициялаушыларға, қарызшыларға және басқа да бухгалтерлік есептілікті қажет етушілерге керекті ұйымның қарекеті және мүліктің жағдайы жөнінде толық әрі сенімді мәліметтерді құрастыру;
-бухгалтерлік есепті заң бойынша жүргізу;
-шаруашылық қарекеттердің теріс нәтиже бермеуін және ішкі шаруашылық қорлардың қаржылай тұрақтылықты ұстауын қадағалау.
Бухгалтерлік есепті ұйымда есепші, ұйым жетекшісі және сыртқы ұйым жүргізе алады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:
• есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын;
• есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында толық көрсетілуін;
• есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін.
Негізгі бухгалтерлік есеп мектептерінің айырмашылықтарының жалпы сипаттамасы анықталған. Сонымен қатар экономикалық дамыған елдердің барлығында өз мүшелерінің жоғарғы біліктілік дәрежесіне кепілдік беретін және олардың біліктілік мүдделерін қорғайтын мықты жұмысшылар бірлестігі құрылған.
Әлемнің дамыған елдеріндегі жүргізілетін бухгалтерлік есеп жайлы ақпараттар берілген. АҚШ, Франция және Жапония мемлекеттеріндегі жүргізілетін есептің тарихтары, есептің жүргізілу барысы, есептілікті құжаттау және де бухгалтерлерді дайындау ерекшеліктері атап көрсетілген.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі -жалпы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Зерттеу пәні-АҚШ, Жапония, Франция және Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
1. Франциядағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
және шоттар жоспары
Қазақстан Республикасы үшін Францияның есепті ұйымдастыру тәжірибесі аса қызықты болып табылады. Мұнда есепті бағыттауда үкімет маңызды рөл атқарады, өйткені ол тек бизнесті қаржыландыру мүмкіндігін бақылап қана қоймай, сонымен қатар инвестор немесе несиегер ретінде болады. Демек, кәсіпорындар есеп жэне есептіліктің бірыңғай стандартын қолдануға, әсіресе макроэкономикалық жоспарды, үкіметтің экономикалық саясатын қолдауға міндетті. Мұндай жағдай үкіметтік органдардың жұмыс істеуін елеулі дәрежеде қысқартады жэне тиімділігін арттырады, бірақ та қазіргі жағдайда халықаралық қаржы нарығына шығуға және бизнес пен оның қаржылық несие берушінің арасындағы қатынастың өзгеруіне байланысты жағдай өзгереді.
Бұл елдің есеп жүйесін реттейтін заңға келетін болсақ, оның тарихы 1673 жылдан басталады, ол кезде Кольбераның бухгалтерлік құжаттарды жүргізу ережелер бөлімі енгізілген «Коммерциялық кодекс» қабылданған тұғын. Бухгалтерлік істің одан әрі дамуы Наполеонның тек қана Францияның есебіне емес, сонымен қатар өзге де елдердің есебіне үлкен әсерін тигізген кодекстің қабылдануымен жалғасты.
Қазіргі уақытта бухгалтерлік заңнамаларды 1957 жылы құрылған Бухгалтерия бойынша Ұлттық кеңес (БҰК) жүзеге асырады. Бұл қоғамдық ұйым, бірақ та экономика, қаржы және бюджет министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істейді, мейлінше тәуелсіз әрекет жасайды: оның төрағасы - үкіметтегі ықпалды тұлға, ал оның мүшелері - бухгалтерлік іс және аудит бойынша мамандар әр түрлі министрліктердің тағайындаған үкіметтік чиновниктер.
БҰК қызметіне бухгалтерлік іс нормаларын және бухгалтерлік құжаттардың нысандарын дайындау, сондай-ақ бұл саладағы әр түрлі зерттеулерді бағыттау және мүдделі тұлғаларға жеткізу жатады.
Тұтасымен бухгалтерлік есеп Француз компанияларында Сауда кодексі, 1966 жылғы Өндірістік сауда компаниялары туралы заңы, 1967 жылғы № 67/236 декреті, 1970 жылғы Ұлттық компаниялар туралы заңы, Капитал салымы кодексі және езге де кодекстердің талаптары негізінде құрылады.
Францияның бухгалтерлік есебінің негізгі құжаты - бухгалтерлік есеп шоттарының жалпы жоспары. Оны 1982 жылы Францияның Бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық кеңес қабылдаған [12] . 1947 жылы шоттар жоспары алғаш қабылданғандығын байқаймыз. Бухгалтерияны жүргізудің жалпы жоспары 1957 жылы қайта жасалған. Осы шоттар жоспарының негізінде ұлттық бухгалтерлік кодекс нысандарының негізі қаланған, онда бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша маман, неміс профессоры Юджина Шмаленбахтың ойы жатыр. Ұлтшылдардың келуімен Кельде Ю. Шмаленбах профессор атағынан айырылды, бірақ оның ойлары 1937 жылы Герингінің экономикалық жоспарында жүзеге асырылды. 1942 жылы Францияда осы ойларды бухгалтерияны жүргізудің жалпы жоспарын жасау кезінде негізгі амал ретінде қолданды. Франция босатылғаннаң кейін де үкіметтің мұндай жоспардан бас тартпауының екі себебі болды:
• көптеген компанияларды ұлттандыру істің жағдайын бақылауды және қызметтің дұрыс басқарлуын талап етті;
• өнеркәсіпті қалпына келтірудің бес жылдық экономикалық жоспары бірыңғай және бухгалтерияны жүргізуде жоспарды жүзеге асыру мақсатында қажетті ақпараттарды алу қажеттігін туғызды.
1982 жылы жоспар ЕЭО директивасына сәйкес нормативтік құжаттау блогінің түзетілуімен 1986 жылы кеңейтілді. Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп шоттарының жалпы ұлттық жоспары ЕЭО төрт директивасының талабына сәйкес келеді және келесі бөлімдерден тұрады:
1. Жалпы ережелер;
2. Терминологиялар;
3. Бағалау ережесі;
4. Пайда мен зиянды есептеу ережесі;
5. Компания топтары үшін бухгалтерлік құжаттардың жинағы;
6. Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу тәртібі;
7. Жыл сайынғы бухгалтерлік құжаттар;
8. Өзіндік құн есебі.
Есептің өзі мынандай қағидаларға негізделеді:
• фактілерді қолайлы және логикалық түсіндіретін орынды дәлелдеме;
• реттеушілік және сақтық, яғни занды нормаларға сәйкес келуі;
• шынайылылық - операция мәліметтерінің маңыздылығы және бухгалтердің біліміне негізделген заңнамалар мен тәртіптердің пайдаланылуын дұрыс қолдану;
• қасақана емес, шындықпен ақпараттарды ұсыну.
2. Францияда бухгалтерияны жүргізудің жалпы жоспарының
міндетті ережелері
Францияда бухгалтерияны жүргізудің жалпы жоспарының міндетті ережелеріне мыналар жатады:
1. Есептеу, яғни шығындардың келіп түсуінің есебі ақша құралдарының нақты ағымы деген терминмен жүзеге асырылады, қашан олардың іс жүзінде алынғандығына немесе шығындалғандығына байланысты болмайды.
2. Біркелкілік - құндық бағалау әдістемесі мен есептілікті ұсыну жалпы жағдайда қандай да бір елеулі өзгерістер болғанға дейін тұрақты жүргізілуін білдіреді. Әдістемені өзгерту қажеттілігі бухгалтерлік есеп түсініктемесінде мұндай өзгерістердің сапалық және сандық салдарының көрсетілуімен сипатталады.
3. Сатып алу құны, яғни бағалау сатып алу бағасы бойынша немесе компаниялардың өзі өндірген жағдайда даярлау өзіндік құнмен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдар төменде келтірілген әдістеме бойынша қайта бағалануы тиіс.
4. Активтер мен пассивтерді есептегенде өзара есептесуге жолбермеу.
5. Жыл соңындағы және келесі қаржылық жылдағы алғашқы баланстың ұқсастығы, яғни осы құжаттардың бір-бірімен сәйкес келуі. Егер өткен жылға жататын пайда мен зиянды белгілеу талап етілсе, оларды резервтерден көрсетуге болмайды, жылдық пайда мен зиян туралы есеп арқылы көрсету қажет.
6. Қаржылық жылдардың тәуелсіздігі, пайда мен зиянды өткен немесе алдағы кезеңге тәуелсіз сипаттауды білдіреді.
7. Жалғастыра жұмыс істеу, яғни есепте керсеткіштерді, былайша, компания қызметі болашақта шексіз ұзақ жүзеге асырылатын сияқты сипаттауды айтамыз. Егер компанияньщ өзі жойылу кезеңіне жетпесе, онда жойылу құнын қолдануға болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz