Эралар және олардың дәуірлері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Эралар және олардың дәуірлері»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Эралар және олардың дәуірлері . . . 5

2. Араб елдеріндегі жыл есебінің жүйесі . . . 8

3. Ежелгі өркениет күнтізбелері . . . 11

Қорытынды . . . 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 20

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Эра (латынша Aera - бастапқы сан) - астрономияда белгілі бір уақыттан басталатын күнтізбелік жылдар есебінің жүйесі, яғни жылдар есептемесі (жыл санау) .

Әр заманның дәуірі әр түрлі. Бірінші жыл - ежелгі еврейлерше - “Адам ата жаралған жыл”, вавилондықтарша - Набонассардың патша болған жылы, римдіктерше - Диоклетианның таққа отырған жылы, христиан дініндегілерше - Христостың туған жылы, арабтарша - Мұхаммедтің Меккеден Мәдинаға көшіп барған жылы, т. с. с.

Тақырыптың мақсаты:

Эра сөзінің мағынасы кең көлемде аша отырып, эралар және олардың дәуірлеріне тоқталу. Диоклетиан дәуірі (б. з. 284 жылы, 29 тамыз), т. б. «Испандық дәуір» - б. з. д. 38 жылығы 1 қаңтар, Православие елдерінде «византиялық дәуір» деп аталатын негізгі кезендері салыстырмалы талдау жасау.

Эра (латынша Aera - бастапқы сан) - астрономияда белгілі бір уақыттан басталатын күнтізбелік жылдар есебінің жүйесі, яғни жылдар есептемесі (жыл санау) . Заманның басталатын уақыты оның дәуірі деп аталады. Уақыт есебін жүргізу үшін айлар мен күндер жүйесі жеткіліксіз. Бұларға қоса тарихи оқиғаның болған жылы да айтылуы керек, ол үшін күнтізбелік жылдар 1-жыл, 2-жыл, 3-жыл. деп нөмірленуі керек. Дәуір - бірінші жылдың басы. Сандардың натурал қатары шектеусіз болатындықтан, замандардың ақырғы жылы болмайды. Әлеуметтік дамудың төменгі сатысындағы халықтарда жыл есебінің жүйесі болмайды, олар оқиғаларды “су тасыған жылы”, “өрт шыққан жылы”, “құйрықты жұлдыз көрінген жылы”, т. с. с. Деп, әр түрлі табиғат құбылыстарына байланыстырып айтады. Ертедегі халықтар әр түрлі замандарды қолданып келген. Мұндай замандардың белгілерінің саны 200-ден астам. Бірталай замандардың дәуірі белгілі бір соғыстан, жер сілкінген, жойқын тасқын болған уақыттан немесе патшалардың таққа отырған кезінен алынған. Сонымен қатар тарихта мүлде болмаған, тек кейбір өз тұсындағы беделді адамдардың айтуы “солай болыпты” деп, жұрт иланған оқиғалардан басталған замандар да бар. Уақыт есебінде заманның дәуіріне сәйкес оқиға елеулі рөл атқармайды, тек сол есептегі күндердің, айлардың және жылдардың ұзақтығы мен тетелестік реті дұрыс көрсетілуі керек.

Құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

  1. Эралар және олардың дәуірлері

Эралар. (Дәуірлер ) . Мысалы Олимпиадалар бойынша (б. з. д. 776 жыл. ), «Рим орнаған» (б. д. д. 754 жыл. ), Диоклетиан дәуірі (б. з. 284 жылы, 29 тамыз), т. б. «Испандық дәуір» - б. з. д. 38 жылығы 1 қаңтардан басталады. Португалияда ол ХV ғасырда да сақталды. Православие елдерінде «византиялық дәуір» ІV ғасырда пайда болды. Оны б. з. д. 5509 жылдан пайдаланып келеді деген түсінік бар, яғни «дүние жаралғалы бері». Кейде оны б. з. д. 5508 жылыдың 1 наурызынан бастайды. Христиандар «антиохийская эра - б. з. д. 5969 жыл», «александрийская эра - б. з. д. 5501 жыл» деп әр түрлі даталарды атайды. Ал «христиандық эра» aera vulgaris - Христос туған жылдан бастау алатын, 525-ші жылы римдік монах Диониси Малый енгізді. Оны «Құдай күні» (annus Domini), «от воплощения Господня» жылы (annus ab incarnatione Domini), от «рождества Господня» жылы (annus ab nativitate Domini), от «воплощенного слово» жылы (annus ab verbi incarnati), «милость» жылы (annus gratiaе) . . . Диониси Христостың туған жылын Рим негізі қаланған 753 жылды, немесе Диоклетиан дәуіріне дейінгі 284 жылды алды. Бұл христиандық дәуір VIІ-ші ғасырдың бірінші жартысынан бастап қолданыла бастады. ХV-ші ғасырдан бастап барлық рим папаларының құжаттары «Хоистос туған жылдан» деген датамен белгіленді. Жалпы пайдалану тек ХVІІІ-ші ғасырдың соңынан бастап қолданыла бастады. Орта ғасырда осы санақпен қатар өзге де дәуірлер санағы жүргендіктен, ортағасырлық құжаттардың датасын дәл есептеу қиындық туғызады.

Әр заманның дәуірі әр түрлі. Бірінші жыл - ежелгі еврейлерше - “Адам ата жаралған жыл”, вавилондықтарша - Набонассардың патша болған жылы, римдіктерше - Диоклетианның таққа отырған жылы, христиан дініндегілерше - Христостың туған жылы, арабтарша - Мұхаммедтің Меккеден Мәдинаға көшіп барған жылы, т. с. с. Рим империясына қараған елдер жылдар жүйесін бірсыпыра уақыт Диоклетиан заманы бойынша есептеген. Император Диоклетиан өз кезінде римдіктердің ескі дінін қолдаған, христиан дінін қабылдаушыларды қуғындаған адам болатын. Сондықтан Диоклетиан заманының 248 жылы өткен жиынында христиан шіркеуінің дінбасылары Диоклетиан айтылатын күнтізбені мүлде жойып, заманды Христостың (ислам дінінде - Ғайса пайғамбар) туғанынан бастап есептеу туралы шешім қабылдаған. Христиан дінінің басқарушыларының айтуынша, Христостың туған нақты жылын анықтауды сақтардың діни мейрамдарының өткізілетін уақыттарын есептеу тәжірибесі бар Римдік монах, тегі сақ Кіші Дионисийге (497 - 540) тапсырады.

Дионисий есептеп шығарған болып, “Христостың туғанына 532 жыл болыпты” деп жариялайды. Оған болмашы дерек іздеп отырған діншілдер сене қояды, ешкім тексермейді. Сөйтіп, Диоклетиан заманының 248 жылы “Христос туғаннан” кейінгі 532 жыл болып есептеледі. Келесі жыл 533 жыл, одан соң 534 жыл, т. с. с. Болып, қазіргі 2000 - 2002 жылдарға жетіп отыр. Алғашқы 532 жылда Христостың қашан туғаны жөнінде ешқандай әңгіме болмаған. “Христос туғаннан” деп есептелетін заман, көбінесе, “біздің Заманымыз” делінеді. Ресейде ерте кезде “Дүние жаралғаннан” деп есептелетін заман қолданылған. Петр I патша арнайы жарлық шығарып, “дүние жаралғаннан” басталатын 7209 жылы Христос туғаннан басталатын 1700 жыл болып өзгерді. Өзара қарым-қатынасты оңайлату мақсатымен, дүние жүзінің көпшілік елдерінде “біздің заманымыз” қолданылады. Христос атының күнтізбеге қатысы шартты ғана. Ежелгі тарихта болған оқиғалардың уақыты біздің заманымыздан бұрынғы (б. з. б. ) Жылдар арқылы көрсетіледі. Мысалы, Архимед б. з. б. 287 жылы туған. Дионисий 532 санын жәй ала салмаған, онда мән бар. 1928=532. Әрбір 19 жылда ай орағының келбеті қайталанып, айдың сол күніне келеді. Мысалы, 1942 жылы 21 маусым және 1961 жылы 21 маусымда айдың бірінші ширегі (дөңес жағы оңға қараған жарты дөңгелек) көрінді, ол 1980 жылы және 1999 жылы 21 маусымда тағы қайталанады. Әрбір 28 жылда апта күндері қайталанып, айдың сол күніне келіп отырады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусым, жексенбі күні басталды, 1969 жылы және 1997 жылы 22 маусым күні де жексенбі болды. Сонда ай орағының белгілі бір кейпі, ай мен аптаның күндері - үшеуі бірдей қайталану үшін 532 жылы өтуі керек. 532 саны діни мейрамдардың мерзімдерін есептеуде жиі кездеседі. Дионисий тұсында Христос жайындағы аңыздардың шыққанына 5 ғ-дан асқан. Дионисийдің қолында мейрамдардың ескі таблицасы бар еді. Осыларды есте ұстай отырып, сақтардан шыққан сауатты монах мейрамдарды ертеде өткізілген күндеріне келтірді, ал Христос тек “тілге тиек” болды. “Христос туғаннан” басталатын заман Шіркеу құжаттарының өзінде тек 742 жылдан бастап қана кездеседі. [1]

  1. Араб елдеріндегі жыл есебінің жүйесі

Араб елдеріндегі жыл есебінің жүйесі хиджра заманы деп аталады, оның дәуірі - б. з. 622 жылының 16 шілдесі, жұма күні. Сол күні Мұхаммед Меккеден Мәдинаға келген. Бұл күнтізбені 637 жыл халиф Ғұмар бин әл-Хаттаб тағайындаған. Араб жылында 354 (кібесе жылы 355) күн болады. Набонассар Заманының дәуірі - б. з. б. 747 жылының 27 ақпаны. Халықтық ұғымдағы Заманда табиғат құбылыстары мен өзге де маңызды оқиғалар салыстырмалы түрде уақыт есебінде жалпылық ұғымда қолданылып, ерекше оқиғалармен сабақтастырыла айтылады. Мысалы, зар заман, ақыр заман, т. б.

Хронология - хронос - время, логос - слово, учение деген сөздерден шыққан. Уақытты өлшейтін ғылым деген мағынаны білдіреді. Ол негізінен екі бөліктен тұрады: астрономиялық (математикалық) және тарихи (техникалық) . Біріншісі, аспан денелерінің қозғалысын, астрономиялық жағдайларды есептей отырып, нақты астрономиялық уақытты анықтайды. Екіншісі, әр халықтардың әр кездегі уақытты қалай өлшегенін, өлшем жүйелері қалай дамығанын (календарлар) зерттейді.

Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы календарлық жүйелердің сәтті элементтері Ежелгі Грек, Ежелгі Рим календарларына енді, жаңаланды.

Хронология ғылым ретінде қалыптасуы ХVІ ғасырдың соңы - ХVІІ ғасырдың басына жатқызылады. Француз гуманист-ғалымы Жозеф Скалигер өзінің «Об улучшении счета времени» (1583), «Сокровище времен» (1606) т. б. еңбектерінде календарға григориандық реформа жасауға сын айтты, жылсанау жүйелерін бір жүйеге салуды қарастырды. Оның «юлиандық кезең» деп аталатын календарында санақ жылға бөлінбейді, бұл әр түрлі календарлардың дәуірін біріктуге қол жеткізді. Скалигер айналасындағы тартыс осы саладағы мәселелерге байланысты көптеген әдебиеттердің пайда болуына себеп болды.

Осы материалдарды ХVІІІ-ші ғасырда француздар д’Антин- және Дюран «Искусство проверки дат», оның соңғы баспасы 44 томнан тұрды. ХІХ - ХХ-ғасырдың басында ғылыми хронология өзінің даму шыңына шықты.

Қазірге дейін неміс астрономы және хронологы Христиан-Людвиг Иделердің «Справочник по математической и технической хронологии» еңбегі маңызын жойған жоқ. Осы аттас Ф. Гинцельдің еңбегі жаңа негізде жазылған. Неміс ғалымдары Х. Гротефенд («Леточисление немецкого средневековья и нового времени») және Ф. Рюльдің («Хронология средних веков и нового времени»), француз авторы А. Жиридің («Учебник дипломатики») және венгр И. Сентпетеридің («Справочник по хронологии») еңбектері ортағасырлық хронологияны дипломатикамен тығыз байланыстыра отырып қарастырады. Австриялық ғалым Р. Шрамның «Календариографические и хронологические таблицы» еңбегі Скалигердің жүйесін пайдалана отырып, юлиандық күндер арқылы әртүрлі календарлық стильдерді байланыстырды.

Кеңестік авторлардың ішінен Н. И. Идельсон, С. И. Селешников, И. А. Климишин, Е. И. Каменцова, Я. И. Шур, В. В. Цыбульский, М. Я. Сюзумов еңбектері белгілі. Орыс техникалық хронологиясының негізгі элементтері «Вспомогательные исторические дисциплины» под ред. В. Г. Тюкавкина. - деген еңбектің «Хронология» деген бөлігінде жазылған.

Һижра, һиджра, їижра ( араб. :هجرة - көшіп жүру, қоныс аудару( - Исламдінін ұстайтын мұсылманелдердегі жыл санау жүйесінің басталатын күні. Хижра күні біздің күнтізбеміз бойынша 622 жылдың 16 шілдесіне, жұма күніне келеді. Бұл күні Мұхаммед (ғ. с. ) Меккеден Мединеге(бұрынғы аты Ясриб) қашып барып паналаған. Өйткені Меккедегі исламдініне қарсы болған арабтаралғашқы кезде Мұхаммедтіөлтірмекші болған. Хижра дәуірін Мұхаммедтің орнына отырған екінші халиф Омар(Ғұмар бин әл-Хаттаб) 637 жылы тағайындаған. Хижра күнтізбесінде жыл Ғұмардың жарлығы бойынша 12 айға бөлінген, тақ нөмірлі айлар 30 күннен, жұп нөмірлі айлар 29 күннен есептелген, айлардың белгілі атаулары болған. Сонда жыл 354 күн болады. Бертін келе арабтар күнтізбені табиғи маусымдарға сәйкес келтіріп отыру үшін, әрбір 30 жылда 11 рет жылды 355 күннен есептейтін болды. Осыған орайжылдың соңғы айы - зұлхиджаәрбір 30 жылдың 19 жылында бұрынғысынша 29 күннен, 11 жылында 30 күнненесептеледі. Зұлхиджаның қай жылдары 30 күннен алынатындығы жөнінде тиянақты ереже бар. Бұл күнтізбе ай Хижрасы деп аталады. Кейбір мұсылман дініндегі елдерде ( Түркия, Иран, Ауғанстан, т. б. ) жыл санау жүйесінің басы ретінде Хижра, яғни григориан күнтізбесінің622 жылы алынады да, жылдың ұзақтығы григориан күнтізбесіндегідей, 365 (366) күннен есептеледі. Бұл күнтізбекүн Хижрасы деп аталады. Ай Хижрасы бойынша бір жылда 354 не 355 күн болады, ал біздің күнтізбеміздегі бір жылда 365 не 366 күн бар. Біздің жылымыздан ай Хижрасындағы жылдың 11, кейде 12 күні кем. Сондықтан бізше бір жылдың ішінде ай Хижрасын қолданатын елдер жаңа жыл мейрамын екі рет өткізуі мүмкін. Мысалы, ай Хижрасының 1396 жылы 1976 жылы 3 қаңтарда, ал оның 1397 жылы 1976 жылы 23 желтоқсанда басталды.

Ғайса пайғамбардың туылғанына алты жүз жыл өтсе де Еуропалықтар өздерінің христиан дәуірінде өмір сүріп отырғанын білмеген. Тарихи хронологияны Ғайса пайғамбардың туылуынан бастаған алғашқы шығарма кіші Скифиядан шыққан монах Дионис Экзигуустікі болатын. Дионистің идеясы (пікірі) бойынша жыл санау Ғайса пайғамбардың Мария анамыздың жатырына алғаш біткен күнінен бастайды. Ол бұл күнді «бірінші жылдың бірінші күні» деп есептейді. Бірінші жылдың бірінші күні жиырма бесінші наурыз, яғни қазіргі христиан әлемі тойлайтын Рождество 25 желтоқсанға тұп тура тоғыз ай жетпейді. Осыған дейінгі жылдардың барлығы анти кристум Ғайсаға дейінгі жылдар болса, бұдан былайғы заман Ғайсаның дүниеге келуінен кейінгі жылдар, яғни Анна Домини дегенді білдіреді. Бұл есеп бойынша нөлінші жыл деген болған жоқ, алайда христиан дәуірі немесе б. з. деген түсініктің әуелі латын шіркеулерінде кейіннен шығыс шіркеулерінде қолданысқа енуіне бірнеше ғасырлар қажет болды.

Уақыт өте келе әр аймақтың өзінің жыл санау хронологиясы қалыптаса бастады. Осылайша жыл санауда басшылыққа алынатын негізгі принцип 3. Ал жылдың дәл қай жыл екендігін салыстырмалы түрде жорамалдап белгілей салатын. Мысалы: Ветхи Заветте: «Иудейдің патшасы Ахаздың билік құрғанына 12 жыл толғанда, Ильдің ұлы Осия иудей халқының тағына отырады. Ол тоғыз жыл Израйлде патшалық құрады. Оған қарсы Ассирияның патшасы Салманасар соғысқа шығады. » Жыл санау мерзімі осындай жолдармен анықталып отырған. (4 Царь 17:1, 3)

  1. Ежелгі өркениет күнтізбелері

Ежелгі өркениет күнтізбелері - ертедегі Египет, : Қытай, Майя, Вавилон; көне еврейлік және т. б. Наурыз, қыркүйек, ультранаурыз Византия заманы жылдары ұғымы және олардың қазіргі заманғы жыл санауға алмасуы. Көне славян күнтізбесі. Француз революциясы күнтізбесі. Юлиан күнтізбесі. Григориян күнтізбесі. Ресей мен КСРО күнтізбесі. Ежелгі Русьтегі уақыт есебі және оның Византия жыл санауымен байланысты. I Петр тұсындағы жыл санау реформалары. КСРО-дағы уақыт есебі. КСРО халықтарының уақыт есебіндегі ерекшеліктер.

Дата (мерзім) ауысымы, казіргі жыл санаудағы индикт арқылы көрінісі. Астрономиялық құбылыстар туралы негіздерго сүйене отырып жасалған дата белгілері. Формула мен таблицалар арқылы апта күндерімен оқиғаларды анықтау. Тарихи негіздеріне қатысты даталаумен байланысты мәселелерді шешу. Негіздердің шығуы туралы хронология мәселелерінің көмегімен шығарылатын. шешімдер. Қазіргі жыл санауға дата белгілеу үшін мұсылман күнтізбесін есептеуге арнайы формуланың колданылуы.

Хронологияның мәліметтері мен әдістерін тарихтану және тарихи мәселелерді шешуге қолдану. Тарихи негіздемелерге оларда айтылған даталарды белгілеу. Негіздемелердің хронологиясы мен дәйектілігі. Негіздерді белгілеудегі және шығуын, калылтасуын анықтаудағы хронология әдістері. Хронология және басқа да тарихи пәндер.

Қазақи халықтык аспан денелерін бақылауға байланысты ілімдер. Ежелгі халықтық жүйе - ай бетіндегі жұлдыздар жабуы (Үркер), тоғыс айлары, ай тоғысы, ай қоралануы. Поляр жүлдызы (Темірказықтың) тәулік уақытын анықтаудағы жөне көкжиекті бағдарлаудағы байқаулар. Орион (Үшарқар-Таразы), Венера (Шолпан) және Сириус (Сүмбіле) жұлдыздарын байқау. Қазақ күнтізбесі, 12 жылдық жануарлар циклы (мүшел ұғымы) . Наурыз - қазақ жаңа жылы және оның көктемгі күн мен түн теңелуімен байланысты.

Ай (Лунный месяц) - алғашында 30 күнге тең болды.

Жеті күндік апта пайда болды. Күндік жыл (солнечный год) есебі. Сонымен күн, ай календарлары пайда болды. Календарь - латынның calendae - «әр айдың бірінші күні» дегенді білдіреді.

Ай календары, күн календары, ай-күн календары бар.

Юлиан календары.

Қазіргі күн календарының негізіне реформаға түскен Юлий Цезарь календары жасайды. Ол өз кезегінде өзне дейінігі рим календарларына, ай-күндік календарьға сүйенеді. Ромул Августул тұсындағы (б. з. д. VІІІ ғ. ) ежелгі рим календары 10 айдан тұрып, онда 304 күн болды. Жыл көктемнің алғашқы айынан басталды. Март (Марс құрметіне), апрель («ашу», жер жыртуды бастау құрметіне), май (жер құдайы құрметіне), июнь (Юнона, ауа райының құдайы құрметіне) . Кейінгі ай аттары квинтилис - бесінші, секстилис - алтыншы, септембер - жетінші, октобер - сегізінші, новембер - тоғызыншы, децембер - оныншы деп аталады. Б. з. д. VІІ ғасырда Нум Пампили тұсында - январь (күн жарығының және аспан құдайы Янус құрметіне) және - февраль (жер асты патшалығының құдайы Фебруус) айлары қосылды. Ендігі жерде жыл 355 күнге тең болатын болды. Бұл календарь ай-күндік болатын, онда март, май, квинтилис - 31 күннен; апрель, июнь, секстилис, новембер, январь, септембер - 30 күннен, ал февраль - 28 күннен тұрды. Мұндағы күннің саны (355 күн) «ай жылының» ұзақтығына жақын болды - 354, 4 тәулік. Жалпы бұл жыл тропикалық жылдан (365 күн, 5 сағат, 46 секунд) 10 күн кем болатын. Уақыт өте келе жыл маусымы өзгеріп, май көктемде емес басқа мерзімге жылжып кететін, сондықтан да оны болдырмас үшін екі жылда бір рет қосымша ай «мерцедони» қосылатын. Онда 22 болмаса 23 күн болатын, ол 23-24-ші февраль арасына қосылатын. Сонымен реформаланған жылда орташа алғанда 366 күн болды, яғни 1 күнге тропикалық жылды артқа тастайтын. Абыздар өздерінің пайдасына қарай жылды не ұзартатын, болмаса қысқартатын, Вольтер «Римдік қолбасшылар әрқашанда жеңетін, бірақ олар оның тура қай күнде болғанын білмейтін» деп дәл айтқан. Реформаның қажеттігі б. з. д. 46 жылы Юлий Цезарьдің атақты александрлық ғалым Созигенді шақырып, сол қателіктерді жөндеуге алып келді. Ол жылға төтенше екі ай, 33 және 34 күннен тұратын, ноябрь мен декабрь арасына б. з. д. 46 жылы қосты. Сонымен, үш жыл 365 күннен, ал төртіншісі - 366 күннен тұратын болды. Ал календарьлық жылдың басы январьға ауысты, римдік басқару органдарында өзгерістер болатын айға. 366 күнді Цезарь 23-ші февральден соң тұратын мерцедонийдің орнына қойып, мерцедонийдің алып тастады. Ал 24 февраль екі рет қайталанатын болды, оны bissextus деп атады (24 февраль март календасының алтыншы күні) - осы 366 күннен тұратын жылды - bissextilis дейтін болды. Орыстар оны византиялық дәстүрмен «високосный» деп кетті. Юлиан календары 12 айдан тұрды, жетінші айды Цезарьдің құрметіне - июль дейтін болды. Жеті ай - 31 күннен, төртеуі - 30 күннен, ал біруі - 28 болмаса 29 күннен тұрды. Ал Октавиан Августің тұсындағы өзгерістер ХVІ-шы ғасырға дейін, ХІІІ Григорий папаның реформасына дейін сақталды. Бұрынғы секстилис Августің құрметіне - август болды.

325-ші жылы Никейлік Әлемдік соборда юлиандық календарь христиан дүниесінің міндетті календарі болып мойндалды. Алайда, 128 жылда 1 күндік қателік жиналатын болды, ондай қателіктің бар екенін ХІІІ ғасырда Кастилияда Альфонс Х Мудрыйдың билігі тұсында пасхалық таблицаны құруда қазіргіден жарты минутқа кем орташа жылдық ұзақтықты белгілеген. ХІV ғасырда византиялық ғалымдар Никифор Григора мен Матфей Властырь, Аргир қателіктің бар екендігін білді, алайда оны кейбір себептермен жөндеген жоқ. ХV ғасырда календарь мәселесімен папалық курия айналысты, бірақ тек ХVІ ғасырда ғана, қателік 10 күнге жеткенде папа Григорий ХІІІ юлиан календарын реформалауға кірісті. Оны шешу үшін комиссия құрылды, бірнеше жобаның ішінен Перуджилік математик және дәрігер Луиджи Лилио (Алаоизи Лилий) жобасы қолдау тапты. Папаның 1582 жылғы 24 ақпандағы декреті бойынша 1582 жылдың 5 қазақнынан кейін 15 қазан болу керек болды, яғни жетіспей жатқан 10 күн қосылатын болды.

- Юлиан календары бойынша әрбір 400 жылда қателік 3 күнге жететін болды, оның үстіне осы кезеңде - 100 «високостық» күні де бар.

- Луиджи Лилио осы 400 жылдағы 100 високостық күн орнына 97 болуын ұсынды. Сонымен бірге ендігі жерде «високостық» жыл деп егер ғасыр жылдары 400, 1600, 2000, 2400 жылдарға қалдықсыз бөлінсе ғана есептелетін болды.

- ХVІ-шы ғасырдан көктемнің теңелетін күнінен басталатын Пасха 3-4 күнге кешігіп келетін, оны да қайта есептеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық кезеңдер
Жердің жасы мен жылнамасы
Биосфераға сипаттама
Биосфераның негізгі компонеттері
Биосфера - ғаламдық экожүйе туралы ақпарат
Биосфера
Биосфера және адамзат
Биосфера,ноосфера және техносфера туралы эволюциялық ілім
Ноосфераның пайда болуы
Биосфера құрылысы, биосфераның пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz