Дисбактериоз. Дисбиотикалық жағдайдың лабораторлық диагностикас және коррекциялау әдістері.


Ф КГМУ 4/3-04/02
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДӘРІС
Тақырыбы : «Дисбактериоз. Дисбиотикалық жағдайдың лабораторлық диагностикас
және коррекциялау әдістері. »
5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Микробиология пәні
II курс
Ұзақтығы 1 сағ.
Қарағанды 2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
31. 08. 2012 ж. № 1 Хаттама
Кафедра меңгерушісі, доцент Ахметова С. Б.
Тақырыбы : «Дисбактериоз. Дисбиотикалық жағдайдың лабораторлық диагностикас
және коррекциялау әдістері. »
Мақсаты : Медициналық микробиологияның маңызды зерттеу объектісі адам ағзасының тері жамылғысында, әртүрлі мүшелердің шырышты қабаттарында ( ауыз қуысында, аңқада, мұрын-жұтқыншақта, жоғарғы тыныс алу жолдарында, ішектерде) тіршілік ететін қалыпты микрофлора болып табылады
Дәрістің жоспары:
- Дисбактериоз, анықтамасы
- Дисбактериоздың дәрежесі
- Ішектік дисбактериоздың диагностикалық әдістері.
- Ішектік дисбактериозды микробиологиялық зерттеу.
- Ішектік дисбактериоздың дәрежесін анықтап және нәтижені бағалау.
Дисбактериоз
Тері:
Staphylococcus epidermidis
Staphylococcus saprophyticys
Corynebacterium saprophyticus
Streptococcus saprophyticus
Bacillus spp. Canolida spp. Pseudomonus aerxuginosa.
2 4 3
10 --10 --1см
Асқазан-ішек трактісі:
Ауыз қуысы:
Streptococcus solivarius, S. mitis, S. mitans, S. Sangius
Lactobacillus spp, Bifidobacterium spp, Leptotrichia buccalis, Veilanella spp, Bacteroides spp, Candida spp, Treponema skoliodontum, T. Denticola, Neissena spp, mycoplasma spp, Staphylococcus spp.
Асқазан -көбісі қышқыл рн--та өледі кездеседі:
Sarcina ventriculi, Lactobacillus spp, Candida spp. A.
Аш ішек--ішектің жоғарғы бөлім-дерінде ферменттік активтіліктен кед-ей микрофлора. Микроорганизмдер саны бөлімге қарай көбееді.
Тоқ ішек- әртүрлі микрофлораға қолайлы жағдай нәжіспен бөлінеді.
Анаэробтар
Bacteroides spp, Bifidobacterium spp, Lactobacillus spp, Clostridium spp, Veilonella spp.
Аэробтар
E. coli және т. б энтернобактериялар Streptococcus faecalis, Bacilluss spp.
8
1мл сілекейде 10
3
1мл құрамында 10 көп емес
5
1мл құрамында 10 жұп
10
1гр нәжісте 10
Көз конюктивасы-өте жиі микроорганизмдер кездеспейді, кейде:
Staphylococcus epidermidis
Corynebacterium spp.
Құлақ (сыртқы дыбыс жолы) - факультативті кездесуі:
Staphylococcus epidermidis
Corynebacterium spp
Candida spp.
Тыныс алу жүйесі (жоғарғы тыныс алу жолдары) .
Stapilococcus saprophyticus
Streptococcus spp
Klebsiella spp
Neisseria catarralis
Candida spp және т. б
Ұсақ бронхтарда, альвеолаларда және өкпе паренхимасында микробтар болмайды.
Жыныс-зәр жүйесі
Аналық жыныс мүшелері(қынап және жатыр мойны)
Lactobacillus spp
Corynebacterium spp
Perxococcus spp
Жатыр
Аталық жыныс мүшелері
Mycobacterium smeymatis
Corinebacterium spp
Staphylococcus epidermidis және т. б.
Уретраның дистальді үштен бірі
(аталық және аналық)
Peptostreptococcus spp,
Pepticoccus spp, Corinebacterium spp, Mycoplasma hominis, Staphylococcus epidermis.
1мл қынап секретінде микроб
10
саны 10 . Анаэробтардың аэробтардан қатынасы 10:1
стерильді
Бүйректегі, несепшығардағы, қуықтағы зәр.
Нағыз зәр шығарғанда зәрге микробтар уретраның сыртқы бөлімінен түседі.
Стерильді
3
Микробтар саны 10 КТБ/мл көп болмау керек.
Дисбактериоз -қалыпты микрофлораның құрамына кіретін микробтың популяциялардың арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің сапалық және сандық өзгерісі.
Бұл кезде индигенді микрофлора өкілдері (мысалы, бифидумбактериялар, лактобактериялар және т. б) антагонистік микробтардың кейбір түрлерінің саны азайып кетеді немесе типті жоқ болады; факультативті микрофлораға жататын, әрі биотоп шегінен тарала алатын шартты патогенді микроорганизмдер саны артады. Көбінесе бұл процесстер ішекте дамиды.
Дисбактериоздың пайда болу себептері:
- ұзақ антибиотиктік: химиялық, гормонды терапия.
- сәулелену, сәулелік терапия, иммунды депрессанттарды қабылдау.
- асқазан- ішек жолдарының инфекциялы (жұқпалы) және инфекциялы емес табиғатты аурулар, басқа да инфекциялы аурулар, ісіктік аурулар, иммунды тапшылықтар.
- авитаминоздар, тамақтанудың өзгеруі қолайсыз экология.
- стресстер және экстремальді жағдайлар.
- ұзақ уақыт стационарларда, жабық кеңістікте болу.
Дисбактериоз дәрежелері
1-ші дәреже: Биоценоз құраушыларының өзгерінсіз. Индигенді флораның бір өкілінің санының сәл азаюы. Клиникалық түрде байқалмайды дисбактериоздың компенсацияланған түрі. Бұл дәрежеде диета ұсынылады.
2-ші дәреже : Индигенді микрофлораның жеке өкілдерінің санының азаюы немесе элиминациясы және транзиторлы шартты-патогенді флоралық артуы. Ішек дисфункциясы және жергілікті қабыну процесстері стоматит, ангина, энтерит және т. б тән субкомпенсаторлы дисбактериоз түрлері дамиды. Микрофлораны эубиотиктермен және диета қолданумен коррекцияланады (емделеді) .
3-ші дәрежесі: Микрофлора өзгерісі сол күйде күшееді, шартты-патогенді микроорганизмдердің жеке өкілдерінің биотоп шекарасынан (ішегінен) таралып, қалыпта кездеспейтін қуыстарды, мүшелерде және ұлпаларда пайда болады. Мысалы, E. coli - өт жолдарында ( өзектерінде ), Candida туысты саңырауқұлақтар- зәрде, стафилакокктар- қанда және т. б. Ауыр септикалық түрге дейін, яғни шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған инфекция түрінде өтетін патологиялық өзгерістер тудыратын дисбактериоздың декомпенсацияланған түрі дамиды. Ем эубиотиктермен, бактериофагтармен, антибиотиктік және химиялық терапиямен жүргізіледі.
Эубиотиктер - дисбактериоз кезіңдегі микрофлораны коррекциялауға немесе оның алдын алуға қолданылатын биопрепараттар. Эубиотиктер арнайы таңдалған дисбактериозбен науқасталған организмде тіршілік ету қабілеті бар, жоғалған шынайы микрофлораны толтыра алатын микрофлораның жоғары активті штаммдарынан дайындалады. Нәжісінде олар эубиоздың қалпына келуіне көмектеседі.
Бұл биопрепараттар құрамына көбінесе қалыпты микрофлора өкілдері тірі лиофилизирленген бактерия дақылдары кіреді және микробтық клеткалар саны белгілі ұнтақ немесе таблетка түрінде шығарылады. Емдеу 1-3 ай және одан көп ұзақ курстармен жүргізіледі.
Келесі препараттар кең түрінде таралған:
1. Құрғақ бифидумбактерин. Құрамында лиофизирленген бифидобактериялар бар.
2. Құрғақ бифиланг. Құрамында 2 штамм бифидобактерий бар: B. bifidum және B. londum 1:1 қатынасында.
Бифидумбактериялардың патогенді микроорганизмдерге қарсы жоғары антогонистік активтілікті көп мөлшерде қышқыл өнімдерді, лизоцимді, спирттерді, бактериоциндерді бөлу арқылы танытады. Олар микробтардың асқазан-ішек трактісінің жоғары бөлімдеріне және ағзаның ішкі ортасына өтпеуін қамтамассыз етеді. Бифидумбактериялар ішек қабырғасында сорылу процестерін күшейтеді (сүт және сірке қышқылдарын бөлу арқылы), аминоқышқылдар мен белоктарды сонымен қатар витаминдерді синтездейді, жергілікті иммунитет жүйесіне иммунды стимулдеу әсерін көрсетеді.
3. Лактобактерин. Құрамына лиофилизирленген Lactobcillus acidophillus бактерийлері дақылдары кіреді. Лактобактериялар антибактериальді активтілікке ие және шіру флорасының дамуын тежейді. Ол лактобактериялардың сүт қышқылын және спиртті түзуімен, лизоцим мен бактриоциндерді бөлумен байлынысты. Ішектің шырышты қабатымен тығыз қатынаста болуынмен байланысты лактобактериялар оны патогенды микроорганизмдердің енуінен қорғайды.
4. Колибактерин. E Coli М-17 штамы кіреді.
5. Бификол. Құрамына бифидумбактериялар және E Coli М-17 штамы кіреді.
E Coli антогонисттік қасиетке ие. Ол жергілікті иммунитетті қуаттандырады, сол себепті секреторлы иммуноглобулиндер синтезделуіне әсерлеседі. Эшерихиллар облигатты микрофлора өкілі бола тұра, қалыпты микрофлораның маңызды өкілдерінің жалпы санының 0, 01% азын құрайды. Ішекте гемолитикалық, энтеротоксигенді, плазмидалық гендермен детерминацияланатын және ECоli М-17 штамына беріле алатын антибиотиктік резистентілік қасиеттеріне ие энтеропатогенді эшерихиялар да кездеседі. Бұл қасиет аурудың асқынуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, құрамында E Coli бар препараттар ішек таяқшасы қалыптан күрт төмен дисбактериоздарда, әрі Enterobakteriaceae тұқымдастығаның шартты-патогенді және патогенді өкілдерінің санының өсуімен асқынбағанда қолданылады.
6. Бактесубтил. Флонивин. Құрамына аэробты Bacillus subtilis бациллалары кіреді. Бұл бактериялар адам ішегінің қалыпты микрофлорасының өкілдеріне жатпайды, сондықтан негізгі облигатты флора саны азайып, бұл бактериялардың артық көбеюі дисбактериоз ағымын ауырлатады. Бұл препараттарды нәрестелерге, кішкентай балаларға және иммунологиялық резистенттілігі төмен науқастарға қабылдауға болмайды. Бұл препараттарды қолдану әр нақты ауру жағдайында жеке қаралу керек.
7. Сүт қышқылды лактобактерин--стерильді сүтте ашу өнімі(B. Bifidum 79 немесе
10
B. londum 13379м) . 200мл препаратта 2*10 кем емес тірі бифидобактериялар бар ("Бифидумбактерияның" 5-10 флаконында сонша болады) . Бұл өнімнің құрамына ішекте тіршілік ету қабілеті бар, сол себепті патогенді жіне шартты-патогенді бактериялар өсуін тежейтін тірі активті бифидумбактериялар кіреді. Препарат иммунитетті күшейтеді, сондықтан оны балалар мен үлкендерге әр түрлі аурулар кезіңде тағайындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz