Ш.А.Амонашвилидің ізгілік педагогикасы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ш.А.Амонашвилидің ізгілік педагогикасы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Оқыту үдерісіндегі Ш.А.Амонашвилидің ынтымақтастық технологиясы
1.1 Ш.А.Амонашвилидің өмірі мен шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Оқыту үрдісінде Ш.А.Амонашвилидің әдістемесін қолдану ... ... ... ... ... ... 8
2. Ш.Амонашвилидің ізгілік педагогикасы
2.1 Ынтымақтастық педагогика технологиясы мақсаты мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Ұлы Ұстаз -- Ш.Амонашвилидің педагогикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Ш.А.Амонашвилидің Улыбка моя, где ты? еңбегі ... ... ... ... ... ... ... . ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Ғылыми тұрғыда технология ұғымы өндірістік және әлеуметтік технология деп талатын үлкен екі бағытқа жіктеледі. Әлеуметтік технология - өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік технологияларға біршама жақын.
Педагогикалық технология мәселесімен жан-жақты айналысып, зерттеу жүргізіп жүрген ресейлік ғалымдардың бірі - М.М.Левин. Ол педагогикалық технологияның негізгі қызметі - оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігіне тоқталады. М.Чошанов технологияны дидактикалық жүйенің проссуалдық құрамдық бөлігі деп есептейді.Педагог-ғалым В.М.Шепель: "Технология - белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,"- дейдi. И.Г.Зайнышев: "белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс-тәсiлдер жүйесi" деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса, технологияны "белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын әрекеттер жиынтығы" деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған "адамның әрекетiн, бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды, әлеуметтiк шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесi" деп қарауды ұсынады.
Бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.П.Беспалько, В.М. Монаховтың және т.б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған.
Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін аша отырып, тәрбиелеу мен дамытуды, оның жүрегіне жол табуды, танымдық күшін дамыту мен қалыптастыруды, білім мен қабілетті тереңдететін және кеңейтетін жағдайлар жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді мақсат етеді.
Зерттеу мақсаты: Ш.А.Амонашвилидің ізгілік педагогикасын зерттеу.
Зерттеу міндеттері: Ш.А.Амонашвилидің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру; Ш.А.Амонашвилидің ізгілік педагогикасының мақсатын ашу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Оқыту үдерісіндегі Ш.А.Амонашвилидің ынтымақтастық технологиясы
1.1 Ш.А.Амонашвилидің өмірі мен шығармалары
Шалва Александрович Амонашвили 1931жылы, 8-наурызда,Тбилиси қаласында дүниеге келген. Ұстаз-новатор, ынтымақтастық, бірлесу педагогикасын зерттеген ғалым, адамды дамыту мектебінің оқытушысы, психология ғылымдарының докторы,профессор, Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Украина педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі.Сонымен қатар, Сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы, Мәскеу Мемлекеттік педогогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры. Ол Москвада жыл сайын өткізіліп тұратын Халықаралық педагогикалық Оқулардың бастамасын қалап, жүзеге асырды. РФ-ның Білім беру Министрлігі оның Өмір мектебі жүйесі ( тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдемесін) тәжірибеде қолданылуды ұсынды.
Ұстаз әрдайым жайдарлы жүру керек, -деген ұстанымды насихаттайтын Нағыз Ұстаз өзінің тәжірибесімен үлкендердің үздіксіз бақылауында болмаған және зорлық көрмеген бала үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдейді. Профессор Амонашвилидің ұстанымы келесідей: Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету.Шалва Александрович балаға тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдеменің бар қағидаларын әлемдік педагогика классиктері - К. Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Януш Корчак, А.С. Макаренко және тағы басқалардан үйренгендігін айтады.Ұлылардың тәжірибелерінен әр түрлі, әр түсті кірпіштерінен біріктіріп, өз тұжырымдамамды сомдадым дейді ол. Шалва Александрович өте қарапайым жан, ол ізгілік технологиясының негізін қалаған жоқпын, тек осы ғылымды дамытушымын дейді. Шалва Александровичтің қарапайымдылығына бас ие отырып, тәрбиенің әр ғасырдағы әрқилы мозаикасынан тұтас картина жасау оның үлкен жүрек иесі, жан-жақты білімді, шебер маман болғандығынан екеніне күмәніміз жоқ.Оның әр идеясы жаңашыл, сондықтан ол новатор-педагог.
Ш.А.Амонашвили бойынша, ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.Бұл технологияның өзгелерінен ерекшеліктері: онда ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру; әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау; ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау; рухани жетілдіру; ата-анамен бірлесіп жұмыс істеужүзеге асырылады.Шалва Александрович зиялы қауымға, педагогтарға, ата-аналарға адамгершілікті педагогиканың әдістері жайлы түрлі семинарлар мен оқуларда, шебер кластарында баяндап, көрсетіп жүр. Интернет жүйесінен жас педагогтар мен студенттер осы мүмкіндіктерді пайдаланаалады, Шалва Амонашвилидің бірегей педагогикалық қағидаларымен және ұстанымдарымен таныса алады. Бұл адамнан дәріс алған адам салғырт болып қалмасы анық.
Ш.А. Амонашвилидің еңбектерімен сабақта таныстырған кезде студент жастар оны нағыз дана деп атайды, қызыға қабылдайды.Мысалы, Оқыту әдістері, Жаңа педагогикалық технология, т.б. деген тақырыптарды оқу барысында озық тәжірибе-көпке ортақ деген айдармен түрлі педагогтардың әдістеріне талдау жасаймыз. Видеороликтен бірнеше шеберкласс сабақтарын қызыға көріп, талдадық. Студенттер өз беттерімен интернеттен осындай жұмыстарды тауып танысып, ойларымен бөліседі. Педагогикалық практика барысында осы ғалымның еңбектерінен танысқан әдістерін, видео роликтен көріп бақылаған шебер класс, әдістемелерін пайдалануға тырысатындарын айтады. Міне, бір студентім биыл курстық жұмысын осы феномен адамның педагогикасын зерттеуге арнауды мақсат етіп отыр, бастамасы жаман емес.Амонашвилидің қаламынан ондаған педагогикалық, психологиялық және көркем әдеби туындылар шықты, оның біразы әр түрлі тілдерге аударылды. Алайда қазақ тіліне аударып, жастарға жақындату- мына біздер мен сіздердің құзыретімізде.Ал мына өлең жолдары аудармасыз да түсінікті емес пе?
Я - учитель...
Я - Любовь и Преданность,
Вера и Терпение.
Я - Радость и Сорадость,
Страдание и Сострадание.
Я - Истина и Сердце,
Совесть и Благородство.
Я - Ищущий и Дарящий,
Нищий и Богатый.
Я - Учитель и ученик,
Воспитатель и Воспитанник.
Я - Прокладывающий Путь
И Художник Жизни.
Я - Убежище Детства
И Колыбель Человечества.
Я - Улыбка Будущего
И Факел Сущего.
Я - Учитель от Бога
И Соработник у Бога.
Ш.А.Амонашвили.

1.2 Оқыту үрдісінде Ш.А.Амонашвилидің әдістемесін қолдану
Ш.А.Амонашвилидің Здравствуйте, дети! кітабындағы постулаттарды өз жұмысында шығармашылықпен пайдаланады. Жаңашыл-мұғалім өз ойымен былайша бөліседі: Бұл кітап көптеген мұғалімдер үшін мектеп өмірін, баланың міндетін және мұғалімнің рухтандырушылығын сезінуде жаңа кезең болды. Кітаптың педагогикалық тілі ғажап, ол баршаға түсінікті және жақын. Педагог-классиктер өз оқырмандарымен осындай ұғынықты да шығармашыл айқын тілде сөйлескен. Шалва Александровичтің барлық еңбектері сөйлеу мәнері және сөзді сезіну білігімен ерекшеленеді. Оның қарапайым болып көрінетін Күлкім менің, қайдасың? немесе Жүрексіз нені сеземіз? кітаптарының мазмұны бірден түсіне бермейтін ұлы даналықтан тұрады. Мен өз сабақтарымда Ш.А. Амонашвилидің әдістемесін жиі қолдануға болады. Мысалы, сабақты келесі ұйымдастыру сәттерімен бастаймын: математикада - оқушылар назарын сандардың симфониясына аударамын. Математикада симфония болады ма? Келіңдер, ойланайық. Немесе, бір рет кесу үшін неше рет өлшеу қажет? Неге дәл 7 рет және т.б..
Рухани өмір - бұл ішкі, сондай-ақ сыртқы материалдық ақиқатты туғызатын болмыстың жоғары жоспары, жасырын, заттандырылмаған шынайылығы. Рухани өмірдің құлазуы адам дамуының эволюциясын тежейді, ал рухани өмірдің өсуі оның өркендеуі мен дамуын анықтайды. Дәстүрлі, сонымен қатар көптеген инновациялық мектептердің адам рухани өмірінің маңызын бағаламайтындығына және баланың өз рухани әлемін жасауда еркіне жіберіле салғандығына өкінуге болады. Бұл бала үшін үлкен қиындық туғызады, және ол үнемі жақсылықпен аяқтала бермейді.
Баланың жанында да жүрегінде де жарқын бейнелер, ой-армандар - әсемдікті сезіну мен шексіздікті ұғыну, өз ойы үшін жауапкершілік пен жақсылыққа, ерлік пен батырлыққа ұмтылу, қамқорлық жасау және ренішке ортақтасу сезімі орын алуы тиіс. Жарқын да биік бейнелердің ортасында осындай байлыққа ие болып жүріп, адам жаны еңбек ете бастайды, өз әлемін туғызады, жаңа бейнелерді жасайды және өзіне тартады.
Мұндай сабақтарды қалай өткізуге болады?
Ең негізгі әдіс - мұғалімнің әңгімесі, еркін пікір алмасулар, аңыздар оқу. Сонымен қатар, алыс әлемдерге ұшу, өз қалалары мен мемлекеттерін салу туралы армандар; өзінің, жақындары мен туыстарының, адамдардың өмірін жақсарту туралы ойлау; өз жүрегіне үңілу, жүрегімен көру білігін өздігімен дамыту бойынша жұмыс істеу де бар.
Сол сияқты, тәжірибе де бар: жақындары мен туыстарына, ғаламшар адамдарына, Жер бетіндегі балаларға ізгі ойлар жолдау, көрген түсті жазу, өз жан құбылыстары туралы күнделік жүргізу, философиямен шұғылдану.
Мұндай сабақ тіпті бала үйіне келген соң да бітпейді: мұғалім оның жадында, ізгілік - ойында қалады.
Осындай білім беру процесінде бала өмірдің қалыптасқан жағдайларына бейімделместен, оның талаптарын өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, оның сапасын арттыруды үйренеді.
Одан ары, келесі - тақырыпты тұжырымды етіп тарқату процесін ұсынуға болады. Тақтада сабақтың тақырыбы жазылады және оқушыларға түсініп оқу және өз пайымын айту ұсынылады. Талқылау оқушы - мұғалім оқушы - оқушы сұхбаты принципінде құрылады. Нәтижесінде бірнеше педагогикалық міндеттер шешіледі: біріншіден, оқушылар шығармашылық ойын, батыл пайымын, сөз мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін сабақтың міндеттерін өздері ұсынады; екіншіден, олардың алдында сабақ үстінде шешуге тура келетін, сыни ойын, жігерлілік қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін проблемалар туындайды; үшіншіден, оқушылар өзектендіру қажет етілетін сұрақтар шеңберін (бұл кезеңде ақыл-ойға тәрбиелеу, өз күшіне сенуге тәрбиелеу жүреді) өздігімен белгілейді; төртіншіден, дауыстап пікір білдірудің осы бірнеше минуты оқушылардың қызметіне қозғау салады және жұмыс күйіне келтіреді, сол арқылы мотивациялық-сұраныс аясын дамытады.

2. Ш.Амонашвилидің ізгілік педагогикасы
2.1 Ынтымақтастық педагогика технологиясы мақсаты мен ерекшеліктері
Білім берудің маңызды мақсаты - адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетке көтеруін көздейді. Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Гуманизмнің негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады. Мектеп оқушыларына ізгілік тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий, С.Л.Рубинштейн, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Л.И.Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.
Оқыту үрдісінің жақсы жүзеге асырылуы мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетіне, өзара ынтымақтастығына байланысты. Жеке адамның мүмкіндігінің ашылуы педагогикалық үрдістің сипаты мен бағытына, педагогикалық ортаға, педагогикалық жағдайларға байланысты. Ш.А.Амонашвили педагогикалық үрдіс мұғалімнің оқушының қиындықты жеңуге көмектескен сәттегі ынтымақтастығы дейді. Оның ойынша мұғалім балаға материалды түсіндірсе, қалай орынтайтыны туралы бағыт берсе, тұспалдаса, ынталандырсағ қызықтырса, сенім ұялатса ғана ол балаға көмектесе алғандығы.
Ынтымақтастық педагогика технологиясы
Мақсаты:

*Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту;
* Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
* Оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Ерекшелігі:

1. Мұғалім де, оқушы да субьект болады
2. Басымдылық көрсетілмейді
3. Бірлік одақта қызмет етеді.
4. Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас
5. Балаға жеке тұрғыдан қарау:
6.
7. Қоршаған орта педагогикаланады.

Принциптері:
1. Оқушыларменжылықарым-қатынасжасау
2. Баланыңжекебасынқадірлеу
3. Оқушылардыңкемшілігінсыныпалдындаай тпау
4. Балағасенімбілдіру, талапқою, болашағынаүмітпенқарау
5. Баланың қуанышы мен қайғысына ортақтаса білуі

Оқушыларды рухани - адамгершілік құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу.
Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне назар аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту - заман талабы. Рухани бай тұлғаны қалыптастыру деп аталатын жалпы адамзаттық мәселе, Қазақстан үшін ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр. Бүкіл әлем жұртшылығы сияқты жаңа мыңжылдықта білім беру міндеттерін шешуге кіріскен Қазақстан әрі заман рухына, әрі өз халқының діліне сай келетін ұлттық білім беру үлгісін іздестіруде.
Ұлтты ұлт ретінде танытатын үш нәрсе бар: бірі қасиетті Жер - Ана, екіншісі - тіл, үшіншісі - қазақтың дәстүрі, ұлттық құндылықтарын қалыптастыру жолы.
Қайырымдылық, адалдық,, ізеттілік, мейірімділік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін оқушылар бойына сіңіре білу біздің парызымыз.
Қоғам педагогтің кәсіби білімімен қатар жеке тұлғалық қасиеттеріне ерекше талап қояды. Өйткені, педагог өзі оқытып, тәрбиелеген шәкірттер үшін жауапкершіліктің біраз бөлігін өзіне алады.
Ендеше, олардың тағдырына немқұрайлы, қалай болса солай қарауға мұғалімнің әуел бастан моральдық құқы жоқ. Сол себептен де шәкірттердің бойындағы адамгершіліктің төмен болуын педагогикалық қателіктің салдары деуімізге болады.
Ш. А. Амонашвилидің Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды.. деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады.
Рухани - адамгершілік - ол қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты, білдіретін моральдық ұғым. Ал, адамгершілік тәрбиесі - ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады. Осы деңгейге жету үшін оқушы өзі нақты адамгершілік қатынастар мен мінез - құлықтарын енгізуі қажет.
Темір тордың ар жағында отырған әрбір адамның тағдырына түсіністікпен қарап, мүмкіндігінше психологиялық - моральдық қолдау көрсетіп, бағыт - бағдар беру біздің парызымыз. Олардың бойында өмірге, болашаққа деген сенімділікті ұялату, сол арқылы адамгершілікті, кісілік пен кішілікті түсіндіре отырып, тәрбиелеу мектеп ұжымының басты міндеті болып табылады.
Оқушыларды айналадағыларды көре білуге үйрету біздің мақсатымыз. Оларға әлдекім сендерге жаман сөз айтса, сендерді ызаландырғысы келсе немесе жәбірлегісі келсе, онда бұл адамның сендердің сезімдеріңді, бақылай білушіліктеріңді тексергені. Оның көмегінсіз біздің жеке басымыздың әлсіздігін жеңе білетін қажетті тәжірибе болмаған болар еді. Олай болса, ол сенің көмекшің, ол саған өзіңді тәрбиелеуге көмектеседі - деп түсіндіру қажет. Мұндай толғаныстар біз таңдаған адамгершілік құндылықтар мен қағидаларды анықтап, адамгершілікке лайықты шешім қабылдауды қажетсінеді. Өмірде адамгершілік құндылықтарды таңдауымыз әрқайсысымыз үшін маңызды. Одан адамның мінез - құлқы, тұлғалық қасиеті дамиды. Рухани таным мәдениетінің қалыптасуы, оқушылардың өмірдегі өз орнына сын көзбен қарауға үйретеді. Осы мақсатта мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, үйлесімді жұмыстар жүргізу басты міндеттеріміз болып табылады.

2.2 Ұлы Ұстаз -- Ш.Амонашвилидің педагогикасы
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та - ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Ұстаз деген мамандықты игерем деген әрбәр азамат, КСРО елінің ағартушы -- психологі Ш. Амонашвилидің 6 жастан мектепке барамыз немесе Сәлеметсіз бе, балалар? атты психологиялық тәжірбиесіне көз жүгірту керек десем артық айтпағанымыз болар. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ал ондай тұлғаны дайындау мектеп табалдырығын аттаған сәттен басталып-ақ кету керек. Ш.Амонашвили жоғарыда айтылған еңбегінде мектеп қабырғасына жаңадан келген баланы тәрбиелеу мұғалімнің жеке ұстанымынан басталады деген сөзін педагогикалық жолымда ұран қылып алып мына критерийлерді қиын жолда өзіме серік еттім.
Біріншіден, алдымда отырған әрбір оқушыны жеке тұлға деп қабылдап, үлгерімі жақсы болсын, нашар болсын, еңбекқор болсын, жалқау болсын, тұйық болсын, ашық болсын барлығын жаныма бірдей қабылдап, олардың ең кішкентай жетістігіне шәкірттеріммен бірге қуанып, білім алуға деген ұмтылысына шабыт беруге тырыстым. Себебі балаға деген мейірім мен махаббат олардың ұстазға деген құрметін арттырып, оқушыны жауыздық пен зұлымдық деген ұғымнан алшақтататын мұғалім. Ұстаз алдында отырған Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу нысаны мектеп оқушыларын оқыту процесі
Ш.А.Амонашвилидің педагогикалық көзқарастары
Ш. А. АМОНАШВИЛИДІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ІЗГІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру
Педагогикалық ізденіс
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері
Өзін-өзі бағалауда рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бала тәрбиесі - баршаның ісі
5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту әдістемесі
Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру
Пәндер