Шет тілі фонетикасын оқыту



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Шет тілі фонетикасын оқыту

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі
1.1 Ағылшын тілін үйрету әдіс тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ойын элементтері арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын және сөздік қорын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. Шетел тілінде дұрыс дыбыстау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
2.1 Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Шетел тілінің айтылуын үйреткенде сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілкті диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ал қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктер болғанменде олар айқын көрінбейді, ал жергілікті диалектінің адамдардың бірін бірі түсінуне қиыншылық әкелмейді. Қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктерінің өте аз болу себебі қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, сондықтан халықтың барлығы бір тілде, бір тілдік бірліктерді және дыбыстарды қолданған.
Ал, қазақ тілінде оқитын оқушыларға ағылшын тіліндегі айтылуды үйреткенде біраз қиыншылықтармен кездесеміз. Ол қиыншылықтар ағылшын тіліндегі кейбір дыбыстардың туған тілдегі дыбыстардан қатты айырмашылығы болуынан.
Құрылымдық лингвистика мен лингводидактиканың өкілдері Л.Ельмсиев, Л.Блумфилд, Ч.Фриз, Р.Ладо өз жұмыстарында былай деп танытқан: ...Шетел тілінің айтылуын дыбыстарға еліктету жаттығуларымен үйрету керек.
Л. Блумфилдтің айтуы бойынша шетел тілінің айтылуын шетел тілі мен туған тілдегі дыбыстарды талдау және салыстыру арқылы үйрету керек десе, Ч. Фриздің айтуынша сөздердегі бір ғана дыбысты өзгертіп бір-біріне қарама-қарсы қойып салыстыра үйрету керек деген, мәселен: nais-naiz, pleis-pleiz. Ч.Фриз алдымен дыбыстардың артикуляциясын суреттеп, еліктеу әдісімен жаттықтыру керек деген.
Тілді үйренуші ағылшын тілінде сөйлегенде кейбір дыбыстарды айтқанда өз тіліндегі дыбыстармен ауыстырып айтуға үйір болады.
Лингвистикалық негізде ағылшын тілінің айтылуын үйрету екі бөлімнен тұрады. Олар: физиологиялық фонетика және фонология.
Физиологиялық фонетика дыбыстардың құрылуын және тіл арқылы айтылуын зерттейді және түсіндіреді.
Фонология, ол тілдің фонетикалық қатарындағы компоненттердің атқаратын рөлін зерттейді және түсіндіреді.
Фонология - функционалды фонетика. Ол үш функцияны қарастырады:
1. Конститутивтік (құрастырушы)
2. Дистинктивтік (айырмашылықты білдіретін)
3. Рекогнитивтік (тану)
Конститутивтік функция, ол қандай да сөйлем тіпті ол бір буынды сөзден тұрса да, ол дыбыстардан құралады. Мысалы: I [ai]- мен, бұл сөз белгілі бір буыннан тұрады, бір екпін бар және белгілі бір тонмен (төменгі немесе жоғарғы) айтылады. Дыбысты немесе сөздің құрамындағы дыбысты айтқанда сөйлеуші немесе дауыстап оқып отырған адам бұл сөзді немесе фразаны басқа дыбыстардан тұратын сөздерден шектетіп айтады.
Рекогнитивтік жаттығулар дыбыстарды және олардың тәртібін ажырату қабілеттерін дамыту үшін арналған. Есту қабілеттерін дамыту үшін мұғалім ауызша естіп тану әдістерін қолдануы керек. Мұғалім бірнеше сөздерді айтады, ал оқушылар жаңа дыбысты естігенде қолдарын көтереді.Сөйтіп мұғалім оқушыларының дыбыстарды ажырата алатынын біледі. Немесе мұғалім екі сөзді айтады да олардың қайсысы етістік екенін оқушылар ажырата алатынындығын білу үшін, олардан етістікті естігенде қолдарын көтеруін сұрайды.
Курстық жұиыстың мақсаты - ағылшын тілінің қазіргі кездегі фонетикасын оқытуды үйрету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- фонетика пәні мен объектісін, бұл пәннің басқа қоғамдық ғылымдарда алатын орнын;
- жалпы және жеке фонетика жайлы, тарихи және сипаттама фонетика жайлы, салыстырмалы және қолданбалы фонетика және оның дыбыс айтылуына үйрету барысында алатын рөлі жайлы;
- шетел тіліндегі дыбысталудығы жаңа бағыттардың дамуын;
- тілдің дыбыстық құрылымдарын зерттеу әдістерін;
- фонология ұғымы жайлы негізгі түсініктемелер және фонологиялық мектептер жайлы;
- артикуляциялық база ерекшеліктері және олардың басқа тілді айтуға үйретумен байланысы жөнінде;
- сөйлеу интонациясы ұғымы және оның компоненттері мен қызметтері жайлы анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспе, 2 тарау, қорытынды бөлімдерінен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі
1.1 Ағылшын тілін үйрету әдіс тәсілдері
Шет тілін ерте үйрену - баланың туғаннан бастап мектепке барғанына дейінгі интуитивтік-тәжірибелік тәсілдің негізі болып табылады.
Мектепке дейінгі жас - шет тілін үйренуді бастау үшін ең тиімді жас: осы жастағы балалар тіл құбылыстарына ерекше зеректерімен ерекшеленеді, өздерінің сөйлеу тәжірибелерінің мағынасына, тілдің құпияларына қызығушылық пайда болады. Олар өткен мәліметтерді жеңіл және тез есте сақтайды.
Шет тілін ерте жаста үйренудің тағы бір себебі бар. Бала кішкентай болса, оның ана тіліндегі сөз қоры аз болады. Бірақ оның сөйлеу қажеттіліктері аз болады: кішкентай баланың қатынас аясы үлкен балаға қарағанда аз, оған әлі де коммуникативті тәсілдерді шешу қажет емес. Шет тілін игере отырып, бала ана тілі мен шет тілі арасындағы мүмкіндіктердің осындай үлкен ажырағанды сезінбейді және үлкенірек жастағы балаларға қарағанда оның табыс сезімі өте тереңірек болады.
Кішкентай балаларды оқыту - оқушылар мен үлкендерді оқытуға қарағанда, басқа әдістемелік тәсілді талап ететін оңай жұмыс емес. Егер үлкен адам шет тілін игерсе, басқаларды оқыта алатыны дәлел емес. Балалар әдістемелі қажетсіз сабақтармен оқығанда, шет тілін көпке дейін жек көріп кетуі мүмкін және өзінің мүмкіндіктерін жоғалтып алуы мүмкін.
Ойын - ұйымдастыру тәртібі мен сабақ өткізудің әдістемесі болып саналады. Сол арқылы балалар белгілі бір ағылшын лексикасының қорын жинақтайды, көптеген тақпақтар, әндер мен санауларды жаттайды. Осындай сабақтарды өткізу тәртәбә сөйлеу дағдысы мен тіл икемділіктерін меңгергенде қолайлы жағдай тудырады. Ойын әрекетіне мүмкіндікті шет тілінде сөйлеу мотивациясын қамтамасыз етуге жағдай туғызады, кәдімгі пікірлерді саналы және қазақты қылады. Шет тілін оқытудағы ойын - оқу әрекетіне қарсыласпайды, оның органикалық байланысы бар.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды шет тілін оқытуда коммуникативті компетенция негізінің бірте-бірте дамуы болады. Ағылшын тілін ерте жастан игеру осындай аспектілерді құрайды:
Оқытушының соңынан ағылшын сөздерін фонетикалық көзкарас жағынан дұрыс қайталай білуі, яғни тыңдау назарының, фонетикалық есту мен дұрыс сөйлеудің кезеңдік құрылуы;
Ағылшын сөздігін меңгеруі, қорытындылауы және белмендірілуі;
Күрделі емес грамматикалық құрылымдардың белгілі бір санын меңгеруі.
Білім әрекетінің әдістемесән өткізу лингвистикалық мүмкіндіктердің жас және индивидуалды, ерекшеліктерімен байланысты болуы керек және олардың дамуына бағытталуы керек.
Шет тілінің білім әрекеті баланыңжалпы дамуы, оның сенсорлы, физикалық, интеллектуалдық тәрбиесімен тығыз байланысты болуын мұғаліммен ойланып тиянақталған болуы керек.
Шет тілінде сөйлеу бағытталған және мақсатталған болуы керек.
Осындай мотивацияны құрудың түрі ойын болып табылады.
Ойын әдістемесінің негізінде елестеткен жағдайды жасау және сол немесе басқа тілдің мұғалімі болып табылады.
Оқыту ойындары жағдайлы, жарысты, ритмо-музыкалық және көркемдік болып бөлінеді.
Жағдайлы ойындарға рольдік ойындар жатады, белгілі бір жағдайға байланысты бейнелеу.
Рольдік ойын - бұл балалар белгілі бір рольде, әр түрлі өмір жағдайларын ойнайды, мысалы, сатушы-сатып алушы, дәрігер-науқас, актер және оның жанкүйері және т.б.
Олар кезегінде, балалар типтік және стандартты диалогты колданғанда, әр түрлі модельдер түрінің өзгеруі және қолдануын талап ететін тағы да сол сияқты жағдайларға және импровизациялық ойындарға бөлінеді.
Стандартты диалогтар, мысалы:
Show me (маған көрсетші) - мұғалімнің бір нәрсені атап айтқанда, бала сол нәрсе бейнеленген карточканы көрсетуі тиіс.
What's this? Мұғалім сөздерді көрсетеді, балалар сөздерді атайды.
What's missing? (не жоғалып кетті?)
What's doesn't belong? (не артық?)
Сиқырлы айна - мақсаты: баланың зейінін дамыту. Айнаға балалар жануарларын маскаларын киіп алып жақындайды. Сиқырлы айнада бірнеше жануарлар көрінеді. Балалардың міндеті - кімді және қанша көлемде көріп тұрғандарын айту болып табылады. Мысалы: I see a dog. I see five dogs.
Жарысты ойындарға лексика мен грамматиканы меңгеру үшін көптеген ойындар жатады.
Кім көп сөздерді біледі, сол жеңіске жетеді.
Оған кроссвордтар, аукциондар, лингвистикалық тапсырмалары бар ойындар, топтардың орындалуы. Кроссвордтар түрлі тақырыптарда болуы мүмкін: жануарлар, жемістер, көкөністер, жиһаздар, ойыншықтар және т.б. Топтар әр түрлі болады. Сабақтарда балалар Simon says ойынын ойнай алады. Мақсаты - танымдық қызығушылықтарын дамыту. Балалар мұғалімнің айтқан іс-әрекеттерін орындау. Мысалы: Hands up! Sit down! Jump! Run! және т.б. Ойынды өткізу барысында әр түрлі лексикалық материалдар қолданылады.
Ритмо-музыкалық ойындар - сөйлеудің фонетикалық және ритмомелодиялық хоровод сияқты дәстүрлі ойындар, әндер және билер. Мысалы: "Nuts and May", "What's your name?", "I like my friends", :Head, shoulders, knees and toes" және т.б.
Көркем және шығармашылық ойындар - балаға ойын арқылы көркем-шығармашылық жол арқылы әрекеттің бір түрі. Оларды былай бөлуге болады:
1.Драматизациялар (яғни, кішкентай спектакльдерді ағылшын тілінде қою) Ертегі мейрамы - Мысалы: Орманда Қызыл телпек көбелектермен және қасқырмен кездеседі және диалог құрылады: (Hello! I'm Red Riding Hood. I'm going to my granny. She lives in the rest in the house) және т.б.
2.Бейнелеу ойындарға графикалық диктант, суреттерді бояу және т.б. жатады. Суреттерді бояу - тыныштандыратын, кей кезде мағыналы, бірақ өте көп таралған сабақ. Мысалы, дайын суретті көрсетуге болады. Бала контурмен айналысқанша, мұғалім сөздерді көп рет қайталайды, суреттің бөлшектерін айтады. Осылай біз баланың өзінің істеген жұмысын жаңа тілде айтылуының негізін қалаймыз.
Графикалық диктант - мысалы, балаларға сабақта не? Қандай түсті? Болу керектігі айтылады, балалар бояйды, сосын мұғалімнің айтқан суретімен өзінің салған суретін салыстырады.
3. Сөздік-шығармашылық (кішкентай ертегілерді құру, рифманы келтіру), мысалы:
- алды-артына және үстінен - астына
Таңертең пастамен тазалаймын ... (teeth - тістер) және т.б.
Ойынды сабаққа енгізуге ойлап таңдағанда, келесі ережелерді сақтау керек:
Ойынға кірісер алдында келесі сұрақтарға жауап беріңіз: ойынның мақсаты қандай, бала неге үйренуі тиіс? Қандай сөйлеу әрекетін ол орындау керек? Сондай пікірді бала құра алады ма, қосымша қиыншылықтар жоқ па?
Осы сұрақтарға жауап берерде өзіңізді бала деп елестетіп, осындай модель бойынша қандай пікір туатынын ойлап тауып көріңіз
Бала осы жағдайды тез қабылдау үшін, оған осы жағдайды қалай суреттеуін табыңыз.
Баламен өзіңіз сүйсіне ойнаңыз!
Тағы да шет тілін меңгерудің ең кең таралған тәсілі ақпараттық және коммуникативті әдістерді қолдану болып табылады. Олар: мультимедиялық құралдар, компьютер, аудио және т.б.
Ағылшын тілін игерудегі аудиоертегілер
Баланың сөз қоры көбейгенде, білім әрекетін ағылшын тілінде аудиоертегілер арқылы түрлендіруге болады.
Аудиоертегілерді былай бөлуге болады:
Алдымен кішкентай ағылшын әңгімелері жарайды. Мысалы, балалармен осындай ертегілерді тыңдауға болады Three little kittens, Three little Pigs, Too Many Daves.
Көрнекі материалмен құрылған аудиоертегілер. Аудиоертегілер қосылғаннан бастап балалар мұғаліммен бірге суреттерге қарап қайталайды. Ағылшын аудиоертегілерді қызықтырақ қылу үшін ертегітерапия тәсілін қолдануға болады, яғни ертегіні бейнелеп салу. Тыңдау кезіндегі сурет салу ақпараттың орындалуы мен қабылдап алуына көмектесетін процесс. Сурет салу барысында баланың естігенімен ассоциативті байланыстары пайда болады.
Ағылшын тілін игерудегі видеобейнелер
Видеобейненің мақсаты - ағылшын тілін мектепке дейінгі және одан кіші жастағы балаларды коммуникативті оқыту тәсілін қолдана отырып оқыту болып табылады. Ақпараттық материал балаға білімді және қызықты болып келеді.
Балалар ағылшын тілін қоршаған ортаны тану және ойнау арқылы оқиды.
Балалар мультфильмдерді жақсы көреді және оларды көп рет өарайды. Сондықтан ағылшын тіліндегі мультфильмдер балаларды шет тілін үйретудегі көптеген міндеттерді шешеді.

1.2 Ойын элементтері арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын және сөздік қорын дамыту
Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Шет елдермен қарым-қатынас күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру - әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі - уақыт талабы.
Мақсаты: ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды ойын элементтері арқылы осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту.
Шәкірттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына емес сапасына назар аударған жөн. Сол себепті зерттелетін сынып анықталып зерттеу жұмысы ұйымдастырылды.
Міндеттері:
Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру қабілеттерін тексеру;
Оқушылардың сөздік қорын дамыту;
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету;
Ойын түрлері
Көптеген әдебиеттерді оқып, интернеттен іздеп, баспа - құралдарымен танысып, сабақ жоспарларымды зерттеу нәтижесінде ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім. Сонымен мынандай қорытындыға келдім. Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады.
1.Фонетикалық ойындар.
Мақсаты: Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету.
2.Грамматикалық ойындар
Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын бекіту.
3.Орфографиялық ойындар
Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру
Гусеница(қуыршақ) ойыны
Құрал-жабдықтар:магнит,әріптер жазылған дөңгелектер.
Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницанын суреті бар.Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған.Әр гусеница бір домалаққа артығырақ (домалақтар бос),қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша сөз жазады.
Ереже:барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек.Алдындағы сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек.
Лексикалық ойындар
Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту.
Табу (тыйым салу)
Ойын барысы: Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалімнің алдында карточкалар және таймер тұрады. Әрбір карточканың ішінде бірнеше сөздер бар (негізінен тақырыпқа байланысты жатталған сөздерді қолдануға болады). Бірінші топтан бір оқушы шығып, карточканы суырып алып, соның ішіндегі ең бірінші сөзді өз тобына ешбір іс-қимылсыз, өз ана тілін қолданбай, тек ағылшынша түсіндіруі тиіс.
Бірақ ең басты ойын ережесі: сол сөздің астындағы Табу сөздерін қолданбау қажет. Ол Табу сөздері негізінен сол бастапқы сөзге мағынасы жағынан өте жақын сөздер, сондықтан сөзді түсіндіру аса оңай болмайды. Әрбір оқушығы сөзді түсіндіруге 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт жетпей немесе табу сөзін айтып қойса, сол топ ұпайсыз қалады. Ал келесі сөзді екінші топ түсіндіреді. Бұл ойынның негізгі мақсаты - оқушылардың сөздік қорын дамыту және өткен сөздердің жатталу деңгейін тексеру.
Баскетбол
Бұл ойынды 2, 3 немесе 4 топпен ойнауға болады. Мен бұл ойынды 5 сыныпта спорт деген тақырып өткен кезде өздерді қайталау мақсатында жүргіздім.
Ойын шарты: Бір топтан бір оқушы келіп, бір сұраққа жауап беру керек (немесе сөз, сөйлем беріліп, оның аудармасын оқушы беру керек). Егер оқушы дұрыс жауап берсе, онда ол допты алып, себетке лақтыруға мүмкіндік алады. Себетке допты 3 түрлі қашықтықтан лақтыруға болады, яғни 1, 2 және 3 ұпайлы сызықтар бар. Әрбір оқушы өзінің мүмкіндігіне қарай және қанша ұпай жинағысы келетіндігіне байланысты сызықты таңдайды. Ал егер дұрыс жауап бермесе, онда қарсылас топтың оқушылары жауап бере алады. Сонда ең көп ұпай жинаған топ жеңеді.
Әңгіме құрастыру
Бұл тапсырманы оқушылар жұппен немесе топпен орындауға болады. Тақтада 4х4 құрылған кестенің әрбір ұяшығында сөздер жазылған. Осы сөздердің барлығын қолданып, оқушылар қызықты әңгіме құрастырулары тиіс. Содан кейін әрбір әңгіме сынып алдында оқылғаннан соң ең қызықты әңгімені бүкіл сынып дауыс беріп белгілейді.
Сөздік чемпионаты
Негізінен тоқсандықтың соңында немесе бірнеше параграфты өтіп болған соң жүргізіледі. Бұл турнир бірнеше турдан тұрады. Алдымен екі оқушыдан шығып, оларға әр түрлі 10 сұрақ қойылады (сөздердің аудармасы). Екеуінен көбірек ұпай жинаған бір оқушы келесі турға өтеді, ал ұтылғандарға басқа тапсырма беріледі. Екінші турда тағы екі оқушыға 10 сөйлем аударуға беріледі, оны көбірек аударған оқушы келесі турға өтеді. Сөйтіп, соңында 2 оқушы финалға шығады. Оларға сөйлем құрастыруға, сөздерді, сөйлемдерді аударуға 10 тапсырма беріледі. Жеңіп шыққан оқушы сол тоқсанда Сөздік чемпионы атағын алады. Ал, оқушылардың дайындығын арттыру үшін әр топтан жеңіске жеткен бір оқушыға құрмет грамотасы беріледі. Бұл турнирді қазір 5 және 8-сыныптарда өткізіп жүрмін, оқушылардың барлығы да белсенді қатысады.
Қорыта келгенде, тиімді қолдана білген ойын арқылы:
- Білім беру сапасы артады
- Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады
- Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.
- Оқушы белсенділігі артады
- Материалды меңгеруге түрткі болады

2. Шетел тілінде дұрыс дыбыстау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
2.1 Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы
Тіл - қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің мазмұны ойды ауызша түрде жеткізу. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Сөйлеу - көп аспектті әрі қиын құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым - қатынас құралы функциясын атқарады. Екіншіден, сөйлеу қызметінің арқасында пікір айту қалыптасады. Үшіншіден, сөйлеу қарым - қатынас тапсырмаларын шешу мақсатындағы өз ойыңды жеткізу. Сөйлеу әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген. Сөйлеуге үйрету оқушының сөйлегісі келу арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты. Бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының қайырымды қарым-қатынасы болу керек, мысалы оқушы my pet деген тақырыпқа қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарының суретін, ойыншығын алып келіп сыныпта әңгіме жүргізе алады.
Сөйлеу аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде бола алады. Яғни біз сөйлеу кезінде сөзімізді белгілі бір адамға бағыттап ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы оқушы белгілі бір нәрсені айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатынас жасап отырған адамға қатыстыруы қажет. Сөйлеу әрқашан эмоционалды боялған түрде бола алады. Яғни сөйлеуші айтып тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын білдіре алады. Сөйлеудің бұл мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты. Мыс: my pet деген тақырыпта I like my dog very much деген сөйлемде like деген сөзді белгілі бір екпінмен айта алады. Сөйлеу арқашан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудағы рифма мен әннің әлеуеті
Шетел тілі фонетикасының ерекшеліктері
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Фонетиканы оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
Ағылшын тілінде оқыту құралдары
Фонетиканы оқытудың әдіс - тәсілдері
Фонетиканы оқытудың жаңа тәсілдері
Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту әдістемесі
Пәндер