Экология тәрбие мен білім беру әдісі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Экологиялық кешті ұйымдастыру мен өткізу

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Экологиялық білім мен тәрбие беру тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .6
1.2 Экология тәрбие мен білім беру әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2. Экологиялық кештер және оларды ұйымдастыру
2.1 Экологиялық кештерді өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Табиғат сенің өз үйің (экологиялық кеш) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр.
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды негіздейді. Бүның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдеседі. Оқу экологиялық соқпақ демалушылар ағынын реттеуге, табиғатқа зиянын келтірмейтін қауіпсіз бағыттарды меңгеруге себебін тигізеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақ белгіленген аймақтағы табиғат қорғау ережесінің сақталуына мүмкіндік береді. Соның арқасында келушілерге бақылау жасауды және экологиялық соқпақ орындалуын жеңілдетеді.
Оқу экологиялық соқпақ экологиялық білім мен тәрбие беруге, келушілердің демалу мүмкіншілігін арттыруға, белгілі бір аймақта таби-ғатты сақтауға, т.б. мәселелерді шешуге бағытталған. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтарының, ұлттық табиғат бақтардың ландшафтық қорықшаларымен жанаса жатқан аралық (буферлік) аймағында өтеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақтың салынуына орман бақтары, демалыс белдемдері, қаланың жасыл желек аймақтары, өндірістік қолданысы бар ормандар, ормансыз алқаптар (дала, жартылай шөлейт) жарай береді.
Соңғы жылдары мектеп, лагерлер төңірегінде оқушылар өз күштерімен де оқу табиғи соқпақтарын ұйымдастыруда. Бұл үрдістің өзі оқушыларға табиғат-анаға деген мейірімділік, жанашырлық, тәрбиелік қасиеттерін қалыптастырады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс уйымдастырылуы табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді, яғни табиғат-анаға саналы түрде қарым-қатынас жасайды. Казіргі кезде адамзат алдында тұрған аса күрделі экологиялық проблема қоршаған ортаны калыпты жағдайда ұстау. Табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану мәселесі болып отыр. Қоғамымыздын " бүгінгі нақты мүмкіндіктерін ескереотырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу, жүйесінің негізгі міндеттерін белгіледі. Онда табиғат ресурстары - жерді, суды ауаны, пайдалы кендерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, оларды қорғау мәселесіне айрықша мән берілді. Әсіресе, республикамыздың "Табиғат корғау" Заңының" Елімізде табиғат қорғау ісін түбегейлі кайта құру туралы" бағдарламасында адамдардың бойында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, жер су ресурстары мен пайдалы қазбаларға ұқыпты да жоғары адамгершілік көзқарасты тәрбиелеуге аса назар аударылған.
Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың қарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі. өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала-бәрі адамдардың ойына-сана, денесіне-қуат, бойына-күш, өнеріне-шабыт, көңіліне-қанат береді.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың экологиялық сауатылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін арттыру үшін ұйымдастырылатын экологиялық кештердің маңызы және оларды ұйымдастыру әдістері туралы мағлұмат беру.
Зерттеу пәні: Мектепте биологияны оқыту әдістемесі
Зерттеу міндеттері:
+ Оқушыларда экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектепте биология және экология пәндерін оқыту әдістемесі туралы түснік беру;
+ Экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру;
+ Экологиялық біліктілікті терендетуге жаңа саналық деңгейде жүргізілетін экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу тәсілдері туралы;
+ Оқушыларға экологиялық кештерді ұйымдастыру және өткізу әдістері туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Экологиялық білім мен тәрбие беру тарихы
Экология - (грекше "oikos" - үй, мекен жай және "logos" - зерттеу) барлық тірі ағзалардың бір-бірімен және олардың сыртқы ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл терминді 1866 жылы ұлты неміс австриялық ғалым Эрнст Геккель ұсынды. Экология ғылым ретінде XX ғасырдын басында ғана жаратылыстану ғылымдарынан бөлініп шықты, дегенмен де тек биология ғылымының саласы ғана болып отыр. Айналадағы барлық дүние "табиғат" деп аталады да, "экология" тек ғылыми ұғым болып табылады.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзкараспен қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілігін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты калыптастыруды айтамыз.
Қазақстан Рсспубликасы Конституциясының 31 бабында "...мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап қоршаган ортаны қорғау мақсатын көздейді " делінген. 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны корғау туралы" Заңының 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің" жалпыға бірдейлігі және үздіксіз болуы қарастырылған сонымен бірге басшыларды аттестациялау кезінде олардың кәсіби экологиялық әзірлігін ескеру керегі айтылған. Бұл ережелер мен ұстанымдар Қазақстан Рсспубликасы "Білім туралы" Заңында да көрініс тапқан.
Қазақстанда көпшілікке жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие берудің қүқылық негіздері жасалды. Мәселен. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қабылданған "Қазақстан стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратсгиясы" (І998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999ж) т.б. құжаттар осының айғағы.
Адамзат алдына шешілуі тиіс "экология" деген үлкен мәселе туындады. "Экологиялық мәдениет" ұғымы нағыз көкейкесті мәселеге айналды. Бұл мәселе бүкіл әлемдік қауымдастықты толғандыруда. БҰҰ-ның тұтас (2005 -- 2015) онжылдықты "Табиғатты аялауға оқытудың он жылы" деп жариялауының өзі соның дәлелі. Елбасы Н.Назарбаевтың ҚР Білім және ҒЫЛЫМ қызметкерлерінің II съезінде "Ой-өрісі дамыған, білімді, экологиялық мәдениетті тулғаны қалыптастыру жаңа ғасырдың күн тәртібінде тұрған басты талабы - деген сөзі мәселенің көкейтестілігін дәлелдей туседі.
Адамзат тарихында экологиялык білім мен тәрбие берудің маңыздылығы туралы IX -- XV ғасырларда Әл-Фараби, Баласағұн, Қожа Ахмет Яассауи, М. Қашқари, С. Бақырғани, т.б. шығыс ғұламаларының этика, психология. метафизика, тағы басқа ғылымдары жайлы жазбаларында көрініс тапқан. Сонымен катар қазақ халқының ұлы ағартушы ғалымдары, ақын-жазушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, М. Дулатов, М. Жумабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев еңбектерінде табиғатқа деген сүйіспеншілік көшпенді елдің өмірімен, ұлттық адет-ғұрыптарымен байланыстырылып берілді. Экологиялық білім берудің теориялық - философиялық негіздері И. Кант И. Циалковский және В. Вернадскийдің еңбектерінен бастау алады. Олардың негізгі идеялары қазіргі қоғамды тұрақты даму жолына түсіріп, білім беруді ізгілеңдіру.
Ғалым-эколог И. Зверевтің пікірінше, экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні қоршаған ортамен, табиғатпен карым-катынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен карайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру.
Ал А. Захлебный экологиялық білім берудің барысында коршаған ортаға құқық нормалары мен моральдік ұстанымдарынан туындайтын жауапкершілік, қатынастың негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатынын айтады.
М. Сарыбеков болашақ мұғалімдерді оқушыларға экологиялық білім беру ісіне даярлауда қоғамдық саяси-әлеуметтік және арнайы педагогикалық-психологиялық даярлаудың бірлігін анықтап, оны іске асырудың жолдарын көрсетіп берді.
Э.Тұрдықұлов экологиялык білім мен тәрбие беруде оқушыларды табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздері жөнінде сенімін, өмірлік дағдыларын, табиғат ресурстарын қорғау және молайту саласында белсенді көзқарастар тудыруға қажет білімді қалыптастыратын психологиялық үрдістерді талдайды.

1.2 Экология тәрбие мен білім беру әдісі
Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулыйтын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам - адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Реслубликасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық: стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары" (1998), "Қазақстан ; Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы" (2004) және т.б. құжаттар қабылданды.
Қоғамымыздың білім саласындағы азамат ғалымдары Ә.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, Н.Сарыбеков, К.Сарманова, А.Сотников, С.Тілеубергенов, Н.Торманов, т.б. экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттеуде үлкен үлес қосты. Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әр түрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
- көп пәнді жүйе (барлық пәнді өздерінің ортақ тақырыбына сәйкестендіріп, экологиялық білім беру);
- бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі);
- аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады.
Республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы дүниежүзілік тәжірибелерді саралай отырып көпшілікке, жеткіншектерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
- мектептерге дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
- мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
- жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала бойынша);
- мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
- көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000 жылдан бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол - орта мектеп (10-11 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс. Осыған орай, ғалымдар А.Захлебный, И.Суравегина, Б.Лихачев еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің әмбебап маңыздылығын ескере отырып, біз экологиялық тәрбие беруде оқушылардың "экологиялық сауатын" ашудан сөз бастағанды жөн көрдік. Өйткені, экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста қалыптасады.. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі үғымдар мен түсініктер бар, олардың негізділері: "экологиялық сана", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық этика", "экологиялық мәдениет", "экологиялық білім", т.б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады.
Ауа-табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы, қоректенуі, жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз тірлік те, өмір де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз - табиғатқа деген қарым-қатынас терең ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар табиғат-адамдар үшін таным мен эстетикалық қарым-қатынастардың нысаны. Оның тартымды құпия сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал жасайды. Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы бастапқы, міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің қажеттілігі туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен экологиялық білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен экологиялық жауапікершілік болып табылады.
Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:
- ағартушылық функциясы;
- дамытушылық функңиясы;
- тәрбиелік функциясы;
- ұйымдастырушылық функциясы;
- болжаулық (прогностикалық) функциясы.
Аталған функцияларға сипаттама берсек, ағартушылық функциясы оқушылардың табиғат: эстетикалық жаратылыс және ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы екендігін түсінулеріне көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық тепетеңдіктің қайтымсыз бүлінуіне жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында экологиялық білімдерін пайдаланудың қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын қалыптастырады.
Жастардың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуы үшін білім мен төрбие ғана емес, әсем табиғат, тылсым дуние, жаратылыс күштерінің ықпалы, сонымен қатар, жоғары мәдениетке қол жеткізген отбасы тәрбиесі керек.
Табиғат пен адам дамуы егіз, бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адамзаттың табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, айналасындағы жан-жануарға деген ізгі қатынасы сүйіспеншілік сезімінің дамуымен айқындалады.
Әр бала өзін қоршаған ортаның құрлысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын асырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты заңдылықтарын үйрету.
Адам өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін туған жерінің табиғатымен, өскен ортасымен байланыстырады.
Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта білген данышпан әрі ақылғой Асан қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан етеміз. Оның Жерүйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең байтақ даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын жойған жоқ. Ал Қорқыт бабамыздың "Асқар тауларын құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарын қырқылмасын" деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру және оның мағынасын түсіндіру - міндетіміз.
Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша, Наурыз мейрамының туған жер табиғатын түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты мақсатының өзі табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті сақтауға негізделген. Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу адамның табиғат-ана алдындағы міндеті екендігін түсіндіру.
Экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуді дәрістер, этнографиялық әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық), факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдас-тырылған (ЮНЕСКО) "Адам және биосфера" деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО жане ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж.), Беч (1983 ж.), Мәскеу (1987 ж.), т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.
Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.
XX ғасырдың орта шетінде педагогтер В.Натали, Н.Верзилин, В.Корсун-ская, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынған. 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жұйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б.) "Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады.
Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Олардың негізгілері: "экологиялық білім", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық мәдениет", "экологиялық этика", т.б.
Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген қызығуды арттырады.
Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің, сенімінің және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау - табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді (Арал, Балқаш, т.б.).
Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ал экологиялық этика - үйде, түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауын қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдардың негізінде қалыптасқан.
Қазақ халқы туған өлкесінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат апаттарын алдын ала болжап отырған.

2. Экологиялық кештер және оларды ұйымдастыру
2.1 Экологиялық кештерді өткізу
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.
Сыныптан тыс жұмысқа сабактан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кездс тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.
Сыныптан тыс жұмысқа қойылатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.
Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.
Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардын экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады.
1-шара экологиялық білім жайлы кіріспеден басталады. Адамзаттың береке-байлығы жер екені, халқымыздың жерден өсіп-өнгені, туған жердің тобықтай тасы мен бір уыс топырағын қастерлей білгені, елі, жері үшін бабаларымыз қасықтай қанын төккені, кең даласын қалай қорғағаны жайлы айтылады. Бүгінгі Жер-ананың мүшкіл халін оқушылар тебірене айтты. Қазіргі экологиялық жағдайдың ауырлығы, әсіресе Арал қасіреті бүгінде бүкіл планетаның бас ауруына айналғаны (ол туралы және Қазакстандағы қатерлі нүктелер туралы сөз козғалды), Семей маңындағы жарылыстан әлі күнге дейін зардап шегіп келе жатқан ел туралы Полигон зардабы деген үлкен стенд жасалды. Халқымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтің Семей -- Невада қозғалысын басқарып, Семей полигонын жабуға өз үлесін қосқанын, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жабуға арналған қаулы туралы деректі фильм көрсетілді
Табиғаттағы экологиялық жағдайға байланысты құрып кету қаупі бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттыру
Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие беру мәселелері
География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі.
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Пәндер