Дискіні тексеруге арналған ScanDisk программасы



1. Дискіні тексеруге арналған ScanDisk программасы.

Біз енді Windows ортасының қызмет ету программаларына қосылатын бірнеше
программаларды қарастырып шығайық. Олар компьютер жұмысы кезінде дискіні
пайдалану істерін бақылап, оның файл жүйесімен атқаратын іс әрекеттерін
жылдамдатады.
Қатты дискіге ақпараттар өте күрделі жолмен сақталады, бірақ оларды оқу
өте жеңіл іске асады. Файлдардың сақталған орны жөніндегі ақпарат
"Файлдардың орналасу кестесі" (FAT) деп аталатын дискінің арнайы аймағында
жинақталған. Әрбір файлды ашу кезінде, мысалы программаны іске қосқанда
операциялық жүйе мәліметтердің дискінің қай жерінде сақталғанын осы кесте
көмегімен аңықтайды.
Бұл жүйе барлық дискілер дұрыс жұмыс жасап тұрған кезде қажет емес. FAT
кестесі мен дискіде сақталынған ақпарат орнының сәйкессіздігі пайда болған
жағдайларда қажетті ақпаратты оқи алмай, осы жүйені пайдалануға мәжбүр
боламыз.
Операциялық жүйенің өзі қатты дискімен дұрыс жұмыс жасап тұрғанның
өзінде, кейбір жағдайларда басқа программалармен жұмысына кепілдік бере
алмаймыз. Өйткені, компыотердің аяқасты өшіп қалуы, кез келген бір
себсптермен "тұрып" қалуы немесе модем арқылы ақпарат алмасу кезінде
күтпегсн жерде байланыстың үзілуі т.б. жағдайлар болуы мүмкін.
Осындай жағдайларда мынадай проблемалар кездеседі: Жоғалған кластерлер.
FAT кестесінде, ондағы бар файлдардың біреуі де пайдаланылмай тұрғанның
өзінде де, дискінің белгілі бір аймағының жұмыс жасап тұрғандығы жөнінде
ақпарат жазылып қалады. Бұндай жағдай жиі кездеседі. Осының нәтижесінде
дискінің бұл бөлігі мүлде пайдаланылмай қалады. Бірақ oл басқа қолайсыз
жағдайлар туғызбайды.
Тоғысқан файлдық сілтемелер (перекрестные файловые ссылки). Екі немесе
одан да көп файлдар қатты дискінің тұтас бір бөлігіне сақталуы мүмкін емес
болғанның өзінде де сол орынға сақталған деп есептелетін кездер болады. Бұл
сол файлдардың біреуі немесе бәрі де бүлінген жағдайларда болуы мүмкін.
Мұндай қате сирек кездеседі және көп жағдайларда жүйенің бірқалыпты жұмыс
істемеуінің нәтижесінен туындайды. Басқа қателердің пайда болуына жағдай
жасайды, оларды уақтысында түзетпесе дискідегі ақпараттардың бүлінуіне әсер
етеді.
Жоғарыда айтылған проблемаларды шешу үшін және келешекте келтіретін
зиянды әрекеттерді болдырмау мақсатында Дискілерді тексеру программасы
(ScanDisk) қолданылады. Бұл программаны Бас меню: Программалар =
Стандарттар= Қызмет ету программалары = Дискіні тексеру (ScanDisk)
командалар тізбегін орындау арқылы іске қосамыз..
Көп жағдайларда тексерудің қарапайым түрін жүргізу жеткілікті. Тізімнен
тексеруге қажетті дискіні көрсетеміз де Қателерді автоматты түрде тузету
жалаушасының көтеріліп тұрғанына көзімізді жеткізген соң, Іске қосу
(Запуск) батырмасын шертеміз. Scan Disk программасы көрсетілген дискіні
тексереді де, барлық қателерді автоматты түрде тексеруге тырысады.
Бұл кезде барлық жоғалған кластерлер файлдарға айналдырылады, тоғысқан
сілтемелер бөлінеді, дұрыс жазылмаған ұзын аттар түзетіледі. Бұл әрекет өте
сенімді орындалады, сондықтан программаның автоматты түрде жұмыс жасауына
кедергі келтірмейді.
Жоғалған кластерлердегі ScanDisk программасымен "қалыпқа келтірілген"
файлдар, түпкі каталогқа орналастырылады. Олардың аттары fileOOOl.chk,
file0002.chk т.с.с. болады. Көп жағдайларда бұл файлдардың бізге қажсті
жоқ, сондықтан оларды өшіріп тастауға да болады. Кейбір жағдайларда қажет
болып қалуы да мүмкін. Өшірер алдында онда не сақталғанын тексеріп алған
дұрыс.
Егер, Қателерді автоматты түрде тузету жалаушасы алынып тасталса, әрбір
қате табылған сайын, оны түзету мүмкіндіктерінің бірін таңдап отыру қажет
болады. Егер, үнсіз келісім бойынша қойылған параметрлердің бәрі бізді
қанағаттандырмаса, Қосымша батырмасын шертіп, оларды ашылған терезеде өз
қалауымызша өзгертеміз.
Егерде, ауыстырып қосқышты Толық режиміне қоссақ, онда ScanDisk
программасы дискідегі ақпараттардың логикалық жағдайын және диск бетінің
сапасын да тексереді. Бұдан бірнеше жылдар бұрын диск бетінің дефектілері
жиі кездесетіндіктен, толық тексеруді үнемі жүргізіп отыру қажет болатын.
Қазіргі дискілер сенімді, әрі сапалы болатындықтан, мұндай тексерудің
қажеті аз. Диск бетіндегі деффектілер әсерінен компьютер істен шықты деп
ойлаған жағдайда ғана тексеруге болады. Мұның бір белгісі болып қатты
дискімен мәлімет алмасу кезінде компьютер қорабынан жағымсыз дыбыстардың
шығуы да есептеледі. Егер қатты дискінің бетінде шын мәнінде деффектілер
пайда болса, ондағы акиараттарды түгелдсй құрып кетпей тұрғанда жаңа
дискігс толық ауыстыру жағдайын қарастырған жөн.
ScanDisk программасын қолдану жиілігі. Жалпы дискіні күнделікті
тексеріп тұрған дұрыс. Егер күнделікті текcеpу барысында ешқандай проблема
тумаса, оны сиретуге де болады. Бірақ, компьютер аяқасты сөніп қалған
немесс "тұрып" қалған жағдайларда, оны міндетті түрде тексерген жөн.

12.2. Дискіні дефрагментациялау программасы (Defrag)

Дискідегі қателерді түзету әрекетін ScanDisk программасы орындағанмен
де, оның тиімді түрде жұмыс істеуіне кепілдік бере алмайды. Қатты дискінің
жұмыс жасау жылдамдығы оның әлсіз жерінің бірі болып саналады. Шын мәнінде
қатты дискідегі ақпаратты оқу жылдамдығы, процессордың оны өңдеу
жылдамдығынан біршама кем.
Дискідегі әрбір файл белгілі бір орын алады. Бұл орындар бірнеше
бөліктер - кластерлерге бөлінген. Әрбір кластер белгілі бір файлға
меншіктелген. Бір файлдың кластерлері бірінен кейін бірі ретімен тұрса, ол
файл жылдам оқылады, бірақ әр кезде мұдай бола бермейді.
Дискіде файлдар үнемі сақталады, қажет етілсе өшіріледі. Операциялық
жүйе файлға оның кластерлері бірінен кейін бірі тұратындай етіп орын бөле
алмайды. Яғни, файл дискінің жеріне орналасқан бірнеше бөліктерден құралған
кластерлерді алып тұрады. Мұндай жағдайда файл фрагменттерге бөлініп
сақталады деп айтуға да болады. Бұдан файлдағы ақпараттар бүлінбейді, бірақ
оны оқу және жазу жылдамдықтары айтарлықтай кемиді. Егер дискіде мұндай
файлдар саны көбейе берсе, компьютер жұмысының жылдамдығы кеми береді және
алдағы уақытта сақталынатын барлық файлдар осындай көптеген бөліктерге
бөлініп кетеді.
Дискінің бөліктерге бөлініп сақталған файлдармен жұмыс істеу
жылдамдығын арттыру үшін "Дискіні дефрагментациялау" программасы
қолданылады. Оның мақсаты -файлдардың мазмұнын өзгертпей, олардың
кластерлері бірінен кейін бірі орналасатындай етіп жазу. Бір қарағанда бұл
әрекет оңай көрінгенмен оған тиісті көңіл бөлінуі қажет. Өйткені оның әрбір
пайдаланушыға тигізетін көмегі көп.
Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню: Программалар = Стандарттар
= Қызмет ету программалары = Дискіні дефрагментациялау (Defrag)
қатарларын таңдаймыз.
Операциялық жүйе таңдалған дискіні тексеріп, дефрагментация жасау
немесе жасамау жөнінде ұсыныс берген соң, Ok ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows 95-тің негізгі объектілері
Операциялық жүйелердің көбісінде
Windows операциялық жүйесінің бір-бірінен артықшылығы
Иерархиялық файлдық жүйе
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Windows. Жалпы ұғымдар
Операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Компьютерлік вирустардан сақтану шаралары
Компьютерлік утилиттер
Компьютерлік вирустар жайлы ақпарат
Пәндер