Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2017ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
1.1 Химиядан жүргізілетін сыныптан тысжұмыстың түрлері ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... 7
2.Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдісі
2.1 Химиядан мектеп ішілік жəне мектеп аралық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Химиялық кештерді ұйымдастыру жəне өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жалпы білім беретін мектептердің негізгі мақсаты оқушыларға ғылыми негізде дəлелденген нақты, терең білім беру. Мектеп - оқушының ғылыми-материалистік көзқарасты қалыптастырып, еңбекке деген қажетті практикалық білім мен білігін тауып, жаңа білімді өздігінен игеруге құштарлығын дамытып, зерттеу жұмысына деген қызығушылығын т.б. іс-əрекеттерді жүзеге асырады.
Мектептік химия курсының, оқушының жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуында маңызы зор. Химия сабағы, зертханалық жəне сарамандық сабақтары оқушының тірі табиғат туралы жəне ауыл шаруашылығы саласында химиялық заңдылықтардың қолданылуы туралы терең де берік береді. Химияны оқыту барысында тек білім беріліп қана қоймай, оқушыларды патриоттық тəрбиеге, эстетикалық талғамға, табиғатты қорғауға, еңбек сүйгіштікке т.б. тəрбиеленеді.
Сыныптан тысжұмыстардың мазмұны оқу бағдарламасымен шектелмейді, оқушының қызығушылығына негізделе отырып сабақ бағдарламасынан тыс материалдарды да қамтиды.
Сыныптан тысжұмыста мұғалімнің қызығушылығы емес, оқушының қызығушылығы ескерілуі керек.
Химиядан сабақтан тыс жұмысты, сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасы бойынша барлық класс оқушылары орындайды.Сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны өткен сабақтармен, зертханалық сабақтармен тығыз байланыста болады жəне сабақтан тыс жұмыстың орындалуына класс журналына баға қойылады.
Мектептегі сыныптан тысжұмыстардың бірі жалпы формасы. Жалпы формаға - көптеген оқушылардың жиынтығымен жүргізілетін жұмыс түрлері жатады. Олар көптеген тəрбиелік бағыттағы, қоғамдық-пайдалы бағыттағы жұмыстар. Жалпы жұмыс натуралистік бағытта химия мұғалімінің ұсынысымен ұйымдастырылады.Жалпы сыныптан тысжұмысқа бірнеше кластың, бүкіл мектептің оқушылары тартылады.Барлық жалпы сыныптан тысжұмыстар қоғамға пайдалы бағыттағы сипатқа тəн. Көбіне мектепте мынадай шаралар ұйымдастыр ылады: атақты химик-оқымыстыларға арналған кештер, КВН, химиялық конференциялар,олимпиадалар жатады. Жоғарда аталған барлық формалар мен сыныптан тысжұмыс түрлерінің барлығы өзара байланысты жəне бір-бірін толықтарып отырады. Араларындағы байланыстың дамуынан белгілі педагогикалық заңдылық байқалады. Мектепте дұрыс жолға қойылған сыныптан тысжұмыс барлық форманы қамтиды. Жалпы форма жеке, топтық формалармен байланыссыз жүзеге асырыла алмайды.Бүгінде барлық формалар тарлған.
Мектепте бір ай бұрын өткізілетін шара туралы хабарландыру жазылып, барлық мектеп оқушыларын белсенді қатысуға шақырады. Химиялық кештердің көбі қоғам дық пайдалы жұмыстарды қортындылауға арналады.Əрбір мектептік жалпы сыныптан тысжұмыстың алдында үйірмеге қатысушылар жұмыстың мазмұнын жəне көлемін анықтай- ды, керекті инструктажды алады, қажетті білім мен білікті қалыптастырады, кейін барлық оқушыларды таныстырады. Мектептегі кейбір қоғамдық жалпы жұмыстар жыл бойына жүргізіледі. Ол жұмыстардың өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне сипатта беру.
Зерттеу міндеттері:
- Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістерін көрсету;
- Химиядан жүргізілетін сыныптан тысжұмыстың түрлеріне сипаттама беру;
- Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызын анықтау;
- Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
1.1 Химиядан жүргізілетін сыныптан тысжұмыстың түрлері
Сыныптан тысжұмыстың жеке формасы барлық сыныптан тыс жұмыс түрлерінде қолданылады жəне барлық мектептерде байқалады. Кл. тыс жұмыстың жеке формасы бұл - табиғатты тануға жəне зерттеуге қызығушылығы бар оқушылар мен жүргізілетін жұмыс түрі. Мұғалім оны ақыл-кеңес беру процесінде жүзеге асырады. Жеке оқушыға əдебиеттер ұсынады, бақылау жүргізуге қызықтырады, тəжірбие қойады, қорытынды жасайды.
Сыныптан тысжұмыстың жеке формасы тек сол уақытта ұйымдастырылады, егер оқушыда биологияға қызығушылығы, бейімділігі байқалса ғана. Жеке форма - жеке оқушының биологияға қатысты қызығушы - лығынан туған сұрақтарға жауап береді. Тəжірибелі биолог мұғалім -өз алдына белгілі бір мақсат қойады жəне оған жету үшін оқушының қызығушылығын анықтап, жеке тапсырма беріп, оны сол немесе басқа бағытта дамыту үшін тапсырма мазмұнын күрделендіріп, кеңейтіп қадағалап отырады.
Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарға тартылуы мұғалімге байланысты. Жеке тапсырманы орындау оқушының зерттеу жұмыстары кезінде білім мен біліктілігін арттырады. Жеке сыныптан тыс жұмыстың негізгі түрлеріне табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларды бақылау, оқу-тəжірибе аймағындағы, тірі табиғат бұрышындағы, құсқа жасанды ұя жасау, доклад жəне реферат даярлау т.б. тəжірибелер мен бақылаулар жатады.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың бірі топтық формасы.Топтық форма бұл - анықталған белгілі бір уақыт (2-3жыл) аралығында, химияға қызығушылығы бар тұрақты оқушы- лар тобымен жүргізілетін жұмыс. Топтық сыныптан тыс жұмыстың эффектілігі мен маңызды- лық дəрежесі оны дұрыс жоспарлауға байланысты.Сыныптан тыс жұмыстың топтық формасы- ның бағдарламалық материалдары, мақсаты бар əр түрлі жұмыс түрлерімен толықтырылу керек.
Жұмыс жоспары сондай жұмыс түрін қамту керек, нақтылы жағдайда оқушылар- дың күші жететіндей болу. Топтық жұмысқа мектептегі үйірме сабақтары жатады. Мысалы, мектепте көрнекіліктер аз, оны шешу үшін көрнекіліктер жасайтын үйірме жұмысын ұйымдастыруға болады.Бұл үйірме жұмысы көптеген тапсырмаларды шешеді-бұл эстети- калық тəрбие, кеңістіктік жəне көлемдік бейнелеу шегінің дамуын, бақылаушылық жəне ойлауды, қолмен жұмыс жасау біліктілігінің жетілуін, ең бастысы өз жұмыстарының нəтижесін көреді. Топтық жұмысқа мектепте жүргізілетін жəне ұйымдастырылатын барлық топтық шаралар жатады: құстар күні, көңілді тапқыштар клубы(КВН), орман күні, денсаулық күні, бау- бақша күні жəне ауылшаруашылығына көмектер.Бұл жұмыстар ды жүзеге асыру үшін, ең алдымен мұғалім биологияға қызығушылығы бар оқушылардан топ құрайды, осы топқа орындалуға тиісті жұмыстарды тапсырады.Негізінде бұндай топтар осы немесе басқа да топтық шаралардың жұмыстарын аяқтағаннан кейін, тарап кетеді кейін басқа бір топтық шараларды жүзеге асыру үшін қайта құрылады. Жаңадан құрылған топта оқушылар саны өзгеріп отыруы мүмкін, бұрын қатысып көңілі толмаған оқушы шығып қалса, керсінше бұрын шараға қатыспаған басқа оқушы топқа қослуы мүмкін. Топтық жұмыс мұғалімнің қалауымен жəне ұйымдастыруымен туған өлке табиғатын зерттеу мақсатында да ұйымдастырылуы мүмкін. Мектепте нақтылы жүргізіліп жатпаған үйірме жұмыстары болмаған жағдайда, топтық сыныптан тыс жұмыстар жиі ұйымдастырылады.

1.2 Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды
өткізудің маңызы
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймай, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай реформа жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болады.
Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу - мұғалімдердің негізгі міндеті.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймай, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де ұжым алдындағы жауапкершілігінде, жақсы сезінуі керек. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастыралатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптан тыс жұмыстардеп атайды. Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақтан тыс жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады, т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмыста атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.
Сыныптан тыс жұмыстар мынадай түрлерге бөледі: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке - дара, топтық, көпшілік жұмыстарға бөлінеді.
Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар.Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не жоспар бойынша екі-үш адамнан құралған шағын топтарға біріктіріліп, бөлініп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады. Топтық жұмыстардың негізгі түрі - химиялық үйірме.Үйірме оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады.
Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі - оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтеріп, жоспар құруда олардың талап тілектерін ескеру. Үйірменің факультативті сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны он-он бес оқушыдан артық болмауы керек.
Химиялық үйірмелер жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай әр түрлі бағыттары бар, қызықты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын үйірме, болашағы бар химия үйірмесі, химиялық үйірме, бейорганикалық, органикалық синтездер жасайтын үйірмелері т.б.
Әрбір үйірменің өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әр түрлі химиялық үйірмелерге ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады.
Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктерді есе алады.
1. Мектептік және мектептен тыс үйірмелердің өзара бірлігі - бірін-бірі қайталамауы.
2. Әр түрлі үйірмелердің не бірлестіктердің бағдарламалары оқу-тәрбиелік жоспардың бір бөлігі ретінде оқушылардың мамандық таңдауына көмектесетіндей құрылуы.
3. Үйірме жұмыстарының мазмұнын кеңейтіп, соған жақын мамандық иелерімен кездесулер өткізу, сол арқылы кәсіптік бағдар беру.
4. Үйірме жұмыстарында мына тәжірибелік және теориялық материалдардың өзара байланысының болуы. Танымдық, білімділік танымжорықтар өткізіп отыру.
5. Үйірме жұмысын жоспарлауда ғылыми зерттеу жұмысына, қажетті әдебиеттерді оқушылардың өз беттерінше таңдап ала білуіне көмектесу және соған үйрету.
6. Әрбір сабақтың ұзақтығы теориялық материалдарды талқылағанда бір сағаттан, ал сынақ-тәжірибелік не конструкторлық жұмыстарды орындау 2-3 сағаттан аспауы тиіс.
7. Үйірме жұмыстары негізінен үш бөлімнен тұрады: сарамандық сабақтар, теориялық хабарламалар, сарамандық жұмыстың қорытынды есебі.
8. Үйірме материалдары оқушыларды қызықтыратын, тартымды, алуан түрлі болуы керек.
Осының бәрі оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, сөйтіп, мамандықты еркін таңдауға мүмкіндік береді.
Кешті жақсы өткізу үшін кейбір педагогикалық талаптардыескерген жөн:
Біріншіден, кештің тақырыбы, оның мазмұны оқушылардың бәріне бірдей қатысты, әрі түсінікті болуы керек.
Екіншіден, кешті өткізудің бағдарламасы да оқушылардың білім алу жарысын дұрыс ұйымдастырып, оларды қызықтыратындай болғаны жөн.
Үшіншіден, кештің мазмұны сәйкес тәрбиелік міндет дұрыс шешілуі керек.
Кеш жоспары бірнеше бөлімнен құралады:
1. Тақырып бойынша баяндама.
2. Қызықты тәжірибелер көрсетілімі.
3. Тақырыптық байланысты сөзжұмбақтар шешу.
4. Қызықты химиялық ойындар, т.б.
Мектепте өткізілетін химиялық кештер тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
1. Мектеп бағдарламасының жеке тақырыптық бойынша өткізілетін кештер.
2. Политехникалық мазмұндағы кештер.
3. химия ғылымының даму кезеңіне байланысты өтетін кештер.
4. Химиктердің туылған күніне не ғылыми еңбектеріне арналған кештер.
5. Қызықты химиялық тәжірибелер көрсетіліміне арналған кештер.
1. Тақырыптық кештерді көп жағдайда белгілі тақырыптық оқушыларға жете түсіндіру мақсатында өтеді.
2. Политехникалық мақсаттағы кештер ауыл шаруашылық негіздеріне немесе зауыттағы сарамандық үйірме жұмысының жетістіктеріне арнап өткізіледі.
3. Химия ғылымының даму кезеңдеріне байланысты өтетін кештердің оқушыларға химия ғылымы мен өнеркәсібінің даму кезеңдерін таныстырудың тәрбиелік мәні зор.
4. Химиктер дін өмірбаяны - жастардың жан-жақты тәрбиеленуіне әсер етеді.
5. Мектеп оқушыларына ғылыми-материалистік тәрбие беру жан-жақты тәрбие берудің бір түрі ретінде оқу барысының бір бөлігі болып саналады.

2.Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдісі
2.1 Химиядан мектеп ішілік жəне мектеп аралық шаралар
Мектептегі химия пəнінің мұғалімі сыныптан тысмерекелердің ұйымдастарылып өткізілуіне көп көңіл бөлу керек. Мұғалім əртүрлі химиялық бағыттағы кештерді ұйымдастырады жəне дəстүрлі мерекелік шараларды қадағалайды. Міне осындай кештерді өткізуде мұғалімнің алдында бұндай сыныптан тыссабақтарды мазмұнды етіп қалай өткізу керек жəне мерекеге оқушыларды қалай тартуға болады деген сұрақтар туады. Қандай болмасын мектепішілік, мектепаралық шараларды өткізуде мұғалім алдымен тақырып таңдайды. Кез-келген мерекені өткізуде мұғалім жұмыс сипатын нақты,дəл анықтап, өткізу жоспарын құрып оны орындайтын оқушыларға тапсырманы жақсы түсіндіру керек. Мерекелік кешке дайындық қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді болуы мүмкін.Бұндай жұмыстарға оқушыларды тарту үшін шара ішіне ойын элементтерін,жарыстар т.б.енгізу керек. Мереке, жеке немесе тұтастай оқушының жылдық жұмыстарының қорытындысын демонстрациялауға мүмкіндік береді. Оқушылар жылдық бақылауларын күнделікке жызып жүреді.Егер мүмкіндік болса фото- суретке түсіріп,суреттерін салып,көрмеде демонстрациялауға болады Дəстүрлі түрдегі мереке құрылымы:
1. Мерекенің салтанатты ашылуы жəне қатысушыларды құттықтау.
2. Аудан мектеп ұжымының жетістігі туралы қысқа хабарлама.
3. Аудандағы мектеп юннаттарының жасаған жұмыстары туралы бұйрықтарын тапсыру.
4. Аудандағы мектеп көрмелерін тексеру.
5. Мерекелік концерт, карнавал.(мектеп мереке тақырыбына байланысты бірнеше номерлермен шығады)
6. Үздік қатысушыларды іріктеу.(іріктеуді арнайы комиссия жүргізеді, олар көрмені тексереді, жүргізілген жұмыстарының бұйрықтарын тексереді жəне əдеби өзіндік іс- əрекеттері тексеріледі)
Бұндай шараларға ғылыми зерттеу орталығынан жəне мəдени өсімдіктер өндіруде еңбек еткен басқа да сыйлы қонақтар шақырылады. Олардың кеңестерін, ұсыныстарын оқушылар ерекше қабылдайды.Бұндай мерекнің өзі-бұл еңбек гимні, жасұрпақ өмірін мағыналы жəне көңілді етеді. Оқушылардың көңіл күйі қалмау үшін жылда мерекні өзгертіп түрлен діріп өткізу керек.
Юннаттар мерекесін күзде жəне көктемде оқу жылының аяғында да өткізуге болады. Олар мектептік, аудандық немесе қалалық болуы мүмкін. Химик мұғалім мен ұйымдастыру комитеті мерекенің тақырыбын жəне өткізу жоспарын құрады.
Сыныптан тыс топтық жұмыстардың ең маңыздысы-химиялық үйірмелер.Дұрыс ұйымдастырылған үйірме мектептің алдына қойған көптеген мақсаттарымен міндеттерəн ойдағыдй шешуіне көмектеседі.Ашып айтқанда,үйірме оқушыларды ғылымды қызығушылығын арттыруға,өз беттерінше жұмыс істей білуге,орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға,ұжымдылыққа,т.б.көптеген адамгершілік қасиеттерге тəрбиелейді.
Химиялық үйірмелер жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай əр түрлі бағыттары бар,қызықты химиялық тəжірибелерді таныстыратын жəнеоны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын үйірме,препаративтік химия үйірмесі, химиялық технология, модельдер, макеттер, аспаптар жасайтын конструкторалық химия үйірмесі, бейорганикалық, органикалық синтездер жасайтын үйірме,т.б.бар.
Үйірме мүшелері өздері таңдап алған химия үйірмесінің мазмұнына сəйкес теориялық,тəжірибелік,өндірістік мəселелерді шешіп,химиялық өндіріс орындарынан,өздері жасаған топсеруеннен алған əсерлері жайында үйірме отырыстарында баяндап,істеген жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы химия кештерінде хабарлап отырады.Үйіриелердің бағдарламасы қазіргі оқу бағдарламасының негізінде,бірақ оны қайталайтындай бағытта құрылуға тиіс.
Химия үйірмесінің мүшелері өздері орындаған жұмыстың мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нəтиежесін арнаулы журналдарға немесе күнделіктерін жазады.Олар кейбір қызықты деректерді Жас химик қабырға газетіне жариялайды.Жұмысты жеке-жеке орындаудан топтасып,бірлесіп орындау кейде нəтиежелі шығалы.Үйірме мүшелерінің жұмыстары нəтиежелі шығу үшін оны өздері таңдайды,еғң негізгісі, ол жұмысты орындауға оқушылардың шамасы келетіндей болу керек.
Үйірме жетекшілері оқушылардың орындайтын жұмыстарының мазмұның түсіндіріп,орындау əдістерін айтады.қажетті əдебиет ердіпайдалана білуге бағыт сілтітейді.Оқушыларға жоспар құруга жəрдемдеседі.Онда мынадай мəселелер ескерілуі керек:оқушы қандай теориялық мəселеге баса назар аударғаны жөн,қандай тəжірибеліік жұмысты орындайды ондағы басты мəселе не т.б.
Əрбір үйірменің өзіндік ерекшеліктері бар,мақсат ары да бірдей емес бірақ соган қарамастан əр түрлі химиялық үйірмелерге ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады.
Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктерді еске алады.
1.Мектептік жəне мектептен тыс үйірмелердің өзара бірлігі - бірін-бірі қайталамауы.
2.Əр түрлі үйірмелердің не бірлестіктердің бағдарламалары оқу-тəрбиелік жоспардың бөлігі ретінде оқушлардың мамандық таңлауына көмектесетііндей құрылуы.
3.Үйірме жұмыстарының мазмұның кеңейтіп соған жақын мамандық иелерімен кездесулер өткізу,сол арқылы кəсіптік бағдар беру.
4.Үйірме жұмыстарының эксперимеенттік жəне теориялық материалдардың өзара байланысының болуы.Танымдық,білімдік топ серуендер өткізіп отыру.
5.Үйірме жұмысын жоспарлауда ғылыми-зерттеу жұмысына,қажетті əдебиеттерді оөушылардыңөз беттерінше таңдап ала білуіне көмектасіп отыру жəне соған үйрету.
6.Əр бір сабқтың ұзақтығы теориялыө ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Химиядан сыныптан тыс жұмыстар
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химия сабақтарының жіктелуі
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химияны оқыту жолдары
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Химияда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Биогенді элементтерді оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер