Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
1. 1 Өмірбаяны . . . 7
1. 2 Шығармалары . . . 12
2 Шәкәрім поэзиясындағы бейнелі сөздер қызметі
2. 1 Теңеудің көркемдік қызметі . . . 20
2. 2 Ауыстыру тәсілдері . . . 25
Қорытынды . . . 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Абай мектебінің үздік өкілі, ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны жайында көптеген зерттеу еңбектері мен мақалалар жарияланды. Артына «Үш анық» секілді терең философиялық толғау, «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі» атты тарихи мұра қалдырған ғұламаның шығармалары теңдесі жоқ ұлттық игілік.
Ақынның әдеби мұрасы әр қырынан қарастырылып, зерттелу үстінде. Бұл орайда М. О. Әуезов, М. Бөжеев, Қ. Мұхамедханов, Ш. Сәтбаева, Р. Нұрғали, З. Ахметов, Р. Бердібаев, Н. Ғабдуллин, З. Қабдолов, Ғ. Есім, Ш. Елеукенов, М. Мағауин т. б. зерттеушілер еңбегі ерекше елеулі.
Шәкәрімнің шығармашылық өмірбаяны бүгінде зерттеу еңбектерінің нысанасына айналып, жаңа кезеңнің дәстүрлі үрдісі ретінде көрініс беріп отыр. Шәкәрім поэзиясының қоғамдық өмір мен табиғат құбылыстарын көркем оймен қабылдаудағы және жеткізудегі көркемдік танымы мен тарихилығы өзара тереңнен тамырласып жатқан тақырыптық-идеялық, эстетикалық, философиялық ізденістері мен даму жолдары, стильдік, тілдік, бейнелеу амал-тәсілдері, ақындық өрнектерінің қалыптасуы жайында зерттеу жүргізу - қазақ әдебиеттану ғылымындағы көкейкесті мәселе.
Шәкәрім - өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Төңкеріске дейін, яғни 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан Шәкәрімнің «Қазақ айнасы», «Қалқаман - Мамыр», «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Еңлік - Кебек» атты кітаптары жарыққа шығады. Ақынның жекелеген шығармалары сол кездегі қазақ баспасөзінде жарияланды. Шәкәрімнің Физулиден аударған «Ләйлі - Мәжнүн» дастаны Ташкенттегі «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы бірнеше санында басылды. Одан кейін бұл поэма С. Сейфуллиннің бастыруымен 1935 жылы Алматыда «Ләйлі - Мәжнүн» деген атпен жарияланды. А. С. Пушкиннен аударған «Дубровский» әңгімесі жеке кітап болып басылды. Бұл әңгіме 1935 жылы орыс ақынының қазақ тіліндегі таңдамалы өлеңдерінің жинағына енді. А. С. Пушкиннің Шәкәрім аударған «Боранын» Б. Кенжебаев 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналының 2-ші санында жариялады. Ақынның бір топ өлеңдері 1978 жылы Ленинградта шыққан М. Мағауин құрастырған «Поэты Казахстана» жинағында жарияланды.
Осындай мол мұра қалдырған Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығы көркемдік құралдарды қолдану амал-тәсілдері жағынан талдауды қажет етеді.
«Ақын ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-астарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік, көркемдік тәжірибесі, ересен ғылыми ізденістері - поэзияда жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге бой ұруына, әрі соншалықты құпия, күрделі тоқылуға бейімдеді. Сондықтан да өлең-жырларында қисынды логикалық сөйлемдермен қатар, әдеттен, дағдыдан тыс мағыналық жағынан түсінуге ауыр сөйлемдер мен сөздер, символикалар, жұмбақ аллюзиялар мен метафоралық мәні ала-бөтен сөз-образдар шаш етектен», - дейді С. Негимов [1, 272-б] . Сондықтан Шәкәрімнің сөз қолданысындағы көркемдік шеберлігін зерттеу жұмысымыздың басты нысанасы болмақ.
Тақырыптың өзектілігі. Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлттық поэзия тарихындағы орны ерекше. Ақынның әдеби мұрасы соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде. Дегенмен, Ш. Құдайбердіұлының поэзиялық шығармаларында көркемдегіш-суреттегіш құралдардың қолданылуына, көркемдік шеберлігіне қажетті деңгейде барынша назар аудару, зерттеу, тексеру - қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселесі.
Шәкәрім шығармаларындағы образдық-метафоралық ерекшелік пен құрылымын талдап тексеруді - негіз етіп алдық. Қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларды жырлауда Шәкәрім өзіндік ерекшелік танытады. Ұлы Абай бастаған топтың бел ортасында тұрған ақын - Абай дәстүрін жалғастырушы әрі жаңғыртушы, сондықтан да шығармашылық жолдағы ізденіс үстіндегі, өлеңдеріндегі бейнелілік-көркемдік сонылық танытады. Диссертациялық жұмыста Шәкәрім шығармаларындағы бейнелілік сырлары мен көркемдік тәсілдері таразыланды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Шәкәрім шығармаларында кездесетін тіліміздің образдық, суретшілдік, өлең өрнегінің түрленіп құбылуы, ақынның тілдің көркемдегіш құралдар қызметін жете түсініп, көркемдеп, әсерлі, жетік, мәнерлі қолдана білуі жеке зерттеуді, көп ізденісті қажет етеді.
Осы жоғарыда аталған мәселелер аясында зерттеу жасай отырып, алдымызға қоятын мақсатымыз: Шәкәрім шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен ақын шығармаларында көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін саралау. Сол көркемдегіш құралдар арқылы өлең өрнектерінің түрленуінде өзі өмір сүрген орта мен қоғамның сипатын әсерлі бейнелей білуіне көз жеткізу. Шәкәрімнің ақындық даналығы мен даралығын белгілейтін, поэзиясының көркемдігі мен суреттілік сырларының тереңдігін, рухани байлығын, қиялының ұшқырлығын, қабылдау қабілетінің жоғары екендігін дәлелдейтін осынау күрделі құбылыстардың шығармаларында керемет көрініс тауып, өзіндік бағыт-бағдар алуы мен көркемдік нақыстар туғызуына негіз болғандығын байқадық. Сондықтан зерттеу барысында алдымызға мынандай мақсат, міндеттер қойылды:
• дәстүрлі ақындық шеберліктің ақын шығармаларында көрінуі, көне үлгілердің жаңарып, жаңғыруы;
• өлең кестесіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі, алатын орны. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия, кейіптеу секілді тілдік, образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдері;
• образдық-бейнелілік жүйесіндегі жаңалықты құбылыс, күрделі абстракциялық тілі, сөздердің сымбат-көркін ашуы;
• шығармаларының стилистикасы, сөздік құрамы, фразеологизмдер, поэзиялық синтаксисі, әуендік ерекшеліктері;
• шығармаларындағы көркемдік компоненттер үйлесімі, олардың бір-бірімен өзектес құбылыстар екендігі;
• ақын шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктердің, түрлі сөз қолданыстарының табиғат, қоғам, жеке адам өмірін сипаттауда алатын орны.
Шәкәрім ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының өміріндегі оқиғаларға, қоғамдық құбылыстарға қызу үн қосты.
Өрісі кең, өресі биік, толғауы терең өз замандастарынан озық тұрған Шәкәрім өзі пайымдаған тарих тағылымын келер ұрпаққа қазақы рух арқылы жеткізуге саналы түрде барады. Бұл - ақынның бір ерекшелігі болмақ. Осы ерекшелік оның көркемдік дүниетанымының дұрыс қалыптасуына көмектесті. Сондықтан да Шәкәрім терең білім, көп оқу-ізденіспен құбылыс пен болмыстың барша сырын жан-жақты қарастыру арқылы біліктілік аясын кеңейтті. Кеңейтіп қана қойған жоқ, өзінше пайымдау жасады, сол парасат-пайымды өзінше саралады, көркемдеп, әсірелеп айтуға тырысты. Шығармаларына өзгеше сипат, әсем суреттеу, көрнекті көркемдік берді. Қоғамдық құбылыстарды, әлеуметтік-саяси жағдайларды шұрайлы тілмен, көркем сөзбен дұрыс қорытынды жасай алатын саналылыққа жетті.
1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
1. 1 Өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т. б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Семей облысының Абай ауданынының Шыңғыстау бөктерінде туған. Әкесінен жеті жасынан жетім қалды десек те, атақты Құнанбай қажының ерке немересі, ақылы мен білімі дария Абайдай ағасы бар бала Шәкәрім материалдық жағынан да, рухани жағынан жоқшылық пен жетімдік көрмейді.
Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті - Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» - деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті. Жеті жасынан өлең шығара бастаған дарынды бала жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастайды, ғылым жолына қарай ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды. Түрік, араб, парсы, шағатай және орыс тілдерін жетік меңгерген ақынның бойынан әлем мәдениетінің озық үлгілерінің көбін оқығанын байқауға болады.
«Шәкәрімнің өмірі - өлеңінде» деп ғалым абайтанушы, шәкәрімтанушы, мұхтартанушы Қайым Мұхамедханұлы айтқандай, «Мұтылғанның өмірі» деген ғұмырбаяндық дастанына шолу жасасақ, оның бар-өмірін танып білеміз. Ақын: «Он жасыма келген соң, домбыра, гармонь білген соң, мылтық атып жүрген соң, аңшы боп түстім азапқа» дейді. Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
Ақындық өнер жолына түскенде он тоғыз жасында жазған өлеңі көбінесе жастарға арналған.
Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айда, зорлықсыз мал табалық,
Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық…деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып, тәлім алуға шақырады.
«Жиырмадан өткенде, азғана ғылым оқыдым, Алғыздым кітап шеттен де, көңілге біраз тоқыдым деген ақынның жиырма жасында жазған өлеңдері көбіне жастық, махаббат өлеңдері болды.
Ол алғашқы жинағы «Қазақ айнасындағы» (1912) өлеңдері қамтитын тақырыптың бастысы - адам тағдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді философиялық ой-таным. Жанға, тәнге, көңілге, өлім мен өмірге байланысты өлеңдер («Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақыл», «Адамшылық», «Адам немен», т. б. ) Шәкәрім поэзиясының желісі. Өлеңдерінде ой-тереңдігі, ақындық танымның кеңдігі көзге айқын шалынады.
«Жиырма мен қырықтың арасы: жас өмірдің сарасы, бос өткенін қарашы», -деп налиды. «Туған елім надан бұл» деп қапалана отырып, өз мінін ашық айтып аяусыз сынайды. Яғни, бұл кезде Шәкәрім Құнанбай әулетінің дәстүрімен болыстыққа сайланады.
Шәкәрім өзінің жазған өмірбаянында ойлаған ойын, сезім-сырын, наным-танымын, істеген ісін, қысқасы, бар шынын - жасырмай да асырмай, қалқысыз көңілмен айқындап, ашық айтады.
Ақын қажылыққа барған сапарында Стамбул кітапханаларында болып, көптеген ғалымдармен жолығады. Сапар мақсатын «Мұтылғанның өмірі» деген өлеңінде ұзақ айтады:
Он үш күн боп Стамбулда, керек кітап табылғаны-ай!
Парижда да оқыған жан, түрік, шеркеш һәм үндістан…
Сол ойды бес жыл жаздым, арыдым, шаршадым, аздым.
Көп инемен құдық қаздым, сырым, ойым, жайым сондай, -дейді.
Міне, сонау қиын-қыстау тар заманда дүниеге келген, арнаулы білімі жоқ ақынның адам ретінде, азамат ретінде қалыптасқан қабілетіне, табиғат бойына аямай берген талатының тереңдігі мен данышпандығына тәнті боласыз.
Шаһкәрім - философ. Ол тек қазақ халқының ғана емес, барлық туыстас түркі халықтарының, тіпті барлық Шығыс мәдениетінің, одан қалды орыс халқымен барлық Еуропа елдерінің философиялық ой-танымдарын зерлеп, өз халқының ұлттық дәстүріне негіздей отырып, жетілдіріп, философиялық ойымызды, дүниетанымымызды әрі қарай дамыта түскен ойшыл.
Ақын «Көп білімім жоқ бойымда, шын мақтан жоқ ойымда, кеш сөзімнің кемдігін», -деп өзінің білімінің аздығына кешірім сұрайды. Дегенмен, ойшылдың өз бетімен ізденіп, қол жеткен білімі аз болмаған. Әдебиет, өнер жағын былай қойғанда, дүние жүзіне аты әйгілі философтардың біразын оқығаны байқалады. Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында бүкіл Еуропаға кеңінен тараған неміс философы Шопенгауэрді оқып, оның пессимистігін сынап, өз ойын айтады:
- Шопенгауэрдің дүние - дозақ, бұл дүниеде тыныш өмір сүруге болмайды дегені дұрыс емес, - дей келе: дүние - дозақ емес, бейіс, бейісті дозақ етіп отырған адам баласының, үcтем таптың зорлығы, өзімшілдік күш қаруы, қасқырлығы. Егер адам баласы бір-біріне зорлық жасамай, барлық адам бір-біріне бір бауырдай болып, өнер-білімімен, таза еңбекпен табиғаттың байлығынан пайдаланып отырса, дүние бейіс болуында сөз жоқ. Мұны сезбей, Шопенгауэр адасқан, - дейді.
Әлемнің інжу-маржандары: Аристотель, Ибн-Сина, Ұлықбек, Кант, Платон, Сократ, Әбунасыр сияқты философтарының еңбектерін оқып, зерттеген Шәкәрімнің философиялық ой-танымына таңданбасқа болмайды.
Шәкәрімнің көп өлеңдерінде адамның көңіл-күйі, ішкі сезім әсерлерін сипаттайтын философиялық тақырыптар елеулі орын алған.
Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы - өте күрделі құбылыс. Шәкәрім еңбектері - өмір мен қоғамның қыр-сырын сала-сала етіп мазмұндық баяндауда да, сол мазмұнға философиялық, ғылыми мән беруде де, мазмұн мен бірлігін көркемдік тұрғыда өрнектеуде де көп жүйелі, терең мағыналы туындылар. танытатын өлеңдерді де көптеп жазды. Оларда азаматтық сарын басым болып келеді. «Қазағым», «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары», «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» өлеңдерінде ой тереңдігі арқылы замана шындығын ашудағы ізденістері байқалады.
Ғылымның түпкі атасы - Таза ақыл мен ойлану дейді.
Шәкәрім кітаптан жан деген не? Дін деген не? Барша ғалам қалай жаралған? деген сияқты сұрақтарға жауап іздеген.
Адамдардың өмірдегі қарым-қатынасы, ақыл-парасаты, ой тазалығы адамның уайым-қайғыға бой алдырмай, саналы түрде өмір сүруіне бағыт жасайтынын айтады.
Сыр айтайын мен сізге, Әр түрлі жай бар басымда.
Елімнен кеттім елсізге, елуден асқан жасымда, -деген ақын ой қуып елсіздегі Саятқорасына кеткен ақынды сол кездегі солақай саясаттың адамдары оның бұл жалғыздығына күдіктеніп, «бандамен байланысы бар, қажының баласы» деп ақыры мерт қылады, сөйткен асыл ағамыздың денесі отыз жыл бойы құрқұдықта жаты.
Бұл тарихта кешірілмейтін күнә.
1. 2 Шығармалары
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтікағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман - Мамыр», «Ләйлі - Мәжнүн» т. б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.
Хафиз, Физули, А. С. Пушкин, Л. Н. Толстой т. б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шәкәрімнің бір өлеңі:
Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім - онда ісің жоқ,
Бәрібір сен де елірме дуанасың.
Дос мақтасса, не пайда онан саған,
Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман?
Шын сөзбенен мақтаса иә боқтаса,
Мақтау - пайда, зиян ба жамандаған?
Бойда жоқпен мақтаса, яки сөксе,
Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе?
Ғаділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын,
Солар сөкпес іс қылар жолды көксе.
Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін,
Дұшпан мақтар елірте бермек үшін.
Есептемей есірік елің мақтар,
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.
Бұл үш мақтау берер ме саған пайда,
Мақтаулыны білерлік адам қайда?
Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік
Жол таптағы ақылды солай айда.
Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін,
Дұшпан сөгер сыртыңнан қайрап тісін.
Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар,
Өтірік пе, рас па, көрмей ішін.
Келеркетер зиян жоқ мұнан тағы,
Мін болмайды наданның қорламағы.
Білімділер сөгерлік ісің болса,
Жоғалта бер, айласын ойладағы.
Түйіп айтқан талассыз мақтау, боқтау,
Жақсы іске - ындын, зиянға салар тоқтау.
Көп наданның сөзімен құйқылжысаң,
Сен де жында боласың есі жоқтау!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz