Физиотерапиялық емшаралардың түрлері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
«Ішкі аурулары» пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Электротерапия»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
І Кіріспе . . . 3
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Электр тогының биологиялық әсері . . . 5
2. 2 Физиотерапиялық емшаралардың түрлері . . . 10
ІІІ Қорытынды . . . 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 21
І Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Физиотерапия - бұл профилактикалық ауруларды емдеу және ағзаны қалпына келтіру мақсатында әртүрлі құрамдас физикалық факторларды қолданатын клиникалық медицинаның арнайы бөлімі. Физиотерапия медикаменттік әдіс емес ретінде басқа да операциясыз емдеу тәсілдерімен бірге жиі қолданылады. Ағзаға ең төменгі жүктеме беру кезінде физикалық факторлардың әсерімен жоғары және тұрақты нәтиже алу мүмкіншілігі бар. Физиотерапияның басты артықшылығы аллергиялық реациялар мен қосымша эффектілер болып табылады. Физиоемдеу тәсілі мына жағдайларда өте шипалы физиологиялық әсер туғызады: зат алмасу, ішкі ағзадағы секреция мен моторика қалыптанады; ауру синдромы азаяды; қабыну процесесінің күштілігі төмендейді; ағзаның қорғаныс күші жоғарылайды. Біздің емханада қолданылатын физио - емшаралар әрбір емделушінің ауруының дәрежесіне, жасына, физиологиялық ерекшеліктеріне сай дәрігер кеңесімен тағайындалады.
Физиотерапия процедуралары пародонт аурулары кезінде емдеу-алдын алу шаралары кешенінде маңызды орын алады.
Олар пародонт патологиясының кез-келген түрінде және сатысында көрсетілген, патогенетикалық және симптоматикалық емдеу мақсатымен емдеудің, алдын ала сақтандыру мен еңбекке жарамды етудің әр түрлі кезеңдерінде кеңінен қолданылады.
Қазіргі заманғы түсініктер бойынша, физикалық факторлардың организмге әсері олармен тудырылатын клеткалардың физика-химиялық қасиеттерінің және оларда болатын алмасу процестерінің жиынтығымен, сондай-ақ олардың ықпалының әсерінен физиологиялық функционалдық жүйелерде пайда болатын ортақ реакциялармен анықталады, сонымен қатар олардың нерв-рефлекторлы және гуморальды табиғаты болады.
Қазіргі физиотерапияның емдеу мүмкіндіктері үлкен екендігін есте сақтау керек, бірақ, емдеудің әрбір активті әдісі сияқты, ол білікті және абайлы ыңғайды талап етеді.
Электротерапия - электр тоғын, электр, магниттік немесе электрмагниттік өңірін организмге мөлшермен пайдалануға негізделген физиотерапия әдісі.
Электротерапия кезінде электр емдік мақсатпен қолданылады, ауруды басатын және тыныштандыратын әдіс ретінде келесі аурулар болғанда: невралгия, сіңір тартылу, сал ауруы, немесе бұлшық еттің семуі, буындардың сарпы, кейбір әйелдер аурулары, жүйке бұзылуы, долылық және басқа аурулада. Электротерапияда электрэнергияның барлық түрлері қолданылады: гальваникалық ток, фарадикалық ток, жоғары кернеудегі және үлкен жилігі бар токтар, статикалық электрмен емдеу (франклинизация), дарсонвализация және рентген сәулелері.
Импульстік ток электротерапиясы (СМТ, ДДТ, TENS), УД және вакуумтерапиясымен бірге ауруды басу, әлсірету және гипотензиялық әсерін біршама тигізеді.
Электротерапияның әдістері:
- амплипульстерапия
- диадинамотерапия
- гальванизация
- дәрілік электрофорез
- электростимуляция
- флюктуоризация
- интерференцтерапия ж. б.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазіргі физиотерапияның емдеу мүмкіндіктері туралы және электротерапия саласының қызметтерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Физиотерапиялық емшаралардың түрлері мен электр тогының биологиялық әсері және электротерапия туралы түсінік беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Электр тогының биологиялық әсері
Тұрақты тоқтың адам организіміне әсерін зерттеу бақанын бұлшық етіне эксперимент жасаған итальян ғалымы Л. Гальвани тәжірибесінен кейін басталды (1791) .
Қазіргі заманның электротехникасы электр тогын медицинада пайдаланып организмнің органдарындағы ауытқуларды есінеуге, организм тканьдерінде әртүрлі физикалық өзгерістер жасауға мүмкіндік туғызады.
Организмнің электр тогына қайтаратын жауабы токтың күшіне, өту жылдамдығына, әсер етумерзіміне, организмнің күйіне, жағдайына байланысты болады. Электр тогымен емдеу де осы кезде тұрақты, айнымалы, жоғары және төменгі кернеудегі электр тастары жиі қолданылады. Электр тогымен емдеуде токты оргазимнің белгілі бір ауырған органына тікелей немесе рефекторлы әсер ету арқылы қолданады.
Электрохирургия - арнайы аппаратпен жоғары жиілікті электр тогын пайдаланып тканьдерді тілу, кесу, күйдіру, бөлуде қолданылатын хирургиялық әдіс.
Тканьдерді тілуде пышақ, ине, пластинка тәрізді активтелген электрод пайдаланылады. Электрохирургиялық әдістің ерекшелігі - тілінген тканьдердің қаны тез ұйиды. Асқазан ішек, бауырісіктерін емдеуде де, сондай-ақ көз тері ауруларын емдегенде, косметикалық операциялар жасағанда, тіс, құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдегенде электр қолданылады. Электрохирургияларда қолданылатын жоғары жиіліктегі токтың жай токтан айырмашылығы - ол коллоиды және сұйықортада такньдерді электромагниттік диссиоцацияға ұшыратпайды, ток күші қанша болғанымен нерв жүйесін тітіркендірмейді.
Жүрек соққанда организмде болымсыз электр тогы пайда болып, ол адам денесіне жайылады. Денеге жайылған осы электр тогын қағазға жазатын аппаратты электрокардиограф деп атайды. Бұл аппарат жүрек қызметін қисық сызықпен, арасында интервалы бар толқын түрінде қағазға сызады. Осы сызықтарды пайдалана отырып, жүректің ауруын, оның биоэлектрлік құбылысын айқындайды. Электр тогымен емдеу - электр тогын емге және профилактикада пайдалану.
Электрлі органдар - кейбір балықтардың жауыннан қорғану жемін аулау, өзара хабарласу үшін ауық - ауық сондай - ақ су астында жан-жағын бағдаулау үшін үздіксіз электр разрядын шығаратын органы. Электрлі органдар қазіргі балық түрлеріне қарағанда қазба балықтар мен балық тәрізділердің көптеген түріне тән болған.
Ірі балықтардың электр разряды адам үшін де қауіпті.
Электр органдары бар балықтардың бір ерекшелігі электр органдары жоқ балықтарды өлтіріп жіберетін электр қуаты мөлшеріне төзімді келеді.
Биологиялық объектілер әртүрлі пішінде болатындықтан, меншікті кедергілерін күрделі есептеулермен табады. Тірі биологиялық объектілерге электрлі өлшеу жүргізудің қиын болу себебі, тірі ағзалардың физикалық параметрлері уақыт өтуіне қарай тұрақты болмайды, өзгеріп отырады. Олар ағзадағы физиологиялық процесстерге байланысты, сондай-ақ олар арқылы өтетін токтың әсерімен де өзгереді. Тұрақты токтың өтуі цитоплазма диссоциясына. Ал бұл жасушаның өлуіне әкеп оқтырады. Сондықтан жасуша электр кедергісін өлшеуде, аз токты қолдану керек.
20° C-тағы тұрақты токтағы кейбір ұлпалардың меншікті кедергісі
Тұрақты токтың физиологиялық әсері жасуша мен ұлпаларды толтырып, тұратын электролиттерде өтетін процесстерге байланысты болады. Егер денеге екі электродты тақатсақ, тіпті аз тоқта қыздыру, ал ток көбейгенде күйдіру болады. Бұл ұлпа аралық сұйықтар мен цитоплазма екінші реакция кезінде сияқты заттардытүзеді. Ал бұл заттардың ұлпаларға әсер етуі нәтижесінде тері күюі болады. Сондықтан электр тогымен емдеу және биоэлектрлік өлшеулерді поляризацияланбайтын электродтар қолданады, және де маталл электрод пен тері арасында физиологиялық ерітіндегі батырылғаан марланы қояды.
Әлсіз токтардың терапиялық әсері бар. Әлсіз тұрақты токпен емдеу әдісі гальванизация деп аталады. Ағзаның барлық қалыпты функциялары электрлік өзара әсерлесуге негізделген. Бұлшық еттердің, сондай-ақ жүректің соғысы мен дем алуы электр токтарымен бақыланады, Әртүрлі сезім мүшелері арқылы алынатын мәліметтер электр сигналдарының көмегімен миға беріледі. Электр тогтары ағзаның қалыпты жұмыс істейіне қатысқанмен өте маңызды мүшелер арқылы сыртқы ток көздерінің берілген электр токтары өткенде, адам не жануар жарақат алып, тіпті өліп кетулері мүмкін.
Дене арқылы өткен ток көзіне әсерлесу жеріндегі дене жағдайына байланысты болады. Құрғақ терінің кедергісі жоғары, ал ылғал терінің ккедергісі төмен, өйткені ылғалда болатын иондар денеге тоқтың бөгетсіз кіруін қамтамасыз етеді. Құрғақ терідегі R=10⁵ Ом және одан да, ал ылғал терідегі кедергі осы мәннің 1%-ін ғана құрайды. Ылғал қолдың арасындағы толық кедергі 1500
J=120B\10⁵ Ом=1, 2 мА (құрғақ тері үшін)
J=120B\1500 Ом=82 мА (ылғал тері үшін)
Ағзадағы токтың әсер ету нәтижесі:
Электр тогына ерекше сезімтал келетін ағзадағы ми, кеуде бұлшық еттері, жүрек пен дем алуды бақылайтын жүйке центрлері. Электрокардиография арқылы жүректің жұмысы, аурудың бар - жоғын не оның жұмыс істеу қызметінің бұзылуын электр сигналдарының өзгерістерін бақылау жолымен қадағалайды.
Адам ауруларын емдеу тәсілдері, әдістері және амалдары алуан түрлі. Адам денесіне әсер ететін дәрілермен қатар табиғи (климат, ауа, күн, су) және жасанды емдіқ физикалық факторлар кең қолдануда.
Физикалық факторлардың емдік қасиеттерін емдеу және аурудың алдын алу, сондай-ақ медициналық оңалту мақсатында пайдаланады.
Физиотерапиялық емшаралардың адам денесіне әсері әртүрлі: ауырсыну басылады, ағзалардың секреторлық және моторлық қызметтері қалыптасады, қабыну процестері бәсеңдейді, жасаушаның жазылу процестері күшейеді, орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің жұмыстарын жақсартады.
Физиотерапиялық емшаралар медициналық оңалту мақсатын арттыра отырып, адам дене мүшелерінің қызметін қалпына келтіреді. Физиотерапиялық емшаралардың адам ағзасына теріс әсері өте аз. Қолдану әдістері қарапайым.
2. 2 Физиотерапиялық емшаралардың түрлері
Гальванизация және электрофорез
Емдік факторы: науқастың денесіне түйістіріп салынған электродтар арқылы келтірілетін, төмен кернеуі (30-80 В), күші аз (50 мА дейінгі) - гальваникалық ток.
Дәрілік электрофорез - организмге тұрақты токпен (гальваникалық токпен) және дәрілік заттармен бірге ықпал ету.
Емдеудің физикалық әдістерінің арасында емдік заттар электрофорезі аса кең таралды, өйткені оның организмге дәрілік заттарды енгізудің басқа тәсілдерінен ұтымды ерекшелендіретін, бірқатар өзгешеліктері мен артықшылықтары болады:
1) дәрілік зат аз мөлшерде енгізіледі (соңғы аталған затты үнемдеу, организмге аз көрсетілген түрде жалпы ықпал ету) ;
2) организмге дәрілік затты баяу енгізу мен шығару жүзеге асады, яғни оның организмде біраз сақталып, емдеу әсерінің мейлінше ұзақ болуы орын алады;
3) әсер етуші препарат қоры құрылады;
4) дәрілік затты енгізу белсенді (ионды түрде) жүргізіледі;
5) тұрақты электр тогы мен дәрілік заттың белсенді түрінің тікелей зақымдану ошағына үйлесімді әсері («электр фармакологиялық емдік кешен») орын алады;
6) тіндердің физиологиялық белсенділігі артады, бұл гальванизацияның биоқуаттандырушы әсер ету механизмдерінің бірі ретінде қарастырылады;
7) организмге электрофорез арқылы енгізілген дәрілер аллергиялық құбылыстар мен кері реакцияларды ішке және парэнтеральды қолдануға қарағанда едәуір сирек тудырады .
Физиологиялық әсері: орталық және вегетативті нерв жүйесінің функционалды жағдайын қалыптандыру, коронарлық тамырлардың кеңеюі, жүректің функционалды мүмкіндіктерінің жоғарылауы, ішкі секреция бездерінің қызметін ынталандыру, нерв-бұлшық ет аппаратының қозғыштығына әсер етуі. Электрофорез жүргізгенде, дәрілік затты жіберген орында қор пайда болады, бұл препарат әсерінің ұзартылуын, ионды рефлекс пен дәрілік заттар иондары белсенділігінің артуын қамтамасыз етеді.
Терапиялық тиімділігі: қан айналымын жақсарту, лимфа айналымын қуаттандыру, қоректендіру процестерін белсенділендіру, тіндерде АТФ пен оттегіні ұлғайту, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің артуы, ретикулярлы-эндотелиальды жүйенің белсенділенуі, антиденелер түзілуінің күшеюі, қанда гормондардың бос пішіндерінің артуы және олардың тіндермен ұқсатылуы, қабынуға қарсы, таралу әрекеті, сүйек тінінің қалпына келуін қуаттандыру.
Көрсеткіштері: гингивит, пародонтит (жедел қабынуды жойғаннан кейін), пародонтоз.
Қарсы көрсеткіштері: жаңа түзілістер, жедел қабынған және іріңді процестер, қанның жүйелі аурулары, жүрек-қан тамыр жүйесі компенсациясының бұзылуы, айқын білінетін атеросклероз, тері жамылғысы тұтастығының бұзылуы, тері жамылғысы сезімталдығының бұзылуы, токты жеке қабылдамаушылық, уланған жағдайлар.
Аппаратурасы: «Поток-1», «ГР-2» және «ГЭ-5-03».
Мөлшерлемесі: гальванизация, дәрілік электрофорез үшін: ток тығыздығы 0, 1-0, 5 мА/см2, балалар үшін 0, 05 мА/см2, 20-30 минут, 10-12 процедура.
Әдістеме: Катаральды гингивитті емдеуде ісікті қайтаратын, қабынуға қарсы, қоректендіретін әсер тигізу үшін кальций глюконаты, С және РР дәрумендерімен электрофорез тағайындайды (1% ерітінділері; көлденең әдістеме; ұзақтығы - 20 мин. ; емдеу курсы - 10-15 емдеу шарасы; ток күші - 3-5 мА) .
Ұлғайған гингивитте қатайтушы әсер тигізу үшін гепарин, кальций хлоридінің 10 % ерітіндісінен алынған кальций және хлормен электрофорез қолданады. Созылмалы жайылмалы пародонтитте қабынуға қарсы тиімділік көрсету мақсатында террилитиннің 25% ерітіндісі, лизоцим (25 г лизоцимді физиологиялық ерітіндінің 15-25 мл-де ерітеді), ацетилсалицил қышқылымен (10% сулы ерітіндіге натрий бикарбонатының 10 % сулы ерітіндісін қосады) электрофорез тағайындау тиімді. Бұл кезде қызыл иекті электродтарды, көлденең әдістемені, күші 5 мА токты пайдаланады. Әсер ету ұзақтығы 20 мин, емдеу курсы 10-12 емдеу шарасы) . Препарат анодтан жіберіледі.
С дәруменімен жасалған электрофорез капилляр өткізгіштігінің қалыпқа келуіне, талшықты тіндер жүйесінің физиологиялық қабілетінің жақсаруына ықпал етеді. Р дәрумені - қан тамыры өткізгіштігін азайтуға, гиалуронидазаның әсерін тежеуге, капиллярлар беріктігін арттыруға, аскорбин қышқылының ыдырауын болдырмауға ықпал етеді. Сондықтан аскорбин қышқылы мен Р дәруменін катодтан бірге жібереді.
Тиамин бромиді қызыл иектің перифериялық иннервациясын жақсартады және қоректік процестерді қуаттандырады. Оның 1% тримекаин қосылған 2% ерітіндісі қолданылады, анодтан жіберіледі.
В12 дәрумені ілеспелі аурулар болған жағдайда (асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруы, созылмалы гепатит, көк тамырлар атеросклерозы, ОНЖ аурулары) белок алмасуын реттеуге ықпал етеді. 100-200 мкг препаратты 2 мл тазартылған суда ерітеді; катодтан енгізіледі.
Ісікті қайтаратын әсерді лидаза (ронидаза) электрофорезі көрсетеді. Қызыл иекті электродтар қолданылады, әдістеме - көлденең. Емдеу курсы - 5-10 емдеу шарасы; 0, 1 гр лидазаны немесе 0, 5 г ронидазаны 30 мл еріткіште ерітеді. Еріткіш ретінде ацетатты буфер (рН - 5, 2) алынады; анодтан жіберіледі.
Вазоктивті препараттар электрофорезі қолданылады. Гливенол қан тамырлары тонусының көтерілуіне ықпал етеді, қабынуға қарсы әсер етеді, қан тамырларының өткізгіштігін бәсеңдетеді; 2% ерітінді қолданылады. 1 капсуланы (400 мг) 25 %-дық 20 мл димексидте ерітеді (16 мл димексид + 4 мд тазартылған су) ; анодтан жіберіледі. Емдеу курсы - 10-12 емдеу шарасы.
Жергілікті қан айналымын белсенділендіру үшін тренталдың 2% ерітіндісі пайдаланылады; катодтан жіберіледі. Емдеу курсы - 10-12 емдеу шарасы.
Гепарин электрофорезі тіндік зат алмасуды қалыптастырады, микроциркуляцияны жақсартады, гиалуронидазаның белсенділігін бәсеңдетеді, коагуляция, гипоксияға, ісікке, қабынуға қарсы әсер етеді, қалпыну келу процестерін жеделдетеді (белсенділігі 10 000 бірлік 1 флакон гепаринді 30 мл тазартылған суда ерітеді; 1 емдеу шарасына 5 000 бірлік ерітінді алады) ; катодтан жіберіледі.
Қан тоқтату және қанағыштық белгілерін жою мақсатында фибринолизге қарсы әсері бар препараттар электрофорезін тағайындайды; контрикал, трасилол, ε-аминкапрон қышқылы, 5% ерітіндісін 0, 5 мл натрий хлориді изотоникалық ерітіндісінің 2 мл-мен араластырады; анодтан жіберіледі. Емдеу курсы - 10 емдеу шарасы.
Қалпына келу процестерін қуаттандыру үшін хонсуридтің 5% ерітіндісін қолданады (препараттың 1 флаконын 20% димексид ерітіндісінің 1 мл-де ерітеді) . Емдеу курсы - 10-12 емдеу шарасы.
Электроұйқы терапия
Емдік факторы: тік төрт бұрышты, ұзақтығы (0, 2-2 мс), амплитудасы мен жиілігі (10-130 Гц) төмен импульстармен ОНЖ-не әсер ету.
Терапиялық тиімділігі: жоғары нерв қызметінің негізгі процестерін, артериялық қысымды, эмоциялық қозуды, беткейлі сезімталдықты, қан жасаушы қызметті, қанның ұйытатын жүйесін, негізгі алмасуды қалыптастырады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады, көңілді көтереді, табиғи ұйқыны тереңдетеді, шаршағандықты басады, аурусыздандыру әсерін тигізеді.
Көрсеткіштері: невротәндік статус өзгерістерімен ауырлатылған пародонт аурулары (невроздар, жүйкесі жұқару, қан қысымның төмендеуі мен І және ІІ дәрежелі гипертония аурулары және т. б. ) .
Қарсы көрсеткіштері: токка төзудің болмаушылығы, көз аурулары, сулы дерматит, ұстамалы ауру, мидың тор қабығының қабынуы (арахноидит), қан айналымының ауыр дәрежелі бұзылуы, ісіктер.
Аппаратурасы: «Электросон-1П», «Электросон-2», «Электросон-4Т», «Электросон-3», «Лэнар».
Мөлшерлемесі: жиілігі 80-120 Гц, 30 мин. -1 сағ. 10-15 процедура, күн сайын немесе аптасына 4 рет.
Әдістеме: Процедураны бөлек, жақсы желбіреткен, тыныш, қараңғы бөлмеде өткізеді. Науқас шешініп бос түрде жату керек. Процедураны өткізу үшін арнайы масканы қолданады, онда төрт металды ұяны резинкалы лентаға бекітеді. Электродтың ұясына ылғалды мақта астарды салады. Масканы науқасқа жабық көздер үстінен салады (көз - шүйде әдістемесі) . Көздерге орналастырылған электродтар теріс зарядталған, ал шүйде жағында оң зарядталған.
Тоқтың күшін науқастың сезіммен реттейді, көздер электродтар астында жағымды ұсақ вибрация сезу керек. Төмен жиілікті импульсті тоққа адам тез үйренеді, сезімі төмендейді, сондықтан тоқтың күшін біртіндеп жоғарлатады және төмендетеді. Процедураның уақытында науқаста жеңіл жағымды инелеу, тербелеуді сезеді, басы айналады, қажу пайда болады, сосын ұйқыға кетеді.
Ультратонды терапия
Емдік факторы: жоғары жиілікті (22 кГц), кернеуі жоғары (4-5 кВ) және қуаты 10 Вт-қа жететін ауыспалы синусоидалы ток.
Терапиялық тиімділігі: қан және лимфа айналымы, алмасу мен нейроқоректендіру процестері жақсартады, клеткалы мембраналардың өткізгіштігі артады, қан тамырларының түйілуі азаяды, фагоцитоз жеделдейді, қабыну реакциялары кезіндегі аурушаң сезімталдық азаяды, қышу сезімі басылады, сезімталдықты бәсеңдететін, бактериостатикалық әсер ету, инфильтраттар мен денедегі жабысқан жерлерінің таралуы байқалады.
Көрсеткіштері: созылмалы катаральды гингивит, ойық жаралы гингивит, асқыну, іріңдеу сатысындағы пародонтит.
Қарсы көрсеткіштері: қатерлі жаңа түзілістер, жүрек-қан тамыры жүйесінің жетіспеушілігі, қанағыштыққа бейім болу, белсенді туберкулез процесі.
Аппаратурасы: «Ультратон ТНЧ-10».
Мөлшерлемесі: қызыл иекке электродпен әсер етеді, қуаты - 2 Вт дейін; ұзақтығы - 10 минут; емдеу курсы - 10-12 процедура.
Флюктуоризация
Емдік факторы: күші аз, кернеуі төмен, амплитудасы мен жиілігі бойынша 100-2000 Гц шамасында ретсіз өзгеретін синусоидалы ауыспалы ток.
Физиологиялық әсері: нерв аяқтамаларының қозуын тудырады, лимфа және қан айналымы күшейіп, эпителиальды және мезенхимальды клеткалардың митотикалық белсенділігі артады, қантамыр қабырғаларының өткізгіштігі артып, алмасу процестерінің белсенділігі күшейеді. Клеткалық иммунитет пен лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі іріңді қабынудың шектелген ошаққа айналуына мүмкіндік жасайды.
Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы, ауыру сезімін бәсеңдетуші, таралушы, қалпына келтіруші.
Көрсеткіштері: орташа және ауыр дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтиттің асқынуы (іріңдік бөлінуі, ауыру сезімінің болуы) . Асқыну болмаған кезде жүргізілмейді, себебі сүйектің сорылуын (резорбция) жеделдетеді.
Қарсы көрсеткіштері: жаңа түзілістер, компенсациясы бұзылған сатыдағы жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары, тромбпен бітелген аурулар, қанағыштық, Меньер синдромы.
Аппаратурасы: АСБ-2, ФС-100.
Мөлшерлемесі: ток тығыздығы 1 мА/см2 дейін (төмен), 2 мА/см2 дейін (орташа), 2 мА/см2 артық (жоғары), 12-15 минут, 6-8 процедура.
Дарсонвализация
Емдік факторы: жиілігі жоғары (110 және 440 кГц), кернеуі жоғары (20 кВ), күші аз (0, 02 мА) импульсты ток.
Терапиялық тиімділігі: ОНЖ-нің тежелу және қозу процестерін қалыптастыру, сезімтал және қозғалыс нервтерінің қозғыштығын төмендету, ауруды бәсеңдету әсері, қышу сезімін азайту, қан тамырларын кеңейту, тіндердің қоректенуін жақсарту, тамырлардың түйілуін төмендету, лейкоциттердің тасымалдануын күшейту, қан қысымын қалыптастыру, біте бастау процестерін ынталандыру.
Көрсеткіштері: пародонтоз (әсіресе бастапқы сатысында), созылмалы катаральды гингивит, ұлғайған гингивиттің ісікті түрі, жайылған пародонтит.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz