Дін және саясат



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дін және саясат
1. Діннің саясатқа қатысы. Биліктің киелілік сипаты. Билік пен дін туралы
көне заман ойшылдарының пікірлері.
2. Ислам дініндегі билік жүйесі сипаты. Құран аяттар билік туралы. Әл-
Фарабидің дін мен саясат туралы пікірлері.
3. Діннің саясиландырылуы.

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан
түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары
мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді,
қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең
қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі
пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі
адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік
космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда
(Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға
сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді
реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың
құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император
болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың
өздері болыпты-мыс.
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің
дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда
бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының
одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның
өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы
ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың,
мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси
теориялар туды.
Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық
танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор
еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл
ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста
қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге,
адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді
атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән
ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек
мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін
зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің -
түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл,
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш
келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке,
әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін
саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін,
фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін
салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет
басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады
деген байлам айтты.
Ал ислам дінінде мемлекеттегі, билік жүйесі жаратушының еркімен болады
дейді. Билеуші Тәңірдің қалауымен сол адам ішінен таңдалып алынады. Ол
туралы Құранда арнайы аят бар. Ол аятта өз іштеріңнен таңдап қойылған
адамдарға мойын ұсыныңдар деген үкім бар. Ислам дініндегі билік жүйесі
алғашында теократиялық сипатта болды. Мемлекеттегі бар билік Мұхаммед
Пайғамбардың қолында болды. Ол кезде мемлекеттегі бүкіл билік жүйесі бір
кісінің қолына шоғырланды. Мұхаммед Пайғамбар әрі рухани басшы, әрі саяси
басшы, әрі құқықты жүйенің иесі, әскери басшы т.с.с. қандай билік болса,
соның бәрін бір кісінің қолында шоғырланды. Мұхаммед Пайғамбар қайтыс
болған оның орнына отырған Пайғамбардың сенімді серіктері кезінде де бұл
жүйе толық болмаса да, сақталды. Бірақ, билік жүйесінде жіктелушілік, әр
саланы басқаратын адамдар пайда бола бастады. Әділетті халифалар дәуірінен
кейін билік жүйесіндегі жіктелу мемлекеттік жүйенің біртіндеп
секуляризацияға түсе бастағанынан хабар береді. Осы кезеңдегі билік
жүйесіне қатысты ой-пікірлер діни ағымдардың шығуына байланысты өзгеріске
түсе бастады. Шиалардың, хариджилердің, билік туралы түсініктері әртүрлі
болды. Халифат Пайғамбар орынбасары деп танылып, мемлекет билігін Құран
аяттары мен Пайғамбар хадистері негізінде басқаруды жақтады. Шиалар болса,
мемлекет билігі Пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Али ұрпақтары – Имамдардың
қолында болуы керек. Имам Пайғамбар қызметін жалғастырушы, ол уахи арқылы
Тәңірмен арадағы байланысты жалғастырушы. Имам да халыққа билікті Алланың
атынан жүргізеді. Мемлекетті басқарудың бұл жүйесі әлі күнге Иран ислам
Республикасында жалғасын тауып келеді.
Халифаттық билік жүйесі уақыт өте келе өзінің негізгі сипатынан
айырлып, тек рухани билік иесі ретінде танылды. Ал саяси билік сұлтандар
қолына өтті. Мемлекет басқару ислам әлемінде 8-9 ғасырларға қарай көне
парсылық, византиялық сипат ала бастады. Халифат ыдырап, әртүрлі жеке
мемлекеттерге жіктелді
Ал түркілерде мемлекетті басқару жүйсесінің өзіндік ерекшелігі болды.
Түркілердегі билік ру, тайпа басшыларының сайлауымен таққа отыратын билеуші
әркезде халықпен санасуға мәжбүр болды. Ал ислам діні келгеннен кейін
мелекетті басқару жүйесі өзгеріп, алдымен шиалық, одан кейін парсылық сипат
алды. Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін, Жошы ұлысында Йасауи жолы
мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерілгеннен соң ғана мемлекетті
басқарудың көне түркілік жүйесі исламдық негізде қайта қалыптастырылды.
Негізгі билік заңға-шариғатқа беріліп, хан да, билер де, қара халық та
шариғатқа мойын ұсынды. Бұл билік жүйесін қазіргі кезде ғалымдар дала
демократиясы деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат және мораль, дін
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік
Саяси әлеуметтану
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат
Адам табиғаттың тамаша туындысы
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі
Мәдениет семиотикасы және анатомиясы туралы деректер
Пәндер