Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Құрмағазы атындағы саз колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
1.1 Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Эстетикалық сана мен эстетикалық мәдениетті зерттеудің тұғырнамалық-әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру ерекшеліктері
2.1 Музыкалық білім беру арқылы эстетикалық мәдениетті
Қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениет қалыптастыруда ұлттық өнеріміздің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет пен тарихымыздың дамып, өркендеуі, халқымыздың рухани бай мұрасын және салт-дәстүрлерін қастерлеу - еліміздің дүниежүзілік өркениеттегі егемендігін, дербестігін дәлелдейді. Осы өркениетті елдер қатарына қосылуға ықпал ететін болмыс - адам болып саналады.
Болашақтың адамы - парасатты, иманды, елгезек те, қаракетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін адам; ол адамның мәндік күшінің шын бірлігінің мұратын, оның рухани және тәндік кемелдігінің мұратын бейнелейтін салиқалы, жан-жақты дамыған тұлға. Бұл өз заманының талабына сай өмір сүруге қабілетті, эстетикалық талғамы жоғары адам ғана өмірдің әсемдік құндылықтарын жоғары бағалай алады деген түсінікті қамтамасыз етеді. Өйткені, өмір салты, рухани мұра, әсемдік қасиеттер - адам баласының құндылықты эстетикалық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.
Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру - қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда: "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау" керектігі белгіленген.
"Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында "Жеке адамның шығармашылық, рухани және мәдени мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік құндылықтар негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісті байыту" деген міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Бүгінгі таңда жастардың рухани мәдениетін дамытуда және эстетикалық тәрбиенің ұтымдылығын арттыруда халықтық өнерді рухани-мәдени құндылық ретінде зерттеудің, оның тәлім-тәрбиесі, мол тәжірибесі негізінде жоғары мектепте студенттерді тәрбиелеудің теориялық-практикалық негіздерін зерттеудің қажеттілігі туындап отыр.
Осы мақсатты жүзеге асыру ұлттық мәдени құндылықтар негізінде студенттерге эстетикалық тәрбие беру, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мәселесін зерттеудің көкейкестілігін айқындайды.
Осыған орай, қазақ эстетикалық ой-пікірлерінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап, көшпелілер мәдениетіндегі ұлттық құндылық, эстетикалық болмыс пен таным туралы түбегейлі мәселелерді көркем формада баяндаған. әл-Фараби, Ж.Баласұғын, Ғ.Қашқари, Қ.А.Иассауи, А.Үйгінеки, Асан қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шал ақын, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев және т.с.с. ғалымдар еңбектерінің негізгі өзегі философиялық, эстетикалық ойларды терең дамыту болып табылады.
Қандай бір халықтың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланбай, жан-жақты жетілген ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруда, екіншіден, өз халқының ұлттық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай жағдай басшылыққа алынған жерде, ұлттық мектептің өзекті мақсаты - адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты тұлғаны тәрбиелеу болып шығады.
Зерттеу мақсаты - эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мәселесін теориялық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің нысаны - эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу пәні эстетикалық мәдениетін қалыптастурдың үдерісі.
Зерттеу ғылыми болжамы: егер, эстетикалық мәдениетті қазақ халқының музыкалық шығармаларына негізделіп, музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің теориялық негізі мен мүмкіндіктері аңықталса, осы салада тәрбие беру моделі жасалып, өлшемдері мен көрсетілімдері аңықталса және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалып, тәжірибелік-экспериментте тексерілсе, нәтижесі шығарылса, онда жеке тұлғаның музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру деңгейі тиімді болады, өйткені музыка адамның эстетикалық талғамдары мен қызығушылықтарының дамуына ықпал етіп, бейім-қабілеттерін қалыптастырған болар еді.
Зерттеу міндеттері:
* эстетикалық мәдениетті музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
* эстетикалық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;
* эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайын жасап, өлшемдері, көрсеткіштері мен денгейлерін белгілеп, педагогикалық шарттарын айқындау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға және іс-әрекет теориясы, таным теориясы, жалпы адамзат және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлікте болуы туралы әлеуметтік-мәдени теориясы, қазіргі жетекші философиялық қағидалар, өнерді қабылдау теорияларымен қазіргі ізгілікті тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік құжаттар.
Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың тәрбие, даму негіздері, қазақ музыкасы туралы ғылыми енбектері, Қазақстан Республикасының ресми материалдары, Үкіметтің қаулы-қарарлары, қағидалары және т.б. музыканы оқытудағы этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелер.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, музыка мұраларына, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге зерттеу тақырыбы бойынша теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту, тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізу.
Зерттеу базасы:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
-"эстетикалық мәдениет", "эстетикалық тәрбие" ұғымдарының өзара байланысыңың мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;
- музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру механизмі жасалды;
* болашақ педагогтардың музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы: жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін музыка арқылы тәрбиелеуде жинақталған тарихи-педагогикалық материалдарды орта арнаулы оқу орындарының оқу-тәрбие ісінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие практикасында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негізі
Шаруашылық пен тұрмыс ұйымдастырудан, сәулеткерлік пен кәсіпшіліктен, бейнелеу өнері мен киім-кешектен, суырып салма ақындық пен әуезден, әншілік пен билеу машығынан, қоғамның имандылық, ізгілік дәстүрінен көрінетін қазақ жасампаздығы мен шығармашылығының әлі де болса ашыла қоймаған тұстары жеткілікті. Қазіргі ұрпақтың негізгі мақсаты - осы мәселені шешу. Өйткені қазақ халқының рухани байлығының әсері адамның парасатты, білімді болуына дүниетанымдық көзқарасының жоғары деңгейде дамуына әсері ерекше болып табылады. Осындай үрдісте қазақ халқының музыка әсері өзгеше, осыны ескере отырып, біз ең алдымен оның "мәдениет" ұғымына және осы арқылы адам баласының ежелден дүниеге деген көзқарасын қалыптастырудағы рөліне назар аудардық.
Осы орайда, ұлттық және эстетикалық мәдениеті мәселелерін зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Жалпы болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі "мәдениет", "эстетикалық тәрбие беру", "эстетикалық мәдениеті", "эстетикалық құндылықтар" ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтау қажет екені байқалды. Яғни психологиялық, педагогикалық тұрғыдан эстетикалық мәдениетінің мәні және құрылымы ашып көрсетілуі тиіс.
Қазіргі таңдағы жаңа педагогикалық технологиялар және қазақ ұлттық педагогикасы негізінде студентердің музыкалы эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңыздылығы және нәтижелігі арта түседі, егер:
* қазақ ұлттық педагогикасы арқылы студенттердің музыкалық білімін дамыту ерекшеленсе;
* музыка пәні оқытушысы ғылыми теориясы мен педагогикалық идеяларын қазақ ұлттық негізде ұштастыратын болса;
* қазақ ұлттық педагогикасын дамытуға талдаулар жасалынса.
Жалпы "эстетика" термині ежелгі гректің "aijsgavnomas" - сезу, "aijsghtikov" - "сезіммен қабылданатын" деген сөздерінен шығады. Энциклопедиялық сөздіктерде "эстетика" термині жан-жақты қарастырылып, оның адамның сезімдік қабылдауының көрінісі ретіндегі мәні терең ашылған. Философиялық сөздікте: "эстетика (гр. Aisthetikos-сезіну, сезімдік) - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым" - деп қарастырады.
Сонымен, ғалымдардың ой-пікірлерін былай түйіндесе болады: жас ерекшелік кезеңнің даму ерекшеліктеріне сәйкес, эстетикалық тәрбие беруді аса қажет ететін кезең болып саналады. Бұл қажеттілік жастардың өмірінде біріншіден, адамгершілік, азаматтық, көркем шығармашылық - рухани сезімдерінің белсенді дамуымен; екіншіден, өзіндік санасының дамуына байланысты эстетикалық талғамының тұрақтылығымен; үшіншіден, сана-сезімі мен өзіндік санасының даму деңгейіне байланысты эстетикалық талғамы, көзқарасы, бағдары және қажеттілігі біртұтас жүйе болып қалыптасады деп айтуға болады. Осыдан, жастардың өмір салтының мәні мен басты құндылығы - әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады.
1.2 Эстетикалық сана мен эстетикалық мәдениетті зерттеудің тұғырнамалық-әдіснамалық негіздері
Эстетикалық сана - әлеуметтік-мәдени қауымдастықты білді- ретін адамзаттың эстетикалық тәжірибесінің рухани құрам- дасын сипаттайтын эстетиканың басты категорияларының бірі. Ол эстетикалық әрекет барысында қалыптасады және шынайы болмыстың эмоционалдық тұрғыда толтырылған тұтастығын айқындайды.
Эстетикалық сана қоршаған болмысты, адамдардың алуан түрлі әрекеті мен эмоционалды бағаланған бейнелер ретіндегі оның нәтижелерін бейнелейді. Қоршаған ортаның бұл бейнелері асқақтық, әсемдік, қайғы-қасіреті немесе әзіл-әжуа сезімдерімен байланыстағы ерекше күрделі көңіл толқыныстарымен беріледі. Бірақ эстетикалық сананың ерекшелігі өз бойына эмоциялық әсерлердің күрделілігі мен айқындығын енгізіп қана қоймай, маңызды байланыстар мен қатынастарға терең кірігуімен де сипатталады. Эстетикалық сананың объективті негізін әлеуметтік болмыс пен қоғамдық-тарихи практика құрайды.
Эстетикалық сана қоғамдық сана формалары жүйесінде ерекше орын алады. Рухани мәдениеттің өзгеше бір бұтағы бола отырып, ол сонымен бір мезгілде синтездеуші қызметтер де атқарады. Өйткені эстетикалық сананың құрылымына эстетикалық көзқарастар, идеалдар бағалаулар, талғамдар, эстетикалық сезімдер, мұқтаждықтар, эстетикалық теория сынды элементтер кіреді. Эстетикалық сана - бұл адамның және тұтастай алғанда қоғамның рухани өмірінің әр алуан көрінісінің ішкі өзара байланысы мен үйлесімді бірлігін қамтамасыз ететін рухани іргетасы. Мәдени өркениеттегі әмбебаптылық пен ерекшеліктің арасын философиялық тұрғыдан талдаудың объектісіне халқымыздың рухани тұғырларын жатқызамыз.
Ұлттық этностар қандай да бір әлеуметтік кеңістікте өмір сүрсе де, санасы мен бейсаналық астарларында этномәдени архетиптері жататыны белгілі. Жалпыадамзаттық құндылықтар категориясы болып табылатын адамгершілік ұғымдары ізгіліктілік, жақсылық пен жамандықтың, ар, ұят, тектілік, парасаттылық, имандылықтың рухани қатынастарда парқы сақталуы керектігін баса көрсетеді. Жаһандану үрдісі қазіргі замандық ғылым мен техника, технологиялар дамуымен байланысты болғандықтан да адамның әлемді игеру мен тұтыну қатынасын алдыға шығарды. Ал адамның рухани өмірі- нің мәселелері - өнер, дін, адамгершілік кейінгі орынға ысырылды.
Мәдениеттің аса маңызды компоненттерінің бірі эстетикалық мәдениет болып саналады, өйткені ол шынайы адамгершілікті қалыптастыруға әсер ететін адам эмоциясының аясын қарастырады. Философиялық-эстетикалық және мәдениеттанулық еңбектерге талдау жасау эстетикалық мәдениеттің жан-жақты қарастырылғанын, бірқатар анықтамалар берілгенін, әрбір анықтаманың зерттеліп отырған пәнге негізделетінін, эстетикалық мәдениеттің мәндік сипатының дәлелді ашылғанын, көптеген құнды ой-пікірлер, бағыт-бағдарлар берілгенін айғақтайды. Эстетикалық мәдениетті дамытудың әрбір кезеңіне тән ерекшеліктерге берілген сипаттама мен эстетикалық мәдениет компоненттерінің атқаратын қызметінің өзара байланысына берген түсініктемені, эстетикалық құндылықтарды ұғынуда элеуметтік-психологиялық және идеологиялық факторларды негізге алу эстетикалық мәдениетке қатысты мәселелерді шешуде септігін тигізетіні сөзсіз.
Эстетикалық мәдениет өз алдына жекеше, тұлғаның нәтижелі қалыптасуында сапалық көрсеткіш бола алмайды, ол тек адамгершілік мәдениетпен өзара тығыз байланысты жағдайда ғана тұлғаның эстетикалық мәдениетінің шынайы қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Эстетикалық мәдениет тұлғаның ішкі әлемін байытады, ақиқат өмір шындығын біртұтас қабылдауға бағыттайды, адамда, адамдардың қарым-қатынасында, қоғамда аса жетілген жасампаздықты қалыптастыруға ықпал етеді. Эстетикалық мәдениеттің компоненттері функционалдық байланыста болады. Білім - тұлғаның ой-өрісін, сенімін, эстетикалық бағалауын, көзқарасын және талғамдарын, жалпы алғанда идеялық позицияның бағытын, эстетикалық сезім - өмір сүру әрекетінің эмоционалдық толықтығын анықтайды. Эстетикалық нормалар - практиканы реттеуші құрал қызметін атқарады. Эстетикалық қатынас - іс-әрекетте эстетикалық мәдениетті жүзеге асыруда заттық бағыттылықтың, әлеуметтік нақтылықтың болуына себепші болады. Эстетикалық мәдениет белгілі бір қызметтерді де атқарады:
-ақпараттық-танымдық - тұлғаның білімдерін жүзеге асырумен байланысты;
-құндылықтық-бағыттылық - эстетикалық сенімдерді; іс-әрекеттілік-жігерлілік - эстетикалық мәдениеттің әлеуметтік-шығармашылық бағытын анықтайтын эстетикалық қабілеттіліктерді жүзеге асырумен;
-коммуникативтік-реттеушілік - тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін эмоционалдық және нормативтік тұрғыда реттеуші үлгі ретінде.
Эстетикалық мәдениеттің бұл әрекеті өз алдына оның құрылымындағы барлық үш жүйенің жиынтығында тұлғаны біртұтас қалыптастыру процесінің жолын анықтайды. Эстетикалық мәдениет эстетикалық әрекеттің мазмұнына, формасына, көлеміне, нәтижесіне себепкер болады. Ал, эстетикалық қатынас бұл әрекеттің негізгі бағытын анықтайды. Демек, эстетикалық қатынас адамның іс-әрекеті құрылымына сәйкес еңбекке, әлеуметтік шығармашылыққа, табиғатқа, ғылым- ға, өнерге, қарым-қатынасқа, ойынға және спортқа қатысын қарастыруы заңдылық болып табылады.
Адамның эстетикалық ой-өрісті, көзқарастар жүйесі мен талғамның дамуын меңгеруі, нәзік сезіне білуі, мінез-құлықтың эстетикалық нормаларын игеруі - осылардың бәрі эстетикалық мәдениет қалыптасуының көрсеткіші. Жетілген тұлғаның эстетикалық мәдениеті қоршаған ортамен қарым- қатынаста, әлемді сезінуде, демалысында, қызығушылығында, өзінің кәсіби әрекетінде эстетикалық қажеттіліктің кеңдігін және тереңдігін, эстетикалық пікір мен бағалау ерекшеліктерін, жинақталған эстетикалық әсерін сұлулық заңдылығы бойынша шығармашылықпен қайта құруға даярлығын білдіретін эстетикалық және көркемдік құндылықтарға араласуымен сипатталады.
Тұлғаның эстетикалық мәдениеті іс-әрекеттің барлық түрлерінде және формаларында көрініс алады. Онда адамның жалпы рухани мәдениетінің деңгейі, жеке-даралық эстетикалық көзқарасы, қарым-қатынасы, эстетикалық санасы, мінез-құлқы, ой-өрісі және мәнерлі сөзі, өмірі мен еңбегін ұйымдастыруы, тұлғалық өзара қарым-қатынасы көрініс табады. Тұлғаның эстетикалық мәдениеті көрінісінің көпшілікке танымал формасы болып диалектикалық өзара байланыстағы сана-сезім, көзқарас-қатынас және іс-әрекет саналады. Тұлғаның эсте- тикалық мәдениеті формаларын (сана-сезім, көзқарас-қатынас, іс- әрекет) бірлікте дамыту адамды жалпыадамзат құндылықтарын меңгерудегі өзара байланыстағы процеске бағыттауда және өзді- гімен дербес дамытуда адамның жеке басының мәдени әлемін, іс- әрекетін үйлесімдендіруде жағдайлар жасайды. Адам бойында сұлулықты, әсемдік пен әдемілікті сезіну жос- парлы түрде емес, кездейсоқ болады: оған үйрену немесе үйрету мүмкін емес. Ол қандай да бір нысанды шынайы қабылдаған сәтпен бір мезгілде, яғни біз одан ғаламдық болмыстың бүкіл тұтас- тығын сезіне бастаған сәтте пайда болады. Бұл сезіммен бір мезетте кез келген осындай нысаннан байқалатын әлемнің бірлігімен байланыстағы тұтастық, кемелдік сезімі де бой көрсетеді. Адам сол нысанның әсемдігі мен бірегейлігін сезінгенге дейін ол сол ны- санды таныдым деп кесіп айта алмайды; ол тек танымға жақын болуы ғана мүмкін. Адам өзінің нысанды тану жолында сол нысан оған сұлу болып көрінгенде, ол өзінің қабылдауының барлық басқа адамдардың қабылдауынан басқа екендігін интуитивті түрде сезіне отырып, әсемдікті осылайша өзінің сезінуін білдіруге деген құштарлықты аңғарады. Осылайша адам осы шығармашыл құштарлыққа бағына отырып, жасампаздыққа барады: өлеңдер мен әуендер шығарады, сурет салады және т. б.
Нәзік әлеммен байланыстағы эстетикалық шығармашылықтың өнімі эстетикалық танымда маңызды рөл ойнайды. Мұны философиялық танымда философиялық жүйенің немесе ғылыми танымда үлгінің қандай рөл ойнайтынымен салыстыруға болады. Ол осы көзқарас тұрғысынан алғандағы әлемнің бейнесі болып табылады. Сондықтан өнер туындысының дарынсыздығы туралы емес, сол адам үшін оның жеткіліксіз ақпаратта болуы дұрыс. Әрине, субъект үшін өнер туындысының ақпараттылығы оның ақпарат алу қабілетіне де байланысты екендігін ескеру қажет; кез келген нысан бүкіл әлем туралы ақ- паратқа ие бола алады.
Ғылымға қарағанда өнер әлемде тікелей қабылдауға адамды анағұрлым тез бейімдей алады. Эстетикалық таным мен көркемдік сананың өзегін көркемдік идеал (мұрат) құрайды. Болмысты идеалдандыру, шынайылықты ойша жетілдіру адам баласына ерте кезден тән: көркемдік идеал санада адамның рухани-практикалық әрекетінің барысында, оның білімі мен қабілетінің өсуі барысында қалыптасты. Ол өз түсінігінде идеалды жоспарды бейнелей алды. Идеалды нәрсе, санадағы нәрсе мейлінше кемелдікке жақын. Оның кемелдік дәрежесі адам санасының деңгейімен байланысты бо- лып келеді. Көркем бейне - өзінің ниетін (зат жасау, әдеби шығарма жазу, саз шығару және т. б.) өмірге енгізу сәтінде жасампаз-адамның ойына келетін қандай да бір материалды нәрсенің идеалы. Алайда көркем бейненің бір ерекшелігі бар: оған қол жеткізу қиын. Бұған адамның өзі кінәлі: қол жеткендей болып көрінген жетістікті бірден идеал кейінге ығыстырады және бұл адамның басындағы бәле емес, бақыты; идеал оның ниетін қамшылайды, оның әрекетін дамытады, оның ойлауы мен қызметін үнемі көркем бейнелі етіп отырады. Көркемдік сана саласы - бұл реалды әлемнен жоғары тұрған адамның үнемі соған жақындауға ұмтылатын асқақ, екінші идеал- ды әлемі. Ән мен күй, би, романдар мен повестер, халық ертегілері - осының бәрі адамның уақытша тұрақтайтын жартылай қияли, жартылай шынайы әлемі. Алайда эстетикалық таным немесе көркемдік сананың құндылығы сонда, адам осы көркем идеалға уақытша ғана жақындаса да шаттыққа бөленеді: адам әсем затқа қуанады, әуезді әнді құлақ түріп тыңдайды, жақсы кітаптан, қызық кинодан ләззат алады, жазушының ойдан шығарған қаһармандарының өміріне араласып кетеді және т. б. Эстетикалық көзқарас пен одан туындайтын өнер де адам баласының әлеуметтелгендігінің ең жоғарғы көрсеткіші ретінде қарастырылады. Қоғамсыз ешқандай әдемілік те, сұрқиялық та, жоғары мен төмендікте т.с.с бар болуы мүмкін емес.
Адам әдемілікке деген қажеттілікті сезінеді. Алайда бұл әдемілікті әлдеқайда кеңірек мағынада түсіну қажет. Өйткені әдемілікке деген қажеттілікті эстетикалық қажеттілік деп түсініп, оны сұлулық пен ажарсыздықтың, қасіреттің трагикомиялықпен, бірізділік пен рационалдықтың бейберекетшілдік пен иррационалдық, көркемдіктің түсініктікпен, ойыншылдың байсалдылықпен, канондықтың жаңашылдықпен, жоғарылықтың төмендікпен, ресмидің мазмұндылықпен беттесуінен туындайтын түсінік ретінде қабылдау қажет.
Ұлттық шынайылықтың құндылықтық өлшемдері индивидтің әлемге деген құндылықтық қатынасы негізінде қалыптасады. Әр түрлі қоғамның несібе ретінде нені қабылдауына байланысты олардың этносы және мәдениеттері де әр түрлі болады. Өз бойында ландшафтық ерекшеліктерін, психоменталдық кешенді, халықтық тарихты, мәдениетті сіңіре отырып, ұлттық ақиқаттың құндылықтық өлшемдері әр түрлі басқа да ұлттық, қоғамдық, мәдени, діни, мемлекеттік, ұжымдық сияқты өкілдермен қарым- қатынасқа түсе отырып, көп деңгейлі дәрежеге көтеріледі.

2.1 Музыкалық білім беру арқылы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
Музыкалық педагогикада (Б.В.Астафьев, В.Н.Шукая, Н.А.Гроздянская, О.А.Апракана, Н.А.Ветлугина, В.А.Дышлевская) халық музыкасына қызығушылықтың өзінен-өзі туа салмайтыны көрсетіледі. Қазақ халық музыкасының педагогикалық оқыту процесін үш салаға бөлген орынды секілді.
1. Музыкалық-теориялық білімді игеру.
2. Вокалдық-аспаптық орындаушылық ойлаумен, эмоция мен қабылдаумен т.б. байланысты психикалық-физиологиялық процесс екенін еске ала отырып ансамбльде ойнау дағыдылары т.б. қасиеттерді қалыптастыру.
Жоғары оқу орындарының қоғамдық кәсіптер факультетінің әрбір тыңдаушысының жауапкершілігін, эстетикалық, адамгершілік мұраттарды тәрбиелеу.
Қазақ халқының музыка өнері - толғау, терме, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz