Экономиканы дамытудағы электрмен қамтамасыздандыру саласындағы кәсіпорынның рөлі



Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Экономиканы дамытудағы электрмен қамтамасыздандыру саласындағы кәсіпорынның рөлі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазақстандағы электрмен қамтамасыздандыру саласы
1.1 Қазақстандағы электр және жылу энергетикасының даму кезеңдері ... ... ..5
1.2 Нарықтық кезең қырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Даму талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.Экономиканы дамытудағы электрмен қамтасыздандыру
саласындағы кәсіпорындардың рөлі
2.1 Қазақстан Республикасында электр энергетика саласын
дамытудың басым бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Электрлендіру саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Елбасы өзінің жаңа Жолдауында еліміздің электр энергетикасын дамытуды ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды отыз бағытының бірі ретінде атады. "Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласын электр қуатымен қамтамасыз ету аса өзекті мәселе болып отыр. Біріншіден, көршілес елдердің қуаттарын тарту арқылы өзіміздің энергиясы мол және энергиясы тапшы өңірлеріміздің арасында электр қуатын бөлу мәселесін теңдестіре шешіп, энергия үнемдейтін технологияларға көшуіміз қажет. Екіншіден, электр энергетикасы саласын дәйекті түрде жаңарту, қуаттардың тозуы мен жетімсіздігі проблемасын шешу, жаңа өндірістерді дамыту, жұмыс істеп тұрған жабдықтар мен электр энергиясын беретін желілерді кеңейту мен қайта жаңғырту үшін жағдай туғызу қажет..." деп Үкімет алдына міндеттер қойды.
Иә, бүгінгі өмірді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Қала көшелерінде жарқырап жанып тұрған аспалы шамдар, пәтерлердегі тоңазытқыш, теледидар, үтік, электр плитасы мен пеші секілді кеңінен қолданысқа ие тұрмыстық заттар, ой еңбегі иесінің басты жұмыс құралына айналған компьютер мен түрлі есеп­теу мәшинелері - міне, осылардың барлығы электр қуатымен жұмыс істейді. Ал зауыттар мен фабрикаларда электр қуатының бірер сағатқа үзілуінің өзі үлкен дүрбелең тудырып жатады. Өйткені, олардағы кез келген өнімдер мен тауарлар электрдің қатысуымен әзірленеді.
Сөйтіп, электрдің адамның ең жақсы досына әрі ерекше қызметшісіне айналуының өзі бір кездегі адам қиялының нақты шындыққа айналуының айқын көрінісі. Демек, адамзат ақыл-ойының ғажайыбы мен оның жер бетіндегі жасампаздық қызметі әлі талай кереметтерді тудыра бермек.
Біздің еліміздің энергетикасы халық шаруашылығын электрмен сенімді түрде және электр энергиясын тұтынушылардың әртүрлі тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыздандырады. Электрмен қамтамасыздандыру еліміздің халық шаруашылығын қамтамасыздандырудың бірден бір құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта электрмен қамтамасыздандырусыз бірде бір өндіріс орындары немесе қалалар және т.б. өмір сүруі мүмкін емес. Электрмен қамтамасыздандырудың бірден бір негізгі мәселесі қандай да бір нысанның қалыпты жұмысы мен өміршеңдігін қалыптастыру болып отыр. Негізгі тұтынушылар болып өнеркәсіптік өндіріс орындары, ауыл шаруашылығы, транспорт, коммуналды шаруашылықтар табылады. Бұл кезде барлық электр энергиясының 70% пайызы өнеркәсіптік өнімдердің технологиялық процесстеріне шығындалады. Электр энергиясы халық шаруашылығының түгел дерлік салаларында қолданылады, әсіресе әр түрлі механизмдердің электр жетектері үшін пайдаланылу аясы өте кең, ал кейінгі уақыттарда әртүрлі электрлік технологиялық қондырғыларда да, атап айтқанда -бірінші кезекте электрлік термиялық және электрлік дәнекерлеу қондырғыларда, электролиздеуде, материалдарды электрұшқындық және электрдыбыстық өңдеулерде және т.б. салаларда қолданылады.
Зерттеу мақсаты. Қазақстан экономикасын дамытудағы электрмен қамтамасыздандыру саласындағы кәсіпорынның рөлін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
Қазақстандағы электрмен қамтасыздандыру саласының даму сатысын анықтау;
Электрмен қамтамасыздандыру саласындағы кәсіпорындардың жұмысын анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақстандағы электрмен қамтамасыздандыру саласы
1.1 Қазақстандағы электр және жылу энергетикасының даму кезеңдері
Он тоғызыншы ғасырдың екінші ширегінде электр техникаға кеңінен ене бастады. Сол ғасырдың 20-жылдары алғашқы электромагнит, 30-жылдары телеграфтаудың жетілген схемалары, алғашқы электр двигателі мен генераторы, 40-жылдары алғашқы электрлік жарықтандыру приборлары пайда болды.
Алғашқы электр стансасы 1882 жылы Нью-Йоркте салынды. Бұл стансаға орнатылған 6 динамо мәшинесі бу арқылы қозғалысқа келтірілді.
Дегенмен қуатты электр стансасын салу, өндірілген энергияны алыс жерлерге жеткізу үш фазалы ток жүйесінің ашылуына байланысты шешілді. Осы жүйеге негізделген алғашқы электр стансасы Ресейде 1893 жылы салынды.
Қазақстанда электр қуаты өткен ғасырдың басында аздап қолданыла бастады. Алғашқы электр стансалары Успен кенішінде, Қарағанды қазбаларында, Сарысу байыту фабрикасында, Қарсақпай, Спасск зауыттары мен Жезқазған кенішінде жұмыс істеді. Олардың жиынтық қуаты 2500 кВт-тан аспады, ал жылдық электр өндіруі 1,3 миллион кВт. сағат болды.
Қазақстан энергетикасындағы білікті маман әрі ғалым Кенжемұрат Дүкенбаев тәуелсіздікке дейінгі еліміздегі осы саланың қалыптасып дамуын 6 кезеңге бөліп қарастырады. Оның айтуынша, бірінші, екінші кезеңдерде электр стансалары негізінен кәсіпорындар үшін салынса, үшінші кезеңнен бастап Қарағанды МАЭС-1 секілді неғұрлым қуатты стансалар жұмыс істей бастаған. Ал 1946-1960 жылдар аралығын қамтыған төртінші кезеңде электр стансаларының қуаты 6,5 есе өскен. Бесінші кезеңде Петропавл, Алматы, Жамбыл, Павлодар қа­ла­ларында жылу энергия орталықтары салынды. Алтыншы кезең - бірегей электр стансалары мен дүниежүзінде баламасы жоқ аса жоғары кернеулі электр жеткізу желілерін іске қосумен ерекшеленді. Осы тұста Қазақстан энергетикасының алыбы қуаты 4000 МВт Екібастұз МАЭС-1, қуаты 1000 МВт Екібастұз МАЭС-2 салын­ған еді. Солтүстік өңір­дің электр энергетика­сындағы проблемаларын шешіп, басқа өңірлермен салыстырғанда басымдығын қамтамасыз еткен осы стансаларда өндірілетін қуатты тұтынушыларға жеткізу үшін кернеуі 1,15 миллион кВт айналмалы токты құрайтын дүниеде теңдесі жоқ Барнауыл-Екібастұз-Қостанай-Көкшета у-Челябі электр жеткізу желісі тартылды. Кернеуі 1500 тұрақты ток желісі салына бастады.
Дегенмен, осы кезеңде жоспарланғанның біразы орындалмады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан МАЭС-і салынбады. Әйтпеген жағдайда осы өңірдегі электр тапшылығы қазіргідей сезілмес еді.

1.2 Нарықтық кезең қырлары
Ал тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздегі электр энергетикасының дамуы оны нарық қатынастарына бейімдеу мәселесімен тығыз байланысты болғаны белгілі. Алғашқы реформалық шаралар 1995 жылдың соңында Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Электр энергетикасы туралы" Жарлығы жарияланғаннан кейін нақты қолға алынды. Осы саладағы жекешелендіру мен қайта құрылымдауды, электр энергетикасы нарығын одан әрі дамытуды жүзеге асыру үшін Үкімет арнайы бағдарламалар қабылдады.
Қабылданған шешімдерге сәйкес қуат өндіретін ірі электр стансалары стратегиялық инвесторларға сатылса, өнеркәсіптік мақсаттағы жылу энергия орталықтары ірі кәсіпорындарға берілді. Ал жалпы мақсаттағы жылу энергия орталықтары жеке компанияларға сатылды немесе коммуналдық меншікке тапсырылды.
Осы тұста Үкіметтің өңірлерге электр қуатын тасымалдайтын ірі электр желілерін ұлттық жүйе ретінде өз қолында ұстап қалуы өте дұрыс шешім болды. Осының негізінде электр желілерін басқарудың қазақстандық компаниясы ("КЕГОК" АҚ) құрылды. Ал облыстар ішіндегі электр қуатын тарату желілерінің негізінде өңірлік электр компаниялары (РЭК-тер) пайда болды.
Осымен қатар электр энергетикасының субъектілері өздерінің қызмет ерекшеліктеріне орай бағаны дербес белгілейтін бәсекелестік орта субъектілері және баға белгілеу ісі мемлекет бақылауында болатын монополистік кәсіпорындар болып екіге бөлінді. Бәсекелестік орта субъектілеріне электр өндірушілер, ал монополистік кәсіпорындар қатарына электрді тасымалдаушылар мен таратушылар жатқызылды. Бүгінгі күндері соңғыларының қызмет көрсету жөніндегі баға тарифтері мемлекеттік органдар бақылауында.
2004 жылы ақпанда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру жөнінде тұжырымдама әзірленсе, осы жылдың шілде айында "Электр энергетикасы туралы" Заң қабылданды. Бұл құжаттарды әзірлемес бұрын батыс елдерінің іс-тәжірибесі зерттелген еді. Норвегиядан, Финляндиядан, Ұлы британиядан, басқа да халықаралық ұйымдардан консультанттар шақырылды. Сөйтіп, батыстық модель мен ішкі ерекшеліктерді ескеру нәтижесінде қалыптасып отырған еліміздің қазіргі электр энергетикалық рыногының негізін электр қуатын сатып алу-сатудың екіжақты келісім шарттары құрайды. Бұл келісім шарттарды рынок субъектілері өз еріктерімен биржаларда немесе алдын ала келісімге сәйкес жасасады. "Тәулігіне алдын ала" режімінде электр энергиясы көлемін сағат бойынша саудалаудың орталықтандырылған рыногы жұмыс істесе, жүйелік және қосымша қызмет көрсету рыногы да даму үстінде. Электр қуатының параллельді рыноктарының жүйесі қалыптасу сатысында болса, КЕГОК мамандарының сөзіне қарағанда, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының теңгермелі рыногын іске қосуға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Бұлардың барлығы басында айтылғандай Елбасы белгілеп берген стратегияға сәйкес жүзеге асырылу үстіндегі шаралар.
Айта кететін бір мәселе, Қазақстанда электр және жылу энергетикасын нарыққа бейімдеу шаралары ТМД көлемінде басқалардан ертерек қолға алынып, бұрынырақ жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан халқы жарықтың сөндірілуі, қыс кезінде жылудың болмай қалуы секілді проблемалардан тез шықты. Басқа елдерде әлі күнге дейін жиі көрініс беріп жататын көрсетілген коммуналдық қызмет үшін халықтың төлем қабілетсіздік проблемалары да бізде ертерек еңсерілді.
Қазақстан энергетикасының нарыққа өтудегі осы тәжірибесінен қазір бірқатар елдер үлгі алуда. Соның ішінде ежелгі көршіміз Ресей де бар.
Міне, осындай жетістіктермен қатар, уақыт біздің алдымызға жаңа проблемаларын да қойып отырғандығын жасыруға болмайды. Ол проблемалар электрді өндіруші стансалар мен қуатты жеткізуші желілердегі құрал-жабдықтардың тозуынан, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты электр қуатына деген сұраныстың артуынан туындап отыр. Яғни, өскен сайын бала үстіндегі көйлектің тарылып қала беретіні секілді даму үстіндегі экономикаға тән проблема. Мәселе түсінікті болуы үшін осы жағдайға біршама тоқтала кетейік.
1980 жылы елімізде 70,4 миллиард киловатт-сағат электр қуаты өндірілсе, оны өндіру мен тұтыну көлемі 1990 жылы өз шыңына жетіп, 104 миллиард киловатт-сағатты құраған екен. Мұнан кейін өндіріс орындарының тоқырауына байланысты аталған қуат түріне деген қажеттілік күрт төмендей берді де, 1995 жылы 70 миллиард киловатт-сағат деңгейінде қалыптасты. Яғни, 1980 жылғы деңгейге қайта түсті. Соның ішінде өндірілген электр қуатының 75 пайызын пайдаланатын өнеркәсіптік тұтыну көлемі 6,3 миллиард киловаттан 3,4 миллиард киловатт-сағатқа дейін құлдырады. Сөйтіп экономика саласындағы дағдарысты кезең аяқталған 2000 жылы Қазақстанда бар-жоғы 54 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы өнді­ріліп, тұтынылды. Бұл электр өндіру мен тұтыну өз шыңына жеткен 1990 жыл көрсеткіштің жартысына ғана тең шама.
Міне, осы орасан зор көлемде босап қалған артық электр қуаты осы уақытқа дейін экономикалық субъектілердің де, энергетикалық кәсіпорындардың да алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп келді. Олар қолдағы қуат жеткілікті болған соң орасан зор қаржыны қажет ететін жаңа қуат көздерін салуды немесе оларды жаңартуды ойлап та жатпады. Яғни, артық шығын шығармады. Рынокта сұранысқа қарағанда ұсыныстың артуы, яғни артық қуаттардың болуы тұтынушылар үшін де пайдалы болды. Тариф пен келісім бағалары олар үшін жеңілірек тиді.
Енді екі жаққа да бірдей жайлы тиген осы бір мамыражай кезең де артта қалмақ. Кейбір дерек көздерінен алынған мәліметтер бойынша өткен жылы Қазақстанда 11,2 мың мегаватт электр қуаты өндірілген. Ал биылғы жылы жалпы қажеттілік 12,6 мың мегаватты құрайды деп болжануда. Өсіп келе жатқан өнеркәсіптік өндіріс көлемін былай қойғанда, Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ облыс орталықтарында жылына қаншама тұрғын үйлердің салынып, пайдалануға беріліп жатқандығын көзіміз көріп отыр. Мұның өзі алдағы уақытта электр қуатын өндіруші кәсіпорындарға түсетін жүктеме салмағы барған сайын ауырлай беретіндігін аңғартады.
Енді, КЕГОК мамандарының мына бір болжамдарына да назар аудара кетейік. Қазақ­стандағы өндіріс көлемінің әр жыл сайын 9-10 пайызға өсуі, дейді олар, электрді тұтыну көлемін жылма жыл 5-6 пайызға арттырып отыратын болады. Осындай негізге сүйене отырып жасалынған есеп Қазақстанда электр қуатын пайдалану деңгейі 2008 жылы 80,8 миллиард киловатт-сағатты, 2010 жылы - 91,5 миллиард, 2015 жылы 113 миллиард киловатт-сағатты құрайтындығын көрсетеді. Мұндай жағдайда электр өндіруге түсетін жылдық жүктеме салмағы 18 мың мегаваттқа дейін өседі. Ал осы қажеттілікті қазіргі қолдағы бар электр қуатын өндіруші стансалар өтей алмайды. Себебі, 1990 жылы 100 миллиард киловатт-сағат электр қуатын бере алған еліміздің электр энергетикасы кәсіпорындарының көпшілігіне ағымдағы жөндеулер болмаса, жаңарту жұмыстары жүргізілген жоқ. Олардың негізгі қорлары мен құрал-жабдықтары тозуға ұшырай бастады. Көпшілігінің ауыстыру мерзімдері баяғыда өтіп кеткен. Сон­дықтан еліміздің электр өндіретін кәсіпорындары өз тұтынушыларын ең ары кеткенде 80 миллиард киловатт-сағат электр қуатымен ғана қамти алады.

1.3 Даму талаптары
Демек, 2008 жылдан бастап елімізде электр қуатының жетіспеушілігі сезілген сайын оның бағасы да көтеріле беруі мүмкін. Еліміздің оңтүстігі мен батыс өңірлерінде бұл проблема қазірдің өзінде байқалып отыр. Электр мен жылу тарифтерін реттеу мәселесіне қатысты жуықта өткізілген Үкіметтегі селекторлық кеңесте электр қызметінің баға­сы ең қымбат өңір ретінде Ақтөбе облысы аталды. Бұл облыс жетіспейтін қосымша қуатты көрші елден алуға мәжбүр болғандықтан осы жағдай оның бағасына да әсер етуде. Алдағы уақытта бұл жағдайдың тереңдеп кетуіне жол бермеу және солтүстік өңірдегі артық қуатты тиімді пайдалану үшін Үкімет еліміздегі электр қуатының теңдестірмелі рыногын ұйымдастыру мәселесін қолға алуда.
2004 жылдан бастап "КЕГОК" АҚ еліміздің солтүстігінен оңтүстік өңірге электр қуаттарын жеткізу үшін "Солтүстік-Оңтүстік" жобасын жүзеге асыруға кірісті. Сонымен қатар "Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы" бағытындағы электр желісін салу" жобасына қатысу үстінде. Ұзындығы 500 шақырым, электр өткізу қабілеті 700 МВт құрайтын бұл құрылыс 2008 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сол кезде Ақтөбе облы­сындағы қуат тапшылығы жойылып, шарықтап бара жатқан бағаны тежеудің, тіпті төмендетудің нақты мүмкіндігі пайда болмақ.
Елімізде электр тапшылығын болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан басқа да шаралар бар. Мәселен, Алматы облысындағы Шарын өзенінен "Мойнақ" ГЭС-інің құрылысын жүргізу қолға алынса, Іле өзенінен "Кербұлақ", Ертістен "Бұлақ" су электр стансаларын салу, Ақсу, Екібастұз, Қарағанды қалаларындағы ұлттық маңызы бар ірі жылу электр стансаларының, сондай-ақ Алматы, Өскемен, Астана, Атырау, Рудный ЖЭС-терінің қуаттарын арттыру, Балқаш, Семей, Қарағанды, Астана қалаларынан, Батыс Қазақстан облысынан жаңа электр стансаларын жобалау ойластырылып отырған мәселелер. Алайда, осының барлығы орасан зор қаржыны қажет етеді. Мәселен, құрылысы жүргізілу үстіндегі бір ғана "Мойнақ" ГЭС-ін іске қосу үшін 251,7 миллион доллардың инвестициясы қажет болса, қолданыстағы стансалардың құралдарын жаңартып, қуаттарын арттыру, сондай-ақ біразы жоғарыда аталып кеткен жаңа стансаларды салу арқылы қуат тапшылығын болдырмау үшін елімізге 2015 жылға дейін 5,6 миллиард доллардың инвестициясы қажет болады екен. Бұл орасан зор қаржы. Үкіметте мұндай басы артық қаржы жоқ және ол бұған төтелей қаржы салуға міндетті де емес. Алайда, проблеманы қалайда шешу қажет. Сондықтан электр энергетикасына қуатты инвесторлар тарту таяу уақыттағы өте маңызды мәселелердің бірі болып тұр. Осы саясатты жүзеге асыру мақсатында "Мойнақ" су электр стансасын салу үшін Қытай инвестициясы тартылса, "Солтүстік-Оңтүстік" желісі үшін Еуропа Қайта құру және даму банкі мен халықаралық қаржы институттарының қаржысы пайдаланылуда.
Электр және жылу стансала­рын салу мен жаңартуға қаржы тартудың елі ішінде қосымша мүмкіндіктері бар. Мәселен, басында айтылып кеткеніндей, еліміздегі қуат өндіретін ірі электр стансалары стратегиялық инвесторларға сатылған тұстары кейбір стансалар ірі кәсіпорындардың басқаруына берілген болатын. Енді Үкімет жаңа қуаттарды салу, ескілерін жаңғырту мақсатында жан-жақтан инвестициялар қарастырып жатқан тұста сол кәсіпорындар электр стансаларының қызметін тегін пайдаланып, Үкіметтің мақсатты инвестициялық бағдарламаларына өз үлестерін қоспай тыныш отыра бермек пе? Демек, осы кәсіпорындарды Үкіметтің электр энергетикасы саласындағы инвестициялық бағдарламаларына қатыстыру керек немесе олардың басқаруына тапсырылған электр стансаларын қайта қайырып алып, оларды жеке инвесторларға сатудан түскен қаржыны жаңа стансаларды салуға жұмсау керек. Міне, осындай пікірді біз бірқатар мамандардың аузынан естіген едік.
Сондай-ақ Қазақстанның электр энергетикасы саласында әлі игілікке айналмай келе жатқан ресурс көздері баршылық. Соның бірі босқа ағып жатқан өзендеріміз. Мамандардың айтысына қарағанда, осы өзендер сағасынан 120 су электр стансасын салуға болады. Ал олар арқылы өндірілген электр қуаты қазіргі қажеттіліктің тең жартысын өтей алады. Әрі су электр стансалары экологиялық таза өндіріс түріне жатады. Турбиналар ағып жатқан судың күшімен тоқтаусыз әрі тегін айналатындықтан онда өндірілген қуат көзі де арзанға түседі.
Жел, күн, тезек секілді қайта жаңғыртуға болатын қуат көздері арқылы жұмыс істейтін шағын электр стансаларын жобалау жөнінде де әңгімелер қозғалып жүр. Мамандардың айтысына қарағанда, мұндай стансаларды бір жарым жылдың ішінде салуға болады.
Соңғы кездері мамандар еліміздегі электр тапшылығын жоюдың, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үлкен бір жолы ретінде атом энегетикасын дамыту, соның ішінде шағын және орта қуаттағы (300-700 мегеваттық) атом электр стансаларын салу мәселесін алға тартып жүр. Мұның басты себебі - атом энергиясын өндірудің арзандығы. Әралуан қуат көздерінен алынған энергияның бағаларына жасалған талдау атом стансасында өндірілген электр қуатының өзіндік құны көмір немесе газ стансаларында өндірілген қуатқа қарағанда төмен екендігін көрсетеді. Әрі атом экологиялық таза энергия көзі болып табылады. Мысалы, қуаттылығы 1 ГВт көмір стансасы жыл сайын ауаға 50 мың тонна күкірт тотықтарын, 25 мың тонна азот тотықтарын және 400 тонна улы металдар шығаратын болса, осындай қуаттағы ЖЭС жылына 1500 эшелон көмір пайдаланады. Ал АЭС ауаға зиянды заттар шығармайды. Оның тағы бір артықшылығы, қуаттылығы 1 ГВт болатын АЭС үшін жылына бар-жоғы бірнеше вагон ғана отын қажет екен.
Атом энергетикасының дамуына әсерін тигізетін тағы бір өте маңызды фактор - ядролық реакторлардың қауіпсіздігі. АЭС-тарды пайдалану тәжірибесіндегі осыған дейінгі барлық келеңсіз жәйттерді есепке алған мамандар бүгінгі таңда АЭС қауіпсіздігі атом энергетикасын өркендетудің басты шарты болып табылатындығын атап көрсете келе қазіргі замандық ядролық блоктардың қауіпсіздігі жоғары екендігін жұртшылыққа түсіндіруде. Олардың айтуынша, жаңадан жасалынған реакторлар "пассивтік" қауіпсіздіктің озық жүйелерімен жарақталғандықтан апатты жағдай орын алды дегеннің өзінде операторға ешқандай шара қолданудың қажеті жоқ. Реакторлардың қауіпсіз өшіру жүйесі автоматты түрде іске қосылатындай етіліп жобаланғандықтан барлық қауіпсіздік шаралары өздігінен әрекет етеді, яғни реактор жұмысы бірден тоқтайды.
Сондықтан қазіргі күні атомды бейбіт мақсатта бірлесіп пайдалану Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздердің маңызды тақырыбына айналуда. Егер Қазақстанда атом электр стансасы салынатын болса, Ресей жағы оның құрылысын қаржыландыруға да бейіл болып отыр.
Бұл жобаның Қазақстан үшін бір тиімді жағы - елімізде уран шикізатының бай қоры­ның болуы және АЭС-тің тамағы саналатын уран таблеткаларының Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында әзірленуі. Демек, АЭС отыны арзанға түсетіндіктен онда өндірілген электр қуаты қазақстандықтар үшін арзан болуы тиіс.
Сонымен қатар "бір жол бар - алыс, алыс болса да жақын" дегендей, еліміздегі алда болуы мүмкін электр қуатының тапшылығын түбегейлі жоюдың ең бір тиімді де сенімді жолы сол қуат көзін үнемдеуге жету болып табылады. Дамыған елдердің барлығы міне, осындай жолмен жүріп келеді. Мәселен, Қазақстанда жалпы ішкі өнім­нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт-сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия, Жапония секілді елдерде бұл көрсеткіш 0,22,-0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0,4-0,6; Канада мен Қытайда - 0,8-1,2 киловатт-сағатты құрайды. Сөйтіп, біз ІЖӨ-нің 1 долларына электр қуатының жұмсалу деңгейі бойынша кейбір индустриялы дамыған елдерден 7-10 еседен астам артық шығын жұмсап отырмыз.
Мұның себебі, дамыған елдерде ресурс үнемдегіш технологиялар пайдаланылатын және олар заман ағымына сай жаңартылып отыратын болса, біз көп жағдайда кезіндегі Кеңес одағынан қалған құрал-жабдықтарды әлі күнге пайдаланып келеміз. Соның салдарынан бірқатар салаларда негізгі құралдардың тозуы 50 пайызға жетіп отыр. Соның ішінде мәшинелер мен жабдықтар, өндіріс құралдары саласында тозу көп. Міне, осылардың барлығы электр энергетикасы кәсіпорындарына түсетін жүктеме салмағын ауырлата беретіні анық.
Әрине, тұтас өндірістік салалардағы техноло­гиялық үрдістерді жаңарту дегеніміз оңай міндет емес. Оған бір ғана электр және жылу энергетикасы таяудағы уақыттары қажет етіп отырған жоғарыдағы 6 миллиард доллардан әлдеқайда көп қаржы қажет. Демек, электр энергетикасын тиімді дамытудың перспективалы жолы дегеніміз, ол біздің тұтас экономикамызды жаңаша даму үрдістеріне түсіру деген сөз. Өйткені, жоғарыда айтып кеткеніміздей, электр қуатын пайдаланбайтын сала жоқ.
Елімізде электр қуатын үнемдегіш технологияларды енгізуде табысқа жетіп отырған салалар да бар. Олар - мұнай мен газ секторы. Осы салаға құйылған батыстық мемлекеттердің инвестицияларымен бірге олардың ресурс үнемдегіш технологиялары да келді. Соның нәтижесінде еліміздегі негізгі құралдарды жаңарту коэффиценті 1999 жылы - 8 пайызды, 2000 жылы 13,8 пайызды құраған болатын. Осы үрдіс жылдан жылға жалғаса түсуде. Енді осыны басқа салаларға да жұғысты ету қажет.

2.Экономиканы дамытудағы электрмен қамтасыздандыру
саласындағы кәсіпорындардың рөлі
2.1 Қазақстан Республикасында электр энергетика саласын
дамытудың басым бағыттары
ҚР БҒМ-мен және ҚР Еңбек министрлігімен бірлесіп электр энергетикасы саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру мәселесін пысықтау жоспарланып отыр.
Жаңартылатын энергетика саласында жоғары технологиялық өндірістер және Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында өнеркәсіптік енгізу тетіктерін құру.
Жел энергетикалық қондырғылар құрастыру және дайындау технологияларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің экономикалық функциялары
Кәсіпкерлікттің ұйымдық – құқықтық түрлері
Тарату жабық қондырғыларының сұлбасы
Сарыағаш санаториясының қызмет көрсету сапасын бағалау
Маркетинг жоспары
Шағын кәсіпорынның маңызы мен міндеттері
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талдай отырып, ұлттық экономиканың ашықтығы жағдайындағы экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Электр энергиясын тұтынушылар
Пәндер