Дін және діни сана


8 лекция Дін. Мораль. Идеология.
1. Дін және діни сана. Діннің түрлері және діндердің іштей жіктелуі.
2. Мораль - қоғамдық сананың формасы.
3. Әртүрлі діндердегі моральдық құндылықтар және олардың араларындағы ерекшеліктер.
Діни сана адам баласының адамның еркінен тыс күш барлығына мойын ұсыну, Тәңірдің барлығын мойындау, рухтың мәңгілігін мен болашақта киелімен кездесетінін сезіну т. б. діни санаға жатады. Діндерді топтастыру мәселесі соңғы екі ғасыр бойына зерттеушілерді қызықтырып келеді. Гегель діндерді табиғи діндер (Индия, Қытай, Парсы, Сирия, Египет), рухани даралық діндері (Иудей, Грекия, Египет), және абсолюттік дін- деп христиандықты атаған. О. Конт болса, діндер тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады: фетишизм, политеизм, монотеизм. К. Тиле діндерді екі топқа топтастырады: табиғи діндер және этикалық діндер. Этикалық діндер іштей ұлттық діндер және әлемдік діндер (буддизм, христиандық, ислам) болып бөлінеді. Сонымен бірге діндерді этникалық және географиялық белгілеріне қарай жіктеу де бар. М. Мюллер (1878) осы топтастыру арқылы үшке жіктейді: арийлер діні, семит халықтарының діні, тұран халықтары діні. Ал маркстік теорияда діннің екі түрі бар: таптық қоғамға дейінгі діндер және таптық қоғам орнағаннан кейінгі діндер. Таптық қоғам орнағаннан кейінгі діндердің өзін екі топқа жіктейді: ұлттық діндер және әлемдік діндер. Діндердің ішіндегі өзге діндерден ерекшесі табиғи діндер болып табылады. Табиғи дін ешқандай сенімді уағыздамайды. Тек таза, жоғарғы бүкіл әлемдік дінді: табиғат пен сананы уағыздайтын дін. Оло Иуда діні де, христиан діні де, мұсылман діні де емес. Ол бұл діндердің тек жақсы жақтарын алады. Ол ең бірінші адамгершілікті жоғары қояды және адамгершілік мақсаттарды ғана зерттеуді жақтайды. Т. Лукман дінді түсіндіру үшін әлеуметтік антропология тәсілдерін пайдаланды. Ол өмірдің феномендері ретінде «осы дүниелік өмір» мен «әлеуметтік шындықты» (нақтылықты) алды. Негізгі әлеуметтік нақтылық ретінде күнделікті өмір алынды. Оның мазмұнын ғылым, мәдениет, философия, дін құрайды деп есептеді. Т. Лукман діннің екі нысанын бөліп көрсетеді:
- айрықша - діннің шіркеулік формасы;
- айрықша емес - жалпы әлеуметтік формасы.
Т. Лукманның «трансценденттіктің» (ақыл-оймен түсініп болмайды деп есептейтін ағым) көмегімен діннің мәнін түсіндіргісі келеді, яғни ол діннің табиғатын адамның биологиялық табиғатынан тыс, қоғамдық мәнімен түсіндіргісі келді. Дін - Т. Лукманның ойынша, адам өмірінің тірегі, мән- мағынасы. Дінді мәдениет пен салт-дәстүрді жеке адамға бағындыру арқылы трансценденттеуге болады, яғни табиғаттан тыс күштермен байланысқа түсуге болады.
Т. Лукман бұл қоғамға да, жеке адамға да пайдалы деп санады. Қазіргі әлеуметтану дінді өте маңызды әлеуметтік институт деп бағалайды. Оның құрамына әлеуметтік нормалар, салт-дәстүрлер, жөн-жоралғылар, діни нанымдар, мінез-құлық, ұйымдық формалар кіреді. Дін адамға әлеуметтік шындықты түсіндіруде шешуші рөл атқарады .
Дінді социологиялық тұрғыдан талдау діннің тарихи және әлеуметтік тұрғыдан пайда болып, шығу негіздерін таразылайды. Діннің пайда болып, шығу тегі, әлеуметтік алғышарттары, біріншіден, материалдық құндылықтар дүниесі, екіншіден, рухани өріске бөлінеді, олар: саясат, өкімет, мәдениет, ғылым, философия. Әлеуметтік алғышарттар аясында психологиялық және гносеологиялық алғышарттар әрекет жасайды. Гносеологиялық алғышарттарда адамның ой-санасында, ұғым-түсінігінде діннің пайда болып, шығуы обьективті процесс, демек оны танып, білуге болады деп түсіндіріледі.
Психологиялық алғышарттарға адамның өміріндегі күнделікті жағдаяттар, адамның көңіл-күйі, сезімі, нанымдары жатқызылады.
Тарих, әлеуметтік өмір өзгерген сайын діннің де мазмұны, құрылымдық элементтері өзгеріп отырды. Алғашқы қауымда дін жеке құрылым бола алған жоқ, ол тек кейінгі дәуірлерден бастап өз күшіне енді. Қазіргі дүниежүзілік діндер бірнеше элементтерден тұратын жүйелерден құралады.
Социологиялық талдау діннің мынадай бөліктеріне айрықша көңіл бөледі:
- діни сана-сезім, ұғым-түсініктерге;
- діни іс-қимылдар мен әрекеттерге;
- діни ара-қатынастарға;
- діни ұйымдардың жұмыстарына.
Діни сана-сезім, ұғым-түсінікті талдаудың бірнеше аспектілері бар:
а) діни сана деңгейлері;
б) жеке, таптық, қоғамдық діни ұғым-түсініктер аясы;
в) діни сана-сезімнің ең қарапайым құрылымдық элементтері ретінде діни сенімнің, діни символдардың, нормалардың, құндылықтардың мәндеріне ой жүгірту;
г) социологиялық талдауда діни сана-сезімнің, ақыл-парасаттылықтың, қызуқандылықтың, тез әсерленгіштіктің мән-мағыналарын зерттеулерге айрықша назар аударылады.
Діни сана екі деңгейде өмір сүреді: күнделікті жұтаң діни сана және негізгі діни көзқарастар, дүниетаным жиынтығына дін қызметкерінің дін туралы ой- пікірлері кіреді.
Оның құрамында мыналар қарастырылады:
- теология - құдай туралы ілім;
- саясат, құқық, экономика туралы теологиялық көзқарастар жиынтығы;
- діни философия:
Дін негізінен дүниені рухани игеру сферасы ретінде қарастырылады. Діни іс-қимыл, әрекеттердің екі түрі бар: діни және діннен тыс. Діни іс-әрекеттің ең көрнекті түрі - ғибадат. Ғибадат үстінде адамдардың бойында рухани күштерге деген сенім оянады.
Ғибадат түрлері:
- діни ойындар (билер) ;
- құдайға құлшылық ету, шоқыну, сыйыну;
- діни ұйымдар, әдет-ғұрыптар;
- діни мейрамдар;
- қажылыққа бару, т. б.
Ғибадат субьектісі - діни топ немесе дінге табынушы жеке адам. Жеке ғибадат етуші адам ғибадат ету жолдарын (тәсілдерін) жете меңгерген болуы тиіс.
Ғибадат ету тәсілдері діни сеніммен (наныммен) анықталады. Ғибадат ету орындары, амалдары (құралдары) мыналар:
- ғибадат ететін шіркеу, мешіт, т. с. с.
- діни мәдениет (архитектура, музыка, суреттер) ;
- ғибадат ету құралдары (шіркеу заттары) ;
Ғибадат ету қорытындысы:
- діни қажеттілікті өтеу;
- діни болмаған қажеттілікті өтеу (әсемдік, көркемдік, адамдардың ара қатынасы) ;
- дінге табынушылардың психикалық өзгерістері (қуанышы, қайғысы) ;
- діни топтардың бірігуі.
Дінге қатысты іс-әрекеттер:
- діни идеялар мен догматтарды ойлап табу;
- діни кітаптарды құрастырып шығару;
- дін ілімінен сабақ беру;
- діни ойларды тарату (сенім) ;
- басшылық қызметті ұйымдастыру.
Діни іс-қимылдарда діни ара қатынастар пайда болады. Олар:
а) өлі және тірі табиғаттағы заттар;
б) жеке және топ адамдар;
в) құдайлардың, рухтардың, т. б. образдары;
г) жеке сөздер мен сөйлемдер.
Діни іс-қимыл мен ара қатынастарды діни ұйымдар реттеп отырады.
Діни ұйым - діншіл топтардың жиналу орталығы. Олар:
а) шіркеу, мешіт;
б) секталар (діннен бөлінген негізгі топтар) ;
в) деноминациялық топтар.
Шіркеу - ғибадат ету орны, жергілікті дін орталығы. Шіркеудің ұйымдық құрылымы, олар дін басылар, онда жұмыс жасайтын адамдар. Басқару тәртібі: төменгі шенділердің жоғары шенділерге бағынуы.
Мешіт мұсылмандардың құдайға құлшылық етуіне арналып салынған үйі. Діни аңыздарға қарағанда алғашқы мешіт VII ғасырдың бірінші ширегінде Медине қаласының жанындағы Құба деген елді мекенде салынған. Төбесі пальма ағашының жапырақтарымен жабылған төрт бұрышты үй болған. Мешітке мұсылмандар намаз оқу, діни өсиеттерді тыңдау немесе қоғамдық мәселелерді талқылау үшін жиналатын болған. Мешіттің ауласы және төбесі күмбезделіп жабылған екі түрі кең өріс алған. Ашық аулалы түрі негізінен араб елдерінде, күмбезді мешіттер Орта Азияда жиі кездеседі. Мешіттің Меккеге қараған қабырғасында мінажат ету үшін жасалған қуыс - михраб, оның оң жағын ала құран немесе аят оқу мақсатында орнатылған мінбер болады. Орта ғасырларда тұрғызылған көптеген мешіттер (Самарқандағы Бибі ханым мешіті, Бұхарадағы Калян, т. б. ) сәулет өнерінің тамаша туындыларына жатады.
Секта - негізгі постулаттарға сыни көзбен қарайтындар ұйым. Уақыт өте келе қайсыбір секталар өз жұмысын тоқтататын болса, кейбіреулері шіркеуге айналып жатады.
Сектаға тән қасиеттер:
- өзінің үстемдік рөлін арттыру;
- көңіл-күй таңдауы;
- оқшаулануға ұмтылу;
- рухани қайта жаңғыруға ұмтылу;
- барлық мүшелердің тең құқықтылығы.
Деноминация (латынша denominatio - жаңа ат қою) - жеке өмір сүру. Оның принциптері шіркеу мен сектаға қарсы. Оның мүшелері қатаң бақылауда болады; діни белсенділіктері жоғары; «Дүниемен» бірігу тенденциясы байқалады; қоғамда бірнеше әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Социологтар дін атқаратын мынадай қызметтерді атап көрсетеді:
- компенсаторлық (өтемдік) қызмет: адамдардан оқшаулану, әлсіздік, адамдардың өз өміріне риза еместігі, барға қанағатшылдық, шаршағанды басу;
- дүниетанымдық қызмет: дін өмірдің мәнін түсіндіреді, оған баға береді;
- коммуникативтік (қатынастық) қызмет: құдайға құлшылық ету кезінде адамдардың арақатынасы жақсарады, бір-бірімен сұхбаттасуына жағдай туғызады;
- интеграциялық қызмет: қандай да бір қоғамдық факторды қолдайды;
- реттеушілік (регулятивный) қызмет: діни құндылықтар, әдет-ғұрыптар арқылы жеке адамдардың және топтардың іс-қимылдарын, мінез-құлықтарын басқаруға жәрдемдеседі.
- хабар таратушылық қызмет: жинақталған білімдерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.
Барлық діндер қоғамның рухани өмірімен байланысты дамиды, өмір сүрудің мәнін анықтайды (өмір мен өлім мәселелері) адамдардың мінез-құлқын реттейді. Барлық діндер адамдарды бір-біріне сыйластықпен қарауға, құлдықтан азат болуға, ақиқатқа сенуге үндейді. Сонымен бірінші сұрақты қорытындылай келіп, түйген ойымыз мынадай: қандай да бір дін болмасын, мейлі ол көне дін нысандары болсын немесе ол әлемдік діндер болсын, олардың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы, мазмұны, құрылымы, маңызы және де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар күрделі рухани құрылым, өз алдына бір дүние, біртұтас рухани жүйе болып саналады. Діни сана-сезім ғибадат ету барысында көрінеді. Ғибадат ету рәсімдері діни орталықтарда (мешіттерде, шіркеулерде, т. с. с) жүзеге асырылады. Діни сана-сезім діни идеологиядан, діни философиялық ілімнен, діни ілім теология мазмұнынан, діни теориядан (саясат, экономика, құқық, т. с. с. ), діни психологиядан (адам ой-пікірлері, сезімдері, көңіл-күйлері, т. б. ) құралады. Діни іс-қимылдар мен шаралық әрекеттер ғибадат етуден, бір құдайға табынудан, оның құдіреттілігіне сенімділіктен, құдай алдындағы қорқыныштан, зекет беруден, т. б. тұрады.
Діни мейрамдар, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару, діни әдет- ғұрыптарды сақтау қатаң тәртіптелген әрі бақыланып отырылады.
2. Мораль - қоғамдық сананың формасы.
Мораль - қоғамдық сананың бір формасы. Дін, құқық, өнер сияқты мораль да қоғамдық сананың бір формасы ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір.
Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Әсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы рөлі орасан зор. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Ғибадаттардың көпшілігінің жамиғатпен жасалуы дінде қоғамға қаншалықты мән берілетіндігін көрсетеді. Құлшылық сәті - адамдардың біріне-бірі ең жақындасатын кезі. Сондықтан діни рәсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар жалпы дүниежүзілік діндердің қай-қайсысы болсын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Діннің моральды қалыптастырудағы орнының маңыздылығын сол діндердегі адамгершіліктің, түрткі бола білгендігінен көреміз.
Адамгершілікті мемлекет қайраткерлері, ғалым ұстаздар, көсемдер, небір жақсылар уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы, сезімді, саналықты, инабаттылықты, салауаттылықты, адалдықты, шындылықты, тағы басқаны насихаттаған. Адамгершілікті тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып табылады. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады. Сондықтан да біз адамгершілік тәрбиені осылардан бастағанды жөн деп отырамыз.
Мораль (латыншасы маралис, қазақшасы-әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізгіліктілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып тағы басқа) бейнелейтін қоғамдық сананның бір түрі. Мораль дегеніміз - адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмірсүру ережелерінің, адамдардың мінез құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдің сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір топтың, әлеуметтік, топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көз қарас болағандықтан, мүдделер де қарама-қайшы болады, әр түрлі моральдар қатар өмір сүреді.
Бүгінгі жағдайда бұрынғы кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерді. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында - еңбекте, тұрмысты, саясатта, ғылымда, отбасында, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді
Этика - бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.
Этика (грекшесі, қазақшасы-әдет, мінез-құлық) - мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүруі салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Этика нормативті этика (этикалық норма) және мораль теориясы кіреді. Этикалық норма-адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. «Этикалық норма-ешкімнің жарлығымен немесе үкімет шешімімен болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс. Этикалық норма жалпы адамзаттық, таптық сипатта болады. Бұл қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу кезеңде ескі этикалық норма жаңа этикалық нормамен күреске түседі». Этикалық норма және мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып бөлінеді.
Кеңес дәуірінде ұжымдық мораль бірінші орында болатын. Қазір бірінші орында белсенді, қаракетшіл мораль. Ол жеке адамды еңбектегі және күнделікті тірліктегі іс-әрекетімен белгіленеді. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар», деген қағида осыдан шыққан. Қаракетшіл моральдың екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін. Әрбір өнегелі азамат қоғам өміріне қайшы жағымсыз құбылыстармен (мансапқорлық, алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, нысапсыздық, әділетсіздік т. б. ) тікелей күресіп, жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек.
Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды. Ұжымдық мораль. Моральдың бұл түрі бүгінгі кішігірім ұйым, қоғам, серіктестік, жеке қожалық т. б. кездеседі. Шынайы ұжымдық моральдің ұраны «У жесең де руыңмен же», немесе «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін». Мұндай принцип өзімшілдікпен, менмендікпен, пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпыхалықтық, ұжымдық мүдделерді ұштастырады. Әр қоғамда бүкіл адам баласына тән ұзақ уақыт өзгермейтін моральдық этикалық нормалар бар. Бұл халықтың ұлттық әдеп-ғұрыптары, қалыптасқан дәстүрлер. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды.
Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, сөзде тұрмау, жауыздыққа бару т. б.
Мораль - қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың арақатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Немесе біз оны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.
Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегілілік сана, өнегілілік идеал деп бөлінеді.
«Өнегелі немесе адамгершілікті сана-адамның қарым-қатынасынан, оның эмоционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. өнегелілік баланың жас күнінен бастап, ата-ананың үлгісінен басталып ағайын-туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге - адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы» . өнегелік сезімнен, ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бара адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашан да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі идеалы (мұраты, мақсаты) болады. Сол идеалға жетуге тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі керек. Өнегесіздікке, жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін сезім, ар, ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек. Өнегелілікке дағдылану керек. Сонымен бірінше сұрақ бойынша қорытынды.
Адамгершілік тәрбиенің күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді баланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытысында түсіндіріп отрығаны жөн.
3. Әртүрлі діндердегі моральдық құндылықтар және олардың араларындағы ерекшеліктер.
Буддизм және мораль
Буддизм рухты мәңгі деп танитын дін. Ол адам өмірінің мәнін не біржақты қызық қуып, ләззат алудан да (гедонизмнен), не біржолата өмірден безініп, тәнін азаптаушы тақуалықтан да (аскетизмнен) таппайды. Өмірдегі ең биік мұратты нирванадан, яғни бүкіл сыртқы дүние әсерлеріне бейтарап, транстық халден тапқан буддизм оған жетудің сегіз жолын көрсетіп, өмірдің төрт анығы, ақиқаты туралы айтады.
Төрт анық мына төмендегілер:
өмір дегеніміз - азап;
азаптың себебі бар, ал азаптың көзі - адамның қалау-тілеуінде, ниетінде;
азаптан құтылу мүмкін, ондай болмыстың өзімен-өзі тендескен бақытты күйін "нирвана" деп атайды;
азаптан құтылу жолы бар, ол жол - "ортадағы тура жол" деп аталады да, оның мәні адам қалауын төрк етуде болып табылады.
Оған жету жолын арийлік сегіз қырлы шартарап деп қарастырамыз. Сегіз қырлы шартараптың мазмұнына тиесілі: саф сенім, ақ ниет, шыншыл сөз, дұрыс әрекет, салауатты өмір салты, қажырлы қайрат, таза жады, адал зейін - жалпы, иманды тіршілік.
Саф сенімге Будданың төрт анығына көз жеткізу жатады. Ақ ниет деп аталған төрт анықты өз өміріңнің бағдарламасы ретінде қабылдап, өмірге байланған қимастық сезімнен ада болуды айтады. Шыншыл сөз ешкімді қараламауды, тіпті көп сөйлемеуді өзіңнен талап етуді керек қылады. Дұрыс амал-әрекет түрі ретінде "ахимса" немесе күш көрсетпеу, күштемеу, күшке салмау көрінеді. Ахимса ұстанымы тек адам баласына ғана емес, жалпы тіршілікке бағышталған. Салауатты өмір салтын дұрыс амал-әрекет ұстанымын жүзеге асыру деп білу керек. Қажырлы қайрат адамға бойкүйездікке ұрынбау үшін керек, ол жаман ойдан аулақ болуды қамтамасыз етеді. Таза жады тек бір нәрсені ғана естен шығармауы тиіс, ол - өмірдің, бұл дүниенің жалғандығы. Адал зейін төрт сатыдан тұрады.
Оларды сипаттап беру өте қиын, себебі адам ол күйді басынан өткізген жағдайда нирванаға жетеді. Бірінші сатыда адам өмірден оқшауланып, өлімге жайбарақат қарау барысында экстаз күйінде болады; екіншісінде жайбарақат қараудан да арыла алған жан ішкі тыныштығынан туындайтын қуанышқа бөленеді; ушінші сатыда жоғарыда аталған тыныштық қуанышынан босану, бүкіл жандық-тәндік сезімдерден құтылу күйіне жетеді; ал соңгы саты - кемелді жайбарақаттық күйі - нирвана.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz