Өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандырудың теориялық аспектілері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 155 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 3

Кіріспе . . . 4

1 Өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандырудың теориялық аспектілері . . .

1. 1 Қазіргі экономикалық ғылымдағы тиімділікті ынталандырудың мәні мен қызметі . . . 10

1. 2 Экономикалық ынталандыру жүйесінің қағидаларын сапалы экономикалық өсу тұрғысынан қамтамасыз ету. . 24

1. 3 Өндіріс тиімділігін арттырудағы ынталандыру жүйесін қалыптастыруға кешенді көзқарас . . . 36

2 Қазақстан кәсіпорындарының экономикалық ынталандыру жүйесін бағалау . . .

2. 1 Экономикалық ынталандыру жүйесінің тиімділігін макроэкономикалық талдау . . . 49

2. 2 «Қазақмыс корпорациясы» кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін бағалау . . . 69

2. 3 «Қазақмыс корпорациясы» кәсіпорындарындағы материалдық ынталандырудың ұйымдастырылуын талдау . . . 92

3 Экономикалық ынталандыру жүйесін дамытудың келешегі ……… . . .

3. 1 Жұмыскерлер еңбекақысы мен сыйақысын төлеуді жетілдірудің бағыттары. 108

3. 2 Қазақстан кен өндіру өнеркәсібінің тиімді дамуының экономикалық механизмдерінің қалыптасу жолдары . . . 120

Қорытынды 137

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі . 140


Белгілеулер мен қысқартулар

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

РҒА ҚҒҒЗИ - Ресей ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар ғылыми зерттеу институты (ИНИОН РАН - институт научных исследовании общественных наук Российской академии наук)

ҒТР - ғылыми-техникалық революция

ЕРОС (Employee Participation in Organizational change) - ұйымдық өзгерістерге жалдамалы жұмысшылардың қатысуы

ЕО - еуропалық одақ

ESOP (Employee Stock Ownership Plans) - жалдамалы жұмыскерлердің акционерлік меншігінің жоспары

ІҚҚ - ішкі қосылған құн

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ХВҚ - Халықаралық валюта қоры

ІӨК - ішкі өнім көлемі

ҰІӨ - ұлттық ішкі өнім

ҒТП - ғылыми-техникалық прогресс

ҰТК - ұлттық компаниялар

ГРЭС - гидро электр станциясы

ЖЭО - жылу электр орталығы

ТБК - тау-кен байыту комбинаты

БТМК - Балқаш тау-кен металлургиялық кен орны

МХК - мыс химиялық комбинаты

ШҚМХК - Шығыс Қазақстан мыс химиялық комбинаты

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам

АҚ - акционерлік қоғам

ЖМЗ - Жезқазған мыс зауыты

НҚ - негізгі қор

КБК - кәсіби біліктілік картасы

ЖОО - жоғары оқу орны

ДСҰ - Дүниежүзілік Сауда Ұйымы

ДҚДБ - Дүниежүзілік Қайта Даму Банкі

ЕДБ - екінші деңгейлі банктер

ҒЗТКЖ - ғылыми-зерттеулік тәжірибелі-констукторлық жұмыстар (НИОКР - научно-исследовательские опытно-конструкторские работы)


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық өсім қажет. Отандық экономиканың жедел өркендеуінің стратегиясын жасауда дамыған елдердің бірнеше ортақ белгілері бағдарға алынып отыр. Қазақстанның әлемдік деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы оның әлеуметтік-экономикалық даму динамикасының тұрақтылығы мен оның базасы негізінде халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту арқылы жүзеге асады; қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызу қажет; халықаралық еңбек бөлінісіне ел үшін тиімді жағдай орната отырып қатынасу керек.

Бірақ экономикалық дамудың мұндай жағдайларын нақтылау жөнінде пікір ал алғандығы бар. Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін өсірудің басты факторы ретінде жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру қажеттігін айтатын ғалымдар мен практиктердің пікірін біз толық қолдаймыз. Қазіргі постиндустриалық қоғам капиталға қатысты еңбекті жоғары бағалау да керек екенін әлдеқашан мойындап қойған.

Қазақстандағы реформалар нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, алайда тиімділікті көтеруге ынталандыру уәждемелерін ырықтандыру бәсең жүргізіліп отыр. Өкінішке орай, бүгін экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отыр деп атап көрсетуге тура келді. Бұл ғылыми-техникалық прогреске ынталандырма бола алмайды, өнімнің сапасын өсіруге әсер етпейді; жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оның пайдаға асуына әсер етпейді және өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға мүдделендірмейді. Бұл көрсетілген келеңсіз жағдайлар қоғам мен билік арасындағы қарама-қайшылықты күшейтті.

Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруда, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден алшақтату да кері әсерін тигізеді. Нарықтық өзгерістер еңбекті Қазақстан экономикасын дамытудың шешуші факторы ете алмады. Керісінше, олар еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауына әкеп соқты.

Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында және адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін жасау үшін мына қарама-қайшылықтар көрсетілуі керек: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілікпен кәсібилікке талапты күшейту, екінші жағынан, Қазақстандағы жағдайда «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеуі.

Бұл аталған проблемалар теориялық тұрғыдан айрықша мән беруді талап етеді. Қазір, яғни әлеуметтік-экономикалық даму кезеңінде өндіріс тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін зерттеу өте маңызды проблемаға айналып отыр; оның зерттелуіне әлеуметтік еңбек саласының жағдайы ғана емес, ұлттық экономиканың басты сипаттары да тәуелді; әлеуметтік еңбек саласын түрлендіргенде шетелдік тәжірибені тікелей көшіріп алу, біздіңше, Қазақстанға сай келмейді. Осыған байланысты қазіргі жағдайда еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде талдау қажет, елдің даму ерекшелігінің толық есебі мен бұдан бұрынғы реформалар есебі керек. Осы айтылған мәселелердің барлығы, түптеп келгенде, диссертациялық зерттеудің тақырыбын таңдауға себеп болды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Отандық ғылымда өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне қызығушылық соңғы жылдары ғана байқалып отыр. Бұл мынадай екі себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті ынталандыру мен ұйымдастырудың «гуманистік» тәсілдері жұмысшылардың дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне соқтырды, екіншіден, экономистер дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас тұрғысынан зерттеді.

Кеңестік экономикалық ғылым ұзақ уақыт бойы «жұмысшылардың өндіріс құралдарымен тікелей бірігуі» туралы тұжырымдамасын дамытып келді. Мәселенің бұлай қойылуы өндіріс тиімділігін арттыруға ынталандыру мен уәждеме мәселесін жоққа шығарды, өйткені жұмысшы мен кәсіпорын мүдделерінің сәйкес келуі автоматты түрде іске асты, бұл қоғамдағы өндіріс қаражатына және қоғамдық меншікке негізделіп орныққан экономикалық қатынастарға байланысты болды. Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын көрсетіп отыр, ол жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталандырмаларды үйлестіреді. Қазіргі жағдайда жалдамалы еңбек уәждемесін және «классикалық» жалдамалы жұмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс жасалып отыр; бұл еңбек нәтижелерін, творчестволық қызметті мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде, т. б. жағдайда жүзеге аспақ.

Отандық экономикалық әдебиетте қажеттіліктер, экономикалық мүдделер, еңбекке ынталандыру, еңбек күшінің ұдайы өндірісі, жалдамалы еңбек және капиталдың арақатынасы ғылыми мәселелерін зерттеу біршама қорланып қалған. Біздің зерттеуіміз үшін экономикалық теория және экономика ғылымы әдістемесінің жалпы мәселелері бойынша, мысалы Абалкин Л. И., Гойло В. С., Горланов Г. В., Дзарасов С. С., Колесов Н. Д., Куликов В. В., Ракитский Б. В., Рязанов Т. В., Столяров И. И., Черкасов В. Н. және т. б. еңбектері өте маңызды әрі олар жиі пайдаланылады.

Нарықтық жағдайда еңбек мәселесін зерттеудің ғылыми базасын мына ғалымдардың ғылыми жұмыстары жасады: Вильховченко Э. Д., Волгина Н., Кокина Ю. П., Ржаницина Л. С., Рофе А. И., Рудык Э., Слезингер Г. Э.,
Яковлев Р. А.

Қазақстандық ғалымдардан тиімділікті арттыруды ынталандыру және уәждеменің түрлі аспектілерін, өндіріс тиімділігі мәселесін, материалды мүдденің экономикалық қызығушылығын, қажеттіліктері мен ынталандырмаларын зерттеу Әшімбаев Т. Б., Баймұратов О. Б., Оқаев Қ. О., Берішев С. Х., Мұхамбетов Т. И., Сағадиев К. Ә., Кенжеғожзин М. Б., Қошанов А. К., Сәбден О. С., Қадыржанов Е. К., Бердәлиев К. Б., Саханова А. Н., Шокаманов Ю. К., Кенжалина Ш. Р., Рогачева Т. М., Тимошенко Л. С. және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Батыстың әлеуметтік және экономикалық әдебиетінде тиімділікті арттыру, еңбек қызметінің уәждемесі мәселелерін зерттеуге экономистер, әлеуметтанушылар, психологтар, менеджмент және маркетинг бойынша мамандар көп үлес қосты. Олар: Альберт Х., Беккер Г., Герц-берг Ф., Друкер Г., Кирхчесснер Г., Ланг Э., Макгрегор Д., Майер В., Маслову А., Маркс К., Мэйо Э., Розенберг А., Саймон Г., Смит А., Файоль А., Фрейд З., Шульц В., Эмерсон Г., Эрроу К және т. б.

Сонымен қоса, тиімділікті арттырудың экономикалық ынталандыру аспектілері, әсіресе оның экономикалық өнімге әсері әлі де толық зерттелмей отыр. Еңбекке ынталандырудың пайда болу табиғатын зерттеу кешенді түрде жүргізілмей, дара-дара қарастырылып жүр. Постиндустриалық парадигманың даму үдерісінде экономикалық ынталандырмалар мен әдістемелер жасау мәселесін ғылыми жолмен шешу қажет.

Осылайша, мәселенің аз зерттелуі және өндіріс тиімділігін арттырудағы экономикалық ынталандыру мәселесінің практикалық мәні диссертациялық зерттеудің тақырыбын анықтап берді.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты постиндустриалық қоғамдағы өндіріс тиімділігін ынталандыруды зерттеу, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы тиімділікті экономикалық ынталандырудың негізгі бағыттарын айқындау.

Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды:

  • қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандырудың мазмұны мен табиғатын зерделеу; экономикалық ынталандырудың экономикалық мүддемен, материалдық мүдделілікпен және еңбек қызметі уәждемесімен өзара байланысын анықтау; экономикалық ынталандырудың басқару жүйесіндегі өндіріс тиімділігін арттырудағы орны мен рөлін негіздеу; постиндустриалды қоғамға тән экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін құрудың негізгі әдістемелік принциптерін анықтау; экономикалық ынталандыру жүйесінің тиімділігін макро, мезо және микродеңгейлерде талдау; постиндустриалық қоғамға өтуде өндіріс тиімділігін арттырудың келешегі бар ынталандырмаларын айқындау; постиндустриалды экономиканың даму талаптарына сай әлеуметтік-экономикалық саланы түрлендіруге бағытталған ұсыныстар беру.

Зерттеу объектісі ретінде «Қазақмыс корпорация» ЖШС-нің кәсіпорындары алынды.

Зерттеу пәні қазіргі постиндустриалық парадигма талабына жауап бере алатын экономикалық ынталандыру жүйесінің теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.

Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы процесінде экономикалық ынталандыру мәселесіне арнаулы қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар, сондай-ақ «Қазақмыс Корпорация» ЖШС-нің жылдық статистикалық есептері құрады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде постиндустриалық қоғамға өту кезеңіндегі өндіріс тиімділігін арттырудың шешуші факторы - экономикалық ынталандыру мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады. Осыған сәйкес, диссертациялық жұмыста ғылыми жаңалығы бар мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

  • нарықтық қатынастардың тереңдеп даму жағдайында экономикалық ынталандыру ұдайы өндірістің басым факторы ретінде қарастырылған, оның мазмұны мен табиғаты интеграциялық көзқарас тұрғысынан жаңаша зерделенген; дамып келе жатқан постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай экономикалық ынталандырудың жіктемесі нақтыланған; постиндустриалды қоғам дамуының жаңа заңдылықтары мен үрдістері негізінде экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін қалыптастырудың негізгі әдістемелік принциптері айқындалған; еңбек белсенділігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі мен еңбек ақы төлеудің арасындағы өзара тығыз байланыстың негізгі тетіктері бағдарланған; экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі ұсынылған; «шаруашылықтарды бірге жүргізу» сияқты уәждемелер, еңбекке экономикалық ынталандыру арқылы капитал мен еңбектің тиімді байланысына бағытталған кешенді шаралар ұсынылған, яғни жұмыскердің басқару ісіне, шешім қабылдауға және тек еңбек пен өндіріс процесінде емес, жалпы әлеуметтік және жалпы мемелекеттік мәні бар істерге де қатысуына мүмкіндік беру жайлары талданылған.

Диссертацияның қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдары:

- экономикалық ынталандыруды зерттеу түрлі теориялық-әдістемелік принциптерге бағдарланып, интеграциялық қатынастарға негізделген болуы керек;

- экономикалық ынталандыру әдістемесінде жұмыскерлер «экономикалық адам» қалпында қарастырылады. Бұл жағдайда олардың еңбекті ынталандырудың материалды емес түрлеріне де белсенді қатысу қажеттілігі туындайды: кәсіпорындарды басқару, еңбекті ізгілендіру, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік алуы, т. б. ;

- сапалы экономикалық өсуге қол жеткізу еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуді мына түрде қарастыруды қажет етеді: еңбек белсенділігін арттыруда жалақының рөлін көтеру; «шарттарды бірге жүргізу» уәждемесін ынталандырма ретінде дамыту; еңбекті сапалық жағынан түрлендіру;

- өндірістің тиімділігін макродеңгейде қамтамасыз етудің негізгі бағыты - өнімнің жаңа сапасын экономикалық ынталандыру, бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық прогреске, адам капиталына, инвестициялық, ақпараттық және прогресшіл технологиялардың басымдылығына негізделеді.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер, теориялық зерттемелер және практикалық ұсыныстар экономика ғылымында өндіріс тиімділігін арттыруы экономикалық ынталандырудың теориялық және әдістемелік жақтарын кеңейтумен қатар, аталған мәселелерге қатысты салалық және республикалық экономикалық бағдарламалардың негізін жасауға қолданылуы мүмкін.

Диссертациялық зерттеудің жекелеген қағидалары «Экономикалық теория», «Фирма экономикасы», «Менеджмент», «Қызметкерді басқару», «Қазақстанның экономикалық реформалары» курстары бойынша қажетке жарайды.

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы (апробациясы) . Жұмыстың негізгі қағидалары, нәтижелері мен тұжырымдары төмендегідей халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларда баяндалды: «Еңбекке ынталандыру мен ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі» (Халықаралық ғылыми-тәжірибелік бейне-конференция материалдары. Алматы қ-сы, Халықаралық бизнес университеті, 03 наурыз 2006 ж., 164-171 б. ) ; «Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары» (Ғылыми-тәжірибелік «Қаржы-қаражат» журналы. Астана қаласы, сәуір 2006 ж., 22-26 б. ) ; «Ғылыми-техникалық прогресті экономикалық ынталандыру принципі, өндіріс тиімділігін арттыру факторы» (Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Астана қаласы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 10 қараша 2006 ж., 128-129 б. ) ; «Өндіріс тиімділігін басқарудың маңызды элементі, фирма қызметінің нәтижесін бағалау» (Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы қаласы, «Тұран» университеті, 17-18 қараша 2006 ж., 83-89 б. ) ; «Экономикалық ынталандыру жүйесінің қағидаларын әзірлеуді сапалы экономикалық өсу тұрғысынан қамтамасыз ету» (Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Астана қаласы, Д. А. Қонаев атындағы Университет, 8-9 желтоқсан 2006 ж., 191-194 б. ) ; «Қазақмыс корпорациясы» қызметінің тиімділігін бағалау» (Экономикалық «Аль-Пари» журналы. Алматы қаласы, 2007 ж., №1, 206-208б. ) ; «Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру» (Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. Алматы қаласы, 2007 ж., №4, 46-49 б. ) ; «Экономическое стимулирование повышения эффективности производства» (Международный ежеквартальный научно-экономический журнал «Реформа», г. Бишкек, 2007 г., С. 42-46) .


1 ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Қазіргі экономикалық ғылымдағы тиімділікті ынталандырудың мәні мен қызметі

Өндіріс тиімділігін арттырудың бірден-бір мәні кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің қоғамның экономикалық мүддесімен байланысына негізделген. Қоғамдық дамудың қозғаушы факторы бола отырып, экономикалық мүдделер өндіріс тиімділігінің артуына экономикалық ынталандыруды шеберлікпен қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар экономикалық мүдделер ынталандыруды экономикалық заңдармен байланыстыратын орталық буын болып табылады.

Әдетте ынталандырудың нақты мөлшерлері өндірістің белгілі бір нәтижеге жетуі мақсатында және адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін еңбек өлшемі мен сыйақы өлшемі арасында белгілі бір шекті қатынас орнату үшін қолданылады.

Қазақстандағы шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында ынталандырудың теориялық аспектілерін кешенді зерттеудің қажеттілігі өндіріс тиімділігін көтеру проблемасын шешудегі экономикалық ынталандырудың бірден-бір мәніне байланысты. Біздің елімізде кеңестік экономикадан қалған басты үйлесімсіздіктің бірі - жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлерге берілетін өте төмен деңгейдегі еңбекақы. Кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымы бір сағаттық еңбектің ақысы 3 доллардан кем болса, адам қалыпты өндірістік процеске жарамайтынын, еңбек өнімділігі уәжі әлсірейтінін мойындаған болатын. Көптеген зерттеушілер орташа айлық жалақы 300-400 доллардан кем болса, еңбек әлеуетінің біртіндеп құлдырау процесі басталатынын растайды [1] . Қазіргі постиндустриялық қоғам капиталға қатысты жоғары еңбек бағасын қолдап отыру қажеттігін мойындайды.

Осындай жағдайда экономикалық ынталандыруды жұмыскерлердің еңбек белсенділігін, экономикалық және әлеуметтік жауапкершілігін көтерудің негізі ретінде кешенді зерттеу қажет.

Елдің экономикалық даму саласындағы қазіргі басты міндет - экономикалық өсудің экстенсивті факторларына интенсивті факторларына көшу. Дәл осы тұрғыдан еңбек уәжі мен оған ынталандырудың соңы жүйесі қалыптасуының жаңа бағыттарын қарастыру қажет. Алайда экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Еңбекке ынталандыру феноменінің алуан түрлілігі олардың табиғаты мен ішкі құрылымының күрделілігін анықтайды, ол туралы қолданыстағы әдебиеттерді талдау олардың табиғаты мен көріну ерекшелігінің жалпы, қолайлы анықтамасын табуға мүмкіндік бермейді. Бір-біріне қарама-қайшы, кейде бір-бірін жоққа шығаратын анықтамалар зерттеулердің әлсіздігінен емес, олар еңбекке ынталандыру әрекеті мен көрінуінің аспектілеріне ерекше мән береді.

Қазіргі экономикалық ғылымда еңбекке ынталандыруды зерттеуде «экономикалық мүдделер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен мағынасын шетелдік және отандық ғалымдар әр түрлі түсіндіреді.

Біздің ойымызша, оларды зерттеу кезінде қазіргі заманғы экономикалық ғылымға шығаратын интеграциялық тәсілге сүйену қажет. Өзінің зерттеу шеңберіне тек экономикалық емес, сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамти отырып, ол шаруашылық өмірдің қасиеттері әр түрлі аспектілерінің жүйелі байланысын жүргізуге, өзара іс-қимыл желісін белгілеуге, оңтайлы, алдын ала қалыптаспаған пікірталастар өрісін қалыптастыруға және болжалды жемісті синтез үшін қандай да бір жағдайлардың қолданылу шарттары мен шегін айқындауға мүмкіндік береді. Осындай тәсілдің нәтижесінде қандай да бір ұстанымға негізделген және бастапқы «тордан шығатын» тоталитарлық утопияның, жасырын монистикалық теориялардың орнына білімнің интегралдық жүйесі келді.

«Ынталандыру» категориясының ұғымын талдай отырып және әр түрлі пікірлерді зерделей келе, біз оның мазмұнында бірін-бірі өзара толықтыратын мынадай екі тұсы бар дейтін қорытынды жасадық: біріншіден, объективтік-материалдық, заттай жағы, оның негізіне, біздің ойымызша, экономикалық мүдде жатады. екіншіден, уәж бен ынталандырудың органикалық өзара байланысын білдіретін субъективтік жағы, яғни мүдде болуы тиіс. Бірінші тәсіл марксизм жақтастарының еңбегінде, ең алдымен, кеңес экономикалық ғылымында көрініс тапқан, екінші тәсіл батыстық басқару теориясы шеңберіндегі уәжділік тұжырымдамаларында қарастырылды. Сонымен қатар, қазіргі жағдайға байланысты бұл ұғымды зерттеудің кешенді тәсілі негізінде ғана еңбекке ынталандырудың экономикалық табиғаты мен мәнін ашуға болады.

Көптеген ғалымдардың өндіріс пен еңбекке ынталандыру теориясының түрлі мәселелерін әзірлеп, экономикалық категория ретінде мүдде қоғамдық дамудың қозғаушы факторы болып табылатыны туралы пікірлері ортақ.

Адам үшін іс-әрекетке бастапқы қозғаушы күш оның ұдайы өндіріске деген қажеттілігі болып табылады. Одан әрі ол бірінші қажеттіліктердің өзінің өмірлік қызметін қамтамасыз еткенде ғана іске асыру мүмкін екенін түсінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Нарықтық экономика дамуының жалпы теориясы
Жұмыстың қанағаттанушылығына әсер ететін факторлар
Менеджменттегі жігерлендіру туралы
Тауардың өмірлік циклындағы баға саясатының факторлар
Дамыған елдердегі менеджменттің негізгі концепциялары
Персоналды дамытуды басқару
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС материалдары негізінде)
Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандырудың мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz