Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:

Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Жоспары

Кіріспе
1. Дүниежүзілік көрме (2017)
2. Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Экспо деген не? Бұл - бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. Уикипедияның тілімен айтсақ, индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік. Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. Уикипедияда жарияланған соңғы мәліметке сүйенсек: Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған. Көрмені өткізуге екі қала таласқан. Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы.
Бізбен бәсекелес болған Льежде бүкіләлемдік көрме екі рет - 1905, 1930 жылдары өткізілген. Әйгілі Гайд паркте алғаш көрменің шымылдығын ашқан Лондон араға он бір жыл салып, екінші рет өткізіп үлгерген. Америка Құрама Штаттарының әр қаласында бұл көрме жиырма рет өтсе, бір ғана Париждің өзі сегіз рет бүкіләлемдік көрме қонақтарына қызмет көрсеткен. Брюссельде төрт рет өткен. Айтпақшы, Парижде 1889 жылы Эйфель мұнарасы, ал 1908 жылы Амурдан өтетін көпір салынған екен. Амбициясы жоғары Астананың да өз мұнарасы салынуы бек мүмкін.
Экспо 2017 -- 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.
ЭКСПО деген Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының саммиті немесе Азиада емес. Оның ауқымы да үлкен, жүктейтін міндеті де ауыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арасында біздің бұл жеңісімізді жас мемлекеттің жеңісі деп емес, мұнайдың жеңісі деп қабылдағандар да болды. Парижде өткен Халықаралық көрме бюросының бас ассамблеясында өткен дауыс беру рәсіміне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барып қатысуын сан-саққа жүгірткендер де жетерлік. Біздің міндет - соның барлығын жоққа шығарып, бүкіләлемдік көрмені өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізу. Қазақстан үшін дауыс берген 103 елдің үмітін ақтау (Бельгияға 44 мемлекет дауыс берсе, 1 мемлекет қалыс қалған).
Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме Болашақтың энергиясы деген атпен өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп қатысады деген болжам жасап отыр.
1. Дүниежүзілік көрме (2017)
Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
Экспо-2017 көрмесін өткізуге ниет білдірген, бірақ мәлімдемесін уақытында тапсырмаған қалалар:
Қала
Ел
Ньюкастл
Австралия
Белград
Сербия
Лилль
Франция
Ставангер
Норвегия
Сидней
Австралия
Саламанка
Испания

2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.
2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.
2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы Болашақтың энергиясы деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және жасыл технологияға арналған.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
EХРО-2017 көрмесінің Болашақтың энергиясы тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

2. Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі - маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша C категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы №436 Жарлыққа қол қойды.
Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экспо көрмесі – Қазақстанның әлеуетін көрсетудің мүмкіндігі
Туризмдегі ЭКСПО көрмесінің маңызы
Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
Көрме ұйымдастыру арқылы еліміздің туристік әлеуетін жарнамалау
ҚР мәдени саясаты тұжырымдамасы немесе Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудың БАҚ негізінде насихатталуы
Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар
Сөйлемнің айқындауыш мүшелер
Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпал ететін ЭКСПО-2017 көрмесі
Көрме арқылы Қазақстанның әлеуетін корсетудің жолдары
Пәндер