Шора Сарыбаевтың лингвистикалық зерттеулері



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

Физика және математика
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Шора Сарыбаевтың лингвистикалық зерттеулері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ш.Ш.Сарыбаевтың еңбектері
1.1 Сарыбаев Шора Шамғалиұлының өмірі мен шығармалары ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Сара сөздің сардары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.Шора Сарыбаевтың лингвистикалық зерттеулері
2. Шора Сарыбаевтың зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Термин тілекшісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Қазақ халқының мәдени, рухани өмірінде орны ерекше педагог ғалым Шора Сарыбаев қазақ тіл білімі сала­сында ұзақ жыл еңбек етті. Шора Шам­ғалиұлының шығармашылық шеңбері кең, ауқымды, әр алуан. Ғалымның қала­мынан шыққан 300-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде 20 шақты монография, оқулықтар, сөздіктер жарық көрген. Академик Ш.Сары­баевтың еңбектері тек елімізде ғана емес, бұрынғы одақ көлемінде шығып тұрған Вопросы языкознания, Советская тюркология, Народы Азии и Африки, Советское востоковедение тәрізді ғылыми-тео­риялық журналдарда, сондай-ақ, қазіргі таңда алыс-жақын шет елдерде жарық көрді. Ел Тәуелсіздігінің бірден-бір кепілі мемлекеттік тіл екендігін айтумен ғана шектелмей, ғылыми еңбек­терімен де үлес қосты. Баршаға белгілі, Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі, Қазақ диалектологиясы Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәсе­лелері деген атпен шыққан жинақтар, үш томдық Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі еңбектері қазақ тілі тарихындағы елеулі, құнды зерттеулер. Ғалымның еңбектері қазақ тілінің өзекті салаларына, атап айтқанда, қазақ тілі тарихы, диалектология, лексикология, лексико­графия, грам­матика сияқты көкейкесті мәселелерге арналған. Академик Ш.Сарыбаев зерттеген екі саланы ерекше бөле-жара атауға болады. Оның бірі - диалек­тология болса, екіншісі - тіл білімінің тарихы. Ұлттық Ғылым акаде­миясының толық мүшесі, профессор Шора Сарыбаев көрнекті диалектолог ғалым, сонымен бірге оның қазақ лексико­графиясының теориясы мен тіл білімінің библиографиясына сіңірген еңбегі орасан зор. Ғалымның антологиялық жинағына оның диалектология мен лексикография, лексикология мен тер­минология және грамматика саласына қатысты таңдамалы зерттеулері топ­тастырылған. Сондай-ақ, қазақ ғалым­дары арасында тұңғыш рет алтайтану мәселесімен шұғылданып, ар жағы алтай (түркі, моңғол, тұңғыс, фин, корей, жапон) тілдерінің туыстық төркінін анықтауға барынша мән беріп келеді. Қазақ тілінің қысқаша этимоло­гиялық сөздігі атты еңбегі қазақ тілі­нің жер­гілікті ерекшеліктерін экстра­лингвис­тикалық және тарихи даму тұрғысынан, жалпы, алтай болжамы негізінде қарастыруға бағытталды.
Шора Шамғалиұлы бүкіл қазақ қаламгерлері үшін өте құнды дүние болып табылатын ғылыми библио­графияның көшбасшысы, осы саланы күннен-күнге жаңғыртып, үзбей дамы­тып келе жатқан зерттеуші. Ғалымның Библио­графиялық көрсеткіштері арқылы барша зиялы қауым тіл білімінің тарихи дамуымен танысып, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының еңбек­терін толық білуге мүмкіндік алды.
Зерттеу мақсаты: Шора Сарыбаевтың лингвистикалық зерттеулері туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері: Шора Сарыбаевтың еңбектері мен зерттеулері туралы түсінік беру.

1. Ш.Ш.Сарыбаевтың еңбектері
1.1 Сарыбаев Шора Шамғалиұлының өмірі мен шығармалары
Сарыбаев Шора Шамғалиұлы (2.3.1925 жылы туған, Ташкент қ.)[1] -- тіл білімі маманы, филология ғылыми докторы (1974), проф. (1979), ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад. (1983), Қазақстанның еңб. сің. ғылым қайраткері (1985). ҚазМУ-ды (1950), оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1954 -- 95 ж. А.Байтұрсынұлы атынд. Тіл білімі ин-ты қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі (1954 -- 60, 1967 -- 95), ин-т директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы ин-ттың бас ғыл. қызметкері. Ғыл.-зерттеу еңбектері диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғыл. мақалалар мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. Сарыбаев проф. С.Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. "Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін" (1966), "Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін" (1969), "Жаңа атаулар сөздігін" (1992) құрастырушылардың бірі. "Қазақтың аймақтық лексикографиясы" (1976) монографиясы -- түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. Сарыбаев "Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші" атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол "Түркітану әдебиетінің библиографиясын" (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 канд., докт. дисс-ның библиогр. көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 ж. АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықар. конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. Сарыбаев "Құрмет" орденімен марапатталған.
Шығармалары:
Междометие в казахском языке, А., 1959;
Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, А., 1960;
Современный казахский язык, А., 1962 (телавт.);
Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1966 (телавт.);
Қазақ диалектологиясы, А., 1967 (телавт.);
Қазақ, моңғол тілдерінің туыстығы жайлы, А., 1967;
Монгольско-казахские лексические параллели, А., 1971;
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, А., 1975 (телавт.);
Казахская региональная лексикография, А., 1976;
Қазақ тіліндегі аймақтық лексика, А., 1989 (телавт.);
Қазақ тіл білімі мәселелері, А., 2000;
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, А., 2005 (телавт.).

1.2 Сара сөздің сардары
Белгілі ғалым С.Аманжоловтың тілдегі диалектілікті топтау теориясын әрі қарай дамытты. Жаңа нұсқадағы диалектологиялық сөздік құрастыруға және диалектология саласындағы терминологияның қалыптасуына белсене араласып, өз тарапынан тыңнан бірнеше терминдерді ұсынғанын да айта кеткеніміз орынды болар. Қазақ диалектологиясы атты тұңғыш оқулықтың авторларының бірі де академик Ш.Сарыбаев екендігін ғылыми жұртшылық жоғары бағалайды. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы атты сериямен шыққан 8 кітаптың белді авторларының бірі болуымен қатар, оған тікелей басшылық жасаған белгілі диалектолог-ғалым екенін айтсақ артық болмас. Қазақ және түркі тілдерінің диалектологиялық атласын жасауға белсенді түрде атсалысып, көп жылғы еңбектің жемісі ретінде академик Ш.Сарыбаевтың басшылығымен әрі редакторлығымен 80 баспа табақ көлемді Қазақ тілдің аймақтық сөздігі құрастырылуы қазақ тіл біліміне қосылған сүбелі үлес екенін тілші-ғалымдар талай рет тілге тиек еткен-ді.
Академик Ш.Сарыбаевтың ерекше екпін түсіре айтатын еңбектері ретінде са­налы ғұмырының 70 жылға жуық уа­қытын сарп етіп бүгінгі күнге дейін қол үзбей айналысып келе жатқан са­ласы қазақ тіл білімінің тарихын зер­делеудегі еңбегіне ерекше тоқ­талғым келеді. Оның өзіндік себебі де бар.
Адам бойында аса бір сирек кездесер ұқыптылық, ыждағат иесі Шора Шамғалиұлының там-тұмдап болса да қазақ тілі жайында өткен ғасыр мен қазіргі кезде жарық көрген үлкенді-кішілі еңбек атаулының баршасын тізіп, 7 томдық қазына етіп жинақтауы - шын мәніндегі қазақ тіл білімінің деректі жылнама, жүгінер шежіресі деп ауыз толтырып айтуға әбден болады.
Ғылыммен мықтап шұғылданған тілшіге шамшырықтай болатын Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші кітабының жеті томын жариялау барысында, бір ғасырға жуық мерзімде жарық көрген том-томдаған кітаптарды шаң басқан мұрағаттардан аршып, мерзімді баспасөздерде жарияланған мақалаларды, моногра­фиялық еңбектерді екшеп, оларды картотекаға түсіріп, қазіргідей компьютер болса сөз басқа жүйелеп, кітап етіп бастырып, көпшілікке ұсыну бұрын-соңды қазақ тіл білімі тарихында кездесе бермейтін ерлік ретінде таныған академиктер Ә.Қайдар мен Ө.Айтбай, осы Көрсеткіштер арқылы барша қауым тіл білімінің тарихын біліп, осы салада еңбек еткен, еңбектеніп жүрген тілші ғұламалардың ой-пікірімен толық танысуға мүмкіншілік алып, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Шонанұлы, Н.Төреғұлұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Қ.Кемеңгерұлы, О.Жандосұлы, Ғ.Тоғжанұлы, т.б. 1920-1930 жылдардағы маңдайалды қазақ зиялыларының еңбектерімен кейінгі ұрпақ алғаш осы көрсеткіштер арқылы табысқанын ерекше бағалағанын баса айтқанымыз абзал. Бірақ біреу - білер, біреу - білмес елу жыл бұрын көрсеткіштің бірінші томы кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) тарапынан жоғарыда айтылған қазақ зиялыларының еңбектерін жа­рия­лағаны үшін, Шөкең қызметтен қуы­лып, кітап туралып кеткен болатын.
Міне, байқасаңыз, жарияланған еңбектердің тізімін түзіп, кітап етіп шығара салу кейбіреулерге ұсақ-түйек болып көрінуі бек мүмкін, алайда тіл жанашырлары үшін жасалған осындай игілікті істер көптің қажетіне жарап жатқанын өмірдің өзі дәлелдеп отырған жоқ па?!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың Қазақстан халқына жолданған биылғы Жолдауында алдағы уақытта да, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру табандылықпен жалғаса беретіндігі, сондай-ақ терминология мәселесінде де қолға алар істердің әлі баршылық екендігі қадап айтылған болатын.
Елбасымыз Жолдауда: Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет деп үлкен міндеттер жүктеді. Шынында да, ­Елбасы айтқандай, терминология бойынша бізде әлі даулы мәселелер жетерлік.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты еңген көптеген термин сөздердің қазақ тіліндегі баламасын табу үшін түрлі сала мамандарының бірлесе жұмыс істеуі қажет.
Терминдерді қолдануда бірізді­ліктің болмауы, халықаралық термин­дердің қазақша баламасын бергендегі ұстанымдардың әртүрлілігі әр газеттің өз бетінше жазуына әкеліп соғары анық. Мәселен, бізде пуризм ағымын ұстанып, бұрынғы француздар секілді бірде бір шет тілі сөзін алмаймыз деп, терминнің бәрін аударып алу бағытын ұстанатындар кездесетіні шындық. Осындай мақсатпен кезін­де халықаралық терминдердің кейбіреулерінің орынсыз баламамен берілгендерін айтуға болады. Мәселен, телефонды - сымтетік, музейді - мұражай, телеграмма - жеделхат, балконды - қылтима, ресторандыонда ас беру рәсімін де өткізетіндігімізге қарамастан, мейрамхана деп аударып алдық. Кең қолданысқа ие бола алмаған, сәтсіз жасалған терминдердің бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп жариялануы, халықаралық терминдерді қазақшалағанда бірнеше нұсқаларын ұсынуы оқырмандарды шатастыруға дейін жеткізді. Үкімет жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы мақұлдамаған терминдер де газет-журналдарда қаптап кетті. Кейбір газеттің тұтқасын ұстаған ағайындар өзіне ұнаған терминдерді калай болса, солай қолдануы қалыпты жағдайға айналып бара жатқаны бізді, тілшілерді ғана емес, көзі қарақты оқырмандарды да ойландыруда.
Бұл мәселенің орынды шешілу жолдарын қарастыру мақсатында ғылыми отырыстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық пікір тудыру мақсатында академик Ш.Сарыбаев өз ой-пікірін әркез ашық айтып келеді. Халықаралық терминдерді қазақшаға аударуда басшылыққа алатын ұстанымдары да айқын.
Терминдерді аударуда бізде қалыптасқан жаман әдет - сөздердің мағынасына мән бермейді. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын класс сөзін сынып деп аудардық. Араб тілінен өзбек тіліне енген сөзді алдық. Ал осы сөзбен түбірлес классик, высший класс секілді сөздер аударылмай қалды. Сондай-ақ крассворд сөзін сөзтізбек деп аудардық та, қалған чайнворд, циклокрассворд, сканворд секілді сөздер сол күйінде қалды. Түбірлес сөздерді аударғанда олардың мағынасына баса мән беруіміз керек. Өткенде бір басылымда қит етсе, -хана жұрнағын жалғай беретін болдық деп кейіс білдірген мақаланы көзім шалып қалды. Мен біздің тілімізде -хана жұрнағы жалғанған 60 сөз жинадым. Өзбектерде палаухана деген әдемі сөз бар. Меніңше, бұл жұрнақты жалғағанда тұрған ештеңе жоқ, орыс тілінде де столовая, мастерская секілді -ая жұрнағымен келетін сөздер өте көп қой. Тағы бір ескере кететін жайт, біздің тілімізде диалектілік ерекшеліктер бар. Термин сөздерге балама іздегенде осы диалектілерді сарқа пайдалансақ, жақсы болар еді. Бірақ терминологиялық сөздікте оны диалект деген белгімен көрсетуіміз керек. Мысалы, орыс тілінде плоскогубцы, гвоздодер, шипцы, кусачки секілді құрал-саймандардың жеті-сегіз атауы бар. Ал қазақ тілінде осы саймандарды ажыратпаймыз. Осыларға балама болатын әр аймақта өз диалектілері бар. Мысалы, оңтүстікте - кемпірауыз, батыста - атауыз, шығыста - балғауыз, қысқаш деген сөздер. Осы сөздерді жеке-жеке мағынасына қарай жоғарыдағы саймандардың ­аудармасы ретінде пайдалануға болады. Қазіргі біздің терминкомдарда сілкініс жоқ. Баяғы кеңес дәуіріндегі бір терминге қол көтеріп дауыс бере салатын ескі әдісті ұмытқылары келмейді. Ал кезінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтар бір сөзді әуелі секцияда қарап, талқыға салып халық пікірін білу үшін басылымдарға жариялап отырған. Қоғамдық пікірді жинақтап болған соң ғана, қорытындыға келетін болған. Бізге де осы әдісті жандандыру керек. Сонда көп кемшіліктерге ұрынбайтынымыз анық дейді Шора Шамғалиұлы.
Елбасымыздың терминология мәселесін Үкімет реттегені жөн деп жол көрсетуі - мемлекеттік терминология комиссиясының жұмысын одан әрі жетілдіре түсу керектігін айқындап берді. Ендеше, академиктің сыны - шын екендігі расқа айналып отырғанын айтқанымыз абзал.
Халықаралық терминдерді аудару ісінде де өте мұқият болу керек екендігі, жұртты шатастырмау жағын көп ойлас­тыру керектігі айтудай-ақ айтылып келеді. Енді бұл мәселеге Елбасының өзі араласып отыр. Мұның өзі терминжасам мәселесінің аса күрделігін аңғартса керек.
Күнде өзгеріп, жылдам дамып жат­қан қоғам өміріндегі өзгеріс­терге сәйкес, тіліміздегі терминдер қолданысы да өзгерістерге ұшырап оты­руы заңдылық. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытудың ең басты жолдарының бірі - оны ғылым мен техника тілі ретінде одан әрі дамыта түсу және салалық терминологиялық сөздіктерді жасауды бір жүйеге түсіру, ретке келтіру мен жетілдіру болып табылады.
Жеке ғылым салаларының термин­дерінің қамтитын түрлі ғылым салалары бойынша құрастырылған сөздіктер саны кейінгі жылдары арта түскенін байқауға болады. Әрине, бұл - қуанарлық жағдай. Бірақ әр кезеңде жарық көрген кез келген терминологиялық сөздіктер теориялық лексикография талаптарына толық жауап береді деп айтуға әлі ерте.
Қазақстан Ұлттық жаратылыс­тану ғылымдары академиясының жанынан құрылған жаратылыстану ғылымдары бойынша салалық терминологиялық сөздіктер құрастыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде тілші-ғалым Ш.Шамғалиұлы бастаған бір топ ғалымдар жарық көрген терминологиялық сөздіктердің кемшіліктері ретінде, кең қолданысқа ие бола алмаған, сәтсіз жасалған терминдердің сөздіктерге енгілізіп кетуін, халықаралық терминдерді қазақшалағанда 2-3 нұсқасын қоса беру, терминдердің әр сөздікке әр түрлі нұсқада енгізілуі, сондай-ақ Мемлекеттік терминология комиссиясында бекітілмеген, мамандардың жеке өзінің бастамашылдығымен басылып кеткен сөздердің көп екендігі байқаған. Айтқан кемшіліктерді жою үшін, келешекте жарық көретін терминологиялық сөздіктерді жасау тұжырымдамасы, жаңа үлгідігі сөздіктер түзуде қандай ұстанымдарды басшылыққа алу керектігі және халықаралық терминдердің қазақша баламаларын қолданысқа түсіруде қандай ұстанымға иек артуымыз қажеттілігі туралы мәселелерді көпшілікпен ақылдасып шешу орынды болатынына ғалымдар кеңес береді.
Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастау­ымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналатындығын көрегендікпен айтқан Елбасымыз, бұл мәселеге бейжай қарамау керектігін айтып келеді. Ендеше, қазақ тілінің шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуіне, ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселеге әрбір азамат өзінің хал-қадірінше атсалысып, ­Елбасы айқындап берген мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосуға ұмтылуы керек. Өзіндік өнегелі өмірімен, игілікті істердің иесі ретінде, азаматтық көзқарасымен үлгі болып жүрген ұстаздан үйренеріміз көп-ақ.
Ғалымның ғылымға сіңірген еңбегіне қысқаша шолудың өзі қатардағы аспиранттан Ұлттық ғылым академиясының академигіне дейін, қатардағы қызметкерден Тіл білімі институтының директорының орынбасары деңгейіне көтерілуі, қазақ тіл білімінің еңбек торысы деген атқа әбден лайық екендігін айқын көрсетсе керек.
Шора Шамғалиұлының ғылым­да­ғы жеткен жетістіктері мен атақ-дәрежелері өз алдына, енді жұрт­шылыққа ұсақ-түйек болып көрі­нетін, шынтуайтқа келгенде, көп­шіліктің көңілінен шығатын игілікті істердің бір шоғырын ғана сөз етпекпіз.
Жалпы кай нәрсені болса да құнттап, ыждағаттылықпен барын салып, рет-ретімен, жүйе-жүйесімен жинастырып, ұсақ-түйекке дейін ұқыптылықпен мән беретін қасиеттерді бойға сіңірген жандар көп те емес шығар. Солардың алдыңғы қатарында академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың есімін атауға әбден болады.
Ұлы ойшыл Сократтың Хорошее начало - не мелочь, хотя начинается с мелочи деген қанатты сөзі ұстазым Шора Шамғалиұлына арналғандай болады да тұрады. Алғашқы рет, бұдан отыз жыл бұрын, Шөкеңмен кездескен күннен бастап, бүгінге дейін, ұстазымның ұқыптылық пен тиянақтылықты талап ететін қасиеті біз сияқты шәкірттеріне үлгі-өнеге болып келе жатқанын мақтаныш сезіммен айтқымыз келеді.
Лаулата алмай бойдағы бар ұш­қынды, жүрген кезім армандап алыс қырды деп алып ақын Мұхтар ­Шаханов жырлағандай, мен де алғашқы ғылыми мақаламды ұстазыма апар­ғанымда, театр - киім ілгіштен басталады, ал ғылыми жұмыс - библиографиядан басталады деп ізденуші сала бойынша жарияланған ғылыми еңбектерді түзіп шығуды тапсырғаны есімде. Қазір ойлап отырсам, кезінде хош көрмеген, соншама еңбектерді түзіп, картотекаға түсірудің азабын тартқанмен, бертін келе Шөкеңнің берген ақыл-кеңесінің пайым-парасатын терең түсінбегеніме әлі де ұяламын...
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының екінші жартысында спорттың бір түрі - футболға деген көпшіліктің көңілі мықтап ауған кезі болатын. Жас жеткіншектер Қайрат футбол командасындағы ағаларына еліктеп, аяқдоп өнеріне қызығушылықпен қарап, солар сияқты атақты футболшы болуды армандайтын. Шора Шамғалиұлы ғылыми жұмыстан қолы қалт еткенде, Қайрат командасы туралы газет-журналдарда жарық көрген материалдарды жинап, жүйеге түсіреді. Қазіргі күні Шөкең 100-ден астам футбол туралы альбом жасап, 3 кітап, футбол күнтізбелерін басып шығарумен қатар, мыңдаған футболға қатысты төс белгілері мен доп белгіленген спорт киімдерін, Қайрат командасының аға буын өкілдерінің қолы қойылған доптарды жинаумен айналысатыны кейбіреулерге түсінбеушілік туғызуы мүмкін. Ал Шөкең жастарды патриоттық тәрбиеге баулуда, отаншылдық рухта тәрбиелеуде спорттың алар орнын ерекше таныту керектігін, Елбасымыздың көпшілікті бұқаралық спортқа барынша көптеп тарту міндетін абыроймен атқару қажеттігін күн тәртібіне көтеріп отыр және жақын арада елімізде футболдан ұлттық мұражай ашу керектігін айтып қана қоймай, оған қойылатын заттардың өзінен көптеп табылатын тілге тиек етеді. Яғни Шөкеңше айтсақ, өз елінің ертеңін ойлаған әрбір азамат, сөзден іске көшіп, мәселені майда-шүйде деп қарамай, өзінің нақты үлесін қосқаны абзал. Осы жерде Шора Шамғалиұлының кеңестік одақтың дәуірі жүріп тұрған кездің өзінде, Мәскеудегі мықтыларға хат жолдап, Алматыдан заман талабына сай футбол стадионын салу керектігі жөнінде бастама көтергенін, талай есіктерді ашып жүріп, ақырында футбол жанкүйерлерінің арманы орындалып, қазіргі Орталық стадионның ашылуына септігі тигенін айта кеткіміз келеді. Шөкеңнің Мәскеу мен Алматыдағы спорт саласын дамытуға жауапты шен-шекпенділерге жазған хаттар топтамасы, олардан алынған жауаптар көшірмесі келешекте ашылуы тиіс футбол мұражайынан орын алатыны күмәнсіз.
Бір қарағанда, Шөкеңнің темір жолға не қатысы бар деуі мүмкін? Тікелей болмаса да, қатысы бар екенін аға буын ағалардан естіп білгенімізді несін жасырайық. Кеңес Одағы кезінде еліміздегі барлық өзгерістер Мәскеудегі орталық партия комитетінде қаралып болған соң, қаулы-қарарлар қабылданатын. Тағы да ұсақ-түйек болып көрінетін мәселенің мәнісіне назар аударайық. Жоғарыда айтылған кезеңдерде темір жол вокзалдарында перронға шығу үшін шығарып салушылар қосымша ақы төлеуі тиіс деген тапсырма Мәскеуден келеді. Бұл, әрине, көпшіліктен қолдау таппай, халықтың ренішін туғызады. Қайтеміз, жұртпен бірге көреміз ғой демей, халықтың қамын ойлаған Шөкең КСРО Жол қатынастары министріне хат жолдап, соңғы шыққан қаулының көптің қолдауына ие бола алмай жатқанын тілге тиек етіп, еңбекшілердің өтінішіне сай перронға шыққандарға төленетін ақыны алып тастау керектігін айтады. Көп кешікпей жауап хат алады, онда жақын арада сіз көтерген мәселе министрлікте қарастырылып, қаулының күші жойылды деп хабарланады. Ұстазымның сарғайған хаттарды мұрағаттарынан алып көрсеткенде, Ұлы істерде ұсақ-түйек болмайды деген даналардың сөзі ойыма орала кетті.
Ұлы Шоқан бастаған коллекцио­нерлік өнерді Сарыбаевтар әулеті дамытып келе жатқанын көзі қарақты оқырман еліне етене жақын Егемен Қазақстан газетінен оқып құлағдар болса керек.
Ал біздің айтайын дегеніміз, көпшіліктің көбінесе коллекция дегенге аса мән бере бермейтіндігі. Кейбіреулер ұсақ-түйек десе, бәзбіреулер кәкір-шүкірдің қатарына жатқызады. Ал Шөкең коллекцияны тарих деп түсініп, заманымыздың шежіресі сол ұсақ-түйек заттар арқылы жазылатынын ескере бермейтінімізге қынжылады. Осындай ұсақ-түйек деп түсінетіндерге оның айтатын уәжіне құлақ түрейік: Ертеректе музыка зерттеушісі, профессор, туған інісі Болат Сарыбаевқа қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинауға кеңес береді. Талай жылғы жиналған музыкалық жәдігерлердің негізінде бүгінгі күні Елордамыз Астанадағы Президенттік мәдени орталықта Ұлт аспаптар мұражайы ашылғанын айтсақ артық болмас. Кезінде кейбіреулердің кәкір-шүкір дегендері ұлттың игілігіне айналғанын тарихтың өзі-ақ таразылаған жоқ па?
Ал Шөкең өзінің Шоқан туралы жинастырылған мұражайлық заттарын үйінде жинап қоймай, келешекте бұйырса ашылады деп үлкен үмітпен күтіп жүрген Ұлы адамдар мұражайы сериясымен дайындалған материалдардың Шоқан Уәлихановқа қатыстыларын өзі оқып білім алған Алматыдағы №12 мектепке тапсырған. Қазір ол мұражай да жас- жеткіншектердің ұлы ғалым туралы мәлімет алуына мүмкіндік тудыруда..
Біздің тойды жақсы көретініміз рас қой. Оның үстіне дөңгеленіп келетін мерейтойлардың орны тіпті ерекше. Ал ұстазымның ұстанымына қайранмын. Марапатталған медальдар мен ордендерден, алған ғылыми атақ- дәрежелерінен ат үркетін, түркі әлемі түгел білетін түрколог - ғалымның 70 жылдық мерейтойын тойлаудағы тосын мінезі талайды таңғалдырды. Әдетте, мерейтой иелері аста-төк той өткізіп, әкім-қарарларға қоңырау шалдырып, ел аралап, шапан киіп, қазіргі тілмен айтсақ, темір тұлпар мінетіні әдетке айналғанына етіміз үйренгені қашан? Ал Шөкең өзі бітірген Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінің құрылғанына 70 жыл толуымен тұспа-тұс келген мерейтойында өз қаражат есебінен Абай атындағы опера және балет театрында қойылатын Біржан-Сара операсына билет сатып алып, мектеп оқушылары мен ұстаздарына сыйлық жасады. Мұндай бастамасы 80 жылдық мерейтойында да қайталанды. Бұйырса, 90 жылдықта да жалғасын табатын болады дейді академик Шора Сарыбаев. Билеттерге кеткен шығын, бай-шоралар үшін қомақты қаржы да болып көрінбес. Бірақ ұстазымның пәлсапасын әрбір адам ұлттың келешегі үшін жауапты екендігіне, келешек жастарымызға үлгі-өнеге болатын істерді әркім осындай кішігірім нақты істерден бастау керектігіне бас­тамашы болу қажеттігінде деп ұқтым. Дұрыс ұққандарға - ұсақ-түйек емес.
Шора Шамғалиұлы жақында Қазақстан емшілер қауымдастығының медалімен марапатталғанын естігенбіз. Жұртшылық Шөкеңді емшілер қатарына қосып, телефонға дамыл болмапты. Әркім өз ауруының дауасын іздеп, қашан қабылдай алатындығынан хабардар етуді өтінген. Мәселенің мәнісі мынада: талай жылдан бері ұстазым халық емшілігі туралы коллекция жинайды. Қазірдің өзінде аурулардың салалары сараланып, бір жүйемен жинақталған 1000-ға тарта папкілер жиналған. Егер сіз ауруыңыздың ем-домын білгіңіз келсе, реттілікпен тізілген картотекадан оп-оңай біле қоясыз. Ертеректе менің кенже ұлым Нұрдәулет бір жасқа толар-толмас диатезбен ауырғанда, бармаған дәрігеріміз қалмады, шипалары дауа болмады. Шөкеңнің жиған материалдарынан керекті ем-домды тауып алып, соларды қолдану нәтижесінде ұлым құлан таза жазылып кетті. Бұл айтып отырғаным, өзіме қатысты бір көрініс. Ал ұстазымның емшілігінен жанын қинаған дерттен қаншама жан дауа тауып, елдің ертеңі үшін еңбек етіп жатыр десеңізші. Қайдағы бір кәкір-шүкір картотека адам тағдырына арашашы болып жатыр.
Ұстазымның өзгелерден өзгеше қасиеттерінің қатарына әсем әзілқойлығын, сезімтал сергектігін, орынды ойын-қалжың отырысының асабалығын қосар едім. Бір қарағанда, атағы дардай академиктің әрқашан той-домалақтардың төрінен табылып, жастармен жарасып, би алаңдарының көркін қыздырып, бірнеше халықтың әндерін тамылжыта орындағандары, Шөкеңше айтқанда: қаздың айғырын­дай қоқырайып, жұртқа өзін көрсету үшін келіп, атақ-лауазымдары толық айтылмай қалса, асабаға томырайып, өкпелеп қалатындар үшін ерсілеу көрінуі әбден мүмкін. Бірақ ұстазымның қисынына (логика) қарайласақ, адам күліп жүруі керек, күлкі адамның көңіл-күйін көтереді әрі өмірді ұзартады, күлкі болғанда да жарасымды күлкі ғана жаныңды жадыратады. Күлудің түрі осы екен деп, неге болса соған ыржалақтай беруге тағы да болмайды.
Халықтың қамын жеген ғалым ғылыми жұмысымен қатар, күлкі терапиясын терең зерттеп жүргенін, еліміздегі адамдардың өмір сүру жасын ұзарту туралы Елбасының ел медицинасына тапсырған міндеттерге өзіндік қолғабысын тигізу мақсатында, таяуда екі мыңнан астам анекдоттар кітабы мен күлкінің сексен түрін жарияламақшы. Адамдардың бойындағы бүкіл күш-жігері мен қабілетін арттыруға, әрқашан сергек сезінуге себепші болатын әрі адамдардың тез қартаюын тежейтін тетіктерді тыңғылықты зерттеуді ойластыру еріккеннің ермегі ме? Тағы да бәзбіреулерше - майда-шүйде ме?
Иә, Шора Шамғалиұлының ұсақ-түйектеріне үңіле берсек, түбіне жететін түріміз жоқ. Хош, осы жерден бір тоқтап алғанымыз дұрыс болар. Мақаланың жазылу мақсаты - ұсақ-түйек, майда-шүйде деп әншейінде елемейтін нәрселердің игілікті істердің бастауы болатындығын басып айту.
Ендеше, данышпан Сократтың қағидасын қаперінде ұстаған, мемлекет тарапынан Парасат, Құрмет ордендерімен марапатталған, көрнекті ғалым, ұстазымның игілікті істерге жетелейтін ұсақ-түйекке деген ұқыпты­лықты ұқтырғанына дән риза.

2.Шора Сарыбаевтың лингвистикалық зерттеулері
2. Шора Сарыбаевтың зерттеулері
Халқымызбен қоса жасасып келе жатқан бай ана тіліміздің өткені мен бүгінгісін егжей-тегжейлі зерттеп, қазақ тіл білімі аталатын іргелі ғылымның ілгері дамуына еселі үлес қосып келе жатқан қаламы жүйрік, зердесі биік аға буын өкілі - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, түрколог-ғалым, ұстазым Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың өзгелерге үлгі етіп көрсетерліктей өнегелі өмірінің кейбір тұстарын шәкірттік көзбен көзі қарақты қалың оқырманға қажет болар деген ниетпен қал-қадерімізше жеткізуді жөн көрдік.
Шора Шамғалиұлының шығармашылық шеңбері кең, ауқымды, әр алуан. Ғалымның қаламынан шыққан 300-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде 20 шақты монография, оқулықтар, сөздіктер жарық көрген. Академик ағамыздың еңбектері тек елімізде ғана емес, бұрынғы одақ көлемінде шығып тұрған Вопросы языкознания, Советская тюркология, Народы Азии и Африки, Советское востоковедение тәрізді ғылыми-теориялық журналдарда, сондай-ақ қазіргі таңда алыс-жақын шетел баспаларында жарық көріп келеді.
Ғалымның еңбектері қазақ тілінің өзекті салаларына, атап айтқанда, қазақ тілі тарихы, диалектология, лексикология, лексикография, грамматика, т.б. көкейкесті мәселелерге арналған. Ағамыз күшін сарп етіп зерттеген екі саланы ерекше бөле-жара атауға болады. Оның бірі - диалектология болса, екіншісі - тіл білімінің тарихы.
Сөз байлығының жергілікті қазынасын танып-білуге деген құштарлық, қазақ сахарасының алысы мен жақынын толассыз жылдар бойы кезіп, суығына тоңып, ыстығына күйіп, ел-жұртымыздың сөз жиһазын қалт жібермей парақ бетіне түсіріп, ол туралы білген-түйгендерін ғылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик Шора Сарыбаев және одағай жөніндегі зерттеулер
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Тілдік қатынас негіздері пәнінің мақсаты, міндеті зерттеу нысаны
Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер
Түркология және қазақ тіл білімі
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ музыка өнері
Пәндер