Шаруашылық жағдайында мүйізді ірі қара малының жарақатты ретикулиттің алдын алу үшін магнитті зонды қолдану



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:

Шаруашылық жағдайында мүйізді ірі қара малының жарақатты ретикулиттің алдын алу үшін магнитті зонды қолдану

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны
І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ірі қара малының жарақаттануының алдын алу үшін магнитті зондтарды қолдану техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Эллипсоидты магнит шығыры, оны қолдану техникасы ... ... ... ... ... ..12
2.3 Малдың өңеші бітелгенде көрсетілетін емдеу көмектерінің техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.4 Бұзаулардың мәйегіне зонд жіберу техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 20
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24

І КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор. Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.
Көптеген жайылымдағы және жазық шалғындағы өсімдіктер құрамында улы заттар жоқ болса да, малдар организмдеріне белгілі бір зиян келтіреді. Ондай өсімдіктерді дұрыс орып, дұрыс дайындаса, малдарға азық есебінде де пайдалануға болады. Бұл өсімдіктердің малдар организміне көбінесе зиянды әсері жемісі шыққанан кейін болады. Ондай өсімдіктер малдар денесіне жапырақтарымен, егер шеттерінде тікенектері болса, бұтақтарымен және өсіп шыққан жемістерімен зиянды әсер етеді. Олар көздерін, аузының ішін, жоғарғы тамақ, тыныс жолдарын, тері, бақай аралықтарын, желін тағы басқа органдарын жарақаттайды.
Жайылымдарда және шалғынды жерлерде сар селеулер кең тараған өсімдік. Олар гүлін жарып, ұрығы шығып басы қата бастаған кездерде қойларға тағы басқа малдарға бірталай зиянды әсерін тигізеді. Олардың ұрықтары шөп аралығында жатып, келесі жылы өсіп шығып, үлкен зияны болады. Олар қойлардың жүндеріне кіріп, жүннің сапасын төмендетумен қоса, терісін тесіп, денеге жарақаттар түсіреді. Ондай жаралар тыртысып, малдардың еркін жүріп жайылуына мүмкіндік бермей, арып жүдеп кетеді. Кей кездерде жарақаттарға микробтар түсіп, асқынып, тері ауруларын тудырады.
Шөптерді және саламдарды дайындау кезінде, көбінесе буып, тюктегенде, олардың арасында сым қалдықтары (кесінділері) қалып, малдарға үлкен қауіп төндіреді. Ондай тақия қарынның ретикулиті және жүрек қабының - перикардиті ірі қара малдарының арасында жиірек кездеседі.
Мұндай аурулар, кейбір ауыр өндіріс орындарына таяу орналасқан мал шаруашылықтарында кең тарауы мүмкін. Травматикалық (жарақат) перикардит және ретикулит аурулары малдардың күйін төмендетіп, өнімін азайтып, өлім-жітімге ұшыратып үлкен экономикалық зияндарын тигізеді. Ірі қара малдарының тіл үстіндегі емшек тәріздес бүршіктерінің ішке қарай еңкейіп бітуіне байланысты азықты асығыс, ашығып жеген кезде басқа затты, оның ішінде сым кесінділерін қайта ауыздан шығарып тастай алмағандықтан олар қарынға түсіп, таз қарынның қабырғасын қозғалыс кезінде тесіп шығады немесе жүрек қабығына жетіп, одан жүрекке қадалып, малдың өліміне апарып соғады.
Бірақ барлық ішке түскен механикалық заттар мұндай аурулардың шығуына себепші бола бермейді. Олардың ішінде әсіресе өткір, тегіс, ұзындығы 5-10 см - дей шеге, сым кескінділері, ине тәріздес заттар қауіпті болады. Ондай заттар ішке түскеннен кейін - қарының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде тесіп шығып, өкпе қабын жарақаттап, оның қабынуына, бауырды, бүйір етін зақымдап, олардың іріңдеп, ісік ауыруына апарып соғады. Ондай аурулардың алдын алу жолдары - жайылымдар мен азықтардың механикалық заттармен, әсіресе сым қалдықтары және шегелермен ластанудан сақтандыру болып саналады. Азықтардың топырақ, қиыршық тастар және құмдармен ластануының салдарынан, олар ішке түсіп, асқазан жолдарының кілегей қабаттарының қабынуына апарып соғып, қарынның қабынуы, гипотониясы, ішектің түйілуі т.б. аруларға ұшыратады.
Малдардың арасындағы кездесетін гиповитаминоздар және минералды заттардың (макро-микроэлементтер) жетіспеушілігінен бұзаулар, торайлар, сирек үлкен малдар топырақ, құм, төсеніштер жеп, жиі іш аурулары-гастрит, энтерит ауруларына ұшырайды. Ішке түскен құм, топырақ түйірлері асқазан мен ішек ішін тітіркендіріп, жарақаттап, кілегей қабаттарының қабынуына апарып соғады да, қарын мен ішектің дұрыс жұмыс жасауын бұзады. Ішектердің кей бөліктерінің қабырға бұлшық еттерінің тартылып, олардың түйіліп қалуына әсер етіп, ауыр ауруларға, астың қалдықтарының жүрмей қалуына дейін апарады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жарақатты ретикулит туралы және оның алдын алу үшін магнитті зонды қолдану әдісі жөнінде мағлұмат алу. Алынған білімдерді тереңдету.
Зерттеу жұмысының міндеттері: ірі қара малдарда кездесетін жарақатты ретикулиттің алдын алу, магнитті зондты қолдану тәсілі және оларды емдеу шаралары мен жарақатты ретикулит аурулардың бөлінуі туралы түсінік беру.
Зерттеу жұмысының құрамы: Берілген жұмыс кіріспеден, әдебиетке шолу бөлімінен және екі тарау мен қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1 Әдебиетке шолу
Малдәрігерлік саладағы ішкі жұқпалы емес аурулар пәннің бөлімдерінде аурулардың пайда болу себептері, даму сатыларын анықтау әдістері, нақтылы диагнозын қою, емдеу тәсілдері мен аурулардан сақтандыру іс-шаралары жан-жақты дәрістеледі. Мал мамандарын - болашақ жоғарғы білімді малдәрігерлерін дайындау мәселесін түбегейлі шешуде негізгі орын алатын пәндердің қатарына жатады.
Пәннің негізін түсіндіру жалпы биология, биологиялық химия, қалыпты және патологиялық физиология, малдарды азықтандыру, аурутану және экономика пәндерінің заманауи жетістіктеріне сүйене отырып жүргізіледі.
Болашақ мамандыққа маңызы зор қоғамдық және арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игерген, шаруашылықтарда ауруларды емдеу тәсілдерін және олардан сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыруды тиянақты түрде орындай алатын жоғарғы білімді малдәрігері мамандарын дайындауда бұл пәннің алатын орны ерекше.
Бүгінгі күннің талабына сай малшаруашылығынан өндірілетін өнімдерді нәтижелі түрде пайдалануды малдарды аурулардан сақтандыру мәселелерін шешудегі теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық жақтарын терең игере отырып; аурулар бола қалған жағдайда оларды уақытында экономикалық жағынан тиімді емдеу әдістерін пайдалана отырып оларды өнімді малдардың қатарына қосу арқылы іс жүзіне асыруға болады. Бұл мәселелерді шешуде пәнді игеру барысында жан-жақты дәрістелетін диспансеризация жүргізу әдісі негізгі жоспар ретінде ұсынылады. Көптеген ауруларды болдырмауда, бола қалған жағдайда олардан тез арада, ұтымды түрде жазып алуда арнайы дайындалатын азықтармен - диетотерапиямен емдеудің маңызы зор. Ол үшін ветеринариялық зертханаларда мал азықтарының құрамын жете тексере білу қажет. Тек сонда ғана толық қанды рацион құруға мүмкіншілік туындайды.
Ауруды ғылыми негізде емдеуге көп көңіл бөлу керек. Ол үшін ауруды анықтауда жүргізілетін тексерулерді мұқият жоспарлаған дұрыс. Ол жоспар белгілі бір жүйеде жүргізіледі. Олардың ішінде ауруларды дұрыс анықтау мен олардың себептерін нақтылы табудың ауруларды емдеу және олардан сақтандыру шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше.
Малдарды емдеу туралы жазбаша ескерткіш ерте заманғы египеттің Кахун папирусындағы деректерден бастау алады. Одан кейінгі кездерде Аристотель, Үнді оқымыстылары, Колумелла, Абсирт және тағы басқа да ғұлама ғалымдар көптеген ескерткіш жазбалар қалдырды. Ресейде малдәрігерлік мекеме 1733 жылы Мәскеу маңындағы Хорошевское ауылды жерінде ашылған. Одан кейінгі жылдары, атап айтқанда XVII және XVIII ғасырларда Ресей оқымыстыларың көптеген қолжазбалары басылып шықты. 1806 - 1811 жылдары Вилен, Петербор, Мәскеу университеттерінде ветеринария бөлімдері ашылса; 1851 - 1876 жылдары Харьковте, Қазанда, Дерпте ветеринария институттары ашылып, жұмыс істей бастады. Ветеринария саласына, әсіресе ішкі жұқпалы емес ауруларды дамытуда үлес қосқан ғалымдар: К.М.Гольцман, Н.П.Рухлядев, Г.В.Домрачев, С.А.Хрусталев, А.Р.Евграфов, А.В.Синев, И.А.Симонов, В.Е.Евтихиев, И.А.Каарде, И.Г.Шарабрин, В.М.Данилевский және басқалары болды. Олар көптеген оқулықтар мен оқу құралдарын жазып қалтырды.
Қазақстанда бірінші өлкелік малдәрігерлік-бактериологиялық институт 1925 жылы ашылды. Ол институт 1935 жылдан бастап Қазақтың ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институты болып аталды. Сол институтта 1948 жылы бірінші аспиранттар қабылданды.
1930 жылы Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылды. Бұл институтта негізгі ғылыми бағыттар мен орталықтар топтастырыла бастады. Атап айтқанда:
1. Академиктер: Б.А.Домбровский, Ф.М.Мұхаметғалиев жетекшілік еткен морфологтар;
2. Н.У.Базанова басқарған физиологтар;
3. Я.И.Клейнбок басқарған терапевтер;
4. Б.П.Всеволодов Басқарған патоморфологтар;
5. М.П.Орлов басқарған паразитологтар Қазақстанда ветеринария ғылымының дамуына зор үлестерін қосты.
1952 жылы ашылған Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтында Ішкі жұқпалы емес аурулар кафедрасы әуел баста Клиникалық диагностика кафедрасы болып ашылды да, кейіннен екі кафедра бірге болды. Кафедраны ұйымдастырушы және бірінші меңгерушісі Г.Х.Габидуллин болды. 1996 жылы Семейдегі үш институт университет болып біріккенге дейін кафедрада меңгерушілік қызметін атқарғандар: Г.Х.Габидуллин, В.Н.Квятковский және К.Н.Қожановтар. Әр жылдары кафедрада көптеген ғалымдар қызмет істеді. Олардың ішінде ғылыми зерттеу жұмыстарымен елеулі үлес қосқандар: академик Н.А.Уразаев, ғылым кандидаттары, доценттер: В.А.Виноходов, Б.С.Бушманов, Л.А.Замковая, В.А.Бурлуцкий, К.А.Сидорова, Г.Е.Лавриненко; аға оқытушылар: С.О.Балтыбеков, А.К.Омашев және т.б.
Қазір Қазақстан Республикасы бойынша малдәрігерлерін дайындау университеттеріміздің жеті факультеттерінде іске асуда.
Диспансеризация - дені сау сапалы өнімді, конституциясы қолайлы, организміндегі зат алмасу деңгейі жоғары малдар тобын құру үшін жүргізілетін диагностикалық, емдік және сақтық шараларының жоспарлы жүйесі.
Диспансеризацияның теориялық негізі - организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын қағидалаайтын жалпы биологиялық заңдылық. Диспансеризацияны іс жүзіне асыруда И.Г.Шарабрин мен Х.Г.Гизатуллиндер көп еңбек істеді. Ал диспансеризацияны малшаруашылығына еңгізу 1957 жылы шыққан нұсқаудан бастау алады. Ол нұсқау бойынша диспансеризация негізгі және кезекті болып бөлінеді. Негізгі диспансеризация жылына екі рет: жазғытұрым - мал жайылымға шығарда және күзде - мал қыстаққа орналастырыларда; кезекті диспансеризация жыл тоқсанында бір рет жүргізіліп отырады.
Диспансеризация 3 этаптан тұрады:
1. Диагностикалық;
2. Емдік;
3. Сақтандыру.
Клиникалық-лабораториялық тексерулердің нәтижелеріне сүйене отырып диспансеризацияның диагностикалық этабында барлық малдарды 3 топқа бөледі:
1. Дені сау малдар;
2. Дені сау, бірақта организмдегі зат алмасу процесінің деңгейі төмен немесе бұзылған малдар;
3. Ауру малдар.
Әрбір топтағы малдарға тиісті іс-шаралар жоспарланып іске асырылады. Малдәрігерлерінің негізгі пациенттері үшінші топтағы ауру малдар. Ауру малдарды емдеу үшін жан-жақты жоспарланған, заманауи әдістер мен тәсілдерге негізделген, көбінесе кешенді емдеу процестері жүргізіледі.
Диспансеризацияның ең жауапты кезеңі - үшінші, аурулардан сақтандыру кезеңі. Бұл мәселені дұрыс шешуде және шаруашылықта биологиялық толыққанды азық қорын дайындауда мал мамандары мен шаруашылықтағы агрономдардың атқаратын қызметтері ерекше орын алады. Ұқыпты мамандары бар шаруашылықтарда аймақтың жер қыртысына байланысты жасалатын топырақ-өсімдік карталарының маңызы өте зор. Диспансеризация жүргізуде малдың қанынның құрамын лабораториялық зерттеудің маңызы өте зор. Қанның құрамындағы жалпы және арнайы көрсеткіштерді нақтылы нұсқау бойынша зерттейді. Мұндай зерттеулер арқылы мал организміндегі зат алмасу процесінің деңгейін қадағалауға мүмкіншілік болады. Сондай-ақ аурулардың алдын алу үшін жүргізілетін іс-шараларды нақтылы жоспарлауға болады.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ірі қара малының жарақаттануының алдын алу үшін магнитті зондтарды қолдану техникасы
Ірі қара малдарының арасында жиі кездесетін жарақатты аурулардан сақтандыру үшін көптеген магнитті зондтар ұсынылған. Солардың ішінде ең алғашқысы ретінде С.Г.Меликсетян ұсынған магнитті зондты келтіруге болады. Зондтың құрамына кіретін негізгі заттар:
1. Ұзындығы 50 мм, диаметрі 32 мм, сыртқы бетінде ұзынынан 6 жолағы бар, резина манжеткамен жабдықталған, темір шынжырлы, Алнико маркалы, сопақша келген магнит;
2. Ұзындығы 2,5 м келген өте жұмсақ, ішінде екі қабат капронды бауы бар, екі басында резбалы латунды муфталары бар резина түтікше;
3. Зонды өңешке кіргізіп және одан алып шығу үшін қолданылатын, бір жақ басы имек, екінші жақ басында резбасы бар, ұзындығы 75 см, диаметрі 8 мм никелді құрыш таяқша;
4. Магниттің қай жерде екенін анықтау үшін қолданылатын компас.
Зондты қолданар алдында месқарынға 1-2 л су жіберу арқылы оның жынын сұйылтып алу керек. Егер месқарын газбен керілген немесе асқа толған болса, онда В.А.Черкасовтың зондын пайдаланып, месқарынды жуып тазалап алған дұрыс. Зондты еңгізу техникасы арнайы нұсқауда беріледі.
Өңешке түскен магнит мал жұтынғаанда алдымен месқарынға, одан кейін тахия қарыншаққа барады. Егер малдың жұтынуы нашар болса, онда бөтелке арқылы су ішкізуге болады.
Компас арқылы магниттің қай жерде екенін анықтауға мүмкіншілік бар. Егер магнит тахия қарыншаққа бармай месқарында шөгіп қалатын болса, онда оны кардиналды сфинктерге дейін кері тартып, месқарынның үстіңгі қабы жирылған кезде қайтадан жібереді.
Зондты аурудан сақтандыру үшін 30 - 60 минутқа, ал емдеу үшін 24 сағатқа дейін қалдыруға болады. Ол уақытта мал организмінде болатын физиологиялық процеске ешқандай кері әсерін тигізбейді.
Зондты танау қуысы арқылы артып шығарады. Зондты шығарарда күш жұмсауға болмайды. Егер өңеш қатты жирылып зондты босатпаса, онда малға бөтелке арқылы су ішкізу керек.
Зондты тиімді пайдалану арқылы, әсіресе мол өнімді ірі қара малдарында минералды заттардың алмасуының бұзылуынан болатын, жарақатты ретикулит, ретикулоперитонит, ретикулоперикардит ауруларынан сақтандыруға болады.
С.Г.Меликсетян ұсынған зондтың кемшіліктерін ескере келе, А.В.Коробов өзінің жетілдірілген магнитті зондын ұсынды (ЖМЗ-1). Ол зонд арқылы алдыңғы қарыншақтарда болатын бос жатқан металл заттарын ғана емес, олардың қабырғасына еніп тұрған металл заттарын да тартып шығаруға болады-мыс. Себебі ферромагнитті заттарды шығару үшін үлкен тарту күші бар арнайы стерженді цилиндр пішінді магнит ұсынылған. Олар металл заттары ұзынынан жататындай етіп магниттелген. Көтеру күштілігі бұрынғы 300 - 400 г орнына 8 - 12 кг.
Бұл зондтың тағы бір артықшылығы оның ауыз қуысы арқылы еңгізілуі. Ол үшін мал резина түтікшені шайнап тастамас үшін ол түтікше темір штоктың ішіне орналастырылған. П тәрізді пластинка арқылы темір шток төменгі жақ сүйегіне бекітіледі. Зондты жарақаттан сақтандыру үшін 15-20 минутқа, емдеу үшін 1 сағатқа қалдыруға болады. П тәрізді пластинка мен темір шток езуліктің қызметін атқарады. Олар жақ сүйегіне бекіту үшін жартылай автоматты белдіктермен жабдықталған.
С.Г.Меликсетянның зондына қарағанда бұл зонды еңгізу және шығару технологиясы өте жеңілдетілген. 24 сағаттық ашықтыру диетасынан кейін қолданғандағы нәтижесі әлдеқайда жоғары.

2.2 Эллипсоидты магнит шығыры, оны қолдану техникасы

Шығыр ұзыншақ пішінді, шеттері доғалданған, ұзындығы 65 мм, қабырғаларының кесіндісі барлық жерінде 55 мм, салмағы 35 г , арнайы Магнико немесе Алнико қоспаларынан дайындалған. Шығыр ұзынынан магниттелгендіктен металл заттары оған ұзынынан жабысатын болады.
Магнит шығыры ірі қара малдарының алдыңғы қарыншақтарын металл заттарымен жарақаттаудан сақтандырады. Малға ауыз қуысы арқылы болюс бергіштің көмегімен еңгізуге болады.Мал шығырды қайта шығарып тастамас үшін, оны бергеннен кейін су ішкізу керек. Тахия қарыншаққа түскен шығыр ферромагнитті заттарды өзіне тартып жинайды. Олардың тарту күші әртүрлі болып келеді.
Магнитті шығырға жинақталған металл заттарын шығырмен бірге магнитті зонд арқылы шығарып алады.
Шығырдың бар-жоғын компас арқылы анықтауға болады. Ескеретін жағдай: егер шығыр металл заттарынан таза болса, онда компас жақсы реакция береді. Ал егер металл заттары шығырда көп жиналса, онда компас раекция бермейді.
Магнит шығырының артықшылығы сол, оны малды жарақаттан сақтандыру үшін фермадағы, жеке шаруашылықтардағы барлық малдарға қолдануға болады. Ал магнитті зондты ауруға күдікті деген малдарға ғана қолданады.
Ірі қара малдарының тахия қарыншақтарынан ферромагнитті заттарды шығару үшін қолданылатын арнайы магниттер де бар. Соңғы кездегі арнайы тарту күші жоғары магниттердің шығуы оларды жарақатты аурулардан емдеу үшін кеңінен қолдануға мүмкіндік берді. Ондай магниттердің авторлары: А.В.Коробов, А.С.Белановский, И.А.Телятников.
Магнит цилиндр пішінді, екі жақ басы қарама-қарсы зарядты, конус тәрізді, стерженді, біртұтас қоспа ретінде шығарылған. Бір жақ басында қосқыш шынжырды бекітетін шығырық бар. Магнит ұзынына қарай магниттелген. Сондықтан металл заттары оның бойында ұзынынан орналасады.
Кейбір жарақаттағыш металл заттарының қарыншақтардың қабырғасына кіріп тұратынын ескерсек, оны тартып шығару үшін күшті магнит керек. Міне, сондықтан да арнайы, тарту күші 8 - 12 кг-ға дейін жететін магнит шаруашылықтардағы мал мамандарына өте қажет құрал. Бұл магнит хирургтерге руминотомия жасаған кезде металл заттарын тез табу үшін де өте қолайлы. Малдарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу. Зонтты қолдану ережелері
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы ақпарат
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы
Зонд. Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Өкпе қабының ауруы
Аурудың жалпы сипаттамасы
Сібір жарасы. туберкулез туралы ақпарат
Электр тоғының әсер ету механизмі
Ірі қара малды және төлдерді азықтандыруда Д витаминінің маңызы
Некробактериоз
Пәндер