Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Жүйке жүйесінің қызметтері
1.1 Жүйке жүйесінің маңызы мен жүйке талшықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .11
1.2 Жоғары жүйке әрекеті, жүйке жүйесінің гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .14
2.Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін заттар
2.1 Эфферентті жүйке жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Эфферентті жүйке жүйесін әсер ететін заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән - жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым - қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары - психология ғылымының табиғи - ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі - мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі - ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі - көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.
Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің, жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады.
Эфференттік жүйке (лат. efferens -- жеткізетін) -- ми және басқа бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізетін жүйке талшықтары. Миға сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол жерлерге мидың реакциясын іске асыратын бөлім -- шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі. Бұл жүйенің түрлі қызмет атқаратын екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар. Оның бірі -- афференттік, ал екіншісі -- афференттік жүйке талшықтары. Нейропсихологияда жүйке импульсін орталық жүйке жүйесінен шетке (бұлшық етке, безге) өткізуді білдіру үшін қолданылатын термин. Эфференттік нейрондар мен жүйке жолдары ақпаратты эффекторларға тасымалдайды және моторлық нейрондар немесе өткізгіш жолдар деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты: эфференттң жүйке жүйесін әлсірететін заттар туралы мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: жүйке жүйесі ұғымы, эфферентті жүйке жүйесінің қызметі және орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Әдебиетке шолу
Чазов В.И., Беленкова Ю.Н. (2005) деректерінде психологиялық фактордан болатын жүйке ауруларында мынадай белгілер байқалады: Көңіл-күйі нашарлап, ойы тоқырайды. Сөзі мен әрекеті азаяды. Асқа тәбеті болмай, ұйқысы бұзылады. Жүрегі қысып, тез шаршайды. Ауыр болған жағдайда науқастың ойы тұйықталады, сезімі салғырттап, түн бойы сілейіп отырады, тіл қатпайды, нәр татпайды. Сыртқы ортаның әрқандай әсері оған ықпал жасамайды. Кейбір жүйке дертіне шалдығушылар ауыр ойға не қиялға беріліп, үрейленіп, қалыпты физологиялық іс-әрекетіне нұқсан жеткізеді.
Луис Дж. Линг, Ричард Ф. Кларк, Тимоти Б. Эриксон. (2006) жүйке жүйесі аурулары кез келген адамдардың барлығында болуы мүмкін. Жүйке жүйесі ауруы, әсіресе, әйелдерде жиі байқалады. Бұл созылмалы дене аурулары түрінде білініп, ас қорту жүйесі, зәр шығару жүйесі, немесе нерв жүйелерінде функциялық бұзылу белгілері көріледі. Бұл белгілер күрделі әрі құбылмалы болады. Жүйке ауруларының көмескі түріне шалдығушылардың қатарына мінез-құлқы ақ жарқын, есесін елге жібермейтін, іштен тынғыш, намысшыл адамдар жиі шалдығады. Олар қашанда ішкі күйзелісін басқалар алдында ашпайды, жабыққан көңіл-күйін үнемі жасырады. Мұндай науқастар ауырып жүрсе де жұмысы мен қалыпты тұрмысын жалғастыра береді. Бірақ бұл қаншалықты ұзаққа созылса, соншалықты зиян әкеледі.
Бадюгин И.С. ( 2006) магни - жүйкені тыныштандыру рөлін атқаратын бір түрлі микро элемент. Оның активтенуінің артуы көңіл-күйді орнықтырады. Ағзадағы магнидің сыртқы қысымнан және түрлі дерттер мен дәрі-дәрмектерден, спирттен, кофейн құрамы мол минералды сусындарды ішудің салдарынан азаюы көңіл-күйдің бұзылуына алып келеді. Кей жағдайда жүйке жүйенің сыр беруі ағзада темірдің, мырыштың, дәрумен В тобының, дәрумен С-ның жетісеуіне байланысты болады. Осы микро элементтердің денедегі қажетті мөлшерінде ауытқу болған кезде үлкен мидың қызметіне ықпал жасап, сол арқылы адамдардың жүріс-тұрысына, көңіл-күйіне, рухына ықпал етеді.
Лошадкин НА., Курляндский Б А. (2006) адренергиялық синапстар ОЖЖ, сонымен қатар постганглионарлық симпатикалық талшықтармен иннервацияланатын шеткі тіндерде орналасады. Бұл синапстарда қозудың берілуі норадреналин медиаторының көмегімен жүзеге асады. Адренергиялық синапсқа ынталандырғыш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреномиметиктер (адренорецепторларды тікелей ынталандыратын заттар) және 2) симпатомиметиктер (симпатикалық нерв ұштарынан норадреналиннің бөлінуін ынталандыратын заттар). Адреномиметиктердің практикалық маңызды әсерлеріне қан тамырларын тарылту (α- және α,- β-адреномиметиктер), атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту (β1, β2), миокардтың жиырылғыштығын жоғарылату (β1-адреномиметиктер), жүрек тоқтап қалғанда қызметін қалпына келтіру (α,β-адреномиметиктер), бронхоспазмды тоқтату немесе жою (β1 , β 2 -, β1, β2 және α1, α2 - адреномиметиктер), сонымен қатар, жүктілік кезінде және туу барысында жатырдың жиырылғыштық белсенділігін төмендету (β2-адреномиметиктер) жатады. Симпатомиметиктер қан тамырларының тонусын жоғарлату, атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту, бронхоспазмды тоқтату және алдын алу үшін қолданылады. Адренергиялық синапсқа тежегіш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреноблокаторлар (адренорецепторларды тежейді) және 2) симпатолитиктер (симпатикалық жүйке ұшынан норадреналиннің бөлінуін тежейді). Адреноблокаторлардың негізгі әсерлеріне артериалдық қысымды төмендету (α1,β- және α1,β1-адреноблокаторлар), жүректің жұмысын және стенокардияда миокардтың өттегіне қажеттілігін төмендету (β1,β2- және β1-адреноблокаторлар), тахиаритмия және экстрасистолияда жүректің жиырылу ритімін қалпына келтіру (β1,β2- және β1-адреноблокаторлар), көз ішілік қысымды төмендету (β1,β2-адреноблокаторлар) жатады. Симпатолитиктер гипертониялық ауруды жүйелік емдеу үшін қолданылады.
Лужникова Е.А., Бадюгин И.С., Каратай Ш.С. (2006) ОЖЖ әсер ететін заттар 2 бөлінеді: тежегіш және ынталандырғыш әсер көрсететін заттар. Өз кезегінде әрбір топ препараттары жалпы және таңдамалы әсер ететін заттар болып 2 бөлінеді. Психотропты заттарға адамның психикалық қызметіне әсер ететін және психикалық қызметтің бұзылыстарында қолданылатын заттар жатады. Олар келесі топтарға бөлінеді: Нейролептиктер (антипсихотикалық заттар) Транквилизаторлар (анксиолитикалық заттар) Тыныштандырғыш заттар Антидепрессанттар Литий тұздары (нормомиметикалық заттар) Психостимуляторлар Ноотропты заттар Нейролептиктер - психозға қарсы әсер көрсететін, яғни психоздың негізгі симптомдарын жоятын дәрілік заттар. Химииялық құрылысы бойынша нейролептиктер келесі топтарға бөлінеді: Фенотиазин туындысы - хлорпромазин (аминазин), трифлуоперазин (трифтазин), этаперазин. Тиоксантен туындысы - Хлорпротиксен Бутирофенон туындысы - Галоперидол, Дроперидол Бензамидтер - Сульпирид. Дибензодиазепин туындысы - Клозапин Рисперидон Қорқыныш, үрей сезімін және басқа да теріс эмоцияларды басатын дәрілік заттарды транквилизаторлар деп атайды. Нейролептиктерден ерекшелігі транквилизаторларға антипсихотикалық қасиет тән емес, вегетативтік жүйке жүйесіне әсер етпейді, экстрапирамидалық бұзылыстар шақырмайды. Транквилизаторлар негізінен невротикалық және неврозтектес жағдайларда қолданылады. Транквилизаторларға келесі топтардың препараттары жатады: Бензодиазепиндік рецепторлардың агонисттері (фаназепам, диазепам, хлордиазепоксид, мезапам) Серотониндік рецепторлардың агонисттері (буспирон) Әртүрлі заттар (мебикар) Бензодиазепиндердің фармакологиялық әсерлері: анксиолитикалық, тыныштандырғыш, ұйықтатқыш, қаңқа бұлшық етін босаңсытатын, тырысуға қарсы
Е.А. Лужникова (2007) ынталандыратын заттар әртүрлі химиялық құрылысты болып келеді, синтетикалық және өсімдік тектес болуы мүмкін. Негізінен топ препараттары ОЖЖ функционалдық белсенділігін жоғарылатады және оның тежелуін төмендетеді. Психикалық ауруларды емдеудің қазіргі кездегі жетістіктері практикаға көптеген депрессияға қарсы заттарды, психостимуляторларды, нейрометаболикалық әсері бар заттарды енгізуге байланысты. Психостимуляторлар ОЖЖ-нің жоғарғы бөлігінің тонусын күшейтеді, ұзақ және күрделі жұмыстан соң дамитын әлсіздіктің алдын алу және азайту, ұйқыға, тағамға, демалуға деген қажеттілікті уақытша тежеу үшін қолданылады. Антидепрессанттар - уақытша қайғыны, себепсіз депрессияны басу үшін қолданылатын, тимолептикалық әсер көрсететін заттар (көңіл күйді жақсартады). Ноотроптар - мидың жоғарғы интегративтік қызметін белсендіретін, ұзақ уақыт қолданғанда оқу, зейін қою, есте сақтауды жақсартатын, мидың зат алмасу (энергитикалық) үрдісін жақсартатын, реологиялық әсер көрсете отырып мидық қан айналымын жақсартатын, дегенеративтік үрдістердің, мидың жарақаттарының, уланудың нәтижесінде ми қызметінің бұзылыстарында, сонымен қатар, балалар практикасында ми қызметінің жетіспеушілігінде, маскүнемдік бұзылыстарда, Альцгеймер ауруында және т.б. қолданылады. Ноотропты заттардың нгізгі қасиеттерінің біріне гипоксияға қарсы және тырысуға қарсы әсерлер жатады. ОЖЖ ынталандыратын заттардың ішнде маңыздыларына аналептиктер, ОЖЖ қызметін қалыпты жағдайға келтіретін заттар жатды. Аналептиктер - тыныс алу және тамыр тарылтқыш орталықты ынталандыратын заттар. Ағзаның өмірге қажетті қызметтерін - тыныс алу және қан айналу қалыпқа келтіреді, жедел жәрдемге арналған препарат болып табылады. Олар орталық жүйке жүйесінің басқа да бөлімдерін ынталандыру мүмкін.
Брискин Б.С., Верткин А.Л., Алексанян Л.А. (2007) А1 және А2 - рецепторларының антагонисті ксантиндер, ал А3 және А4 - рецепторларында - жоқ. А1 - рецепторларының белсенуі аденилатциклазаның баяулауымен және калий түтікшелерінің белсенуімен, сондай-ақ, бірқатар жағдайларда С фосфолипазасының белсенуімен өтеді. Ал А2 - рецепторлары аденилатциклаза белсенуіне жанама әсер етеді.Эндогенді пуриннің физиологиялық қызметі адрено- және холинорецепторларға сезімталдықты өзгерту арқылы әртүрлі тіндердегі жасушалардың белсенділігін реттейді. Пуринергиялық заттар - адренергиялық, дофаминергиялық, холинергиялық және инсулинді рецепторлардың модуляторы болып келеді. Пуриндер сүтқоректілердің ағзасында көп қызметті қосылыстарға жатады; олар макроэрго ретінде орындайды, нуклеин қышқылының, әр түрлі коферменттердің құрамына кіреді және жүйке импульстарының берілуіне қатысады. Пуринді рецепторлар тромбоциттердің агрегациясы, иммунокомпонентті жасушалардың толық дамуы мен өсуі сияқты үрдістердің дамуын күшейтеді. Пуриндер өзіндік нейромедиаторлық жүйе қызметін түрлендіруге ықпал етеді (адренергиялық және холинергиялық), сонымен қатар парасимпатикалық және симпатикалық жүйе белсенділіктерінің арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Пуринергиялық рецепторлармен әрекеттесу жолымен, өзінің фармакологиялық ықпалдарын жүзеге асыратын дәрілік заттарды келесі топтарға бөледі:
1. Р1 пуринергиялық рецепторларды тікелей ынталандыратын дәрілік заттар, талдамсыз Р1 аденозиномиметиктер: аденозин, инозин.
2. Р2 пуринергиялық рецепторларды тікелей ынталандыратын дәрілік заттар, Р2 аденозинмиметиктер: аденозинтрифосфат (АТФ).
Лужников Е.А., Суходолова Г.Н. (2008) этил спирті, этанол, С2Н5ОН - біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t - 144,15°С, қайнау t 78,39°С. Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органик. еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Этилды өнеркәсіпте алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды; зимаза ферментінің әсерімен а. ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді. Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органик. өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде; мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады. Өндірілетін Этилдың көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін жұмсалады.
Афанасьев Ю.И., Кузнецова С.Л., Юрина Н.А.(1999) этил спирті ауадан ылғалды өзіне жақсы сіңіреді, жақсы еріткіш, сумен, эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т.б. Көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады. Этил спирті екі түрлі тәсілмен алады: ферментативтік немесе биохимиялық; химиялық немесе синтетикалық. Бірінші тәсілде ашытқы ферменттерінің әсерінен қанттың ашуынан алынады, екінші тәсілде этиленге катализатор көмегімен суды қосу арқылы алынады
Аяпова Ж.О. (2007) негізінен күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі. Наркозды организмге жіберудің: ингаляциялық (дәріні тыныс жолдарына жіберу), ингаляциялық емес (дәріні қан тамырына, бұлшық етке, тері астына егу) және күрделі (аралас) түрлері бар. Наркоз берер алдында науқастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды. Наркоз арнайы наркоз аппараттарымен беріледі.
Быков В.Л. (2000) анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат (электрэнцефалограф) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.
Бонитенко Ю.Ю.,Нечипоренко С.П. ( 2010) жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттарды шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:
1) Жалпы медиаторлық әсердегі заттар (дофаминдік, серотониндік және пуринергиялық рецепторлар);
2) Наркозға арналған заттар мен этил спирті (жалпы әсер);
3) ГАМҚ-рецепторларына әсер ететін заттар (ұйықтататын, тырысуға қарсы және паркинсонға қарсы заттар);
4) Анальгетикалық заттар (опиоидтық рецепторлар).
1. Жүйке жүйесінің қызметтері
1.1 Жүйке жүйесінің маңызы мен жүйке талшықтары
Жүйке жүйесінің маңызы:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Нейронның құрылысы. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - жүйке жасушасы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін - дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін - аксон(нейрит) деп атайды. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар - глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды(грекше "synapsis" - байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол - клектааралық сұйыққа толы кеңістік.
Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады.
Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз.
Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты. Жүйке талшықтарын диаментріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С.
А тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 120 м.
Втобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 5 м.
С тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы секундына 2 м.
Балалрдың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады.
Жүйке жүйесі эволюциясының принциптеріне жатады:
1. Жүйке жүйесінің өзгеруі оның ежелгі құрамының тұтасынан қайта құралуының есебінен көрі, жаңа элементтердің бұрыннан бар құрылымдардың үстінен түзілуі және жаңадан пайда болған бөлігіне ежелден бар бөліктің бағынышты болып қалыптасуы арқылы жүреді.
2. Екінші жол жүйке жасушаларының, оның ішінде рефлекторлық доғалардың ендірме жасушалардың санының және олардың байланыстарының артуы арқылы жүзеге асыру. Бұл принципті интенсивті деп атайды, ол омыртқалылардың жүйке жүйесінің дамуында орын алған, ең оңтайлы болып табылады.
3. Үшінші - экстенсивті принцип жасушалардың жалпы саны өзгермей, олардың көлемі мен өсінділерінің тармақталуының өсуіне негізделген. Жүйке жүйесі дамуының төменгі сатыларында кездеседі, оңтайлылығы төмен болады.
1.2 Жоғары жүйке әрекеті, жүйке жүйесінің гигиенасы
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал, психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатына орыстың ғалымы физиолог И.М.Сеченов Ми рефлекстері (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми түрде түсінік берген. И.М.Сеченовтың бұл ілімін экспериментальды түрде дәлелдеген және дамытқан орыс ғалымы И.П.Павлов. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстер тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген.
Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атйды. Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу туады.
2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3. Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік жүйке талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне апарады. Мұндағы жүйке орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөледі: тура және кері байланыс жолы деп. Рефлекторлық доғадағы сезім мүшесінде пайда болған қозу орталыққа барып, одан жауап келген жол тура байланыс жолы деп аталады. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторында пайда болған қозудың қайтадан орталыққа барған жолын кері байланыс жолы деп атайды.
И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді.
Шартты рефлекстің пайда болуына қажетті жағдайлар:
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштер қажет;
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштердің әсерінен сәл бұрын басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт әсер ету керек;
- тітіркендіргіштер тұрақты ретпен әсер ету керек;
- аталған жағдайлар ұзақ уақыт қайталану қажет;
-шартты тітіркендіргіштердің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;
- ми қыртысының қызметі дұрыс болу керек.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың жақсы көретін тамағын немесе ойыншығын қолданады. Мысалы баланы жүргізіп үйреткенде кәмпит немесе ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келгенде бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға ұмтылады.
Сөз әсеріне шартты рефлекс тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен 3 жағдайды сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
1. Үйретіп отырған сөздің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz