Шет тілін оқыту әдісінің жоғарғы оқу орнындағы рөлі мен маңызы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Шетел тілдері» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Шет тілін оқыту әдісінің жоғарғы оқу орнындағы рөлі мен маңызы»
Орындаған: 03301 топ студенті
Тексерген: аға оқытушы Насимуллина А. Б.
Орал - 2015 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
1. 1 Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың маңызы . . . 5
1. 2 Жоғары мектепте ағылшын тілін оқыту мәселелері . . . 82. Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқыту әдісі
2. 1 Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда сыни ойлауды қалыптастыру . . . 15
2. 2 Жоғары оқу орындарында шет тілін оқытудың озық әдістері . . . 19
2. 3 Қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің
дауыс ырғағын оқыту . . . 24
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қандай тіл болмасын оны еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс. Алайда, ағылшын тілінде басты рөлді сөзді фонетикалық дұрыс жеткізе білу ойнайды. Шетел ғалымы Б. Ф. Корндорф пікірі бойынша фонетиканы меңгерудің маңыздылығы - дыбыстық тіл адамзат қоғамының жалғыз тілі болғанында.
Сөйлеушінің көңіл-күйі, эмоциясы, қатынасын дұрыс жеткізе білуінде және тыңдаушының оның сөзін дұрыс ұға білуінде дауыс ырғағының рөлі айрықша. Шетел фонетистерінің бірі Р. Кингдонның “Дауыс ырғағы - тілдің жан-дүниесінің айнасы” деген сөзі осы мәселені дәлелдейтін секілді [1, 35] .
Яғни, бірнеще зерттеушілердің берген анықтамаларын талдай келе, Брызгунова берген нақты да қысқа анықтамаға тоқталсақ деп отырмыз. “дауыс ырғағы дегеніміз тілдің дыбыстық құралы, оның көмегімен сөзде сөйлеуші мен тыңдаушы өз ойлары мен қарым-қатынасын білдіреді. ”
Сөйлем түрлерінің ішінде қоғамда адамның өз ойын, таным-білімін дұрыс жеткізуінде сұраулы сөйлемнің орны ерекше. Алайда, тілдік жоғары оқу орнында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс ырғағын ана тіліндегі сұраулы сөйлем құрылысы мен айту ырғағының ерекшеліктерінің әсерінен дұрыс меңгере алмау кемшілігін жою мақсаты зерттеу жұмысының тақырыбын осы мәселеге арнауға мәжбүр етті.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі ұлттар аудиториясында шет тілінің фонетикасына үйретуде студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып оқыту зерттеушілердің іздену жұмыстарының басты пәні болып келеді (Г. П. Торсуев, Т. Айтжанов, В. А. Исаков, И. В. Коробова, И. С. Гизатуллин және т. б. ), ал дауыс ырғағы, оның компоненттерін, олардың қызметін және рөлін зерттеушілердің де саны аз емес (В. А. Васильев, Ю. А. Дубовский, Л. Р. Зиндер, Т. М. Николаева, т. б. ) және дыбыс ырғағының жүйесінің функциясын анықтауда біраз зерттеушілер еңбек сіңірді (Ф. А. Артемов, И. Г. Торсуева, D. Crystal, H. Palmer, D. Jones, R. Kingdon) . Соның ішінде қазақ тілі мен ағылшын тілін салыстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қазақ зерттеушісі М. К. Исаевтың еңбегін зор мақтанышпен айтуға болады.
Алайда ғылыми еңбектер, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасай келе тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертуде нақты да нәтижелі жол көрсетілмегені, бұл мәселе жетік зерттелмегені байқалады. Содан болар, білім беру, оқыту кезінде студенттердің ана тілінің (біздің мәселемізде қазақ тілінің) ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып жасалған оқыту әдісі жоқтың қасы.
Осының нәтижесінде көптеген жағдайда қазақ тілді студенттер ағылшын тілінде сұрақ қойған кезде дауыс ырғағын қате қолданады, бұл, әлбетте, студенттердің сөзінің мән-мағынасына кері әсер етіп, оның көркемділігіне бөгет болады.
Зерттеу мақсаты : жоғары оқу орындарында студенттерге ағылшын тілін оқытудың маңызы және әдістерін көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- Жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқыту әдістері;
- Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
1. 1 Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың маңызы
Сөйлеу - оқытудың мақсаты. Сөйлеу - өте көп аспектілі және күрделі құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Оқытушыға ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша жүзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу - бұл қызмет, адам қызметінің бір түрі. Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі - пікір айту пайда болады.
Сөйлеу - қарым-қатынас құралы. Қарым - қатынас ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда сөздік қызметтің түрлері ретінде адам қарым-қатынастың екі құралын, сөйлеу мен тыңдап-түсінуді, екінші жағдайда жазу мен оқи білуді меңгеруі қажет. Сондықтан, сөйлеу - сөздік қызметтің түрі ретінде қарым-қатынастың құралдарының бірі болып табылады.
Әдістемеде сөйлеу түрлерін «монологиялық» және «диалогиялық» сөйлеу деп те атайды. Оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және оның шетел тілін мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Бұл мәселені шешу үшін педагогтар оқыту процесінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану қажет.
Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнін ағылшын тілінде жүргізу бірнеше қиындықтар туғызады. Әсіресе оқытушы мен студенттің сөйлесу қарым -қатынасы бір жақты болса. Студенттер көбінесе үнсіз қалады. Яғни:
- студент өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды таба алмайды;
- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылады;
- өз білімінің дәрежесі төмен екендігін көрсеткісі келмейді.
Бұл жағдайда студентті сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орнату қажет.
Студенттерге шетел тілін оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негіздерін тірек - сызбалар арқылы түсіндіру тиімді және білім беру стандартының талаптарына сай теориялық сабақтарда тек оқытушы ғана емес студенттерде жұмыс жасау талабы орындалады. Мысалы:
Content of Foreign Language Teaching
Осы сызба арқылы шетел тілін оқыту әдістемесі мазмұнының компоненттерінің түсіндірмелерін аудару арқылы тақырыптың негізгі мазмұнын студенттер меңгере алады. Сонымен қатар сөздік жұмыс жасау арқылы сөз қорларын байытып, тақырыптың сұрағына ағылшын тілінде жауап беруге әр кезде дайын болады. Қысқаша тірек сызбаларды студенттер оңай есте сақтайды.
Машықтану сабақтарда студенттерге төменгідегідей тірек- сызбалар өз ойларын жинақтап, қойылған сұрақтарға жауап беруге, және де жауап беруші студент жаңылысса басқа студенттерге оның қателерін жөндеуге көмек береді:
Осындай тапсырмалар арқылы студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру мәселесі шешіледі және диалогтық қарым- қатынас жасауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру үшін түрлі топтық немесе жұптық тапсырмалар беріп, әрбір студентке жеке рольдер мен міндеттер атқаруды талап етіп, бірігіп жұмыс жасату бойынша білім деңгейлері төмен студенттер үлгерімі жоғары студенттермен кеңесіп жұмыс жасауына жағдай жасалады. Ондай болса студенттердің пәнге деген қызығушылығы, бәсекелестік сезімі негізінде студенттердің білуге құштарлықтары артады.
Қорыта келе студентердің коммуникативті және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында түрлі әдістер арқылы білім беру тиімділігін айтқан жөн. Әр сабақты түрлендіріп өткізу студенттердің білім деңгейін көтереді, қажетті білім алуға, біліктерді қалыптастыруға жағдай жасалынады.
1. 2 Жоғары мектепте ағылшын тілін оқыту мәселелері
Ағылшын тілін жоғары мектепте тілдік емес мамандық студенттеріне оқытудың әдістемесі бойынша көптеген зерттеулерде оны тиімді ұйымдастыру және іске асырудың түрлі аспектілері қарастырылып, оның ішінде оқу пәні ретінде ағылшын тілінің мәні, осы пәнді оқытудың мақсаты, принциптері, мазмұны мен әдістемесі, ағылшын тілін мамандандырып оқыту әдістемесінің проблемаларын педагогикалық мамандық, тілдік әрекет түрінде оқыту ашылып көрсетіледі. Өзінің методикалық зерттеулерінде С. В. Перкас ағылшын тіліндегі мәтінді аудитория үшін арнайы дайындауға аса көңіл бөлген[3, 15] . Автор мәтін дайындаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсеткен:
1. Материалды таңдау- оқытушы танымдық бағасы бар мәліметтерді мәтінге енгізуді ойластыруы керек; мәтінде студенттердің тілді игеруіне көмек көрсететін бұрыннан таныс мәліметтерді енгізілуін қамтамасыз етуі қажет; мәтін студенттердің білім деңгейіне сәйкес тіл игерудегі қиындықтарын ескере отырылып құрастырылуы керек;
2. Мәтіннің мағынасына анализ жасау- оқытушы дайындалған мәтіннің қай бөлігі студенттердің түсінуі үшін маңызды екендігіне қарап таңдау жасауы керек;
3. Мәтінге студенттерге бұрыннан таныс мәліметтерді енгізу- бұл студенттердің мәтінді игеруіне, мәтін мазмұнын тез есте сақтауына ықпал етеді.
4. Мәтін тілімен жұмыс істеу- оқытушы мәтіндегі студенттерге бұрыннан таныс емес лексикалық және грамматикалық материалдарды анықтап, қандай жаңа сөздерді және тіркестерді мәтінге кіргізу керек, ал қандайларын ауыстыру немесе алып тастау керектігін шешеді.
5. Көретін көрнекілік құралдарын сұрыптау, таңдау - оқытушы мәтінді тыңдатуда көрнекілік құралдарын, атап айтқанда географиялық карталарды, жоспарларды, фотографияларды және т. б жан-жақты қолдануы қажет. 6. Тыңдалған мәтінді студенттердің дұрыс түсінгенін студенттерге сұрақ - жауап алу арқылы тексеру.
Автордың пікірінше бұл сұрақтар алдын-ала дайындалып мәтін тыңдағанға дейін және одан кейін қойылуы керек. Автордың айтуы бойынша мәтінмен жұмыс кезінде көптеген оқытушылардың құрастырған мәтіндерінің мазмұны жағынан қызықсыз, мәліметтері жоқ болып келуі жиі кездеседі. Бұл көбінесе студенттің тілді тез игеруі мақсатында мәтін мазмұнын өте қарапайым, оқуға және аударуға жеңіл болуы үшін жасалады. Бірақ, эксперименталды материалдар көрсеткендей, студенттер жеңіл мәтіндерге қарағанда қиын да болса мазмұны терең мәтіндерді түсініп есте тез сақтайды. Сөйтіп, автордың ойынша, студенттерге ұсынылатын мәтінге қойылатын ең негізгі талап оның мазмұнының тереңдігі, қызықтылығы. Сонымен қатар мәтінді игерудегі қиындықты жеңу қызықты мәтіннен мағыналы, мәліметтері мол мәтінге көшуді дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Автор қызықты мәтіндерге мәтін ұсынылған студенттердің жас мөлшеріне орай қызығушылық туғызатын мәліметтері бар мәтіндерді жатқызады. Бұл мәтіндер оқуға жеңіл болып келеді және оған басқа ел туралы, мәдениеттану түріндегі мәтіндер жатады. Жоғары оқу орындарында тілдік емес мамандықтарға студенттердің ағылшын тілінде берілген ақпаратты оқу шеберлігін қалыптастыру мәселелерін С. К. Фоломкина, Е. И. Пассов, М. В. Ляховицкий, С. Е. Рахман өздерінің ғылыми еңбектерінде қарастырған. Оқу күрделі әрекеттердің бірі екені белгілі. Сондықтан оқу қарапайым дағдыларға негізделген. С. И. Пассов осындай үш дағдыны көрсеткен [2, 27] :
1. Анықтау және сөздер мен сөз тіркестерін түсіну дағдылары ( оқудың лексикалық дағдылары) ;
2. Тілдің грамматикалық түрлерін анықтау дағдылары мен синтаксистік жүйелерді анықтау дағдылары және оларды белгілі мағыналық категориялармен сәйкестендіру (оқудың грамматикалық дағдылары ) ;
3. Қабылдау дағдылары мен тілдің графикалық формаларын айыру (оқу механизмі ) ; Оқи білу дегеніміз осы құрамдардың ара-қатынасы. Сөздер мен сөз тіркестері арқылы түсіну дағдылары көптеген механизмдер комплексін құрайды. Бұл механизмдерге қабылдау, пысықтау, тану жатады. Біріншіден, сөздің белгілі бір элементтері ( әріп, буын, ) одан кейін, алдын ала жатталған көріністерден жаңа күрделі белгілер пайда болады.
Оқу дегеніміз - жаңа мәтіндерді оқу. Бұл дегеніміз, студент мәтіндегі сөздерді бірден қабылдап, жаңа сөз тіркестерін тануы керек. Әр адамның барлық мүмкін сөз тіркестерін ойында сақтауы мүмкін емес, әйтсе де, жаңа сөз тіркесі танылып, түсініледі. Ол есте қалған сөз тіркесі ойға түседі деген сөз емес, қабылдаудың тұрақтылығы болып табылады. Жалғыз сөзді танып, түсінгенмен, ол бүкіл сөйлемді ұғынуға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ, жеке сөйлем бүкіл мәтіннің мағынасын бермейді. Ал сөзді мәтін құрамында, синтагманы және толық сөйлемді белгілі бір сөзді білмей-ақ түсінуге болады. К. С. Фоломкинаның айтуынша: «Материалды қабылдау мен қорыту процестері бір уақытта ма, әлде бірінен соң бірі іске аса ма және әр процеске кететін уақыт мөлшерін де білмейміз[4, 33-35] . Екі процестің біреуінің жылдам жүруіне байланысты оқу жылдамдығы қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқу жылдамдығы техникалық дағдыларды автоматизациялау деңгейінің жанама көрсеткіші болып табылады. Бұл айтылғандардан белгілі сөздер тобын бірден тану, әрекет түрлерінің бірі ретінде оқуды дамытудың негізгі факторларының бірі деп қорытындылауға тұжырымға келуге. Тілдік емес жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту барысында оқуға үйрету мәселесін М. В. Ляховицкий өзекті болып табылады дейді[1, 18], себебі оқу барысында мектеп бағдарламасынан талап етілетін міндеттерден мазмұны бөлек жалпыбілімдік және тәрбиелік міндеттерге қол жеткізіледі.
Автордың айтуынша, тілдік емес мамандықтарға ағылшын тілін үйретудің тәжірибелік құндылығы болашақ маманның кәсіби қызығушылықтарына негіздей отырып, кітап, материал және сөздіктің көмегімен іске асады. Оған қоса, студенттер оқудың көмегімен шет тілінен өздерінің танымын жетілдіреді: таныс материалды бекітеді, жиі кездесетін синтаксистік жүйелер, тілдік орамдар, шартты белгілер еріксізден меңгеріледі де, әрі қарай мәтіндегі, студент үшін ерекше қызықты ақпаратты тезірек және сапалы игеруге ықпал етеді. Автор, сонымен қатар оқудың тәжірибелік құндылығына студенттің арнайы әдебиетпен жұмысын жатқызыды, өйткені ол ауызша сөйлеу шеберліктерін қалыптастыруға және нығайтуға септігін тигізеді. Жылдам және дұрыс оқи білу, автордың пайымдауынша, бір қарағанда еш қиындықсыз жүзеге асады. Алайда, оқуға үйрету процесі өте үлкен ынта мен күшті қажет етеді. Мысалы, ана тілінде оқып-үйренуге бірнеше жыл кетеді, сондықтан ағылшын тілінде оқып-үйренуге, біріншіден, тіпті ана тілінде оқу шеберліктеріне сүйене отырып; екіншіден, орта мектепте алынған оқу негіздеріне сүйене отып үйренгеннің өзінде қаншалықты қиын болатынын елестетуге болады. Жасыратыны жоқ, орта мектептен көптеген студенттер ағылшын тілінен орташа, тіпті одан да төмен біліммен келіп жатады. Оқудың шеберліктері мен дағдылары қалыптаспаған, сондықтан жоғары оқу орнында мұндай студенттермен мәтінді түсініп, оқи білу үшін өте көп жұмыс жасау қажет болады. Сонымен, М. В. Ляховицкий мәтінмен жұмыс жасау әдісіне бастайтын, оқуға үйретудің бірнеше алғышарттарын ұсынған[1, 18-19] :
1. Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктерінің бірі: қарым-қатынас барысында тікелей партнердің болмауы, хабарламаның қарым - қатынас міндеттерін толықтыратын және күшейтетін ой білдірудің экстралингвистикалық тәсілдерінің болмайтындығын айтатын болсақ, онда мәтіндегі ақпараттың негізгісі - тек қана тіл тәсілдерімен берілетіндігі туралы қорытынды жасау қиын емес.
Тіл тәсілдеріне, біріншіден, лексикалық және грамматикалық бірліктер, пунктуациялық рәміздер; екіншіден, полиграфиялық анықтауыштар (азат жол, шрифттің үлкендігі мен қарамен жазылғандығын, астын сызу, курсивті белгілеу және т. б. ) жатады. Яғни, мәтінді оқу үшін тілдік материалмен қатар белгілеудің полиграфиялық тәсілдері туралы да білу қажет. Лексика мен грамматиканы игеруде студенттердің күнделікті жұмыс жасауы қажет. П. Хегбольд 1963 жылы орыс тіліне аударылған «Шет тілдерін оқыту» атты кітабында оқу сапасының көбінесе лексика мен грамматиканы білуіне байланысты екендігін көрсеткен[5, 25] . Оның зерттеулерінің қорытындысы бойынша алынған мәліметтеріне қарағанда, оқи білу мен лексиканы игерудің арасындағы корреляция коэфициенті 0, 82, ал оқи білу мен грамматиканы игергендігі арасы - 0, 77 болған. Бұл қорытындылар сапалы оқуға қол жеткізу үшін соған сәйкес лексикалық және грамматикалық материалды игерудің үлкен міні бар екендігін көрсетеді. Орта мектепте игерілген материалдарға тілдік емес жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқытуда, лексикалық материалды игеру, әр-түрлі қиындықтармен байланысты, атап айтқанда, оқу процесінде және белгілі бір мағынамен тез арада анықталатын, студенттердің меңгеруі үшін үлкен жұмысты қажет ететін тағы үш лексикалық бірлік- қоғамдық- саяси, жалпығылыми және арнаулы терминологиялық лексика қосылады. Бұған қол жеткізу үшін оқылатын лексиканы семантизациялаудан бастап, көптеген сөйлеу жаттығуларына дейінгі тұтас жаттығулар жүйесін орындау қажет. Осы жаттығуларды орындауда сәйкес автоматизмдер қалыптасады және бекітіледі. Нақты сөйлеу әрекеттеріне қатысты студенттің потенциалды сөздігін дамытуға бағытталған студенттің лексикалық қорын толықтыратын арнаулы жаттығуларға ерекше назар аудару керек. Басқаша айтқанда, конверсия, сөзжасам ережелерін білуге негізделген лексикалық жаттығуларды орындай отырып, студент сөздің негізгі мағынасын қайта түсіну; сонымен қатар, мәтіндегі бұрын кездеспеген лексикалық бірліктерді сәйкестендіру шеберлігін дамыту мүмкіндігіне қол жеткізеді. М. В. Ляховицкийдің айтуынша грамматикадан жақсы білім ағылшын тілінде оқу үшін міндетті нәрсе[1] .
Тілдік емес мамандықтар үшін жалпығылыми және арнайы әдебиетке тән грамматикалық ережелер алынуы керек: күрделі етістік түрлері, күрделі синтаксистік жүйелер. Алайда, бүгінгі күнге дейін орта мектеп үшін де, жалпығылыми әдебиет үшін де сұрыпталған грамматикалық минимум жоқ. Автордың айтуынша, грамматикалық минимум жиілілік принципі, үйлесімділік және репрезентативтік принципіне негізделіп құрастырылуы керек.
2. Алайда, жеке сөздердің мағынасын білу, сөйлемдегі синтаксистік және морфологиялық сигналдарды түсіну, егер, студент оқу техникасын меңгермесе, мәтіннің мағынасына терең бойлай алмайды. Әрине, оқу техникасының негізі орта мектепте қаланады, бірақ оны үзіліссіз жаттықтырып отыру қажет. Батыс Еуропа шет тілдерінің графикалық жұйесінің өздеріне тән ерекшеліктері бар, бірақ барлығы олардың латын әліпбиіне негізделеді. Латын әліпбиінің 26 әрпі ағылшын тілінде 146 орфограмма береді екен, бұл ағылшын тілінің бес ғасыр бойы өзгермей келе жатқан консерватизмін дәлелдейді. Жазылу мен айтылу арасындағы өзгешіліктер қиындықтар туғызады, мысалы, көріп оқу дыбыссыз болады да, оған оқу техникасы қажет емес деген ой туындайды, алайда, ол ішкі оқумен қатар жүреді. Ал ішкі оқуды студент ауызша сөйлеу барысында қолданады.
3. Оқу техникасын меңгерген соң, лексикалық бірліктердің және грамматикалық жүйелердің мағынасын біле отырып, енді студент еркін оқып кетер деп ойлаймыз. Алайда М. В. Ляховицкий бұл әлі жеткіліксіз дейді. Енді тұтас мәтінді түсіну техникасын меңгеру керек. Түрлі типтегі мәтіннің күрделілігін анықтап, сол күрделілік деңгейіне сәйкес жаттығулар құрастырылады. Ал мәтіннің күрделілігі композициялық сөйлеу түрлерінің ұсынылу тәсілдеріне қарай анықталады. Сондықтан, студент әрбір сөз бен сөз тіркесін, қолданылған грамматикалық құбылыстарды терең түсініп қоймай, оның композициялық және мазмұндық негізіне мән бере білуі қажет.
4. Мәтіннің мазмұнын түсіне білу студенттің сол мәтін туралы пәнді меңгеру деңгейіне де байланысты.
Студенттің мамандығына сәйкес пәнді өте жақсы білуі, тілдік мазмұндағы кейбір білімнің орнын толтыруға көп ықпал етеді. Сондықтан, автор студент өз мамандығы бойынша ана тілінде алынбаған кәсіби мәтіндерден аулақ болған жөн деп санайды. Автор, мәтінмен жұмыстың түрлері үзіліссіз курс көлемінде баспалдақ бойынша жоғары көтеріле береді дейді. Төменде, автор мәтіннен ақпарат алудың негізгі түрлерін ұсынған:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz