Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Комьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері

1. 1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану . . . 6

1. 2 Компьютерді шет тілін оқытуда пайдалану . . . 13

2. Шет тілін оқытуда электронды оқулықтарды пайдалану

2. 1 Электрондық оқулықтар . . . 17

2. 2 Электронды оқу басылымдарының құрылымы . . . 23

2. 3 Электронды оқулықтардың мүмкіндіктері . . . 26

2. 4 Жүргізілген зерттеу жұмыстары және нәтижесі . . . 30

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т. б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процессі дамытылуда. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.

Дегенмен, оқыту процессіне компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процессінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды: «Шет тілін оқытуда электронды оқулықтарды пайдалану ерекшелігі».

Зерттеу жұмысының мақсаты - Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату, электронды оқулықтардың маңыздылығын анықтау.

Аталған міндетке жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;

2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;

3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.

Зерттеу объектісі - ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.

Зерттеу құралы - шет тілін үйрету процессіндегі мультимедия мен видеофильмдер.

Зерттеу процессінде келесідей әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикада қолдану.

Зерттеудегі ғылыми жаңалық:

«Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау»;

«Білім беру процессінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде компьютерлік технологияларға үйрету әдістерінің жаңа нұсқаларын жасау».

Зерттеу жұмысының теоретикалық маңыздылығы :

Жаңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге асырылу мүмкіндіктерін айқындау.

Зерттеу кезінде алынған нәтижелер, яғни компьютерлік технологияларды қолдану үшін жасалған әдістер орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, білім беру процессінің сапасын жоғарылату мақсатында қолданылуы мүмкін. Объект: Ағылшын тілін үйретудегі жаңа ақпараттық әдістемелері. Тақырыбы: Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларлы қолдану ерекшелігі.

Зерттеудің практикалық құндылығы . Жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытуда оқушыларды коммуникативті оқыту технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады.

Зерттеу әдістері : зерттелетін проблемалар жөніндегі ақпараттық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сауал сұрақ жасау.

Талдау барысындағы материал: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер; отандық және шетелдік журналдар.

Зерттеу жұмысының құрылысы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдан тұрады.


1. Комьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері

1. 1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

Адамзат қызметінің әр түрлі саласында, соның ішінде білім беруде ақпараттық технологияның аса жаңа құралдарын қолдану көбірек өзекті болып келеді. Отандық және шетелдік басылымдарда оқу процесін компьютерлендіру қандай да бір пәнді оқытуды ұйымдастырудың өзекті факторларының бірі ретінде қарастырылады.

Оқытудағы аса жаңа ақпараттық технологиялар алдыңғы қатарлы университеттер мен институттардың ғылыми және білім беру потенциалын белсендірек пайдалануға қашықтан оқыту курстарын құруға ең үздік оқытушыларды тартуға, үйренушілер аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік оқыту саласындағы жинақталған бай тәжірибеге қарамастан, көптеген шет тіл оқытушылары компьютерлік оқыту құрлдарын пайдалану мүмкіндігіне сақтықпен қарайды.

Оқытудың басқа құралдарымен салыстырғанда дидактикалық артықшылықтары болып табылады: полифункционалдылық, интерактивтілік, диалогтық өзара әрекеттестік, жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарының мүмкін режимдерінің алуандығы. Оқыту құралы ретінде компьютер барлық артықшылықтарлы іске асыруға қабілетті. Сонымен бірге оқыту процесінде компьютерді пайдалану техникалық құрылғыларға қойылатын талаптармен реттелген, және белгілі бір қағидаларға сәйкес келуге тиіс. Компьютерлік лингводидактикада пайдаланудың келесі қағидалары релевантты болып табылады:

  • келісімділік;
  • қажеттілік;
  • ақпараттылық;
  • сенімділік;

Келісімділік қағидасы:

Оқыту мазмұнына, мақсаттары мен кезеңдеріне, пайдаланушылардың жастық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қолданылатын оқыту әдістемесіне байланысты пайдалану жағдайларын нақты анықтауды ұйғарады.

Қажеттілік қағидасы:

Егер қандай да бір параметр бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруға, атап айтқанда: материалды меңгеру жылдамдығын жеделдетуге, сөйлеу қызметін белсендіруге, көбірек ұтымды тәсілмен оқу мақсатына жетуге, оқытушының немесе оқушының жұмысын жеңілдетуге, оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ақпараттылық қағидасы:

ДК пайдаланушыға аса қысқа уақыт ішінде көп ақпарат алуға мүмкіндік беретіндіктен, оқу процесін анықтамалық - ақпараттық қамтамасыз ету құралы ретінде компьютердің артықшылықтарын ашады. Оның үстіне, компьютер шет тілін оқытудың ақпараттық - сөйлеу сипатына бәрінен көбірек сәйкес келеді.

Сенімділік қағидасы:

Оқыту үшін әрбір компьютерлік бағдарламасын тәжірибелік тексеруді жүргізу қажеттілігіне, сондай-ақ дидактиканы қолданумен сабаққа ұйымдастырушылық дайындық кезеңінің барын көрсетеді.

Шет тілдерін үйрету процесінде компьютер бірнеше функцияларды орындай алады.

Тілдерді үйретуде компьютердің белгіленген функцияларын екі үлкен топқа біріктіруге болады:

  • іске асыру кезінде оқу процесінің қатысушыларының бір рөлін орындайтын функциялар;
  • қызмет құралы ретінде ДК функциялары.

Оқытушы мен оқушының функциялары бір - бірін өзара толықтырады, сондықтан олардың қызметін компьютерлендіру процестері тығыз өзара байланысты, үйренуші қызметінің белгілі бір аспектісін боямалайтын компьютерлік құралдар бір уақытта үйренушінің жұмыс құралы болып табылады. Мысалы, анықтамалық - ақпараттық жүйелер, бір жағынан, оқытушының ақпараттық функциясын іске асыратын құралдар ретінде, екінші жағынан, үйренушінің қызметін ақпараттық қолдау құралы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Компьютер шет тілдері оқытушыларына бірнеше көмек көрсете алады.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибеге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс - әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

В. Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту үйретудегі амалдардың жиынтығы - деп, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология іс әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігі қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр. (Қосымшада 1 - кестеден қараңыз)

М. Горький «Мұғалім әрбір алғаш ашатын кілт» дегендей мұғалімнің білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз. Біздің басты міндетіміз: Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл, білімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.

Ұстаздардың алдына қойған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Жаңa технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

  • I кезең: оқып - үйрену;
  • II Кезең: меңгеру;
  • III Кезең: өмірге ендіру:
  • IV Кезең: дамыту;

Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту мен тәрбие - егіз үрдіс. Сондықтан да мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайлрды танып білуі талап етіледі. (қосымшадағы 2 кестеге қараңыз)

Жаңаша оқытудың негізгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы жатады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын қалыптастыру, қадір қасиет сезімін дамыту.

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

  • Оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
  • Оқыту үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін танымдық қабілеттерін белсендіру;
  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивін дамыту.
  • Оқу материалын игеруде және оқу іс әрекетінде жете ұғынуға талпындыру.
  • Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.
  • Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
  • Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
  • Оқу үрдісінде компьютерлік технологияны қолдану;
  • Дамытуша оқытуға арналған ойындарды қолдану;
  • Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, т. б. ) арналған дамыту жаттығулары;

Осы іс тәжірибелерді жинақтай отырып, оқытудың озық технологияларын өз сабақтарында пайдалану маңыздылығы ерекше.

Оқытушылар мен үйренушілер үшін қызмет құралы ретінде компьютер шет тілі бойынша оқу процесінде, ең алдымен, ақпараттық және техникалық қолдау алу үшін қолданылады. Оның үстіне, үйренушілер ДК-ді олардың кәсіби қызмет құралы ретінде пайдалана алады.

Үйренушінің қызмет құралы ретіндегі компьютердің функциялары оның фактілерді дәл тіркеу, үлкен көлемді ақпаратты сақтау және беру, деректерді топтау және статистикалық өңдеу мүмкіндіктеріне негізделген оқытуды басқаруды оңтайландыру, оқу процесінің тиімділігі мен объективтілігін арттыру үшін қолдануға мүмкіндік береді:

  • ақпараттық қолдау алу;
  • оқыту параметрлерін диагностикалау, тіркеу және жүйелендіру;
  • оқу материалдарымен жұмыс (іздеу, талдау, іріктеу, құру) ;
  • ұжымдық жұмысты ұйымдастыру; қашықтан оқытуды жүзеге асыру.

Оқу материалдарымен жұмыс кезінде оқытушыға көмектің әр түрлі түрлерін ұсынады, ол анықтамалық ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін қолдану есебінен жаңа оқу материалдарын құру кезінде қажетті материалдарды іздеуді жеңілдетуден ғана емес, сонымен қатар оқыту үшін материалдарды ресімдеуден, сондай-ақ бұрыннан бар жұмыстарды әзірлеуден тұрады.

Баспалы оқу материалдарын әзірлеуден басқа қазіргі заманға сай компьютерлік құралдар оқытушыларға бағдарламалаумен айналыспай, жаңа КОП өз бетімен құруға мүмкіндік береді. Бұл үшін бірнеше мүмкіндік бар: ашық КОП деректер базасын түрлендіру және толықтыру, авторлық немесе генеративтік бағдарламаларлы қолдану. Бұл бағдарламаларды генеративті деп атайды, себебі олар оқытушы енгізген тілдік материалдан өз бетімен генерациялайды. Оқытушының генеративті жұмысы диалогтық режимде өтеді және «сөйлемді енгізіңіз», «ережені енгізіңіз», «мәтінді енгізіңіз» және басқа сауалдарға жауаптарға әкеледі. Генерацияланатын негізгі түрлеріне жатады:

  • көптік таңдау техникасын пайдаланумен тестілер;
  • бос орындармен мәтіндер;
  • лингвистикалық ойындар (кроссвордтар) .

Компьютер шет тілін үйрену кезінде үйренушілерге көмектесе алады.

Үйренушіге қатысты компьютер мыналардың рөлінде болып, көптеген функцияларды орындай алады:

  • оқытушы; сарапшы;
  • қызмет бойынша серік;
  • қызмет құралы;
  • үйренуші.

Оқушылар ДК-ді жұмыстың әр түрлі сатылары мен әр түрлі сапаларында өзінің жеке қажеттіліктеріне сәйкес қолдана алады. Оқытушы функцияларын іске асыру мүмкіндіктерінің арқасында, компьютер артта қалушы оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктердің орнын толтыру мақсатымен оқушылардың өзіндік және үй жұмысы процесінде, тілдік автономды үйрену барысында жиі қолданылады. Бұл жағдайда арнайы оқу мақсаттарында құрылатын жаттықтырушы және үйретуші компьютерлік бағдарламалар қолданылады.

Тілді үйрену процесінде компьютер бірнеше мақсат орындай алады.

ДК көмегімен фонетикаға үйрену кезінде айтуды визуалдау тәсілі жиі қолданылады. Мысалы ENGOY ENGLISH WITH PROFESSOR HIGGINS.

Грамматикаға үйрету кезінде:

  • оқу мен түсініп талдаудың рецептивті грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • басым түрде жазбаша сөйлеудің өнімді грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • тестілік бағдарламалардың негізінде грамматикалық дағдылардың қалыптасушылық деңгейін бақылау;
  • анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету.

Лексикаға үйрету кезінде:

  • оқу мен түсініп талдаудың рецептивті грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • басым түрде жазбаша сөйлеудің өнімді грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • визуалды көрнекілікті қолданумен тестілік бағдарламалардың және ойындық компьютерлік бағдарламалардың негізінде грамматикалық дағдылардың қалыптасушылық деңгейін бақылау;
  • үйренушілердің пассивті және потенциалды сөздіктерін кеңейту;
  • анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету (автоматты сөздіктер, синонимдер мен антонимдерді іріктеу бағдарламалары) .

Оқуға үйрету кезінде:

  • дыбыс әріптік сәйкестіктерді анықтау дағдыларын қалыптастыру;
  • дауыстап оқу техникасына үйрету;
  • қабылдау өрісі мен талап ету қарқынын түрлендіру, мәтіннің орналасуын өзгерту секілді тәсілдерді қолдану есебінен оқу техникасы дағдыларын жетілдіру;
  • оқудың рецептивті лексикалық және грамматикалық дағдыларын бекіту;
  • мәтіннен әр түрлі мағыналық ақпаратты алу шеберліктерін меңгеру;
  • мәтінді талдаудың әр түрлеріне үйрену;
  • тілдік қиындықтарды өз бетімен жеңу дағдыларын қалыптастыру;
  • тілдік немесе экстралингвистикалық ақпаратты ұсыну арқылы анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету;
  • Оқылған мәтіннің дұрыстығы мен тереңдігін бақылау.
  • Талдап түсінуге үйрету кезінде:
  • Талдап түсінудің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • Тыңдалған мәтінді түсіну дұрыстығын бақылау.
  • Айтуға үйрету кезінде:
  • Айтудың фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • Симулятивті- модельдеуші бағдарламалардың негізінде рөлдік ойындарды пайдаланумен жұпта немесе кішігірім топтарда қарым- қатынасты ұйымдастыру.

Аударуға үйрету кезінде:

  • аударудың лексикалық және фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • аударудың дұрыстығын тексеру;
  • мәтіндік түзетушілер мен машиналық аудару жүйелерін қолданумен аудару мәтіндерін түзету шеберлігін меңгеру;
  • анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету;

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны шет тілін үйренуте қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

1. Кезең - оқып үйрету; 3 . Кезең - меңгеру;

2. Кезең - өмірге ендіру; 4. Кезең - дамы

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастығын болдырмау; ғылыми әдістемелік, оқыту әдістемелік себептеріне үнемі талдау жасау.

Компьютердің шет тілі бойынша оқу процесінде үйренушінің рөлінде болуы әр түрлі бағаланады: оларды абсолютты теріске шығарудан ЭЕМ үйренушінің барлық негізгі және көмекші функциялары берілуі мүмкіндігі туралы пікірге дейін. Компьютерлік лингводидактика бойынша көптеген мамандар компьютер үйренушінің бірқатар функцияларын орындай отырып, бірқатар себептер бойынша шет тілі мамандығын толықтай ауыстыра алмайды деген пікірді ұстанады, олардың ішінде бастылары мыналар болып табылады:

  • компьютерде оқытушының тәрбиелеу функцияларымен байланысты оның қызмет аспектілері толықтай көрінуі мүмкін емес, тілдерді оқытуға уақтылы коммуникативтік тәсіл кезінде оқытудың мақсаты, ең алдымен, мәдениаралық өзаратәрекеттестіктің ерекше әлеуметтік нысаны ретінде шеттілді қарым- қатынас жасу қабілеттілігін дамыту, оны адам- машиналық өзара әреукеттесу шеңберінде ұдайы өндіру бүгінгі таңда күмәнді болып көрінеді.

Қазіргі кезеңде соған сәйкес компьютерді оқытушыға қарама - қарсы қоймай, оны үйренушінің кәсіби қызметін қолдау құралы ретінде қарастырған жөн тәсіл неғұрлым конструкциялық болып табылады. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орын ол мектеп.

1. 2 Компьютерді шет тілін оқытуда пайдалану

Жаңа жағдайларда оқытушы дәстүрлі оқу құралдарын ғана емес, сонымен қатар ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалануға тиіс. Бүкіләлемдік желі, электрондық білім беру ресурстары өз оқушыларының, сондай-ақ өзінің білімін кеңейткісі келетін оқытушы- пән мұғалімі үшін жақсы көмекші бола алады .

Оқытушы компьютер үйренушілердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыратын және әсіресе тілдік және сөйлеу материалымен жаттықтыру жұмысы процесінде оны басқаратын құрал болып табылады. Бұл қолданылатын жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер сипатын анықтайды. Келесілер көбірек жиі қолданылады:

1. Сұрақ- жауаптық диалог. Үйренушінің жұмыс мәні негіз бен сұлба ретінде сұрақта жазылған тілдік материалды пайдаланып, компьютерлдік сұрақтарына тура жауаптар беруден тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Электронды оқулық ағылшын тілін оқытудағы инновациялық құрал ретінде»
Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Интернет желісіне қосылу
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Форма қасиеттерін өзгерту
Delphi ортасы туралы түсінік
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Е- learning электронды оқу жүйесі
Оқытудың компьютерлік технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz