Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. дифференциалды қатынас оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ғылыми-
әдіснамалық негізі
1.1 Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми-
әдіснамалық сараптама
8
1.2 Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың бүгінгі жайы 20
1.3 Дене тәрбиесін оқыту формаларын ұйымдастыру ерекшеліктері 30
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ҚАТЫНАС
НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК МАЗМҰНЫ
2.1. Дифференциалды қатынас арқылы оқушылардың дене тәрбиесін
қалыптастыру жұмыстарының әдістемелік мазмұны 43
2.2 Мектеп оқушыларының дене тәрбиесіндегі дифференциалды қатынастың
тиімділігін зерттеу 49
2.3 Дифференциалды қатынас арқылы оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастыруға
мұғалімдерді даярлау жұмыстарын жетілдіру мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 69
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қоғамның қазіргі заманға саяси,
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық қайта құрылуы, Қазақстандағы
адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының қайта құрылуы мектептегі дене
тәрбиесі мақсатын өзгерткен жоқ. Оқушылар денсаулығын нығайту және дене
қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің
көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі[3.7-б].
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту-дың 2007-
2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дене дамуының
объективті заңдылықтарын біліп және есептеп пайдаланып ағза формалары мен
қызметтерін үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік –мәдени және
өндірістік функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті жұмыс қабілеттілігін
арттырып, адамның шығармашылық өмірін ұзартып, жеке адам мен социум үшін
қолайлы бағыт жасауға болады. Дене тәрбиесінің мақсатқа сәйкес басқаруының
бұл мүмкіншіліктері дене тәрбиесі, спорт, машықтану процесінде белгілі
жағдайларда жүзеге асырылады, яғни адамның дене дамуында дене тәрбиесі
ролінің ғылыми түсінігі дене даму процесі негізінде басқара алатыны белгілі
болып отыр. Осы процесте мақсатқа сәйкес бағытталған әсерінде дене
тәрбиесінің ерекше әлеуметтік функциясы тұрады[31].
Дене тәрбиесінің әлеуметтік тәжірибелік қисынды әдістемелік және
нормативтік баға мағынасы біртұтас қоғам жүйесінде басым болатын қоғамдық
қатынастары мен практикасымен ашылады және айқындалады. Ол дене тәрбиесі
жүйесінің ерекшеліктерінде өз көрінісін табады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім және
ғылым министрлігі және салауатты өмір салтын насихаттау орталығы бірлесе
өткізген әлеуметтік зерттеу жұмыстарында қазіргі уақыттағы балалардың нерв
жүйесінің өте күшті өзгеруі байқалды, олардың қимыл белсенділігінің
созылмалы жетіспеушілігі олардың дұрыс дене дамуын тежететіні, денсаулығына
қауіп төндіретіні айқындалды [3]. Мектеп жасындағы балалардың шамамен 30%-ы
қауіп тобын құрайды. Мектеп оқушыларының тек 9%-ы дене дамуының жоғары
деңгейінде, орташа - 50%, төмен - 34%, балалардың 21%-ы денсаулықтың І-
тобына (жоғары) жатады, 57%- екінші, 22%- үшінші, дене тәрбиесі оқу
бағдарламасы мен қарастырылған білімнің өз деңгейі мектеп оқушыларының тек
11%-да бар [44].
Өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың дене шынықтыруын қалыптастыру, дене
тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін дамытудың бар концептуалды аспектілері
қазіргі ақиқаттың сәйкестілігіне келтірілуі қажет. Оқушылардың дене
тәрбиесі принциптерінің негізгі бағыты мен жүзеге асыруын қарастыратын
кешенді бағдарлама (2006 ж.) мектеп оқушыларына қатысты дене тәрбиесін
оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан қайта зерттеу қажеттігін баса талап етіп отыр
[31]. Қазақстан Президентінің халыкқа жолдауында дені сау азамат тәрбиелеу
күшті қуатты мемлекет қалыптастыруға қабілетті болады - деген сөзі осыны
растап отыр [4]. Сондықтан жалпы білім орта мектепте дене тәрбиесіне баса
назар аудару арқылы дені сау ұрпақ тәрбиелеу мәселесінің оң шешілетіні
ғылыми тұрғыдан дәйектелініп, жүзеге асыру механизмдерін анықтау күн
тәртібінде тұр. Педагогика ғылымында дене тәрбиесі жеке адам қалыптастыру
мәселесінің ең басты түрлерінің бірі болғанымен, оның ғылыми тұрғыдан
зерттелуінің әлі де болса жеткіліксіз екенін байқауға болады. Әсіресе, 12
жылдық оқу жүйесіне көшу бағдары бойынша дене тәрбиесінің теориялық және
әдістемелік мазмұндарын айқындау аса қажет болып отыр[46].
Дене тәрбиесін орта мектепте қалыптастыру тарихына жасалынған шолу мен
талдау жеке адамның тұлғалық қалыптасуында дене күшінің нақты бір
физиологиялық және психо-педагогикалық заңдылықтарға тәуелді екендігін
растап отыр[5]. Осы заңдылықтар жеке адамның даму және қалыптасу теориясын
(Ананьев Б.Г), адам әрекетінің жалпы психологиялық моделі теориясын
(Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф.), функционалды жүйелер теориясын (Анохин П.К.,
Пурия А.П.), адамның дене белсенділігін (Бальсевич В.К.), дене
тәрбиесіндегі жекелеу және дифференциациялау принциптерін ( Ильин Е.П.),
дене тәрбиесі мен спорт және спорт педагогикасының отандық теориясының
гуманистік идеяларын (Ашмарин Б.А., Булкин В.А., Выдрин В.Н., Лубышева Л.И.
Лях В.И., Матвеев Л.П., Мейксон Г.В., Новиков А.Д., Пономаров Н.И.,
Решетень И.Н., Тер-Ованесян А.А., Филипов С.С, Хан А.Н., және көптеген
т.б.) негізге алғанымен, XXI ғасырдағы жеке адамның дене тәрбиесіне
тәуелділігін толық есепке алмай отыр[16].
Қазақстандық педагог-ғалымдардың зерттеу мәселесі бойынша ғылыми
жұмыстарында жеке адам бойында дене тәрбиесін қалыптастыру міндеттері түрлі
сапада қарастырылғанымен (Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Е.Сағындықов, Т.Қуанышев,
Б.Төтенай, Ш.Бақтыбаева, А.Тойлыбаев, О.Аяшев, т.б.), білім
парадигмаларының заман талабына қатысты өзгеруін есепке алатын жаңа
педагогикалық жүйелері қалыптаспағанын көреміз [8,40,47]. ҚР білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім
беру мен тәрбие қабілетінің деңгейі мен қажеттілік дәрежесіне қарай берілуі
тиістігі міндеттелінген болатын [38].
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін үзіліссіз білім беру жүйесінде
дифференциалды дене тәрбиесі концепциясын құру, оның теориялық және
әдістемелік мәнін ашатын принциптерді тұжырымдаудан тұрады. Бұл
принциптердің мазмұны дене шынықтыру саласында жеке адам тұлғасын
калыптастыру процесін жүзеге асыруда бірқатар заңдылықтарды белгілейді.
Дифференциалды дене тәрбиесі жүйесінің негізін қалаушы дербес және
қайталанбас жеке адам тұлғасын қалыптастыруда сана, ақыл-ой, іс-әрекет,
субъективті көзқарас, қозғалыс дене бөліктерінің бірлігі болып табылады.
Бұл принцип негізіне жеке адамды өзгертетін іс-әрекет процесінде осы
тұлғаның жан-жақты дамуы; рухани сезім, эмоциялық, ақыл-ой және дене
қозғалысының тығыз өзара бағыныштылық идеялары жатады. Ресей ғалымдары
М.Соловьев пен Н.Ермаков өздерінің диссертацияларында оқушылардың
дене тәрбиесін жеткілікті дәрежеде қалыптастыру үшін ең алдымен дене
тәрбиесі сабағын ұйымдастыру формаларын дұрыс анықтау аса маңызды дейді
[27]. Сонда ғана адам өзінің мәні бойынша адам мәні мен өмір сүруді танып
білудің қажеттілігін, әлеуметтік, биологиялық қоғамдық және тұлғалық
бірлігі мен өзара келісімді көрсететін теория мен практиканың жалпы ғылыми
принциптерімен тығыз байланысқандығын көрсете алады. Осы идеяларға сәйкес
және адам тұлғасының әлеуметтік және психологиялық пен физиологиялық дамуы,
тіршілік әрекетінің жеке тәсілінің қалыптасуы тек қана әлеуметтік
практикалық тәжірибені рефлексті түрде қайталау және иемдену арқылы,
сонымен бірге көзқарас, білімді, белсенді, саналы меңгеруді қалыптастыру
бойынша сырт жақтан берілген әрекет арқылы жүзеге асырылады деп айтуға
болады. Дифференциалды дене тәрбиесінің ақыл-ой, дүниеге көзқарас
бөлшектері адам және оның субъективті әлемі, таным процесінде, іс-әрекеттің
басқа да түрлерінде адамдар мен өзара қарым-қатынасы туралы білімнің тұтас
бағдарламасы түрінде оның мазмұнына кіреді.
Спорттық педагогика маманы Б.А.Ашмарин дифференциалды дене тәрбиесінің
әлеуметке сәйкестік принципі адам дамуының әрбір жас кезеңдері үшін
әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін мойындау; өсіп
келе жетқан адаммен әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды
меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану деңгейі, өзін басқа адамдарға көру
деңгейі, қоршаған ортада жауапты әрекетке деңгейі, қоғамға қатынасында оны
мен деген орынға шоғырланады. Бір жағынан қоғамға қатынасында Мен деген
орнына жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау,
өз-өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, екінші
жағынан оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі тұлғаның өзін-өзі
жүзеге асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда тәрбие
процесінде өсудің потенциалды мүмкіншіліктерін өмірде бар ерекше күйді
алуды белгілейді[8].
Жоғарыда көрсетілген зерттеу жұмыстарына талдау нәтижелерінен жасалынған
тұжырымдарға сәйкес мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне байланысты
физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктері бойынша бір-біріне жақын
болғанымен, олардың дене қуаттары мен психикалық күйлері нақты
нормативтерді орындауға толық мүмкіндік бермеуі мұмкін. Сондықтан,
В.К.Бальсевич айтқандай, әрбір оқушыға өз мүмкіндігін есепке алатын дене
жаттығуларын беру қажет немесе оларды топтап, мүмкіндік дәрежесін есептеу
керек[3,9].
Елімізде соңғы жылдары болып жатқан білім реформалары білім беру
мазмұнын өзгерту туралы көптеген идеялар төңірегінде жұмыс атқарып
жатқанымен, олардың барлығы да дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру
формасын нақтылай немесе білім мазмұнын өзгерту арқылы оны оқушыларға
жеткізудің тиімді әдістемелік жүйесін дайындай алмауда. Сол себепті қазіргі
уақытта қолданылып жүрген түрлі педагогикалық технологиялармен қатар оқыту
процесін ұйымдастыру формасына дифференциалды қатынас арқылы келудің
әлеуеті дұрыс деген ғылыми болжам жасалынды. Өйткені осы уақытқа дейін тек
жекеленген әдіскер мұғалімдердің дифференциалды қатынас туралы іс-
тәжірибелері ғана қолданысқа түсіп жүрді, ал оны оқу-тәрбие процесінде
енгізу арқылы оқушының дене тәрбиесіне дифференциалды қатынас орнату, сол
арқылы әрбір оқушының дене тәрбиесі сабақтарына қызығушылықтарын арттыру
жолға қойылмады.
Дифференциалды қатынастың, практика жүзінде жүзеге асырылу
бағыттарының бірі оқушылар ұжымын топтарға бөлу. Г.Выготскийдің теориясы
бойынша ол әр бір баланы оның ең жақын даму аймағында, оның жеке қимыл
сипатына денсаулық жағдайына, әлеуметтік-психологиялық және
морфофункционалды ерекшеліктеріне сәйкес оқытуына ықпал жасайды [9,14].
Қазақстандағы білім реформаларының талаптарына сәйкес мектеп
оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастыруда оқыту процесін ұйымдастырудың
жаңа формаларын осы уақытқа дейін мектепке дейінгі және мектеп жасында
оқытудың үзіліссіз және ілгермелі сипатын, әлеуметтік және тұқым қуалайтын
факторлар, сонымен сыртқы ортаның әсерін ескеретін, жеке дамуының
ерекшеліктерін есепке алатын дене тәрбиесі бойынша бағдарламалар
жеткіліксіз құрастырылған және негізделген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның алдына қойылған міндеттердің
шешілу механизмін анықтауда мектеп оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастыру
жұмыстарын жетілдіру процесі жаңа педагогикалық парадигмаларға сүйенуі
қажеттігі айқындалып, оқу-тәрбие процесін дифференциалды қатынас негізінде
ұйымдастырудың табысты болатыны тұжырымдалғанымен, оны нақты құрылымдық
мазмұнда жүзеге асыру және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі
арасында қайшылықтар туындауда. Аталған қайшылықты шешу қажеттілігі біздің
зерттеу жұмысымыздың тақырыбын - Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін
қалыптастырудағы дифференциалды қатынас деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын
дифференциалды қатынас формасында ұйымдастыру арқылы оқушылардың дене
жаттығуларын меңгеруін жетілдіру.
Зерттеу нысанасы: мектептердедене тәрбиесі сабақтарын дифференциалды
қатынас формасында ұйымдастыру процесі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастырудың
әдістемелік жүйесі.
Зерттеу жұмысының болжамы: Мектепте оқу-тәрбие процесін дифференциалды
қатынас арқылы ұйымдастыру әрбір оқушының табиғи әлеуетін негізге ала
отырып, олардың өз мүмкіндіктерін толық аша алуына :жағдай жасайды, яғни
оқушының қабілет деңгейі мен физиологиялық және психо-эмоционалды күйін
есепке алуды қамтамасыз етеді. Мектеп оқушыларының дене қуаты мен
психикалық дайындықтарының күрделілігін есепке ала дайындалған әдістемелік
жүйе балалардың дене жаттығулары мен тапсырмаларын мемлекеттік нормативке
сай орындауына көмектесіп, белгілі дене дайындықтарын игеру дағдыларын
қалыптастырады.
Зерттеу міндеттері:
- зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарына және
әдістемелік материалдарға шолу және талдау жасау;
- дифференциалды қатынас арқылы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ғылыми-
теориялық негізін айқындап, жетекші тұжырымды анықтау; дене тәрбиесін
қалыптастырудың принциптерін анықтау;
- мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың бүгінгі жайы
туралы деректерді талдау;
- мектеп оқушыларының дене қуаты мен психикалық дайындықтарының
күрделілігін есепке алуға негізделген дифференциалды қатынас арқылы дене
тәрбиесін қалыптастыру жұмыстарының әдістемелік жүйесінің тиімділігін
көрсету.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері.
Адамның жеке даму теориясына (Ананьиев Б.Г), адам әрекетінің жалпы
психологиялық моделі теориясына (Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф.), оку қызметі
теориясы ( СЛ.), функционалды жүйелер теориясы (Анохин П.К., Пурия А.П.),
адам дене белсенділігі концепциясына (Бальсевич В.К.), дене тәрбиесінде
жекелеу және дифференциялау принциптеріне ( Ильин Е.П.), дене тәрбиесімен
спорт және спорт педагогикасының отандық теориясының гуманистік идеяларына
(Ашмарин Б.А., Булкин В.А., Выдрин В.Н., Лубышева Л.И. Лях В.И., Матвеев
Л.П., Мейксон Г.В., Новиков А.Д., Пономаров Н.И., Решетень И.Н., Тер-
Ованесян А.А., Филипов С.С, Хан А.Н.. және коптеген т.б.) сүйене отырып,
дифференциалды қатынас арқылы әрбір жеке адамның әлеуетін дамытуға болады
деген тұжырым теориялық әрі әдіснамалық негіз болады.
Зерттеу әдістері: берілген ғылыми-әдістемелік әдебиетін жинақтау және
теориялық талдау, педагогикалық бақылау, социологиялық сұрақ (анкета) дене
өсуі, қимыл дайындығы, қимыл, психикалық жағдайын бағалау әдістері,
педагогикалық тәжірибе, математикалық талдау мен статистика әдістері.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Жеке адамның жан-жақты дамуында дене
тәрбиесінің алатын орны ерекше, өйткені адамның физиологиялық және
психикалық дамуы, дене қуаты мен оны реттеп-басқаруға тікелей тәуелді.
Сондықтан дене тәрбиесін қалыптастыруда әрбір адамның даралық ерекшелігінің
көрсеткіштері болып табылатын табиғи дене қуаты мен психикалық дамуы
негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру нәтижелі болады деп саналады.
Жеке тұлға қалыптастыру теориясы туралы философиялық, ғылыми-психологиялық
және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Г.Выготскийдің Дамудың
жақын зонасы теориясы, оқыту процесін ұйымдастыру формалары арнайы
педагогикалық зерттеулерге сілтемелер жасалынды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: педагогикалык бақылаудың
кұрастырылған әдістемесі негізінде дене тәрбиесін сауықтыру міндеттерін
жүзеге асырылуы, дене өсуі, қимыл дайындығы, қимылдың психикалык
жағдайын бағалаудың объективтік тесттері таңдалды. Олар кешен түрінде
оқушылардың қимыл режимін жақсартуға көмектеседі, сонымен бірге отбасымен
бала тіршілік әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын анықтау
әдістемелері бастауыш оқушыларының қимыл әрекетін қамтамасыз етудің әр
түрлі жақтарының нақты көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Ол
салыстыру дене тәрбиесі процесінің бағыты мен мазмұнын жекелей түзетілуіне
ықпал жасайды. Жұмыстың тәрбиелік мәні бастауыш білім жағдайында бала
мүмкіншіліктерін, оқушылардың қимыл режимін жақсартуға көмектеседі, сонымен
бірге отбасы мен баласының тіршілік әрекетінің әлеуметтік- педагогикалық
жағдайлары анықталды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен әзірленген
әдістемелік материалдарды мектеп мұғалімдері, педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- алғаш рет мектеп оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастыру процесін
дифференциалды қатынас арқылы ұйымдастыру ғылыми-теориялық тұрғыдан
негізделді;
- жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында дене тәрбиесі
сабақтарының мазмұнын дифференциациялау арқылы сынып оқушыларының
ерекшеліктеріне бағдарланған оқу-әдістемелік кешен дайындалды;
- зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша ұсынылған әдістемелік жүйенің
тиімділігі расталып, дене тәрбиесі сабақтарын дифференциалды қатынас
негізінде ұйымдастырудың тиімділігі дәйектелінді.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы:
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі автордың екі ғылыми мақаласында
баяндалып, ғылыми жинақтарда (Тараз, 2012ж., Педагог имиджін қалыптастыру:
теория, практика және перспектива. Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция) жарық көрген. Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар мен
мәліметтер теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген. Қол жеткізген
нәтижелердің педагогика ғылымының зерттеу бағыттарына сәйкестігі толық
расталған.
Зерттеу базасы: Тараз қаласы, №30, 36, 41, 44 қазақ орта мектептері, ТИГУ
Педагогика және психология кафедрасы.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде (2010-2011 жж.)- зерттеу тақырыбының өзектілігі ашылып,
ғылыми-теориялық ұстанымдар мен тұжырымдар негізінде жетекші идея
анықталды. Дифференциалды қатынас формасының ғылыми аппараты мен оның
құрылымдық мазмұны зерттелінді. Оқу процесінде дифференциалды қатынас
орнату механизмі түсіндіріліп, бастауыш мектепте дене тәрбиесі пәндерін
оқытуда алғаш рет қолданылып отырғаны расталды.
2-ші кезеңде (2011-2012 жж.) - дене тәрбиесі сабақтарының мазмұнын мектеп
оқушыларының физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктеріне қатысты
дифференциациялау жүзеге асырылып, олар әдістемелік кешенмен қамтамасыз
етілді және ұсынылған әдістемелік кешеннің тиімділік дәрежесі арнайы
педагогикалық тәжірибе арқылы тексерілді.Зерттеу нәтижелері жинақталып,
өңделді және қорытынды тұжырымдама дайындалды.
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, алты
параграфтан және жалпы қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1. ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы дифференциалды қатынас
Дифференциалды дене тәрбиесінің педагогикалық мәнін анықтау үшін даму,
оқыту және тәрбие категорияларын қарастыру, олардың бір-бірімен байланыс
механизмін ашып және әрқайсысының адам тұлғасының қалыптасу процесіне
әсерін анықтауда лайықты болады.
Бұл жерде біз қалыптасу терминінің 2-мәнін қарастырамыз; 1-ден адам
тұлғасын тұтас ұйымдастыруында жүйелі қатынастарының ерекше типінің құру
процесі, әрбір адамға имманенттік ретінде; 2-ден, жеке адамды бір мақсатқа
бағытталған және мәнді тәрбиелеу ретінде, педагогикалық процесс [2].
Педагогикалық көзқарастар мен ой-пікірлердің қалыптасу тарихы, олардың
педагогикалық жүйеде жанамалығы табиғат дүниесінің объективті кескінімен,
қоғамдық қатынастар мен адамның адамгершілік бастаулары рухани өмірмен
тығыз байланысты. Олардың жиынтығы адамзаттың әлеуметтік тәжірбиесінің
негізін құрайды.
Адамды дамытатын арнайы ұйымдастырылған тәрбие-оқыту іс-әрекеті туралы
сөз болғанда, әдетте бұл іс-әрекет үлкендердің әлеуметтік тәжірибе беруі
мен оны болашақ ұрпақтың белсенді меңгеруімен байланысты. Бұл әлеуметтік
тәжірибе қоғамда өмір сүру үшін және еңбек ету үшін қажет. Сондықтан
педагогикалық әдебиетте даму, оқыту және тәрбие дәстүрлі түрде адам
санасына әлеуметтік тәжірибені ендіру, адамға дағды мен ептелік, өзін-өзі
қалыптасу ретінде емес, ал тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік
тәрбиені пайдаланып, шындықты өзгертуде шығармашылық іс-әрекет ретінде,
өзін және шындықты өзгертетін әлеуметтік адамның іс-әрекеті болып
табылады[8].
Дамудың жалпы ұғымы К.Маркстың мынадай сөздерінде толық ашылған:
Байлық адамның шығармашылық дарындылығының өткен тарихи дамуынан басқа
ешқандай шартсыз абсолюттік айқындалуы болып табылады. Өткен тарихи даму,
осы даму тұтастығын өзіндік мақсат етеді; яғни алдын-ала белгіленген
масштабқа қатысты емес барлық адам күштерінің дамуын айтады. Адам бұл жерде
өзі белгілі бір анықтауда қайталанбайды, ал өзін барлық мақсатқа сай етіп
қайталайды [25]. Адамның дамуын күрделі жүйелі ұйымдастырылатын процесс
ретінде түсіну, тек педагогикалық, психологиялық ғылымдар жүйесінде терең
зерттеулер үшін жүргізу ғана аса маңызды емес, сонымен бірге арнайы
ұйымдастырылған қызметте практикалық дәрежеде меңгеру және даму процесін
саналы түрде басқару үшін де маңызды. Адамның дамуы түрлі стадиялардан,
кезеңдерден, жақтардан, деңгейлерден (спираль түрінде және көп сатылы,
дискретті және үздіксіз, дифференциалды және интегралды түрде жүзеге
асырудан) тұрады және ол процесс саннан сапаға немесе кері түрде өтеді.
Атап айтқанда, қарапайымнан жоғарыға қозғалу тенденциясында қайталану
барысында, сабақтастық пен қайтымсыздық барысында, бірлік пен қарама-
қайшылықтар барысында орындалады.
Бұл контексте даму категориясы адам туралы психологиялық,
педагогикалық білімдермен анықталатын жүйелі принциптер ретінде көрінеді,
ол өз кезегінде адамның даралық қасиетін оқып үйрену ғана емес, оны
қалыптастыру процесін көздейді. Адамның даралық қасиетінің дамуының ерекше
типі ретінде өзін-өзі анықтау, өз мүмкіндігін жүзеге асыру, жан-жақты даму
тенденцияларына ие болады. Осы 2-жақты процесте адамның даралығының жан-
жақты дамуының, нақты мүмкіншілігі қоғамдық материалдық және рухани
ресурстарының жинағы арқылы қамтамасыз етіледі. Тәрбие процесінде адамның
дамуының объективті заңдылықтарының есепке алуды жүйелі ұйымдастырылатын
әрекеттердің әңгіме барысы арнайы ұйымдастырылған тәрбие әрекетінің жеке
адамды қалыптастырудағы әсерін, ықпалды анықтаудағы ережесі ретінде бұл
әрекетті байланыстырады.
Қазақ педагогикалық энциклопедиясының сөздіктерінде тәрбиелеудің
түсініктемесі анықталады, процесс жеке адамның физикалық дамуының және
руханилығының жүйелі және мақсат бағыттағы ықпалының қоғамда, өндірісте
және мәдениеттегі әрекеті - олардың дайындық мақсаты деп айтылған[35].
Педагогикалық деректемелерде тәрбие процесінің мақсатын бекіту адамда
қоғаммен белгіленген әлеуметтік қасиеттерді қалыптастырудан тұрады.
Педагогикалық контексте тәрбие ұғымының мұндай түсіндірілу
көзқарасы, адамгершілік келбеті, жігерлі және дене қасиеттері көрінетін
тұлға қалыптасуының жақтарын анықтайды. Сонымен бірге ол тәрбиені дұрыс деп
есептеген қасиеттерге үйрету мақсатында тәрбиеленушіге мақсатқа сай
ұмтылған жүйелі ықпал ретінде де қарастырылуы мұмкін.
Дифференциалды дене тәрбиесін ұйымдастыруда адамның өз құндылығын
басым деп қабылданған әдістемесін есепке алып, Д.И.Фельдштейн берген
анықтаманы адам тәрбиесінде нағыз адамгершілік қатынастардың мәнін нақты
көрсетеді деп ойлаймыз; тәрбие деп біз өсіп келе жатқан адамның мақсатқа
бағытталған дамуын қайталанбайтын адамның жекелігі, қоғамдық практиканы
кұру арқылы осы адамның рухани және шығармашылық күштерінің өсуін, және
жетілуін қамтамасыз ету ретінде түсінеміз. Қоғамдық практика жағдайында
баланың өсе бастаған кезінде бар нәрсе келесі мүмкіндікті құрайтын шындыққа
айналады[21]. Бұл жерде тәрбиелеу дегеніміз, адамның субъективті дүниесін
бір жағынан қоғамның өсіп келе жатқан адамға қоятын талаптарды жүзеге
асыратын, рухани идеалға сәйкес әрекеттеніп, ал екінші жағынан баланың жеке
ерекшеліктерін барынша дамытатын мақсаттарды көздеп бағыттау.
Осыған сәйкес адам белсенділігі тәрбие объектісі емес, ол толық
құқықты субъект ретінде жобаланады. Бұл жерде өзіндік белсенділік, оның
көріну формалары және негізінен оның нәтижелілігін анықтайтын деңгейі,
адамды тарихи түрде қалыптасқан үлгі негізінде жасалуы керек. Бірақ оларды
мәнсіз қайталау ретінде емес, шығармашылық пайдалану ретінде қалыптасуы
қажет. Осы түсіндірме бойынша тәрбие балаларды, жасөспірімдерді,
бозбалаларды әлеуметтік, тұрмыстық бар формаларына бейімделу және белгілі
бір шамаға келтіру болып табылмайды, қоғамдағы іс-әрекеттің формалары мен
амалдарын иелену нәтижесінде адамның әрі қарай дамуы болады - белгілі бір
құндылықтарға, оның бағытын және күрделі өмірлік мәселелерді шешуде
дербестігін қалыптастыру[28].
Негізгі педагогикалық категориялардың біз қарастырған ұғымдарының
сипаттамасын аяқтай келіп, оқыту мен тәрбие адам жекелігінің (адамның жеке
басының) қалыптасуы және дамуы өтетін арнайы ұйымдастырылған және саналы
түрде басқарылатын процестер деп ерекше тоқталып айтуымыз қажет. Жоғарыда
айтылған процестердің ерекшеліктері мен қатынастарының генетикалық негізі
мен көзі болып, адамның қоғамдық қатынастардың субъектісі болуы. Қоғамға
қажетті іс-әрекетке дайындық қабілеті болып табылады. Бұл қабілеттілік
адамның шығармашылық күштеріне өзінше ойлауға, өз білімдерін жаңартып,
кеңейтуге ептіліктеріне, қоғам өмірінің барлық саласына қатысуға
дайындығына, қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына, көпжақты
қабілеттіліктерінің дамуына негізделеді. Қоғамдық қатынастардың субъектісі
және нәтижесі ретінде жеке адам саналы түрде қоршаған орта мен өзін, өз
өмірлік потенциалын мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің процесіне өзгертіп,
белсенді қоғамдық әрекеттер арқылы қалыптасады. Жалпы ерекше және жеке
қатынастың осы диалектикасының есебінсіз жоғарыда қарастырылған
процестердің өзгеше ерекшеліктерін құрайтын нақты міндеттерін және
ерекшелігін жан-жақты дене даму мәселесіне көшу үшін оны сипаттайтын
негізгі ұғымдарын, олардың ерекше бағытын және дене тәрбиесінің қазіргі
заманға теориясының анықтылығын қарастыру дұрыс болады.
Жалпы мағынасында адамның дене дамуы деп жеке өміріндегі оның
ағзасының табиғи морфты функионалды қасиеттерінің өзгеру процесі айтылады.
Бұл табиғи процесс, өйткені табиғи мұра бойынша берілетін, табиғи негізінде
өседі, және табиғи заңдарға бағынады. Оларға келесі заңдар жатады: дамудың
мұрагерлік тенденциялары мен өмір жағдайымен анықталатын тенденцияларының
әрекеттестігінің; функционалды және құрылма өзгерістерінің өзара
келісімділігінің, даму кезеңдерінің біртіндеп және жас бойынша
ауыспалылығының т.б. заңдары. Бірақ бұл заңдардың әсері адам өмірі мен іс-
әрекетінің әлеуметтік жағдайларына байланысы байқалады. Осыған байланысты
шектеулі мөлшерде оның дене дамуы әлеуметтік тарапынан ескерілген. Дене
дамуын төмендететін жағдайлар мен факторлар жиынтығына байланысты. Ол әр
түрлі сипаттамаға ие болады, әр түрлі форма мен мазмұн қабылдай алады.
Л.П.Матвеевтің пікірі бойынша дене тәрбиесінің жүйесі деп: Әрбір
қоғам формациясы үшін дене тәрбиесінің әлеуметтік практикасын ұйымдастыру
амалы, оның бастапқы негіздері және азды-көпті біртұтас құрылымын
анықтайтын жақтары[18]. Дене тәрбие жүйесі - анықтайтын қағидаларының
жиынтығымен қоғам дамуының ой және мақсатты негіздерімен, принциптерімен
сипатталады. Осыларды жүзеге асыру үшін осы жүйе құрылады. Қоғамға маңызды
ойлардың жиынтығы дене тәрбиесінің заңдылықтары, ережелері, құралдары мен
әдістері туралы ғылыми- практикалық білімдерін құруын, оның бағдарламалық
нормативті мазмұны мен сабақтарды ұйымдастыру формаларын құрастыруды
қамтамасыз етеді. Дене тәрбие жүйесінің жүйе құрайтын факторы ретінде
қоғамға сай белсенді тұлғаны сипаттайтын рухани және адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелеумен бірге адамның дене қасиеттерімен онымен байланысты
қабілеттерін жеткілікті деңгейде қалыптасу және қолдану түрінде ашылатын
мақсат алға шығады. Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны мен құрылымын
анықтауына мұндай тәсіл жеткіліксіз, өйткені ол біріншіден, негізінен
адамның дене қозғалыс қабілеттерін жетілдірумен мәдени құндылығы
белгіленетін дене тәрбиесі спорт іс-әрекеті болып табылады.
Бірақ нақты дене тәрбиесі, спорт іс-әрекетінің кең түрі басқа
қасиеттерден көрінеді; эстетикалық, ой қабілеттері, мінез-құлқының
адамгершілік нормалары, сөйлесу дағдылары. Л.И.Лубышеваның ойы бойынша
мұның бәрі, дене тәрбиесі - спорт іс-әрекетінің қозғаушы бөлігін, басқа
оның негізгі жалпы мәдени құндылықтарымен біліммен, әдістемелік
тәсілдермен, дағдылармен, құнды бағыттармен, мақсаттармен осы іс-әрекеттің
маңызды себептердің қалыптасуымен нығайтылады[17].
Екіншіден, дене тәрбиесі осы жүйенің жөнге салуы, ұйымдастырылуы және
мақсатқа бағытталуы көбіне адамға дайындықтың мазмұны, құралдары мен
әдістердің берілгендігі ретінде емес, ол тәрбие берілгеннің объектісі
ретінде адамға дәстүрлі бағытты белгілейді.
Мәні бойынша біз қоғаммен берілген ұйымдастырудың шектелген дене
тәрбие жүйесі ұғымының мысалы бар. Бұл жерде жеке адамның тек қана сыртқы
түрінде берілген іс-әрекетке қатысуын, сонымен адамның осы іс-әрекетінің
дербес және жауапты қатысушы ретінде ұстаған жолын қалыптастырады.
Сондықтан іс-әрекеттің тұлға мәнінің мәселесі ерекше маңызды бола бастайды.
Адамның ішкі қозғаушы күштері қажеттіліктері мен оның жасампаз ұмтылыстарын
есепсіз адам жекелігін дұрыс бағалауға да оның дене тәрбиесінің тиімді
жүйесін құру да мүмкін емес. Адам жекелігінің қалыптасуы мен дамуының дәл
осы әлеуметтік -психологиялық және педагогикалық аспектілері практикада
дене тәрбиесі процесінде де қажетті бейнеленуін таба алмайды.
Зерттеушілердің дәлелдері және осы жұмыста бізбен алынған материалдарға
сәйкес сол уақытта, дене тәрбие процесі адамның рухани, эмоциялық,
психологиялық және денелік ортасына қолайлы ықпалы үшін тәрбие мен өз-өзін
тәрбиелеу құралдары қамтамасыз етілетін органикалық бірлігі болған жағдайда
адам мен қоғамның прогрессивтік дамуына әсерін тигізуі мүмкін.
Педагогикалық жалпы әдістемелік принципі - адамның оқыту, тәрбие және даму
процестерінің бірлігі - дене тәрбиесінде де толығымен жүзеге асырылуы
қажет. Дене тәрбиесінің мемлекеттік жүйесінде жинақталған дене тәрбиесі -
дәстүрлі тәсіл. Бұл бірлікті тек ресми түрде мәлімдейді. Шынында адам
жекелігі дамуының негізгі мақсаты - барлығы үшін оқу бағдарламасы, оқыту
және тәрбие әдістері мен тәсілдерінің кейбір орташаланған жалпы нұсқасын
жасауға бағыттама шамасында жүзеге асырылмайды. Егер мақсатқа бағытталған
дене тәрбиесі - спорт іс-әрекетінде адам белсенділігі, өзін жүзеге асыруға
ұмтылысы және қоғамның мәдени идеяларын саналы түрде қабылдауы, оларды
белгілі бір адам үшін жеке құндылықтарына, сенімге айналдыруы басқа біреуге
жақсылық жасаудың қажеттілігі болмаса, адамгершілік ой қабілеттері мен
қасиеттері тәрбиеленбейді. Бұл жағдайда басты нәрсе бола қоймайды - ол
адамның дене тәрбиесі құндылықтарын, тіршілік әрекеттерінің жеке стилін
қалыптастыру үшін пайдалану қажеттіліктердің өсуі, қажеттіліктердің көбею
заңы, қажеттілік себеп-саласының дамуы, эмоциялық уайымдар мен қатынастар
мұра етілмейді. Олар тек қана осы іс-әрекет процесінде адамды тиімді
иеленуі мүмкін, біртұтас педагогикалық процесінде білім мен шығармашылық
тәжірибесін меңгеру барысында мақсатқа сәйкес қалыптасады.
Дене тәрбие жүйесі мазмұнының адамның өзін-өзін бағалау приоритетін
мойындауға қазіргі заманғы мақсаттарына дене тәрбиесі саласында адам
жекелігін қалыптасуына әлеуметтік тапсырысқа сәйкес келмеуі осы процестің
механикалық манипулятивті түсінігінен оның адамгершілік мәнін ұғынуын талап
етеді. Пайда болған қайшылықтың жойылуын біз дене тәрбиесі жүйесінің
маңызды қайта құруында адамның дене потенциалының қалыптасу және даму
мақсаттары мен міндеттері, формалары мен әдістері туралы түсініктер
жүйесінде жаңа педагогикалық үлгісінің құрылуында тіршілік әрекетінің дені
сау стилінің қалыптасуы мен жетілдіруін көреміз. Бұл тезис маңыздылығының
дәлелдеуін біздің еліміздегі қоғам өмірінің әлеуметтік - экономикалық және
саяси қайта құру практикасында сонымен бірге дене тәрбиесінің белгілі
теорияшылар еңбектерінде көреміз. Ол жерде былай делінген: Дене тәрбиесі
процесінің технологиясын барынша жекелеуге стратегиялық көңіл және осыған
сәйкес әрбір адамның психикалық және физиологиялық дамуы, біздің
балаларымыздың, немере мен шөберелеріміздің дене-тәрбиесі - спорт бағытының
ролін елеулі көтереді. Табиғи ерекшеліктердің толық ашылуы қозғалудың
генетика жағынан негізделген қасиеттері мен оның даму әсері адамның дене
белсенділігінің табиғи және психологиялық мәніне терең түсіну негізінде,
оның қозғалыс қызметтерінің даму барысы мен нәтижелерін анықтайтын негізгі
факторын табу негізінде шешіледі [4,9]. Дене тәрбиесі мазмұнын жаңартуының
негізгі орны болып тарихи, әлеуметтік, мәдени және ұлттық дәстүрлерге,
адамның табиғи және әлеуметтік дамуына негізделген демократизациялау және
гуманизациялау болуы керек. Адамгершілік - бұл адамды жоғарғы әлеуметтік
құндылық деп есептеу әлеуметтік ойлаудың адам жекелігі арқылы басқаша
түсіндіріледі.
Ал оқыту мен тәрбие процесіндегі мақсаттар мен міндеттер адамның
қажеттіліктері мен тілектерін қандай мөлшерде есепке алынатының, қандай
шамада жұмыс істейтінін бағалайды. Демократизациялау дегеніміз - қоғам
жүйесінің орташаланған тұлға концепциясын жеңу, яғни адамның жоғарғы
кұндылық ретінде концепциясы үшін дене тәрбиесі жүйесін қайта құрудың
қайталанбайтындығының мақсаты, құралы және кепілі. Қазіргі заманғы дене
тәрбиесінің маңызды кемшілігі оның дерексіздігінде, тұтас адам табиғатының
жанамалығында, әскери-бұйрық әдістеріндегі талап, себеп және
бейімділігінде, дене дайындық деңгейінің сыртқы көрсеткіштерінде,
орташаланған нормативке дене шарттарын ықтиярсыз келтіруден көрінеді. Бұл
тұлғаның қалыптасуының адамгершілік негіздеріне және оның еркіндік идеясына
қайшы келеді[20].
Дене тәрбиесінің дәстүрлі идеологиясы мен адамның өзіндік құндылық
приоритеті арасындағы үзілісті жеңуге тек қана тәрбиенің барлық жүйесін
адамға қарай бұрылу жолы арқылы болады. Оның негізінде гуманизациялау және
демократизациялау идеяларын оның тілектерін ойлау мен сенуді, оны жүзеге
асыру тәсілдері мен формаларын іс-әрекет бейімділіктер мен себептерді тек
қана осы процестің жан-жақты жекешелену идеясына негізделген. Дене
тәрбиесіне мұндай жақындау шынымен адам қабілеттерін жан-жақты дамыту, және
оның жекелігін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау керек. Бұл бағыттардың
жүзеге асырылуы адамға және оның іс-әрекетіне дене тәрбие саласында өзгеше
қатынасты туындыратын себептерді жоюға негізделуі қажет. Бұл үшін:
* дене тәрбиесі жүйесінде педагогикалық өктемдік пен конформизмді
жеңуге;
* дене тәрбиесінің демократиялық және адамгершілік дәстүрлері мен
идеяларын жаңарту;
* дене тәрбиесі жүйесін жаппай жан-жақтылық пен үйлестіруден босату;
* дене тәрбиесіндегі спорттық іс-әрекеттерінің әр алуан амалдары мен
формаларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау керек;
* адамның дене жаттығу сабақтарынан өзінен-өзі жат болып кетуін алдын-
ала анықтайтын жағдайларды жою;
* мұғалім және педагогика негізінде оқитын адам арасындағы өзара сенім
мен ынтымақтастық, дидактикалық процесті жаңа қатынастарымен толтыру.
Дене тәрбиесінің ұйымдастыру өзгерістерімен әдістеме және теориялық
әдістемелік негіздері мен жақтарын жетілдірумен қатар ерекше назарды
жекешелену идеясын жүзеге асыру. Оны негізінде мазмұнды мәнін қайта құруға,
дене тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын таңдау еркіндігін барлық
жаттығушылардың ұғынған білім алу әрекетін белсенді жүзеге асыру үшін дене
тәрбиесі спорт іс-әрекетінің ұнатқан түрлерін меңгеру процесінде
мүмкіншілік беруге аудару керек. Берілген педагогикалық жүйенің негізі
жоғары мақсаты мен құндылығы болып, адам жекелігі болғанда көп нұсқаулы
және көп қырлы дене тәрбиесінің жаңа концептуалды негіздерді түсіну және
бекіту дене тәрбиесін дифференциалды дене тәрбие процесіне заңды айналу
туралы айтуға әкеледі. Дифференциалды дене тәрбиесі адам жекелігінің
қалыптасуы мен дамуының негізгі амалы, белгілі мақсатқа бағытталған және
мақсатқа сәйкес педагогикалық процесс бола бастады[37].
Оның мақсаты - еркін, рухани дене жағынан ойы дамыған адамдарды
үздіксіз өзгеріп жатқан өмірде шабыттана өмір сүруге қабілетті адамдарды
өсіру. Дифференциалды дене тәрбиесі процессінің мақсаттарын, міндеттері мен
мәнін түсіну педагогикалық технологияның негізгі концептуалды қағидалары,
принциптері, шарттары мен ұсыныстарының мазмұнын талап етеді. Біздің ойымыз
бойынша үзіліссіз білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесінің дифференциалды
қатынасын қалыптастыру тұжырымдамасы құрылатын алты негізгі ережені
қарастыру заңды болады (1-ші сурет)
1 сурет. Білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесінің дифференциалды қатынасын
қалыптастыру тұжырымдамасы.
Біріншіден - тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол педагогика
жүйесін адамға жоғарғы әлеуметтік құндылық ретінде қарауға адам
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды
дамытуға бағыттайды.
Екіншіден - оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализация-
лануын дамыту, адамның өз құндылығының абсолютті сипаттамасын потенциалдан
шындыққа айналдыру дене тәрбиесі - спорттық іс-әрекетерінің түрлерін еркін
таңдауға, тіршілік әрекетінің салауатты өмір салтының шарттары мен
амалдары.
Үшіншіден - жаттығушылардың белсенділігі мен дербестік дамуын
оқытушылардың шығармашылық ізденіс пен жаңашылдығын ынталандыратын оқыту
мен тәрбиенің икемді әдістерін қолдану негізінде, адамның ішкі өмірі сыртқы
өмірімен барабар өзара қатынасын қамтамасыз ететін біртұтас үйлесімді,
білімді ортаны жасау;
Төртінші қағида - дене тәрбиесі мазмұнының үзіліссіз даму қажеттілігімен
байланысқан. Ол уақыттың әрбір мезгілінде ұтымды таңдау мен қозғалысты
өзгертуді, сонымен бірге адамның дене күшінің құрылымы мен қозғалысына
сәйкес көп нұсқаулы және көп түрлі педагогикалық процестің әрдайым жетілуі;
Бесінші қағида - дене шынықтырудың тұлға ұнатқан түрлері мен биологиялық
тұрғысынан келісілген сабақтарының рахат сезімі мен әртүрлі мәліметтің
жеткілікті мөлшері білімнің негізінде дене шынықтыру құндылықтарын меңгеру
саласында адамның себеп талаптарын қалыптастыруға бағыттайды.
Алтыншы қағида - адамның рухани сезім және дене дамуының оның
көзқарасының қалыптасуымен өзіне және қоршаған ортаға қатынасымен,
салауатты өмір салтын өзі анықтауымен және өзі ұйымдастыру процесінде дене
шынықтыру мазмұнын, формалары мен әдістерінің приоритетін түсінуімен
байланысты мойындауды сипаттайды.
Бұл адамның өз-өзін тану процесінің өзекті мәселесі болу арқылы, жеке
адаммен басқа тұлғаның жан-жақты дамуы, білім негіздерін меңгеру жолы
арқылы, дене тәрбиесі теориясы мен педагогикадан, психология және биология
ғылымдарынан, адам туралы объективті білімді келтіру арқылы жүзеге
асырылады. Білім беру негіздерінің жекелешенуі және күрделенуі адамгершілік
және демократиялық аспектілердің дамуы, мәдени педагогикалық
технологияларды кұру бағытына қарай қадам жасауға мүмкіндік береді. Ол
жерде координат ортасында жеке адам тұлғасы тұрады, ал оның біртұтас дамуы,
дене тәрбиесінің тақырыбы болады. Дифференциалды дене тәрбиесіндегі білім
беру - дүниеге көзқарас, даму, ақыл-ой жеке психологиялық бөлшектерінің
бірігуі бір ізді принциппен жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы қоғамның
негізгі міндеті - рухани, ақыл-ой, денесі дамыған, өзі және қоршаған орта
үшін жауапкершілігі артатын, еркін адамды қалыптастыру. Адамның дене
потенциалын табиғатқа сәйкес даму принципі, адамның дене белсенділігінің
мәні формалары мен шарттары, оқытудың құралдары әдістерінің тәрбиесі адам
табиғаты мен оның даму заңдарымен келісілген болу қажет деген ой-пікірде
құрылады. Бұл принцип негізінде Я.А.Коменский, А.Дистервегтің адам мен
қоршаған ортаның, адам мен оның ұлтының, адам мен адамзаттың бірлігі туралы
идеялар жатыр. Сондықтан олардың ойы бойынша педагогиканың алдында негізгі
үш міндет тұр:
- жеке адаммен келісіп, оның табиғи ерекшеліктеріне сай
калыптасуы;
* ұлттық ерекшеліктеріне сай болуы;
- жалпы адамгершілік мақсаттарға сәйкес тәрбиеленуі қажет[29].
Дене тәрбиесі процесінде табиғи жаратылысына сәйкес принциптің терең мәні
мынада жатыр: ол адамның дене потенциалының үздіксіз дамуына себебін
тигізетін шарттар мен себептер жиынтығын осы уақыттағы үйлесуіне
бағыттайды. Бұл уақыт қамтамасыз етудің морфологиялық функционалды жүйелері
мен қозғалыс дамуының табиғи ырғағына сәйкес болуы мүмкін еді.
Осылай адам дамуының тарихи процесінде дене шынықтыру мазмұны көмегімен
табиғи дамудың бөлек кезеңдері арасындағы ұтымды жалғастырушылықты
қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және жүзеге асырылады. Ол байланыстырып
емес, табиғи түрде оқыту мен тәрбиені адам дамуымен қосады. Бұл принцип
дене тәрбиесі формаларының көп түрлілігін жекелену және жіктелу негізінде
белгілейді. Ол дене шынықтырудың адамдар таңдаған түрлерінде адамдардың
қабілеттерін дамытып, және талаптарының пайда болуы үшін, денсаулық
жағдайын, қызығушылығын және қажеттіліктерді есепке алып, осы түрлерді
таңдау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Бұл принциптің әдістемелік базасы В.К. Бальсевич, Л.В.Волков, А.А.
Гужаловский, М.И.Семеновтардың зерттеулері болып табылады. Бұл
зерттеулерде адам қозғалысы дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу
қабілеттері мен әлеуметтік - психологиялық себептерді толық есепке алынуда
қамтамасыз етіледі. Осыдан педагогикалық жүйе мен психологияларында басым
болып өз-өзін тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай
жасайтын формалар мен әдістер табылады[11,12].
Дене тәрбиесіне осындай қадам жасағанда оқу бағдарламаның бәріне бірдей
мақсаттары негізінде жасалуы мұмкін емес, өйткені мұндай бірлікте басынан
қалай дене шынықтырудың шектеулі құндылығы, сондай-ақ адамның өз-өзін
бағалауының шектелуін жобалайды. Сонымен дене тәрбиесінің табиғат
жаратылысына сәйкес принципінің жүзеге асырылуы, әрбір адам табиғатынан
шығуға және тәрбие процесі мазмұнын үйлестіру мен жан-жақты болудан бас
тартуды, жеке адам тұлғасына байланысты оқыту, тәрбие және дамудың көп
түрлі және көп нұсқалы бағдарламаларын жасауды талап етеді.
Дифференциалды дене тәрбиесінің әлеуметке сәйкестік принципі адам
дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың
ерекше жеке жүйесін мойындау; Өсіп келе жетқан адаммен әлеуметтік тәжірибе
арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану
деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада жауапты
әрекетке деңгейі, қоғамға қатынасында оны мен деген орынға шоғырланады.
Бір жағынан қоғамға қатынасында Мен деген орнына жинау нәтижелері,
рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, өз-өзін тұсініп дамуы,
және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, екінші жағынан оның әрбір сатысына
жіктелу қадам қажеттілігі тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттіліктің
ара қатынасын есепке алғанда тәрбие процесінде өсудің потенциалды
мүмкіншіліктерін өмірде бар ерекше күйді алуды белгілейді.
Ол тәрбие процесін, адамның әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың
психологиялық заңдылықтарына барабар кұруға көмектеседі. Әлеуметтік дамудың
маңызды көрсеткіші ретінде өсіп келе жатқан адамдардың қызығушылықтары алға
шығады.
Онда жеке адам тұлғаның бағыты, оның ақыл-ой, эмоциялық және дене
белсенділігі байқалады. Балалар, жасөспірім және бозбалалардың дамуында
маңызды мәні болып мінез-құлығы мен іс-әрекетінің өзіне, басқа адамдарға,
қоғамға қатынасының сипаты, өз-өзін түсіну және жауапкершілік деңгейі
белгіленеді. Дифференциалды дене тәрбиесінің әлеуметке сәйкес принципі
жаттығушылардың қызығушылыктары, себептері, қажеттіліктері мен ұстаған
бағыттарына сәйкес дене шынықтыру саласында құндылық бағыттарды ақылды
реттеу қажеттіліктерін, тәрбие құралдар кешенінің спорт нәтижесіне даярлау
тенденциясына қарсы мақсатқа сәйкес қолдануға негізделген реттелу
қажеттілігін анықтайды. Бұл жерде дене шынықтырушыны тәрбиелеу бойынша
күрделі және еңбекті көп керек ететін жұмыстың орнына таза техникалық
нәтижелеріне қарай оқытушы оқушылармен тек қана бір жақты, спорттық -
техникалық міндетін орындаумен байланысқан үйретуші орнын алады.
Сонымен дифференциалды дене тәрбиесінің әлеуметке сәйкес принципі жеке
адам тұлғасының қоғамда қызмет жасауға ұмтылысы мен дайындығында, өзін
басқа адамдарда табуда қоғамға мәнді басымдылығынан шығады. Ол өзінің
әлеуметтік қатысуын түсінуге тақырыпты - практикалык іс-әрекеті дамуының іс
жүзіндегі формалары мен жолдарды белсенді ізденуге әкеледі. Дифференциалды
тәрбие процесінде қанағаттану принципі адамның мені әр алуандық бірлігі,
яғни жекелігі қалыптасуын бақылап отыру формасы мен қажетті негізін
құрайды. Бұл принциптің жалпы қисыны келесіде жатыр:
қоғамдық, жеке адамға тән ерекшеліктері мен қажеттіліктері адам өмірінің
жағдайларын жақсарту үшін, олардың саналы, мақсатқа сай іс-әрекетінің өнімі
болып табылады. Қанағаттану адам мінез-кұлқынындағы негізгі бағыт, оның
қызығушылықтарының табиғи негізі болып табылады. Адам қандайда бір
қажеттілігіне бағынышты болғанда онда ол таным мен ойланудан бастамайды, ал
керісінше танымның өзі басынан бастап, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін,
құралдарды іздеуге бағындырады.
Өзінің бағыттау қызметінде қажеттілік - психологиялык танымның тақырыбы
болып табылады - деп А.Н.Леонтьев ерекше көрсеткен. Бұл принциптің жалпы
қисынының басқа жолы іс-әрекеттің өз-өзін бағалауды мойындауында. Егер іс-
әрекетті жүзеге асыру барысында қанағаттану сезімі пайда болса, онда мұндай
іс-әрекеттің өзі құнды деп айтуға болады, өйткені ол субъектіде бар
қандайда бір қажеттілік үшін жүзеге асырылмайды, ал канағаттану ере жүреді,
субъект үшін кұндылық бола бастайды. Ойын деп қанағаттанудың көтеріңкі
сезімімен байланысқан жаттығудың түрін атайды - деп ерекше көңіл
аударған[5,29].
Қанағаттану принципі адамда қажеттілік емес, әрекеттің басқа көзін және
басқа мәнін, өз-өзін көрсету, түсініп және ұғынуға көмектеседі. Мәлім
болғандай, адам табиғатында оның дене шынықтырудың нақты бір түріне
мамандануы көрінеді. Іс-әрекет процесінде бұл мамандану қабілеттерінің
толық көрінуі, оқытудағы жетістігі, оқытудың төмен нәтижесіне байланысты
азап шегуі, оның салдарынан қанағаттану немесе наразылығы көрінеді. Осыдан
өте маңызды нәтиже шығады. Адам тек қана өзінің қажеттіліктері,
қызығушылығы, ынта яғни іс-әрекет нәтижелерінен қанағаттана алады, сонымен
бұл іс-әрекетте оның табиғаты жүзеге асыралады. Бұл мәтінде қанағат іс-
әрекетпен бірге жүреді және оны қанағаттандырады, оған аяқталғандық пен
толықтық береді. Ал әрекетті адам өзін көрсету үшін қажетті шарт және де іс-
әрекет түрлерін еркін таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті құрал болып
табылады.
Дифференциалды дене тәрбиесі жүйесінің білім кеңестігінің принципі осы
жүйенің бастапқы, қазіргі және ақырғы жағдайын оқу орнының әрбір түрі үшін
анықтауында. Дене тәрбие процесінің оған қатысты сыртқы жағдайлармен
сонымен бірге осы процестің ішкі бөлімдері арасындағы заңды, байланыстар
орнату қажеттілігінде болады. Ол басынан дифференциалды дене тәрбиесі
жүйесі ішкі бөлімдерінің дамуы және сыртқы ұдайы дамуына бағыттайды[47,48].
Дифференциалды дене тәрбиесі жүйесіндегі білім кеңістігінің принципі
жаттығушылардың нақты оқу мүмкіндіктерін көптеген жеке ерекшеліктеріне
қарай типологиялық тиістілігі бойынша бөлінуін қамтамасыз етеді. Олар
Гегельдің сөзі бойынша түрсіз шексіздіктің түрі болып табылады. Дене
тәрбиесінің жекелену мақсаттарына сәйкес оқу материалдардың мазмұнын
таңдауын, оқыту формалары мен әдістерін, оқу процессін әдістемелік және
қаржы жағынан қамтамасыз етуін алға қарай жылжыту. Ол мұғалімдер мен
жаттығушылардың тығыз байланысқан іс-әрекетін қалыптастыру және жүзеге
асыру қажеттілігінен шығады. Мұндай іс-әрекет алдын-ала қойылған жағдайда
мүмкіндігінше тиімді оқыту, тәрбие және өсуіне бағытталған. Сол уақытта
білім кеңістігінің принципін жүзеге асыру денеге түсетін күшті анықтау
кезінде этикалық, адамгершілік нормаларды сақтауын, құнды бағыт, алға
қойылған мақсаттарға сәйкес спорт немесе сауықтыру әдістемеліктерді
пайдалануын қарастырады.
Осы зерттеу кезінде алынған тәжірибені материалдармен қатар қарастырылған
қағидалар мен принциптердің дәйекті түрде жүзеге асырылуы жекешелену идеясы
негізінде дене тәрбиесі саласында жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалануға мүмкіндік береді.
Осымен ол бұл процессті ұйымдастыру амалдары мен мәні бойынша
инновациялық етіп жасайды. Дифференциалды дене тәрбиесінің мазмұнын
анықтайтын мәнді кезеңі болып, дене тәрбиесі саласындағы біз ұсынып отырған
жеке адамды қалыптастыру концепциясы шеңберінде мақсаттарды белгілеу мен
міндеттерді қою болып табылады.
Дифференциалды дене тәрбиесінің мақсатты бағытын және одан шығатын
міндеттерді сипаттайтын негізгі әдістемелік аспектерді қарастырайық.
1.2 Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың бүгінгі жайы
Мектеп жасындағы балалар үшін жоғары қимыл белсенділігіне қажеттілік
табиғи болып табылады. Ол баланың жеке дамуының мұралық бағдарламасымен
салынған және балалар ағзасының мүшелері мен құрылымының функционалды
мүмкіншіліктерін үнемі кеңейту қажеттілігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz