Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-география факультеті
Химия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
Орындаған: Шәді Айжан
Тексерген:
Орал, 2015
Жоспары
Кіріспе
1. Химия ғылымының дамуына еңбегін сіңірген ғалымдар
2. Эпикурдің және Демокриттің атомистік теориясы
3. Аристотельдің химия ғылымына қосқан еңбегі
4. Роберт Бойль және Джон Дальтон және А.Лавуазе еңбектері
5. М.В.Ломоносовтың химияға қосқан үлесі
6. Кольбенің және Менделеевтің химияғы қосқан үлес
7. Радикалдар теориясының негізін қалаушылар:
Я. Берцелиус пен Фридрих Вёлер
8. Химия ғылымының дамуына үлес қосқан
қазақстандық ғалымдар
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Химия -- жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз -- бізді айнала қоршаған материалдық дүние. Материя әрдайым қозғалыста болады. Неміс философы Ф. Энгельс: "Химия дегеніміз -- атомдар қозғалысы туралы ғылым, ол дененің сандық құрамының өзгеруінен болатын сапалық өзгерістерін зерттейді", -- деп атап көрсеткен еді. Физика молекулалар қозғалысын зерттесе, химия атомдардан молекулалардың түзілуін қарастырады. Химия ғылымы қазіргі жаратылыстану ғылымдарының маңызды бір саласы ретінде материя қозғалысының химиялық формасын, анығырақ айтсақ химиялық процестердің заңдылықтарын зерттейді.
Материя қозғалысының химиялық формасы деп отырғанымыз -- молекула ішіндегі атомдар қозғалысы әсерінен молекуланың сапалық өзгеруі. Оны іске асырып, тасымалдайтындар -- электрондар, атомдар, молекулалар, макромолекулалар, иондар, радикалдар, т.б.
Материя қозғалысының химиялық формасын (химиялық айналуларды) химиялық құбылыс немесе химиялық реакция деп атайды. Біздің айналамызда мұндай айналулар үздіксіз, тоқтаусыз жүріп жатады. Соның нәтижесінде бір заттардан екінші заттар пайда болады, кіші организмдер өседі, көбейеді, т.б.
Табиғатта болып жататын мұндай өзгерістерді химия басқа да ғылым салаларымен бірлесе отырып өзара тығыз байланыста зерттейді. Мысалы, химия және басқа ғылымдар физикалық заңдар мен әдістерді кеңінен пайдаланады. Қазіргі физикалық жетістіктерді пайдаланбай химияның дамуы мүмкін емес. Дәл осылай химиялық жетістіктерсіз физика да, басқа да ғылым мен өнеркәсіп салалары дами алмас еді. Басқаша айтқанда химия математикамен, физикамен бірлесе отырып күрделі биологиялық түзілістерді танып-білуге көмектеседі.
Химия -- күрделі, көп қырлы, іргелі ғылым. Ол басқа да жаратылыстану ғылымдары сияқты дүниені материалистік тұрғыдан түсінуге, диалектикалық ойлауға негіз береді. Химияның негізгі заңдылықтары табиғаттың жалпы заңдылықтарымен үндесіп жатады. Мысалы: көмірсутектердің молекуласындағы әр түрлі байланыстардың түзілуімен сәйкес қаныққан және қанықпаған косылыстар қасиеттеріндегі айырмашылықтардың болатынын білдіңдер. Бұл -- сан өзгерістершің сапа өзгерістерше ауысу заңын дәлелдесе, аминқышқылдары мен белоктардың екідайлы қасиеттерінің болуы -- қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңын өрнектейді. Сондай-ақ алкандар мен арендер қасиеттеріндегі ұқсастық (орын басу реакциясына қатысуы) терісті теріске шығару заңына бағынып, оралма бойынша дамуды көрсетеді. Ал табиғат дамуының қарапайымнан күрделіге өту заңдылығын сендер органикалық химияны оқу барысында үнемі кездестірдіңдер. Мысалы, қарапайым метаннан бастап, күрделі заттар -- жоғары молекулалық қосылыстар химиясына дейін осы заңдылық бірте-бірте енгізіліп отыр.

Химия дамуының барлық тарихы оның негізгі алдыға қойған мәселесін шешу жолында әдістеме-тәсілдердің ауысып отыруымен сипатталады. Химия ғылымының даму деңгейіне байланысты материя құрылымы, табиғаттағы заттардың құрамы, олардың бөлшектері -молекулалардың құрылымы туралы уғымдар да өзгеріп отырды.
XVIII ғасырға дейінгі химияның даму кезеңінде қажетті қасиеттері бар заттарды алу мәселелері көп жағдайда оңды нәтиже бере қойған жоқ. Табиғаттағы денелердің қасиеттерінің пайда болуы туралы екі удай пікір айтылған болатын. Антикалық уақыттың ұлы ғұламалары Демокрит (б.э.д. 470-380 ж.), Эпикур (б.э.д. 341-270 ж.) атомистік теорияны ұсынды. Олардың көзқарасы бойынша, барлық денелер көлемдері мен формалары әр түрлі атомдардан тұрады, ал бул атомдар олардың сапалық өзгешеліктерін түсіндіреді деген данышпандық көзқарасты устады.
Ал Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.) мен Эмподокл (б.э.д. 490-430 ж.) табиғатта кездесетін денелердің әр түрлілігі олардың қасиеттерінің: жылу мен суықтың, құрғақтық пен ылғалдың, жарық пен қараңғының тағы басқа тіркесіп келуі арқылы түсіндіріледі деп айтты. Кейінірек осы көзқарасты ортағасырлық алхимиктер де дамытты. Бул кезеңде табиғат туралы білім жүйесін қураған -- натурфилософия мен кәсіптік химия жеке-жеке дамыды.
Ал заттардың қасиеттерінің мәселесін шешу тәсілдері XVII ғасырдың екінші жартысында Р.Бойлдің еңбектерінде көрініс тапты.
Оның зерттеулері денелердің қасиеттері абсолютті емес, олар оны қураушы материалдық элементтердің сипаттарына байланысты екендігін көрсетті. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың басына дейін заттардың құрамы туралы ілім барлық сол кездегі химияны қамтыды. Ол қазір де химияның бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Химия ғылымдары дамуының екінші кезеңі немесе құрылымдық химия XIX ғасырды қамтиды. Химия дамуының бул кезеңі өндірістің мануфактуралық сипатының техникаға, кеңейтілген материалдық-шикізат базасына негізделген фабрикалық сипатпен алмасуы арқылы сипатталады.
Сол кездегі химия өнеркәсібінде өсімдік пен жануарлардан алына-тын заттарды өңдеу орын алды, олардың әрқайсысының ерекше сапалық ерекшеліктері болды, дегенмен, қурамы бірдей: яғни көбінесе сутегі, оттегі, көміртегі, күкірт, азот, фосфордан тұрды. Сонымен, зат-тардың жеке қасиеттері олардың химиялық құрамымен анықталмайтындығы белгілі болды.
Ал енді, осыдан кейін заттың құрылымы деген ұғым ғылымға енді. Химиктер заттардың қасиеттері мен сапалық жағынан әр түрлілігі олардың қүрамымен емес, молекулаларының құрылымымен анықталатындығына көз жеткізді.
Ал, зат қурылымымен таныс болғаннан кейін оны құрайтын моле-кулалардың атомдары қайсысы химиялық байланысқа жақсы қатысады, қайсысының қабілеті төмен деген сурақ туды. Себебі, зат қурамына кіретін барлық атомдар химиялық айналымға бірдей дәрежеде қатыспайды екен. Осыдан келіп, реакцияға қабілеттілік деген тағы бір ұғым химия ғылымына енді.
Өзінің екінші даму деңгейінде химия аналитикалық ғылымнан синтетикалық ғылымға айналды. Бул кезең органикалық синтез хи-миясының дамуымен байланысты.
Осы кезде тоқыма өнеркәсібіне арналған бояулар шығару, дәрі-дәрмек, жасанды жібек алу мүмкіндігі туды.
Бұл кезең -- құрылымдық химия кезеңі деген шартты атауға ие болды, оның басты жетістігі -- молекула қурылымы мен заттардың функционалдық белсенділігінің арасындағы байланысты анықтау болды.
Химия дамуының үшінші кезеңі -- XX ғасырдың бірінші жартысын қамтиды.
XX ғасырдың алғашқы жартысындағы автомобиль өндірісінің, авиацияның, энергетикалық, құрал-жабдық шығарудың дамуы мате-риалдар шығаруға жаңа талаптар қойды.
Жоғары октанды мотор отынын, арнаулы синтетикалық каучук пен пластмасса, беріктігі аса жоғары изоляторлар, органикалық және бейор-ганикалық полимерлер, жартылай өткізгіштер шығару қажеттілігі туды. Бүндай материалдарды алу үшін бурьінғы заттың қурамы мен қурылымы туралы химиялық білім жеткіліксіз болды. Құрылымдық химия зат қасиеттерінің температураның, қысымның, еріткіштердің тағы басқа факторлардың әсерінен өзгеретіндігін есепке алмаған болатын.
Осыған байланысты, осы кезеңде химия ғылымы процестер мен заттардың езгеру механизмі туралы ғылымға айналды. Осының нәтижесінде қурылыс жумыстарына қажетті ағаш пен металдың орны-на синтетикалық материалдар, тамақ шикізатттарын, олиф, лак, жуғыш заттар тағы басқа өндіруді қамтамасыз етті. Ал каучук, этил спирті, жасанды талшық өндіру мұнай шикізатына, азот тынайтқыштарын алу -- ауа азотына негізделді.. Енді үздіксіз жүйемен жумыс істейтін мунай-химия өнеркәсібі дамыды.
Егер 1935 жылы тері, резина, талшық, жуғыш заттар, лактар, олиф, сірке қышқылы, этил спирті толығымен тек жануарлар мен өсімдіктер шикізатынан алынатын болса, ал XX ғасырдың 60-шы жылдарында техникалық спирттің 100%-ы, жуғыш заттардың 80%-ы, олиф пен лак-тың 90%-ы, талшықтың 40%-ы, каучуктың 70% және тері материалда-рының 25%-ға жуығы газ және мүнай шикізаттарынан алынды. Соны-мен бірге химия жылына мыңдаған тонна малға азық-түлік ретінде қолданылатын мочевина мен белок және миллиондаған тонна тыңайтқыш берді.
Сонымен, химия өзінің дамуының үшінші кезеңінде заттар туралы ғылым емес, заттардың өзгеруі мен өзгеру механизмдері туралы ғылым болды.
Химия ғылымы дамуының төртінші кезеңі -- XX ғасырдың екінші жартысы. Бұл кезеңді эволюциялық химия кезеңі деп атайды.
Эволюциялық химияның негізінде химиялық өнімдерді алу про-цестерінде химиялық реакциялардың катализаторларын өздігінен жетілуге жеткізетін, яғни, химиялық жүйелердің өздігінен құрылуына әкелетін шарттарды пайдалану принципі жатыр. Буның өзін -- химияны өзіндік бір биологизациялау тәсілі деп қарастыруға болады.
Ал бұл процесс белгілі бір уақыт бойында дамиды және сыртқы жағдайларға тәуелді емес. Уақыт бул жерде маңызды фактор, өйткені химиялық жүйенің эволюциясы қарастырылып отыр.
Химиялық жүйенің негізінде әлемнің химиялық картинасы қалыптасады, яғни табиғатқа химиялық көзқараспен қарау. Оның негізгі мазмуны мынандай:
+ тірі және өлі табиғатты химиялық мағанада қарастыра келгендегі сол дәуірдегі химиялық білімнің қортындысы;
+ табиғат обьектілерінің барлық негізгі түрлерінің пайда болуы мен эволюциясы туралы түсінік;
+ табиғат обьектілерінің химиялық қасиеттерінің оның қурылымына байланыстылығы;
+ табиғат процестерінің химиялық қозғалыс процесі ретіндегі жалпы заңдылықтары;
+ тәжірбиелік жағдайда синтезделетін ерекше обьектілер туралы білім.
50-60 жылдарға дейін эволюциялық химия туралы ештеңе белгілі болған жоқ. Жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегін Чарлз Дарвиннің зволюциялық теориясы арқылы түсіндіруге тырысқан биологтардан айырмашылығы, химиктерді заттардың шығу тегі туралы мәселе толғандырмады. Ал, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, химиктерге өз обьектілеріне байланысты эволюциялық мәселелерді шешу мүмкіндігі туды. Эволюциялық химияны-химиялық жүйелердің өздігінен ұйымдасуы мен ездігінен дамуы туралы ғылым деп те атай-ды. Бул жерде химия биологиямен тығыз байланыс жасайды. Тірі организмдерде жүретін барлық процестерді химия тілімен, химиялық процестер арқылы беруге болады екен.
Расында, егер денедегі зат алмасу процесіне таза химиялық көзқараспен қарасақ (А.И.Опариннің тәжірибесін), біз уақыт тәртібін сақтайтын, өзара бір-бірімен байланысты бірнеше химиялық реакцияларды байқаймыз.
Тірі организмдердегі ереше кейбір қасиеттер, мысалы квбею, қозғалғыштық, қозу, сыртқы ортаның әсеріне жауап беру -- барлығы химиялық реакциялар арқылы түсіндіріледі.
Әрине, тіршіліктің барлық қубылыстарын химиялық жолмен түсіндіру қателік болар еді, бул тіпті дөрекі механистикальщ кезқарас ретінде қарастырылатын еді. Бұған химиялық процестердің тірі және өлі жүйелердегі жүруінің ерекшеліктері дәлел бола алады.
Қазіргі кезде химия үшін биологиялық принциптерді қолдану маңызды болып саналады. XX ғасырдың өзінде биологиялық процес-тер үшін биокатализдің үлкен әсері бар екедігін ғалымдар түсінген. Сондықтан химиктер тірі табиғатқа катализаторлар қолдану төжірибесін жасайтын жаңа химияны шығаруды мақсат етіп қойды. Ұқсас молекулалар синтездеу принциптерін, әр түрлі қасиеттері бар, ферменттер принципімен жұмыс істейтін катализаторлар қолданылатын химиялық процестерді басқарудың жаңа түрі шықты.
Химияның ғылымға айналуына алғаш қадам жасап, алхимия қағидаларына қарсы шыққан ағылшын ғалымы Роберт Бойль болды. Химияның нағыз ғылым ретінде дамуы 19 ғасырдан басталды. Негізін салушы ағылшын ғалымы Д.Дальтон болды. Осы кезеңдерде химияның іргетасы болып саналатын атом-молекулалық ілім (С.Канниццарро, А.Авогадро) қалыптасып, атомдық салмақ ұғымының (Дальтон), құрам тұрақтылық, еселік қатынастар, көлемдік қатынастар, Авогадро, эквиваленттер, электролиз (Майкл Фарадей), тағы басқа заңдар мен заңдылықтар ашылды. Орыс ғалымы Дмитрий Иванович Менделеев жасаған элементтердің периодты жүйесі химия ғылымының жүйесін анықтап, ондағы салалардың өзара байланысын ашты. Осы кездегі химия ғылымы периодтық заң негізінде дамып келеді. 19 ғасырдың 70-жылдарынан басталған химияның даму кезеңі органикалық химия дәуірі деп аталады.
Химия да басқа ғылымдар тәрізді адамзат қоғамының материалдық мұқтажынан туған. 18 ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген, ол кәсіптік, шеберлік ретінде ғана танылған. Көп ғалымдар химия әдістерін металлургияда, шыны, бояу өндіруде, дәрі жасауда қолданған. Орта ғасырлардағы химияның даму кезені алхимия дәуірі деп аталады. Алхимиктер жай металдың қасиетін өзгіріп, оны алтынға айналдыруға болады, ол үшін философия тасын табу керек, өйткені ол кез келген металды алтынға айналдырады деген.Алхимиктер еңбектері нәтижесінде көптеген маңызды заттар (қышқылдар, тұздар, сілтілер, элементтер т.б.) алу әдістері табылды.
Ағылшын ғалыми Роберт Бойль (1661) алхимия қағидаларына қарсы шығып, химияны ғылми жолға қоюға тырысты, химикалық элементке алғаш дұрыс анықтама берді. Ол затты ұсақтап бөле берсе құраушы элементтерге жететінін айтты, эксперимент арқылы анализ бен синтездің мәнін дәл анықтады, бірақ сол кезде кең тараған флогистон теориясының (1700) негізі қате болды. Бұл теория бойынша заттың жануы денеде алғаштан болатын жанғыш зат флогистонға байланысты. 1756 жылы М.Б. Ломоносов, кейін А. Лавуазье реакцияға қатысқан заттардың масса сақталу заңын ашып, химияны сапалық ғылымнан сандық (өлшемдік) ғылымға айналдырды. 19 ғасырда ғана атом-молекула ілімінің (С. Канниццарро, Авогадро Амедео) негізі қаланды, атомдық салмақтың (Дж. Дальтон), қурам турақтылық заңы мен еселі қатынас заңы ашылуының үлкен маңызы болды. 19 ғасырдың бас кезінде электр тогы көмегімен күрделі заттарды ыдырату арқылы сілтілік және сілтілік-жер металдар алынды. Элементтер туралы ұғым, атом-молекула теорияның қалыптасуы өсімдік пен жануарларға тән заттарды зерттеуді қажет етті, сөйтіп органикалық химия қалыптаса бастады. Органикалық заттар жайлы мәліметтердің жиналуы олардың химия табиғатын тануға көмектесетін теориялардың (унитарлы теория, типтер теориясы, радикалдар теориясы) шығуына себеп (1857) болды. 1857 жылы Ф.А. Кекуленің көміртек атомының 4 валентті екендігін табуы, соған байланысты көміртекті тізбектердің түзілу мүмкіндігінің анықталуы органикалық заттардың классификациясына жеткізді.
Дмитрий Иванович Менделеев. Химияның ғылымға айналуына алғаш қадам жасап, алхимия қағидаларына қарсы шыққан ағылшын ғалымы Р.Бойль болды. Химияның нағыз ғылым ретінде дамуы 19 ғасырдан басталды. Негізін салушы ағылшын ғалымы Д.Дальтон болды. Осы кезеңдерде химияның іргетасы болып саналатын атом-молекулалық ілім (С.Канниццарро, А.Авогадро) қалыптасып, атомдық салмақ ұғымының (Дальтон), құрам тұрақтылық, еселік қатынастар, көлемдік қатынастар, Авогадро, эквиваленттер, электролиз (М.Фарадей), тағы басқа заңдар мен заңдылықтар ашылды. Орыс ғалымы Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодты жүйесі химия ғылымының жүйесін анықтап, ондағы салалардың өзара байланысын ашты. Осы кездегі химия ғылымы периодтық заң негізінде дамып келеді. 19 ғасырдың 70-жылдарынан басталған химияның даму кезеңі органикалық химия дәуірі деп аталады.

Ағылшын ғалыми Р. Бойль (1661) алхимия қағидаларына қарсы шығып, химияны ғылми жолға қоюға тырысты, химикалық элементке алғаш дұрыс анықтама берді. Ол затты ұсақтап бөле берсе құраушы элементтерге жететінін айтты, эксперимент арқылы анализ бен синтездің мәнін дәл анықтады, бірақ сол кезде кең тараған флогистон теориясының (1700) негізі қате болды. Бұл теория бойынша заттың жануы денеде алғаштан болатын жанғыш зат флогистонға байланысты. 1756 жылы М.Б. Ломоносов, кейін А. Лавуазье реакцияға қатысқан заттардың масса сақталу заңын ашып, химияны сапалық ғылымнан сандық (өлшемдік) ғылымға айналдырды. 19 ғасырда ғана атом-молекула ілімінің (С. Канниццарро, А. Авогадро) негізі қаланды, атомдық салмақтың (Дж. Дальтон), қурам турақтылық заңы мен еселі қатынас заңы ашылуының үлкен маңызы болды. 19 ғасырдың бас кезінде электр тогы көмегімен күрделі заттарды ыдырату арқылы сілтілік және сілтілік-жер металдар алынды. Элементтер туралы ұғым, атом-молекула теорияның қалыптасуы өсімдік пен жануарларға тән заттарды зерттеуді қажет етті, сөйтіп органикалық химия қалыптаса бастады. Органикалық заттар жайлы мәліметтердің жиналуы олардың химия табиғатын тануға көмектесетін теориялардың (унитарлы теория, типтер теориясы, радикалдар теориясы) шығуына себеп (1857) болды. 1857 жылы Ф.А. Кекуленің көміртек атомының 4 валентті екендігін табуы, соған байланысты көміртекті тізбектердің түзілу мүмкіндігінің анықталуы органикалық заттардың классификациясына жеткізді.
Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу әдістері, аса маңызды өндірістік, өнер-кәсіптік мәні бар ғылымға айналды.
Химия ғылымының қоғамдағы практикалық мәселелерді, табиғат дамуы туралы материалдық көзқарастарды шешу мен жаңа заттар, дәрі-дәрмек, энергия мен отынның жаңа көздерін табу, тағы басқа адамзат қажетіне керекті көптеген заттар алуда маңызы зор. Қазақстанда Химия ғылымы мен Химия өнеркәсібі 1930 - 1990 жылы қарқынды дамыды. Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу әдістері, аса маңызды өндірістік, өнер-кәсіптік мәні бар ғылымға айналды. Атомдар мен молекулалардағы электрондарды сипаттайтын кванттық механика заңдарының ашылуы химиялық әрекеттесудің табиғатын анықтады. Заттардың қасиеті және құрылымымен қатар олардың өзгерістері кинетикасының заңдылықтары ашылуда, әсіресе химиялық реакциялардағы аралық өнімдер көбірек зерттелуде. Заттар мен процестерді зерттеуге осы күнгі физикалық әдістер мен құралдар (рентген структуралы анализ, спектроскопия т.б.) қолданылуда.
Заттарды қолдану үшін қасиеттерін анықтау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандық ғалымдар
М.И.Усанович
Д.В. Сокольский
А.Бектұров
Б.А.Бірімжанов
М.И. Козловский
О.А.Сонгина

Органикалық заттар адамға өте ертеден таныс болды. Себебі адамның өмір сүруіне ең қажетті заттар -- ішетін тағам, киетін киім, жағатын отын, т.б. органикалық заттар еді. Уақыт өте келе адамдар табиғи органикалық шикізатты өңдеп, өз қажетіне пайдалануды үйрене бастады. Ерте кездің өзінде-ақ адамдар тамақ пісіруді, тері илеуді, жарақаттарын жазатын дәрілер (майлар) дайындауды, малдың сүтін өңдеуді, сусындар дайындауды білді. Бертін келе адамдар өсімдіктерден бояулар алып, тері мен матаны бояуды, қант өндіруді, сабын жасауды, сірке суы мен өсімдік майын алуды үйренді. Осылай адамның пайдаланатын заттары көбейіп, өндіретін өнімдерінің саны өсе берді.
Алғашқыда адамдар шығу тегіне байланысты заттарды минералды, өсімдік тектес және жануар тектес деп үш топқа бөлді. XIX ғасырдың басында аналитикалық тәсілдер арқылы өсімдік тектес заттар мен жануар тектес заттардың құрамдары және қасиеттері ұқсас екені байқалды. Олардың бәрінің құрамында көміртек атомдары болатыны дәлелденді. Осы кезден бастап заттарды жінералды және органикалық деп екіге бөлді.
Көміртектің қосылыстары туралы ғылым XIX ғасырдың басында пайда болды. Швед ғалымы Й. Берцелиус 1808 жылы тірі организмнен алынатын заттарды органикалықк заттар деп, ал оларды зерттейтін ғылымды органикалық химия деп атауды ұсынды. Бірақ ол органикалық заттар ерекше тіршілік күшінің әсерінен тірі организмдерде ғана пайда болады деп есептеді. Мұндай ғалымдардың түсініктері виталистік көзқарас болды (лат. vita -- өмір деген сөз) және ол кезде барлық органикалық заттардың негізінде көміртек атомы жататыны белгісіз болды. Виталистік ілім органикалық заттардың адам қолымен алынуын жоққа шығарып, органикалық химияның дамуына кедергі келтірді.
Көп уақыт өтпей-ақ көптеген органикалық заттар синтезделіп, жасанды жолмен алына бастады. Неміс ғалымы Ф. Велер 1828 жылы бейорганикалық зат -- аммоний цианатынан мочевинаны (несепнәр) синтездеді. Сол сияқты орыс ғалымы Н. Зинин анилинді (1842 жылы), неміс ғалымы Г. Кольбе сірке қышқылын (1845 жылы), француз ғалымы М. Бертло майды (1854 жылы), орыс ғалымы А. Бутлеров қантты заттарды (1861 жылы) синтездеп алды. Осылай органикалық заттарды да бейорганикалық заттар сияқты лабораторияда алуға болатыны дәлелденді.
Бұл ғалымдардың еңбектері органикалық және бейорганикалық заттардың араларында тығыз байланыс бар екендігін және олардың бір-біріпе айналулары мүмкін екендігін көрсетті.
Органикалық химияның жеке ғылым ретінде бөлінуінің басты себебі, органикалық заттардың бәрінің құрамына көміртек атомы кіреді және олардың саны өте көп, түрлері әр алуан. Тағы бір себеп -- органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғандағы қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты. Үшінші себеп -- адамдардың тіршілігі мен іс-әрекетінде органикалық қосылыстардың маңызы зор. Сонымен қатар органикалық заттар биологиялық жағынан маңызды. Тірі организмдерде жүретін процестер органикалық заттардың қатысында өтеді. Биологиялық процестердің жүруін реттеп, катализдеп отыратын гормондар, витаминдер, ферменттер -- органикалық қосылыстар. Ішетін тағамымыз, негізінен, органикалық заттар. Киетін киіміміз, жағатын отынымыз да органикалық заттардан тұрады. Дәрі-дәрмектер мен жуғыш заттар, қағаз бен бояулар, синтездік каучук пен резеңке, желім мен лак, жарылғыш заттар мен органикалық тыңайтқыштар, т.б. органикалық заттарға жатады.
Тамақ, фармацевтика, талшық, каучук, резеңке, пластмасса, шайыр (смола), бояу өнеркәсіптері, газ, мұнай, көмір өндіру мен өңдеу органикалық химия өидірістерінің негізгі салалары болып табылады.
Берцелиус Йенс Якоб (1779 -- 1848) Швед химигі. Химияның негізін қалаушылардың бірі. Органикалық зат, органикалық химия және катализ ұғымдарын енгізді. Органикалық қосылыстардың элементтік құрамын анықтаумен айналысты. 45 химиялық элементтің атомдық массаларын анықтады. Церий (1803 жылы), селен (1817 жылы), торий (1828 жылы) элементтерін ашты. Химиялық элементтердің қазіргі қолданылып жүрген таңбалары мей химиялық қосылыстардың формулаларын енгізді (1814 жылы). Бейорганикалық химияның заңдарын органикалық қосылыстарға алғаш қолданды. Химия оқулығын (1843 жылы) жазды және жыл сайын шығатын Химия мен физиканың жетістіктерін шолуды құрастырып отырды.
Велер Фридрих (1800-1882) Неміс химигі. Органикалық химияның негізін қалаушылардың бірі. Изомерлену құбылысын зерттеді, көптеген жаңа қосылыстарды алудың жолдарын тапты. 1828 жылы циан қышқылының аммоний тұзын буландыру арқылы мочевинаны синтездеп, алғаш рет бейорганикалық заттан табиғи органикалық қосылысты жасанды жолмен алуға болатынын көрсетті.
Органикалық химия - химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы. Органикалық химияның органикалық заттардың синтезі мен құрылымын анықтауда, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістіктік орналасуын және химиялық реакция механизмін белгілеудегі мүмкіндіктері шексіз. Сонымен қатар ол ғылым мен техниканың жаңа салаларының пайда болуына және дамуына ықпал етеді. Органикалық химия терминін алғаш 1808 жылы швед химигі И.Берцелиус (1779 - 1848) ұсынған. Бұл термин ол кезде тек тірі организмдермен ғана байланыстырылып түсіндірілді. 19 ғасырдың аяғында көптеген зерттеулер нәтижесінде органикалық қосылыстар синтезделіп, ол түсінік жоққа шығарылды. Органикалық химияның ғылым ретінде дамуы осы кезден басталады. Органикалық химияның дамуында 1861 жылы А.Бутлеров ашқан органикалық заттардың құрылыс теориясы маңызды орын алады. Осыған байланысты органикалық химияға химиялық байланыс, молекулада атомдардың байланысу реті, олардың өзара әсері, т.б. жаңа ұғымдар енді. Бутлеровтың құрылыс теориясы осыған дейін белгісіз болып келген изомерия құбылысын толық түсіндіре алды. Одан басқа: типтер теориясы, фрагменттердің молекуладан өзгеріссіз жаңа молекулаға өтуі, валенттілік ережесі, бензолдық теория, құрылыс, изомерия құбылысы, молекуладағы атомдардың кеңістіктік орналасуы, атомдардың өзара әсер теориялары, т.б. көптеген жаңалықтар органикалық химияны одан әрі дамытты. 20 ғасырдың басында талдаудың жаңа физикалық әдістері жасалып, жетілдірілді: хроматографиялық, ЭПР, рентген, құрылымдық талдау, масс-спектроскопия, ядролық-магниттік резонанс, инфрақызыл және ультракүлгін-спектрометриясы, т.б. Бұл әдістер химиялық әдістерді қолданбай-ақ, күрделі органикалық заттардың құрылымын тез және дәл анықтау мүмкіндігін берді.
Этилформиат
1915 - 1916 жылдары химияға кванттық механика әдістерін қолдануға байланысты органикалық қосылыстарда электрон және оның тығыздығының таралу табиғатын түсінуге мүмкіндік туды (мезомерия және резонанс теориясы). 20 ғасырдың 2-жартысында тізбекті реакциялар теориясы, қышқыл-негіз және гетерогендік катализ теорияларын түсінуге жол салған зерттеудің кенетикалық әдістері қолданыла бастады. Әсіресе сұйық отын тапшылығы туғанда Бергиус реакциясы арқылы көмірді сұйық көмір сутектерге гидрлеу орын алды (1912 - 1913). Полимерлер химиясы кең өріс ала бастады. 1897 - 1999 жылдары полимерлеу нәтижесінде каучук, медицина мен техникада қолданылып жүрген бластомерлер алынды. Ал 1936 жылы синтетикалық полимерлер найлон, тефлон синтезделді. Полимерлер химиясы жоғары молекулалы қосылыстар деп аталатын химияның үлкен бір саласына айналды. Органикалық химияда бояулар химиясы ерекше орын алады. Бұл саланың дамуында неміс химик-органигі А.Гофман (1818 - 1892) лабораториясының еңбектері зор болды. 1856 жылы ең алғашқы синтетикалық бояғыш - мовеин, ал 1858 жылы фуксин алынды. Бояғыш заттар фотография ісінде кеңінен қолданыла бастады. Қазақстанда органикалық химия өткен ғасырдың 30-жылдарынан дами бастады.
Цефуроксим
Оның негізін салушы ғалымдар: А.Ш. Шәріпханов, И.Н. Назаров, И.Н. Азербаев, Т.І. Шомбалов, Н.Н. Воронцов болды. Олар өз зерттеулерін екі бағытта жүргізді: жаңа органикалық заттар синтездеу және Қазақстан өсімдіктерінің химиялық құрамын зерттеу. Зерттеулердің мақсаты синтез жолымен және өсімдіктер дүниесі негізінде дәрілік, биологиялық белсенді заттар алу. Қазақстанның органик ғалымдары гетероциклді және ацетилен қосылыстары негізінде нәзік органикалық синтезді жүзеге асырып, дәрілік препараттар "Рихлокаин", "Алмакаин", "Цефедрин", "Пирикаин", "Просидол", өсімдік тектес препараттар "Алхидин", "Рамон", "Сүттіген", т.б. синтездеп, өндіріске енгізді. Органикалық химия басқа пәндермен (биохимия, агрохимия, медицина, т.б.) тығыз байланысты. Ол тірі организмдердегі биохимиялық процестерді анықтап, көптеген ауруларды емдеудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. Органикалық химияның жетістіктері қазіргі кездегі өндірісте (өсімдік өсуін реттеуіштер, бояу, жасанды каучук, жанармай өндіру) кеңінен қолданылады.

Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.
Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.
Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм (салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты. Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Демокрит ертедегі гректерден шыққан тек материалист. Демокрит (шамамен б.д.д. 460-371жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: Пифагор, Планеталар туралы, Табиғат туралы, Адам табиғаты туралы, Ақыл-ой туралы, Үлкен әлем құрылысы, Кіші әлем құрылысыт.б.
Демокрит атомистер философиясының өкілі. Атомистер дүниені атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірнді.
Ол өзінің атомистік ілімінде дүниенің алғашқы негізін құрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін әрі қарай бөлінбейтін ұсақ бөлшектер - атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Бұл теория бойынша барлық дүниедегінің негізі - сансыз көп атомдарды. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарай ерекшеленеді, олар сезіммен қабылданбайды, тек ақылмен пайымдалады. Ол атомдар бос кеңістікте қозғалады, яғни атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады (жан - жаққа сенделуде, ұшуда, түрлі бағытта қозғалыста болады) және бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.. Атомдар бос кеңістікте солқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса, олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар қиындатып қозғалысқа түседі де ортасында ауыр салмақты атомдар, ол шетке таман -- жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, Жер мен Аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан -- от , ауа және ауа құйыны қуып жүрген жұлдыздар пайда болады.Атом мен бос кеңістік - бірден - бір шындық. Кеңістікте қозғалушы атомдар өзара қосыла отырып, түрліше заттарды, денелерді түзеді.
Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз де зат, ол ерекше атомдардан, яғни жеңіл және тез қозғалуға бейім атомдардан құралады. Демокрит осы принципімен таным процесінде түсіндіреді. Таным дегеніміз заттардың бетінде ағып жүретін атомдарды қабылдау. Олар - заттармен құбылыстардың бейнесі.
Демокриттің атомистік теориясы әр түрлі ілімдерде, мәдениет тарихына көзқарасында, моральды зерттеуінде және т.б. данышпан ойларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік берді.
Ежелгі Римде Демокриттің атомистік теориясын одан әрі дамытқан Эпикур (б.б.д. 341-270 жж.) болды. Ол этиканы, онтологияны, таным теориясын дамытты. "Атомдар қозғалысының себебі, - деді ол, олардың ішкі қасиеті - ауырлығы". Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады. Эпикур философиясында негізгі орын алатыны этика. Эпикурдың пікірінше, философияның негізгі мақсаты - адамның бақыты. Адам өлімнен, о дүниеден, қайғыдан қорқады. Екінші жағынан, адам сұлулыққа, өмір рахатыңа ұмтылады. Бұл ілімнің басты идеясы - өмірдегі құмарлықтардың ішінде материалдық куаныштарға еш ойланбастан бірінші жол беру.
Эпикур (б.з.д.341- б.з.д.270) -- ежелгі грек философы, Афина қаласында эпикуреизм философиясының негізін қалаушы ("Эпикур бағы" деп те аталады). Эпикур Аристипптің (Aristippus) Гедонизм (рахатқұмарлық) идеясын жетілдіріп, оны Демокриттің атом теориясымен бірлестірді. Оның философиясының негізгі ұстанымы ешбір шектеу мен мазалауға ұшырамайтын жан тыныштығы күйіне жету болып табылады.
Эпикур б.з.д.341 жылы Самос аралында туылған. Әке-шешесі Афиналық болып, 18 жасында Афина қаласына оралады. Сосын ол Кіші азияға барып, онда Демокрит философиясының ықпалына ұшырайды. Б.з.д.307 жылы ол Афина қаласында мектеп ашқан және өмірінің соңына дейін сонда болған.[1] Аңыздар бойынша аталған мектеп Эпикурдың үйі мен бағында болған, сыртқы өмірден бөлініп оқшау қалған, сондықан оны "Бақ философы" деп те атайды. Оның ауласында мынадай жазу жазылған делінеді:
'Бейтаныс, сен мұнда рахат өмір кешіре аласің. Ал, шаттық барлық ізгіліктің негізі есептеледі
Эпикур мектебі Сократ және Платон мектебіне ұқсамайды. Өйткені Эпикуршылдар жауапкершілік пен қоғамдық істерден саналы бас тартуды көбірек дәріптейді. Эпикурдың айтуынша, ең жоғарғы ізгілік ол шаттық, қуанышы жоқ жердің ізгілігі де жоқ. Шаттық денелік және рухани шаттық деп бөлінеді. Эпикур белсенді шаттық пен тыныштықтағы шаттықты ажырата білді және тыныштықтағы шаттықты жоғары бағалап, "қанағаттану ішіндегі мастана рахатқа бату" деп түсіндірді.[2]
Сондай-ақ, Эпикурдің дәріптеуінше, біз бір істі, не әрекетті жағымды, рахатты сезінген кезімізде, содан туатын қосымша салдары мен зардабына да көңіл бөлуге тиіспіз. Уақыттық рахатқа берілумен бірге, тіпті де зор, тіпті де баянды, тіпті де күшті рахатқа қол жеткізу мүмкіндігін қарастыруға тиіспіз. Оның айтуынша, дене рахатының көбі бізге мәжбүрленіп таңылған нәрсе, ал рухани рахатты біз басқара аламыз. Сондықтан, достасу, өнерден ләззат алу дегендер тіпті де маңызды деп есептеді. Бірақ, біз өз нәпсімізді тізгіндей білсек, тіпті қиналған кезімізде де жан тыныштығына жетуге мүмкіндік болады..
Эпикур Демокриттың атом теориясын жақтады, бірақ ол атомдар қозғалысы жаратылыс заңдарына бағынады деп есептеді. Эпикур дінді терістеді, Құдай ең жоғарғы заң бекітуші емес деп есептеді, сондықтан сөзсіздік заңдарына бағына беруді қаламай, қажеттілікті көзге ілмеуді дәріптеді.[3]
Эпикур парадоксі (Epicurean Paradox) өте әйгілі болды. Сондай-ақ ол Демокриттің "рух та атомнан құралады" деген тәлімін жақтап, адам өлген соң рух атомы денеден бөлініп кетіп, жан-жаққа таралып кетеді, сондықтан өлген соң өмір болмайды деп есептеді. Ол былай деді:
Эпикур ілімі Аристотель секілді ғылыми, логикалық дәстүр қалыптастырған жоқ. Бірақ, оның еркін ойлау ұстанымы мен соқырсенімге қарсы саналы тәжірибесі Рим империясының алғашқы гүлденген, күшейген кезіндегі жоғары жік элитасының, тіпті императорларының ұстанымы болды. Дегенмен, қазір Эпикуризм деген сөз көбінесе рахатқұмар адамдарды суреттеуге көбірек қолданылады.
Бір айта кетерлігі, Карл Маркстің докторлық диссертациясының тақырыбы: "Демокрит пен Эпикурдың табиғат философиясындағы айырмашылықтар" деп аталады.

Аристотель (б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі -- б.з.б. 322 ж. 7 наурыз[1], Халкида, Эвбея аралы) -- ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (ұлы Александр) ұстазы, адамзаттың бірінші ұстазы деген құрметті атаққа ие. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған философиялық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің Ескендір поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.
Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.
Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты философиялық жүйені құрды.
Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.
Оның алты кітаптан тұратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz