Шығармашылық әңгіме оқыту маңызы мен ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Бекітемін:_______________
Бөлім меңгерушісі: ____________
А.У.Кидришева Пәні: Тіл дамыту әдістемесі

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Шығармашылық әңгіме оқыту маңызы мен ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2012 ж
Мазмұны

Кіріспе

1. Бастауыш сынып оқушыларын шығармалықпен жұмыс істеуге баулу
2. Шығармашылық әңгіме оқыту маңызы
3. Шығармашылық әңгіме оқыту ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басшысы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту-бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалы терең ұғына білуге баулу-мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті дами түседі.
4. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БАУЛУ

Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.
Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс.
Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек.
-Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек.
- Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу.
- Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.
Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек.
Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді.
Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру-әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің ал-ғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

5. Шығармашылық әңгіме оқыту маңызы

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсрымаларды шешу ана-грамма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б.
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.
1.Әр түрлі кездесулер өткізу.
2.Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
3.Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
4.Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түседі.

6. Шығармашылық әңгіме оқыту ерекшеліктері

Баланы оқу -тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі - бұл жылдар бойы көптеген ғалым-психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің арасында пікірталас тудырып келе жатқан және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселе.
Теориялық мәселелерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі- биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Ғалымдардың пікірінше, осы фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу-тәрбие үрдісінің ролі зор. Көптеген ғалым-педагогтардың,практик мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді, ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Себебі, сабақ қаншалықты сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел-оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ ғалымдарының бірі, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі-балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар көрсету.
Бұдан біз А.Байтұрсынұлының 1920-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Зенковтың дамыта оқыту теориясының негізі болған-өз бетіндік танымдық әрекеттің рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда, оның бағдарлама мазмұнына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi
Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері
Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Әңгімені талдау
Әдебиетте әңгіме жанрының оқыту маңызы
Әңгіме жанрының ерекшеліктері
Пәндер