Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Орындаған: Бақтығали Н.
Тексерген:
Орал, 2014
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Қазақ поэзиясының адамгершілік ізгілік дамытудағы рөлі
1.1. Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттері ... ... 5
1.2. Рухани-адамгершілік құндылықтың имандылық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ..8
ІІ. Ізгілік ұғымын қалыптастырудағы ғалымдар көзқарастарының рөлі
2.1. Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани - адамгершілік құндылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Жүсіп Баласағұнның шығармаларындағы ізгілікті дәріптеу ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ поэзиясындағы адамгершілік ізгілік жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөліне тоқтала отырып, олардың шығармаларындағы өзекті мәселелерге сараптамалық талдау жасау.
Зерттеудің міндеттері:
* Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттеріне сипаттама беру;
* Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани - адамгершілік құндылықтартарға талдау жасау;
* Жүсіп Баласағұнның шығармаларындағы ізгілікті дәріптеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттері
Шәкәрім лирик ақын ретінде адамгершілік, өнер - білім, болашақ өмір, жастық пен махаббат туралы жазған өлеңдерімен әдебиет әлемінде өшпестей із қалдырды. Ақын қалдырған асыл қазынаның тақырыптық ауқымын, жанрлық кеңдігін көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік тілдік шеберлігін ғалымдарымыз жан - жақты зерттеп, дәйекті тұжырымдап, бүгінгі рухани азығына айналдырып отыр. Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеуде бұрынғы ата - бабаларымыздың асыл мұраларын, өсиетті сөздерін, ғибраттарын алдымызға жайып саламыз. Өйткені адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған бабаларымыздың тәлім - тәжірибесінің, ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз. Рухани - адамгершілік байлығымыз. Абай, Шәкәрім аталарымыздың шығармаларының тұнығы осы рухани тәрбие. Ғасырлар бойы Абай тәлімі адамзатты адастырмай алдына жарық салар шырағданы болды. Абай ізін жалғастырушы адамдық жолын айнытпай танытқан Шәкәрім жырлары бүгінгі ұрпақтың бойтұмары болмақ. Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып - рухани адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Ол адамгергершілік ар-ұяттты жоғары қояды. Оның өлең жолдарынан кісіліктің келбетін танытар асыл қаситтерімен сусындауға тұту, бауырыңа тарту бұл да адамгершіліктің жоғары түрі.
Шәкәрім өз шығармаларында адамдық, адамгершілік мәселесіне көптеп тоқтаған. Оның шығармаларында ар білімі деген термин көптеп қолданылған. Ол ар сөзін совесть деп тәржімалаған. Ар дегеніміз не? Ол тек адамға ғана қатысты түсінік. Михаил Лермонтов: Адам ісіне құдаймен бірге төреші бір нәрсе бар, ол - ар деп айтқан. Абай аудармасында ол өлең былайша келтірілген:
Менің сырым, жігіттер, емес оңай,
Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.
Шәкәрімнің ұстазы, әрі туысы ұлы Абайдың адамгершілік, арлылық деген ұғымдарын өзі де өміріне үлгі етіп алған.
Философ Ғарифолла Есімнің айтуынша: арлы адам, алдымен, құдайына қараған, құдай мақұлдамайтын іске бармайтын адам. Ар - әр адамның өз ісінің төрешісі. Ғ.Есім: Құдай құратын сотқа дейін адам өзінің арының алдында жауап бермек,- дейді. Менандрдың: Әр адамның құдайы - өзінің ары деген сөзі тағы бар.
Бізде ар сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? Шәкәрім энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар, - дейді.
Ар - адамдық сананың негізі деп: ар түзер адамның адамдық санасын деген өлең жолдарымен Шәкәрім де айтқан. Шәкәрімше айтқанда ар өзіне жақын, әлі ара жігі ашылып зерттелмеген ұят, ұждан ұғымдарымен бірлікте.
Шәкәрім Ашу мен ынсап атты өлеңінде ар сөзін бірнеше рет қайталанған:
Бәріне де құлақ сал,
Рахым, ұят, ар қайда?
Және:
Көп наданнан жасқанып,
Сорлың елге бас ұрған.
Рахым, Ұят, Арының,
Бетін топырақ жасырған.
Және де:
Дайын қылдым бәрін де,
- Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,
Ынсап деген кәрің де.
Бұл өлеңде ар адам бойындағы ашу-ызаға қарсы, ынсапқа жақтас қасиет ретінде көрініс тапқан. Жастық туралы деген өлеңінде:
Қарамай ұят, арына,
Жанды қиып жарына,-
дейді. Шәкәрім өлеңдерінде, аудармаларында ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелерін жиі көтереді. Оның шығармаларында өзінің ішкі табиғатына, көзқарасына сәйкес келетін және сол идеясын жеткізуге лайық детальдар мен сюжеттік элементтер тапқанда ғана сол туындыны жазуға бой ұрады.
Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?
Көз жұмып,"көппен көрген ұлы той" деп,
Береді бұл надандық кімге пайда?- [3,152]
деген қазаққа Шәкәрім ең бірінші орынға арды қояды. Көпен көрген ұлы той деген сылтау тауып арға нұқсан келеін істің бәрін ақтап алатын қазақ болмысын сынайды.
"Ақылды сол - нысап пен ар сақтайды,
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды". [3,117]
Нысап пен ардың қатар аталуы бұл екі ұғымның өзара жақындығы сабақтастығы туралы айтады. Адамда нысап болса арболғаны. Нысапсыз адам арды ойланбай-ақ аттап кететінін меңзейді ақын бұл жолдарда. Адалдықпен адал асын алған жан нағыз арлы адам деп тұжырымдайды. Ар жоқта нысап та болмайды, нысап болмаса арда болмайды. Осы екі ұғымның бірлігін терең таниды.
1.2. Рухани-адамгершілік құндылықтың имандылық негізі
Ізгілік -адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Ізгілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Ізгілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Ізгілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, ізгілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Ізгілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына ізгілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Ізгілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Ізгіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам ізгілікті күнделікті тұрмыс -- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне ізгіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал,адамгершілікке тәрбиелеудіңбірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді бала бойына жас кезінен сіңіребілсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсыадамгершілік қасиетімен, адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Бүгінгі күні өсіп келе жатқанұрпақтытәрбиелеуге қойылғанмақсаттыңбірі - қоғамғапайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқорболабілетін, жан-жақтыдамыған, жеке тұлға қалыптастыру.Адамның бойында адамгершілік сезімі қалыптасқан күнде ғана Отан алдындағы парызды орындау үшін саналы түрде қауіп-қатерге бас тіге алады. Б.Момышұлы Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге міндетті деген. Бұны отбасында өсіп келе жатқан жас буындарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ерен үлес қосатын аса маңызды әлеуметтік орта деп ой түюге болады.Кез келген баланы ата-ана, мұғалім, балалар ортасы тәрбиелейді. Оған өмірдің түрліше жағдайлары әсер етеді.Мектеп өсіп келе жатқан баланың рухани-адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Ол белгілі бір жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сондықтан балалардың мектепте алған адамгершілік тәрбиесі адамгершіліктің барлық салаларын қамтуы тиіс.Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы міндетті.Адамгершілік тәрбиесі балалар арасындағы тәрбие жұмысының барлық буындарында, сабақта, оқу және еңбек үрдісінде, дене тәрбиесінде жүзеге асырылады. Адамгершілік нормаларын тек жаттап алу жеткіліксіз, оны ой елегінен өткізіп, бастан кешіруі керек.Тәрбие - табалдырықтан басталады дегендей, оқушыларды мектепке келген күннен бастап парасат биігіне, адамгершілікке тәрбиелеу, ежелгі халық тәрбиесі үлгісімен адамгершілік дағдысына үйрету - тәрбие жұмысының негізгі бөлігі.Тәрбиесіз адам - адамгершілік жағынан надан, дүмше,- деп жазады В.А.Сухомлинский,- бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді.Баланың өзін ізгі, адамгершілігі мол адам ретінде көрсетуіне жағдай жасап, өзгелерге жақсылық, қайырымдылық жасау оның да қолынан келетінін үнемі ұғындырып отырған жөн. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ дегендей, мектеп ұжымынан бөлек ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі ерекше, үйретері, берер тағылымы, үлгі-өнегесі мол. Баланы рухани-адамгершілікке, ұлттық құндылықтарғатәрбиелеу өзі өскен ортада ата-анасы арқылы беріледі. Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас кезінде көрген өнеге деген екен Ж.Аймауытов. Олай болса, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей, ата-ана отбасында баланы бауырмашылдыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, жақсы ізгі мінез-құлықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу керек.Жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген азамат тәрбиелеуге болады. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыруда жатыр деп түсінеміз.Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек деген сөзін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін ат салысуымыз қажет.Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес.Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелей аламыз.
Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну -- мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысып анықтап алуға, оны жою қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтың осы қарама-қарсылығын туғызған себептерді жеңу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама- қарсы болғандықтан ғана емес, адамның басқа алдындағы және өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасьін сонау классикалық философия қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардың мінез-құлқын реттеу амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік мақсат ретінде адамдардың мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осы арқылы әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді.

2.1. Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани - адамгершілік құндылықтар
Ізгілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы ізгілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбилеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіе қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызының Өзін-өзі тану рухани-ізгілік білім жобасы біздің балабақшада эксперименттік пән ретінде жүргізілді. Өзін-өзі тану пәнінің басты мақсаты-адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-ізгілік тәрбие беру. Өзін-өзі тану пәні - баланы жастайынан Отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Халық педаогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері,ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері ізгілік ниеттерге баулиды. Олай болса, ізгілік тәрбие беру кілті- халық педагогикасында деуге болады.
Мақыш туындыларында ізгілік, ағартушылық, демократтық пікір басымдығын және қазақтың төңкеріске дейінгі діншіл ақын-жазушыларынан реалистік бағытқа бірталай көтерілген сыншыл реализмге жақын келген осы - Мақыш Қалтаев деуге болады дейді ғалым.
Ізгілік ілімінің шешімдеріне қарсы келмейтін, қайта оны мейлінше аялап дәріптейтін адамтану өнері (Белинский) атанған көркем әдебиетке ғылыми негізде барлау жүргізу, зерттеу көзіне айналдыру - бұл жұмыстың негізгі мәні болса, сөз өнерінің сарасы - өлеңге, сезім сыры - лирика әлеміне көз тастау - тақырып зәрулігін, өзектілігін тереңдете түседі.
Абай рухани әлемнің мазмұны ізгілік туралыөз формуласын ұсынған. Адамзаттың бәрін сүйбауырым деп - бұл күллі адам баласы тәжірибеде қолыжете алмай отырған биік мақсат. Бұл Біріккен ҰлттарҰйымының кіреберісіндегі маңдайшасына жазылыпқойылатын сөз. Әлі оған да жетерміз. Осы биік мақсаттыорындау үшін қандай міндеттер атқарылуы керек?
Абай ізгілікті әр адамның жеке түсінігінен іздейді.Жалған өмірде мағмұрлық жеңіп кеткенде, адамға желікпайда болады. Шәкәрім айтқандай билік пен байлықадамзатты мас қылады. Сондай жағдайға түскен жанғақарата Абай былай дейді: Алды үміт, арты өкініш,алдамшы өмір, желігін жерге тығар кісің бар ма?.Қандай адамның болмасын желігі жерге тығылған, оданқашып құтылған жан жоқ. Сондықтан Абай әркімгеқарата тағы да былай деген: Қай қызығы татиды қуөмірдің, татуды араз, жақынды жат қыларға. Әрине, қуөмірдің еш қызығы бұған татымайды. Тату болу, бауырболу, жақыныңды жат қылмау бұл оның рухани өсиеті.
Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың ішінен орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде екі ауыз сөйлем құрай алмайтын, құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы жүрдім-бардым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz