Дискі қозғағыштар


Дискі қозғағыштар

ҚАТТЫ ДИСК - (винчестер) деректер мен бағдарламаларды ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське орналасқан дискілер тобынан тұрады, магниттік қабатпен жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды. Сондықтан оның құрамы 2 п беттен тұрады. Мұндағы п - топқа кіретін дискілер саны.

Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар (винчестер) ақпаратты тұрақта сақтауға арналған. PC- де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Гбайт, Pentium -10-80 Гб дейін болады.

Қатты диск орнынан алынбайды, корпуста жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дискіге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады, иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан да оны пайдалану өте ыңғайлы.

Әрбір бетте дискідегі ақпаратты оқуға арналған құрал болады. Дискілердің 90 об/с жылдамдықпен айналым жасау кезінде ақпарат оқитын құрал мен диск бетінің аймағында аэродинамикалық жастық пайда (подушка) болады да, оқитын құрал диск бетінен миллиметрдің бірнеше мыңдық бөліктеріне тең биіктікте орналасады. Оқитын құралдан өтетін тоқ күшінің өзгерісіне байланысты аэродинамикалық жастықтағы динамикалық магнит өрісінің шамасы өзгеріске ұшырайды да, магниттік дискідегі ферромагниттік бөлшектердің өзгерісін тудырады. Оның нәтижесінде деректерді магниттік дискіге жазу процесі іске асады.

Дискідегі ақпаратты оқу кері процесс негізінде іске асады. Қабаттағы магниттелген бөлшектер оқитын құрал айналасында өздік индукция электро қозғаушы күшін (Э, Қ, К) тудырады. Бұл жағдайда пайда болатын электр сигналдары күшейтіліп, өңдеуге беріледі.

Қатты дискінің жұмысын арнайы логикалық-аппараттық құрылғы - қатты дискі контроллері (бақылаушысы) басқарып отырады. Алғашқы компьютерлерде ол жеке плата ретінде қолданылады, ал қазіргі кезде runcem - микропроцессор комплексіне кіретін микросхема орындайды.

Қатты дискілердің негізгі қасиетіне - олардың сиымдылығы мен өнімділігі жатады. Дискілердің сиымдылығы оларды жасау технологиясына байланысты. Қазіргі кезде қатты диск жасаушылар ІВМ фирмасы жасаған Гиганттық магниторезистивтік эффект әдісін қолданады. (GMR - Giant Magnetic Resistance) . Бұл әдіспен жасалған дискілердің әрбір қабаты теориялық жағынан 20 Г байтқа дейін барады. Ал, практика жүзінде ол 80 Гбайтқа жеткізілді. Қатты дискілердің өнімділігі тек оның жасау технологиясына ғана тәуелді емес. Қазіргі дискілер деректерді жеткізу мүмкіндігі жағынан (30-60 мб/с) жоғары көрсеткішке жетіп жүр. Ол негізінен жүйелік плата мен байланыс орнататын интерфейс сипаттамасына тәуелді. Интерфейске байланысты ақпарат жеткізу мүмкіндігі:

13 - 16 Мб /с - EIDE

80 Мб /с - ке дейін - SCSI

50 Мб /с - жоғары ІЕЕЕ 1394.

Диск өнімділігі ондағы ақпаратты табу уақытына да байланысты. Ол дәрежелерді табу және дискінің айналу жылдамдығына тәуелді 5400 об /мин. Жылдамдықпен айналатын дискілер үшін табу уақыты 9-10 мкс, 7200 об /мин. Дискілер үшін 7- 8 мин. Жоғары сапалы жасалған дискілердегі ақпаратты табу уақыты 5 - 6 мкс.

Иілгіш диск (дискет ) - табақша пішінді, бетінде қабыршық түрінде магниттік қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу - оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қабықша ашық болады. Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол диаметрі 3, 5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.

Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, қазір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.

Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен бағдарламаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискідегі қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысу қажет.

Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелі блоктағы дискіқозғағыштың ұяшығына орналасады. ДЭЕМ бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметтер жасақтау үшін, әрі компьютерде мәлімет алмастыру үшін қажет.

3, 5 дискетте 1, 44 Мб көлемде мәліметтер жазылады. Мәлімет жазылатын дискеттің оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады. Дискеттер қатты пластмас қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сыйымдығы сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан дискіқозғағыштарда 3, 5 дюймдық дискеттер ғана қолданылады.

3, 5 дюймдық дискеттерде ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар. Оны жоғары-төмен қозғай отырып мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.

Дискетті форматтау (белгі салу) . Дискетті алғашқы рет пайдалану алдында оны әртүрлі тәсілмен тармақтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйе командасымен жүргізіледі.

CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әр түрлі болады, мысалы жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген т. с. с жылдамдықта бола береді. Соңғы кездегі шыққан компакт дискілер қатты магниті дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқарады.

Қарапайым компакт дискінің көлемі 650 Мб, бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды.

Қазіргі кезде компакт дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әр түрлі дыбыстық эффектілер, музыкамен безендірілген ойындар, компьютердің энциклопедиясын үйренуге арналған әртүрлі бағдарламалардың барлығы CD - дискілерінде болады. Бұл құралдың жұмыс істеу принципі - диск бетінен лазерлік сәулелер көмегімен сан түрлі деректерді оқуға негізделген. Компакт - дискіге сандық деректерді жазу, магниттік дискіге жазудан жоғары жиілігі мен сыйымдылығының үлкендігі арқылы ерекшеленеді. Стандартты CD - ROM дискісінде 650 Мб ақпарат сақталады. Мультимедиялық деректердің (графика, музыка, бейне) көлемдері өте үлкен болатындықтан CD-ROM мультимедиялық аппараттар қатарына жатады. Лазерлік дискідегі бағдарламалық жабдықтар - мультимедиялық шығарылымдар деп аталады. Қазіргі кезде CD - ROM-да кітаптар, альбомдар энциклопедиялар және электрондық журналдар шығарылады. CD-ROM-ның жазу мүмкіндігі жоқ. Ол үшін жазу құралы CD - R (Compact Disk Recorder) және көп қайталап жазу құралы CD-RW қолданылады.

CD-ROM дискіқозғағышының негізгі параметрі деректерді оқу жылдамдығы болып табылады. Ол алғашқыларында 150 Кб/с, екі еселенген 300 Кб/с төрт еселенген - 600 Кб/с. Қазіргі кезде өнімділігі 32 х - 50 х CD-ROM-дар шығарылуда. Жазу құралдарына бір реткі жазу үшін 4х-8х көп қайталап жазу үшін 4 х өнімділіктегі CD қолданылады.

Контроллер мен диск арасындағы мәліметтер алмасуды диск контроллерінің интерфейсі немесе диск интерфейсі деп атайды.

Қазіргі кезде IDE, SCSI интерфейстері қолданылады. IDE интерфейсінің көптеген түрлері: кәдімгі IDE, EIDE, ATA -3, UetraDMA -33 UetraDMA- 66 IDE интерфейсін АТА деп те атайды. Онда диск тікелей жүйелік тақшадағы ұяшыққа жалғастырылады.

Қазіргі винчестерлердің жұмысы жүйелік чипсеттердегі интерфейстерге және артқы шиналардың өткізгіштік қабілетіне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металлургиялық зауытының электр жүйесі
Суды сорғыш насостар станциялары
Жер қойнауы және оның байлықтары
Байқоңыр қаласының статусы
Сәуле шашу
Газ турбиналарындағы жану камералары
Шу мендірілдің адамға әсері
Баспа құрылғылары
Сатурн
Жинақтаушы қатты дискінің құрылғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz